Жалпы қабылданған тілдік нормалар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
" БАСҚАРУ ЖӘНЕ БИЗНЕС " ФАКУЛЬТЕТІ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Мәдениет тілі.
Орындаған: Бегім Н. А.
Тобы: ЭФ 20-8к
Қабылдаған: Нурпейісова Д. С.
Шымкент , 2020 ж.
Жоспар:
Мәдениет тілі.
- Тіл - қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі ретінде.
- Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде.
- Жалпы қабылданған тілдік нормалар.
Тіл - қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі ретінде.
Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт.
“Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы” К. Маркс айтуы бойынша. Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Тіл мен ойлау өзара байланысты.
Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар:
Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі;
Екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар.
Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер болмыспен байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары.
Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте күрделі болуымен байланысты.
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер тағы басқалар рухани өмір табыстарының жиынтығы да, тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі.
Сонымен қатар ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық ғана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалык, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксиста, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы.
Тіл мәдениеті екі салаға бөлінеді:
- баспасөз тілінің мәдениеті
- сөйлеу тілінің мәдениеті.
Олардың қарым-қатынасы нәтижесінде баспасөздің сөйлеу
тіліне тигізетін әсері күшті. Баспасөз тіл мәдениетінің дәрежесі әдеби тілдің сапасы қандай екендігіне өлшем бола алады.
Сөз мәдениеті - әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан
нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру сөз мәдениетіне жатпайды. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр.
Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде.
Ұғыну, түсінудің сұхбаттығы оған аяқталмаған, шектелмеген қасиет береді. Айтылған сөз естуді, ұғынуды қажет қылады. Ол да бір сұрақтың әлемдегі бір жауабы. Осылайша, мәңгілік шексіз ұмтылыс . . . Текстің өз бітімі белгілі бір мәдениетке қатынасты, сол мәдениеттегі қалыптасқан ортақ тілдік, стильдік кеңістіктен шығады. Ал текстің мазмұны текстің өзінің ішкі шекарасына сыймайды, оның мазмұны түгелдей дерлік түп-тамырымен мәдениетер контексінде орналасқан. Автор мен интерпретатордың дискурсы, контексі бір болса, онда тексті түсіну еш қиыншылықсыз еркін түрде өтеді. Ал бөлек болған жағдайда интерпретатордың арнайы білімін қажет етеді. Осы тұста М. Бахтин «үлкен уақыт» терминін енгізеді. «Үлкен уақыт» алғашқы мән-мағынаның дән іспеттес өсіп-өніп, өзінің бастапқы шегінен шығуының куәсі, мән-мағынаның негізін өзгертпей барып өзгеріске ұшырауының куәсі. Үлкен уақытта мән-мағына өзінің бастауынан ағып шығып, бірақ өз арнасын жоғалтпаған өзен іспеттес алға жылжи береді.
Ұғыну, түсіну барысында төрт сатыны байқауға болады. Олар шынайы ұғыну процесінде бөлінбестей бірігіп тұрғанымен де, танымдық процесс барысында әрқайсысы өз қызметін атқарады:
- Тексті қабылдау
- Берілген тіл шеңберінде текстің негізгі мағынасын түсініп, тану;
- Нақты осы мәдениет контексінде оны ұғыну;
- Осы текстің мазмұнын белсенді сұхбаттық түсіну процесі.
Тексті түсіну үшін дәлме-дәл, сөзбе-сөз оқу шегінен шығу керек: текст авторының көзқарасына және оның дүниетанымына, автордан тыс адамдардың «дауысына», яғни қоршаған әлеуметтік орта көзқарасына қанық болу керек әрі осы текст соған жолданған-ау дейтіндей мүмкін адресатты да көз алдыңа елестете білу қажет. Текстің сұхбаттық жүйесіне потенциалды түрде енген ұғыну, түсіну, талқылау осы текстің мағынасын өзгерістерге ұшыратады. Тексті түсіну үшін оның басқа текстермен және мәдени контексімен қатынасын білу қажет. Бұл жерде ең кем дегенде үш мәдени контекст белсенді түрде қатынасқа түседі: суреттелген оқиға контексі, текст авторының контексі және зерттеушінің өзінің контексі.
Текст талқылаушысы өзінің зерттеу объектісіне қатынасты белгілі бір белсенді позицияда, бірақ оның белсенділігі жаратылыстанушының белсенділігінен өзгешерек, өйткені интерпрератор сұранушы да, келісуші де, қарсыласушы да, итермелеуші де. Ол текстпен басқалармен кездескендей кездесіп, сұхбаттасу керек. Зерттеуші текстен автор айтам дегеннен де көп мағынаны тауып алады, өйткені текст үлкен уақытта өзінің авторынан тәуелсіз өзіндік өмірін бастап та жіберген болатын.
Осы жоғарыда айтқандардың бәрі белгілі бір филологиялық немесе әдебиеттанушылық текстерге ғана қатысты емес, жалпы мәдениетке тиесілі. Метадеңгейде мәдениеттің өзі де үлкен метатекст ретінде қарастырыла алады. Мәдениет те текст іспеттес өзіндік шекараларымен ғана шектелмей солардан шығып кетуге дайын тұрған толықсыған құбылыс. Мәдениеттің шынайы мәні оның өзінде емес, оның басқа мәдениеттермен белсенді қарым-қатынасында, сұхбатында. Сондықтан да ол үнемі «шекаралық жағдайда» өмір сүреді, яғни өзінің басқалармен шекараластығында, бірлесе қоян-қолтық араласуында өз шындығын, өз мәнін табады М. Бахтин О. Шпенглердің өзімен-өзі шектелген мәдениеттер теориясын құптамайды. Ол мәдени релятивизм мен агностицизмге апаратын жол деп есептейді. Мәдениетті түгелдей дерлік сол мәдениет тәніне бойлап еніп қана түсінуге болады деу дұрыс емес. Әрине, басқа мәдениетті түсіну үшін оған біраз бойлап, тереңдеуің қажет-ақ. Бірақ, белсенді ұғыну өз-өзінен, өзінің уақыттағы орнынан, өз мәдениетінен бас тартпайды. Ұғынудың ұлылығы оның түсінуге тырысқан ұғынушысының түсінейін деп отырған объектісіне, субъектісіне қатынасты сыртқарылығында - кеңістіктегі, уақыттағы, мәдениеттегі шеткерілігінде . . . «Бөтен мәдениет өзін толығырақ, тереңірек тек басқа мәдениет арқылы ашады. Бір мағына өз тереңін басқа, бөтен мағынамен кездескенде ғана байқайды: олардың арасында мағынаның біржақтылығын, шектілігін жоққа шыгаратын белсенді сұхбаттық қарым-қатынас басталады. Біз басқа мәдениеттің өзіне-өзі қоя алмаған сұрағын қоямыз, оған жауап іздейміз, сөйтіп, басқа мәдениеттің ашылмаған қыр-сырын, бүгешігесін жарыққа шығарамыз. Өз сұрағыңсыз басқаларды тану мүмкін емес . . . Мұндай сұхбаттық кездесу барысында мәдениеттер бір-бірімен араласып, бір-бірінде өздерін жоғалтып алмайды, қайта өздеріне бұрын белгісіз бағалы тұстарын айқындап, толығып байиды».
Үлкен уақытта барлық мәдениеттер бір-бірімен жақын араласа, бірін-бірі айқындай, бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді. Мәдениетті талқылау, түсіну принципті түрде ашық, аяқталмаған, тәмамдалмаған процесс. Сондықтан да, гуманитарлық ілімдер, әсіресе мәдениеттанудың өзі табанды түрде аяқталмаған. Оның таным аппараты да жүйеленіп, тиянақты жетілмеген, сондықтан болар, оның терминдерінің жылжымалылығы, таным-тәсілінің қатаң сақталынбауы, нақтылықтың аздығы және т. е. с . . .
Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады. Мысалы, мәдениетті рәміздік ойлау түрі арқылы анықтаған Э. Кассирердің, мәдениетті психофизиологиялық деңгейде қарастырған 3. Фрейдтің және тағы басқалары концепциялары соның куәсі. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап батыс ойшылдарының арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік «тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтауышы деп бір ауыздан қолдап отыр». Бүгінде тіл негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүткіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феноменология, экзистенциализм, аналитикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т. е. с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарымқатынас саласы ретінде анықтайды. Рухани әлемдегі мұндай өзгерістердің лебі мәдениеттану саласынан да байқалады. Мәдениеттің өзін метатіл ретінде анықтап, оның бойындағы коммуникативтік мүмкіншіліктерді негіздеу барысында лингвистикаға басты назар аудару заңды іс. Өйткені, соңғы 50-60жылдар аралығында қарым-қатынас, коммуникация мәселесін жан-жақты зерттеген бірден-бір сала - осы лингвистика.
Жалпы қабылданған тілдік нормала.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz