Топырақтың бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасы мен алмастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

А. Жел және су эрозиялары

Б. Топырақты эрозиядан қорғау

В. Топырақтың ластануы

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер «Экология» кітабы

Кіріспе

Топырақ ресурстары - жер бетіндегі тіршілікке қажетті маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы - атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзу мен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

Литосфера (грекше lithos - тас, sphair шар) - жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы

30-80км болтын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.

Топырақ . Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымы атмосфера циркуляциясында .

Байқалатын үлкен немесе геологиялық заттардың топырақ өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы - немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-бірімен тығыз байланысты.

Топырақтың табиғи ландшафтар мен экожүйелердегі маңызы зор оны жекеленген экожүй деп қарастыруға болады.

Топырақтану ғылымның негізін салушылардың бірі В. В Докучаев 20 ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи - тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.

Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М. В. Ломоносов ғылыми анықтама берді, топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.

Топырақ ресурстары - Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмаймыз. топырақ биосфераның компаненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе- теңдікте сақтап тұра алатын өзіндегі тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. адамдарға азық- түлік пен жануарларға қөректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы - атмосфералық жауын - шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажеттік қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзу мен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

Топырақ - сыртқы орта жағдайларында жылу, су, ауа мен микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс- әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.

Топырақтың құнарлылығы - оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректі элементтерімен, суменжәне ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтежесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі .

Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алмайтын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема тапырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қлпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау.

Топырақтың деградациялануының (лат. - төмендеу ) негізгі факторлары:эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану т. с. с

Топырақтың қорғау мен бақылау объектісі ретінде қоршаған ортаның басқа объектілермен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда әлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазарту қасиеті жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбейе береді.

Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріп жатады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады.

Эрозия - термині латынның erodere - бұзу деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз - топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады:топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығы шамамен 0, 5-0, 2 см/100 жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18см болаты осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-7000 жыл қажет болған болар еді, бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.

Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.

Қалыпты эрозия - орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.

Жылдам эрозия -табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді.

Кең таралған эрозиялардың түрлері:жазықтық, сызықтық дефляция, ирригациялық, өндірістік, абразия жайылымдық.

Жазықтық эрозия -тау беткейлеріндегі жоғары гаризонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.

Сызықтық эрозия - тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.

Жел эрозиясы, не дефляция - топырақтың жоғары құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.

Ирригациялық эрозия - суармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады. . Бұл су топыраққа сіңіп үлгірмейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болса да тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.

Өндірістік эрозия - пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай құбырларын салу кезінде байқалады.

Абразия кезінде(өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы) жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кемиді.

Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.

Механикалық эрозия - ауылшаруашылық техникаларың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті -биологиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ -да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млрд доллар шығын әкеледі.

Жерорта теңізінің жағалауларына орналасқан елдердің топырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегінің шөлді сиссарлары мен Солтүстік Африканың шөл далалары, Австралия, Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бірқатар жерлері эрозияға ұшыраған.

Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нәтижесінде жүреді

Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді. Бұл зардаптарды болдырмаудың тиімді жолы - топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқа да машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.

Топырақтың эрозиясымен күресу - егін шаруашылығы негізгі мәселелердің бірі.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі шаруашылық ұйымдастыру жұмыстары. Бұл - территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ -эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс - шараларын жүргізеді.

Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзімді қабаттарды жасау да жатады. Дефляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптерді өсіру арқылы ауспалы егісті қолдану өте тиімді болып саналады.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман-милиорация жұмыстарын жүргізу де үлкен роль атқарады. Топырақты құрғақшылық пеныстық желдермен, эрозиядан сақтауда ормандар егудің өте қолайлы екендігін көрнекті ғалымдар А. Болотов, В. Докучаев, Н. Сибирцев т. с. с үнемі атап көрсеткен.

Эрозиямен күресу жолдары:

1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктердің жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эрозиялардан қорғау
Танаптарда табиғат қорғау жүйесі
Топырақты эрозиядан қорғау
Ауыспалы егістікте органикалық заттардың балансын есептеу
АТМОСФЕРА — БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІҚҰРАМ БӨЛІГІ
Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары
Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі
Қалдықсыз технология
Литосфера ластаушылары, қаупі және одан қорғану
ҚР топырағының экологиялық мәселелері. Эрозия және дегредациясының әсерінен жер ресурстарының бұзылуы. Мұнай химиялық заттардың, ауыр металлдардың, органикалық заттардың топыраққа әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz