Экономикалық интеграцияның алғышарттары


«Экономикалық теория» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: «Экономикалық интеграция»
МАЗМҰНЫ
Қорытынды
Ќолданылѓан єдебиеттер тізімі
Қосымша А Экономикалық интеграцияның алғышарттары
Қосымша В Интеграциялық үдерістің сатылары
Қосымша С Өндірісті сатылары
КІРІСПЕ
Халықаралық интеграция белгілі бір жағдайда пайда болды және бірқатар объективті экономикалық және саяси жағдайлардан туындады. Ол бір аймақтың мемлекеттерінің арасында ғана емес, сонымен қатар әртүрлі континенттер арасында таралған өндірісті үдерісінің одан әрі дамуының заңды нәтижесі болып табылады.
Белгілі Ресей экономисі Н. Шмелев дүниежүзілік интеграциялық үдерістердің қайнар көзін қазіргі уақыттағы халықаралық еңбек бөлінісі қажеттерімен, ҒТП-нің дамуымен, халықаралық маманданумен және жекеленген мемлекеттердің шаруашылық құрылымдарын кооперациялаумен байланыстырады.
Қазіргі уақытта ауқымдандыруға ауысты, ел қазіргі әлемнің бөлінбейтін бөлігіне айналды.
Бұл жұмыста интеграциялық үдерістердің теоретикалық негіздері ашып көрсетіледі, халықаралық экономикалық интеграцияның мәні мен алғышарттары, формальды және шынайы сатылары, интеграция түрлері, ауқымдандыру анықталады. Сонымен қатар Еуропалық одақтың, Еуропалық еркін сауда ассоциациясы, Солтүстік американдық еркін сауда ассоциациясы, Азияттық-тынықмұхиттық экономистік достастық, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы, ТМД, еркін сауда жөніндегі Орталық еуропалық келісім шарттарының қалыптасуы туралы сипатталады.
Қазақстанның интеграциялық үдерістерге қатысу мәселелері, оның халықаралық интеграциялық топтасуларға үлесі, дүниежүзілік қауымдастықтың дамыған елдерімен екі жақты байланыстары жайында да біраз айтылып өтеді.
1. 1 Экономикалық интеграцияның алғышарттары, мәні және мақсаттары
XX ғасырдың екінші жартысындағы алдыңғы капиталистік елдердің жедел экономикалық дамуы, халықаралық көлік және коммуникация құралдарын жетілдіру халықаралық сауданың қарқынды дамуына әкелді, нәтижесінде шетелге тек тауар ғана емес, сонымен бірге өндіріс факторлары да ( капитал, жұмысшы күші, технологиялар ) шетелге шығарылды. Халықаралық сауданың және өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы шаруашылық өмірді ерекше сатысы болып табылатын экономикалық интеграцияның пайда болуына әкелді.
Өндірісті - бұл формальды немесе шынайы сипатта болатын көпжақты экономикалық процесс.
Өндірісті формальды интернациолизациялау елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысқан жағдайында, олар бір-біріне еңбек еткен жағдайда жүзеге асады, бірақ жекелеген елдерде бірдей тауарды өндіру үшін кететін шығын бірдей емес. Елдер арасында тұрақты экономикалық байланыстар орнату және олардың арасындағы кедергілерді сақтаудың нәтижесі - өндірісті формальды түрі болып табылады. Ол көршілес елдер арасында, яғни бір географиялық аймақтың бірнеше мемлекетін біріктіретін ішкі аймақтық деңгейде шешіледі. Ішкі континентальдық деңгей әртүрлі континенттерде орналасқан елдерді қамтиды. Өндірісті формальды ең жоғары деңгейі дүниежүзінің барлық континенттерін қамту, яғни экономикалық ауқымдандыру болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы елдер экономикалық ынтымақтастықты өндірісті формальды пайдаланып дамытты.
XXғ. IІ жартысында көптеген елдер өндірісті халықаралық жаңа сатысын игеруде, яғни формальдықтан шынайыға көшуде. Шынайы саты осы үдерістің барлық мүшелерінің өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында, халықаралық өндірісті қоғамдастыруға қатысатын барлық елдердің күш-қуатын біріктіруімен сипатталады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуының шынайы сатысына көшу әрбір елдің өндірісінің тиімділігін аймақтық қауымдастық елдерінің орташа деңгейіне дейін көтеруге ықпал етеді. Бұл жағдайда елдер экономиканың барлық салаларында жетілген техникалық және экономикалық параметрлері бар кәсіпорындарды келісіп жасайды. Осылайша жасалатын, қазіргі уақытта өнім өндіруге түрлі өндіріс факторларының неғұрлым аз мөлшерін жұмсайтын кәсіпорындар оңтайлы көлемдегі кәсіпорындар деп аталады. Бұл кәсіпорындар үшін ресурстарды үнемдеудің негізгі жолы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы, елдің территориясында тиімсіз өндіріс тармақтарын жабу, өндірісті дәл осы кәсіпорындарда шоғырландыру болып табылады.
Жекеленген салалардың материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеу бүкіл ел көлеміндегі үнемдеуді қамтамасыз етеді, яғни экономикалық өрлеу үшін жағымды жағдайлар жасайтын ұлттық экономиканың тиімді құрылымының пайда болуына ықпал етеді.
Экономикалық интеграция - бұл дүниежүзілік аймақтық көлемде жүзеге асырылатын өндірісті шынайы .
Интеграция сөзі латынша «integratio» дегеннен шыққан, аудандарға бытыраңқы бөліктерді небір жалпы, біртұтас, бірлікке біріктіру дегенді білдіреді. Экономикада бұл сөз халықаралық өндірістің қоғамдық сипатын елдердің жаңа өндірістік-техникалық және әлеуметтік экономикалық біліктерге және олардың экономикалық ынтымақтастығының дамуының неғұрлым жоғары деңгейіне шығуы үшін одан әрі даму дегенді білдіреді. Интеграция елдердің ұлттық шаруашылықтарын біртіндеп жақындастыруға және ортақ халықаралық өндірісті жасауға ықпал етеді.
Осылайша, экономикалық интеграция - бұл мемлекетаралық келісімдер және өзара еңбек пен халықаралық өндірістік кооперациялардың бөлінісі негізінде мемлекетаралық органдардың келісімін реттейтін формасына келетін, шаруашылық механизмдердің жақындасуына ықпал ететін елдердің экономикалық өзара әрекеті.
Төменде интеграцияны елдердің экономикалық өзара әрекетінің басқа формаларынан ерекшелейтін маңызды белгілері көрсетілген:
- ұлттық өндірістік үдерістің және олардың өзара сіңісулерінің ұштасуы; мүше елдердің экономикасындағы терең құрылымдық үдерістер; неғұрлым терең және оның прогрессивті формаларының негізінде өндірісті, ғылым мен техникадағы халықаралық мамандандыру және кооперациялаудың дамуы; тығыз шаруашылық байланыстары бар елдерден интеграцияның алғышарттарының пайда болуының бірінші дәрежелілігі, яғни кеңістік көлемдерінің аймақтылығы.
Экономикалық интеграцияға аймақтағы елдердің ұдайы өндірістік үдерістерінің сіңісуі мен бітеқайнасуы, ұштасуы тән.
1947 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде, 60-тан астам интеграциялық топтасулар құрылды, олардың ішінде 20-ға жуық жершарының әртүрлі континенттеріндегі интеграциялық типтегі халықаралық экономикалық бірлестіктер бар. Оған мысал ретінде НАФТА, Еуропалық одақ, Африка экономикалық қауымдастық және т. б. келтірсе болады.
Сурет 1- Экономикалық интеграцияның алғышарттары
Барлық интеграциялық топтасуларда, дамудың көптеген әртүрлі деңгейлеріне қарамастан мақсаттар бірдей болып қала береді:
- экономиканың дамуындағы артықшылықтарды пайдалану (нарық көлемін ұлғайту, тікелей инвистициялардың ағылып келуі, ысыраптарды қысқарту және т. б. )
- жағымды сыртқы саяси ортаны қалыптастыру (көпжақты келіссөздер, өзара сауда)
- экономиканы құрылымдық қайта құру ықпал ету (нарықтық тәжірибені беру, толық бағалы ірі нарықтарды жасау )
- неғұрлым кең аймақтың нарықтық пайда болуы нәтижесінде ұлттық өнеркәсіптің жаңа жас салаларын қолдау.
Халықаралық экономикалық интеграцияның дамуы барысында ұлттық экономикалардың жұмыс істеуінің тиімділігін қалыптастыратын бірқатар факторлар пайда болады.
Біріншіден, экономикалық кеңістік ұлғаяды, ірі нарық пайда болады., әртүрлі елдердің кәсіпорындар аралығындағы бәсекелестік күшейеді; жетілдірілген технологиялар мен техникалық құралдары, әсіресе жоғары емес экономикалық даму деңгейіндегі елдер арасында, белсенді іздестірудің қажеттілігі туындайды; қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарға жол ашылады.
Екіншіден, үшінші елдер тарапынан туатын бәсекелестіктен белгілі дәрежеде қорғаныс жасайтын, экономикалық интеграцияға кіретін елдердің фирмалары үшін артықшылықтары бар жағдайлар жасалады. Ахуал тұрақты, болжамды болады және өзара сауданың дамуы үшін екі немесе көпжақты келіссөздерді талап етпейді.
Үшіншіден, интеграциялық топтасудағы елдер өздерінің позицияларын дүниежүзілік сауда ұйымдарына сауда келіссөздері шеңберінде нығайтады. Халықаралық сауда саясаты саласындағы үздік нәтижелерге қол жеткізіледі.
Төртіншіден, елдерге интеграциялық экономикалық артықшылықтарын пайдалануға, яғни өткізу нарығының көлемін кеңейтуге, жергілікті өндірушілерді қорғауға көмек көрсетуге, тауар қозғалысы кезінде елдер арасындағы сауда ысырапшылықтарын қысқартуға, өз бетінше өндірістер жасауға болатын үлкен нарықтағы шетел инвистицияларын тартуға мүмкіндік береді.
Бесіншіден, аймақтық интеграциялық топтасулар өздерінің мүшелері үшін жағымды сыртқы саяси ортаны жасайды, өйткені саяси, әскери, мәдени және басқа да экономикалық емес салалардғы да ынтымақтастық күшейе түседі. Интеграциялық өзара әрекет әлеуметтік сипаттағы неғұрлым өткір мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
1. 2 Интеграциялық үдерістің сатылары
Әртүрлі типтегі интеграциялық бірлестіктер XXғ. ІІ жартысында неғұрлым дами түсті. Өзінің дамуында халықаралық экономикалық интеграция, яғни аймақтық көлемде өндірісті шынайы , әрқайсысы оның кемелдену дәрежесі туралы куә болатын бірнеше негізгі сатылардан өтеді. Әрбір сатыға өздерінің ерекшеліктері тән, бірақ барлық сатылар үшін қандай да бір интеграция түріне кіретін елдер арасындағы белгілі экономикалық кедергілерді жою ортақ болып табылады.
Интеграциялық бірлестік ішінде елдер өтетін 5 саты бөлініп көрсетіледі.
Бірінші сатыда, жақындасуға алғашқы қадамдар жасайды, біртұтас нарықтық кеңістікті қалыптастырады, еркін бәсекелестікті жүргізеді, үшінші елдерге қарағанда бір-біріне жағымды режим жасайды; баға, пайыз сияқты нарықтық реттеушілерді пайдаланып неғұрлым тиімді территориялық және салалық құрылымдар құрады.
Барлық елдердің интеграциялық бірлестіктерінің бірігіп күш жұмсауының нәтижесі еңбек өнімділігінің артуы, материалдық ресурстардың үнемделуі болып табылады, кезеңдік шығындарға кететін шығындар азаяды, инфляция (құнсыздану) төмендейді, осыған орай барлық елдер пайдаға кенеледі. Бірінші сатыда елдер не екіжақты негізде, не болмаса интеграциялық топтар мен ел немесе елдер тобы арасындағы жасалатын преференциялдық сауда келісімдеріне қол қойылады.
Екінші сатыда, үшінші елдерге қатысты ұлттық кезеңдік тарифтер сақталып, ал интеграциялық топ елдері үшін ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа кез келген тауарлармен өзара сауда жасасуда оларды толық жою қарастырылатын еркін сауда аймағы құрылады. Үшінші елдермен қатынасында интеграциялық бірлестіктердің серіктестері өздерінің экономикалық егемендігін сақтай отырып жеке-жеке шарттасады. Бұл, мысалы: үшінші елдер үшін еркін сауда аймағында елдің өзіндік тарифтерін бекіткен кезде көрініс береді. Еркін сауда аймақтары өздерінің негізгі міндеттері мен артықшылықтарын сәйкес ведомстволардың басшыларының кезекті кеңестерінде анықтайды және келіседі, немесе интеграциялық бірлестіктің елдерінің бірінің территориясында орналасқан кішігірім мемлекетаралық хатшылықта координацияланады.
Үшінші сатыда, интеграциялық бірлестіктегі елдер үшінші елдермен сыртқы сауда қатынастарын ұжымдасып анықтайтын кезеңдік одақ құрысады. Кезеңдік одақ тауар және қызметтермен ішкі интеграциялық салықсыз сауданы, аймақ ішінде олардың еркін қозғалуын қамтамасыз етеді, сыртқы сауда саясатының артықшылықтарын анықтайтын тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық хатшылық құрылады.
Төртінші сатыда, интеграциялық бірлестік елдері кезеңдік одақтың барлық шарттарын сақтайтын ортақ нарық жасасады. Елдер тек тауар және қызметтердің ғана емес, сонымен қатар капитал, жұмысшы күші, технологиялар, яғни өндіріс факторларының еркін қозғалысы туралы келіседі. Бұл деңгейде неғұрлым жоғары дәрежедегі мемлекетаралық координациялық орталық құрудың қажеттігі туындайды. Интеграциялық үдерістерді басқару мемлекет және үкімет басшыларының кезекті кеңестерінде, қаржы министірліктерінің басшыларының кездесулерінде анықталады. Үнемі жұмыс істейтін орган мемлекеттік хатшылық болып табылады. Кеңестер жылына 1-2 рет, ал министрлер кездесуі жиі, жылына 3-5 рет өткізіледі.
Бесінші сатыда, ең жоғарғы сатыда, біртұтас нарықтық кеңістікті қалыптастыру жүзеге асады, ол мыналарды талап етеді:
- салықтарды дұрыстап орнату; ұлттық техникалық және санитарлық стандарттарды
унификациялау;
- елдердің еңбек және шаруашылық заңдылықтарындағы әркелкіліктен арылу;
- жекеленген кәсіпорындар мен салаларға мемлекеттік субсидияларды беруді доғару;
- ұлттық несие- қаржы құрылымын координациялау;
- әлеуметтік қорғау жүйесін координациялау.
Инфляцияға қарсы салықтық, валюталық, өнеркәсіптік, ауылшаруашы-лықтық, әлеуметтік саясат саласында бұл шараларды жүзеге асыру, интеграциялық бірлестік елдерінің біртұтас ішкі аймақтық нарығын құруға әкеледі, яғни экономикалық одақ қалыптасады. Бұл қалыптасу ортақ нарық пен кедендік одақты қалыптастыру сияқты тез жүрмейді. Бұл сатыда экономикалық саясатты координациялау мен жедел шешімдерді қабылдау бүкіл интеграциялық блок атынан болу қажеттілігі пайда болады, яғни бұдан да неғұрлым жоғары деңгейдегі басқару құрылымдары қажет. Бірлестікке кіретін елдердің үкіметтерінің келісімінсіз бірігу мәселелері бойынша шешім құқығы бар интеграциялық бірлестік елдері арасындағы ұлттықтан жоғары реттеу органдары құрылады. Жекеленген елдердің үкіметтері өздерінің құқығының бір бөлігін жоғарыдағы ұлттықтан жоғары ұйымдардың пайдасына береді.
Бұл сатыда экономикалық, валюталық және саяси одақтар құрылады. Саяси одақ кемелденген біртұтас нарықтық кеңістікті халықаралық экономикалық қатынастар өздерінше өмір сүруін тоқтатып тұтас шаруашылықты саяси организмге айналдыруды көздейді, бұл дегеніміз олар мемлекет ішіндегі болып қалады. Жаңа көпұлтты субъектілер пайда болады, олардың интеграциялық одақтарының барлық мүшелерінің мүдделері мен біртұтас экономикалық және саяси позициялары бар жаңа көпұлттық субъектілер пайда болады.
Сурет 2 - Интеграциялық үдеріс сатылары
Интеграциялық топтасулар оған кіретін елдердің саны бойынша әртүрлі: Африкандық экономикалық кауымдастық - 30 елден астам, АГЭС-20 елден астам, ЕО-15 ел, НАФТА-3ел.
Кесте 1 - Интеграциялық бірлестіктердің даму деңгейлері
1. 3 Интеграция және ауқымдандыру
Дүниежүзілік шаруашылықтың негізі - ХЕБ, яғни халықаралық еңбек бөлінісі болып табылады; ол оған өзінің дамуында алға жылжуға жалпы (әмбебап) экономикалық заңдардың неғұрлым толық көрініс беруі үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік береді. ХЕБ - бұл елге өндірісте неғұрлым жақсы жағдайлары бар тауарларға бар күшін салуға мүмкіндік жасайтын халықаралық өндіріс жүйесі, яғни төмен өндіріс шығыны, бұл тауарлардың өздерінің халқы үшін де, серіктес елдердің халқы үшін де өндірілуін кеңейту. Бұл елге өндіру үшін жағдайлары жоқтаулар өндіруден бас тартуға және оларды тұтынуды импорт есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тауар және қызметтермен халықаралық айырбас барысында ел ішкі шығындарды үнемдеуді ұлттық тауар өндіру мен қызметтермен мүмкіндігінше арзан импорт есебінен бас тарту және экспортталушы тауарлар мен қызметтердің интернационалдық және ұлттық құны арасындағы айырмашылықты алу жолымен алады.
ӨХК - бұл өндірісті халықаралық кооперациялау, өндірісті ұйымдастыру формасын білдіреді, мұнда адамдар бір-бірімен бірігіп өзара байланысқан бір немесе әртүрлі өндіріс процестеріне қатыса отыра бір-бірімен байланыста болады. Халықаралық ұйымдардың - фирмалардың, компаниялардың трансұлттық корпорациялардың, дамуы өндірістің қоғамдық сипатын күшейтіп, өндірісті тереңдетеді.
ХЕБ және ӨХК дамуының заңды нәтижесі формальды және шынайы сипаты бар өндірісті болып табылады. Формальды - ХЕБ және ӨХК негізінде өндірістік кәсіпорындардың дамуы негізінде елдер арасында экономикалық байланыстар орнату, яғни елдер ұқсас салаларда әртүрлі нәтижелер ала отыра, бір-біріне жұмыс істейді.
Формальды сатылары:
- аймақ ішіндегі; аймақаралық және ішкі континенталдық; континетаралық; ауқымды (барлық континенттердің елдері арасында) .
Өндірісті екінші түрі - бұл формальдыға қарағанда халықаралық экономикалық қатынастарға мүшелердің экономикалық параметрлерін түзетін, шынайы . Қазіргі уақытта шынайы тек қана жекеленген елдер тобының интеграциясымен жүзеге асады, бұл дегеніміз аймақтар ішінде және ауқымды көшкен жоқ.
екі түрі де - формальдысы да, шынайысы да өндіріс тиімділігін ұлғайтуға ықпал етеді.
Дүниежүзілік экономикалық дамуының қазіргі уақыттағы сатысы бәрінен бұрын дүниежүзілік шаруашылық байланыстары мен интернационалдық экономикалық ауқымды сипатын білдіреді. Шаруашылық өмірді жекеленген ұлттық шаруашылықтардың барынша тығыз жақындасуы мен өзара сіңісуін білдіреді, бұл елдерді мақұлданған экономикалық саясатқа және жекеленген елдердің өндірістік, инвистициялық, қаржы-коммерциялық, ғылыми-техникалық әрекетінің ұщтасуы мен біте қайнасуына сүйетін экономикалық интеграцияға алып келеді. Осының бәрі дүниежүзілік инфрақұрылымның - көлік және коммуникациялардың дүниежүзілік жүйесін қоса алғандағы, дүниежүзілік шаруашылық байланыстары торабын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік экономика бүгінгі күннің ауқымды мәселелерін, барлық елдердің ортақ күш салысуымен бірігіп шешудің қажеттігінен және мұның нәтижесі ретінде - халықаралық өмірді ауқымды реттеудің қажеттігінің өсіп келе жатуымен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz