Гигиеналық факторлар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Мектепке жасына дейінгі білім беру жене тәрбиелеу кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Гигиеналық факторлар
Білімгер: Букешова Наргиз
Жетекші: Шыниева Роза
Топ: ДОВ 19-1

Тараз 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ ПӘНІ, МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ, ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Балалар организмінің даму және өсу заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Гигиеналық тәрбие берудің бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. ГИГИЕНАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ
ІС-ӘРЕКЕТ
2.1 Балалар гигиенасында қолданылатын зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... .10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Балалар гигиенасы денсаулық сақтау жүйесінің тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған профилактикалық шараларды өндеп, негіздеуге арналган ғылым. Бұл пән дамып келе жатқан организмге қоршаған ортаның әр түрлі факторларының әсер етуін зерттеумен және болашақта осы факторлардың организмге әсерін болжаумен айналысады. Сонымен қатар ғылыми мәліметтер негізінде санитарлық, гигиеналық және санитарлық-гигиеналық індетке қарсы нормалар мен ережелерді өндеп, организмнің қызмет қабілетін жоғарылатуға, аурушандықты азайтуға, , балалардың қалыпты дамуына арналған салауаттандыру және емдеу профилактикалық шараларын қарастырады. Балалар гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық кызметтің құрамына кіре отырып, гигиена ғылымының жеке бөлігі болып табылады.
Гигиена басқа ғылым саласына қарағанда балалар гигиенасы өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады, себебі бұл ғылым гигиеналық талаптар мен нормативтерді және кешенді сауықтандыру шаралары өсіп - жетілуі әлі аяқталмаған организмге арнап дәрістейді, ал ересек организмге қойылатын гигиеналық талаптар балаларға арналған болып табылады. Сол себепті қоршаған орта факторларына сауықтандыру нормалары мен шараларын гигиеналық тұжырымдауда, дамушы организмнің әр жас кезеңіндегі психологиялық, морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Біздің елде балалар гигиенасы денсаулық сақтаудың өз алдына бөлек саласы болып бөлініп отыр, себебі республика халқының 40% қоғамның маңызды бөлігі балалар үлесіне тиеді.

Зерттеу мақсаты: денсаулығы мықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оңтайлы гигиеналық жағдайлар жасау.
Зерттеу обьектісі: балабақшадағы балалардың гигиенасы.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі гигиена
Зерттеу болжамы: балаларды гигиеналық шараларға үйрету.
Зерттеу міндеттері: гигиеналық факторлар жайлы талдау жасау, гигиеналық шаралардың даму деңгейі мен сапалық құрылымын анықтау.
Зерттеу әдістері: ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау, ата-анамен сұхбат жасау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: балалар гигиенасының факторларын зерттеу және алдын алу шаралары негіз болды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: балабақшадағы балалардың гигиеналық факторлар ұғымының мәнін аша отырып, оның дамуы мен қалыптасуы сипатталады.

I . БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ ПӘНІ, МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ, ДАМУ ТАРИХЫ.
1.1 Балалар организмінің даму және өсу заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы

Балалар гигиенасы болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту барысындағы ғылым. Бұл ғылым организмнің қоршаған ортаға қойылатын гигиеналық талаптар мен нормативтерді зерттеп, қоршаған орта факторлары әсеріне байланысты өзгеруін тұжырымдайды.
Бұл ғылымның негізгі мақсаты болып көңіл - күйлері ауқымды, денсаулықтары мықты балаларды тәрбиелеуіне керекті оңтайлы гигиеналық жағдайларды жасау саналады. Бірақ осындай мүмкіндіктерді жасау тек балалардың дамуының әр кезеңдеріндегі функционалдық және морфологиялық мүмкіншіліктеріне байланысты қоршаған орта факторларына бейімделуімен ғана шектелмейді. Бұл сонымен қатар, балалардың өсіп - жетілуіне, оларды функционалдық мүмкіншіліктері мен жұмыс қабілеті, иммунологиялық және жалпы реактивтілігін жоғарлатуына, бейімделушілік жағдайларын кеңейтуге белсенді әсер етуін қамтамасыз етеді. Балалар гигиенасы профилактикалық медицина саласына жатып, бала жасына қатысты тағам гигиенасының, еңбек гигиенасының, коммуналды гигиенасының және эпидемиологиялық мәліметтерін қолданатын кешенді ғылым болып табылады.
Балалар гигиенасы балалар контингенттерінің белгілі бір ұжымдағы қатынастарының гигиеналық ұсыныстарын дәрістеумен айналысады да, өзінің сипаты бойынша жай профилактикалық ғылым болып қана қоймай, қоғамдық сипаттағы ғылым болып табылады. Дәл осындай деректерді балалар гигиенасының іргетасын қалаушылар А. П. Доброславин мен Ф. Ф. Эрисман берген еді.
Гигиенаның жекелеген жағдайлары әртүрлі континенттерде өте ерте кездердің өзінде белгілі болса да, өз алдында бөлек ғылыми пән болып дамығанына 150 жылдай ғана уақыт болды деп есептелінеді. Ресейдің ең алғашқы гигиена кафедрасы 1871 жылы Петербург қаласындағы Әскери медициналық Академия базасында құрылған болатын. Кафедраның ірге тасып қалаушы А. Л. Доброславин өзінің мектеп гигиенасы деген бөлімі бар ең алғашқы гигиена оқулығын шығарды .
Екінші осындай кафедра еліміздегі мектеп гигиенасының негізін салушы болып есептелінетін Ф.Ф. Эрисманның басқарумен Мәскеу университетінде ұйымдастырылған болатын.
Гигиена ғылымындағы балалар гигиенасының әлеуметтік гигиеналық маңызы:

1)Халықтың өмір жасының ұзақтығы өсіп келе жатқан балалар денсаулығымен байланысты.

2)Келешекте тұрғындардың жұмыс қабілеті қазіргі сәттегі балалардың оқу сапасы мен тәрбиесіне байланысты.

3)Балаларға қоршаған орта өз әсерін тигізеді, қоршаған ортаның әсерін қалпына келтіру биологиялық, физиологиялық жағдайына және балалардың жасына байланысты болып келеді.

Балалар гигиенасы мектеп жасына дейінгі физиология және морфология деректері бойынша құрылып, мектеп жасына дейінгі гигиена болып табылады. Гигиенаның бұл саласы өзіне тән гигиенаның нормалаудың төменде көрсетілген теориялары түрінде құрылады.

1)Қоршаған орта факторларының қандай да болсын әсеріне дамушы организмнің морфологиялық-функционалдық дайындығы міндетті түрде керек.
2)Балалар гигиенасындағы нормалар барлық балалар үшін бірдей болмайды, ол балалардың жасына сәйкес жасалады.

3)Балалар гигиенасының гигиеналық нормалауының мақсаты, тек балалардың денсаулығын сақтап, оны нығайтумен шектелмей, сонымен қатар дамушы организмнің өсіп өнуіне оңтайлы жағдай жасау.

4)Балалар гигиенасы қоршаған ортаның әртүрлі факторларын бағалау, олардың организмнің даму процесіне тигізетін әсерімен анықталады.

Гигиеналық нормалау организмге қоршаған ортаның тигізетін әсерін көрсететін физиологиялық реакцияларды зерттеуге негізделген. Шет елдердегі ғалымдардың пікірі бойынша гигиеналық норма ретінде организмнің функциясы "норма және патология" негізінде болатын шама алыну қажет.

С.М.Громбах балалар гигиенасының нормаландыру принциптерін осылай көрсетіп берді.

1. Қоршаған орта факторларының әсер етуінің дұрыс нормасын қалыптастыруда өсіп келе жатқан организмнің функционалдық дайындығы болып табылады.
2. Осыған байланысты балалар гигиенасының нормалары тұрақты болмайды және жас кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады.
3. Гигиеналық нормаландырудың міндеті тек денсаулықты нығайтып, сақтау ғана емес, сонымен бірге балалардың дұрыс естіп, дамуына да жағдай жасау болып табылады.

Ал біздің еліміздің гигиенистері бұл көзқарасқа қарсы, олардың көз - қарасы бойынша, гигиеналық норма кез келген фактордың заңдылығын анықтамай, олардың зиянсыздық дәрежесін анықтауы керек. "Норма" - барлық маңызды функциялардың қалыпты жүруіне оңтайлы жағдай жасайды. Онымен қоса гигиеналық нормалау әртүрлі факторлар "рұқсат етілген" шегін айқындайды. Ол организм жағдайын патологиядан алыс шамада ұстауы қажет.

Сонымен қатар, егер қоршаған ортаның табиғи факторларының тиімді көрсеткіштері жас бойынша ажыратып беруді талап етпесе де олардың рұқсат етілген нормадан ауытқу шамасы бала жасы аз болған сайын азая түседі. Осы көрсеткіштер қоршаған орта факторларын балаларға қарасты гигиеналық нормалаудың қатаң тәртібін көрсетеді.

1.2 Гигиеналық тәрбие берудің бағдарламасы

Әлем жұртының көп бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып табылатындықтан, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып есептеледі. Балаларға әрдайым дұрыс тәрбие беру , оларға дұрыс көңіл бөлу қажет. Тәрбие берудің 90% өте ерте жастан басталады.
Гигиеналық дағдылар мен гигиеналық білім беру баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар баланы саналылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулиды. Гигиеналық тәрбие берудің негізі балаға балабақшадан басталады, содан кейін мектепте тереңірек оқытылады.

Жалпы алғанда балаларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегідей бөліктерден тұрады:

1)Денешынықтыру мен шынығудың салауаттандырудағы маңызы

2)Балалардың ақыл-ой еңбегінің гигиенасы

3)Тамақтану гигиенасы

4)Қоғамдық және жеке бас гигиенасы

5)Политехникалық оқытудың гигиенасы

Бұл саладағы ең маңызды мәселе тақырыптарды балалардың қажетті жас мөлшеріне қарай бөліп алуы болып табылады. Балалардың жас мөлшері жалпы алғанда 7 топқа жіктеледі:

1)Бөбек жас (туғаннан бастап 1 жасқа дейін)
2)Ерте жас (1-2 жастағы балалар)
3)Кіші жас (2-3 жастағы балалар)
4)Мектепке дейінгі кіші жас (3-4 жастағы балалар)
5)Мектепке дейінгі орта жас (4-5 жастағы балалар)
6)Мектепке дейінгі ересек жас(5-6 жастағы балалар)
7)Мектепке дейінгі ересек жас (6-7 жастағы балалар)
Балалардың өздерінің жас мөлшеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы түсініктері тереңдей түседі.

Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының қалыптасуы туралы мәліметтер кіреді. Бұл жерде балалалар іс-әрекеттің дене тұлғасының нағаюына әсерін, қимыл-қозғалыстың, денешынықтыру жаттығуларының, шынығудың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру бала үшін маңызды гигиеналық дағды болып саналады.

Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына балабақша және үйдегі гигиена, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері, күн тәртібі кіреді. Балалар жас мөлшеріне қарай өздерінің күн тәртібін өмірде дұрыс пайдалана білуі және элементтердің дұрыс ұзақтығын білуі қажет. Барлық жастағы балалардың ата-анасы түнгі ұйқының сапасы мен ұзақтығын дұрыс бағамдай білгені дұрыс.

Кішкене жастағы балалардың тамақтану гигиенасы дастарқан басында қалай дұрыс отыру, ыдыс-аяқтарды, салфеткаларды дұрыс пайдалана білуден тұрады. Бұл жерде асықпай тамақ ішу, тамақ уақытысында сөйлемей, алаңдамай отыру дағдыларына қалыптасады.

Көптеген ғалымдар салауатты өмір-салтын ұстану, рационалды тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, жеке бас гигиенасын және күн тәртібін сақтау өмір сүру ұзақтығын 7-10 жылға ұзартады деп есептейді. Жеке бас гигиенасынның ережелерін сақтамау, тек баланың ғана емес, сонымен бірге маңайындағы қарым-қатынас жасаған балаларға да қолайсыз яғни зиянды әсерін тигізуі мүмкін.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мына тәсілдерге оқытып, дағдыландыру қажет:

-қолдарын уақытында (сырттан келген кезде, тамақ ішер алдында, жануарлармен ойнағаннан кейін, әжетханаға барғаннан соң) мұқият жуу;

-аяқтарды және денені белге дейн жуу;

-күнделікті тісті жуу, оған күтім жасау;

-тырнақтар пен шаштың тазалығын сақтау;

-бөлмелерді күнделікті желдетіп отыру.

1.3 Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар

Бала өмірінде де, тәрбие прлцесінде де ойыншықтардың маңызы өте зор болып табылады. Ойыншықтар арқылы бала қоршаған ортамен танысады, көңіл-күйі көтеріледі. Тәрбиелік құрал ретінде ойыншықтармен ойнау балалардың жас ерекшеліктеріне негізделеді. Ойыншықтарға арналған баланың жасы ойыншық қорабының қағазында немесе қораптың сыртында көрсетіледі. Ойыншықпен қоса берілетін нұсқаулық қағаздағы ескертпелер ойыншыққа арналған жас тобындағы балаларға түсінікті болуы қажет және ойыншықты пайдалану (залалсыздандыру,жуып-тазалау) ережесі жазылуы қажет.

Бір жасқа дейінгі балаларға әзірленген ойыншықтар балалардың есту, көру жағдайларын, дене тұлғасын, дыбыс реакцияларын өзгертуге арналған және қимыл-қозғалыстарын (тұру, отыру, қолдарымен әр нәрсені қармап ұстау) дамытуға арналған. Бұл жастағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар түрі әртүрлі шылдырмақтар, полимерден жасалған дөңгелектер және тағы басқа ойыншық түрлері болып табылады. Олар мейлінше үлкен, ашық түстермен боялған, дыбыс шығаруы белгілі дәрежеде және қармап ұстауға ыңғайлы болуы қажет. Екі жасқа таяғанда аңдар, машина, ойыншық әткеншектер, қуыршақ тағы басқа ойыншықтар қолданыла бастайды.

Содан кейінгі кезеңдерде бала қоршаған ортаны тереңірек танып біле бастайды, тілі дамып, қимыл-қозғалыстары реттеле бастайды. Сол себепті осы кезеңдерде біраз қиынырақ, түсініп білу үшін ойлануды керек ететін әртүрлі кубиктер мен таяқшалар, мозайкалар, дамыту ойыншықтары қолданылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар белгілі роль атқаратын ойындарға (апа, әже, дәрігер, мұғалім, отбасы, тағы басқа) көше бастайды, бұл жастарда көбіне топтық ойындарға арналған ойыншықтар қолданылады.

Балалардың білім, интеллектуалдық, морфофункционалдық деңгейлеріне, ерекшеліктеріне сәйкес, ойыншықтар меү ойындар мен үлкен 5 топқа жіктеледі: бір жасқа дейінгі сәбилерге (ерте жас) арналған ойыншықтар; бір жастан үш жасқа дейінгі (ясельдік жас); үш жастан алты жасқа дейінгі (мектепке дейінгі жас); алты жастан он жасқа дейінгі (бастауыш мектеп жасы) және оннан он төртке дейінгі аралық (орта мектеп жасы) деп бөлінеді.

Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық деңгейде Денсаулық сақтау Министірлігі бақылау жасайды. Оның функциясына ойыншық жасаудағы техникалық нормалық құжаттарды бекіту, сонымен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Тамақтану жағдайы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы
Жыныстық жетілу кезеңіінде
Пәндер