ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ


- МАЗМҰНЫ
- КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі ең лас аймақ болып табылады. Демек, ел аумағының экологиялық ластануы адамзаттың өмір сүруін тоқтататындай жағдайға таяуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында күн тәртібінде республикадағы экологиялық ахуалдың арнайы қаралуы осының айғағы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 6 ақпан 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысты бірнеше бағыттағы өзгерістер енгізу қажеттігін атап көрсеткен. Соның ішіндегі төртінші бағытында - жеке меншік тұрғын үй құрылысында индустриялық, арзан және экологиялық таза технологияларды игеру басымдыққа ие болуға тиіс. Шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін кеңінен қолдану керек деп атап өтті.
Үкімет осымен бір мезгілде өзінің күш- жігерін қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгізуге жұмылдыруы тиіс делінген [1] .
Яғни кез-келген салынып жатқан немесе болашақта салынатын құрылыс кешендері тек қана экологиялық стандартқа сай, қоршаған ортаға зияндарын тигізбейтіндей жан-жақты зерттеліп барып құрылысын жүргізуі тиіс.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында баршаға мәлім болған деректердің негізінің өзінде, экологиялық мәселенің ең күрделі, әрі көкейтесті екендігіне көз жеткіземіз. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басына дейiн Арал теңiзi әлемдегi ішкі теңiздердiң аумағы бойынша төртінші орында болды. Оның аумағы 64, 5 мың шаршы километрге жетті, тереңдігі - 68 метрді құрады. 60-шы жылдардан бастап Арал теңiзiне құятын сулар лезде азайды. Теңiз аумағы теңiз түбінің үш миллионнан астам гектарын жалаңаштап екі есе қысқарды. Теңiз деңгейi 19 метрге төмендедi, көлемi 1064-тен 210 км 3 -қа қысқарды. Теңiз суының минералдануы 33, 3-тен 60 г/л-ға дейiн екі eceге жуық көтерiлдi. Арал өңiрiнде пайда болатын, тұзды-шаңды ағыстар ғарыштан түсiрiлген суреттердiң деректерi бойынша 150-300 және одан да үлкен километрлерге таралады. Шаңның таралу және шөгуi аймақтарының көлемi шамамен 25 млн. гектар құрайды. Арал теңiзi айдынының апатты қысқаруы аумағында 178 елдi мекен орналасқан, 186, 3 мың адам тұратын экологиялық апат аймағы деп, мәлiм болғандай, Арал өңiрiн жариялаудың себебi болды. Ауыз сумен қамтамасыз ету негізiнен, ашық су қоймалары мен әкелiнетін сулардың есебiнен, 25% құрайды. Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы №520 қаулысымен 2004-2006 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама бекiтiлдi [2] .
Семей аймағы (Семей ядролық сынақ полигоны - СЯСП) полигон әсерiмен сипатталатын, денсаулық пен ауру жай-күйінің негiзгi көрсеткiшi бойынша ең қолайсыздың бiрi болып қалуда. СЯСП-да ядролық қаруды сынау нәтижесiнде Қазақстан халқының денсаулығына келтірiлген зиянды бағалау жүйесі түпкілікті анықталып әзiрленген жоқ және шаралардың тиiстi кешенiн жүргiзудi белгілейдi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы №182-і өкiмімен құрылған Ведомстволық жұмыс тобы бұрынғы әскери-сынақ полигонын, оның iшiнде, СЯСП-ны зерттеу үшiн кешендi бағдарлама әзірлеуді жүргiзуде. Бағдарламада осы жерлердегі нақты радиациялық жағдайды анықтау үшiн жерлердi қайта өңдеу, оңалту iс-шараларының кешенін әзiрлеу және орындау жөнiндегі жұмыстарды одан кейінгі жүргiзумен iрi көлемдi ғылыми зерттеулер көзделетін болады. Толық көлемдi зерттеулерді полигонның өзінің жерлерінде ғана емес, сонымен, полигонға жақын аудандар аумақтарында да жүргiзу қажет.
Каспий теңізiнің көмірсутегi ресурстарын игеру бастылары балық аулауға кедергi келтіру, теңiз түбiндегі бұзушылықтары, балықтар миграциясының бұзылуы, айдынды шеттету, судың лайлылығын арттыру, өндiру және тасымалдау кезiнде технологиялық, авариялық төгiнділер, шығарындылар және жайылулар болып табылады. Каспий экожүйесiнiң бiрегейлігін ескере отырып, тиістi экологиялық талаптар мен стандарттармен шаруашылық жүргізудің ерекше шарттарын әзiрлеу қажет. Каспийдiң солтүстiк және солтүстік-шығыс тайаз қайраң аймағы негізін бентостық, планктондық жануарлар мен балдырлардың үлкен әртүрлiлiгi құрайтын балықтар мен (оның ішінде бекiре тұқымдастар) құстардың табиғи молаюының бай таралу аймағын бiлдiредi. Қайраң аймағының және Еділ мен Жайық өзендері атырауының аумағы 1974 жылдан бастап қорық аймағы болып жарияланған, бiрақ оны зоналауды қорық режимiмен учаскелердегі жұмыстарды толық тыйым салу үшін аяқтау талап етіледі. Теңiздiң солтүстiк шығыс бөлігiндегi аралдарда Каспий итбалығының негiзгі мекен ету ортасы, ал батпақты-сулы алқаптарда суда жүзетін құстарды, оның iшiнде көшiп-қонып жүретiн құстар мекен етедi. Каспий экожүйесiнiң бiрегейлігін ескере отырып, тиістi экологиялық талаптар мен стандарттармен шаруашылық жүргізудің ерекше шарттарын әзiрлеу қажет [3] .
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Тақырып бойынша арнайы әдебиеттерді зерттеу және талдау келесі қорытындыны жасауға негіз болды. Экологиялық қылмыстар саласында келесідей отандық және ресейлік ғалымдар іргелі зерттеулер жүргізген: Э. Н. Жевлаков, А. Ю. Колыско, Т. М. Е. О. Маляев, Ю. И. Ляпунов, В. Д. Пакутин, Ю. С. Шемученко, Ә. Қазбаева, С. Молдахметова және т. б. еңбектерінде зерттеліп кеткен.
Соған қарамастан экологиялық қылмыстардың қылмыстар құрамын ары қарай терең зерттеуді қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеудің нысаны. Зерттеу нысаны - экологиялық қылмыстардың құрамы үшін қылмыстық жауаптылыққа және жаза тағайындауды көздейтін қылмыстық заң нормаларының қолданылу аясындағы қоғамдық қатынастар болып танылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәнін - экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты және жазаға тартуды реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нақты нормалары, әр - түрлі теориялық көзқарастар және сот - тергеу тәжірибесінің материаладры құрайды.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - экологиялық қылмыстардың теориялық және тәжірибелік мәселелерін кешенді түрде зерттеу, экологиялық қылмыс құрамын қылмыстық құқықтық белгілерін талдау және қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
-экологиялық қылмыс құрамдарын талдауға байланысты олардың даму заңдылықтарын анықтап, оларға жаңаша көзқараста анықтамалар беру;
-экология саласындағы қылмыстық іс-әрекетіне байланысты қылмыстық заңнаманы жетілдіру үшін нақты ұсыныстар жасау және оларды негіздеу;
-экологиялық қылмыстарға байланысты жаза тағайындауға байланысты санкция шараларын жетілдіру;
-экология қылмыстарын басқа да экологиялық құқықбұзушылықтардан ажырату;
Дипломды қорғау үшін ұсынылатын тұжырымдар:
Қазіргі кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасындағы экологиялық қылмыстар жөніндегі қылмыстық заңнамаларды жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар беру қажет.
Экологиялық қылмыс құрамын саралауда экология саласындағы басқа да құқықбұзушылықтардан ажыратуда сот тергеу тәжірибесінде туындайтын проблемаларды анықтау.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген қылмыстық заңнамадағы экологиялық қылмыстардың санкциясындағы кейбір жаза түрлерін жетілдіру қажет.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Дипломдық жұмыс рефераттан, глоссарийден, кіріспеден, екі бөлімнен, тоғыз бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қоршаған ортаға келтірілген зиянның ұғымы мен ерекшеліктері
Экологиялық зиян ұғымын белгілеу, оның жалпы сипаты мен ерекшеліктерін айқындау проблемасы бүгінгі таңда әлеуметтік және құқықтық зор мағынаға ие болып отыр. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ол қоршаған ортаның ауыр күйімен байланысты. Соңғы кездері қоғамдық экологиялық қатынастарға қол сұғудың әлеуметтік заңдылығының елеулі түрде өзгергені күмән тудырмайды, қайта ол келтіретін зиянның сипаты күрделене түсіп, іс жүзінде әр қырынан танылып отыр. Кей жағдайларда оның жағымсыз салдары ұзақ уақыттан кейін және мүлдем өзге аумақта пайда болуы ықтимал. Бұл оның шекарамен теңдесетін табиғатын танытады.
Сонымен бірге, экологиялық құқық теориясында экологиялық зиян ұғымын зерттеуге көп мән берілмеуде.
“Экологиялық құқық бұзушылық” және “экологиялық зиян” ұғымдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу қажеттілігіне 80-ші жылдардың басында белгілі ғалым С. Б. Байсалов назар аударған [4] . Қазақстандық құқықтық әдебиетте экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша жекелеген зерттеулер шығып, онда қаралып отырған мәселенің кейбір аспектілері өз шешімін тапты [5, 25 б] . Сонымен бірге, экологиялық зиян ұғымының жалпы жұршылдыққа танылған бірыңғай анықтамасы әзірше жоқ.
Экологиялық заңнаманы бұзу салдарынан келтірілген зиянның ұғымы туралы мәселе тиісті құқық бұзушылық объектісі ұғымымен тығыз байланыста қарастырылады, себебі заңсыз әрекеттердің салдарынан нақ осы экологиялық ортаның өзіне зиян келтіргендіктен ол жалпы құқық бұзушылық объектісіне айналады.
Заң әдебиетінде заңсыз құқық бұзушылық болмайды деп әділ айтылып жүр, қандай да болмасын құқық бұзушылық зиян әкеледі, себебі қоғамдық қатынастар қол сұғу объектісі болып табылады.
Кейбіреу экологиялық құқық бұзушылық объектісі ретінде материалдық және материялдық емес игіліктерді, атап айтқанда, заң бойынша ластаудан, тозу және күйреуден қорғалатын табиғи объектілер мен кешендерді, сондай-ақ жалпы қоршаған ортаны, табиғи ортаның сапасына байланысты адамның денсаулығы мен материалдық құндылықтарды не қоршаған ортаның сапасын, басқалары-құқық қорғау мүддесін алып жүр [6, 13 б] . Кейбір ғалымдар заң тұрғысынан маңызды әлеуметтік қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалардың ажырамас байланысы туралы тұжырымға негіздеп, құқық бұзушылық объектісінің құрамына заңнаманың табиғатты қорғау және табиғи ресурстар саласындағы нормаларын және олар реттейтін қоғамдық қатынастарды енгізіп отыр.
Міне, осы айтылғандар экологиялық құқық ғылымындағы осы құқықтық санат бойынша біркелкі түсініктің жоқтығын білдіреді.
Бізге экологиялық құқық бұзушылық объектісі ұғымын экологиялық сипаттағы қоғамдық қатынастардың күрделі тұтас кешені ретінде қарастырып отырған ғалымдардың көзқарасы жақын.
Мысалы, қазақстандық ғалымдардың “Правовое обеспечение рационального природопользования” атты еңбегінде экологиялық құқық бұзушылық объектісі адамның қызметі мен қоршаған ортаның арасындағы тиімді қарым-қатынасты қолдануға, табиғи байлықты сақтап, қалпына келтіруге, оларды тиімді пайдалануға бағытталған, қоғам қызметінің нәтижелерінің тікелей немесе жанама түрде табиғатқа және адам денсаулығына зиянды ықпалының алдын алатын шаралар жүйесін жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар, сондай-ақ мемлекеттің табиғи объектілеріне жеке меншікті қорғау жөнінде қалыптасқан қатынастар ретінде берілген [7, 117 б] .
Осы соңғы көзқарасты қолдай отырып, қазіргі өзгерген экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайлар бұл ұғымды кеңейтіп, оған субъективтік экологиялық құқықтарды (оның ішінде табиғи ресурстарға мүліктік құқықтарды) қорғау бойынша қалыптасқан қоғамдық қатынастарды қосуды талап етеді.
Сонымен, құқық нормалары арқылы реттелетін және қорғалатын, табиғи ресурстарға меншік және өзге мүліктік құқық қатынастардан, табиғатты пайдалану саласындағы басқарушылық қатынастарынан, қоршаған ортаны зиянды әсерден қорғау жөніндегі қатынастардан, субъективтік экологиялық құқықтарды және адам мен азаматтың заңды құқықтарын қорғау жөніндегі қатынастардан тұратын, жалпы қоршаған орта мен оның жеке құрамдары бойынша қоғамдық қатынастардаң жиынтығы экологиялық құқық бұзушылық объектісі болып табылады.
Мұндай түсінік экологиялық заңсыз әрекет нәтижесінде жағымсыз әсер алуы мүмкін алуан түрлі әлеуметтік қатынастардың тұтастай кешенін қамтиды.
Экология саласындағы мамандар экологиялық құқық нормаларымен тыйым салынған әрекеттер жасалған кезде экологиялық қатынастарға зиян, әдеттегідей, сол қатынастардың нысанына әсер ету арқылы жүзеге асырылады деп есептейді [8, 108 б] .
Қоғамдық қатынастарға себеп болған құбылыстар сол қатынастардың нысанасы болып табылады және оның субъектілерінің танымдық және практикалық қызметі жүзеге асырылады. Экологиялық қатынастар нысанасы әрқашанда материалдық нысанан екені белгілі, себебі қоршаған орта мен оның құрамы материалдық қабаттан тұрады.
Демек, жалпы табиғат объектілері мен қоршаған орта материалдық, басқаша айтқанда, заттай объектілер болып табылады. Олар арқылы экологиялық құқық қатынастары қарым қатынастарын белгілі бір қырлары мен қасиеттері танылады.
Құқықтық қорғауға алынған табиғи объектілердің шеңбері ҚР Экологиялық кодексінің 1-бабында белгіленген. Оларға: атмосфералық ауа, су, жер, оның қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ климат жатады [9] .
Табиғи объектілердің қоршаған ортаның ажырамас құрамы ретінде міндетті түрде мынадай белгілері:
1) табиғи жаратылысы;
2) экологиялық жүйелермен өзара байланысы болуы тиіс.
Бұл белгілерінің екіншісінің анықтаушы маңызы бар, себебі заңсыз әрекетті экологиялық құқыққа қарсы әрекеттер қатарына жатқызу үшін ол жасалған кезде құқыққа қарсы әрекеттің заты қоршаған ортамен өзара табиғи байланыста болуға тиіс. Бұл белгі бойынша үй жануарларын ұрлауды, зоопарктегі жабайы аңдарды жоюды және т. б. экологиялық құқық бұзушылықтарға жатқызуға болмайды.
Жоғарыда айтылғандардың маңыздылығына қарамастан, осы санатпен байланысты мәселелер мұнымен шектелмейді. Осы орайда “экологиялық құқық бұзушылық салдарынан келтірілген зиян” және “экологиялық зиян” ұғымдарының ара қатынасын ашып көрсету қажет.
Бұл үшін кейбір бастапқы ережелерді анықтап алайық. Біріншіден, заңмен қорғалатын кез келген қоғамдық қатынастарға қол сұғудың негізгі құқықтық тәртіпке келтірілген зиян.
Сонымен бірге, жекелеген жағдайларда құқықтық нормалармен қатар субъективтік құқықтар бұзылып, құқық бұзушылықтың нысаны - нақты мүліктік және мүліктік емес игіліктердің маңызы төмендетіліп жатады.
Сондықтан, заң әдебиетінде зиянның екі түрі көрсетіледі - заң-әлеуметтік және нақты зиян. Бұл орайда, нақты зиян (субъективтік құқықты бұзу, мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің маңызын төмендету) болмаса да, заң-әлеуметтік маңызы бар зиянның туындауы мүмкін екендігіне назар аударылады.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: кез келген құқықтық экологиялық талаптарды бұзушылық қоршаған ортаға оның сапасын нашарлату немесе санын азайту арқылы нақты зиян келтіре бермейді.
Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде экологиялық құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянды былай топтастыруға болады;
1) жалпы экологиялық құқықтық тәртіпке келтірілген зиян (заң-әлеуметтік мағынадағы зиян) ;
2) қоршаған ортаның сапасын нашарлату немесе сандық көрсеткіштерін азайту арқылы келтірілген нақты зиян.
Экологиялық құқық бұзушылықтар арқылы келтірілген нақты зиян да өзінің құрылымы бойынша біркелкі емес. Біздіңше, кейбір экологиялық заңдарды бұзушылық, мысалы, заңсыз аң, құс, балық аулау, заңсыз ормандағы ағаштарды кесу және т. б., қоршаған ортаның сапасы және экологиялық тепе-теңдікті сақтау тұрғысынан жағымсыз экологиялық салдарға соқтырмайды, бірақ табиғи ресурстардың меншік иесі-мемлекетке немесе жекелеген табиғат пайдаланушыға мүліктік зиян келтіреді.
Сондықтан, мұндай зиянды топтастыру үшін қоршаған ортаға келтірілетін жағымсыз әсерлердің экологиялық тұрғыдан неғұрлым маңыздыларын егжей-тегжейлі қарастырған жөн.
Экологиялық зиян, біріншіден, қоршаған орта күйінің сапасына келтірілетін болғандықтан, оның сипаттамасын берер алдында құқықтық қорғау нысанасының дұрыс, бұзылмаған қалпының сипаттамасын беру керек. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның сапасы түсінігін беру керек.
Заң әдебиетінде қоршаған ортаның сапасы мәселесі туралы біраз айтылып жүр. Кейде қоршаған ортаның сапасы деп адам мекендеген орта ішіндегі, адам мен оның мекендеген ортасы арасындағы заттар мен қуаттардың үнемі және тұрақты түрде алмасуы қабілетін сақтаған, шаруашылық қызмет барысында жетілдірілген және өзгерген табиғи экологиялық жүйелердің күйі деп түсіндіріледі. Кейбір авторлар қоршаған ортаның сапасы биологиялық, химиялық және өзге де қасиеттермен белгіленеді деп көрсетеді, үшіншілері оны-табиғи ортаның нормативтік жағынан бекітілген, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген, адам мен қоғамның дамуының осы кезеңінде олардың биологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени талаптарын қанағаттандыратын жиынтығы деп нақтылай түседі.
Қоршаған ортаның сапасы төмендегі өлшемдердің жиынтығымен сипатталады.
1. Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, қоршаған ортаның адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы күйі оның сапасының өлшемі болып табылады. Табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өзара байланысы мен өзара шарттасуын ескерсек, адам өзінің мекендеген табиғи ортасымен өзара әрекеттеседі. Адамның табиғи физиологиялық - дем алу, шөл басу, тамақтану сияқты қажеттіліктерін табиғаттың жеке элементтері тікелей қанағаттандырады. Ал, бұл-қоршаған ортаның биологиялық тұрғыдан тазалық (ластанбаған) өлшеміне сәйкес келу қажет екенін білдіреді.
2. Табиғи байлықтар өздерінің экономикалық қасиеттеріне және белгілі экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты адамдардың әртүрлі материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру көзі болып табылады. Осының салдарынан адамның минералды ресурстарды, өсіидіктер мен жануарлар өнімдерін пайдаланбауы мүмкін емес, ал бұл қоршаған ортаның кейбір құрамының санының азаюына әкеп соқтырады. Нәтижесінде сапалық өзгерістер (экологиялық тепе-теңдіктің, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, т. с. с. ) туындауы мүмкін. Алайда жаңартылатын табиғи ресурстарды олардың өзінен өзі қалпына келуінің табиғи жолдарын есекере отырып, оларды ақылмен және ғылыми негізде пайдалану немесе жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтынудың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан негізделген режимі қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына шектеу болар еді.
Сонымен, экономикалық тұрғыдан қоршаған ортаның сапасы адамзаттың даму барысына көбейе түсетін материалдық қажеттіліктерін (өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, энергетика, көлік т. б. ) қанағаттандыруды қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, қоршаған ортаның қолайлы күйінің экономикалық көрсеткіштері оның ресурстарының сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресурстарының өндірушілік қабілеті.
3. Әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда қоршаған ортаның сапасы адамның эстетикалық, рекреациялық, ғылыми, мәдени қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, себебі табиғатпен қарым-қатынас барысында адам өзінің физиологиялық және материалдық қана емес, сонымен бірге рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұған осы орайда қоршаған ортаның сапасын алуан-түрлілік және эстетикалық байлық сияқты өлшемдерге жауап беруі қажет.
4. Құрылымдық функционалдық тұрғыдан алып қарағанда қоршаған орта экологиялық орнықтылық (экологиялық құрамдастардың балансы), табиғи экологиялық байланыстардың сақталуы сияқты өлшемдерге сәйкес келуге тиіс.
Сонымен, қоршаған орта сапасының өлшемдеріне:
1) қоршаған ортаның тазалығы (ластанбағандығы) ;
2) табиғи ресурстардың сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресурстардың өндірушілік қабілеті;
3) алуан түрлілік және эстетикалық байлық;
4) экологиялық орталық және табиғи экологиялық байланыстардың сақталуы жатады.
Бұл қоршаған орта келтірілетін зиянның құрылымына не әлеуметтік-мәдени, не экономикалық, не биологиялық аспектілердің барын білдіреді. Сондай-ақ олардың жалғаса пайда болуы мүмкін. Экологиялық тепе-теңдіктің жоғалуына әкеп соқтыратын, табиғи экологиялық байланыстардың құрылымдық-функционалдық бұзылуы экономикалық және (немесе) биологиялық аспектілердің деңгейіне байланысты.
Сонымен, экологиялық зиян деп қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудың нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйі сапасының нашарлауын немесе жағымсыз экологиялық салдарға әкеп соқтыра алатын оның санының азаюын, сондай-ақ осымен байланысты заңмен қорғалатын материалдық және материалдық емес игіліктердің, оның ішінде адамның өмірі мен денсаулығының азаюын ұғынған жөн.
Қоршаған ортаның қандай да болмасын жекелеген құрамына жағымсыз әсер оның жалпы жай-күйінің әсер ететіндіктен жеке табиғи объектілерге зиян келтіру туралы тікелей айтылмайды. Сондықтан табиғи объектіге келтірілген зиян қоршаған ортаға келтірілген зиянның түрі болып табылады.
Экологиялық зиянның ерекшеліктерінің анық көрінетініне ғалымдардың барлығы ортақ [10] .
Біріншіден, жағымсыз антропогендік әсер көбіне нақты табиғи объектіге тікелей зиян келтіріп қана қоймай, онымен байланысты басқа да объектілерге немесе жалпы қоршаған ортаға зиян келтіреді. Бұл бұзылған жойылған объектінің барлық табиғат жүйесімен экологиялық байланыстардың жойылуына әкеп соқтырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz