Торғай облысындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық күрес



Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Барлық жерлердегідей көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25 июньдегі указ болатын. Торғайдың әскери губернаторы М.М.Эверсмин «құрметті ақсақалдармен» бірге старшындарды арнайы шақырып алдырды: олар патшалық өкімет орындарын қолдайтынын білдіріп, патша указы орындалады деп сендірді. Либералдық феодалдық-бай интелегенция патшаның отаршылдық әкімшілігінің жетегінде кетті де, патша указын орындауға шақырып ауыл-аулдарды аралап кетті. Алайда олардың әрекетінен ештеңе өнбеді. Еңбекшілердің наразылығы мен ашу-ызасы күннен-күнге ұлғая түсті.
Торғай облысының әскери губенаторы М.М.Эвераменға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрамдады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл батысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың етегінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Торғай облысындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық күрес

Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған
ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық
уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды.
Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен
болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп
жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті
болғандығында еді.
Барлық жерлердегідей көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25
июньдегі указ болатын. Торғайдың әскери губернаторы
М.М.Эверсмин құрметті ақсақалдармен бірге старшындарды арнайы
шақырып алдырды: олар патшалық өкімет орындарын қолдайтынын
білдіріп, патша указы орындалады деп сендірді. Либералдық
феодалдық-бай интелегенция патшаның отаршылдық әкімшілігінің
жетегінде кетті де, патша указын орындауға шақырып ауыл-аулдарды
аралап кетті. Алайда олардың әрекетінен ештеңе өнбеді.
Еңбекшілердің наразылығы мен ашу-ызасы күннен-күнге ұлғая
түсті.
Торғай облысының әскери губенаторы М.М.Эвераменға қазақ
еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар
күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады,
темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрамдады,
болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған
жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық
етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл батысындағы ауылдардың
бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен
ерте айрылған Аманкелді байлардың етегінде жүріп, бала күнінен-
ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық
көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-
қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер
отрядтары құрылып, барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары
құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің Шоқпаркөл тас көмір кен
орындарының және Орынбор – Ташкент темір жолының жұмысшылары
келіп қосылып жатты. Аманкелді Имановты жақтаушылардың қатары
күннен-күнге өсе берді. Оған Торғай облысындағы жақын
жатқан Қостанай, Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес сонымен
бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілістер ағылып
келіп жатты. Егер октябрьдің бас кезінде Аманкелді Имановтың
отрядтарында 5 мыңдай адам болса, 15-20 күннен кейін ақ
олардың қатары 50 мың адам шамасында болды. Көтерілісшілердің
арасында жоспар көп болатын. Көтерілісшілер армиясының штабы
Торғай даласының қиыр түкпірінде, Батпаққара маңында болды.
Көтерілісшілер армиясының ішкі ұйымдасуы мыңдай болды: отрядтар
10, 50, 100 және мың адамнан құралған бөлімдерге бөлінді,
олардың әрқайсысын командирлер – онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы
басқарды. Аманкелдінің өзін Сардарбек (бас қолбасшы) деп атады.

Аманкелдінің көтерілісшілер отрядтары бақылайтын аудандарда
бұрынғы ауыл-болыс әкімшілігі басқарудан шеттетіліп, өкімет
билігі іс жүзінде көтерілісшілердің қолына көшті.
1916 жылғы октябрьге қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға
тарта көтерілісшілер оряды болды. Олардың кейбіреулерінде 2-3
мың адам болатын. Торғайдың көтерілісті отрядтары 3 топқа
бірікті. Қазақстанның басқа да облыстарындағы сияқты, Торғай
облысының феодал-бай элементтері көтерілістің басшылығын өз
қолдарына алып, оны ұлтшылыдық арнаға түсіруге тырысты. Мұның
өзі, мәселен, Ырғыз және Торғай уездерінде хандар сайлаудан
көрінді. Алайда еңбекті шаруалар байлар мен молдалардың бұл
инициативасын қолдамай, Аманкелді Имановтың төңірегіне топтасты.
Курстық барысында хандар іс жүзінде бұқарадан оқшау қалды.
Ол былай тұрсын, олар іс жүзінде патша өкіметі жағына шығып
кетті. Олармен бірге 400 қызық байы көтерілісті шаруаларға қарсы
жазалаушыларды қолдап шықты.
13 октябрьде Ырғыз уезіндегі Қызылжар болысының
көтерілісшілері Жаманқұл деген жерде патша әскеріне көмекке
жіберілген байлардың отрядын талқандады. 17 октябрьде Ақтөбе
уезінің көтерілісшілері Қарабұтақ селосын қоршап алды, келесі
күні 2500 адамннан құралған көтерілісшілер отряды Көжекөл
көлінің маңында (Ырғыздан 70 км жерде) жазалаушылар отрядына
шабуыл әскерлерін шегінуге мәжбүр етті. 21 октябрьде 4 мың
көтерілісті татар көлі маңында қазақ жүздігімен және полиция
отрядымен шайқасқа түсті. Көтерілісшілермен қақтығысуларда
жазалаушылар өлгені, жараланғаны бар көптеген адамдарынан
айырылып, Торғай қаласына әрең жетті.
23 октябрьде Аманкелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісті
Торғай қаласы қоршап алды. Қазан әскери округінің
қомандашысы әскери министрге Торғай және Ырғыз уездеріндегі
жағдай жедел нашарлай түсуде. Торғаймен арадағы телеграф
байланысы ғана емес, қатынас атаулының бәрі үзілді... Торғай
қоршалды, Ырғыз қоршалып жатыр деп телеграмма жіберді.
Сонымен бірге көтерілісшілер Торғай және Ырғызды басып алып,
Орынбор - Ташкент жолы бойындағы темір жол қатынасын үзіп
тастамақ ниетке екені де хабарланды.
Қозғалыстың кең қанат жаюынан қауіптенген Торғай облысының
әскери губернаторы М.М.Эверсман әскери министрден Аманкелді
Иманов бастаған көтерілісті басып – жаншу үшін жазалаушы
экспедиция жіберуді өтінді.
Патша армиясы Бас штабының бұйрығы бойынша Қазан әскери
округі майдандардан алынып, көтеріліс болып жатқан жерге
жіберілген, генерал А.Д.Лавреньтев бастаған экспедициялық корпусты
жасақтады. Оған 17 жаяу әскер ротасы, 18 қазақ жүздігі,
18 зеңбірегі мен 17 пулеметші бар 11 атты әскер эскадроны
кірді. Патша үкіметі экспедициялық әскерлерді авомобильдермен
аэропландармен жабдықтап, шалқар станциясы мен Торғай қаласы
арасындағы этаптық пункттерді қоршау үшін 5 мың тұт тікенекті
сым бөлмек те болды.
А.Д.Лавреньтевтің Орынборда жасақталған экспедициялық корпусы
арнайы мақсатты поездарға отырып топ-тобымен Шалқарға,
Ақтөбеге, Қостанайға түсірілді.
Аманкелдінің көтерілісшілері Торғайға жақындап келді, бірақ
оны ала алмай, 22 октябрьде халықты қоршауға алды да, қоршау
бірнеше күнге созылды.
Бұл кезде Торғайға үш бағыт (Шалқар – Ырғыз – Торғай, Ақтөбе –
Қарабұлақ – Ырғыз – Торғай, Қостанай – Торғай бағыттары) бойынша
А.Д.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы ентелеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торғайдың әскери губернаторы
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
Торғайдағы көтеріліс басшылары
Ұлт-азаттық күрес
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық - зомбылығы
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
Тақырып: XX ғ. басындағы қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлт - азаттық күресіндегі рөлі (А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, А. Жанбосынов және т. б)
Пәндер