Бөлшектеп сатып алу, сату шартының ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚСТAН PЕСПУБЛИКAСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТPЛІГІ
Ш.ЕСЕНOВ AТЫНДAҒЫ КAСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕXНOЛOГИЯЛAP
ЖӘНЕ ИНЖИНИPИНГ УНИВЕPСИТЕТІ

Бизнес және құқық фaкультеті
Құқықтaну кaфедpaсы

КУPСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық
Тaқыpыбы: Бөлшектеп сатып алу сату шарты

Opындaғaн: ЮП-18-01 тoбы студенті
Амангалиев А.Қ
Pецензент: з.ғ.к., доцент. Садуакасова Л.О.

АҚТАУ-2020

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Сатып алу, сату шартының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.Бөлшектеп сатып алу,сату шартының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 9
2.1Бөлшектеп сатып алу,сату шарты нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 12
3.Бөлшектеп сатып алу,сату шартының тараптары, пәні, мерзімі және бағасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3.1Бөлшектеп сатып алу,сату шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26

Кіріспе
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.
Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін келісім бойынша жеткілікті екенін айтуға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде мысалы меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде мысалы мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламын.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды тұлғаларының қарым қатынастарының тәжірибелік мәселелерін щещіге мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттілігі, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті . Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардың басқа мемлекет және субьект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

1.Сатып алу, сату шартының ұғымы
Сатып алу-сату шарты бұл -- мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойыыша жеткілікті екенін болжауға бо - лады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа езге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және онын құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: "Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пай - да болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойын - ша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байла - нысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25 тарауда мазмұнданған жалпы нор - малар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшш арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны - мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энер - гиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты -- ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъектиетік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін. Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкін.
2.Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ұғымы
Сатып алу-сату шарты азаматтық-құқықтық шарттардың кең таралған түрлерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде сатып алу- сату шартының мынадай түрлері көрсетілген:
1) Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2) Тауар жеткізілімі
3) Келісім-шарт жасасу
4) Энергиямен жабдықтау
5) Кәсіпорынды сату
Осылардың ішінде бөлшектеп сатып алу-сату шартының біздің күнделікті тұрмысымызда маңызы өте зор.
Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 445-бабы).
Менің көзқарасым бойынша, бөлшектеп сатып алу-сату шартында басты болып келетін нәрсе заттың әдетті пайдаланылуы емес, бастысы - сатып алушының тауарды көрсетілген мақсатта алу ниеті және сатушының бұл жайында хабардар болуы.
Бұл ескертуді жасаудың өз себебі бар. Қазіргі жағдайда тек өндірісте қолданылуы мүмкін, әскери тағайындалуы бар, арнайы техника және т.б. сияқты кейбір тауарларды қоспағанда, тауар жеке немесе жеке емес пайдалануға арналған ба соны анықтау қиын.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты консенсуалды, екіжақты, ақылы болып келеді. Сонымен қатар бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт болып табылады. Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кез келген тұлғамен шарт жасауға міндетті. Заңдарда қарастырылғанды қоспағанда, кәсіпкер бөлшектеп сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса, тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорынның тауарды беру мүмкіншілігі бола тұрып бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келген шығындарды өндіріп ала алады.
Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулярлардың немесе өзге стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін не тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты жасалған болып есептеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе, ұсынушы (оферент) - бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) жарналы болып келеді. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы және оның қажеттілігі туралы келісімге келген сәттен бастап жасалған болып есептеледі. Өзінің қалауы бойынша сатушы жарналы оферта жасалмай, сонымен қатар жеке офертасын да жасай алады. Сатып алушы жағынан оферта мүмкіншілігі шектелген, бұл тек сатып алушы сатушыда жоқ тауарды алуға қызығушылығын білдіргенде ғана болуы мүмкін. Ұсынысында сатып алушы белгілі тауарды белгіленген баға бойынша алуды қалайтынын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 447-бабы көпшілікке арналған түсініктемесін береді. Жарналы оферта дегеніміз - бұл тұлғалардың белгісіз қатары бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасау жөніндегі ұсыныс. Кәсіпкерлер кейбір реттерде тұтынушыларға тауарды көтерме баға бойынша алуды ұсынатыны офертаның осы сипатына әсер етпейді, сондай ұсыныстар негізінде жасалған шарттар бөлшектеп сатып алу-сату (тұтынушылық) шарты болып қала береді.
Жарна офертасы жасалған кездегі сатушының әрекеттеріне келейік. Сатушы тауарды көрсетеді, үлгілерін көрсетеді, сатылатын тауарлар туралы мәліметтер береді(бейнелеу, каталогтар, фотосуреттер және т.б.). Мәліметтер тауар сатылатын жерде беріледі.
Дүкендердің (кәсіпорындардың) әйнектерінде тек саудада бар болып келетін тауарлар қойылуы керек. Әйнектің ішінде болатын тауарлар тұтынушылардың талабы бойынша сапасы тексеріліп сатылады. Тауардың әрбір үлгісінде тауардың атауы, бағасы, салмағы көрсетілген қағазы болуы керек. Қажетіне қарай жыл кезеңіне, жаңа тауарлардың түсуіне және кәсіпорындардың өзге жағдайларына қарап дүкеннің әйнектері жаңартылады.
Инвентарь (құралдар) және көтерме әрлеуші композиция элементтері мен тауар үлгілері сатылмайды. Осыған сәйкес олардың әйнек ішінде тұруы оферта болып есептелінбейді. Оферта жарамдылығын мойындау үшін шартта оның бағасы және т.б. көрсетілуінің қажеті жоқ. Оның әрекеттері оферта сияқты бағаланбауы үшін сатушы тауарлардың сатылуға арналмағандығын айқын көрсетуге тиісті. Егер тауар тұлғалардың белгісіз санына оның сатылуының орнынан тыс жарнама, каталогтар және өзге бейнелеулер арқылы ұсынылса, бірақ сатып алу-сату шартының елеулі жағдайлары көрсетілмесе, бұл жарна оферта болып саналмайды.
Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы тарабынан ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы жасалады.
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты нысаны
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны әдетте ауызша болады. Сонымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа шығарылмайды. Барлық жағдайларда тараптар шарттың нысанын өздері таңдайды. Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса, орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар негізінде, пошта арқылы жіберу жолымен сатылса, жеңіл автокөлік сатылса және т.б. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының жазбаша нысанының үлгісі төменде көрсетілгендей болып келеді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты

қаласы 200 ж.
Бір тараптан негізінде әрекет ететін, әрі қарай
(жарғы, қағида)
Сатушы деп аталатын өкілі және
(сатушы-мекеменің атауы) (қызметі, тегі, аты-жөні)
екінші тараптан тараптан негізінде әрекет ететін, әрі
(жарғы, қағида)
қарай Сатып алушы деп аталатын өкілі
(сатып алушы-мекеменің атауы)
төмендегілер туралы осы шартқа қол қойды:
(қызметі, тегі, аты-жөні)
1. Сатушы қажетті ыдысқа салынған немесе буып-түйілген мына тауарларды сатады, Сатып алушы сатып алады:


Атауы
Саны
Бағасы
1
2
3

Жалпы сомасы болатын, көрсетілген заттай
(сомасы жазумен)
құндылықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу-сату шартының ұғымы
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Айырбас шартының түсінігі
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарына сәйкес келетін, сатушылардың міндеттері
Шарт жасасу тәртібі
Сатып алу-сату шарты жайлы
Сатып алу-сату шартынының жалпы ұғымы мен түсінігі
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Пәндер