Тауар айналымы эволюциясындағы ақшаның пайда болуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Экономикалық жүйеде ақшаның қажеттiлiгi, мәнi мен рөлi.

МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1-тарау. Экономикалық жүйедегi ақша мәнi мен рөлi ... ... .3

1. Тауар айналымы эволюциясындағы ақшаның пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Экономикалық ғылымдағы ақша теориясы ... ... ... ...12

2-тарау. Ақша экономикалық категория ретiнде ... ... ... ..16
2.1 Нарықтық экономика жүйесiндегi ақшаның қазiргi жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйедегi ақшаның қазiргi
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе

Ақша – кең қолданылатын төлем құралы. Қазiргi экономиканы ақшасыз көзге
елестету қиын. Экономикада ақша жоқ жағдайда әрбiр келiсiм екi жақты
келiсушiлiк бойынша тауар айырбасы арқылы жүзеге асады. Ақша айырбас құралы
бола тура, айырбастағы қажеттiлiктiң екi жақты үйлесуiн жояды.
Ақша және несие теориясы бiр орталықтан жоспарлау жүйесiнен – нарықтық
қатынастарға өту кезеңiндегi ақша айналымы және несиелеудi ұйымдастыру
тәжiрибелерiмен тығыз байланысты. Ақша және ақша жүйесiнiң өзiндiк ерекше
белгiлерiн, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлi мен қызметiн,
сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетiн танып
бiлудiң өзi қаржы-несие мекемелерiнiң ақша-несеие саясаттарының ғылыми
енiгiзiн анықтайды.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие-ақша және қаржы
шаруашылығы: ақша-несие жүйесiн реформалау; катаң инфляция жағдайында бiзде
бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; жоғары дәрежеде
монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк
басқару жүйесiнен – пайда табуға, коммерциялық жетiстiктерге қол жеткiзуге
бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке енгiзделген несиелiк мекемелерге өту
тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.
Берiлген жұмыста экономикалық жүйедегi ақша мәнi мен рөлi және ақша
айналымы, ақша жүйесi, соныменқатар Қазақстан Республикасындағы ақшаның
қазiргi жағдайы қарастырылады. Ақша және несиенiң теориялық мәселелерi,
олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуiнiң заңдылықтары мен
ағымы, сондай-ақ экономиканың нарықтық тұрғыдан түрлендiрiлуiндегi ақша
жүйесiнiң рөлi мен алатын орны қамтылады.
1. Экономикалық жүйедегi ақша мәнi мен ролi.
Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы
бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны
өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы обьективтi
алғы шарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса
онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық
формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр
тауар қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне
қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың
өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол
ақша”.
Осылайша бiр тауардың құнын, екiншi бiр тауардың құнымен баламалап
анықтайтын, құнның жалпыға бiрдей нысаны пайда болды. Алғашқы кезде жалпы
құнның баламасының мiндетiн әртүрлi тауарлар орындады. Бара-бара, ол
мiндеттi орындау үшiн көбiрек пайдаланатын, бiрақ тауар iрiктелiп алынды.
Бұл жөнiнде К. Маркс былай деген: “Натуралдық нысаны балама нысанымен,
қоғам бойынша, тұтасып кеткен ерекше тауар, ақшалай тауар болып табылады,
яғни ол ақша болып жұмыс iстейдi”. Осыған байланысты ақшаның мәнiн былай
деп келтiруге болады: Ақша ерекше тауар, жалпыға бiрдей балама, яғни, басқа
тауарлардың жалпыға бiрдей баламалық құнының нысаны.
Ақша – тауардың ерекше қасиетi, оның кез-келген басқа тауарлардың
құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бiрдей балама болып жұмыс
iстейтiндiгi, яғни алмастырудың жалпыға бiрдей құралы екендiгiнде. Ақшаның
тағы бiр ерекше қасиетi құнның сақталуын қамтамасыз ететiн күшi. Мысалы,
құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемi құн санап азая бередi. Өйткенi, ол
тауарды сақтау үшiн белгiлi көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға
салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнiн көрсетушi оның атқарымы болып есептеледi. Экономиканың
кез-келген үлгiсiнде ақшаның атқарымы өзгермей, бiр қалыпта қалады. Қазiргi
жағдайда да (Нарық жағдайында да) ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:
1) Ақша құнды өлшеушi ретiнде.
2) Ақша, айналым құралы ретiнде.
3) Ақша төлем құралы ретiнде.
4) Ақша қорлану құралы ретiнде.
5) Дүниежүзiлiк ақша атқарымы ретiнде.
Айта кететiн нәрсе, көрсетiлген атқарымдарды тек ақша ғана орындай
алады. Ендi осы атқарымдардың әрқайсысымен толығырақ танысамыз.
Ақша құн өлшемi ретiнде. Ақшаның бұл атқарымы оның көлемi мен тауардың
өзiндiк құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзiндiк құны,
оны өндiру жолындағы, қоғамдық қажеттi шығынмен тең. Олай болса, тауар
өндiру, болмаса басқаша қызмет көрсету үшiн, алдымен еңбек бұйымдарын табу
керек, тек содан кейiн, солардың көмегiмен, керектi өнiм шығарылады,
болмаса, қызмет көрсетiледi. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың
(көрсетiлген қызметтiң) өзiндiк құны екi элементтен тұрады. Бiрiншiсi,
жоғарыдағы айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткенi,
ол түгелiмен, жаңадан шығарылған өнiмнiң (көрсетiлген қызметтiң) өзiндiк
құнына ауысады. Екiншiсi, осы өнiмдi өндiру жолындағы жұмсалатын тiрi еңбек
күшiнiң құны. Сонымен қатар, жаңа өнiмнiң өзiндiк құнына қосылатын, еңбек
құралдарының жәнееңбек бұйымдарының құны да, тiрi еңбек күшiнiң құны да
әрбiр тауар өндiрушiлердiң техникамен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесi
және үнемшiлдiгi әр түрлi. Сондықтан, әрбiр өндiрушiнiң өндiрген бiр түрлi
тауарларының, өзiндiк құны әр түрлi. Сондықтан, әрбiр өндiрушiнiң өндiрген
бiр түрлi тауарларының, өзiндiк құны әр түрлi болады. Алайда, кез келген
тауар тек қоғамдық қажеттi шығынға байланысты бағаға сатылады.
Ақша айналым құралы ретiнде. Барлық тауарлар қай жерде шығарылғанына
қарамастан, қандай меншiктiң шығарғанына қарамастан, керектi уақытында
сатылуы керек. Яғни, құнның тауарлық нысаны ақшалық нысанға ауысуға тиiстi.
Сонымен қатар, әрбiр тауар өндiрушi, сатылған тауардан түскен ақшаға
жаңадан құрал-саймандар мен еңбек бұйымдарын сатып алады, еңбек ақы
төлейдi, және басқа да шаруашылықтың қажеттерiн қанағаттандырады. Сөйтiп
өндiру мен өткiзу процесiн үздiксiз жалғастырады.
Сонымен ақшаның айналым құралы ретiнде жұмыс iстеуi ақшаның тауарға,
тауардың ақшаға айналуының толассыз тiзбегi болып табылады. Осылайша ақша
үздiксiз айналымда жүредi.
Бұл атқарымның өзiне тән бiр ерекшелiгi ақша мен тауардың бiрiне-
бiрiнiң қарсы қозғалатындығында: ақша сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып
алушыға қарай қозғалады.
Ақша төлем құралы ретiнде. Бұл атқарымға тауардың қозғалысы мен
ақшаның қрзғалысындағы айырмашылық тән. Өйткенi, тауар, оны сатып алушының
қарауына, ақшаның сатушының қарауына түсуiне қарағанда, әлдеқалай кеш
түседi. Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы келiсiмбойынша тауардың
құны алдын ала төленетiн болса, ақша сатушыға ертерек түседi. Сөйтiп,
келтiрiлген екi нұсқада да тауар мен ақшаның қозғалысы екi бөлек. Тарих
тұрғысынан қарағанда, ақша төлем құралы ретiндегi атқарымда тауарды несиеге
берумен байланысты пайда болған.
Бұл жөнiнде К. Маркс былай деп жазған: “Бiр тауардың иесi өзiнiң қолда
бар тауарын сатады, ал басқа бiреу оны сатып алады, тек ақшаның өкiлi
ретiнде, тiптi болашақ ақшаның өкiлi ретiнде. Сатушы несие берушi болады
да, сатып алушы қарыздар болып қалады”.
Ақша, қорлану құралы ретiнде. Бұл атқарымды, айналыс құралы, болмаса
төлем құралы ретiнде айналыста жүрген ақшалар емес, айналысқа қатынаспай
жүрген ақшалар ғана орындайды. Оның iшiнде халықтың қолында жүрген ақша
банкiлердегi есеп шоттарда қалған, жеке және заңды тұлғалардың ақшалары
кiредi.
Ақшаның қорлану құралы ретiнде атқарымын орындайтын артық ақша
табыстың шығыннан көбiрек болған күнде ғана пайда болады. Ол ақшалар алдағы
кезде орын алатын көлемдi шығындардың қоры ретiнде сақталады. Сонымен
ақшаның бұл атқарымы, несиелiк қарым-қатынастың пайда болуына, оның әрi
қарай дами түсуiне әсер ететiн алдыңғы жағдай туғызады.
Дүниежүзiлiк ақша атқарымы. 1976 жылы, ақшаның алтын тепе-теңдiгi
жойылғаннан кейiн, көптеген экономистер, ендi құнсыз, қағаз ақша,
дүниежүзiлiк ақша атқарымын орындай алмайды деген пiкiрге келген. Бiрақ та,
ақша әлi де, әртүрлi елдердiң және олардың заңды және жеке тұлғалардың
өзара қарым-қатынастарына қызмет көрсетiп жүр. Осыған байланысты, қазiргi
ақша дүниежүзiлiк ақша атқарымын орындай алмайды деген пiкiр, онша дұрыс
емес. Ақша бұрынғыша өзiнiң дүниежүзiлiк ақша атқарымын орындап келедi.
Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркiн айырбасталымды ақшалар. Еркiн
айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзiлiк ақша атқарымын орындай алмайды.
Сондықтан ақшалары еркiн айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол
кездегi бағаммен еркiн айырбасталынатын ақшаға ауыстыралы да, содан соң оны
өзiнiң керектi халықаралық iстерiне жаратады. Сондықтан қағаз ақша,
дүниежүзiлiк ақша атқарымын тiптi орындамайды деген түсiнiкпен келiсуге
болмайды,. Орындайды, тек тежеулi көлемде.

1.1 Тауар айналымы эволюциясындағы ақшаның
пайда болуы.
Экономикалық санат ретiнде ақша натуралдық шаруашылықтан тауарлы
шаруашылыққа ауысу кезеңiнде пайда болды. Шығарылған өнiмнiң түгелiмен
өндiрушiнiң жеке басының керегiне жаратылған кезең натуралды шаруашылық
болып есептелетiнi белгiлi. Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа
жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін
өндіретін шаруашылыкты айтамыз. Ол универсалды қол еңбегiне негізделуі
анағұрлым таза түрінде қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін
өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштер мен
оларды ұйымдастыру аса қарапайымдығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер
жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндіріледі
(жай ұдайы өндіріс).
Үш басты сұрақ: нені? калай? және кім үшін өндіреміз? дейтін
мәселелерді өз шаруашылықтарының (патриархалды отбасы) сұранымын ескере
отырып, шаруашылық иелері (өздері әрі жұмыскерлер) шешті. Натуралды
шаруашылықта қалыптасқан әдет-ғұрып пен көсемнің еркі үлкен рөль аткарды.
Бара-бара өндiрiс құралдарының жетiлуiне байланысты, ал кейде
табиғаттың өзi туғызған жағдайына байланысты адамдардың шығарған
өнiмдерiнiң саны олардың жеке басының керегiне, жарататын саннан артық
болатын жағдай туды. Сөйтiп, адамдар өндiрiлген өнiмдi өздерiне керек басқа
өнiмге айырбастап алуына мүмкiншiлiк алды. Осының нәтижесiнде “айырбастау”
деп аталатын процес шықты. Айырбастау үшiн өндiрiлген өнiмнiң “тауар”
деген аты болған соң натуралдық өндiрiстiң орнына тауарлы өндiрiс пайда
болды.
Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтьшушылар
арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық
аталады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты - нақты бір
өнім шығаруға өндірушiлердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек
бөлінісі. Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына
байланысты.
Нарықтың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін,
деформацияланған. Әр нарық үлгісіне тауарлы өндiрістің ерекше моделі сәйкес
келеді:
1) дамымаған нарықтың тауарлы өндірісі;
2) еркін нарықтың тауарлы өндірісі;
3) реттелетін нарықтың тауарлы өндірісі;
4) деформацияланған нарықтың тауарлы өндірісі.
1. Дамымаған нарықтың тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) қоғамдық
еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуына, тауар
өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезінде
шығарылған өнімнің тек белгілi бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады.
Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.
2. Еркін нарықтың тауарлы өндірісі (нарықтық экономика) түбегейлі жаңа
белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарды
білдіреді:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің өз еңбегінің
орнына жалдамалы еңбек келді;
б) қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшiн емес, нарық
арқылы сатуға арналды.
Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен
сипатталынатындықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің
капитализмi немесе "еркін экономика" деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық
өміріне тіпті толық араласпауы "таза" - laisser faire, яғни "қалай жүрсе,
солай жүрсін" дегенді білдіретін капитализм деп атауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде нарық пен баға жүйелерін
қолдану бұл тауарлы өндірісті нарықтық (капиталистік) экономика деп атауға
негіз болды. Нарықтық экономика машиналы өндіріс сатысында қалыптасты.
3. Реттелетін нарықтың тауарлы өндіріс экономикада мемлекеттік және
жеке сектордың болуымен сипатталынады.
Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді
өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді
түрде нарықтық экономикаға араласқанымен, нарықтың реттеуші рөлі -
"көрінбейтін қолды" жоққа шығармайды. Реттелетін нарық экономиканың
монополияландыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда
болатын кезде қалыптасады. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң
шығару, салықтық және қаржылық формалар жатады.
Реттелетін нарықтық тауарлы шаруашылықтың бірнеше модельдері бар:
а) әлеуметтік нарықтық шаруашылық
б) аралас экономика;
в) корпоративтік экономика.
Олар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты бағытталуымен
ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтағы басты мақсат - азаматтар мүдделерін
қорғау; аралас экономикада кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау;
корпоративтік экономикада - ірі бизнес мүдделерін қорғау. Біріншісі,
көбінесе Германияға, екіншісі - АҚШ-қа, үшінші модель - Жапония мен
Швецияға тән.
4. Деформацияланған нарықтың тауар өндірісі әміршіл-әкімшілік
экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісiн, дамыған машиналы
өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды
басып тастауды білдіреді.Бұл экономиканың екі моделі бар: жоспарлы-
директивалық және нормативті.
Жоспарлы-директивалық жүйе шаруашылық қызметін ресурстарды таратуда
қалай болса, баға тағайындауда да сондай орталықтандыруға негiзделген.
Нормативтi модель тауар өндiрушiлердiң дербестiгiне рұқсат бередi: әр
кәсiпорынның орындауы мiндеттi жоспар-директива, нормативтер, бағдарламалар
жән анағұрлым бәсең жоспарлаумен алмастырылады.
Осымен байланысты жоғарыда көрсетiлген қозғаушы күштердiң салдарынан
өнiм өндiрушiлер өздерiн бiр түрлi (болмаса бiрнеше түрлi) өнiм шығаруға
бейiмдейтiн болды. Ал, өздерiне керек басқа өнiмдердi өздерi шығарған
өнiмнiң (өнiмдердiң) артығына ауыстырып алатын болды.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екi экономикалық жағдай
туғызылды:
1) Натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келдi. Осыған
байланысты айырбастау операциясы өрiс алды.
2) Өнiм өндiрушiлердiң арасында бiр жағынан мүлiктiк жекеленушiлiк
пайда болды, екiншi жағынан белгiлi, бiр түрлi тауар өндiруге
мамандандырушылық туды.
Мiне, сондақтан да, бара-бара тауар өндiрi молайған сайын соған
байланысты, баламалық негiзiнде, айырбастау оперциясының да дамуы, көптеген
түрлi-түрлi тауардың iшiнен бiр тауарды бөлiп (таңдап) алуды керек еттi.
Мұндай тауар өзiнiң iшкi және сыртқы мазмұнымен, iшкi және сыртқы саудаға
өте керектi тауар болуы тиiс. Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен
баламалап, айырбастайтын болған.
Сөйтiп, айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай нысанға көштi. Оның
үстiне әр түрлi тайпаларда, ақшаның мiндетiн атқарған тауарлар әр түрлi
болған. Мысалы: Ежелгi Гректер, Римдiктер, Славяндар ақша орнына мал
пайдаланған; Скандинав елдерiнде, Ежелгi орыстар – аңның, болмаса малдың
терiсiн пайдаланған; Қытайда – тұз, Монголияда – шай, тағы сол сияқты.
Бiрақ осының өзiнде де айырбастауды көптеген қиыншылықтар кездестi.
Айтылған заттарды санау (есептеу), өлшеу, оларды бiр жерден екiншi жерге
тасу, сақтау, iрiктеу деген сияқты қияметтерi көп болды. Мiне, осы
жағдайлар және тауар өндiру мен оны айырбастаудың көлемiнiң өсуi, ақшаның
мiндетiн атқаратын тауардың бiртектiлiгiн, оңай бөлшектенетiнiн, сақтағанда
бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын талап еттi. Ал мұндай
қасиеттер кейбiр түстi және құнды металдарға ғана тәнiм болатын. Адамзат
дүниесiнiң даму жолының әр кезеңiнде, ақшаның мiндетiн әртүрлi металдар
атқарды: қола, мыс, күмiс, алтын.
Осындай өзгерiстердiң нәтижесiнде ақшаның қозғалыс жолы тауардың
қозғалыс жолынан бөлiнiп шықты. Басқаша айтқанда, бұрын ақшаның мiндетiн
атқарған тауарды берiп, соған балама басқа тауар алынатын. Яғни, тауар -
ақшаның қозғалыс жолы, айырбасталып алынған тауардың қозғалыс жолымен тығыз
байланысты едi. Тек олар қарама-қарсы қозғалатын. Ендi, ақша шыққаннан
кейiн ақша өз алдына, тауар өз алдына айналатын болды.

1.2 Экономикалық ғылымдағы ақша теориясы.

Ақшаның осы заманғы концепциялары ХVII-ХVІІІ ғасырларда пайда болған
теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және
сандық теорияларына байланысты.
Бірақ алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер
бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына
бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың нарықтық
экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда
болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және
т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде
абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестрiді.
Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар
емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер
(заңгерлер) болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж.Стюарт
(Шотландия) дамытты. "Металлистерге" сын айта отырып, олар ақшаның басқа
қызметтерін - айналыс құралы мен төлем кұралын абсолюттеді. "Номиналистер"
ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде
көрсеттi және ол мемлекеттiк билiктiң өнiмi болып табылады деп есептедi.
Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж. Локк (ХVІІ ғ. соңы),
Ш. Монтескье, Д. Юм, Д. Рикардо (ХVIII ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық
негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігiнiң
құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен
байланысты анықталады деп есептеді. Сандық теорияның модернизациясына
И.Фишер (XX ғ. басы), АС.Пигу (XX ғ. ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты.
Олардың көзқарастары келесі сұрактарда қарастырылады.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Айырбас құн тауарлардың өзінен
бөліп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
19 ғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грен және басқалар ақшаға
теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың
жобасын ұсынды және дәлелдемек болды.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалық қарымқатынастар көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық
категория болвп табылады.
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетімен
бірігуімен көрініс табады:
• Жалпыға тікелей айырбастауы
• Айырбас құнының дербес формасы
• Еңбектің сыртқы заттық өлшемі
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген
метериалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екндігін
көрсетеді.
Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға
тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарды
тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаның бұл формада қолдану жағдайлары
несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік
бюджеттін кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес
қаржыларды қарржыландыру, ұлттық банктің несиелік ресурстарын басқа
банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің,
олардың ақша көлеммен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық маңызының бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында
туындайды. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құралған
құнды көрсетеді.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса
отырып, өзінің тұтынушысын тап қанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
• Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы
• Оны идеалды ақшалар емес, нақты ақшалар орындайды.
• Ақшаның бұл қызмметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар – ақша
белгілері орындайды.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бірақ
ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс
емес. Ақша құның еркін формасында көрінеді.
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметтері ақшалайқорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның
қорлануының қажеттігі Т – А – Т және А – Т айрылуымен байланысты.
Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау
түрінде жүзеге асады.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық
бацланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы
дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік
ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу
құралы ретінде қызмет етеді.
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп
келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың
жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи
дамуы процессінде жалпыға бірдей формасында әр алуан тауарлар болған: мал,
тері, бақалшақ , метал бұйымдары және т.б.

2. Ақша экономикалық категория ретiнде.

Ақшаның экономикалық категория ретiндегi мәнi оның
функцияларынан көрiнедi. Олар ақшаның iшкi мазмұнын бiлдiредi. Ақшалар
келесiдей үш функцияларды атқарады: баға өлшемi функциясы; айналым
құралы; төлем құралы; қазына жинау құралыжәне дүние жүзiлiк ақшалар
функциясы.[1] Осы ақшаның функцияларының әрқайсысына жеке-жеке тоқталып
өтейiк.
Ақшаның баға өлшемi ретiндегi функциясы. Ақша жалпылама
эквивалент ретiнде барлық тауарлардың бағасын өлшейдi. Барлық тауарлар
қоғамдық қажеттi еңбектiң нәтижесi болып табылады, сондықтан, өздерiнiң
құны бар шын мәнiндегi ақшалар (алтын, күмiс), осы тауарлардың
бағаларының өлшемi болыу мүмкiн.
Соныменен, ақшалар баға өлшемi болып табылады.
Ақша жүйесiнiң арқасында әрбiр өнiмнiң бағасын ол өнiм ауыстырылуы
мүмкiн өнiм арқылы бағалау қажеттiлiгi жоқ. Ақшаны жалпылама эквивалент
ретiнде қолдану кез-келген өнiмнiң бағасын ақша бiрлiгi арқылы анықтау
жеткiлiктi деген сөз. Ақшаны мұндай мақсатта қолдану мәмiлелердiң барлық
қатысушыларының әртүрлi тауарлар мен ресурстардың салыстырмалы бағасын
оңай салыстыруларына мүмкiндiктерi бар екенiн көрсетедi.
Қазiргi өмiрде әртүрлi игiлiктердiң бағалылықтары бiр-бiрiне
оңай айналатын бiрыңғай ақша бiрлiктерi –рубль , доллар, теңге, маркi,
т.б. арқылы көрiнiс табады. Ақша арқылы көрiнетiн тауардың бағамы баға
деп аталады.
Баға тауарды өндiруге және сатуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ғылымдағы ақша теориясы
Ақшаның маңызы
Ақша ілімінің эволюциясы
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу
Жергілікті бюджеттің қаржыландыру жоспарларының түрлері
Ақша айналымының құрылысы
Ақша айналымындағы ақшаның ролі және оларды шығару
Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау
Ақша айналымы және ақша айналысы
Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Пәндер