Мінез және лиризм


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Т. Нұрмағамбетов шығармаларындағы мінез ерекшелігі
және юморлық кейіпкерлер . . . 9
І. 1 Мінез және лиризм . . . 9
І. 2 Юморлық бейнелер және стиль ерекшелігі . . . 26
2Т. Нұрмағамбетов прозасындағы реализм, мистика және психологизмсипат . . . 38
ІІ. 1 Реализм, мистика және көркемдік сипат . . . 38
ІІ. 2 Т. Нұрмағамбетов прозасындағы психологизм . . . 53
Қорытынды . . . 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 74
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болып, XX ғасырдың басында қанатын кеңге жайған қазақ прозасы өткен ғасырдың екінші жартысында биік көркемдік-эстетикалық құндылықтарды игеріп, саналық өзгеріс, көркемдік ізденістерімен дараланғандығы баршаға аян. Әдебиеттің өзге жанрына қарағанда, қазақ прозасының жоғары көркемдік-эстетикалық қуатымен халықтың рухани өмірінде үлкен орын алатыны ақиқат. Әсіресе, соңғы 20-30 жыл көлемінде кемелденіп, әдебиет зерттеушілері мен ғалымдар тарапынан осы жанрдың негізгі мэселелері әр қырынан зерттеліп, өз бағаларын алып та келеді.
Қазіргі қазақ прозасының даму жағдайы кім-кімнің болса да көңілін аудармай қоймайды. Өйткені, туған әдебиетіміздегі белді де белсенді жанр -прозада бүгінгі күннің көкейтесті мәселелері, әлеуметтік проблемалары негізінен айтылып келеді. Осы әдеби қозғалыста өнімді еңбек етіп келе жатқан жазушы - Т. Нұрмағамбетов.
Дипломдық еңбегімізде аталған қаламгердің шығармашылығына кеңінен тоқталуды жөн көрдік. Қаламгер өз шығармаларын жазу барысында қым-қиғаш сюжет, елден ерек кейіпкер іздеп әуреленбейді. Әдеттегі өмірдің өзіндей, айналаңдағы күнде көріп жүрген құбылысты өзіндік шұрайлы да құнарлы тілімен, қарапайым тәсілдерімен тамаша етіп бейнелеп береді. Сол себепті де, оның шығармалары мен ондағы кейіпкерлер адам жанына неғұрлым жақын, күнделікті өмірде өзімізбен араласып бірге жүргендей шынайы, табиғи қасиетке ие болып келеді. Жазушы көркем әдебиеттің табиғатын, әсіресе әңгіме мен повесті бар болмысымен, ішкі жан дүниесімен терең түсінеді. Өзі өмір кешіп жатқан ортаны, қоғамды, уақытты жіті бақылап, өз соқпағынан жаңылмай келеді. Қайсыбір көркем дүниелері мен әңгімелеріндегі кейіпкерлер суреткерлік шеберлікпен екшеліп, үлттық бояумен зерделенген бейнелер. Жазушының әрбір шығармасы мен кейіпкерінің жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі мен істеген ісі шыншыл да нанымды бейнеленетіні соншалық, үлкен сүйіспеншілікпен жазылғанына шүбә келтіре алмайсыз. Оның сомдаған кейіпкерлерінің барлығы да - ауыл түрғындары, сол ауылдан нәр алған жандар. Қаһармандарының мінез-құлқы, сана болмысы ауыл өмірімен ажырамас бірлікте, соған сай қалыптасып дамиды. Ал, халқымыздың бар ұлттық қадір-қасиеті, ерекшелігі, таным-болмысы сақталған ауыл-әр саналы азаматтың көкейіндегі асыл ұғым болып қала беретіні даусыз.
Әдебиет әрқашан халық жүрегімен бірге соғып, замана туралы ой толғап, жаңа бейнелер туғызып отырады десек, қаламгер прозасының идеялық-көркемдік мазмұнына тереңірек ену барысында жаңа бір ізденістердің, қолданыстардың, сипаттың куәсі бола аламыз. Бұл тұрғыда ұлы жазушы М. Әуезов: "Әрбір даму үстіндегі әдебиет шеберлігі ілгерілеп, үдей түседі де, өзінен бүрынғы ұлттық дәстүрдің бар жақсылығын пайдалана отырып, соған тың жаңалықтар, игі үлгілер қосып, үдете, өсіре береді" [1, 350 б. ] - дейді. Яғни, ұлттық әдебиет - ұлттық идеяға, үлттық ойға, белгілі бір халықтық ақиқат пікірге ойысып, түйінді тоқтамға келгені абзал десек, бұл ойымыз әрі шындықтан ауытқымай, әрі сауатты болуға тиіс. Талай қаламгер ат ізін салған ауыл өмірін тілге тиек етіп, өзіндік ерекше мазмұнға ие, дара келбет, жеке дидар, бөлек болмысы бар бейнелер сомдаған Т. Нұрмағамбетов есімінің соңғы уақыттарда сыншылар тарапынан қалыстау қалып отырғандығы өкінішті-ақ. Жазушының қаламгерлік келбеті мен суреткерлік шеберлігін көркем дүниелері арқылы бағамдайтынымыз белгілі бола тұра, жазу үрдісі жағынан Бейімбеттің шәкірті саналатын қаламгерді тұрғыластарының, жас оқырмандардың көбі жете біле бермеуі қынжылтатын-ақ жайт.
Жазушының арнасынан аса асқақтамай, бүлкілдеп ағатын мөлдір тұмадай әңгімелерінің табиғатында адами, табиғи тазалық, адамгершілік суреттеледі. Қаламгер белгілі тақырыптың өзінен бұрын байқалмаған бедер тауып, безендіре біледі. Ол бедер белгілі тақырыптың терең қойнау-қатпарларына бойлатып, шыңырауларынан шым-шымдап сыр суыртпақтап, сонылығымен тәнті етеді. Жазушы шығармаларын талдау арқылы стильдік даралық, жанрды жаңа идеялық-көркемдік ізденістермен байыту, т. б. байқаймыз.
Жазушы әдебиетке 70 - жылдардан бастап дендеп араласты. Және батыл кірісті. Осының нәтижесі ретінде Т. Нұрмағамбетовтің 1971 - жылы "Жазушы" баспасынан "Қауын исі" атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Бұл кітапқа "Қауын исі", "Назым", "Жиырма жас", "Менің інілерім", "Перзент", "Жеңеше", "Әже", "Мазасыз түн", "Қүдаша", "Қайықшы" деп аталатын әңгімелері топтастырылған. Осыдан кейін-ақ оның қаламынан небір көркем дүниелер туындады.
Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстой: "Жаңа автордың кез-келген көркем шығармасын оқығанда немесе талдағанда, жан сарайымызда ең алдымен: Адам дегеніміз кім? Тылсым құдірет иесі туралы қандай ойлар түйінделеді? Өмір құпиясы жайында не толғамдар айтылады? деген сұрақтар мазалайды. Егер бізге бұрыннан таныс жазушы болса, онда өмірдің қай қырын ашып, қандай жаңа ойлар айтады екен деп ұмтыласың"[2, 22 б. ], - дейді.
Осы тұрғыдан алғанда, жазушының прозалық шығармаларының негізгі арқауын қарапайым адамдардың бейнесі, солардың сезім-сағынышы, ұғым-түсінігі, куаныш-сүйінІші және тағдыр-талайы, адамшылық келбеті мен адамдық парызы құрайды. Аузын ашса, көмейі көрінетін, жан сезімі бай, өз басының қадырын басқа жанға керектігімен өлшейтін, нағыз ұлттық сипаттағы қаламгер кейіпкерлері туған әдебиетімізде өзіндік кескін-келбетімен ерекшеленеді.
Т. Нұрмағамбетов шығармашылығы қазақ әдебиетінде қарапайым ауыл адамдарының психологиясын, сана-сезіміндегі әлеуметтік түбірлі өзгерістерді реалистікпен суреттеген Б. Майлинмен көп үндес. Оның әңгіме-повесінде "Шұғаның белгісіндегі" лирикалық психологизм мен тұнық та мөлдір реализм іздері мен мұндалап тұрады. Көркем туындыларында ауыл өмірін жазған басқа да жазушылардан өзіндік қолтаңбасы, лирикалық сыршылдығы мен психологиялық көріністері, астарлы юморымен дараланып, өзгешеленіп түрады. Көлемі екі-үш беттен аспайтын шағын әңгімелерінің өзінде-ақ, күнделікті тіршілікті көркем түйіндеп, философиялық ой айтуға ұмтылады. Жазушы прозасының ұлттық болмысын сөз еткенде, кең ауқымды ұлттық менталитеті жағынан және ол бейнелеген кейіпкерлер турасында да ауыз толтырып айтуға тұрады. Қаламгер ұнемі ізденіс үстінде болды. Әрбір оқиғаларды жіті бақылай отырып, аңқылдаған ақкөңілді де, өз дегенінен қайтпайтын қырсық-қыңырды да, басқа жанға бұрылмайтын өзімшіл тәкаппарды да, түсінігі таяз ақымақты, ашуын сабырға шақыра алмайтын долымен қатар, нағыз адамдық сипаттағы адамды да, т. б. бәрін суреттей алды. Әрине, оның шығармаларындағы ортақ тұлға- жайсаң да жазира қасиеттердібойына жинаған жақсыадам екендігіне дау жоқ. Жазушы кейіпкердің жан-дүние байлығымен қатар, сезім шынайылығына, көңіл тазалығына, мақсат биіктігіне баса назар аударады. Өмірден өз бақытын өздері іздеген, өз бойындағы қайрат-жігерін мұратына жету жолына бағыштаған әр түрлі кәсіп иелері, қой баққан шопан, қорашы, күзетші, ата-қонысымен біте қайнасып кеткен шал-кемпір, т. б. суреттей келе қаламгер олардың бойындағы осы бір саналы қасиеттерді дәл танып қана қоймай, табиғи, шынайы қалпында терең сезімдер арқылы өрнектеп, тәрбие құралына айналдырды. Осы себептен де, оның кез-келген көркем туындысы ұлттық калоритке бай, кез-келген кейіпкері нағыз ұлтжанды болып келеді. Ол халықтық тіл мен әдет-ғұрыптарды жақсы біледі. Бұны жазушының өзі де растай түседі.
"Тіл демекші . . . Көпшілігі өмірден кетіп үлгерген аулымыздың қарияларының тілдерінің шұрайлылығы мен көркемдігіне мен қазір де таңданып отырамын. Ал бала кезімізде біз оларды тыңдап өстік. Тыңдамасқа амалымыз да жоқ еді. Балалар бөліне қоятындай бөлек бөлмесі жоқ үйде ол кісілердің әңгімелерін тыңдамағанда қайда барасың? Бағыңа тырайып ұйықтап қалсаң жақсы . . . ұйықтамасаң түн жарымына дейін кейде қызық, кейде мезі етердей болып көрінетін сол гүрің-гүрің әңгімелердің қасиетін біз әрине кейін ұқтық . . . Аңсадық . . . " [3, 92 б. ] .
Осыдан-ақ, қаламгердің шынайы шындықтан шабыттанғаныныңкуәсі боламыз. Т. Нұрмағамбетовтің қаламгерлік қарымы, ауыл өмірін, тіршілік құбылыстарын суреттеудегі өзіне ғана тән қолтаңбасы, болмыс пен бітім, тақырып пен идея бірлігін сақтаудағы идеялық-көркемдік ізденістері замана қоятын талаптарға сай келеді. Суреткер әрдайым уақыт талабына орай тамыры тереңде жатқан ұлттық әдебиетіміздің көрікті бір бұтағы - проза жанрында жемісті еңбектеніп, жаңа сипатты қасиеттерімен танылып, соны көркемдік тұр, нақыш, ұлттық тағылым мен рухани ізденістерге бой ұрып келеді.
Әдебиет әлеміне үлкен білім мен даярлықпен кірген өкілдердің, оның ішінде Т. Нүрмағамбетов шығармашылығынан әлемдік әдебиеттегі көркемдік түр мен әдістерді кездестіріп, көркем дүниелеріне жаңа сипат беруге талпынған ізденістерін ұштастырсақ, оған таңданудың реті жоқ. Қолына қалам ұстағалы оқушыға тың ой айтатын, келісті көркем дүние ұсынумен келе жатқан белді қаламгер өз бетінше ізденіп, үнемі еңбектенумен келе жатқаны ақиқат. "Қаламгер дүниетанымы қалыптасқан, орнықты болған сайын, оның өз мақсаты, идеалы үшін күресі табанды, куатты бола түседі және түрлі идеологиялар ықпалына бұрыла қоймайды" [4, 77 б. ] - деп профессор 3. Бисенғали айтқандай, бүгінде алпыстың асқарына шыққалы отырған жазушының шығармашылығы кемелді ізденістер мен іргелі өзгерістерге толы болып келеді.
Жалпы әдебиеттану ғылымында көркем шығарманың табиғатын түсіну үшін оның көркемдік ерекшеліктерін зерттеудің маңызы зор. Жазушының шеберлік қырлары, көркем әдебиет туындысының эстетикалық қуаты -суреткер қаламгердің поэтикалық ізденістерінен көрінеді.
Т. Нұрмағамбетовтің прозасындағы көркемдік-идеялық ізденістер оның прозалық шығармаларының тілінен де, баяндау әдісі мен характер, образ жасау жолында пайдаланылған шығармашылық тәсілдерінен де, кейіпкердің психологиялық-әлеуметтік портретін берудегі ерекшелігінен де, қысқасы, бүкіл шығармашылық ойлау жүйесі мен өзіндік стилінен айқын көрінеді.
Сондықтан да бүгінгі қоғамдық ой-пікір өзгерген заманда жазушы прозасын жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеу, идеялық ерекшелігін айқындау, көркемдік қуатын тану - қазақ әдебиеттануында басты мәселе болып қалмақ. Тынымбай Нұрмағамбетовтің шығармаларындағы идеялық ерекшелік оның жазу шеберлігінің басты айғағы болғандықтан біздің диплом жұмысының өзекті тақырыбына айналды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Әдеби шығарма әрбір қаламгердің таланты мен өмірлік тәжірибеден түйіп-білгенінің жемісі. Әдеби шығарма үшін ең бастысы тек өмір құбылысы, алынған тақырып қана емес, сонымен қатар оның бейнеленуі, авторлық көзқарас, оны жеткізудегі автордың қаламгерлік машығы мен ізденістері де маңызды. Осы орайда, Тынымбай Нұрмағамбетов шығармаларының әдеби процестен алатын орнын, көркемдік-эстетикалық қуатын, т. б. айқындау зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, жалпы қазақ прозасы жайлы еңбектерге сүйене отырып, қаламгер шығармашылығы хақында жазылған мақалаларды назарға ала отырып, қазақ әдебиетіндегі осы турасындағы зерттеулерге ой қосу, ғылыми тұжырым жасау. Сол арқылы
Т. Нұрмағамбетов шығармашылығының өсу, өркендеу жолына баға беру. Бұл үшін мынадай мәселелерге бет бұрдық.
- Т. Нұрмағамбетов прозасын сөз ете келе, жазушының өзін қоршаған ортадан, өмірден таңдап алған тақырыбын көркем шығармаға арқау етуіндегі ізденіс сипаты мен көркемдеуші-бейнелеуші құралдарды қолдану шеберлігін пайымдау.
• шығарма кейіпкерін қазақи болмыс, ұлттық менталитетпен үйлестіре бейнелеудегі авторлық дүниетанымды саралау.
• жазушының прозалық шығармаларына бүгінгі күн тұрғысынан талдау жасай келе, оның әдеби процестегі орнын, оның қаламгерлік шеберлігін, өзіндік машық-мәнерін айқындау. Сондай-ақ, жазушы прозасының қазақ әдебиетін дамытудағы үлесін бағамдау.
• өмірлік шындықты көркем шындыққа айналдырудағы жазушы қолтаңбасын анықтау.
- қаламгер шығармашылығындағы қарымды ізденістердің аясына назар аудару.
Негізгі мақсатқа қол жеткізуде шығармашылық тәжірибесінде өзіндік мәнерімен дараланатын Т. Нұрмағамбетовтің қаламгерлік шеберлігі мен дүниетанымын, нәр алған бұлақ -бастауларын және сөз еткен тақырыбы мен негізгі идеясын, шығармаларының сюжеттік құрылымын, оның әдіс-тәсілдерін қолдану шеберлігін пайдаланамыз.
Диплом жұмысының нысаны. Т. Нұрмағамбетовтің әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген көркем әңгімелерімен, сондай-ақ, повестері мен "Жер иісі" романы, "Айқай" кітабына енген соңғы жылдардағы шығармалары алынды.
Қазақ прозасындағы талантты жазушылардың қатарынан табылатын Т. Нүрмағамбетовтің шығармалары сөз болмай қалған жоқ. Алайда, тек жекелеген мақалалар түрінде ғана, көбінесе прозадағы адам мәселесімен, өмір шындығын бейнелеудегі қарапайымдылығына, ауыл өмірін жазудағы суреткерлігіне қатысты ғана сараңдау сөз болды. Қаламгер прозасының көркемдік деңгейі, жазушылық шеберлігі, тіл айшығы, жеңіл юморы мен тақырыптық даралығы жэне тағы басқа қырлары туралы баспасөз беттерінде бірқатар әдеби-сын мақалалар жарық көрді. Бұл бағытта, Қ. Баяндиннің [5], М. Есламғалиүлының [6], Ш. Елеукеновтің [7], Н. Қазыбектің [8], Б. Сарбалаұлының [9], А. Сәдібекұлының [10], Қ. Тоқмырзиннің [11], тағы басқалардың мақалаларын атап өткен орынды. Сондай-ақ, жазушының өмір шындығын бейнелеудегі қаламгерлік машығы, шығармаларының ұлттық сипаты және қазақ әдебиетінің дамуындағы үлес-салмағы С. Асылбековтің [12], Г. Балтабаеваның [13], Ж. Жарылғаповтың [14] зерттеу жүмыстарында басқа да қаламгерлермен қатар қарастырыльш, сараланады.
Диплом жұмысының ғылымилығы. Т. Нұрмағамбетов көркем шығарма табиғатын терең меңгерген жазушы ретінде адам баласына рухани нәр беріп, соны жаңалықтардан сыр шертіп, үлкен ойларға қозғау салатын өзгеше көркем дүниелер жазуды басты мақсат етіп қойған. Оның прозасындағы идеялық-көркемдік ізденістерін талдағанда туындының өзіндік идеялық құрылымын тереңірек пайымдаумен қатар, персонаждар жүйесі мен сюжет пен композициясының да қатпарларына жете үңілуге қол жеткіземіз. Және бұлардың бір-біріне деген әсерін жүйелік бірліктен саралауға болады. Бұдан өзге, қаламгердің шығармашылық тәсілі мен стилін танып-білуге мүмкіндік аламыз.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде қазақ прозасындағы көрнекті жазушы Т. Нұрмағамбетовтің шығармашылығының қазақ прозасының көркемдік аясындағы орны мен ролін, қаламгердің өзіндік стилі мен өмір шындығы мен кейіпкерді бейнелеудегІ арнайы машық-мәнерін көрсету ұсынылады. Сондықтан жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселенің өзектілігімен айқындалады.
• қаламгер шығармашылығындағы өрелі ізденістерге бүгінгі күн тұрғысынан баға беріледі;
• жазушының суреткерлік қарымы мен қаламгерлік шеберлігінің қырлары ғылыми тұрғыдан студенттік көзқараспен алғаш рет дәйектеледі;
• жазушы шығармаларының көркемдік ерекшеліктері, кейіпкер бейнесін жасау мен өмір шындығын көркем шындыққа айналдырудағы машығына осы жұмыста терең талдау жасалынады.
Диплом жұмысының әдістері. Т. Нұрмағамбетов шығармашылығының қазақ прозасындағы орны мен қаламгерлік шеберлігі мен жазушылық стилін айқындауда салыстырмалы талдау, хронологиялық, тағы басқа да әдістерді басшылыққа алдық.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 Т. Нұрмағамбетов шығармаларындағы мінез ерекшелігі және юморлық кейіпкерлер
1. 1 Мінез және лиризм
Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса, шығарма терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай қалатын кездер де байқалады.
Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер ретінде түсіндіріліп келді. Тіпті, әлемдік әдебиет пен өнер тарихы «реалистік өнердің пайда болу, қалыптасу, даму және антиреалистік ағымдармен күрес тарихы» ретінде қарастырылды. Шын мәнінде шығармашылық әдіс суреткердің шындыққа қатысымен анықталатыны белгілі.
Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз суреткерлерінің ізденістерінен туады. Барлық жанрлар да өздерін қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды идеялық ой жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады. Қалаған жанрды таңдауға жазушы ерікті, ықтиярлы.
Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды. Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат.
«Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /1, 42/. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан - жақты ашылады. Қазіргі әңгіме, повесть, роман болсын олардың бір ерекшелігі кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай - ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз) . Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық - көркемдік орны сондай үлкен.
Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.
Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі - суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадымызда ұстасақ, “ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жазушылардың назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ, бұл сезімдер, адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”, - деген Д. С. Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің де негізгі көзі - авторлық экспрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде жатыр. Бүкіл факторлардың айшықты поэтикалық жүйесі ақын-жыраулардың оттты пафосқа құрылған романтикалық поэзиясы және заманның асқақ идеяларын барынша шынайы әрі мол оптимизм, нақты гуманизммен бейнелеу талаптарынан туған жаңа әдебиеттің лейтмотивіне лирика нақыштары жат элемент болып табылмайды.
Л. И. Залесская кеңес әдебиетінде: “Қаһармандық-романтикалық, алайда типтік характерлер ерекше тосын болғанмен, өмірлік, типтік ахуалдарда ашылатынын” айта келіп, дербес поэтикасына қарамастан, романтизм реализмнің бір стильдік қанатына жатаныны туралы бір пікірге келеді. Осы ретте кейбір мағыналық ұғымдарды анықтап алу үшін ақиқатқа жақын паймдауларға жүгінеміз. “Романтизм қашанда лирикалық табиғатқа ие. Әйтсе де, лирикалық әуенділік шығарманың романтикалық сипатына дәлел емес. Лирикалық өнер әрі реалистік негіздерде өмір сүреді”, - дейтін С. А. Липин лиризмнің белгілі бір көркемдік әдістер мен бағыттарға тәуелсіздігін, психологизм сияқты әдебиеттің “тектік” қасиетіне бейім екенін аңғартады /2. 162/. Майтанов.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz