Зейнетақымен қамтамасыз ету



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Орымбетов А.Е

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТАЦИОНАРЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ (Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының мысалында)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В090500 - Әлеуметтік жұмыс

Алматы 2019
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті

Қорғауға жіберілді
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс
Кафедрасының меңгерушісісоц.ғ.д.,профессор
________________________Г.С.Абдирай ымова

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТАЦИОНАРЛЫҚМЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ (Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының мысалында)
тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В090500 - Әлеуметтік жұмыс мамндығы

Орындаған А.Е.Орымбетов

Ғылыми жетекші
соц.ғ.д., профессор А.К.Шаукенова

Норма бақылаушы
PhD докторы М.Қ.Шнарбекова

Алматы2019
РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы:Әлеуметтік қорғау жүйесінің стационарлық мекемелерінде көрсетілетін әлеуметтік қызметтерінің сапасы (Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының мысалында)
Зерттеу объектісі: Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы атты стационарлық мекемелер жүйесі
Зерттеу пәні: Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін әлеуметтік қызметтер көрсету ерекшеліктері
Жұмыстың мақсаты:Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын анықтау
Жұмыстың міндеттері:
1.Халыққа қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызмет көрсету бағыттарын топтастыру;
2.Халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастырушылық деңгейін анықтау;
3.Халыққа қызмет көрсету орталығының үдерісін реттейтін нормативтік құжаттарды талдау;
4.Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесін халықаралық тәжірибесімен салыстыру;
5.Электрондық ресурс арқылы әлеуметтік қызметтер алу бойынша халықтың ақпараттандыру деңгейін анықтау;
6.Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызмет көрсету бойынша статистикалық талдау жүргізу.
Жұмыстың құрылымы:дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі тараудан, әр тарау екі - үш бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
Жұмыстың көлемі:61 бет
Жұмыстағы кестелер (суреттер) саны: 10 кесте, 3 сурет
Пайдаланған әдебиеттер саны: 28
Қолданылған әдістер: сауалнама, талдау, статистикалық мәліметтерді талдау,халықаралық тәжірибесімен салыстыру.
Түйін сөздер: әлеуметтік қызмет көрсету, стационарлы мекеме, әлеуметтік қызмет сапалығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, мемлекеттік әлеуметтік қызметтер

РЕФЕРАТ

Наименование работы:Качество предоставляемых социальных услуг в стационарных учреждениях системы социальной защиты (на примере Центра обслуживания населения г.Алматы)
Объект исследования: Система стационарных учреждений центров обслуживания населения в пределах г.Алматы
Предмет исследования:Особенности предоставление услуг в Центрах обслуживания населения
Цель работы:Определение качества оказываемых социальных услуг в системе социальной защиты населения в Центрах обслуживания населения
Задачи работы:
1. Распределние направлений социальных услуг в Центрах обслуживания населения;
2. Определение организационного уровня Центра обслуживания населения;
3. Анализ нормативных документов, регламентирующих процесс Центра обслуживания населения;
4. Сравнение системы социальной защиты в Казахстане с международным опытом;
5.Определение уровня информированности населения по получению социальных услуг посредством электронных ресурсов;
6.Проведение статистического анализа по оказанию услуг Центрами обслуживания населения.
Строение работы: дипломная работа состоит из введения, двух глав, заключения, библиографического списка и приложения
Объем работы:61страниц
Количество таблиц (рисунков) в работе: 10 таблиц, 3 рисунков
Количество использованных литератур: 28
Использованные методы: методы статистического исследования, анализ, тестирование, сравнение с международным опытом
Ключевые слова:социальное обслуживание, стационарное учреждение, качество социальных услуг, центр обслуживания населения, государственные социальные услуги
ABSTRACT

Name of work:The quality provided of social sevices in stationary institutions of the social protection system (by the example of the Center for Servicing the Population of Almaty)
The object of study:The system of stationary institutions of Center for Servicing the Population
Subject of research: Features of the provision of services in the "Center for Servicing the Population"
Objective:Determination of the quality of social services provided in the system of social protection of the population "Center for Servicing the Population"
Objectives of work:
1. The distribution of areas of social services in the "Center for Servicing the Population ";
2. Determination of the organizational level of the "Center for Servicing the Population ";
3. Analysis of regulatory documents governing the process of the "Center for Servicing the Population";
4. Comparison of the social protection system in Kazakhstan with international experience;
5.Determining the level of awareness of the population in obtaining social services through electronic resources;
6. Conduct a statistical analysis on the provision of services by the "Center for Servicing the Population".
The structure of work: master's thesis consists of an introduction, two chapters, conclusions, bibliography and appendices.
Scope of work:61 pages
Number of tables (pictures) in the work: 10 tables, 3 pictures
Number of references:28
Used methods:statistical research methods, analysis, testing, comparison with international experience
KeyWords: social services, inpatient institution, quality of social services, population service center, state social services

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1 ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .. 9
1.1 Халыққа қызмет көрсету орталығы - әлеуметтік қорғау жүйесі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Халыққа қызмет көрсету мекемелерінің әлеуметтік қызмет көрсету
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.3 Халыққа қызмет көрсету мекемелерінің қызмет көрсету жұмысын реттейтін заңнамалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25

2 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
2.1Бір терезе қағидаты бойынша Халыққа қызмету орталықтарының
халықаралық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтер көрсетудегі
статистикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38
2.3Халыққа қызмет көрсету орталықтарының әлеуметтік қызметтерді
сапалы және тиімді ұсынудағы адам факторының әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... .47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Әлеуметтік қызмет дегеніміз адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Нақтылай айтқанда, тиісті деңгейде адамдардың өмір сүру дәрежесін жақсарту.
Әрбір адам өз еңбегі мен жинақтаулары арқылы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қорғау механизмдерінің көмегімен лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыздануға ұмтылады.
Әлеуметтік қызмет халықтың жекелеген санаттарына - жастарға, балаларға, әйелдерге, отбасыларға және т.б. құру қажеттілігіне талпынысқа негізделеді. Оны орындауда негізгі рөлді мемлекет алады. Әрбір ел әлеуметтік саясат жүргізуде ең бірінші кезекте халық қажеттелігіне бағытталады. Қамтамасыздық деңгейін толық қанағаттандыру үшін барлық салалардың (әлеуметтік, экономикалық, медициналық, заң шығарушы органдар қызметтері және т.б) қосындысынан тұратын әмбебап жүйе құрастырылуы керек. Соңғы онжылдықтарда әлем бойынша Бір терезе қағидаты бойынша қызмет түрлерін жеңіл әрі тиімді ұсынатын Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) ашыла бастады. Қазақстанда бұндай орталықтар 2007 жылдан бастап жүзеге асырылуда және де жыл сайын оңтайландырылып дамуда. Бұл жүйенің ерекшелігі ретінде оның әрбір азаматқа қолжетімділігін, мобильді орналасуын, цифрлы технологиялық дәуірінде электронды үкімет арқылы онлайн түрде қызметтер көрсетіліп, оның ХҚКО интеграциялауы және көптеген артықшылықтарын айта аламыз.
Дегенмен, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың дамуына келесі факторлар кедергі келтірілуі мүмкін:
мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің нашар нормативтік-құқықтық базасы;
мемлекеттік қызметтер саласындағы министрліктер мен ведомстволардың қызметін үйлестірудің жоқтығы;
мемлекеттік жұмыс саласында кәсіби дайындықпен айналысатын қызметкерлердің болмауы;
мемлекеттік қызметкерлердiң төменгi әлеуметтiк мәртебесi мен жалақысының жеткiлiксiздiгi;
үкіметтік емес ұйымдардың қаржылық, экономикалық және интеллектуалды мүмкіндіктерінің жеткіліксіз пайдаланылуы.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары2007 жылдан ашылғаннан бері кеңейіп, Азаматтарға арналған үкімет атты ұлттық акционерлік қоғамның қол астына беріліп, мемлекеттік-әлеуметтік қызмет түрлерін ұсына бастады. Мысалға, зейнетақымен қамтамасыз ету, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, балаларға қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау және т.б.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының іске асуы бюрократиялық мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарды. Егер де орталықтар құрылудан бұрын адамдар қандай да бір қызмет түрлерін алу үшін кемінде 10-15 күнге дейін, кейбір жағдайда 30 күнге дейін уақыт кетірсе, бүгінге қарай оларды 5 күн, кейде 1 күн ішінде алуға болады.
Сонымен қатар мемлекет басшылығымен әлеуметтік қызмет түрлерін алу үшін алыс жаққа бармай, үй ішінде алу үшін арнайы түрде электронды үкімет атты электронды сайт құрылды. Ол қызмет көрсету орталығымен тығыз байланыста болғанымен, Қазақстанның кез-келген тұрғыны үйде сол электронды сайт арқылы өзіне қажетті қызмет түрлерінала алады. Бірақ технология дамығанымен, оны пайдалану деңгейі артынан кейде жете алмайды. Ресми ақпараттар бойынша 7 миллионға жуық азаматтар онлайн түрде тіркелгенімен тек олардың кішігірім бөлігі ғана сол мүмкіндікті пайдалануда. Көбінесе Халыққа қызмет көрсету орталығының арнайы специалистеріне жүгінеді. Қажетті қызмет түрлерін алу процесінің ұзақтығы қысқартылғанымен, әлі де толық оңтайландырылмаған. Оның себебі өте көп. Мысалға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай да бір қызмет алуда сол мекеме қызметшісінің компетенттілігінің төменділігі салдарынан тиімді түрде іске аспауы мүмкін немесе азаматтардың электронды ресурстарының өздігінен пайдаланбауы әсерінен. Содан кезектілік деңгейі артып, маңызды қызмет түрлерін қажетсінетін адамдар қандай да бір қызмет түрлерін алу уақыты артады. Әрбір кішігірім мәселе өздігінен үлкен әрі ұзаққа созылмалы мәселелер туындайды. Кейде соны шешу үшін шектен артық ресурс қажет болады.
Жоғарыдағы мәселелерді шешу жолдары бар, бірақ іске асу стратегиялары ретінде толық құрастырылмаған. Мысалға айтсақ, онлайн түрде қызмет алу пайдалылығының дәрежесін халық санасына жеткізу стратегиясы. Адамзат мемлекеттен өз талаптарын орындау үшін көп нәрсе күтеді және мемлекет халық үміт артқан міндеттерін орындауы тиіс. Алайда мемлекеттік ішкі бюрократия, қаржылық ресурстарды тиімсіз пайдалану, нақтыланған жоспарларды қарастыру немесе оларды толықтай іске асыру мәселелері кейде мемлекет қалаған мақсаттарды орындауға мүмкіндік бермейді. Бірақ біз тек мемлекет көмегіне ғана жүгінбей, күнделікті мәселерімізді шешуде өз үлесімізді қосуымыз керек.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Әлеуметтік қорғау жүйесі туралы Е.И.Холостова, В.В.Антропов (әлеуметтік қорғау құқықтары), И.С.Березин (әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасу кезеңдері), Ю.А.Гаспорян, В.В.Ванчугов, А.Шаранов, Е.Гайдар (әлеуметтік қорғау жүйесіндегі зейнетақы туралы зерттеген), В.Б.Савостьянова, С.САлексеев, В.С.Аракчеев, Т.Мальтус, К.Маркс, Ф.Энгельс сынды ғалымдар қарастырған.
Зерттеу жұмысының мақсаты:Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді ұйымдастырудың рөлін және сапасын анықтау және халыққа әлеуметтік қызметтерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қойылады:
1. Халыққа қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызмет көрсету бағыттарын топтастыру;
2. Халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастырушылық деңгейін анықтау;
3. Халыққа қызмет көрсету орталығының үдерісін реттейтін нормативтік құжаттарды талдау;
4. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесін халықаралық тәжірибесімен салыстыру;
5. Электрондық ресурс арқылы әлеуметтік қызметтер алу бойынша халықтың ақпараттандыру деңгейін анықтау;
6. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызмет көрсету бойынша статистикалық талдау жүргізу.
Зерттеу объектісі: Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы атты стационарлық мекемелер жүйесі
Зерттеу пәні:Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін әлеуметтік қызметтер көрсету ерекшеліктері
Жұмыстың әдістері:статистикалық талдау, нормативтік құжаттарды талдау, сауалнама, сұхбат, халықаралық тәжірибемен салыстыру
Жұмыстың ақпараттық базасы:ғылыми әдебиеттер, ақпараттық-электронды ресурстар, мемлекеттік ресми электронды ресурстар (egov.kz), Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілер
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:
1) Халыққа қызмет көрсету орталығын әлеуметтік қорғау жүйесінің субъектісі ретінде көрсету;
2) Халыққа қызмет көрсету орталығының үдерісін реттейтін заңнамалар қарастырылады;
3) Бір терезе қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының ерекшеліктері көрсетіледі;
4) Халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызмет көрсетудің халықаралық тәжірибесі көрсетіледі;
5) Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын оңтайландырудағы ұсыныстар.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы:әдеби материалдар зерттеу шектігінің салдарынан, жаңа теориялық негіздерді құрастыруға немесе бұрын қалыптасқан әдеби материалдар мен теорияларды қазіргі заманға сай интеграциялау. Нормативтік құжаттар зерттелінеді және электронды ресурстарының ақпараттары қарастырылады.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:халықаралық тәжірибелер қарастырылады, оның Қазақстандық шынайылығына сәйкес енгіздіру ұсыныстары айтылады, статистикалық ақпараттық қарастырылу арқылы ХҚКО-ның тар аймағындағы кемшіліктерін анықтап оны шешудің оңтайлы жолдары анықталады
Диплом жұмысының құрылымы:дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі тараудан, әр тарау екі - үш бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

1 ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халыққа қызмет көрсету орталығы - әлеуметтік қорғау жүйесі ретінде
Әлеуметтік қорғау - бұл адам құқықтарының сақталуын және оның әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі, әрбір қоғам мүшесі үшін қажетті материалдық және әлеуметтік жағдайды орнату және қолдау болып табылады. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына сәйкес әрбір адам әлеуметтік қамтамасыз етуге, оның қадір-қасиетін қолдау үшін және оның жеке басын экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда еркін дамыту үшін қажетті құқықтарды ұлттық күш-жігер мен халықаралық ынтымақтастық арқылы және әрбір мемлекеттің құрылымы мен ресурстарына сәйкес жүзеге асыруға құқылы. Сондай-ақ әр қызметкер өзінің және отбасының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ете алатын өз еңбегінің әділ сыйақысына сене алады.
Жалпы, кез келген адамға қажетті игіліктің минимумы -- тамақ, киім, тұрғын үй, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету. Және де әр азамат өзінің және отбасының денсаулығы мен әл-ауқатын қолдауды қамтамасыз етуге тиіс. Өмір сүруге қаражат болмаған жағдайда (жұмыссыздық, ауру, мүгедектік, қарттық немесе асыраушысынан айырылу) азамат мемлекеттің көмегіне сене алады. Мемлекет сондай-ақ аналар мен сәбилерге паспорттағы мөртабанға қарамай ерекше көңіл бөлуге міндетті: барлық балалар некеде немесе неке емес жағдайда туылғанына қарамастан бірдей деңгейде әлеуметтік қорғалудың қамтамасыздығында болуы тиіс.
Әлеуметтік қорғау модельдері:
1. Неміс моделі азаматтың белсенді түрде өмір бойы төлеген аударымдарға сәйкес әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз етуді көздейді. Мүмкіндігі шектеулі отбасылар үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар құрылады;
2. Ағылшын моделі қандай да бір санатқа жататынына қарамастан минималды деңгейде әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
Кейде әлеуметтік қорғауды неғұрлым тар түсіндіреді. Мысалы, қандай да бір себептермен өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын халықтың белгілі бір топтары үшін қаражат деңгейін қамтамасыз ету ретінде: жұмыссыздар, мүгедектер, науқастар, жетімдер, қарттар, жалғыз басты аналар, көп балалы отбасыларға төленетін төлемақылар. Қалай болса да, әлеуметтік қорғаудың негізгі принциптері: ізгілік, атаулылық, кешенділік, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
Әлеуметтік қорғау үш негізгі нысанды қамтиды: әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік кепілдік.
Әлеуметтік қамсыздандыру - мемлекеттік бюджет пен арнайы бюджеттен тыс қорлар қаражатынан азаматтардың белгілі бір санаттарын материалдық қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясатын білдіру нысаны. Оның негізгі мақсаты қоғам мүшелерінің арасында азаматтардың әлеуметтік жағдайын теңестіру болып келеді.
Әлеуметтік кепілдіктер - қолда бар игіліктердің қоғамдық ресурстарының қажеттіліктері бойынша бөлу қағидаты негізінде еңбек үлесін ескермей және мұқтаждығын тексермей азаматтарға әлеуметтік игіліктер мен қызметтер көрсету.
Әлеуметтік сақтандыру -- бұл әлеуметтік қорғау жүйесі. Оның негізгі міндеті ретінде экономикалық белсенді азаматтардың қарттық жасқа келуіне, ауруына, еңбек ету қабілетінен толық немесе ішінара айырылуына, асыраушысынан айырылуына, жұмыссыз болу жағдайына байланысты материалдық қамтамасыз ету. Ол конституциялық құқық негізінде іске асырылуы қажет.
Әлеуметтік көмек - бұл ақшалай және заттай түрдегі көмек. Негізінен бюджеттен және ерікті қайырымдық қорлар, еркін түрдегі қайырымдылықтардан қаржыландырылады. Жиналған қаражаттар табысы мен өмір сүруге арналған қаражаттың болуын тексеру негізінде, сондай-ақ табысты тексермей белгілі бір өлшемдер бойынша ауыр материалдық жағдайдағы адамдарға төленеді. Онымен қоса әлеуметтік көмек халықтың кейбір жіктерінің әлеуметтік көмек бағдарламасының игіліктерін пайдалануға мүмкіндік береді, ал арнайы әлеуметтік қажеттілікке ие емес өзге топтардың оның әрекет ету саласынан алынып тасталатын болады.
Әлеуметтік жұмыс субъектілері - бұл әлеуметтік көмек қызметтерін ұсынатын және бұл бағытта жұмысты жүргізетін ұйымдар мен адамдар. Тұтастай алғанда мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қорғау ұйымдары арқылы әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын мемлекет.
Әлеуметтік қорғау түрлері:
1. Мемлекеттік:
қолжетімді денсаулық сақтау;
жеңілдіктер;
қолжетімді білім;
әейнетақымен қамтамасыз ету;
әлеуметтік қызметтер көрсету;
әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі;
әлеуметтік қолдау шаралары;
2. Мемлекеттік емес:
ерікті әлеуметтік сақтандыру;
қайырымдылық;
жеке денсаулық сақтау жүйелері және т. б
Қазақстанда минималды әлеуметтік стандарттар ҚР Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" заңына сәйкес белгіленеді және қолданылады. Ол төмендегі салалар бойынша іске асырылады:
еңбек;
әлеуметтік қамсыздандыру;
білім беру;
отбасы және балалар;
денсаулық сақтау;
мәдениет;
дене шынықтыру және спорт;
мемлекетпен кепілдендірілген заңдық көмек көрсету[1].
Әрбір адам өз еңбегі мен жинақтаулары арқылы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қорғау механизмдерінің көмегімен лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыздануға ұмтылады. Еуропалық Одақтың экономикалық дамыған елдерінде әлеуметтік қорғау - ұлттық экономиканың маңызды бөлігі. Онда әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығыстар жалпы ұлттық өнімнің 25%-нан астамын құрайды. Еуропада бұл қаражат көлемінің бөлінуі арқылы алғашқы әлеуметтік бағдарламалар дамыды. Батыс Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесіне сәйкес, барлық азаматтарды қамтитын ойластырылған әлеуметтік қорғау жүйесінің болуы олардың әл-ауқатының жақсаруына алып қана қоймай, елдің еңбек ресурстарын кеңейтіп, нығайтады. Сондай-ақ елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өсуі мен тұрақтануына ықпал етеді. Батыс Еуропа елдеріндегі бұл жүйе дамуы ежелгі тарихтан белгілі[2].
Халықтың өзін-өзі қамтамасыз ету қабілетсіздігіне байланысты қолдауға мұқтаж санаттарға қамқорлық (қарт адамдар, кәмелетке толмағандар, мүгедектер және т. б.) тарихы Рим империясынан басталады. Юлий Цезарь әскери зейнетақылық жүйесін енгізді. Бұл әлеуметтік қорғау жүйесінің бастамасы болды. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау қызметін шіркеулер, кәсіби бірлестіктер атқарды.
Феодалдық Еуропада жүйе мынадай болды: феодал қол астындағы қызметшілері мен шаруашылықпен айналысатындарды қамтамасыз ету керек. Өз кезегінде феодал олардың еңбек ету арқылы өндірген жемістерін пайдаланатын. Еңбекке жарамсыз адамдарға олардың отбасылары және кейде жеке қайырымдылықтар мен шіркеу құрылымдары көмек көрсететін[3].
Қоғам өзінің дамуы барысында ұзақ уақыт бойы қарттар мен еңбекке жарамсыз адамдарды қамтамасыз ету проблемасына ерекше назар аудармаған. Американдық тарихшы Джей Рассел ("Населения в Эпоху Поздней Античности и Средневековья" зерттеуінің авторы) бұл негізінен адам өмірінің ұзақтығының төмен болуымен байланысты екенін жазады. Өмір сүру ұзақтығының айтарлықтай өсуі тек 1820 жылдары байқалды. Сол кездегі статистика бойынша Еуропада орташа деңгейде 37 жыл өмір сүрді. 1900 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 46 жасқа дейін, 1999 жылы 78 жасқа дейін өсті. Бұл ретте бұл процесс бала туу деңгейінің ұдайы төмендеуімен қабаттас болды: 1820 жылы 100 адамға 3.74 бала туылды, 1900 жылы 3.08, 1999 жылы 1.00). Бұл үдерістің себептері көп: ғылымның, медицинаның, агрономияның және т.б. дамуы. Олардың бірі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өзгеруі болып табылады. Бұрын отбасыда балалар санының көп болуы маңызды еді, себебі балалар адамның өзіндік "сақтандыру полисі" болды: отбасыда балалар мен немерелері көп болған сайын, олардың ұрпақтары қартайған кезде қолдау көрсететін. Қазіргі уақытта осыған ұқсас жүйе Африка, Таяу Шығыс және Азия елдерінде бар. Еуропа мен Солтүстік Америкада әлеуметтік қамтамасыз ету функцияларын мемлекет өзіне алды және ол қоғамдық өмірдің қатынастарын реттеуінде басым рөл атқарады.
Көптеген Еуропа мен Америка елдерінде адамға өзіндік тәртіп, жинақтық және еңбекқорлық талап ететін протестантты этика принциптері басым болатын. Өзгелерден тәуелді болу әдепсіз саналатын. 1798 жылы британдық Ист-Үнді компаниясының экономисті Томас Мальтус "Эссе о Принципах Народонаселения" кітабын жариялады. Бұл еңбегінде автор ғаламшар халқының саны адамзат мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті тауарлар өндірісінен гөрі жылдам өсіп келе жатқанын дәлелдеген. Мальтустың көзқарастары әлеуметтік қамтамасыздыққа деген көзқарастың қалыптасуына түбегейлі әсер етті. Мальтустың көзқарасы Чарльз Дарвиннің эволюциясының теориясымен ерекше түрде біріктіріліп "социал-дарвинизмнің" пайда болуына алып келген. Мальтус пен Дарвиннің идеяларын әлеуметтік саясат саласына бейімдеген ең танымал философ Герберт Спенсер болып табылады. Г. Спенсердің айтуы бойынша, кедейшілік табиғи іріктеу процесінің көрінісі болып табылады, ал кедейлерге көмек тек кедейшілік пен жалқаулықты нығайтады деп белгілеген (бұл теория, атап айтқанда, 1862 жылы жарияланған "Система Синтетической Философии" кітабында баяндалған).
"Социал-дарвинизм" идеясының кейбір батыс елдерінде орнығуына қарамастан, әлеуметтік қорғау жүйесі өзінің дамуын жалғастырды. Соның ішінде әлеуметтік мекемелердің үлгісі қызықты. Бірінші жеке баспана Германияда, Аугсбург қаласында 1516 жылы ашылды. Негізін қалаушылар - Яков Фуггер және оның бауырлары Ульрих пен Георг. Мекеме діни көзқарас негізінде "Аугсбург қаласында тұратын және көпшілік алдында қайыр сұрамайтын кедей, мұқтаж қолөнершілер, жұмысшыларға" арналған қоныс ретінде ашылды. Мекеме қазіргі уақытта жұмыс істейді. Шіркеудің немесе мемлекеттің сыртқы қолдауынсыз Фуггер қорының қаражатына негізінде жұмыс істейді.
Халықты әлеуметтік қорғаудың заманауи түрінің тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Сол уақытта бұл институт белгілі бір оқиға болған кезде материалдық көмек көрсету бойынша ақшалай қаражаттың түрлі қорларының жиынтығы болып табылатын ұжымдық сақтандыру болатын. Сол кездегі бүгінге ұқсас оқиғаларға мыналар жататын: ауру, жұмыстан шығу (жұмыссыздық) фактісі, азаматтардың өзін және өз отбасыларын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаған кейбір өзге жағдайлар [4]. Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың осындай нысанының ең жарқын өкілі Ұлыбритания болды. Кәсіподақтардың басшылығымен жұмыс қозғалысының өсуіне қарай, ХХ ғасырдың басында әлеуметтік сақтандыру жүйесін басқаруда жауапкершілікті үкімет өзіне алды. Осылайша, екі мәселе шешілді: жұмыс күшінің сапасын арттыру және өсіп келе жатқан толқуларды азайту. Алайда, мемлекет осы қоғамдық қатынастарға белсенді қатыспаған.
Ағылшын моделіне қарама-қарсы XIX соңында темір канцлері Отто фон Бисмарктан басталған әлеуметтік сақтандырудың германдық аналогы мемлекеттің осындай бағдарламаға қатысқанымен ерекшеленді. Неміс әлеуметтік сақтандыру моделі континентальды немесе бисмарктік атына ие болды. Мұндай модельдің негізінде XIX ғасырдың 90-шы жылдары қабылданған үш заң жатты: мүгедектік және қарттық бойынша сақтандыру, жазатайым оқиғалардан сақтандыру, кәсіптік еңбек адамдары үшін ауру бойынша сақтандыру туралы заң. Герман моделінің тағы бір ерекшелігі - оның қарқынды дамуы. Мәселен Германиядағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың дамуы салдарынан ХХ ғасырдың басында зейнетақы жасы төмендеді. Сонымен қатар, шахтерлерге қарттық бойынша мерзімінен бұрын еңбек зейнетақысы тағайындалған[5].
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің одан әрі дамуы Конрад Аденауэр мен Людвиг Эрхард сияқты канцлерлердің есімдерімен байланысты болды. Олардың басқаруы қорытындысы "германское экономическое чудо" деп аталатын оқиғағакелді. Аденауэр өзінің әлеуметтік бағдар курсының негізін 1949 жылы ХДСХСС съезінің Дюссельдорф тезистерінде баяндаған. Әлемдік тарихта ол әлеуметтік нарықтық шаруашылық атауын алды. Аденауэр экономиканың нарықтық жүйесі ГФР азаматтарының өмірлік және әлеуметтік мүдделеріне толық көлемде сәйкес келмейді, ал капиталдың шексіз және жан-жақты үстемдік ету уақыты өтті деп есептеді. Осы канцлердің әлеуметтік саладағы басқару кезеңіндегі негізгі жетістіктері ретінде:
- халықтық акциялар шығару;
- әлеуметтік тұрғын үй құрылысы;
- жеке жұмысшы салымдарының көлеміне нақты тәуелді емес, ЖІӨ көлемінің өсуіне пропорционалды түрде ұлғайған серпінді зейнетақы саналады.
Аденауэрден кейінгі ГФР канцлері Людвиг Эрхард болды. Оның саясатының негізінде канцлер қоғамдағы әлеуметтік көңіл-күй басым болған жағдайда қоғамдық қатынастардың осы саласына жеткілікті көңіл бөлу қажет деп түсінуі болды. Таза нарықтық экономиканың ұстаушысы бола отырып, ол үкімет алған ел дамуының бағытына қарамастан, капитализм қағидаттарының негізін қорғауда тұру қажет деп есептеді. Сол себепті сол уақытта Германияда өзінің әл-ауқатына қамқорлық жасайтын саналы азаматтарды қолдайтын. Алайда, Эрхард халықтың аз қамтамасыз етілген және қорғалмаған топтарына: зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және т.б. үнемі қолдау көрсететін.
Германияның батыс Еуропаның басқа елдерімен көршілес болуы осы елдердегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуына да әсер етті. Мәселен, Францияда XIX ғасыр бойы осындай қоғамдық қатынастар болған жоқ. Олар бытыраңқы және фрагменттік сипатта болды. Осы қарым-қатынасқа тартылған азаматтардың санаттарына аз қамтылған қарт азаматтар, сондай-ақ ірі ұйымдардың қызметкерлері жататын. Зейнетақымен қамтамасыздық кепілдігі теңізшілерге, әскери, азаматтық қызметшілерге, сондай-ақ теміржолшыларға берілді[6,55-б.].
Кейіннен Батыс Еуропа елдерінің көпшілігі Германияның әлеуметтік бағдар жолын іске асыра бастады. Англосаксондық елдердің жүйелері (АҚШ пен Канададан басқа) Дания мен Жаңа Зеландияда қалыптасқан жүйенің түріне ұқсас және тиесілі болды. Осы екі жүйе түрінің айырмашылығы олардың мақсаттарының бағытындағы айырмашылығында. Герман моделі зейнеткерлікке шыққаннан кейін жұмыс істейтін әлеуметтік мәртебесін сақтауға бағытталған. Даниялық (кейінірек Англияда енгізілді) - кедейлікті шектеу.
Солтүстік Америка елдері қарттық бойынша мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесін біршама кеш енгізді. Канадада сақтандыру жарналарын көздемейтін мұқтаждықты тексеруге негізделген жүйе 1927 жылы енгізілді. АҚШ-та штаттар үкіметі 1920-шы жылдарынан мұқтаждық критерийлеріне негізделген зейнетақы жүйесін енгізе бастады. 1934 жылы 28 штатта зейнетақы жүйесі жұмыс істеді. Федералдық зейнетақы жүйесі 1935 жылы АҚШ-та енгізілді.
ХХ ғасырда бұл әлеуметтік қорғау жүйелері біртіндеп қосыла бастады. Мысалы, сақтандыру жарналарын төлеу жүйесінде негізделген Германияда алдындағы жинақталған жарналарға қарамастан ең төменгі зейнетақы кепілдігі енгізілді. Жалпы бюджет есебінен қаржыландырылатын тең зейнетақы белгілеген елдерде мұқтаждықты бақылау жойылды. Минималды зейнетақыларға қосымша ретінде міндетті сақтандыру жүйесі (кейінірек Ұлыбританияда да) енгізілді[7].
Халықты әлеуметтік қорғау Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары тәуелсіздік алғаннан мемлекеттің әлеуметтік қорғауда әр түрлі деңгейдегі қатысу дәрежесін байқаймыз.
Егер 90-шы жылдардың басында қайта құру жылдары ішінде жиналып қалған әлеуметтік проблемаларды тезірек шешу ниетінен туындап, мемлекеттің әлеуметтік саясаты айқын көрсетілген патерналистік сипатқа ие болса, қазір әлеуметтік саясат жүргізу барысында мемлекеттің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін өлшеу арқылы осы бағыт бойынша іс - қимылдар дұрыс бағыттарына түзетіле бастады.
Халықаралық тәжірибені талдау негізінде әлеуметтік қорғаудың ең тиімді және кешенді жүйелері әдетте мынадай негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады:
- мемлекеттік жәрдемақылар;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
- әлеуметтік көмек.
Дамыған елдердің тәжірибесі сүйенсек үкімет ұйымдастырған халықты әлеуметтік қолдаудың сенімді жұмыс істейтін желісі қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстардың алдын алатындығын көрсетіп отыр.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық жүйесін құру қажеттілігіне негізделген олар мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және жекелеген мекемелер мен кәсіпорындардың әлеуметтік қызмет көрсетуде олардың ведомстволық бағыныштылықтарына қарамай үйлесуге және өз қызметтерін жөндеп отыруға талпынады.
Әлеуметтік мекемелердің жүйесі халықтың тиісті топтарына қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған мекемелер желісін қамтиды.Бұл жүйеде халық үшін әлеуметтік қызметтердің аумақтық орталықтары маңызды орын алады.
Аумақтық әлеуметтік қызмет - әртүрлі әкімшілік бірліктер аумағында халықтың түрлі топтары мен санаттарына тікелей әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың және мамандандырылған мекемелердің жиынтығы.
Әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің экономикалық қызметіне: жоспарлау мен қаржыландыру, кадрлық саясат, қызметкерлерді ұйымдастыру мен еңбек ақы төлеу жатады.
Сол әлеуметтік қорғау мекемелерінің біріне 12 жыл бұрын, 2007 жылдың 5 қаңтарында құрылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан кейін ХҚКО) жатады. Бұл орталықтар екі мәселені шешуге бағытталған: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту. Бұл орталықтар Қазақстанның имидждік жобасы, электрондық эксперименттердің "аралы", ауылдық аймақтарда мемлекеттік қызметтерді көрсететін "мобильді" орталығы, автокөлікті тіркеу және "танымал" нөмірлерді сатуды заңдастыру үшін арнайы құрылған мекемелер болды.
2016 жылы қаңтарда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрылды. Ол 4 мемлекеттік кәсіпорынды біріктірді: ХҚКО және жылжымайтын мүлік орталықтары, жер кадастры және зейнетақы төлеу. Мемлекеттік корпорация Канададағы "Service Canada" және Австралиядағы "Centrelink" қазақстандық аналогы болуы тиіс еді (сервистік-бағдарланған үкімет бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі)[8].
Канада, Австралия және Қазақстан ұқсас. Елдер үлкен аумақтарда орналасқан, халықтың тығыздығы төмен, оның жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне, әлеуметтік мәртебесі мен компьютерлік сауаттылығының деңгейіне қарамастан, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мәселесі осындай елдерде өткір тұр.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы фронт-кеңселер желісі арқылы мемлекеттік әлеуметтік беру қызметтерін ұсынады. Мемлекеттік корпорацияның бір бөлігі болып қарастырылатын электрондық үкімет порталы және call-орталық интернет және телефон арқылы қызмет көрсетеді және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының және ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің қарамағында болады[9].
Халыққа қызмет көрсету орталығы - "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарылуымен мемлекеттік қызметтер ұсынатын орталықтандырылған мекемелер жүйесі. ХҚКО Қазақстан бойынша таратылған. Жалпы мемлекеттік маңызы бар қалалар мен облыстың орталықтарын қосқан жалпылама мемлекет бойынша 300-ден астам ХҚКО бар.
ХҚКО негізгі артықшылықтарына тоқтала кетсек, олар:
Халық тұтынатын барлық салалар бойынша қызметтер ұсынады (тұрғын-үй мәселесі, жұмысқа тұру және т.б.);
Мемлекеттің жан-жақты таралуына байланысты әрбір азамат үшін қолжетімді болды;
Халықтың барлық топтарына мемлекеттік сипаттағы қызметтерге тең баға алуға көмектеседі, көбінесе тегін түрде беріледі;
Барлық қажетті процедураларды жүргізуге және барлық құжаттарға бір жерде қол қоюға бірегей мүмкіндік береді;
Құжаттарды орындаушылар мен оларды алғысы келетін азаматтар арасындағы кез келген байланыстарды жоққа шығарады (бұл бюрократияны жояды);
Электронды үкіметтің іске асуымен электронды және мобильді тұрғыда қызметтер алуға болады[10].

1.2Халыққа қызмет көрсету мекемелерінің әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары

Бүгінде Қазақстанда ХҚКО 7 мемлекеттік орган желісі бойынша ел тұрғындарына 700 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Әрине, бұл тізім тек кеңейтіледі. Жылдан-жылға Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы ауқымды түрде жаңғыртылуда. Бұл кезекте жұмысқа тұрақты және жоспарлы сипат береді. Мемлекеттің барлық мемлекеттік қызметтерді ұсынудың оңтайлы және ыңғайлы жүйесін құру жөніндегі күш-жігері аясында және жұмыс тиімділігінің негізгі индикаторлары бойынша халыққа ХҚКО-лар сервисінің қажеттілігі өте маңызды. Мұнда заманауи "электрондық сервистер" жұмысының серпіні сұраныстар санының, өткізілген консультациялардың және транзакциялар көлемінің бірнеше рет өсуін көрсетеді.
Жалпылама түрде ХҚКО төменде көрсетілгендей 12 сала бойынша қызмет түрлерін ұсынады:
Отбасы;
Денсаулық сақтау;
Білім беру;
Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамтамасыздану;
Әлеуметтік қамтамасыздық;
Азаматтық, миграция және иммиграция;
Жылжымалы мүлкі;
Салық пен қаражат;
Құқықтық көмек;
Көлік және коммуникация;
Туризм және спорт;
Әскери есеп және қауіпсіздік [11].
Бірақ бізді қызықтыратын қызмет түрі - әлеуметтік қамтамасыздық қызмет түрлері. Әлеуметтік қамтамасыздық қызметтер төрт топқа бөлінген:
Зейнетақымен қамтамасыз ету;
Мүгедектерді қолдау;
Отбасыларға көмек;
Жұмыссыздарға, ауыл тұрғындарына және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін тұлғаларға көмек.
Соның біріншісі - зейнетақымен қамтамасыз ету. Зейнетақы ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа келген (әйелдер 58 жас, ерлер 63 жас), бірінші және екінші топ мүгедектігін алған, белгілі жұмыс қызметтері (мысал, әскери қызметкерлер заң бойынша белгіленген зейнеткерлік жастан ерте шығуға құқылы) үшін қызмет мөлшерін толықтай орындауы байланысты және 40 жылғы еңбек стажы бар азаматтарға белгіленеді[12]. Оның мөлшері азаматтардың категориялық бөлінуіне сай әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін. Зейнетақымен қамтамасыз ету әрбір мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі маңызды қызмет түрі. Себебі мемлекеттік бюджеттің үлкен бөлігі зейнеткерлікпен қамтамасыздандыруға кетеді. Мысалға, қарттар мемлекеті атағына ие Жапон мемлекетінде қарттар жалпы халықтың бестен бір бөлігін құрайды, ал қамтамасыз ету үшін бюджеттен миллиардтаған доллар шығынын жұмсайды. Бұл мәселе Қазақстан Республикасына да тән. Себебі жалпы 2 миллионға жуық азаматтар зейнетақы алады. Оларды қажетті минималды күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ету мәселесі жылдан жылға ұлғайып бара жатыр.
Қоғам ішіндегі зейнеткерлік жасқа жеткен қарттар институтталды, яғни зейнеткерлер әлеуметтік санатында белгілі мәртебелер мен рөлдерге ие. "Зейнеткер" деп зейнетақы алу фактісін ғана білдірмейді. Оның аты әлдеқайда үлкен мағынаға ие. Қарттық жасқа келген азаматтарды әлеуметтік-белсенді жасынан шыққан бірақ әлеуетті белсенді қоғамдар санатына кіретін үлкен топ ретінде қарастырсақ болады.
Біздің қоғамда зейнеткерлердің рөлі зор және жыл сайын ұлғаюда. Алдағы жылдарда қарттар жалпы халықтың үздіксіз өсіп келе жатқан жалғыз санаты болады.
Біздің қоғамымыздағы зейнеткерлердің айқындалған және өзгермейтін мәртебесі бар. Және де өзінің мәртебесінің саналы түрде толыққанды ұғынатын топ. Олардың мәртебелік деңгейі төмен болғанымен, өте айқын және ол сондай-ақ өзінің көпшілігімен ерекшелінеді. Бұл адамдар олардың көп, онымен қоса өзара қарым-қатынаста бірдей мәселелері бар және көзқарастары бірдей екенін біледі. Бұл топ мемлекет өзінің негізгі коммуникативтік серіктесі ретінде санайды. Ол үш арна арқылы мемлекетпен қарым-қатынас жасайды. Бұл ақша арқылы (зейнетақы), әлеуметтік қызметтер арқылы және БАҚ арқылы қарым-қатынас.
Материалдық тұрғыдан алғанда зейнеткерлер мемлекетке толық тәуелді десек болады. Себебі олардың басым көпшілігі үшін зейнетақы өмір сүрудің жалғыз материалдық байлығы. Сондықтан зейнеткерлерді қамтамасыз ету әлеуметтік қорғау негізінде ғана емес, қазіргі ұрпақты тәрбиелеп өсірген және мүмкіндігінше барлық жағдай құрастырып берген үшін біздің міндетіміз!

Кесте 1. ХҚКО-дағы зейнеткерлерге ұсынылатын қызмет түрлері[13]

Кімге бағытталған
Қандай бағытта
Қызмет
* Мерзiмсiз бірінші, екінші топтағы мүгедектер;
* ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
* Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған азаматтың отбасы мүшесі, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған азаматты жерлеуді жүзеге асырушы адамдар;
* Қайтыс болған азаматтың зейнетақы жинақтарының мұрагерлері болып табылатын адамдарға.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
Барлық азамат категорияларына
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан базалық зейнетақы төлемі есебімен зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу
Ақпарат беру
Заң бойынша зейнетақы алушыларға
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау
Зейнетақы тағайындау
Барлық азамат категорияларына
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру
Ақпарат беру
Аударымдар жасаушы азаматтарға
Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу
Ақпарат беру
Зейнет жасына келген азаматтарға
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау
Зейнетақы тағайындау
Заң бойынша зейнетақы алушыларға
Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі
Айырма төлемін қамтамасыз ету

Қазақстанда мүгедектік проблемасына ерекше тоқтау қажет. Мүгедектердің басым көпшілігі шалғайдағы ауылдық жерлерде тұруы мүмкін. Жалпы мүгедектердің санын мемлекет бойынша нақты анықтау қиын, себебі мүгедектік ауруы бар отбасылар аурудың өзгелері білмегенін қалайды. Соның әсерінен көбісі отбасында мүгедек адам бар екенін ескертпей қоғамнан алшақтайды. Бұл өз кезекте аурудың ушығуына, оның отбасына негізгі зиянкестік әсерлерін тигізуі мүмкін. Мысалға, оны қамтамасыз етуге материалдық шығындар кетеді, арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету керек болады. Кейде оларды бақылау үшін міндетті түрде үй ішінде біреу қалады. Қазақстанда мүгедектерді емдеуге немесе оған қолайлы жағдай жасайтын мекемелер бар. Алайда ол көмек түрлеріне жүгіну үшін алдымен мемлекеттік базаға тіркелу керек. Кейбір отбасылар үшін бұл ауыр қадам, себебі ол мүгедектік фактың көрсететін айқын белгісі болады. Осыған байланысты 2005 жылы Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңы дүниеге келді. Осы заңнама бойынша мүгедектерге кепілдіктер, әлеуметтік-медициналық қызмет бағыттары айқын анықталды. Оларға арнайы зейнетақы мөлшері де тағайындалды. Мүгедектерді қорғау әлеуметтік қоғамның маңызды қадамдарының бірі. Оларға қызмет ету тек олар өмір сүріп жатқан отбасы шегінде ғана емес, мемлекет пен оның тұрғындарының ортақ міндеті. Мүгедектер туылу барысында белгілі бір дене бітімінің дефициті әсерінен немесе жұмыс барысындағы байқаусыздық оқиға салдарынан пайда болуы мүмкін. Олар да біз сияқты өмір сүреді, армандайды, қоғамда өз орнын іздегісі келеді. Ең аз дегенде қол ұшын береміз[14].

Кесте 2. ХҚКО-дағы мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлері [15]

Кімге бағытталған
Қандай бағытта
Қызмет
Мүгедек және оны асыраушы азаматтарға
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау
Жәрдемақымен қамтамасыз ету
Мүгедек балаларға
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
Үйде оқыту шығынын төлеу
Мүгедектігі бар азаматтарға
Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу
Ақпарат беру
Мүгедектігі бар азаматтарға
Мүгедектікті растау туралы ақпарат алу
Ақпарат беру
Мүгедек және оны асыраушы азаматтарға
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау
Жәрдемақымен қамтамасыздандыру
Мүгедектігі бар азаматтарға
Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету
Әлеуметтік-медициналық жәрдем
Мүгедектігі бар азаматтарға
Мүгедектікті жәненемесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу жәненемесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау
Арнайы әлеуметтік көмек шараларын ұйымдастыру
Семей ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтарға
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру
Өтемақымен қамтамасыз ету, тіркеу, куәлік беру
Арнайы құрал-жабдық қажетсінетін мүгедектігі бар азаматтарға
Мүгедектерге кресло-арбалар беру
Кресло-арбамен қамтамасыз ету
Қозғалу мүмкіндігі шектеулі және есту бойынша қиыншылығы бар мүгедектерге
Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу
Құжаттар рәсімдеу
Арнайы көмек қажет ететін мүгедектігі бар азаматтарға
Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды рәсiмдеу
Медициналық оңалту
Арнайы көмек қажет ететін мүгедектігі бар азаматтарға
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу
Стационарлық мекемелерде қызмет алу
Арнайы көмек қажет ететін мүгедектігі бар азаматтарға
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу
Үйде күтім жасау

Отбасы және неке әрқашан тұрақты және жаппай қызығушылықта болатын құбылыс қатарына жатады. Қарапайым тайпадан бастап қазіргі күрделі әлеуметтік құрылысымен ерекшеленетін дамыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
ХҚЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары
ҚР-ның зейнетақы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы: теориясы, тәжірибесі
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Зейнетақы қорының міндеттері
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі
Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері
Шет ел мемлекетінің зейнетақы жүйесі
Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғыртудың теориялық негiздерi
Пәндер