Delphi тілі - Object Pascal тілі негізіндегі объектті бағдарлы тіл
1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖОБАЛАУ
1.1 Бағдарламаны жасауға негіздеме
Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған заманында, кез-келген дүкен, ірі сауда орталықтары, сауда саттықпен айналысатын барлық дерлік ұйымдар, өз тауарларын жарнамалайды. Сонымен қатар барлық ұйымдардағы жұмысшылардың жұмысын автоматтандыру үшін, деректер қорын және бағдарламалық қамтамаларын жасағаны өз жұмыстарын жеңілдетеді.
Деректер қоры деп - компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Деректер қоры - ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.
Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, сауда орталықтарында немесе дүкендерде, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.
Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:
1)Ғылыми зерттеуге арналған;
2)Автоматталған жобаларға арналған;
3)Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;
4)Техналогиялық процессорды баспаға арналған.
Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және программалау құралдардың жиынтығын айтады.
Деректер қоры дегеніміз - мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді [1].
Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар.
Мен курстық жұмысымда тұрғындардың коммуналдық төлемін автоматтандыру бағдарламасын құрастыруды қарастырдым. Мекеменің жұмыстарын автоматтандыру бір деректер қорында қажетті ақпараттардың барлығын сақтау мүмкіндігін береді. Бұл дегеніміз еңбек өнімділігін, шешімдерді қабылдау жылдамдығын арттырады, есептеу қателерін төмендетеді, ақпараттарға тиімді және қауіпсіз қол жеткізуді көздейді Осы құрастырылып жатқан деректер қорының бағдарламалық қамтамасына қойылатын негізгі талаптар:
Абоненттер туралы ақпаратты алуға;
Абонентті жылдам іздеуге;
Жеңілдік түрі мен сомасын енгізуге;
Төлемдер жасауға;
Төлемнің түбіртегін алуға;
Деректер қорын жаңа мәліметтермен толықтырып, жаңартуға мүмкіндік бергені жөн.
Бұл бағдарламалық қамтамада ақпаратты енгізгенде және өңдегенде қателіктерден сақтайтын шаралар жүзеге асуы керек, олар аталған мекеменің жұмысын жеңілдетіп, автоматтандыру сапасын қамтамасыз етеді. Жобаның жалпы бағдарламалық қамтуы арнайы бағдарламамен қамту бөліктерін ретке келтіруді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу керек, және қызмет ету процесін тоқтатпастан бағдарламалық қамтуды әрі қарай дамыту қажет.
1.3 Бағдарламаның құрылымдық жобалауы
Көлемі жағынан орташа бағдарламаларды құруда құрылымдық бағдарламалау қолданылады. Оның негізгі идеясы, оны шешу алгоритмы ағымдағы мәтінге анық көрінуі үшін шешілетін тапсырманың құрылымын бағдарлама құрылымы көрсетуі тиіс. Ол үшін жай үш оператордың көмегімен құрылатын бағдарлама құралдары ғана емес, сонымен қатар алгоритмнің құрылымын нақты бейнелейтін құралдар қажет. Осы мақсатпен бағдарламалауда ішкі бағдарлама ұғымы еңгізілген. Ішкі бағдарлама қажетті әрекетті орындаушы және ағымдағы кодтың басқа бөліктеріне тәуелді емес операторлар жиынтығы. Бағдарлама бірнеше кішкене ішкі бағдарламаларға бөлінеді, олардың әрқайсысы ағымдағы тапсырмамен қарастырылған әрекеттердің бірін орындайды [2]. Құрылымдық бағдарламалау идеясы 70 жылдары IBM компаниясында пайда болды, оны әзірлеуде атақты ғалымдар Э. Дейкстра, Х. Милс, Э. Кнут, С. Хоор қатысты. Құрылымдық бағдарламалау бағдарламалық өнімнің модульдық құрылымына және әртүрлі бағдарламалық модульдердің мәліметтерін өңдеу алгоритмдерінің типтік басқару құрылымдарына негізделген. Құрылымды басқару типтері:
реттілік;
альтернатива (таңдау шарты);
цикл.
Сурет 1.1 - Ішкі жүйе есептерінің ақпараттық өзара байланысы
1.4 Бағдарламалық құралдарды талдау
Delphi - бағдарлама жасау ортасы, онда бағдарламалау тілі ретінде Delphi қолданылады. Delphi тілі - Object Pascal тілі негізіндегі объектті бағдарлы тіл [9]. Delphi-дің визуалдылығы Визуалды Компоненттер Кітапханасы (Visual Component Library, VCL) арқылы жүзеге асады. Бұл кітапханада Delphi-дің барлық стандартты компоненттері орналасқан. Компонентті палитрадан таңдап, оны формаға орнатқанда оның коды мен қасиеттерін жазып отырудың қажеті жоқ. Delphi автоматты түрде компонент кодын редакторға енгізеді. Оның қасиеттері мен әдістеріне Объекттер Инспекторы (Object Inspector) көмегімен қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, бағдарламалаушы өз компонентін де жаза алады [3].
Delphi ортасы Object Pascal бағдарламалау тіліне негізделген. Бұл тіл Inprise Borland фирмасымен жасалған Pascal тілінің объектті бағдарлы кеңейтілуі. Алгоритмді тілдер облысындағы соңғы технология объектті бағдарлы бағдарламалау (ОББ) болып табылады. Дәстүрлі бағдарламалау технологияларымен салыстырғанда ОББ технологиясының бірнеше артықшылықтары бар. Солардың ішіндегі ең бастысы бол технологияның Widows операциялық жүесінің ішкі логикасымен сәйкестігінде. Бірнеше объекттерден тұратын бағдарлама операциялық жүйеде болып жатқан оқиғалар әсеріне жақсы бейімделеді. ООБ артықшылықтарына бағдарламалық кодтың үлкен беріктігі және бір жазылған объекттің бірнеше рет қолдана алу мүмкіндігін жатқызуға болады.
Delphi - бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 - нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы, 6-нұсқасы 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5,6-нұсқалардың бір - бірінен айырмашылығы жоқ. Екеуі де Windows 32 операциялық жүйенің негізінде дайындалған. Тек, Delphi 6, оған қоса, 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады. Delphi 6 - да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және бергілгендер қорымен жұмыс істеуде ұсынылып отырған кітап қарастырылмаған кейбір өзгешеліктер енгізілген.
Delphi - дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объекктілі тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік және объектілі тәсілдермәнісі жеңіл әрі қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компонентер элементтерімен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектінің өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi - де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасын (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонентті дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi екі түрде дайындалған: бірінші - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client-Server), екіншісі - қалған программалаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс істеушілерге арналған. Әдетте пайдаланылатын - екінші түрі [4].
Delphi - де пайдаланылатын оқиғалар түрі кластарға, компоненттерге меншіктелетін қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу программаларды құруды үйрену арқылы ғана Delphi - де программалауды үйренуге де болады. Ол үшін программаларды іс - жүзінде орындап және оларға түрлі өрістер енгізіп, жаттығу да мүмкін. Жетістік тек тәжірибеге байланысты.
Delphi - бұл бірнеше маңызды технологиялар комбинациясынан тұратын тіл:
Машиналық кодқа ауыстыратын жоғары өнімді компилятор
Компоненттердің объектілі-бағытталған моделі
Берілгендер қорын құру үшін масштабталатын құралдар
Визуальды компоненттердің кітапханасы
Машиналық кодқа ауыстыратын жоғары өнімді компилятор. Delphi тілінің құрамындағы компиляторы бастапқы текстің минутында 390 мың қатарын өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл құруды жеңілдетудің және дайын бағдарлама блогын тез уақытта тексеріп берудің жағдайын жасайды. Бұл оның тілдің төртінші ұрпағына (4GL) жататындығын дәлелдейді. Delphi тілінде жобалауды құру интерпретаторлық ортадан құрудан ерекшелігі ол 10-20 есе тез компиляциялайды.
Сонымен қатар, сегменттерді оптимизациялау опциясында орындалатын файлдардың өлшемін қысқартуға мүмкіндік береді. Компиляторды синтаксисті тексеру режиміне жіберуге болады. Сонда ұзаққа созылатын компиляциялау және дайын файлдарды құру операциясы жүрмейді.
Сонымен, Delphi тілі берілгендер қорына байланысты қосымшаларды құруға арналған ыңғайлы орта болып саналады.
Компоненттердің объектілі-бағытталған моделі. Объекттердің кітапханасы визуальдық компоненттерден тұрады. Олар БҚБЖ үшін қосымшаларды құруды, клиент-сервер архитектурасын қолдану арқылы жеңілдетеді. Объекттер өзінде төменгі деңгейді Borland Database Engine инкапсуляциялайды. Мәліметтерге қол жеткізетін және көрсететін арнайы компоненттер жиынтығы қарастырылады. Берілгендерге қол жеткізетін компоненттер БҚ-мен байланысты орнатады, мәліметтерді көшіру, таңдау және т.б. операцияларды орындайды.
Мәліметтерді визуализациялайтын компоненттер мәліметтерді өріс, тізім түрінде көрсетеді. Көрінетін мәліметтер текстілі, графикалық немесе кез келген форматтарда болуы мүмкін. Кестелер берілген қорын сақтайтын ДҚБЖ берілген қорын бірнеше бөлек файлдар түрінде сақтайды. Ал кейбір БҚ барлық кестелер мен индекстерді қосып, тек қана бір файлдан тұрады. Мысалы, Paradox және dBase кестелер әрқашан бір дискіде бөлек файлдарда сақталынады. dBase тұратын директория .dbf файлдар немесе Paradox директориясы .DB файлдары берілген қоры ретінде қарастырылады [5].
Басқа сөзбен айтқанда, Paradox немесе dBase форматты файлдардан тұратын немесе dBase форматты файлдардан тұратын кез келген директория Delphi-де бір БҚ ретінде қарастырылады. Басқа БҚ қосылу үшін басқа директорияға қосылса жеткілікті. Interbase барлық кестелерді кеңейтілуі .GBF бір файлда сақтайды, сондықтан да бұл файл БҚ Interbase болып табылады. БҚ объектері Delphi-де SQL - ге негізделген және Borland Database Engine тұрады. Delphi құрамына сонымен қатар, Borland SQL Link қосылған, сондықтан ДҚБЖ Oracle, Sybase, Informix және InterBase қол жеткізу жоғары тиімділікпен жүргізіледі. Delphi сонымен қатар, локальдық InterBase қол серверін қосады. Бұл оның әр түрлі ішкі SQL серверде қосымшаларды офлайндық режимде құруға мүмкіндік береді. Delphi ортасында ақпараттық жүйені локальдық машина үшін жобалайтын өңдеуші берілгендерді сақтау үшін .dbf және .db форматты файлдарды қолдануға болады. Егер ол локальдық Interbase for Windows 4.0 қолданса, онда оның қосымшасы ешқандай өзгеріссіз үлкен жүйе клиент-сервер архитектурасы құрамында жұмыс істейді.
Берілгендер қорын құру үшін масштабталынатын құралдар. БҚ жұмыс істегенде Delphi тілдің қуаты төменгі-деңгейлі ядро - Borland Database Engine (BDE) берілгендер қоры процессорына негізделген. Оның интерфейсі қолданбалы бағдарлама Integrated Database Application Programming Interface (IDAPI) деп аталынады. Бұл екі түрді (BDE және IDAPI) ажыратады. BDE берілгендерге қол жеткізуді дәстүрлі record - навигациондық түрді қолдану арқылы да, берілгендер қоры SQL серверлерде қолданылатын set - навигациондық түрді қолдануға болады. BDE-ден басқа Delphi берілгендер қорына Microsoft фирмасының Open Database Connectivity техникасын қолдану арқылы да қол жеткізе алады. Бірақ практикада, көрсеткендей BDE қолдану арқылы құрылған жүйенің өнімділігі ODBC- ты қолданудан әлдеқайда жоғары. ODBC драйверлері арнайы ODBC socket жұмыс істейді, бұл оның BDE- ге қосуға мүмкіндік береді.
Барлық Borland берілгендер қорының құрал-саймандық құралдары Paradox, dBase, Database Desktop - BDE қолданатын Paradox немесе dBase бар барлық ерекшеліктерді BDE - ге мұрагерленеді және сондықтан да осы ерекшеліктермен Delphi тілі де сипатталынады.
Windows терезесi арқылы Borland Delphі-дi iске қосу командасы: Iске қосу - Программалар - Borland Delphi 7 Delphi 7. Экранда Borland Delphi ортасының төрт терезесi көрiнедi (1.2 сурет).
Сурет 1.2 - Borland Delphi интерфейсi
Delphi қосымшасында ең болмағанда бiр форма болады. Бiрақ көп жағдайларда күрделi қосымшаларда бiрнеше форма қолданылуы мүмкiн. Олардың iшiнде кез келген бiреуi негiзгi форма деп аталады да, қалған формалар оған бағынышты болады. Осыған байланысты Delphi-де құры - латын қосымшалар екi типтi болуы ықтимал: SDI (Single Document Interface - бiр құжатты интерфейс) және MDI (Multiple Document Interface - көп құжатты интерфейс). SDI қосымшаның мысалы ретiнде Блокнот программасын алуға болады. Онда екi құжатпен қатар жұмыс iстеу мүмкiн емес, яғни жаңа құжатпен жұмыс жасау үшiн алдыңғы құжатты мiндеттi түрде жабу керек. Borland Delphi жүйесiнiң өзi де SDI типтi қосымша. Ал Borland C++ программалау ортасы, MS Word мәтiндiк редакторы - MDI типтi қосымшалар. MDI типтi қосымшаларда кем дегенде екi форма жұмыс iстеп тұрады: түбiрлiк және туынды. Мұнда түбiрлiк форма негiзгi форма болып саналады. Туынды формалар түбiрлiк формадан тысқары шығып кете алмайды және бiр уақыт мезгiлiнде олардың бiрнешеуiмен қатар жұмыс iстеу мүмкiн [6].
2 БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ
2.1 Есепті шешу алгоритмін құрастыру
Бағдарламалық қамтама ішкі жүйесінің деректер қорының құрылымы өзгеруі мүмкін. Деректер қорының модификациясы үшін Microsoft Office 2003 пакетінің Microsoft Access 2003 болса жеткілікті (2.1 сурет).
Сурет 2.1 - Бас мәзір құрылымы
Бағдарламаның негізгі мәзірін құруда келесі компонент қолданылды: TForm1 = class (TForm)
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz