Мұса пайғамбарға түскен кітап


Ахли кітап иелеріндегі діни рұқсаттар мен тиымдар
Жоспар
Кіріспе
Дін - бүкіл әлемнің жаратушысы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Иә, дін Жаратушыдан жеткен қасиетті ұғым жүйесі болғандықтан, өзге күштің дінге ұқсас жүйе ойлап шығаруға немесе діни үкімдерге әлдеқандай өзгеріс енгізуге ешқандай да құқы жоқ. Тіпті, пайғамбарлар да мұндай құзыретке ие емес. Аллаһ Елшілерінің міндеті - Жаратқаннан келген әмірлер мен тыйымдарды үмметтеріне жеткізу болып табылды.
Тақырыптың өзектілгі: Адамзат о бастан жақсы мен жаманды айырып, адамдар қалай өмір сүру керек, олар не істеуі не істемеуі керек, деген мәселелер төңірегінде ойланумен келеді. Әр пенденің осы сауалдарын қанағаттандыратын жауаптарды Алла Тағала Өз елшілері арқылы түсіндіріп отырған. Жаратушы Хақ Тағала адам баласын жер бетіне халифа етіп тағайындап, оны басқа барлық жаратылысқа үстем етті. Осы үлкен аманатты жүктей отырып, оның барлық құқықтарымен міндеттерін Өз Кітаптарында айқындап отырды. Мәселен, игі амалдары үшін қаншалық сауабы болса, жер беінде жүріп істеген қылмыстары үшін де лайықты жаза бар екенін ескертті.
Бірақ уақыт өте келе Құраннан бұрын түскен қасиетті кітаптар заман өте келе түрлі өзгертулермен бұрмалауға ұшырап, түпкі нұсқасынан біршама алшақтап кеткені белгілі.
Жалпы жаратылыс, мына болмыс әлемі адам баласына Ұлы Жаратушыны танытар алып кітап ретінде жаратылса, пайғамбарларға уахи арқылы жеткен барлық парақтар мен кітаптар да Ұлы Құдіретті қатесіз тануымыз үшін жіберілген. Сондай-ақ, адамзатқа мына дүниедегі негізгі міндетін түсіндіріп, ақ-қараның ара-жігін айқындап, екі дүниенің бақытын сыйлау үшін түсірілген. Міне, Алла Тағала тарапынан келген барлық осы кітаптарға сену - Ислам дінінде иманның негіздерінен саналады. Құранда: «Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман келтірмесе, қатты адасады . . . », - делінген [1] .
Дін әлемді бейнелеу, қабылдау және түсіндіру жүйесі ретінде ғана емес. Қоғамдағы діннің беріктігі мен маңыздылығы соншалық, дін, дәлірек айтсақ, діни тәжірибе адамдардың тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт ретінде қызмет етеді. арқасында дін адамзаттың дамуында үлкен рөл атқаратын қоғамдық өмірдің әлеуметтік-мәдени ұйымдастырудың қуатты элементіне айналды[2, 36 б. ] .
Қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін тыйымдар мен рұқсаттары арқылы әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, әділеттілікті, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, Қасиетті кітаптардың рұқсаттары мен тыйымдарың ұстанады. Міне, сол арқылы өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.
Протоиерей Андрей Ткачевтың айтуы бойынша «тыйым салулар - өркениетті қоғамның белгісі. Сонымен бірге, шіркеу тыйым салу жүйесі емес, бірақ дін адамдарға жақсылық пен жамандықтың арасындағы жақсы таңдауды жасауға мүмкіндік беретін дұрыс нұсқаулар», -дейді [3] .
Христиандық дәстүрде тыйым күнә туралы жан-жақты түсінікпен байланысты. Тыйым салу - күнәнің (қатенің) нәтижесі, рақым болса - бұл қатені түзету жолы. Діни өсиет - бұл тыйым бірақ негіз ретіңде сенім және рақым түріңде жеткізілген. Августин тек рақымның өзі адамды күнәлік инерциядан құтқара алады деп жазған.
Жаңа дәуір философтары (Г. Гроцнй, Ш. Монтескье және басқалар) тыйым салу қоғамдық бостандықты қамтамасыз етудің қажетті құралы деп санады [4, 74 б. ] .
Тыйым бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну -қайғының, жағын таяну - мұң-шердің, жүресінен отыру - әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым - халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп. Тыйым салу - белгілі бір әрекетті жасамау талабы. Шіркеудің тәжірибесінде тыйым салу жүйесі шіркеу заңдары - және шіркеу тәртібінің нақты талаптары бойынша анықталады.
Христиандықта тыйым салу ерліктің мақсаты емес, рухани өсу құралы.
Ал, Иудаизм болса дін немесе филосифиялық ілім ғана емес, еврейлер үшін этика мен эстетикаға толы жинақ болып саналады. Бәрінен бұрын - бұл жеке адам мен қоғамның өмірін реттеп отыратын заң. Еврей халқы үшін діни мазмұндағы заңдылықтардың жинақтамасы.
Таурат Хазіреті Мұса пайғамбарға түскен қасиетті кітап болғандықтан әрбір мұсылманның оған сенуі парыз болып табылады. Аллаһ Тағала Құранда Тауратты түсіргендігін ашық түрде баян етеді: «Күдіксіз Тауратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаһқа бой ұсынған пайғамбарлар Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Аллаһтың Кітабын қорғауға міндеттендірілген раббанилер мен ғалымдар да онымен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді. . » [5, -44] .
Таурат Хазіреті Мұсаға уахи етілген кітабы. Ал, ауызша Тора болса, жазбаша Тораның тәпсірі іспетті болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген «Талмуд» атты кітап болып саналады. Яһудилер ауызша Тораны жете ұғынбай, жазбаша Тораны түсіну мүмкін емес дейді. Жазбаша Тораға Хазіреті Мұсадан (а. с. ) кейінгі пайғамбарлардың айтқан нақыл сөздері қосылып кеткен. Христиандар бұл кітапты «Ескі Өсиет» десе, Яһудилер «Танах» дейді.
Христиан мен Иудаизм дінінің Қасиетті жазбаларын салыстыра отырып басты тыймдарын анықтап және Ислами көз қараспен Ахли кітап иелерінің қасиетті кітаптардың бұзылу себептерің ашып көрсету басты мақсатым болды.
Жұмыстың мақсаты-міндеттері: Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты - Ахли кітап иелері дегеніміз кім? және олардың діни тыймдары мен рұсаттарың салыстыру. Діннің негізгі функцияларың, тыймдардың діни морльдық негіздерің қарастыру. Тыйым салу этикасын моральдық қағидалар жүйесі ретінде зерттеу, олардың қазіргі заманғы санадағы және мәдениеттегі маңыздылығын түсіну. Ахли кітап иелрінің қасиетті жазбалардың бұзылу себебің анықтау. Міндетім - Исламдағы қағидаттарды қарастыра отырып, дұрыс бағыт көрсету.
Зерттеудің нысаны. Ахли кітап иелерінің негіздері және қасиетті жазбалары.
Зерттеудің пәні. Ахли кітап иелерінің тыйым мен рұқсаттары моральдық реттеу формасы.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері:
Тақырып бойынша дереккөздер мазмұны және сипаты жағынан әр түрлі.
Дипломдық жұмыс келесі топтағы негізгі дереккөздерді меңгеру барысында жазылған:
1. Христиан, иудаизм және ислам дәстүрлерінің негізін құрайтын Қасиетті кітаптар және мәтіндер, сондай-ақ Христиан және иудаизм дін басыларының еңбектері. Сонымен бірге, дереккөздер қатарын батыс Европа ғалымдарның жазған кейбір еңбектері қамтиды.
2. Тарихи деректер.
Зерттеу әдістері: теология, тарихи, әлеуметтік.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, сілтеме және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 76 бет. Дипломның бірінші бөлімінде кітап иелерінің Ислам жағынан және діни рұқсаттар мен тиымдардың діни-моральдық негіздерің қарастырдым. Екінші бөлімінде иудаизмдегі және христиандық діни рұқсаттар мен тыйымдарды қарастырылды
I Діни рұқсаттар мен тиымдардың теориялық және философиялық-құқықтық аспектілері
1. 1 Исламдағы Ахли кітап түсінігі
Ұлы Жаратушымыз әртүрлі мекендер мен уақыттарда түрлі-түрлі қауымдарға өзінің бұйрықтары мен тыйымдарын қамтыған және сол қоғамның сана деңгейіне сай керекті мәліметтерді жеткізетін, жеке тұлғалық, қоғамдық проблемаларының шешімдерін баяндап, өз араларында әділдікті орнататын парақтар мен кітаптар жіберген. Парақтардың нақты саны бізге беймәлім. Ал, Құран Кәрімде білдірілген жалпы кітаптың саны төртеу: Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құран. Біз, мұсылмандар, бұл төрт кітаптың барлығының Алла тарапынан адам баласына тура жолды көрсету үшін жіберілгендігіне кәміл сенеміз. Алайда, соңғы кітап Құранның алдындағы үш кітап заман өте келе адамдар тарапынан әртүрлі әдейі өзгертулер мен бұрмалауға ұшырағандықтан, оларды негізге алып амал етпейміз. Құран түскеннен кейін өзге кітаптар негізге алынбайды.
1. Зәбур. Бұл кітапты Алла Тағала Дәуітке (ғ. с. ) түсірген. Зәбур арапша «кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде: «Біз Дәуітке Зәбурді бердік[5, 17-55] », - делінген. Құранда Зәбур жайлы Тәурат және Інжілге қарағанда өте аз мағлұмат білдірілген. Еврейлердің Дәуіттің (ғ. с. ) пайғамбарлық қасиетіне көлеңке түсіріп, ар-намысын кірлететін әйелдерге байланысты айтылған әртүрлі әңгімелері дұрыс емес. Себебі, барлық пайғамбарлар күнәнің кішісінен де, үлкенінен де Ұлы Жаратушы тарапынан қорғалған. Яһудилер, көбінесе, Дәуітке (ғ. с. ) патша ретінде қарайды. Ал, мұсылмандар патша әрі пайғамбар ретінде біледі.
2. Тәурат. Мұса пайғамбарға түскен кітап. Тәурат иврит тілінде «заң, ережеқағида, шариғат» деген мағыналарды білдіреді. Құранда: «Ішінде адамдарға тура жол және нұрды қамтыған Тәуратты біз жібердік [5, 5-44] », - делінген. Тәураттың қазіргі таңда танымал үш түрлі нұсқасы бар. Бұл үш нұсқада айтылған көптеген ереже-қағида, хабарлардың бір-бірімен сәйкес келмеуі - Тәураттың адамдар тарапынан қатты өзгертілгендігінің айғағы.
3. Інжіл. Исаға (ғ. с. ) түскен кітап. Інжіл «сүйінші, тағылым» деген мағыналарды білдіреді. Құранда: «Біз пайғамбарлардың артынан Мәриям ұлы Исаны өзінен бұрын түскен Тәуратты растаушы етіп жібердік. Оған (Исаға) : Өзінен бұрын Түскен Тәуратты растаушы ретінде әрі тақуаларға тура жол мен насихат болсын деп ішінде тура жол және нұрды қамтыған Інжілді бердік[5, 5-46] », - делінеді.
Қазіргі таңда Інжілдің Алла Тағала тарапынан түскен түпнұсқасы жоқ. Христиандардың қолында «Жаңа хабар» атты кейіннен адамдар тарапынан құрастырылып жазылған әр түрлі кітаптар бар. Бұлардың төртеуі де «Інжіл» делінеді. Бұл Інжілдер Иса (ғ. с. ) дүниеге келген соң 325 жылдан кейін халық арасында кеңінен тараған, бір-біріне қарама-қайшы пікірлерге толы Інжілдің көптеген нұсқасынан таңдалып, құрастырылған. «Матта», «Маркос», «Лука», «Югонна» делінген адамдардың атымен аталатын бұл төрт Інжілдің ішіндегі баяндалатын оқиғалар, көбінесе, бірбірімен сәйкес келе бермейді. Бірінде харам делінген нәрсе екінші бірінде адал болып жатады. Бұған қоса Інжілдің бізге дейін келіп жету жолдарының дұрыстығы мен сенімділігі тұрғысынан да қасиетті Құранмен, тіпті Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) хадистерімен салыстыруға тұрмайды.
Енді, кітап иелеріне қай діндегілер жатады? деген сұрақтың төңірегінде сөз етер болсақ, ислам ғұламалары яһуди мен християндардың кітап иелеріне жататындығына бір ауыздан келіскенімен, бұлардан өзге сабийлердің (жұлдыздарға табынатындардың) және мәжусилердің (отқа табынатындардың) кітап иелеріне жатып-жатпайтыны, олар ислам құқығындағы кейбір жеңілдіктерді кітап иелері сияқты пайдалана ала ма, жоқ па? деген мәселе туралы түрлі көзқарас бар. Имам Матуриди, «Әһлі кітап» деген терминологиялық ұғымды, Алла тарапынан келген бір иләһи «Кітапқа» иман еткендер, алайда, ол кітап кейін адам тарапынан өзгертілген болуы да мүмкін деп қарайды. Имам Матуриди: «Ақыл иесі болған адам баласының тәбиғатында бір Жаратушыға деген сенім бар. Бұл сенім көңілдерде орнығып, беки түсуі үшін Адам атадан (ғ. с. ) соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с. ғ. с. ) дейін белгілі бір заманда, белгілі бір мекенге пайғамбар жіберіліп отырды. Осы тұрғыдан бүкіл пайғамбарлар «тәухид» (жалғыз Жаратушыға сену) сенімін насихаттады. Сондай-ақ, иләһи кітаптарға Забур, Тәурат және Інжіл жатады. Бұл кітаптар уақыт өтуімен бұрмаланып, өзгеріске ұшырады»[6, 97 б. ] десе, Құрандағы: «(Сондай-ақ бұл Кітапты сендерге) : «Хақ Кітап бізден бұрынғы екі қауымға (яһуди мен насараларға) ғана түсті. Біз олардың оқып-білгендерінен бейхабар едік», - деп айтпауларың үшін (түсірдік) » (Әнғам сүресі, 156-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Кітап сөзіндегі мақсат Тәурат және Інжіл» [7, 23 б. ] деген. Бұдан кітап иелері негізінен Зәбур, Тәурат және Інжіл түскен қауымдарды ғана кітап иелеріне жатқызуға болады. Кейбір ғалымдар, «Әһлі кітап» терминологиясын кеңірек қарастырады. Олар, Құрандағы «Бақара» сүресі, 62-аяты, «Мәйда» сүресі, 69-аяты, «Хаж» сүресі, 17-аяттарында яһуди, христиандармен бірге сабийлердің, ал «Хаж» сүресінде мәжусилердің де аты қатар аталуын ескере отырып, оларға да Иләһи кітап берілгенін айтады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) бір хадисінде: «Мәжусилерге кітап иелерімен бірдей қараңдар. Алайда, олардың қыздарымен некелесуге, бауыздаған малдарын жеуге болмайды» [8, 45 б. ] десе, тағы бір хадисте: Хажар мәжусилерінен жизия алынып, алынбауы жайлы сұрағандарға: «Оларға да кітап иелері сияқты қараңдар» деп, жизия алуға бұйырғаны келеді. Қорыта айтар болсақ, кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша, жер бетінде Жаратушы Хақ тарапынан кітап берілмеген бір қауым жоқ. Бұл көзқараста болған ғалымдардың өзі, хадисте білдірілген ашық үкімге, яғни, мәжусилердің бауыздаған малының етін жемеу және қыздарын некеге алмау мәселесінде өзге ғалымдардың пікіріне келіседі. Мәжусилерді кітап иелеріне жатқызбайтын ғалымдар болса, «Оларға да кітап иелері сияқты қараңдар» деген хадистің өзі олардың кітап иелеріне жатпайтындығына дәлел дейді.
Қай ғасырда өмір сүрген яһуди, християндар немесе осы екі діндегі қай бағытты ұстанғандары кіретіндігі жайлы түрлі пікірлер де бар.
Ұлы Жаратушының пенделеріне түсірілген қасиетті кітаптардың ең алғашқысы - Таурат. «Таурат» сөзі ибритше «заң», «шариғат», «әмір», «дәріс» деген ұғымдарды білдіреді. Алла Тағала яһудилерге хақ жолды көрсету үшін Тауратты түсірді. Бұл кітапты христиандар «Ескі өсиет» деп атайды. Таурат Хазіреті Мұса пайғамбарға түскен қасиетті кітап болғандықтан әрбір мұсылманның оған сенуі парыз болып табылады.
Алла Тағала Құранда Тауратты түсіргендігін ашық түрде баян етеді: «Күдіксіз Тауратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың Кітабын қорғауға міндеттендірілген раббанилер мен ғалымдар да онымен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді. . » (5. Майда-44) .
«Алланы лайықты түрде бағаламағандар сол уақытта: Алла адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді, деді. Мұсаның адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек-бөлшек қағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрі сендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны Алла түсірді де» (6. Әнғам - 91) .
Құран аяттарына зер салсақ «Таурат» сөзі 18 рет кездесетініне көз жеткіземіз. Алайда, бұл қасиетті кітап Хазіреті Мұса (а. с. ) дүниеден өткен соң көп уақыт өтпестенақ әуелгі түпнұсқасынан ауытқи бастады. Уақыт өте келе Израйыл ұлдары көптеген қуғын-сүргінге ұшырап, Таурат кітабы сақталған сандықтарын жоғалтады. Осы секілді жайттар Таурат мазмұнының өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырады. Әлемде «Ескі өсиет» атымен танылған Таурат кітабының бізге белгілі үш нұсқасы бар: 1. Яһудилер мен Протестанттар сеніміндегі ‑ ибрит тіліндегі нұсқасы; 2. Рим және шығыс христиан шіркеулері қабыл еткен ‑ грек тіліндегі нұсқасы. 3. Самирилердің қабыл еткен -«Сами- рише» нұсқасы.
Яһудилердің ұстанатын Таураттың әлгі үш нұсқасын салыстырып қарастыратын болсаңыз, олардың арасында бірқатар айырмашылықтардың бар екендігін байқауға болады. Яһудилердің тарихында қырғынға ұшырау, қуғындалу, жер аударылу секілді оқиғалар жеткілікті болды. Мұның өзі Таурат түпнұсқасының жоғалуына бірден‑бір себеп болатын. Нәтижесінде Таураттың ілкі нұсқасының орнына дін адамдары жағынан қолмен жазылған Таурат пайда болды. Өйткені, Хазіреті Мұса (а. с. ) пайғамбар шамамен б. э. д. ХІІІ ғасырда өмір сүргені белгілі. Ал қазіргі кездегі ибрит тілінде жазылған Таурат кітабының ең көне нұсқасы б. э. д. VII немесе X ғасырда жазылғандығы анықталып отыр [9, 199 б. ] . Демек, хронологиялық тұрғыдан алғанда, Хазіреті Мұса пайғамбар тұсындағы қасиетті Таураттың жоқ екендігіне көз жеткіземіз. Ал, мұндай жағдайдағы біздің міндетіміз - Алла Тағаладан түскен Таураттың бастапқы нұсқасына ғана иман ету.
Қазіргі кездегі Таурат кітабының қамтитын мәселелері мынадай бөлімдерден тұрады:
- Беремин - Жаратылыстың басталуы: бұл бөлімде әлемнің қалай жаратылғандығы, Адам атаның жаратылуы мен үрім бұтағы, Хазіреті Нұх пайғамбардың өмірі мен топан су, Хазіреті Ибраһим, Хазіреті Лұт, Хазіреті Исхақ, Хазіреті Яқуб, Хазіреті Юсуф пайғамбардың өмір тарихы және Мысыр еліне көшулері баян етіледі. Бұл тарихи оқиғалар жүйесі 50 тараудан тұрады.
- Шемот - Мысырдан көшіп шығу: Исрайыл ұлдарының Мысыр еліндегі тұрмыс-тіршілігі, Ферғауыннан көрген қорлықтары, Мұса (а. с. ) пайғамбардың Алланың елшісі ретінде Ферғауынмен күресі, Мысыр халқына Алланың жіберген апаты, 10 әмірдің берілуі, Мысыр елінен Кенан (Палестина) еліне көшуі секілді жағдаяттар баян етіледі. Бұл бөлім 40 тара- ан тұрады.
- Вайсра - Діни үкімдер: Бұл бөлімде күнәлар, халал мен харам тағамдар, тыйым салынған некелер, діни мерекелер, тазалану жолдары секілді діни үкімдер баян етілген. Үкімдердің жалпы жиынтығы 27 тарауды құрайды.
- Бамидбар - Сандар: Бұл бөлімде Исрайыл ұлдарының Хазіреті Мұсадан (а. с. ) кейінгі жағдайлары, Тур тауынан көшіп Кенан (Палестина) өлкесіне баруы, кейбір сандар, діни үкімдер, ажал мәселесін баян етеді. Бұл бөлім 36 тараудан тұрады.
- Дварим - Екілік: Хазіреті Мұсаның (а. с. ) айтқан өсиеттері, қайтыс болуы, жерленуі, Хазіреті Мұса пайғамбар кезінде болмаған кейбір дәстүрлер және діни үкімдер баяндалады. Бұл бөлім 34 тараудан тұрады [10, 208 б. ] .
а) Таураттың өзге бөлімдері Яһудилер өздерінің қасиетті кітаптарын «Тора» деп атайды да оны жазбаша, ауызша деп екіге бөледі. Яһудилердің түсінігі бойынша, жазбаша Тора Алланың Тури Сина тауында Хазіреті Мұсаға уахи етілген кітабы. Ал, ауызша Тора болса, жазбаша Тораның тәпсірі іспетті болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген «Талмуд» атты кітап болып саналады. Яһудилер ауызша Тораны жете ұғынбай, жазбаша Тораны түсіну мүмкін емес дейді. Жазбаша Тораға Хазіреті Мұсадан (а. с. ) кейінгі пайғамбарлардың айтқан нақыл сөздері қосылып кеткен. Христиандар бұл кітапты «Ескі Өсиет» десе, Яһудилер «Танах» дейді. Бізге ол кітап Таурат ретінде белгілі.
Танахтың өзі үш кітаптан тұрады: Тора (заң), Небиим (пайғамбарлар) және Кетубим (жазбалар) .
Тора 5 негізгі бөлімнен тұрады.
Ал, Небиим пайғамбарлар деген ұғымды білдіргендіктен бұл бап пайғамбарлар жайлы оқиғаларға арналған. Кітапта пайғамбарларды:
- «Алғашқы пайғамбарлар».
- «Соңғы пайғамбарлар» деп екіге бөліп қарастырады. «Алғашқы пайғамбарлар» бөлімінде Хазіреті Мұса (а. с. ) қайтыс болғаннан кейінгі яһудилер Құдайдың өздеріне уәде еткен мекенге, өлкеге орналасуы, патшалықтың құрылуы мен басқарылуы, яһудилердің пұтқа табынушылармен күресі және қасиетті ғибадатхананың салынуы мен қирауы туралы баяндалады. Бұл бөлім: Яшу, Хакімдер, 1. және 2. Самуел; 1. және 2. Патшалықтар туралы жазбалар секілді тақырыптардан тұрады. «Соңғы пайғамбарлар» бөлімінде кейінгі пайғамбарлардың пұтқа табынушылармен болған күресі, жалғыз Құдай түсінігін өзгелерге жаю үшін жасаған еңбектері мен өсиеттері айтылады. Бұл бөлімде негізі- нен: Ишая, Иремя, Хазекиел, Хошеа, Ёел, Амос, Обадя, Жүніс, Мика, Нахум, Хабаккуч, Тсефаня, Хазай, Зекерия және Малаки тәрізді пайғамбарлардың жазбалары баян етіледі.
Танах кітабының «Кетубим» атты бабы 13 бөлімнен тұрады. Олардың қысқаша мазмұны төмендегідей:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz