Когнитивті психология рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ

БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 2 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Әлеуметтік-саяси білім модулі Мәдениеттану, психология

Тақырып: Психологиядағы бағыттар. Қазіргі уақыттағы когнитивті психологияның рөлі.
Мамандығы: 5В070200- Автоматтандыру және басқару

Орындаған: Аманғалиев Нұрсәт Тобы: 19-6

Тексерген: Касиенова.К.М.

---------- ------------- ---------- -----------------------2020 ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе____________________________ _______________________________3

1. Негізгі бөлім: Психологиядағы бағыттар. Қазіргі уақыттағы когнитивті психологияның рөлі.
1.1. Когнитивті психологияның даму мәселелері_______________5-бет

1.2. Когнитивті психология рөлі___________________________ 7-бет

Қорытынды ___________________________________ _______________ 15-бет
Пайдаланылған әдебиеттер ___________________________________ __16-бет

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына қатысты. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында деген. Қазақстан халқынажолдаған 2006 ж 1 наурыздағы жолдауында: Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз, деп көрсетеді.
Егеменді еліміздің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда Ел басы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы үндеуі және сөйлеген сөздерінде үздік әлемдік тәжірибені дұрыс пайымдап, зерделеп оны еліміздің жағдайына бейімдеп, ұтымды да, әрі тиімді пйдалануды айтып келеді.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда психология ғылымынң қосар үлесі зор. Кез-келегн ғылымның дамуы үшін сол ғылымның әлемдік даму үрдісі бағдарланып, сараланып орынды пайдалануы тиіс. Осы орайда дүниежүзілік психологиялық тұжырымдарды қарастырған мәселелерін зерделене пайдалану психологтардың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Адам жанын табуда көптеген көзқарастардың болғаны белгілі. Сана, ойлау және т.б психикалық құбылыс туысынан беріледі немесе берілмейді деген сияқты ой-пікірлер қосарланып келіп отырады. Адамдардағы берілген қасиеттерді зерттеу көптеген уақытпен көзқарастың туындауын қажет етті. Осы орайда психологияда көптеген мектептер, бірнеше бағыттар пайда болды, сол психологиялық бағыттарды тану, олардың дамуын басты бағдарда ұстап отыру бүгінгі күн талабы.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Адамның дүние ақиқатын толық білу жөніндегі толғаныстар қай кезеңде болмасын маңызды мәселенің бірі болды. Егеменді Қазақстанның азаматын қалыптастыруда біз Қазақстан Республикасының, Қазақстан - 2030 дейінгі даму стратегиясында белгіленгендей Білім берудің жаңа ұлттық моделін әзірлеу және оны жүзеге асыра бастау мақсаттарын басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
Адам қалыбы екі нәрсе: тән мен жанынан тұратыны белгілі. Жан адамның барлық денесінің падишасы. Адамның бар ақиқатын сол жан-дүниесінде. Жан ақиқатын тануды жаратылыс болмысын білмейінше мүмкін емес. Адамға бес қасиет беріліпті, оның тұрар жайы дене болса, ілім білімді аулаушысы жаны болады. Сондықтан денедегі бес қасиет-бес сезім жанның қақпаны. Бірі көзге көрінсе, екіншісі көзге көрінбейді. Міне сондықтан жан көзге көрініп тұрған денеде қажеті бар. Сол қасиеттердің тұрақты жайы ми болса, сол мидағы осы қасиеттердің әрбіріне қатысты өзіне ғана тән атқаратын іс-әрекет амалдары бар. Адам жанындағы ақиқатты амалдарды тануы, оның жасалуы құпиясына үңілу психологтардың басты міндеттерінің бірі боп саналады. Діни, ғылыми тұрғыдан оны түсіндіруге тырысты және бірі - екіншісіне негіз болды. Осыған орай ғылым қаншалықты дамыса, сол арқылы діни (исламның) зор хикметтері де сол дәрежеде тағы жақсы көрініс береді деп көрсетіледі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Психология бағыттарының бірі- Когнитивті психология психологиялық сөздікте ішкі ойлағыштық процестеріне басым бағыт беретін психологияның жалпы амалы десе, Ресей псилогі В.П. Зинченко - түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау сияқты танымдық процес деп қарастырады. В.П. Зинченконың анықтамасы бойынша психологияның қарастыратын танымдық процестер бөлігі когнитиявті психология ретінде аталады ма? Когнитивті психологияның дамуын, қазіргі уақыттағы когнитивті психологияның рөлін саралау.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей нақты міндеттер қойылды:
- психологиядағы бағыттарды зерделеу;
- когнитивті психологияның даму тарихына шолу жасау;
- когнитивті психологияның бағытына сипаттама беру.

1.Психологиядағы бағыттар. Қазіргі уақыттағы когнитивті психологияның рөлі.
1.1 Когнитивті психологияның даму мәселелері. Когнитивті термині қазақ тіліне аударғанда таным дегенді білдіреді. Американ психологі Р.Л. Селсонның Когнитивті психология кітабының алғы сөзін жазған В.П.Занченка мен А.И.Назараова Когнитивті психология деген атауды қалдыру себебін де көрсетеді.
Біріншіден белгіленіп алынған ерекше топтағы танымдық процестердің дидактикалық тәсілдері теориялық догмаға айналуына байланысты танымдық мазмұн және т.б психикалық актілердің көруге кедергі келтіреді.
Екіншіден Американдық психолоияда когнитивті термині Еропалықтарға қарағанда қосымша түсініктермен беріледі. Американдық когнитивті психология бірнеше он жылдықтарда үстемдік құрған бихевиоримге альтернатива ретінде беріледі. Жануарларға эмпериялық бақылау мен эксперимент негізделіп үстемдігі басым болған бихевиоризмге, психикалық өмірде мінез-құлық пен рефлекстік трактовтіге когнитивті термині қарсы вакцина ретінде болады.Бихевиоризмге келіспейтіндіктерін білдірген ғалым У.Найссер 1967 жылы Когнитивная психология атты кітабын шығарды. Бұл когнитивті психологияға жаңа бағыттағы психологиялық оймен беріледі.
Когнитивті психологияның біршама бөлігі - білімнің адам санасында қалай жасалатынын қарастырады. Ең өзекті мәселесі - білім репрезентациясы. Көптеген психологтар білім репрезентациясын - ішкі репрезентация немесе кодтар деп белгілейді. Олар білімнің қалай құралатынын, сақталатынын, берідетінін, оны қалай пайдаланады деген сұрақтарға жауап іздейді. Ойлау деген не? Қабылдау мен еске сақтаудың табиғаты қалай? Осы қабілеттердің барлығы қалай дамиды. Осы көрсетілген сұрақтарда білім репрезентациясының мәні: идеялардың, объектілердің адам санасында қалай сақталыну мен жүйеленуімен бейнеленеді.
XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап ғалымдар өздерінің назарларын қайтадан еске сақтау, зейін, образды тану, образ, семантикалық ұйымдасу, тілдік процестер, ойлау және басқа да когнитивтік тақырыптарға аудара бастады.
Сонау көне ежелгі тұжырымнан жаңа зерттеулерге дейін білім репрезентациясы сенсорлық кіріс сигналдарға сүйенеді деп келді. Бұл тақырып бізге грек философтары мен ренессанс (қайта өркендеу) дәуірінің ғалымдары арқылы қазіргі когнитивті психологияға дейін жетті.
Адамның ақыл-парасатында білімнің жалпылануы когнитивті психологияның ең негізгі мәселелері болып есептелінеді. Когнитивті психологиялық ерекше мәндеріне, ғылымның да техникаға да кибернетикалық революцияға формальды және математикалық логика дамуымен байланысты болды. Дж. С. Милль және Дж.Бульдардың пікірінше логика жүйесі ойлау заңын сипаттайды дейді
У.Найсердің пікірінше ішкі психикалық процестерін талдау жасайтын есептеу машинаның жарыққа келуінен соң бұрын-соңды күдікпен қарайтын немесе қарсылықта өздігінен тоқтады. Когнитивті психология осылардың арқасында жарты ғасыр қабаттасқан бихевиоризммен байланысын қайта түзеді. Сөйтіп когнитивті психологияның зерттейтін мәселелр шеңберіауқымдай түседі және ол толық танымды процестерді айрықша және толық талдау бағытында болады. У.Найссердің 1967 жылы шыққан когнитивті психология атты монографиясында біздің танымдық процестеріміз - қабылдау, зейін, ес және ойлаудың инструктивті сипаты фундаментальді факт болып табылады. Когнитивті психологияның мақсаты қабылдайтын, еске түсіретін, ойлайтын, әлемнің жасалынуын түсіну. Таным-сенсорлық мәліметтер трансформациялайтын, редукциялайтын, үдететін, сақтайтын, алатын және пайдаланатын барлық процестердің жалпыланған атауы - деп көрсетеді. Түйсік, қабылдау, еске сақтау, еске алу, тапсырманы шешу және ойлау сияқты терминдер гипотетикалық кезеңге немесе таным процесінің аспектілеріне жатады.
Когнитивті психологияның ойлау репрезентациясы кезеңдеріне қатысты мәліметтер арқылы байқайтынымыз, барлық кезең сол кезеңдегі ғылыми жетістікке қатысты адам санасында білімнің қалай жасалатынын зерттелгенін көрдік. Когнитивтік психология даму кезеңінде үлкен және ұзақ даму жылдарынан өтті
Когнитивті психология адамның дүниені тануы, мәліметтерді талдауымен қоса, тұлғаның түрлі туындап отырған ситуациялар мен мәселелерді қалай парасатты шешетіндігін, яғни адамның когнитивті қабілетінің дамуы қалай жүретіндігін қарастырады.
Швейцар психологі Жан Пиаже (1896-1980) адам шындық дәрежені қалай таниды деген мақсат қоя отырып, баланың ойлауының заңдылығын зерттейді. Сөйтіп, мынадай қорытындыға келеді: когнитивті даму ол біртіндеп болатын процесс және ол бірнеше кезеңнен тұрады. Баланың интелектілік даумы баланың не білетіндігі мен сол білуге деген талпынысы арасындағы үнемі болатын тепе-теңдік ізденіс нәтижесінде болады. Мұны барлық балалар басынан өткереді.Дегенмен кейбір осы кезеңдердің барлығын басынан өткізгенімен, оларда белгілі бір кезеңде бір немесе бірнеше қажетті фактілерді жетіспеуіне байланысты дамуында тежелу болады. Алға жылжу жүйке жүйесінің жетілуі, түрлі заттармен айналысу тәжірибесінен және тіл тәрбие сияқты әлеуметтік факторлардың бірлескен әсерімен белгіленеді.
Тұлғаның когнитивті теориясы танушы, түсінуші, талдаушы сияқты адамның түсінуінен барып шығады. Адам мәліметтер әлемінде өмір сүреді, ол оны түсінеді, бағалайды, пайдаланады.
Адам әрекетінде үш түрлі компонент болады: әрекеттің өзі, ой, сезімі және мұның барлығы белгілі-бір әрекетті орындау барысында болады.
Сырттай қарағанда бірдей болып көрінген әрекеттің өзі ондағы ой мен сезім түрліше болуына байланысты әр түрлі болады. Ондағы ой мен сезім түрліше болуына байланысты.
Тұлғаны когнитивті тұрғыдан қарастырғандардың бірі - Джорж Келли когнитивті бағыт интелектуалдық немесе ойлау процестерінде адамның мінезіне әсері болатынын көрсетеді. Джрж Келли осы бағыттың бірден-бір негізін қалаушы. Келлидің пікірінше кез-келген адам-жеке басының қайғысын өзінше зерттеуші, оның түсінуге талпынушы, өз ісіне талдама беруші, болжаушы және бақылаушыжәне мұның барлығын ол өзінің бұрынғы тәжірибесі мен болашақ туралы болжам негізіне сай жасайды деп көрсетеді. Объективті шындық болғаныменде оны адамдар әр түрлі сезінеді, кез - келген оқығанын әр түрлі қырынан қарауға болады және адамдарға қайғының ішкі дүниенсін талдама жасауда немесе тәжірибелік оқиғаның сыртқы дүниесін тануға үлкен мүмкіндіктер жиынтығы беріліп отыр. Кез - келген адам шындық туралы өз болжамдарын ұсынады, ал оны өмірлік жағдайларға байланысты болжап, бақылайды, болашақты болжауға және күтілетін нәтижесіне сай жоспар жасауға тырысады. Адамның болашақта бағдарлығы көпшілігінде өткен немесе қәзіргі кезде болып жатқан оқиғаға емес, болашаққа қарай бағдарланады.
Кез келген тұлғаның психологиялық бұзылуы -мақсаттың жетістігіне жетудегі тұлғалық конструктісінің, жарамсыздығынан барып туындайды. ЯМұнда адам болатын оқиғаны болжай алмайды, осыдан барып дүниені тану және оны меңгеруге байланысты қиындықты басынан өткізеді. Келлидің пікірінше, депрессия өзінің перцевтивті алаңын минимумға дейін апарғанда жағдайда, оның мардымсыз шешім қабылдауының өзі қиынға соғады. Келли психотерапияның мақсаты- адамдардың конструктілік жүйесін өзгертуге, олардың болжам жасау тиімділік арттыруға, пациетке жаңа болжам жасауын дамытуға және оны апробациялауға, жаңа конструктінің адамдарға қолайлы болып, ол өз болжамын тексеріп көріп, сол конструктілік жүйені қалыптастыру мен қайта құруға және тиімді болжам жасауға көмектесу керек деп есептейді. Соның нәтижесінде барып қана ол өзін басқа, жаңа тұрғыда, тиімді адам тұрғысында сезінеді және талдама жасайды.
Келли, фиксированный рольде терапиялық әдісті пайдаланды және ол бірнеше кезеңдерден тұрады:
-пациент өзінің мінездемесін үшінші адам ретінде жазады (өз мінездемесін сыртекі түрде бақылаущы ретінде орындайды) соның негізінде өзін талдама жасауды және өзінің басқа адамдар мен қарым - қатынасын пайдаланатын конструктісін белгілейді;
-психотерапевт пациентке қолайлы конструктілік жүйені жасайды және бір адам фиксированный роль түрінде сипаттатады;
-пациент белгілі бір мерзім ішінде фиксированный рольді орындауда, өзін қалай алып баратындығы туралы ойлауы, ол арқылы өзінің жаңа қырын қалай ашатындығын, өз конструктісін түзетуін, өзінің нақты мінезін өзгерту ролін орындауды сұрайды.
Міне, бідің жоғарыда қарастырған мәселелеріміз тұтастау когнитивті психологиясының даму тарихы.
1.2. Когнитивті психология рөлі
Когнитивті психология XX ғасырдың 50-60 жылдарында информациялық, необихевиоризм, гешталтпсихология, құрылымдық, лингвистиканың дамуына байланысты жаңа қырынан көрінуіне және дамуына негіз болды.
Необихевиоризм - XX ғасырдың 30 жылдарында дүниеге келген американдық психологиялық бағыт. Ол бихевиоризмнің негізгі постулаты - сыртқы орта стимулдарына организмнің жауап беретін реакциясына объективті бақылау жасау оның пәні бола отырып, оған аралық өзгеріс деген терминмен толықтырады. Аралық өзгеріс - сыртқы ортадан болатын стимул мен бұлшық етінің қозғалыс жауабы аралығында болатын жанама түрдегі қызмет көрсететін факторы дегенді білдіреді. Необихевиоризм операционализм метедологиясынасүйене отырып, осы түсінік мазмұнын түсіндіруге талпынады. Классикалық биохевиоризм айналадағы қоршаған өмірден алынған мәліметке баланысты мінез-құлықтың тұтастығы мен мақсатқа сәйкестілігін түсіндіруде қабілетсіз екенін, ал необихевиоризмнің дүниеге келуі биохевиоризмнің дағдарысқа ұшырағанын көрсетеді.
Гештальтпсихология мен фрейдизм идеяларын және Павловтың жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы ілімін необиевиоризмпайдалана отырып, биохевиористік доктринаның адам психикасының биологизациясы туралы ұстанымын ұстана отырып, оның шектеулерінен жеңіл шығуға талпынады.
Гештальтпсихология - XX ғасырдың алғашқы отызыншы жылдарында Германияда дүниеге келген психологиялық бағыт.Гештальтпсихологияның ішкі, жүйелі ұйымдасу тұтастығы деген идеясы, оны құрайтын бөлімдердің қасиеті мен функциясын белгілейді. Алғаш рет қабылдауды эксперимент арқылы зерттейді. Бұл зерттеуде оның негізгі ерекшелігі: зат, образы оның айналасын құрап тұрған тәуелділік, тұрақтылық, құрылымдығын көрсетеді.
Гештальтпсихологияда адамның ойла упроцесін зерттеуде танымдық құрылымның қайта жасауында негізгі дерек болады. Соның негізінде бұл процестер тиімді сипатқа ие бола отырып, әрі формальді - логикалық операциялардан өзгещеленеді. Гештальтпсихологияның мұндай идеялары психикалық процестер туралы білімнің дамуына мүмкіндік туғызды. Күні кешеге дейін американдық және әлемдік психологияның біршама бөлігін биохевиористік деп қарастырылып келді. Шындығында мұндай түсініктің дұрыс еместігіне көзіміз жете бастайды. Батыстың жаңа ғылыми мектебі - когнитивті психологияны қайтадан дүниеге келуін революцияға теңейді. Когнитивті психологияның экстенцивті дамуы жалпы психологияны ғана емес, сонымен бірге қолданбалы психология, мысалы әлеуметтік психологияның каузальды атрубуция, когнитивті диссонанс, атракция, және т.б кең танымал тақырыптарды қамти бастады.
Когнитивті психология осы жоғарыда келтірілген психологиялардың мәселелерінің ықпалы болады. Когнитивті психология танымдық процестер - ойлау, еске сақтау, зейін, қабылдаулардың эксперименталдық зерттеуі мен теориялық моделдерін жан-жақты қарастырды.
Психологияның интернациональдығына байланысты когнитивті психологияның американдық, европалық, ресейлік түрлері бар. Әрбір елдің когнитивті психологиясының өзіндік ерекшелігімен дараланады. Мысалы, американдық когнитивті психология - мәліметтену, ол алынған мәліметтерді мыңдаған рет зерттеп болған соң ғана сол фактімен, мәліметпен жұмыс істейді, оған жүгінеді. Ал Европалықтар теория мен тұжырым жасап болған соң ғана фактімен , мәліметке жүгінеді. Ресейліктер ғылымның озық тәжірибесін тәжірибеге ендіру деген лозунгімен жұмыс істейді.
Қазіргі кездегі когнитивті психологияның негізгі жетістіктері-психикалық процестердің микроқұрылымы мен микродинамикасын эксперименталды зерттеу әдісін жасауында болды. Микроқұрылымдағы кез-келген вариант психикалық білімсіз әдейі пайдаланушылық және көзжеткізбегендік болып көрінер еді.
Когнитивті психология психологиялық процестерді - түйсіктен бастап қабылдауға дейін, образды тану, зейін, оқыту, ес, түсінікті қалыптастыру, ойлау, қиялдау, еске сақтау, тіл, эмоция және сол процестердің даму сияқты барлық диапазондарын қамтиды, сөйтіп мінез-құлықтың барлық мүмкін болатын сфераларын қарастырады.
Адамның мәлеметтерді қай уақытта өңдейтіндігін жүргізуші менполиция арасындағы қатынасты мысал ете отырып көрсетеді. Жүргізуші полицейден белгілі бір жерге қалай баруды сұрайды. Полицей сұраған объектісіне жеткенге дейін кездесетін ғимараттардың Ішкі және сыртқы ерекшеліктерін, белгілері, олардың неге арналғанын, жолдарды, сол сияқты келесі кездесетін объекті туралыда сондай мәлімет бере отырып бағдар береді. Бар жоғы екі-үш минутқа созылған сұхбаттасуда жүргізуші өзіне тиесті мәліметтыс бірнеше қосымша көптеген мәліметтерді алады. Жүргізушінің алған мәліметі соншама оны қабылдау, оған талдама жасау адамды таң қалдырады.
Егер, мұны бихевиористік тұрғыдан қарастыратын болсақ бұл мысал стимул-реакция (S-R)болып шығады. Ал енді омы мәлімет алмасудағы когнитивті тұрғыдан қарастыру үшін нақты когнитивті процестерді белгілеп, талдап, сосын оны үлкен когнитивті модельге біріктіру керек. Міне, адамның күрделі мінез-құлқының көрінісін когнитивті психология осындай позиция тұрғысынан зерттейді. Жоғарыда келтірілген жүргізуші мен полицей тақырыбына болған мысалды енді когнитивті тұрғыдан қарасталық. Ол № 3кестеде қолданылады. Таблицаның ол жағы жүргізуші мен полицей туралы сипаттамада, ол оң жағы сол жағдайға байланысты когнитивті психология тақырыптары белгілінеді.
Осы келтірілген мысалдан үлкен күрделі жүйені немесе когнитивті модель жасауға болады. Күнделікті өмірде жиі кездесетін осындай оқиғаларға когнитивті талдау жасау моделін -мәліметті өңдеу моделі деп атайды. Когнитивті моделдер - мәліметті өңдеу моделіне сүйенеді. Мәліметті өңдеу моделі кімге не үшін қажет? деген сұраққа жауап берейік.
Біріншіден, бұл адамдарға, психологтарға эвристикалық құрылымы бар әдебиеттер көлемін ұйымдастырып пайдалану үшін қажет.
Екіншіден, жалғастықтағы зерттеуге ынталандыру үшін қажет. Үшіншіден, зерттеушілікке тырысуды координациялау мен ғалымдар арасындағы коммуникациялықты жеңілдету үшін.
Міне, бұлар мәліметті өңдеу модель мақсатын жүзеге асыру үшін қажет. Когнитивті модельде бұдан басқа да альтернативті модельдер бар. Мәліметті өңдеу моделі жобасы бойынша танымдақ процесті бірнеше кезеңге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті психологияның даму мәселелері
Түркі халықтарының адамгершілік туралы ой-пікірлері мен когнитивтік көрінісі
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Психологиялық әдістердің түрлері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыру
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Жарнама туралы түсінік
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Пәндер