Кейбір экономикалық құбылыстардың индексі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
МАКРО-МИКРОЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНДЕКСТЕР

ОРЫНДАҒАН:
ТЕКСЕРГЕН:

АЛМАТЫ, 2008 Ж.
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ИНДЕКСТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Индекстер туралы жалпы түсінік және индекстің мәні мен
маңызы ... ... ..4
1.2. Индекстерді жіктеу. Орташа арифметикалық және үйлесімдік индекс ... .5
2. ДАМУДЫҢ ФАКТОРЛАРЫН ИНДЕКС ӘДІСІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ
2.1. Жиынтық (жалпы) құбылыс құрылымының өзгеру әсерін индекстік әдіспен
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
2.2. Тізбектік және базалық индекс. Тұрақты және өзгермелі салмақтауышты
индекс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3. Кейбір экономикалық құбылыстардың
индексі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 23
КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: экономикалық индекстер деп аталады.
Енді осы индекс түсінігіне келетін болсақ. Әлеуметтік-экономикалық
құбылыстар мен процестердің өгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты,
орташа шамалар немесе коэффициенттер мен проценттер сияқты түрлі
қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай қорытындылаушы
көрсеткіштердің, ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік әдіс болып
табылады.
Индекс деген сөздің түпнұсқасы латынның "іndех" терминінен шыққан,
қазақшаға аударғанда "көрсеткіш, белгі, тізім" деген мағынаны білдіреді.
Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын
күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін
анықтауға қолданатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін
сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп айтады.
Жұмыстың мақсаты: өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде
шығарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуға
болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем
белгілері қолданылады. Оған өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы,
жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық
мәні бірдей аттас көрсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы
салыстырмалы өзгерісін индекс арқылы есептеуге болады және бұл жұмыста екі
ұқсамайтын әр түрлі өнімді бірге есептеп қосу тәсілдері көрсетілген.
Бұл курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – индекстер туралы
жалпы түсінік деп аталады, және екі бөлімшеден тұрады. Бұл бөлімде
индекстің түсінігі мен мәні, маңызы және де оны қолданудағы ерекшелігі
жазылған. Екінші бөлім – дамудың факторларын индекс әдісімен зерттеу деп
аталады. Бұл бөлім үш бөлімшеден тұрады және де индекстердің бөлініп,
экономикалық құбылыстардың зерттелуі жазылған.
Курстық жұмыстың көлемі 23 беттен тұрады.

1. ИНДЕКСТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. Индекстер туралы жалпы түсінік және индекстің мәні мен маңызы

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өгеруіне талдау
жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер мен
проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай
қорытындылаушы көрсеткіштердің, ішінде ең көп тараған түріне жататыны
индекстік әдіс болып табылады.
Индекс деген сөздің түпнұсқасы латынның "іndех" терминінен шыққан,
қазақшаға аударғанда "көрсеткіш, белгі, тізім" деген мағынаны білдіреді.
Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын
күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін
анықтауға қолданатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін
сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп айтады. Мысалы,
өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде шығарылған әр түрлі өнімдердің
мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуға болмайды. Оны есептеу және
салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған
өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы
және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас
көрсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін
индекс арқылы есептеуге болады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі мәселелерді
шешуге болады:
1) салыстыруға келмейтін және қосуға болмайтын күрделі экономикалық
құбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипатттайды;
2) құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды;
3) күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерді жалпы
жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.
Олардың ішінде ең негізгісі - коғамдық құбылыстарға әсерін тигізетін
себептерді анықтау. Демек, қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне қандай
себептердің қалай әсер ететіндігіне талдау жасай білуіміз қажет. Міне,
осыны анықтау үшін индекстік әдіс қолданылады.
Индекстік әдісті қолдану аркылы есеп жұмыстарын жүргізу үшін екі уақыт
кезеңінің нақты сандық көрсеткіштері алынады. Оның біреуін, яғни
салыстырылатын уақыт шамасын есепті немесе ағымдағы кезең деп айтады. Ол
статистикалык зерттеу зерзатының (объектісінің) негізгі көзі болып
саналады. Бұл көрсеткіштер әрқашанда индекстік қатынастың алымында беріледі
және "1" деген таңбамен белгіленеді. Ал онымен салыстыратын мезгілдің
шамасын өткен уақыт немесе базалық кезең дейді және оны ''0" таңбамен
белгілейді. Бұл көрсеткіштер есепті уақытта немесе ағымдағы кезенде болған
зкономикалық құбылыстардың өзгеруіне баға беру үшін қол-данылады.
Сондықтан, бұл жерде ең бастысы - салыстыратын мезгілді ғылыми негізде
дұрыс ала білу. Себебі дұрыс алынбаған базалық уақыт ағымдағы кезеңнің
шамасын, яғни оның өскендігін немесе кемігендігін бұрмалауы мүмкін.
Индекстік әдіспен есептелінген көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны 100-
ге көбейту арқылы процентпен өлшенеді. Егер индекстік көрсеткіштер 1-ден
немесе 100-ден көп болатын болса, онда құбылыстың өскенін, көбейгенін, ал
керсінше, 1-ден немесе 100-ден аз болатын болса, онда оның кемігенін, яғни
азайғанын көрсетеді.
Халықаралық тәжірибеде индекстік әдісті қолдану кезінде көрсеткіштер
төмендегі берілген латын әріптерімен белгіленеді:
"q"- сандық көрсеткіш,яғни өнімнің көлемі, мөлшері;
"р" - бір дана өнімнің, заттың бағасы;
"z"- бір дана өнімнің, заттың өзіндік құны;
"t" - бір дана өнімді, затты өндіруге жұмсалған жұмыс уакытының шамасы;
"w" - еңбек өнімділігі және т.с.с.
Осы келтірілген белгілерді қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық
құбылыстар мен процестерді жекелеген белгілері бойынша немесе сол берілген
жалпы жиынтық бірліктерінің сандық және сапалық мәндерін қоса ала отырып,
уақытқа қарай өзгеруін индекстік әдіс бойынша есептеуге болады. Бірақ,
зерттеу зерзатының көрсеткіштеріне байланысты негізгі екі топқа, яғни
көлемдік және сапалық индекстерге бөлінеді.
Бірінші топқа өнім көлемінің жалпы индекстері жатады. Мысалы,
өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, тауар айналымының және т.б. көлемі
алынады. Бірақ, осы көрсетілген индекстердің бәрінде көлемдік
көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты баға бойынша бағаланады.
Екінші топқа - сапалық индекстер, яғни бағаның, өзіндік құнның, еңбек
өнімділігінің, түсімділіктің және т.б. индекстері жатқызылады. Бұл
индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы
кезең дәрежесімен алынады.
Индекстердің мұндай екі топқа бөлінуінің маңызы өте жоғары
және есептеу кезінде түрлі тәсілдерді қолдануға толық
мүмкіндік туады. Осыған орай, жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне
байланысты индекстер жеке (дара) және жалпы немесе жинақты болып
екіге бөлінеді.
Индекс қатысты шамаға жатады. Индекс латынша көрсеткіш, белгі, тізім
деген ұғымды білдіреді. Экономикалық әлеуметтік өмірдегі құбылыстарды
сараптайтын әр түрлі тұжырымды көрсеткіштер, орташа, қатысты шамалар және
коэффициенттер деп үш түрге бөлінеді.
Индекс күнделікті тәжірибеде кеңінен қолданылады. Әлеуметтік –
экономикалық жинақтардың көпшілігінің бөлшектерін бір-біріне қосуға болады.
Салыстыру арқылы қатысты көрсеткіштерді есептеу үшін олардың шамаларын
қосып жинақтау қажет. Егістіктің көлемі, тасымалданған жүктің айналымы,
жұмысшылардың саны, жалақының қоры сияқты т.б. индекстерді мысалға алуға
болады. Белгілі бір мерзімдегі құбылыс шамаларын жинақтап, оларды өзара
қатыстыра отырып, өсіңкі қатысты көрсеткіштерді анықтауға болады.
Күнделікті тәжірибеде кейбір құбылыстардың шамаларын бір-біріне тікелей
қосуға болмайды. Мысалы, шығарылған, сатылған өнімдерді оның тұтыну құнына
және өлшемге сүйеніп (кг, дана сияқты), қажетті шаманы жинақтай алмаймыз.
Балқытылған болаттың, өндірілген көмірдің, мұнайдың шамаларын бір-біріне
тікелей қосуға, сондай-ақ өсіңкілігінің қатысты көрсеткішін есептеге
болмады. Дәл осындай әр түрлі өлшемді тұтыну құны, әр түрлі өнім шамаларын
қосу, сонан соң салыстыру үшін осы құбылыстарға ортақ, шамалас нышан
пайдаланылады. Республикамыздағы өнеркәсіп орындары өндірген өнімінің
көлемін табу үшін өндірілген өнімнің заттай санын оның бағасына(құнына)
көбейтіп барып, оларды бір-біріне қосып, одан соң керекті қатысты шама
индекс есептеліп шығарылады.
Статистикадағы индекс дегеніміз бір-біріне тікелей салыстыруға болатын
және салыстыруға болмайтын құбылыстар жиынтықтарын, салыстыруға
келтірілгеннен соң қатыстырылғаннан шыққан көрсеткіш.

2. Индекстерді жіктеу. Орташа арифметикалық және үйлесімдік индекс.

Индекс үш түрлі бағытта есептелінеді. Бірінші – зерттелуге жататын
құбылыстың сипаттамасына, екінші – жиынтықтың зерттелуге жататын бөлігінің
қамтылу дәрежесіне және үшінші – жалпы индекстің есептеу әдісіне қарай
жіктеледі.
Құбылыстың сипаттамасына қарай индексі – көлемдік және сапалық болып
екі түрге бөлінеді.
Өнеркәсіп, ауылшаруашылық өнімдерінің, көлік, сауда айналымының
өсіңкілік шамасы көлемдік индекске жатады. Еңбек өнімділігінің, өзіндік
құнының, бағаның өзгеру көрсекіштері сапалық индекс деп саналынады.
Жинытықтың зерттеуге жататын бөлігінің қамтылған дәрежесіне қарай
жиынтық, топтық және дара индекс болып бөлінеді.
Дара индекс жиынтықтың нышан иесі саналынатын бөлшегінің өзгеруін
көрсетеді. Біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш
шамаларының қатынасын жеке (дара) индекстері деп айтады. Мысалы, ағымдағы
және базалық уақыттағы өндірілген өнімнің көлемін, бағасын, өзіндік құнын
және т.с.с. салыстыру арқылы қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.
Статистикада жеке (дара) индекстер латынның кіші "і"
әрпімен белгіленеді. Зерттеу зерзатының белгісіне қарай, яғни нені
зерттейтіндігіне байланысты индекстік белгінің оң жағына оның таңбасы (ір,
іq, іz және т.с.с.) қатар жазылады. Мәселен, бағаның жеке (дара) индексін
(ір) есептеу үшін, сол заттың, тауардың есепті уақыттағы немесе ағымдағы
кезеңдегі бағасын (р1) өткен уақыттағы немесе базалық кезендегі бағасына
(Ро) бөлу керек.
Мысалы, Қазақстанда 2006 жылы қарашада – 6,6 млрд. квт. сағ. желтоқсанда –
7,1 млрд. квт. сағ. электр энергиясы өндірілген болса, көлемді дара
көрсеткіш 1,04 немесе 104 процентке тең. 2005-2006 жылдағы жүк вагонының
айналымы Қазақстанда 4,01 және 4,45 тәулікке тең болады десек (4,45:4,01),
спалы дара көрсеткіші 1,05 немесе 105 пайызға тең болады. Индекс
коэффициент түрінде беріледі. Егер базалық дәрежеде 1 (бірге) тең десек,
егер базалық дәрежеде 100 (жүзге) тең делінген болса, пайызбен
көрсетіледі, ал дара көрсеткі і әрпімен белгіленеді. Күрделі құбылыстың
толық жиынтығының өзгеруі сипатталатын болса, жалпы индекс болып, ал егер
оның бөлігінің жиынтығы дәрежесінде есептелетін болса, топтық индекс деп
аталынады. Мысалы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының барлық
өнімінің индексі жалпы индекске жатады. Ал оның салаларының қатысты шамасы
біріншіге қарағанда топтық индекс болып саналады. Тікелей салыстыруға және
қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың
уақытқа байланысты өзгерісін жалпы индекстер деп айтады. Осы құбылыстардың
өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген
белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге
болады. Мысалы, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін есептеу үшін жиналған
астықтың мөлшеріне апарып мал басын қосуға болмайды. Оны есептеу үшін осы
өнімдердің әр бөлігіне өздеріне тән бағаны немесе өзіндік құнды қолдау
арқылы олардың жалпы құндық көрсеткіштерін ақша есебінде есептейміз.
Сонымен өнімнің жалпы мөлшерін есептеу үшін бағаны немесе өзіндік құнды
негіз етіп алып, барлық көрсеткіштер бір өлшем бірлігіне келтіріледі және
ақша түрінде көрсетіледі.
Статистикада жалпы индекстерді латынның үлкен І әрпімен белгілейді және
нені зертейтіндігіне байланысты төменгі он жағына оның таңбасы
бірге қосылып жазылады.
Егер жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе жеке топтардан
тұратын болса, онда оларды топтық индекстер деп атайда. Мысалы, ауыл
шаруашылық өнімдері жалпы индекске, ал өсімдік және мал шаруашылықтарының
өнімдері топтық индекстерге жатады. Сондай-ақ топтық индекстерге халық
шаруашылық салаларының әрқайсысында өндірілген өнімнің түрлері де
жатқызылады.
Статистикада жалпы және топтық индекстердің экономикалық талдау жасау
кезіндегі атқаратын рөлі өте жоғары. Бұл индекстер арқылы зерттеуге
жататынзерзаттардың өзара байланыстылығы мен оларға әсерін тигізетін түрлі
себептерді толық анықтауға болады. Сондықтан, индекстік әдіс топтау
тәсіліне тікелей байланысты. Ал жеке (дара) индекстермен салыстырғанда
жалпы немесе топтық индекстерді есептеу күрделі болады.
Есептеу әдістемесіне байланысты жалпы немесе топтық индекстер
агрегаттық және орташа индекстерге бөлінеді.
Агрегатты индекстер. Агрегатты деген сөз латынның терминінен
шыққан, қазақшаға аударғанда қосамыз деген мағынаны білдіреді. Мұнда
карастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни
сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең. Егер, осы
қосындының алымы мен бөлімі арасыңдағы айырмашылықты қарастыратын болсақ,
нақты (абсолютті) өзгерісті және оған әсерін тигізген себепті анықтауға
толық мүмкіндік туады. Егер, алымы мен бөлімі арасындағы айырмашылық теріс
сан болса, онда түрлі себептерге байланысты ақша үнемдегеніміз, ал оң сан
шығатын болса, артыкқ жұмсағанымыз көрсетіледі. Сонымен, агрегатты
индекстер экономикалық жалпы индекстердің негізгі және көп түрі болып
саналады.
Есептеу әдісіне қарай да (жалпы және топтық) индекс агрегаттық
(жиынтық) және дара индекстердің орташа индексі болып бөлінеді.
Агрегаттық (жиынтық) индекс тәжірибеде кең қолданылады. Бұл индекстің
алдына қойған мақсатына қарай зерттелетін және үйлестіргіш шамаларын табу
керек. өзгеруін білгіміз келген құбылыстың шамысын индекстелетін шама деп
атайды. Шамалары жуыспайтын (салыстыруға келмейтін) нышан иелерін
салыстыруға мүмкіндік беретін шаманы үйлестіргіш шама деп атайды.
Салыстырылатын шама ағымды (күнделікті,есептік) шама делінеді. Ал
онымен салыстыратын уақыттың (түбірлік) шама деп атайды.
Айтқанымыз түсінікті болу үшін мысал келтірейік.
1 кесте
Сатылған тауарлар мен оның бағасы
ТауарӨлшем Базалық уақыт Ағымдағы уақыт Дара индекс
бірліг
і
Сатылған БағасыСатылған БағасыТауарлардың Бағаның
тауарлардың теңге тауарлардытеңге көлемінің дара
көлемі (q0) (р0) ң көлемі (р1) дара индексі индексі
(q1) Іq=q1q0 Ip=р1р0
Ұн Кг 8750 95 9135 120 1,044(9135871,26(1209
50) 5)
Булкадана 32455 35 30190 60 0,93(30190321,7(6035)
нан 455)

Базалық уақытта сатылған тауардың аумағын q0 және есептік
мезгілдегісін q1, бұларға сәйкес бағаны р0 және р1, дара индексті
і, агрегаттық жалпы индексті і деп белгілейік.
Сатылған тауарлар аумағының дара индексі Іq=q1q0, ал бағаның дара
индексі Ip=р1р0 формулаларымен есептелінеді.
Сатылған ұнның дара индексі 0,044 есе немес 4,4 пайызға өскенін, булка
нанның 0,07 есе немесе 7 пайызға кемігендігін, ал ұн бағасының 1,26 есе
немесе 126 пайызға, булка нан бағысының 1,7 есе немесе 170 пайызға өскенін
көреміз.
Халыққа сатылған тауардың жалпы заттай (физикалық) индексін есептейік.
Ол мына формуламен шығарылады: Іq=∑q1р0∑q0 р0 ; мұнда q0 және q1 базалық
және ағымды мерзімдегі тауардың саны (көлемі), р0 тұрақты (салыстырмалы)
баға, ∑ - қосу белгісі.
∑q1р0=9135∙95+30190∙35=867825+10566 50=1924475, бұл ағымды уақытта
сатылған тауарлар көлемінің базалық мезгілдің бағасына көбейтіндісі. Баға
өзгермесе ағымды мерзгілде тауар айналымы қанша болады деген сұраққа жауап
беретін шартты шама.
∑q0р0=8750∙95+32455∙35=831250+11359 25=1967175, бұл базалық мерзімдегі
нақты сатылған тауарлардың жалпы жиынтығы. Жалпы заттайлық көрсетпені
жазып, сандық мәнін қоялық.
Іq=∑q1р0∑q0 р0=19244751967175=0,98. Екі тауардың біріккен жалпы
заттай индексі 0,98 немесе 98 пайызға тең болып, базалық уақытқа қарағанда
0,02 есе немесе 2 пайызға кеміген. Бөлшектің алымы мен бөлімінің айырмасы
тауар айналымының құндық өлшемдегі азайғанын немесе көбейгенін көрсетеді.
Келтірілген мысалда ағымды уақытта салыстырмалы баға бойынша сатылған
мүліктің азайғанын көрсетеді. Оның (өскен немесе кеміген) көлемі мынадай
формуламен есептелінеді:
∆q±=∑q1р0 - ∑q0 р0 =1924475 – 1967175= - 42700 теңге. Мұнды, ∆q± -
сатылған өнімнің өсімі (кемігені). Ағымды мезгілде базалық уақытпен
салыстырғанда заттар 42700 теңгеге кем сатылған, оның ішінде ұн 36675
(867825-831250), ал ет 6025 теңгеге.
Шығарылған (сатылған) өнімнің заттай (физикалық) көрсетпесін
есептегенде базалық мезгілдегі баға қолданылады. Бұл бағаны қолдану заттай
көрсетпеге (индекске) баға өзгеруінің әсерін тигізбейді (жояды).
Енді бағаның жиынтық агрегаттық индексін есептейік. Жоғарыда заттай
жиынтық индексті есептегенде заттардың үйлестіргіш міндетін бағасы
атқарады. Ал енді бағаның жиынтық индексін есептеу кезінде үйлестіргіш
міндетті заттың ағымды мезгілде шығарылған саны (көлемі) орындайды.өйткені,
біз бағаның өзгеруін зерттеуіміз керек. Мұнда баға индекстелетін шама болып
табылады.
Бағаның жиынтық индексін мынадай формула бойынша шығарады:
І=∑р1q1∑ р0q1; Мұнда,
∑р1q1=9135∙120+30190∙60=1096200+181 1400=2907600 теңге, бұл ағымды
уақыттағы тауар айналымы.
∑р0q1=95∙9135+30190∙35=867825+10566 50=1924475 теңге – бұл ағымды
мезгілдегі сатылған тауарларды базалық уақыттағы бағамен сатсақ деп
жорамалданған шартты тауар айналымы. Формула мәнін орнына қойсақ:
І=∑р1q1∑ р0q1=29076001924475=1.51
Бұл индекс бағаның 1,51 есе немесе 151 пайызға өскенін көрсетеді.
Баға индексі маңызды экономикалық көрсеткіш. Бағаның өзгеруі арқылы
қаржыны бөлу құбылысы іске асырылады. Егер де заттың сату бағасы өссе,
тауар өндірушілер (сатушылар) пайдасы өсіп, кемісе – тұтынушылар ұтады.
Тұтыну тауарлары тұрғысынан алғанда, келтірілген мысал да бағаның өсуінен
халықтыңшеккен зияны ∆q± былай есептелініп:
∆р±=∑ р0q1 - ∑ р1q1 =1924475 – 2907600= -983125 теңге болған.
Басқаша айтқанда, ағымды уақытта халық ұн мен нан сатып алуға 2907600
теңге жұмсаған, ал егер баға өзгермесе 1924475 теңге ғана ұстап, 983125
теңге үнемдеген болар еді.
Жиынтық индекстер осы тәсілде есептелінеді. Оны мына кестеден көруге
болады.

Жиынтық Формуласы Формула алымы мен Формуланың алымынан
көрсеткінің бөлімінің мәні бөлімінің айырмасының
аты мағынасы
Өнімнің Іq=∑q1р0∑q0 Базалық бағамен ∆q±=∑q1р0 - ∑q0 р0
жиынтық заттайр0 есептелінген есепті жалпы өнімнің нақты
физикалық мезгілдегі жалпы өнім өзгеруі (өсімі
индексі бөлінген базалық салыстырмалы бағада)
уақыттағы жалпы өнімге
Тауар Іq=∑q1р0∑q0 Базалық бағамен ∆q±=∑q1р0 - ∑q0 р0
айналымының р0 есептелінген ағымдағы салыстырмалы
заттай мезгілдегі жалпы тауар (базалық) бағадағы
(физикалық) айналымы бөлінген тауар айналымының
жиынтық базалық уақыттағы жалпынақты өзгеруі (өсімі)
индексі тауар айналымына
Бағаның Ір=∑р1q1∑ Тауар айналымының ∆р±=∑р0q1 - ∑р1q1
жиынтық р0q1 есепті мезгіліндегі бағаның өзгеруінен
индексі жалпы көлемі бөлінген келген пайда не зиян
базалық
бағаменесептелінген
ағымды мезгілдегі тауар
айналымына
Өзіндік құнныңІz=∑z1q1∑ Салыстырмалы өнімге ∆z±=∑z0q1 - ∑z1q1
жиынтық z0q1 ұсталған ағымдағы жалпысалыстырмалы өнімге
индексі шығын бөлінген базалық ұсталған шығынның
(тұрақты өзіндік құнмен өзгеруі, үнемделінген
құрамды) есептелінген ағымды (-), ысырабы (-)
мезгілдегі жалпы өнімге
жұмсалған шығынға
Еңбек Іt=∑t0q1∑ Базалық еңбек Іt=∑t0q1 - ∑ t1q1
өнімділігінің t1q1 сіңіргіште ағымдағы Еңбек өнімділігінің
жиынтық өнімге кететін еңбек өсуіне байланысты
индексі уақытының көлемі үнемделген немесе
(тұрақты бөлінген ағымдағы артық ұсталған еңбек
құрамды) мезгілдегі өнімге уақытының көлемі
жұмсалған уақытқа

Тәжірибеде индекстің басқа түрлері қолданылады. Қолданылатын
индекстердің түрлі зерттеулердің алдына қойған мақсатына және қолда бар
мәліметтерге байланысты. Осылардың ішінде орташа арифметикалық, орташа
үйлесімдік, орташа геометриялық индекстерге тоқталайық.
Агрегатты индекстерді есептеу кезінде индекстелетін және оларды
салмақтайтын нақты (абсолютті) шамалары, яғни сатылған тауарлардың немесе
өндірілген өнімдердің саны, олардың бағасы (р) мен өзіндік құны және т.б.
көрсеткіштері белгілі болуы керек. Бірақ, кейбір жағдайларда бұл
көрсеткіштердің сандық және сапалық мәндері белгісіз болып, оның орнына
өткен мерзімдегі тауар айналымы, өндіріліген өнімге жұмсалған жалпы шығын
және сатылған тауарлардың көлемі мен оның әр данасының бағасы (р0) немесе
өзіндік құны процент есебімен, өзгерген қалпында берілуі мүмкін. Мұндай
жағдайда олардың өзгерісін анықтау үшін жеке (дара) индекстер бойынша
есептелген көрсеткіштерді қолдана отырып, агрегатты индекстерді орташа
индекстерге түрлендіреміз. Жеке (дара) индекстерді қолдану себебіміз,
агрегатты индекстер арқылы есептелген көрсеткіштер жеке (дара) индекстердің
орташа көрсеткіші болып табылады. Шын мәнінде кез-келген жалпы индекстердің
есептелген көрсеткіштерін, сол жеке (дара) индекстердің орташа мәні ретінде
алуға болады.
Статистикада агрегатты индекстерді орташа индекстерге түрлендіру
арифметикалық және үйлесімдік (гармониялық) тәсілдермен жүргізіледі. Бірақ,
бұлардың қайсысының қандай жағдайда қолданылатынын дұрыс ажырата білуіміз
тиіс. Оны анықтау берілген өзгермелі белгілер мен сандық мәндеріне тығыз
байланысты.
Орташа арифметикалық индексті қандай жағдайда қолданылатынын түсіндіру
үшін мынадай мысал келтірейік. Сатылған тауарлар туралы мынадай ғана
мәлімет бар делік:
2 кесте
Базалық мезгілде сатылған ұн мен нан
Тауар Өлшем Базалық уақыт Есепті мезгілде сатылған
бірлігі тауарды базалық мезгіл-мен
салыстырғандағы дара
индексі
Сатылған Бағасы
тауарлардың теңге
көлемі (q0) (р0)
Ұн Кг 8750 95 1,044
Булка нан дана 32455 35 0,93

Осы мәліметтерді пайдаланып, есепті жылда базалық жылмен салыстырғанда
сатылған тауардың заттай (физикалық) көрсеткішін табуымыз керек. Бұрынғы
жазылғанды есте сақтай отырып, заттай (физикалық) жиынтық индексті мынадай
формуламен есептеуіміз керек: Іq=∑q1р0∑q0 р0
Есептеуге керекті заттық жалпы индексі табуға бұл формуланы тікелей
қолдануға болмайды. өйткені ағымды мезгілдегі сатылған тауардың саны (q1)
әлі әзірге белгісіз. Тек сатылған тауар көлемінің дара индекстері берілген.
Сондықтан, заттай (физикалық) жиынтық индекстің мағынасына зияны
келмейтіндей өзгеріс енгізу керек.
Тауардың заттай аумағының дара индексінің формуласы мынадай: іq=q1q0
екені белгілі. Мұнан есепті мезгілдегі тауардың алгебралық аумағын табуға
болады. Ол мынадай q1=іqq0
Заттай (физикалық) жиынтық индекстегі q1 –дің орнына іq0 қойылады.
Енді өзгертілген формуламен керекті көрсеткіш шығарылады:
Іq=∑q1р0∑q0р0=∑iq0р0∑q0р0=
(1,044∙8750∙95+0,93∙32455∙35)(8750 ∙95+32455∙35)=1924235.21967175=0.9 8
Сатылған тауарлардың жалпы индексі 0.98-ге тең болып, басқаша айтқанда,
көлемі 0,02 есе немесе 2 пайызға кеміген. Мұндай Іq=∑iq0р0∑q0р0 индексті
орташа арифметикалық индекс деп атайды. Бұл индекс жиынтық заттай
көрсеткіге тең болуы үшін жиынтық индекстің бөліміндегі қосындылар дара
көрсеткілердің салмақтаушысы болуы керек және бұл мәліметтер нақты
құбылысты сипаттайтын көрсеткіш болуға тиісті.
Жиынтық индексті керегіне қарай өзгертіп, жиынтық үйлесімдік
(геометриялық) формуласына келтіруге болады. Түсінікті болу үшін бұрынғы
келтірілген мысаода мынадай ғана мәлімет берілген делік:
3 кесте
Ағымды кезде сатылған ұн мен нан
Тауар Өлшем Ағымдағы уақыт Ағымды мезгілдегі
бірлігі бағаны базалық мезгілдегі
бағамен салыстырғандағы дара
индексі
Сатылған Бағасы
тауарлардың теңге
көлемі (q1) (р1)
Ұн Кг 9135 120 1,26
Булка дана 30190 60 1,7
нан

Ағымды кезде сатылған ұн мен нан бағасының орташа өзгеру индексін
табу керек делік. Бағаның жиынтық индексі мынадай: Ір=∑р1q1 - ∑ р0q1
формуламен есептелетіні белгілі. Бірақ, тікелей бұл формуланы қолдануға
болмайтындығы көрініп тұр. өйткені, базалық уақытта сатылған тауардың
бағасы берілмеген. Оның орнына дара индекс келтірілген. Бұл жағдайда
келтірілген бағаның жиынтық индексін бар дерекке қарай өзгерту керек.
Бағаның дара көрсеткіші мынадай: іб =р1р0. Одан р0=р1іб тең. Енді
жиынтық баға индексіндегі базалық бағаның орнына тиісті баламасын қойсақ,
бағаның жиынтық формуласы мынадай түоге енеді:
Ір=∑р1q1∑ р0q1=∑р1q1(р1q1ір)=
=(9135*120+30190*60)(9135*1201,26 +30190*601,7)=29076001935529,5=1, 5
Екі тауардың орташа үйлесімдік көрсеткіші бағаның 1,5 есе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индекстер туралы жалпы түсінік
Орташа индекстерді есептеу
Экономикалық индекстер
Индекстер туралы жалпы ұғым
«Статистика» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі
Индекстік әдіс
Экономикалық құбылыстардың индексі
Статистикалық бақылау зерзаты
Экономика-статистикалық құбылыстардың өзара байланысы
Статистиканың жалпы теориясы
Пәндер