Экономикалық теория ғалымы ретінде және оның әдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық теория негіздері
Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1. Экономика және оның рөлі
2. Экономикалық теория ғалымы ретінде және оның әдісі
3. Меншік және әлеуметтік экономикалық қоғам құрлысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір
бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің
негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы,
заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты
қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму
заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге
әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-
қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің
жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок
экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды
айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай
соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды.
Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық,
экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның
ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары:
адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері
әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа
айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм"
сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын
пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл
қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда
орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру
болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен
процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік
қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының
өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-
экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында
ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен
жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи
орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек
белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие
болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне
қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок
қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір
кезеңдерін басынан өткізуде.
Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат
әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік
кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары
дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары
технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас
экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок
орталықтарыңда тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның
өзінде ең негізгі мәселе — макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл
арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше кеңіл
бөлуде болып отыр.

1.Экономика және оның ролі.
2. Экономикалық теория ғалымы ретінде және оның әдісі.
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы —
экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың
баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде
экономика мәселелерінен мағлүмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына
жаткызбак тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды.
Экономика мен саясат тығыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес
елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың,
жеке үлттардың коғамдық сана-сезімін жандандырып олардың экономикалық ой-
пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.
Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің
орнына экономиялық теорияның жалпы негіздері деп оқу процесін жалғастыру
қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудың ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге,
онымен бірге әлемдік экономикалық ой-пікірдің тиімді, елеулі деген үлгісін
пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның
ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине,
тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы
құрамындағы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция,
халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы қажет. Кеңес Одағында
Шығыс Еуропадағы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең көлемді
экономикалық дағдарыс басталды да, онын көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын
қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл
белсек, 1985 жылы басталған қайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында
әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет
деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы
экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы
дағдарыстан шығарудың басқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес
Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде
Қазақстан да ілгері дамудың, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей
бастады. Осы қиын-қыстау кезеңде Республика Президентінің стратегиясы
жариялан-ды. Бүл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15—20 жыл
мөлшерівде экономикасы дамыған елдер қатарына косылуды, демократиялық
қүқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың
шешуші кепілі экономиканы еркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, сол
сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп
бұйымдарын кебейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-
ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок
инфрақұрылымын қалыптастыру. Оңдаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған
социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары жөнінде
шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Экономикасы
тиімді дамыған елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ХХІ
ғасырдың қарсаңында рынрктық қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай кептеген
күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Экономикада
әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы
шарттар жасау мақсаты жүзеге асырылуда. Рынок экономикасына көшу бір дүркін
қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда
экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтьш табиғи процесс. Рыноктық
қатынастар алғашқы қауымның ыдырау кезінде пайда болды да, оның еркендеген
дәуірі капиталистік қоғам екені де белгілі. Капитализмде адамның "рыноктық"
тәрбиесі бала кезден басталып, бүкіл емір бойы кәсіпкерлікке, іскерлікке
бейімделіп отырады.
Әрине біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының тарихын, даму
сатыларын басынан өткізу міндет емес. Біз баска мемлекеттердің тәжірибесін
ескеруге тиістімін. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер тәрізді
рыноктық қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай алға қойған
мақсатымыз, қавдай қоғам орнату, ол қоғамның әлеуметтік бейнесі қандай
болмақ? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализм-
нен кері қарай капитализмге кешудеміз деушілер де бар. Капитализм дегөніміз
тарихи-табиғи қалыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған
қоғамдық құрылыс. Еркін бәсеке заңдылықтарын зерттеген аса көрнекті
экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт Милль, Карл Маркс болса,
бүл қоғамның XX ғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон
Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің еңбектері ерекше рел атқарды.
Қаза.қстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида
шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылығы, оның өндіргіш
күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі
капиталистік жолға түсуге Жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз
әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мүңдай
қоғамды не капиталистік, не социалистік қоғам деп атауға болмайды.
Аралас экономика XIX ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру
процесі нәтижесінде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы
пайда болды. XX ғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына,Д. М.
Кейнс, үлесін қосты. Кейін мемлекеттік күрделі қаржылар басқармасын құру
қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір
айтты.
Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі —
мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші
белгісі — бүл экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледі. Осы
тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас
экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде
ұйымдастыру, баскарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану.
Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау
тағы басқа ұйымдастыру шаралары арқылы күрделі, орташа және үсақ
кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада
өндірілетін өнім келемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, қайда қанша,
және қандай тауар өндіріп, қызмет керсету қажеттілігін рынок езі анықтайды.
Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның
қазіргі индустриялық даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше
заңдылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегөніміз жеке меншікке
негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша
қатьшастарының көрінісі. Тауар өндірісінің негізгі заңы — құн заңы. Бұл
заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгілегенде оньі өндіруге
жүмсалған еңбек шығьшы еске алынады. Баға дегөніміз құнның ақшалай
көрінісі. Еркін бәсеке үстегадік ететін капиталистік қоғамда жеке таущг
өндірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалган еңбегіне сай
өзіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы ақша қатынастарына
рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардың
міндеті.
Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік
қатынастарының теориялық керінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу,
талдау нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Мысалы, тауар,
құн, қосымша құн, ақша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т.
б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың
объективті сипатын, қоғамдық өндірістегі релін, экономикалық емірдегі
құбылыстарды сипаттап қорытындылауға кемектеседі. Экономикалық
категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның
қалыптасу, даму процесін сипаттайды.
Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру,
бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды
анықтайды. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты
құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар
объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз
туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге
өзгеріп, дамып отырады.
Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бүлардағы тұрақтылық
пен өзгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен үштасып жатады. Осыған сәйкес
бүл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар
да барынша әр түрлі және әр типтес болады.
Табигат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір
объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле
отырып, олардың даму заңдарын ашамыз. Мүндағы бір маңызды, ескеретін жәйт,
заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды қатынастарды
ғана сипаттайды, жоғарыда айтқанымыздай заңдар адамдар санасынан
туындамайды, ол объективті шындықтан туыңдайтын құбылыстар мен процестердің
өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуга болады.
Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп-салдарының
өзара тәуелділігін сипаттайды. Олар табигат заңдары сияқты объективті.
Солай бола түрганымен экономикалық заңдар табиғат заңдарынан өзгеше.
Өйткені, табиғат заңдары оның езіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс
алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік эконо-микалық іс-қимылымен
байланысты туындайды. Мысалы, әлемдік тартылыс заңы адамдар мен адамзат
қоғамы дамуынан бұрын да орын алып әрекет еткені белгілі.
Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді
емес. Олардың кепшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін
жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалық заңдар мәңгі емес,
олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және езгеріп, немесе жойылып
кетіп отырады. Әрдайым еске-ретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар
адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың
туындауымен өз күшін жояды. Яғни адамдар өз еркімен, шешімімен бір
экономикалық заңды жоққа шығарып, оның орнына жаңа заңдарды жасай алмайды.
Экономикалық заңдардың күшінің жойылуы адамдар сан-асынан тәуелсіз
қоғамдағы объективті экономикалык хал-ахуалдың, процестердің езгерісімен
тікелей байланысты.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс
және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-
әрекеттері аркасында ғана қалыптастып, көрініс алады. Демек, экономикалық
заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-қарекетінен
тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың
объективті талаптарына сай шешімдер кабылдап, санасатын' болса ғана заң
жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге қайшы келетін кез келген әрекет,
сезсіз, шаруашылық қиындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды.
Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеру қажет.
Қандайда болсын қоғамның экономикалық жүйесінің мәнін түсіну үшін ең
алдымен бастапқы теориялық ұғымдарды анықтап алу лазым. Элементтер жинағы
ол экономикалық қатынастардың ең басты, анықтаушы эле-менті — өндірістік
қатынастар немесе өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Тұтас алғанда
евдірістік қатынастардың негізін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынасы
құрайды. Осы арқылы бүкіл экономика іргелі, түбірлі өзгерістерге ұшырайды.
Тұрмыстық магынада меншік дегөніміз заттарды иемдену болса, ал
экономикалық мағынада меншік деп нені айтамыз? Адам өмір сүру үшін өндіруі
керек, өңдіру үшін өндіріс құрал-жабдықтар.ы қажет. Міне, осымен байланысты
адамдар бір-бірімен қатынасқа енеді, ол өндіріс құрал-жабдықтарын
иемденумен байланысты. Мүнда мынадай сұрақтарға жауап беріледі: өндіріс
құрал-жабдықтарына, онымен өндірілген еңбек өнімдеріне кім иелік етеді?
Сонымен, меншік жай ғана зат емес (заттар арқылы материалданғанмен), ол
материалдық игіліктерді иемденудің тарихи қалыптасқан нысаны. Меншік
қатынасы мыналар: а) иемдену, иелік ету; ә) материалдық жабдықтарды
шаруашылық тұрғыдан пайдалану; б) экономикалық тұрғыдан өткізу (өткізілсе,
меншік иесіне табыс әкеледі деген сөз). Меншік кеп қырлы, күрделі түсінік.
Оны тек өндірістің заттық факторларына балау дұрыс емес. Ол жұмыс күшінің
өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі мен типін көрсетеді, алч мүның
өзі, әрбір қоғамның экономикалық жүйесінің маңызды сипаты. Меншік қатынасы
бүкіл шаруашылык организімін, ягни бүкіл ұдайы өндіріс қатынасын (өндіріс,
бөлу, айырбас, тұтыну) қамтиды. Меншік катынасы қандай сипатта болса, ұдайы
өндіріс сипаты да сондай болғаны. Меншік — тарихи ұгым. Жалпылама меншік
деген түсінік жоқ, ол белгілі бір нақты тарихи нысанда орын алады. Тарихта
әр түрлі меншік нысавдары болғаны белгілі, оны жеке және қоғамдық меншік
деп екі түрге топтауға болады:
Жеке меншік — өндіріс құрал-жабдықтарына, оның нәтижесіне жеке бір
адамдардың — меншік иесінің иелік етуі. Ол екі нысанда болады: еңбекке
негізделген және өз еңбегіне негізделмеген. Еңбекке негізделген меншіктің
субъектілері бір мезгілде әрі қызметкер (өзі еңбек етеді), әрі меншік иесі
болуы мүмкін, ол еңбек өніміне тек езі иелік етеді, қанаудың қандайда
болсын түрін қолданбайды, Еңбекке негізделмеген жеке меншік, басқа біреудің
еңбегіне, жалдамалы еңбекке сүйенеді. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-
жабдықтарымен қосылуы, меншік табигатын ажырата білу, рыноктық қатынасқа
еніп келе жатқан біздің республика үшін өте маңызды.
Меншіктің тағы бір түрі — аралас меншік. Мұнда жеке және коғамдық
меншіктің әр қилы үштасуы орын алады. Мысалы, кооперативтік, акционерлік,
мемлекеттік меншік.
1.3 Меншік және әлеуметтік экономикалық қоғам құрлысы
Меншік – күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізгі
бөлігі болып табылады. Меншікті қатынастардың екі тәсілдемесін ажырата білу
керек.
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде
қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс
нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін
сипаттау арқылы сипаттайды. Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын
меншікті келесі 2-ші суреттен көре аламыз.

Сурет-1 – Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орны мен ролі

Меншіктің экономикалық мәні келесідей түсініктер арқылы сипатталады.
• Екі жұп категорияларының өзара байланысы: иемдену және жатсыну;
• Жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
• Өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
• Табыстарды үлестіру тәсілі;
• Субъектілік-объектілік талдау;
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің
сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір
қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің
механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа
шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес
формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың
тұтас қоғам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистика ғылым ретінде
Мемлекет және құқық
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Экономика ғылымы ұланғайыр
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Демография ғылымының пәні мен әдістері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕНДЕРІ ТУРАЛЫ
ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ
Экономиканы рыноктық қатынастарға одан ары реформалау
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
Пәндер