Географиялық жағдайы


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлттық тәуелсіздік және нарықтық экономикаға көшу жағдайында жекелеген өңірлердің өндірістік күштерін дамыту мен орналастырудың экономикалық-географиялық аспектілерін зерттеу аса маңызды мәнге ие болды.
Экономикалық-географиялық мәселелерді зерттеудің күрделілігі - статистикалық органдар жекелеген әкімшілік аудандарға қатысты материалдар аз, ал өңірлер бөлінісінде олардың өндіргіш күштерінің даму жағдайына қатысты қандай да бір ақпарат жоқ. Димломдық жұмыс барысында мен бар статистикалық материалдарды, ғылыми жарияланымдар мен жеке бақылауларды жалпылау негізінде ауданды аралау кезінде Райымбек ауданының өндіргіш күштерінің қазіргі даму деңгейін және орналасуын талдауға, қолда бар табиғи-ресурстық әлеуетті ескере отырып, оны одан әрі жетілдіру болашағы бойынша ұсыныстар әзірлеуге тырыстым. Себебі, табиғи, шикізат және еңбек ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалану дәрежесі және оның қаламыздың дамуына қосқан үлесін ұлғайту мүмкіндігі көбіне елдің аймақтарында өндіргіш күштердің ұтымды бөлінуіне байланысты.
Алматы облысының Райымбек (Нарынқол) ауданын дипломдық жұмыста зерттеу объектісі ретінде таңдау себебі - бұл аудан ресурстық әлеуеттің жоғары қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді: су-энергетикалық, отын, минералдық-шикізат және кенсіз материалдарға бай.
Сонымен қатар, аймақ экономикалық-географиялық тұрғыдан аз зерттеумен ерекшеленеді. Табиғи ресурстарды игеру және пайдалану, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өңірдің транпорттық-коммуникациялық саласын дамыту және орналастыру мәселелері өтпелі экономика жағдайында зерттелмеген күйінде қалып отыр. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, осы тақырыпты зерттеудің өзектілігі күмән тудырмайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осы дипломдық жұмыстың басты мақсаты табиғи-ресурстық және адами әлеуетті экономикалық-географиялық талдаудан, экономиканың дамуының қазіргі жай-күйін қорытудан және олардың негізінде трансформацияланатын экономика жағдайында Райымбек (Нарынкөл) ауданының өндіргіш күштерін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеуден тұрады. Қойылған мақсатқа сүйене отырып, дипломдық жұмыста келесі міндеттер шешілді:
* ауданның экономикалық-географиялық мәселелерін зерттеу;
* Райымбек (Нарынкөл) ауданының өндірістік күштерін географиялық зерттеудің тарихи аспектілерін зерттеу;
* ауданның қысқаша физика-географиялық сипаттамасы;
* аймақтың табиғи ресурстарын пайдалану және экономиканың өсуі мен қалыптасуын талдау;
* ауданның өндірістік күштерінің дамуы мен орналасуының негізгі факторлары мен жағдайларын анықтау;
* аудан өнеркәсібінің дамуы мен орналасуын бағалау.
- Ауданның тарихы
Райымбек ауданы табиғатқа ғана бай емес, тарихы да тереңнен сыр шертеді. Ежелгі сақ дәуірінің, үйсіндер мәдениетінің белгілері қалған Байынқол мен Шалкөденің көнерген алтын кеніштері, Жібек жолы, орындары бар. Шоқан Уәлихановтың Қашғарияға сапары осы өңір арқылы өткен.
Райымбек ауданы 1997 жылы бұрынғы Кеген және Нарынқол аудандарының біріктірілуінен құрылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 31 наурыздағы «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» № 653 жарлығымен, Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен əкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылды.
Аудан облыстағы табиғаты сұлу аудандардың бірі. Тянь-шаньдық сұлу қарағайлар мен мың құбылған табиғат әлеміне бай.
Аудан аумағында көптеген тарихи ескерткіштер тіркелген. Райымбек батыр, Малай батыр, Ұзақ, Байсейіт, Қалыбек, Жәмеңке, Тама батырларға және Шоған абызға арналған ескерткіштері бар.
Ораз Жандосов және ақын Мұқағали Мақатаев, Сағат Әшімбаев, Н. Өмірзақов, А. Нүсіпбеков атындағы мұражайлар бар.
Хан Тәңірі - Шығыс Тянь-Шаньдағы шың, Қырғызстан мен Қазақстан және Қытай шекарасында, негізінен мәрмәрленген әк тастан түзілген, теңіз деңгейінен 6995м (мұз жамылғысын қоса есептегенде 7010м) биіктікте орналасқан. Хан Тәңірі - Тянь-Шаньның ең ірі мұздану орталығы, мұздықтарының жалпы ауданы 2500 км 2 . Алматы облысы Райымбек ауданына таудың солтүстік-батыс бөлігі қарайды.
Географиялық жағдайы
Аудан аумағының көлемі 7, 11 мың шақырымды құрайды. (Қазақстан жерінің жалпы көлемінің 0, 2 пайызы) .
Алматы облысының оңтүстік - шығысында орналасқан.
Шығыста - Қытай Халық республикасымен, оңтүстік батысында - Қырғыз Республикасымен, солтүстігінде - Ұйғыр ауданымен және батысында Кеген ауданымен шекараласады.
Аудан орталығы Нарынқол ауылы. Облыс орталығы Талдықорған қаласынан 650 шақырым жерде, Алматы қаласынан 350 шақырым жерде орналасқан.
Аудан құрамына 11 ауылдық округ кіреді.
Халық саны 2018 жылдың 1 желтоқсанына статистикалық көрсеткіш бойынша 41800 адам, тығыздығы орташа есеппен 1 шаршы шақырым жерге 17 адамды құрайды. Халық құрамының 99, 9 пайызы қазақ ұлтынан тұрады.
Табиғи- климаттық жағдайы
Ауданның суық континентальдық, биік таулы табиғи- климаттық өңірінде орналасқан, құнарлы жерлері мен су ресурстарының бары, аумағынан республикалық маңызы бар жолдардың өтуі, сонымен бірге басқа мемлекеттердің жеріне жақындығы ауданның ағымдағы мамандануын айқындайды.
Климаты қатал, қысы ұзақ әрі суық, таулы рельеф. Ауданның аумағы Тянь-шань тауының етегінде орналасқандықтан теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 1800 - ден 3400 метр.
Қыста ауаның орташа температурасы 0, 8 - ден 35 градусқа дейін, жазда 5- тен 18 градусқа дейін барады
Пайдалы қазбалары
Ауданда әр түрлі пайдалы қазбалардың орындары бар. Жарқұлақ және Байынқол өзені бассейнінде - алтын, Ойқарағайда - сұр көмір.
Пайдалы қазбалар - сұр көмір, алтын, құрылыс материалдары (қиыршық тас) бар.
Су ресурстары
Аудандағы ең ірі өзендер Текес, Байынқол.
Табиғи рекреациялық ресурстар (тау көлдері, өзендері, минералды су мен емдік батпақ көздері) туризмды дамытуға қолайлы жағдай туғызады.
Аудандағы таулы өзендерге су электр станцияларын салуға болады.
Аудан экономикасының негізгі саласы - мал шаруашылығы, оның ішінде ет және сүт бағытындағы ірі қара малын өсіру және қой шаруашылығы дамыған. Егін шаруашылығымен, картоп өсірумен айналысады.
Ауыл шаруашылығының әлеуеті ауданның және Алматы қаласының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге экологиялық таза өнімдермен шығуға мүмкіндік береді және азық-түлік қорын қалыптастыруға септігін тигізеді.
2. Өнеркәсіп
Өнеркәсіп саласында 2018 жылы 5 млрд. 862 млн. теңгенің өнімі өндірілді. (2017 жылы 20 млрд. 481 млн. теңге) . Нақты көлем индексі 112, 9 пайыз.
2018 жылы өнеркәсіп өндірісі құрылымында өндеу өнеркәсібі - 96, 3% (2017 жылы - 43, 5%), электр қуатын өндіру мен бөлуге-0 % (2017 жылы - 53, 1%), кен өндіру өнеркәсібі мен ашық кеніштерді барлау - 3, 3% (2017 жылы - 3, 2%), суды жинау, өңдеу және бөлу 0, 4 %- ды құрады (2017 жылы - 0, 2 %) .
Кен өндіру өнеркәсібі мен ашық кеніштерді барлау
««Бүркіт» ЖШС кәсіпорны көмір өндірумен, «Марум Жар Голд» ЖШС кәсіпорны алтын өңдеумен айналысады.
2018 жылы 193, 2 млн. теңгеге кен өндірілді (2017 жылы 653, 7 млн. теңге) , Нақты көлем индексі 171, 4 пайыз орындалды. Оның ішінде;
«Бүркіт» ЖШС-і 222, 0 млн теңгеге 36, 2 мың тонна көмір өндірілді.
«Марум Жар Голд» ЖШС-і арқылы 1 млрд. 635 млн теңгеге 19, 5 мың тонна бағалы түсті металл өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібі
2018 жылы өңдеу өнеркәсібінде 5 млрд 646 млн. теңгенің өнімі өндірілді, (2017 жылы 8 млрд 20 млн. теңге) . Нақты көлем индексі 139, 2 пайыз.
Өндеу өнеркәсібінің ішінде тамақ өнімдерін өндіру, жихаздан, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру, сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру құрайды.
Тамақ өнімдерінің өндіру ішінде негізінде етті қайта өндеу, ет өнімдерін өндіру, жемістерді және көкөністерді қайта өндеу және консервілеу, сүт өнімдерін өндіру, нан және ұн өнімдерін өндіру жұмыстарын құрайды.
Инвестиция
2018 жылы 2 млрд. 645 млн теңгенің негізгі капиталға инвестициясы тартылды. (2017 жылы 4 млрд 985 млн. теңге) . Нақты көлем индексі 118, 2 пайызға орындалды. Оның ішінде;
-Республикалық бюджет қаржысы есебінен 11 млн. теңге, (2017 жылы 1 млрд 649 млн теңге) .
- Жергілікті бюджет қаржысы есебінен 1 млрд 202 млн теңге, (2017 жылы 1 млрд 861 млн теңге),
- Кәсіпорындар мен жеке азаматтардың қаржысы есебінен 1 млрд 432 млн теңге, (2017 жылы 1 млрд 475 млн теңге) .
Ауыл шаруашылығы
2018 жылы 703 296, 1 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103, 6 пайызға орындалды.
2018 жылы ауданды 44844 га ауылшаруашылық жері пайдалануда. Оның ішінде: 10240 га дәнді дақылдар, 5655 га картоп, 260 га көкөніс, 22926 га жем шөп, 2000 га пар. Себілген 10240 күздік және жаздық дәнді дақылдан (гектарына 20, 3 ц) барлығы 20806 тонна өнім алынды. Барлығы 5655 га картоптан (гектарына 200, 3 ц) барлығы 113269 тонна өнім алынды. 260 га көкөністен 6890 тгонна өнім алынды (гектарына 265 ц) .
Картоп тұқымына субсидия, а өтінім берген 8 шаруа қожалықтарына 71 655 800 теңге субсидия бөлінді.
Аудан бойынша 2018 жылы 7 жаңа техника сатылып алынды. Оның ішінде: лизинг арқылы алынғаны 4 техника 11 970 000 теңге. Аудан тұрғындарының өз қаражатына алынғандары 3 техника 54 853 200 теңге.
2018 жылы аудан бойынша 36 дана техника тіркеуге алынып, техникалық паспорт берілді және мемлекеттік номер берілді. Аудан тұрғындарына 40 дана тракторист-машинист куәлігі берілді. 115 трактор техникалық байқаудан өтті. Тіркелген машиналардың кепілінің тізімі 2 дана. Арзандатылған дизель отынынан 560 тонна аудан тұрғындарының көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жұмсалды.
2018 жылдың 3 тоқсанында Райымбек ауданы мен Кеген ауданы арасында мал басын бөлу толықтай аяқталды.
Қазіргі кездегі мал саны:
Ірі-қара : 50 739 бас. Оның ішінде аналығы: 27 460 бас.
Қой: 238 382 бас. Оның ішінде аналығы: 123 946 бас.
Жылқы:33 942 бас. Оның ішінде аналығы: 14 417 бас.
Малды асылдандыру көрсеткішін көтеру бойынша жоспарланған 134 бас асыл тұқымды бұқадан, жыл бойы 81 бас асыл тұқымды бұқа қолданыста болды, оның ішінде 60 бас асыл тұқымды бұқалар шаруа қожалық меншігінде болса, 20 бас асыл тұқымды бұқа жалға алынды. Тұқымдық түрлендіру бағдарламасындағы көрсеткішіміз 14 % құрады.
Етті экспорттау бойынша жоспарланған 20 тонна бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сыйымдылығы 1000 бас болатын ТОО «Meat Processing and Service» бордақылау алаңына бұқашықтар өткізілді. Шәлкөде ауылдық округінен «Айғайтас» ЖШС 122 бас бұқашық өткізді, Қақпақ ауылдық округінен «Бірлік» шаруа қожалығы 63 бас бұқашық өткізді.
2018 жылдың 3 тоқсанында шаруа қожалықтардың ірі қараның 918 аналық басымен селекциялық жұмыстары үшін төленген субсидия көлемі 9 млн 180 мың тенгені құрады.
2018 жылдың 4 тоқсанында шаруа қожалықтар ірі қараның 699 аналық басымен селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізді.
Отандық етті тұқымдық асыл тұқымды бұқаларын сатып алған шаруа қожалықтарға 2 млн 550 мың тенге көлемінде субсидия төленді.
2018 жылдың 2 тоқсанында шаруа қожалықтар биязы және жартылай биязы жүн шикізатын 11, 2 тонна көлемінде өткізіп, 1 млн 680 мың тенге көлемінде мемлекет тарапынан субсидия алды.
2018 жылдың 4 тоқсанында шаруа қожалықтар ұсақ мүйізді малдың 5225 аналық басымен асылдандыру жұмыстарын жүргізді.
Сарыжаз ауылдық округінен «Расилбай» шаруа қожалығы Ресей мемлекеті, Алтай аймағынан 57 млн 750 мың тенге қаражат мөлшеріне 235 бас герефорд породалы асыл тұқымды ірі қараның аналық басын алып келді.
Шәлкөде ауылдық округінен СПК «Талас» сүт тауарлы фермасын құру үшін Облыстық ауылшаруашылық қолдау қорына 50 миллион теңге ақша көлемінде өтініші берілді.
Қақпақ ауылдық округінен «Жантөре» шаруа қожалығы » сүт тауарлы фермасын құру үшін Облыстық ауылшаруашылық қолдау қорына 25 миллион теңге ақша көлемінде өтініші жіберілді.
Білім саласы
Мектепке дейінгі тәрдие және оқыту
Ауданда 3 мемлекеттік, 2 жеке меншік балабақша және 21 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді.
Жоспарға сәйкес мектептердің материалдық-техникалық базасы нығаюда, мектептер мен бала бақшаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Есепті мерзімде 0-6 жас аралығында 4019 бала есепте тұрады. 0-3 жас аралығында- 2400, 3-6 жас аралығындағы -1619 бала. Бұдан 795 бала 21 мектепке дейінгі шағын орталықтарда, 639-ы мектеп алды даярлық сыныптарында, бала бақшаларда-520-ы тәрбиеленеді.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 99, 1 пайызды құрады. ( 2019 жылы жоспар 96, 6 пайыз) .
2018 жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы Сарыжаздан-75, Қайнардан-25 орынды балабақшалар жұмыс істеуде. Қарасаз ауылынан 50 орынды бала бақша ашу жоспарлануда.
Орта білім
Ауданда 22 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, 19 орта,
1 негізгі орта, 2 бастауыш мектеп, 1 мектеп жанындағы интернат жұмыс жасауда.
Биылғы оқу жылында 1-11 сыныптарда 5787 оқушы білім алады. Барлық мұғалімдер саны 940, оның ішінде жоғары санаттағылар-133, бірінші санаттағылар-319, екінші санаттағылар-264, санатсыздар-224.
Мектептен тыс қосымша білім беретін мекеме-балалар өнер мектебтері-2. Олар: (Қарасаз, Текес өнер мектептері) жұмыс жасайды.
20 мектепте асхана тамақтандыру ұйымдастырылып, оларда 575 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.
2 елді мекеннен 2 орта мектепке 48 оқушы автобустармен тасымалданып оқытылады (Ақбейіт, Қостөбе) .
Ауданда 100% мектептер ғаламтор желісіне қосылған (16 мегалайн) . 6 мектеп кең жолақты ғаламтор желісіне қосылған, 12 мектепте немесе 83, 3 %-да 60 интерактивтік тақта қойылған, 12 мектеп немесе 41, 7%-ы лингафондық кабинеттермен, 17 мектеп жаңа ңұсқадағы кабинеттермен (80, 5 пайыз) жасақталған. Компьютермен қамтамасыз ету 1 компьютерге 7 оқушыны құрайды.
2018 жылы Қақпақ ауылындағы Жәмеңке орта мектебінің шатырын күрделі жөндеу жұмыстарына 26, 9 млн. теңге бөлініп жұмыстар аяқталды, 2019 жылға ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 50, 0 млн. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау
Аудан тұрғындарына 1 аудандық аурухана (Нарынқол ауылы), 1 ауылдық аурухана (Сүмбе ауылында), 11 дәрігерлік амбулатория (Қызылшекара, Жамбыл, Текес, Тегістік, Қақпақ, Көксай, Қайнар, Сарыбастау; Сарыжаз, Қарасаз, Шәлкөде ауылдары) 2 Фельдшерлік - акушерлік пункт (Қаратоған, көмірші ауылдары) және 3 медициналық пункт қызмет көрсетеді ( Жаңа-Текес, Тұзкөл, Талас ауылдары) . Денсаулық сақтау мекемелерінде 53 дәрігер, 236 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Жоғары білімді дәрігерлер әлі де жеткіліксіз, әсіресе, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, эндокринолог, дермотовенеролог, акушер-гинеколог, хирург, инфекционист атап айтуға болады. Дәрігерлермен қамту көрсеткіші 70 пайызды құраса, орта буын медицина қызметкерлерімен 100 пайыз қамтылған.
Электронды үкімет бағдарламасы аясында емдеу мекемелерінің дербес сайттары жасалынды. Толықтай компьютермен қамтамасыз етілді. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап стационарлық бөлімдер электронды жүйеде жұмыс істеуде.
Стационарлық қызмет көрсетуде аудан бойынша емдеу орындарында 120 төсек жұмыс істейді. Нарынқол ауылындағы орталық аурухана 95, Сүмбе ауылдық аурухана 25
Ауруханаға
Гастрофибраскоп 8 млн. 390 мың теңге
Шала туылған нәрестеге инкубатор 10 млн. 400 мың теңгеге
Ота жасауға стол 11млн. 980 мың теңгеге
Аппарат искуственного вентиляции легких 19млн 900 мың тенгеге
Наркозно дыхательный аппарат 27 млн 950 мың теңгеге
УЗИ аппараты 29млн. 600 мың тенгеге медқұрал жабдықтар келді.
Мамандар қайта даярлықтан өткізілді.
Мәдениет
Ауданда мәдениет саласында 20 мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде: 10 мәдениет үйлері, 1 ауылдық клуб, 9 кітапхана, 1 мұражай.
Ауданда екі халықтық атағы бар ұжым жұмыс жасайды. Олар: аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ақ толқын» фольклорлық ансамблі және «Алтын қазына» әжелер ансамблі.
Ауданда 37 сәулет және қалақұрылысы ескерткіштері бар. Алдын ала тізімдегі ескерткіштер 28, оның ішінде 23 сәулет және қалақұрылысы, 5 археологиялық. Мемлекеттік тізімдегі ескерткіштер 37, оның ішінде 12 сәулет және қалақұрылысы, 25 археологиялық.
2018 жылы ақылы қызмет көрсетуден арнайы есеп шоттарына 1 млн 125 мың теңге қаржы түсірілді.
2018 жылы 36 млн 64 мың теңгеге Нарынқол ауылындағы аудандық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өткізілді. 25 млн теңгеге аудандық мәдениет үйіне жылжымалы сахна, 8 млн теңгеге аудандық және Қарасаз мәдениет үйлеріне LED экран сатып алынды.
2018 жылы аудан бойынша мәдениет ошақтарында 1733 мәдени-көпшілік шара, кітапханаларда 572 шара, музейде 27 шара, барлығы 2332 шара өткізілді.
Ақпарат
Ауданның ақпарат жүйесін «Хантәңірі» газеті қазақ тілінде жүргізеді.
Спорт
2018 жылы аудандағы спортпен шұғылданатын адамдар саны 12 мың 081 - ге жетіп аудандағы жалпы халық санының 28, 5 пайызын құрады.
Ауданда жалпы білім беретін мектептерде 28 спорт залы, 1- мекемеде, мәдениет үйлерінде 1 спорт залы бар.
Ауданда 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс атқарады. Мектепте 35 жаттықтырушы 74 топта 8 спорт түрінен 1 мың 78 жасөспіріммен жұмыс жүргізеді. Бүгінге күнге дейін балалар мен жасөспірімдер арасында 32 рет жарыс өткізілді. 60 жасөспірім облыстық мамандырылған спорт мектебінде білім алуда. 2018 жылы аудандық I-спартакиадада спорттың 13 түрінен жарыстар өтті. Жалпы аудан бойынша әр түрлі 70 ке жуық спорт жарыстары өткізілді.
Туризм
Ауданда 6 туристік нысандар демалушыларға қызмет көрсетеді (1 қонақ үй, 3 аңшылар үйі, 1 қонақтарды күтетін үйлер, 1 Ақкөл сауықтыру лагері) .
2018 жылы ақылы туристік қызметтен 10 млн 200 мың теңге түсірілді ( 2017 жылы - 13, 2 млн теңге түсірілген) .
2018 жылы туризм саласын дамытуға байланысты «Сафари Тау Шелек» ЖШС-не Қақпақ ауылдық округінен 20 мың га жер телімі беріліп, 15 млн теңге қаржы жұмсалып туристерді қабылдайтын этно ауыл салынды. Сонымен қатар «Шоғансай-Әлішер» ЖШС қонақ үйдің қасында монша салынды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары
Халықтың жұмыспен нәтижелі қамтылуына, жұмыссыздықтың төмендеуін қамтамасыз етуге, халықтың табысын арттыруға және кедейшілікті азайтуға көніл бөлінуде.
2018 жылы 211 отбасындағы 1274 адамға 44 млн. 932 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 32 отбасына 2 млн 340 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.
Аудан бойынша 2018 жылы мүмкіндігі шектеулі мүгедек азаматтарға 41- протез-ортопедиялық, 15- сурдотехникалық, 15- тифлотехникалық құралдар, 14- кресло-қораптар беріліп, 82 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге және жеке оңалту бағдарламалары бар мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге 25 жолдама берілді.
2019 жылға жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 300 отбасындағы 1 мың үш жүз елу адамға 114 млн. 695, 0 мың теңге жәрдем ақы жоспарланды.
100 отбасына 1 млн 998, 0 мың теңге тұрғын үй жәрдем ақысы төлеу жоспарланды.
25 мүгедек балаға 2 млн. 424, 0 мың теңге үйден оқытылғаны үшін жәрдем ақы төленетін болады.
Жұмыспен қамту орталығы
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша Сарыжаз кәсіптік техникалық», «Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар», колледжерінде 88 адамды оқыту жоспарланып, 101 азамат оқытылып, олардан 75-і тұрақты жұмысқа орналасты.
«Бастау- бизнес» бағдарламасы бойынша 126 азамат оқытылып, 86 азамат бітіріп сертификаттарын алды.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 16 азаматқа 73 млн 740 мың теңге несие берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша қоғамдық жұмысқа 185, әлеуметтік жұмыс орындарына 27, жастар тәжірибесіне 38 жұмыссыз азаматты тарту жоспарланып, осы уақыт аралығында қоғамдық жұмысқа 193, әлеуметтік жұмыс орындарына 27, жастар тәжірибесіне 51 жұмыссыз азамат тартылды.
Жастар тәжірибесін аяқтаған 51 жастың 25-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 9 азамат жалғастыруда.
Жұмыссыз ретінде тіркелген 1 мың 252 азаматтың 768-і жұмысқа орналастырылып, жыл басынан 381 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды.
Биылғы жылы жұмыс іздеуші ретінде 43 мүмкіндігі шектеулі мүгедек азамат тіркеліп, оның 44-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 3-і жастар тәжірибесіне, 1-і әлеуметтік жұмыс орнына, 11-і қоғамдық жұмысқа, 13-ы кәсіптік оқуға тартылды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 28 азамат тіркеліп, оның 22-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 1-і кәсіптік оқуға тартылды. Оқу бітірген 1 азаматтың 1-і жұмысқа орналастырылды.
Аудан бойынша 302 жаңа жұмыс орны ашылды. (2017жылы 710 жаңа жұмыс орны ашылған)
2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруда барлық бағыттар бойынша жұмыстар жалғасын табады. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тартуда, аз қамтылған отбасы мүшелері басты назарда болады.
Шағын кәсіпкерлік
Ауданда 2 мың 637 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп олардың 2 мың 472-і нақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 50 заңды тұлға, 314 жеке кәсіпкер, 2 мың 108 шаруа қожалықтары. Оларда: 6 мың 487 адам жұмыспен қамтылған.
12 айда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 10 млрд 232 млн теңгенің қызметін көрсетіп 81 млн 900 мың теңге бюджетке салық құйылды. Оның ішінде 64 млн 179 мың теңге жергілікті бюджетке түсті.
Шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салықтың көлемі жергілікті бюджеттің 4, 7 пайызын құрады. (облыс 45, 5 пайыз) .
Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жаңа кәсіп ашу үшін қайтарымсыз негізде берілетін мемлекеттік грантқа ауданнан 16 жоба қатысып 7 жоба 9, 5 млн теңге ұтып алды. Олар: (Текес 2 жоба, Жамбыл 2 жоба, Қақпақ 1 жоба, Нарынқол 1 жоба, Талас 1 жоба)
Бөлшек тауар айналымы 2 млрд 264 млн теңгеге орындалып нақты көлем индексі 100, 0 пайыз болды . (2017 жылы 7 млрд 25 млн теңге) .
Құрылыс
2018 жылы 2 млрд. 383 млн теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылып, нақты көлем индексі 192, 2 пайызға орындалды.
( 2017 жылы 3 млрд. 874млн теңге) .
Ауданда жеке тұрғындардың есебінен 2 мың 307 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп нақты көлем индексі 103, 3 пайызға орындалды. ( 2017 жылы 4мың 102 шаршы метр) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz