Қоныс аудару
№1- семинар. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Жоспары:
Кіріспе
І-тарау: Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
1.1. XIX-шы ғ. аяғы XX-шы ғ. басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік ахуалы
1.2. Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол
1.3. Қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.
ІІ-тарау: Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар
2.1. Бірінші орыс революциясы кезіндегі қарсылықтары
2.2. 1907-1912 жж. Қазақстандағы саяси ахуал.
2.3.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ереуілдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан тарихта ұзақ әpi күрделі жолдан өтті. Қазақ мемлекеттілігі түрлі тарихи кезеңдерде әр қырлы үлгіні иеленді -- хандық (XIX ғасырға дейінгі кезеңде), протекторат (XVIII -- XIX ғасырдыц басы), одақтық республика (XX ғ.). Алайда ұлттық, мүддеге сәйкес келетін жене XXI ғасырдың сын-тегеурініне төтеп бере алатын заманауи үлгідегі толыққанды мемлекеттікке 1991 жылы ғана қол жеткізді, демек, КСРО ыдырап, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген соң ғана Қазақстан мемлекеті құрылды. Қазақ мемлекеттілігі тарихын 6 кезеңге бөліп қарауға болады:
Ежелгі ерте мемлекеттік бірлестіктер кезеңі: Сақ, Үйсін, Қаңлы, Ғұн мемлекеттері
Қазақ мемлекеттілігінің түркілік кезеңі. Қазақ мемлекетінің басты белгілері осы кезеңде қалыптасты
Моңғол ұлыстары билігі дәуіріндегі Қазақ мемлекеті
Ақ Орда мемлекеті. Қазақ хандығы кезеңі
Патшалық Ресей, Кеңес Одағы кезеңіндегі Қазақ мемлекеті
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы мемлекеттік өркендеудің жаңа белесі
I-тарау. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
1.1. XIX-шы ғ. аяғы XX-шы ғ. басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік ахуалы.
XX-шы ғ. басында Ресей империясы құрамындағы Қазақстан үш губерния аясындағы алты аймақтан тұрды: Түркiстан генерал-губернаторлығында - Сырдария және Жетiсу облыстары (орталығы Ташкент); Дала генерал- губернаторлығында- Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары. Бөкей Ордасы Астрахань губерниясының құрамында, ал Маңғыстау Закаспий облысының құрамында болды. XIX ғ. аяғында Бүкiлресейлiк халық санағы бойынша Қазақстанда 4,2 млн. адам тұрды, олардың 81,7 пайызын қазақтар құраған. 1914 жылға қарай өлке халқының жалпы саны 5,9 млн. адамға жетiп, олардың 65,1 пайызын қазақтар құраған. Халық саны көбеюiнiң, бірақ жергілікті халықтың үлес салмағының азаюының негiзгi себебi Ресей үкіметiнiң арнайы ұстанған отарлау саясатының бiр бағыты - Жетiсу, Торғай, Ақмола облыстарына славян халықтарын көшiруде болды.
Жергiлiктi халықтың көпшiлiгi ауылдарда тұрып, әдеттегiше жартылай көшпелi мал шарушылығымен айналысатын, соның iшiнде мал ұстаудың жайылымдық-жартылай қолда бағу жүйесi, егiншiлiкпен, шөп шабумен шұғылдану тәсілi болды. XX-шы ғасырдың басында да ата-салт бойынша қазақтар төрт түлiк мал (жылқы, түйе, қой, ешкi) өсiрдi. Осы кезде егiншiлiкпен айналысу кең тарап, 1897 жылғы мәлiметтер бойынша халықтың отырықшылық жағдайға біртіндеп көшуіне байланысты бұл кәсiппен айналысатындар арасындағы қазақтардың үлес салмағы 55 пайызға жетiптi.
Егiншiлiк Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата уездерiнде кең көлемде жедел қарқынмен дамыды. Бұл өңiрдегi әр тұқым себушi шаруашылыққа егiстiк орта есеппен 10,7 десятинадан келдi. Жетiсу облысының Қапал уезiнде 1910 ж. қазақ шарушылықтарының 81 пайызы, ал Верный уезiнде 79,3 пайызы егiншiлiкпен айналысқан. Қостанай уезiнде егiншiлiкпен айналысқан жеке қожалықтарының 88 пайызы шұғылданса, олар әрбiр тұқым себушi шаруашылыққа 22,2 десятина жерден келетiн барлығы 107,4 мың десятина егiстiкке тұқым сепкен.
Жер өңдеушiлiк кәсiбiн дамытуда қоныс аударғандар елеулi рөл атқарды. Егiншiлiктiң жергілікті қазақтардың арасында тез тарауы, жаңа ауылшаруашылық құралдары мен жер өңдеу тәсiлдерiн меңгеру, рыноктарға астық және малға жем өнімдерінің сұраныстарын, егiстiктерде бидайдың, арпа мен сұлының барған сайын көп орын алуына себепкер болды. Күрiш, бақша дақылдарының егiстiк алқаптары кеңейтiлдi.
Бұрын-соңды байқалмаған тағы бiр ерекшелiк - XX-шы ғасырдың басында қазақ жерiнде қала халқының жүйелi өсуi байқалды. Тек бiрiншi 15- жылдықта қала халқының жалпы саны 1,5-есе өсiп: Оралда - 47,5 мың, Петропавл мен Верныйде - 43,2 мың, Семейде - 34,4 мыңға жетiп, олар iрi қалалар қатарына қосылды. Қалалардың көпшiлiгi әкiмшiлiк орталықтары ретiнде бой көтеріп, тез арада сауда мен өңдеушi өнеркәсiптердiң орталығына айналды.
Қазақстан қалаларының өзiндiк әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардан туындаған бiрқатар ерекшелiктерi болды. Бiрiншiден, олар жалпы дүниежүзiлiк эволюция заңдылығымен ұштасады және сол процестiң нәтижелерiнде көрiнедi. Екiншiден, казіргі Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен өсуi өлкенi отарлаудың тарихымен, орыс-қазақ саудасынының ұлғаюының әсері. Отарлаудың нәтижесiнде қазақ өңiрiндегi казақи елдi мекендердiң саны осы жылдары 30-дан 400-ге дейiн өскен. Қалалардың қалыптасу процесiне Ресей империясының шеткi аймақтарындағы XIX-шы ғасырдағы саяси реформалар айрықша ықпал еткен. XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны - 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда - 22744, Семейде - 20216, Қостанайда - 14175 адам тұрған.
Реформалардан кейiнгi кезеңде қалалардың көбi ұсақ қалалар санатына жатты. Сырдария облысында ұсақ қалалар саны барлық қалалардың 71 пайызын алды. Қала халқының саны артып, оның әлеуметтiк құрамы өзгердi. Қалаларда әскерлер, құрметтi азаматтар мен көпестер, казак ұлықтары (Оралда, Орынборда, Семейде, Верныйда) тұрған. Қала халқының көпшiлiгi шаруалар, жұмысшылар және ерекше топ мещандар болды. Құқы жағынан бiртұтас бұл сословие әлеуметтiк жағынан iс жүзiнде бiртектес емес едi. Мещандар арасынан көпестердiң қатарын толықтырған саудегерлер, кәсiпкерлер шығып отырды. Алайда, мещандардың негiзгi бөлiгi шаруашылық жағынан дербестiктен айырылып, бара-бара кедейлер құрамын толықтырып отырған.
Бастапқы кезде қала халқы негiзiнен казактардан әкiмшiлiк қызметтегі адамдарынан қалыптасты. Одан әрi ол қоныс аударушы славян крестьяндар есебiнен көбейдi. Қазақстан қалалары XX-шы ғасырдың басында өнеркәсiп шоғырланған iрi орталықтар есебiнде болмаған едi. Ресей империясының шығыс шет аймағы ретiндегi Қазақстанның жағрафиялық, жағдайы мұнда ауыл шаруашылығы шикiзатын алғашқы өңдеумен байланысты негiзiнен ұсақ өнеркәсiптiң таралуына себепшi болды. Ұсақ өндiрiстiң үлес салмағының жоғары болуы мен оның сипатына байланысты шағын қалалар басым болды. Қалаларда ең алдымен азық түлік өндірісі, терi илеу өнеркәсiбi жәнемеханикалық ұстаханалар, негiзiнен темiр жол бойының жанындағы шеберханалары шоғырланды. XIX ғасырдың аяғында Қазақстан қалалары өлкенiң аграрлық-сауда және мәдени орталықтарына айналып, оларда ауыл шаруашылық және жер қойнауындағы шикiзаттарды өңдейтiн өренкәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң саудасы дамыды.
1.2. Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол
XX-шы ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсiп өндiрiсi қанат жая бастады. Осы кезеңде өндіріс кәсіпорын салаларын дамытуға өлкеде қолайлы жағдайлар болған. Жер мен шикiзат арзан, жұмысшылардың жалақысы төмен, басы артық жұмыс қолы мол едi. Өнеркәсiп саласының негiзiн құрайтын кен өндiру кәсіпшілігі елiмiзде сол кездiң өзiнде маңызды салаға айнала бастады. Ғасырдың басында Қарақаралы уезiнде 70-ке жуық шағын мыс рудниктерi, 170 күмiс-қорғасын, 3 темiр, 2 никель-күмiс, 4 мырыш кеніші болған. Атбасар уезiнде 15 участектен мыс, күмiс, қорғасын өндiрiлетiн кәсiпорындары толық болмаса да iске қосылған. Сiбiрде алтын көзі бар жерлер ашылған кезде Омбы, Петропавл, Көкшетау және басқа алтын кәсiпкерлерiнiң назары Қазақстанның қазақ даласы мен таулы аудандарының жер асты көмбелi байлықтарына ауды.
Кен-зауыт өнеркәсiбi негiзiнен Ақмола облысының Ақмола, Баянауыл және Қарақаралы, Семей облысының Өскемен уездерiнде шоғырланды. Жеке адамдар ұйымдастырған жарналы серiктестiктердiң саны көбейдi. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезiнде 1870 ж. бастап алтын өндіретін Подсосовтың, Петровтың, ағайынды Шевелиндердiң, Бутбриндердiң сауда фирмалары пайда болды. Түмень көпестерi Л.Д. Хотинский мен М. Катымскийдiң арасында 1878 жылдың қазанында Петербургте уезде алтын шығару жөнiнде жарналы серiктестiк ұйымдастыру жөнiнде шарт жасалынды. Осы кездерде Рязановтар, Брониковтар, Меньшиковтар ж.б. секiлдi акционерлер қызметтерін жандандырған.
Елiмiзде негiзiнен кен қазып шығару және тау-кен зауыттық, сондай-ақ өңдеушi кәсiпорындар қалыптаса бастады. Ірілі-ұсақты тау-кен өнеркәсiбi түстi металдар мен темiрдiң бай кен-орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда көбейдi. Бұнда мыс, алтын, темiр ж.б. өндiрiстiк шикiзат шығатын орындар шетелдiк акция иелерiнiң қолына көштi. Мысалы, ағылшын- француз акционерлiк қоғамы Спасск-Успенск кен зауытын, Саран-Қарағанды таскөмiр кенiн, темiр рудниктерiн сатып алған. Көбiнесе акция ұстаушылар американдықтар, немiстер, шведтер, австриялықтар т.б. шет ел өкiлдерi болған. Бұл өңірлерді жедел игеру мақсатында 1914 жылы Екiбастұз қорғасын-мырыш зауытының құрылысы басталған, темiр жол салынып жатты.
XIX-шы ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап Ертiс бойымен және Балқашта тұрақты кеме қатынасын ұйымдастыруға әрекет жасалды. Омбы, Семей, Павлодар секiлдi қалаларда, Ертiстiң жағасында қойма жайлар салынды. 1860 жылдан бастап кеме жүзу маусымында Балқаш көлi мен Iле өзенiнiң бойында жыл сайын ерсiлi-қарсылы жүк тасылып тұрды.
Iшкi Ресейден Қазақстанға темiр жолдар салу жөнiндегi алғашқы қадамдар XIX ғасырдың 70-шы жылдарынан басталды. 1874-1876 жылдары Орынбор темiр жолы (Самара-Орынбор) салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды империя орталығымен жалғастырды. 1880-1890 жылдарда Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауынан Ташкентке дейiн жол салу iсi онан әрi жүргiзiлдi.
1891-1893 жылдары Рязань-Козловск темiр жолының акционерлiк қоғамы Покровская Слобода-Орал жолын, 1897 жылы Урбах-Астрахань жолын салды. Cаратовтан Оралға дейiнгi темiр жол 1890-шы жылдарда салынып бiттi.
Сiбiр магистралы құрылысының Батыс Сiбiр учаскесi Ақмола облысының Петропавл және Омбы уездерiнiң жерiмен 178 шақырым бойына өтетiн едi. 1901-1905 жж. толық iске қосылған Орынбор-Ташкент темiр жолы Түркiстан өлкесiн өнiм шығаратын және өңдеу өнеркәсiбiнiң басқа орталықтарымен байланыстыратын бiрден-бiр жол болды. Бұл жол Орынбор-Ақтөбе бағытында Жайық, Елек, Жем су айырықтарының бойымен Шалқар көлiне қарай, Мұғалжар таулары мен кiшi Борсық құмдары арқылы Арал теңiзiне, Қазалыға, Сырдария жағалауына, Перовск, Түркiстан және одан әрi Ташкентке қарай тартылған едi. Жалпы 1917 ж. дейiн қазақ жерiнде барлығы 2793 шақырым темiр жол төселiп, оның 2557 км жалпылай пайдаланатын, тек 236 шақырымы ғана жергiлiктi маңызы бар жолдар болған.
Өнеркәсiптiң дамуы және түрлi байланыс тораптарының iске қосылуы Қазақстанда XIX ғасырдың орта тұсынан бастап маманданған жұмысшы қалыптасуына негiздер қалады. Өлкеде оларды қазақ шаруаларының кедейленген бөлiгiнен шыққан жалданушылар мен қоныс аударған славян крестьяндары, қайыршылық күйге түскен қолөнершiлер мен жергiлiктi қалалардың жарлы-жақыбайлары, төменгi шен әскери адамдары, сондай-ақ Ресей империясының iшкi және басқа губернияларынан келген маман жұмысшылар мен кедей шаруалар құрады.
Қазақстанда өндiрiс жұмысшыларының қалыптасу қарқыны мен оның санының өсуi барлық аймақта бiркелкi болған жоқ. Кен өнеркәсiбi бар аудандарда жұмысшылар саны тез өсiп, XX ғасырдың басында 11225 адамға теңелдi. Жұмысшы күшi бiрте-бiрте шоғырлана бердi және олардан тұрақты құрамы қалыптаса бастады. Дегенмен, Қазақстанда мерзiмдi жұмыс басым болуы және техниканың артта қалуы жағдайларында бұл процесс Орталық Ресейдегiден гөрi баяуырақ жүрiп жатты.
1.3.Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.
Қазақ жерiне қоныс аудару қозғалысының шешушi қадамы Ресей министрi П.Столыпиннiң аграрлық саясатынан айқын көрiнiс тапты. Жаңа аграрлық саясат негiзiнде орталық Ресей үкiметi "Қазыналық жерлерге қоныс аудару туралы ережелерге" арнайы түсініктеме даярлаған. Оған сәйкес шаруалар мен егiншiлерге мещаньдардың қауымынан шығуына, үлестi жерлерiн сатуына және шеткерi аумақтарға қоныс аударуына, немесе қоныс аударатын қазыналық бос жер iздеу, болып жатса иелену үшiн Азиялықтарға Ресейге мақсатты адамдар (ходоктар) жiберуге рұқсат етiлдi. Жалпы XX ғасырдың бас кезеңінен Қазақстан аумағына қоныс аудару үдейе түстi. Егерде 1896-1905 жж. аралығында Ақмола, Торғай және Орал облыстарына 234134 адам қоныс аударса, келесi алты жылдың iшiнде бұл көрсеткіш 400327 ер адамға дейін ұлғайған.
Қоныс аудару жөнiнде ол кезде қолданылған жүйе қоныс аударушылардың басым көпшiлiгiн күйзелттi, олардың бiразы керi қайтуға мәжбүр болды. Қазақстаннан Ресейге жыл сайын 40-110 мыңға дейiн қоныс аударушы отбасылар қайтып отырды. Бұл шаруалардың жағдайы өте ауыр бола тұрсада шаруалар қозғалысы тоқтамады, мұның өзi П.Столыпиннің аграрлық реформасының күйзеліске ұшырауын тездеттi.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі
Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың үлесі:
Ақмола облысы - 36,6%
Семей облысы - 73%
Жетісу облысы - 60,5%
Сырдария облысы - 63,3%
Төрғай облысы - 58,7%
Орал облысы - 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
ІІ-тарау: Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
2.1. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар
Ресейлік 1905-1907 жж. тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революция Қазақстан еңбекшiлерiнiң саяси өлшемінің оянуына, өлкеде езгiнiң отаршылдық, әлеуметтiк және басқа түрлерiне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшы, аграрлық қозғалыстардың жедел қарқынмен дамуына серпiн бердi. Өлке халқының әртүрлi топтарының Ресейдегi 1905-1907 жж. революцияға көзқарасы бiрқалыпты болған жоқ. Өлкенiң экономикалық және саяси дамуы дәрежесi баяу болғандықтан Ресей орталығынан көрi жұмысшы қозғалысының қарқыны төменiрек болып, тек революция жылдарында жаңа сатыға көтерiлдi. Оған өнеркәсiп пен қала жұмысшылары белсене қатысты.
Тарихқа аян 1905 жылғы 9 қаңтардағы қанды оқиға және одан кейiнгi Ресей империясының өндiрiстiк орталықтарындағы халық қозғалысы туралы хабарлар қазақ даласына тез тарады. Верный, Әулиеата қалаларының, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Семей темiр жол торабының демократиялық ниеттегi еңбекшiлерi наразылық бiлдiрдi, ал Ақмола облысы мен бүкiл Дала өлкесiнiң орталығы Омбыда бүкiлхалықтық ереуiл-шерулер өтті.
1905 жылдың ортасында Орынбор-Ташкент темiр жолы бойындағы (Түркiстан, Перовск, Жосалы, Қазалы, Шалқар) жұмысшылар өздерiнiң экономикалық жағдайын жақсартуды, жұмыс күнiн қысқартуды талап еткен ереуiлдер өттi. Петропавл темiр жол депосының жұмысшылары саяси ереуiл ұйымдастырып, ал олардың Орынбордағы әрiптестерi жұмысты тоқтатты. 1905 жылғы қаңтар-ақпан аралығында өлкенi қоныстанған кедейлердiң патша үкiметiне ашу-ызасын бiлдiрген көптеген жиналыстар өткен.
Бiрiншi орыс революциясының өрiс алу барысында әлеуметтiк таптар, саяси бiрлестiктер мен партиялардың бағдарламалық көзқарастары айқындалды. Әрбiр саяси партия революциядағы өзiнiң таяу кездегi iс-қимылын, өзге партиялар мен ағымдарға көзқарасын, сондай-ақ мемлекеттiк бағыт-бағдарларға сын-ұсыныстарын айқындап пысықтаған.
1905-1907 жж. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы қалыптасып империя орталығындағы кәсіпорындары әріптестері тәжiрибесiне сүйенiп, өзiнiң дамуының жаңа кезеңiне қадам басты. Ресейдегi революциялық оқиғалармен ұштасып Қазақстанның жұмысшылар шоғырланған аудандарында iрi-iрi саяси және экономикалық ерулердер өткен. Оған 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигiнде, 1907 жылы маусым айында Спасск мыс қорыту зауытында, Қарағанды кен орындарында және Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа қалалар мен кәсiпорындарында өткен ереуiлдердi жатқызуға болады.
Бiрiншi орыс революциясы жылдары өлкеде РСДЖП-ның (Ресей социалдемократияны қолдаушы жұмысшылар партиясы) алғашқы топтары мен ұйымдары қалыптаса бастады, ол құбылысқа аталған партияның Сiбiр, Астрахань, Самар, Саратов комитеттерi елеулi ықпалын тигiздi. 1904 жылы пайда болған "Сiбiр социал-демократиялық Одағы", әсiресе оның Омбы қаласындағы ұйымы елеулі iс тындырды. Ол бiрiншi кезекте Петропавл, Көкшетау қалалары мен солтүстiк-шығыс аудандарындағы, сондай-ақ Жетiсудағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz