Саланың бәсекеге қабілеттілігі



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 119 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қолжазба құқығында

Экономикалық қатынастар жүйесіндегі
инфрақұрылымның даму мәселелері

08.00.01 – экономикалық теория

Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші

Қазақстан Республикасы
Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 10
1.1 Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның
теориялық аспектісі 10
1.2 Инфрақұрылым-ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың факторы ретінде 22
1.3 Инфрақұрылым дамуының шетелдік тәжірибесі мен оны
елімізде қолдану мүмкіндіктері 32

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
АРТТЫРУДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 45
2.1 Қазақстан Республикасында инфрақұрылымның қызмет ету ерекшеліктерінің
қазіргі жағдайы 45
2.2 Инфрақұрылым салаларының сапалы қызмет көрсету
тиімділігінің үрдісі 65
2.3 Республикадағы инфрақұрылымның инновациялық даму барысы 77

3 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ 93
3.1 Инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттің экономикалық-әкімшілік реттеу
құралдарын қолдану мәселелері 93
3.2 Инфрақұрылым дамуындағы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру 103

ҚОРЫТЫНДЫ 112

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 115

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс экономикалық
қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылым салалары қызметтерінің дамуын
зерттеуге, олардың ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы
қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға, алынған нәтижелерді инфрақұрылым
салалары сферасында қолдануға арналды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қоғамдық
өрлеу әлеуметтік және экономикалық үрдістердің дамуға қажетті жағдай
жасайтын ұлттық шаруашылық кешенінің барлық салаларын жетілдіруге
қабілетті. Бұл қызметті материалдық және әлеуметтік инфрақұрылымдар
атқарады.
Қоғамдық ұдайы өндірістің дамуында өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымдардың алатын орны алдыңғы қатардағы өзекті мәселелердің бірі
екендігі белгілі. Олар бүгінгі таңдағы ауқымды экономикалық өзгерістер
кезеңінде қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сондықтан да
әлеуметтік, экономикалық және т.б. күрделі мәселелерді шешуде
инфрақұрылымды дамыту және оны жетілдіру – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасында экономиканың рыноктық жағдайында инфрақұрылым
салаларының қызмет ету жүйесі өзгерістерге толы. Қазіргі таңда мемлекет
тарапынан бұл салаларды жақсарту мақсатымен олардың даму басымдықтарына
ерекше көңіл бөлінуде.
Биыл Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына Жолдауында:
Экономиканың негізгі секторларын озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету және
инфрақұрылымдарды салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет [1], – дей
келе, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдарды жүзеге
асыруда ең басты инфрақұрылым салалары қызметтерінің дамуына көңіл бөлуі
жайдан-жай емес.
Инфрақұрылым қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымында, адами ресурстар мен
капитал салымдарының айтарлықтай бөлігін қамтиды және ол қоғамдық,
халықаралық еңбек бөлінісін арттыруда маңызды орын алады. Сонымен қатар,
барған сайын маңыздылығы артып келе жатқан қоғамдық және мемлекетаралық
қатынастарға қызмет көрсетуге бейімделген әлемдік шаруашылықтағы
интеграциялық үдерістерді күшейтуге зор ықпалын тигізеді.
Инфрақұрылым әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыпты қызметін жүзеге
асыратын, әрі қамтамасыз ететін қосымша салалар кешенін құрайды.
Инфрақұрылым бірыңғай рынок механизмінің негізгі жүйесі ретінде әрекет ете
отырып, ол экономиканың барлық салаларын, еліміздің экономикалық
аудандарын, облыстарын, аймақтарын біріңғай қызмет атқаруын байланыстырады.
Инфрақұрылымның даму жағдайы мен оның деңгейі еліміздің әлеуметтік-
экономикалық өсу қарқынына және халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейінің
елеулі жақсаруына айтарлықтай ықпал етеді.
Әлеуметтік бағытта дамитын рыноктық экономикада елдің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруда инфрақұрылым қызметтерінің, атап айтсақ көлік пен
коммуникация салаларының халыққа сапалы қызмет көрсетулерін жақсартуға
тиімді механизмдерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Көлік және
коммуникация қызметтері инфрақұрылым қызметтерінің құрамдас бөлігі ретінде
қоғамның еңбек әлеуетінің қалыптасуымен, әлеуметтік кепілдіктерді іске
асырумен, адамның өмір сүру сапасы және оның әл-ауқатымен байланысты
мәселелерді шешеді.
Қазіргі таңда экономиканың әртүрлі салаларының қызмет ету тиімділігіне
және халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету мүдделеріне қолайлы жұмыс
жасайтын, тиімді, қауіпсіз көлік және коммуникация жүйесі қызмет көрсетуде.
Осы көлік пен коммуникация салалары қоғамның әлеуметтік үдерістерінің
дамуына өз әсерін тигізеді.
Көлік және коммуникация қызметтері тұтынушылардың талғамына және нарық
талаптарына сай қызмет еткені жөн. Олар Республикадағы қалалық және ауылдық
мекендердің арасын байланыстыра отырып, мемлекеттің әкімшілік және аймақтық
тұтастығын, қорғаныс қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
маңызы орасан зор.
Қызмет көрсететін аясына сәйкес көлік пен коммуникация инфрақұрылымдары
сыртқы саясат, экономикалық, әлеуметтік мақсаттарға жетудің маңызды факторы
болып табылады. Көлік – бұл адам және жүк тасымалдау қызметін көрсететін
сала ғана емес, ең алдымен, ол шаруашылық жүргізу мен тіршілік әрекетіне
жағдай жасайтын салааралық жүйе. Көлік және коммуникация қызметінің тарихи
дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық және кеңістік дамуын алдын-ала
айқындай отырып, оның халықаралық деңгейде алатын орнын, әсерін күшейтуге
ықпалын тигізді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру жөнінде қойған міндетін орындау үшін Қазақстанның кең байтақ
аумағын ескере отырып, экономика мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін
көлік-коммуникация кешенінің тиімді қызметімен байланыста қарастырамыз және
осы салалық инфрақұрылымды дамыту басты мәселеге айналып отырғандығын
көреміз. Сондықтан жоғары технологиялы көлік және коммуникация
инфрақұрылымы отандық тауарлардың, қызмет көрсетулердің және тұтас
экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдігі болып табылады деуге негіз
бар.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде инфрақұрылымның
мәні, оның қоғам өміріндегі қызметтері мен рөлі туралы әлі де біртұтас
қалыптасқан көзқарастар жеткіліксіздеу деп айтуға болады. Соның салдарынан
берілген толық анықтамалар да аздау. Оның үстіне инфрақұрылым түсінігі
теориялық және тәжірибелік жағынан үнемі әр түрлі аспектіде қарастырылып,
оның қолдану аясы кеңейтіліп отырылады.
Инфрақұрылым салаларын зерттеген көптеген шетел ғалымдарының, мәселен
В. Леонтьева, Е. Домар, Р. Нурксе, П. Розенштейн-Родан, Ф. Котлер, К.Р.
Макконл, С.Л. Брю, М. Портер, А. Лернер, Ф. Найт, Р. Познер және т.б.
еңбектерін айтуға болады.
Инфрақұрылымның даму теориясы мен тәжірибесіне байланысты арналған
жақын шетел экономист ғалымдарының зерттеулері де баршылық. Олардың ішінде:
Л.И. Абалкин, М.А. Абрамов, Э.М. Агабабьян, А.А. Ахмадиев, С.Г.
Важенин, Г.А. Волощук, Г. Григорян, В.И. Дриц, Ю.Н. Казаков,
М.П. Комаров, В. Мотылев, В.М. Рутгайзер, Т. Семенкова, В.Н. Стаханов,
С.Н. Третьяктерге ерекше тоқтап кетуге болады.
Инфрақұрылымның дамуындағы әр түрлі мәселелер және олардың экономикалық
теориямен байланысы отандық ғалымдардың, атап айтқанда Я.Ә. Әубакіров, Р.А.
Алшанов, У. Баймуратов, Е.Б. Жатканбаев, Д.К. Ильясов,
М.Д. Исқалиев, А.К. Қошанов, Н.К. Мамыров, С.Н. Нысанбаев, Л.Ф. Сухова,
Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Хамитов және т.б. еңбектерінде де кездеседі. Сондай-ақ
көлік және коммуникация салаларының дамуында қызмет ететін инженер-
ғалымдардың, яғни С.А. Алпысбаев, Е.Д. Атамқұлов, Т.Б. Баяхметов,
М.М. Бекмағамбетов, К.К. Жанғаскин, Н.К. Исинғарин, Б.А., С.С. Сатыбалдин,
және т.б. еңбектерін атап өтуге тұрарлық.
Қазақстан қоғамының әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуметтік әріптестік
жолында барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл-күйін
ұдайы жақсарта түсуде экономиканың инфрақұрылымын дамыту саласындағы
теориялық және әдістемелік зерттеу жұмыстарын жетілдіру қажеттілігі
туындайды. Осы мәселелер диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдаудың бірден-
бір себебі.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты әлеуметтік бағытта даму жағдайындағы
рыноктық экономиканың инфрақұрылым салалары жұмыстарының қалыптасуы мен
қызмет ету үрдістерін кешендік талдау, оның негізінде экономикалық
қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі ретінде
қоғамға және халыққа қызмет көрсететін көлік пен коммуникация қызметтерінің
даму мәселелерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
– инфрақұрылым түсінігін жүйелеу және нақтылау, ғылыми тұрғыда кешендік
зерттеу;
– ғылыми әдебиет негізінде қазіргі экономикадағы инфрақұрылымның салалық
жіктеу үлгісін қалыптастыру;
– Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инфрақұрылым
қызметтерінің рөлін анықтау және негіздеу;
– еліміз экономикасының дамуына әсер ететін көлік пен коммуникация
саласының қызмет ету ерекшеліктерін айқындау;
– инфрақұрылымның дамуын мемлекеттік реттеу құралдары мен әдістерін
зерттеу және реттеудің басты бағыттарын ұсыну.
Ғылыми зерттеудің нысаны қоғамға және халыққа қызмет көрсететін
Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация салаларының қызметі болып
табылады.
Ғылыми зерттеудің пәні Қазақстан Республикасындағы инфрақұрылым қызмет
түрлері, оның ішінде көлік және коммуникация қызметтер рыногының қалыптасу
мен қызмет етудегі экономикалық қатынастары болып табылады.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерін инфрақұрылым салалары
қызметтерін дамыту мәселелеріне қатысы бар экономикалық теория
классиктерінің, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар
теориялық және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады.
Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдары салыстырмалы
және факторлық талдау әдістері, бағалау әдістері, логикалық және
статистикалық әдістер сынды әр түрлі экономикалық зерттеу әдістеріне
негізделді.
Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, басқа да құқықтық-
нормативтік актілер, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация
министрлігінің талдау жинақтары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің,
мерзімді баспасөз бен ғылыми мәліметтері құрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесілер болып табылады:
– инфрақұрылымның теориялық аспектілерін зерттеу негізінде, инфрақұрылым
түсінігіне авторлық толықтауда әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның
ерекшелігі айқындалды;
– Қазақстан экономикасы дамуының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы
материалдық және әлеуметтік (материалдық емес) сипаттағы инфрақұрылым
қызметтерінің жіктелу үлгісі негізделді;
– инфрақұрылым қызметтер түрлері рыногының даму ерекшеліктері мен олардың
бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ұлттық экономиканың даму деңгейі мен
кешенінің әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуметтік әріптестік жолындағы
орыны анықталды;
– инфрақұрылым қызметтер түрлеріне, оның ішінде көлік пен коммуникация
қызметтеріне экономикалық тұрғыдан баға берілді және инвестициялық
ресурстардың жеткіліксіздігі, негізгі құралдарды жаңартудың қажеттілігі,
қаржылық айқындылықты қамтамасыз ету, сапалы қызмет көрсету және т.б.
сияқты ішкі салалық дамудың негізгі мәселелері белгіленді;
– әлеуметтік бағытта дамудағы рыноктық экономика жағдайында көлік және
коммуникация салаларын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдірудің негізгі
бағыттарын тұжырымдауда әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз ету, өмір сүру
сапасын арттыру, сондай-ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайту үдерістері
айрықшаланды.
Зерттеудің ғылыми нәтижелерінің ішінде автордың жаңа және қорғауға
ұсынатын тұжырымдары:
– инфрақұрылымға келесідей авторлық ұстанымда анықтама берілді:
инфрақұрылым – бұл қоғамның барлық материалдық және материалдық емес
элементтерінің дамуын және олардың өндіріс пен әр түрлі әлеуметтік
сипаттағы қызмет көрсету арқылы өзара қарым-қатынасын білдіретін тиімді
әлеуметтік-экономикалық кеңістікте халықтың өмір сүру сапасы деңгейін
жоғарлататын экономикалық қатынастар жүйесіндегі салалар мен объектілер
кешені;
– қазіргі кездегі инфрақұрылым салалары қызметтерінің жіктелу үлгісін
келесідей ұсынуға болады: 1) өндірістік инфрақұрылым салалары
қызметтері; 2) әлеуметтік инфрақұрылым салалары қызметтері. Сонымен
бірге әлеуметтік инфрақұрылым салалары қызметтерінің өзін екіге жіктеуге
болады: әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым салалары қызметтері және
әлеуметтік-рухани инфрақұрылым салалары қызметтері.
– ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы инфрақұрылым
салаларының, атап айтқанда көлік пен коммуникацияның рөлі анықталып,
аталмыш сала қызметтерінің жүзеге асырылуының тиімділігі елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының елеулі факторы бола отырып, ол жалпы
экономиканың кеңеюіне мүмкіндік береді және қоғамдық өндірістің
нәтижелерінің жетілуіне әсер етеді.
– көлік пен коммуникация салаларының қызмет көрсету барысындағы орын
алатын мәселелерді шешуде келесілер белгіленді: 1) басқару құрылымын
жетілдіру; 2) тасымалдау, байланыс желілерін, ақпараттар үдерісін
нығайту; техника құралдарын жаңарту; 3) сала инфрақұрылымдарын өңдеуде
және қызмет көрсетуде алдыңғы қатардағы технологияларды енгізу; 4)
аталмыш сала бойынша инвестициялық бағдарламалардың іс-шаралары кешенін
әзірлеу және жүзеге асыру, негізгі жабдықтарды жаңғыртудың және жаңа
технологияларды енгізудің негізінде саланың пайдаланымдық шығындарын
азайту.
– инфрақұрылымды реттеу әдістері негізделіп, көлік және коммуникация
саласын одан әрі жетілдіру бойынша келесідей реттеу бағыттары ұсынылады:
бірыңғай өндірістік-техникалық кешен ретінде және еліміздің транзиттік
әлуетін пайдалану үшін тасымалдауды дамытудың тиімді жолдарын іздестіру;
республика және аймақты масштабта ұтымды тасымалдау торабын және
байланыс желілерін жасау; аталмыш саланың қызметінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, оны Қазақстан Республикасындағы нақты
экономикалық ахуалмен байланыстыру; тарифтерді есептеу және
тасымалдаудағы салық және кеден саясатының әдіснамасын жетілдіру бойынша
ұсыныстар әзірлеу.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы негізгі тұжырымдардың бәсекеге
қабілеттілікті арттыруда инфрақұрылым салалары қызметтерінің даму
мәселелерін әрі қарай зерттеуге ықпал ететіндігінде.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік ұсыныстары инфрақұрылым қызметтерін
әлеуметтік-экономикалық қатынастар жөніндегі ұзақ мерзімді тұжырымдамаларды
әзірлеуге, инфрақұрылым салалар қызметтері, оның ішінде көлік пен
коммуникация қызметтерінің дамуы мен оларды мемлекеттік реттеудегі
бағыттарын жүзеге асыруда өз дәрежесінде септігін тигізеді..
Диссертация материалдары мен ұсыныстарын экономикалық білім беру
жүйесінде Экономикалық теория, Қоғамдық сектор экономикасы, Әлеуметтік
аялар экономикасы, Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі сияқты
пәндерді оқытуда және арнайы курстарды өткізуде қосымша материал ретінде
пайдалануға болады.
Жұмыстың талқылануы. Жұмыстың мазмұнын құрайтын негізгі тұжырымдары мен
нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда баяндалды. Оның ішінде: ХХI – ғасырдағы Қазақстан
экономикасының бәсеке қабілеттілігі мен жедел жаңаруының стратегиясы атты
халықаралық ғылыми конференция (Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университеті, 14-16 сәуір, 2005 ж.); Қазіргі кезеңдегі
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жедел жаңаруының мәселелері мен
болашағы атты жас ғалымдардың 59-шы ғылыми-теориялық конференция (Алматы
қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 19-20 сәуір, 2005 ж.); Жедел жаңару
жолындағы экономикалық бағдарлар атты Т.Рысқұловтың 110 жылдығына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, Т.Рысқұлов
атындағы ҚазЭУ, 18-20 мамыр, 2005 ж.); Социальные приоритеты экономической
политики Республики Казахстан атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция (Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 9-10 маусым, 2005 ж.);
Ғаламдық даму аясындағы ұлттық экономика атты ҚР ҰҒА академигі
Я.Ә.Әубәкіровтың 80 жылдық мерейтойын арналған халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 8-9
желтоқсан, 2005 ж.); Әлемдік рынокта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етудің өзекті мәселелері атты жас ғалымдардың 59-шы ғылыми-
теориялық конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 13-14
сәуір, 2006 ж.); Ускоренная модернизация и динамичность национальной
экономики Казахстана атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
(Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 12 мамыр, 2006 ж.); Қазақстанда
экономикалық ой-сананың дамуы атты э.ғ.д., профессор Д.Қ.Қабдиевтің 80
жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция
(Алматы қаласы, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 19-20 қазан, 2006 ж.);
Жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасын жаңарту мәселелері атты
халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Алматы қаласы, Абылай хан
атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 23-24
қазан, 2006 ж.); Қазақстанның ұлттық бәсеке қабілеттілігі: теориясы,
тәжірибесі, болашағы атты ҚР-ның тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ, 7-8 желтоқсан, 2006 ж.); Қазақстан Республикасы
экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы мен болашағы:
өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі
әдістемесі атты халықаралық конференция (Алматы қаласы, Қ.И. Сатпаев
атындағы Қаз ҰТУ, 11-12 қазан, 2007 ж.); Проблемы менеджмента и рынка ХI
международная конференция (г. Оренбург, Оренбургский государственный
университет, 22-23 ноябрь, 2007 г.); Қазақстан және Орта Азия экономикасын
жан-жақты үдемелі модернизациялау: қазіргі заман және болашағы атты
Қазақстан-2030 Стратегиясының 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 7-8
желтоқсан, 2007 ж.); Высокие технологии и инновации в образовании, науке и
производстве посвященную 30-летию экономического факультета и 20-летию
кафедры экономическая кибернетика международная научно-практическая
конфереция (г. Костанай, Костанайский государственный университет им.
А.Байтурсынова, 17-18 апреля, 2008 г.);
Жұмыстың жариялануы. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми
басылымдар мен жинақтарда 5,0 баспа табақ көлемінде 18 мақала жарияланды,
оның ішінде 4 мақала ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
бекіткен тізімдегі басылымдарда және 14 мақала халықаралық және
республикалық ғылыми конференция материалдары жинақтарында жарық көрді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың
жалпы көлемі 121 беттен, оның ішінде 8 кесте, 14 сурет берілген.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның теориялық
аспектісі

Инфрақұрылым өндіріс құрылымында, адами ресурстар мен капитал
салымдарының айтарлықтай бөлігін қамтуда және қоғамдық, халықаралық еңбек
бөліністерін арттыруда маңызды орын алады. Сонымен қатар, оның күрделінген
және кеңейтілген қоғамдық, салалық, мемлекетаралық қарым-қатынастарға
қызмет көрсетуге негізделген әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық
үрдістерді күшейтуде ықпалы зор.
Инфрақұрылым әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыпты қызметін жүзеге
асыратын, әрі қамтамасыз ететін қосымша салалар кешенін құрайды. Ол елдің
экономикасының дамуына үлкен ықпал етеді, бірақ ол өндірістің әрбір
тәсіліне қарай өзгеше және оның элементтері экономикалық заң талаптарының
әсер етуімен дамиды. Инфрақұрылымның даму деңгейі және қызмет көрсету
сапасы, көбінесе өндірістің даму дәрежесіне және халықтың өмір сүру
сапасына әсерін тигізеді.
Инфрақұрылым түсінігінің кең мағынада алатын болсақ, материалдық
өндірістің негізгі базалық саласына қызмет көрсететін, ғылыми-техникалық
және әлеуметтік өрлеудің дамуына ықпал ететін өндірістік емес сфералардың
бөлімшелері мен салалар жүйесінің құрылымдық таралымы болып табылады.
Инфрақұрылым салалары өндіріске, халыққа және қоғамға қызмет көрсетсе, осы
қызметтердің нәтижесі қоғамға керекті экономикалық игіліктерді молайтуға
пайдасын тигізеді.
Экономикалық әдебиеттерде инфрақұрылымның мәні, оның қоғам өміріндегі
қызметтері мен рөлі туралы әлі де біртұтас көзқарастар болмады. Сондықтан
жалпы берілген толық анықтамалар да аз. Өйткені инфрақұрылым түсінігі
теориялық және тәжірибелік жағынан әрдайым кеңейтіліп отырылады.
Инфрақұрылым түсінігі өндірісті интеграциялау, мамандандыру және ғылыми
техникалық өрлеу негізінде өндірістік қатынастарды алдағы уақытта дамыту
мен толық жетілдіру нәтижесінде пайда болды.
А. Маршалдың 1910 жылы жарық көрген Экономика қағидалары атты белгілі
еңбегінде, ол инфрақұрылымды шығарылған өнімнің көбеюі мен өндіріс
масштабтарының артуы есебінен емес, инфрақұрылымның кәсіпорындары мен
салалары қызметтерінің пайдалы нәтижелерін тегін иемдену негізінде сыртқы
экономикамен байланыстырып қарастырған [2, 45 б.].
Инфрақұрылымның дамуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең –
инфрақұрылым мәнін талдаудағы тәсілдердің қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде
инфрақұрылым түсінігі жеке экономикалық категория ретінде қарастырылмайды,
тек қоғамдық мекемелер арқылы инфрақұрылымның объектілеріне жанама түрде
ғана қатысты бола отырып, олардың мемлекеттік реттелу қажеттілігін айырықша
белгілейді. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі, ол инфрақұрылым объектілері
бағыну сипатына ие бола отырып, сонымен қатар негізгі өндірістің
қажеттіліктерімен толық анықталады.
Инфрақұрылым мәнінің қалыптасуының ХХ ғасырдың 40-шы жылдарынан
басталған екінші кезеңі. Бұл кезеңде инфрақұрылым экономикалық айналысқа
түсіп, өндірістің қажетті факторы ретінде айнала бастады. Әлемдік қоғам
дамуының белгілі сатысында, капитализм мен социализмнің өсу кезеңінде
инфрақұрылым тәуелді объект қана емес, сондай-ақ негізгі өндіріске тікелей
қатысы бар өндіріс факторы ретінде болды. Инфрақұрылым мәнін
қалыптастырудың осы кезеңінің капитализм (дамыған елдер) мен социализмнің
(бұрынғы КСРО елдері) даму жағдайында өндірістің даму деңгейіне, әртүрлі
сыртқы факторлардың әсеріне, соның ішінде әскери (соғыстағы және тыс)
әрекеттерге байланысты өзіне тән ерекшеліктері болды, өйткені ол ең
алғашқысында әскери терминологияда (әскерлерге қызмет ететін объектілер,
ғимараттар, аэродромдар, ракета базалары, радиолакациялық орындар)
қолданылған. Инфрақұрылым термині латын тілінде infra – төмен,
structura – құрылым, орналасу дегенді білдіреді.
Осы ұғымды зерттеу бойынша өткен ғасырдың 50-ші жылдарында АҚШ-да Дж.
Тинбергена, В. Леонтьева, Х. Арндт, Р. Голдсмит, Е. Домар, Р. Нурксе,
Т. Сцитовский, В. Фельнер, П. Розенштейн-Родан, П. Самуэлсон еңбектері
шықты. 60-шы жылдары Англияда В. Фучс, З. Хэршлег, Р. Кутнер, У. Ростоу, Р.
Иохимсен, А. Афхельдт, Р. Фрей және тағы басқалардың жұмыстары пайда болды.
60-шы жылдардан бастап инфрақұрылымды зерттеу алға қойылды.
Американ экономисті П. Розенштейн-Родан инфрақұрылымды барлық халықтың
қажеттілігін қанағаттандыратын және экономиканың негізгі салаларында жеке
кәсіпкерліктің қолайлы дамуын қамтамасыз ететін шарттар жиынтығы деп
түсіндірді [3, 11 б.].
ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарында Кеңестік экономикалық әдебиеттерінде
инфрақұрылым мәселесі бойынша жеткілікті мөлшерде ғылыми жұмыстар жазылды.
Инфрақұрылым терминін анықтауда әртүрлі көзқарастар орын алды. Олар өз
еңбектерінде инфрақұрылымның мазмұны мен толықтылығы мәселелеріне көңіл
бөлді. Мұндай зерттеулерді ең алғаш рет
С.А Хейнман, Т. Семенкова және С.И. Хватов жүргізді.
Инфрақұрылым түсінігі Т. Семенкованың Инфрақұрылым және қызмет сферасы
жұмысында берілген [4, 116 б.].
Автор инфрақұрылымды ауыл шаруашылықтық және өнеркәсіптік өндіріс
кәсіпорындарының орналасуы мен табысты қызмет етуі үшін қажетті материалдық-
техникалық жабдықтардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, өзінің ойын
инфрақұрылым ұғымы мен қызмет ұғымын салыстырумен жалғастырады. Т.
Семенкованың көзқарасы бойынша, инфрақұрылым кең мағынадағы қызмет ұғымы.
Автор инфрақұрылымға материалдық өндіріс салаларын жатқыза отырып, бірақ
оған халықтық мәдени қызметтер мен тұрмыстық қызметтерді кіргізбейді.
Кеңестік экономистердің еңбектерінде инфрақұрылымның өндірістік,
әлеуметтік және т.б. бөлінуі салдарынан ол өз кезегінде өзінше формаға ие
болды. Дегенмен, бұл кезде жоғарыда айтылған көзқарастар инфрақұрылымның
экономикалық жүйенің элементі ретіндегі рөлін бекітуге мүмкіндік
бермейтінін ескеруі жөн болар еді.
1975 жылы шыққан экономикалық энциклопедияда инфрақұрылым – бұл
ауылшаруашылықтық және өнеркәсіптік өндіріске қызмет ететін шаруашылық
салаларының жиынтығы. Бұл, құрылыс (тас жолдар, каналдар, порттар, мосттар,
аэродромдар, қоймалар), энергетикалық шаруашылық, теміржол, байланыс, сумен
қамтамасыз ету және канал жүргізу және кәсіптік білім беру, ғылымға,
денсаулық сақтауға кеткен шығындар – деп анықтама берілген
[5, 250 б.].
Берілген түсіндірмеде инфрақұрылым мазмұны толық көрсетілген деуге
болмайды, өйткені инфрақұрылымға материалдық техникалық базалардың жеке
элементтерімен қатар тұтас салалар және олардың қызмет етуіне кететін
шығындар да жатады .
Кеңестік экономикада инфрақұрылым көбінесе материалдық өндіріс
үдерісінің жалғасы ретінде қарастырылған болатын. Мұнда материалдық өндіріс
үдерісі негізінен осы игіліктерді құру түрінде қолданды, ал әлеуметтік
инфрақұрылымдағы қызмет көрсету саласына аз көңіл бөлінген-ді.
Кейінірек инфрақұрылым түсінігі - бұл материалдық өндірістің дамуына
және қызмет істеуіне құрылған жағдай ғана емес, сондай-ақ қоғамды дамытудың
маңызды әлеуметтік мәселелерін тиімді шешетін жағдай ретінде де кеңінен
көрінді.
Осыдан кейін ғалымдар Л. Абалкин, Г. Григорян, В. Мотылев инфрақұрылымды
жалпы қолданылатын қызмет көрсетуші салалардың (энергетика, көлік,
байланыс, ғылыми мекемелер, жалпы және кәсіптік білім беру және тағы
басқалар) жиынтығы ретінде қарастырды [6, 114 б.].
Жоғарыда аталған көзқарастар өндірістік, әлеуметтік, аймақтық тұрғыдағы
инфрақұрылым ұғымына бірте-бірте біріңғай көзқарастың қалыптасып келе
жатқандығын білдіреді.
Үшінші кезең ХХ ғасырдың 80-шы жылдары соңында қалыптасты. Осы кезеңнен
бастап инфрақұрылым ұлттық экономиканы тұтас жүйесі ретінде қарастырылды.
Бұл кезеңде инфрақұрылым ұғымының түсінігі мен оның қажеттілігіне көңіл
аударып қана қоймай, сондай-ақ оның мәнінің анықтамасына, қызметіне,
өндірістің жалпы жүйесінің бөлінбес элементі ретінде ерекше көңіл бөлінді.
Осы кезеңді бөлетін алғы шарттар 90-шы жылдардағы реформалар болып
табылады. Бұл реформалар еліміздің бүкіл экономикалық жүйесінің қайта
құрылуына, халықаралық еңбек бөлінісі мен өндіріс факторларына кететін
шығындарды оңтайландыру есебінен ұлттық шаруашылықтың тиімділігін арттыру
қажеттілігіне жеткізген болатын.
Сондай-ақ шетел экономистері К.Р. Макконнэл мен С.Л. Брю инфрақұрылым
түсінігінің қолданылуын мемлекет қамтамасыз етеді деп негіздеп, жеке
азаматтар мен фирмалар үшін оның мынадай салалардағы маңызын анықтады.
Олар:автомагистральдар, көпірлер, қалалық көлік жүйелері, су тазалайтын
құрылыстар, сумен қамтамасыз ететін муницпипалды жүйелер, аэропорттар және
т.б. Әрине, ол үшін бұл салаларды қалыптастыру мен құру әлдеқайда қымбатқа
түседі, сондықтан онда мемлекет өз тарапынан мүдделілігін көрсетеді. Сөйтіп
сумен қамтамасыз ету, электр энергия, өндіріс қалдықтарын шығару, жүктерді
тасымалдау, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары, қаржылық және банктік
қызметтер макро деңгейде жүзеге асады [7, 145 б.].
Ал, Ресей экономистері Э.М. Агабабьян инфрақұрылым – адамдарды
өндірістік қызметтермен біріктіруге мүмкіндік беретін материалдық
объектілердің жүйелі ұйымдастырылған жиынтығы немесе халыққа қызмет
көрсететін, рухани игілікті іске асыратын, қоршаған ортаны қорғауға жағдай
жасайтын, өндіріске қызмет көрсететін халық шаруашылығы салаларының,
ішкісалалардың жиынтығы, - десе, С.Н Третьяк инфрақұрылым негізгі
өндіріске қатысты қосымша сипатқа ие және өндіріс факторларын анықтайтын
негізгі өндірістік элементтердің тұрақты іске қосылуын, өндіріске
тартылатын барлық ресурстардың тиімді іске асуын және жұмыс күшінің ұдайы
өндірісін қамтамасыз ететін салалардың, қызмет түрлерінің жиынтығын
көрсетеді, – деп анықтама берген [8, 45 б.; 9, 34 б.].
Қазақстандық ғалымдар (Ковалев А.Е., Никитина Г.А.) инфрақұрылым
түсінігін біріншіден - өндіріске тартылатын барлық ресурстардың тиімді іске
қосылуын қамтамасыз ететін жүйелер мен қызметтер, екіншіден – жұмыс күшінің
өндірісі ретінде қарастырды [10, 7-8 бб.].
Инфрақұрылым түсінігін анықтауда берілген көптеген ғалымдардың
анықтамаларына талдау жасау негізінде біз мынадай пайымға келдік.
Инфрақұрылым бүкіл қоғамдық өндірістің қызмет етуіне, бөлінуіне және
халықтың қалыпты тіршілік жасауына қажетті материалдық жағдай туғызады.
Дегенмен, бұл көрсетілген анықтамаларда инфрақұрылымды экономика сферасы
ретінде толығымен сипаттаулар жеткіліксіз. Біріншіден, біздің ойымызша,
берілген түсініктемелерде саланың қай ортасы өзінің функционалдық қызметі
жағынан инфрақұрылымды құрайтындығын анықтау қиын; екіншіден,
инфрақұрылымға өндірістің көмекші және қосымша салаларын жатқызу негізгі
өндірістің және инфрақұрылымның қамту ауқымын анықтауды қиындатады.
Осылайша, біздің ойымызша инфрақұрылым – бұл қоғамның барлық материалдық
және материалдық емес элементтерінің дамуын және олардың өндіріс пен әр
түрлі әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсету арқылы өзара қарым-қатынасын
білдіретін тиімді әлеуметтік-экономикалық кеңістікте халықтың өмір сүру
сапасы деңгейін жоғарлататын экономикалық қатынастар жүйесіндегі салалар
мен объектілер кешені болып табылады.
Қазіргі уақытта инфрақұрылымның түрлерін дамыту мәселелеріне ғылым мен
тәжірибе көп көңіл бөлуде өндірістің жұмыс жасауына және халықтың тіршілік
етуіне материалдық жағдай ретінде инфрақұрылымның дамуы және осы негізде
өндірісті мамандандыруды, іріктіруді байланыстырады. Бұл үрдісте негізгі
өндіріс пен оған қызмет көрсететін салалар және қызмет түрлері арасындағы
өзара байланыс пен тәуелділік күшейтіледі. Бұл – қоғамдық өндірісті
дамытудың табиғи тарихи үдерісіі.
Инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық мазмұныны жағынан екі аспектіде
қарастырамыз: біріншіден, ол өндірістің қоғамдық нысандарына тәуелсіз
материалдық және рухани игіліктің кез келген үрдісінің қажеттілігі ретінде
әрекет етеді; екіншіден, сол немесе өзге қоғамға лайық экономикалық
қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан инфрақұрылымның
әлеуметтік-экономикалық мазмұнын сипаттайтын негізгі аспектілерге кеңінен
тоқталған жөн.
Инфрақұрылымның субъектілері біріншіден, өндірушілер, екіншіден ақылы не
ақысыз негізде тұтынушылар ретінде инфрақұрылымдық қамтамасыз ететін
(өндіріс, тауар айналымы) өнімдерді ұсыну бойынша экономикалық қатынастарға
қатысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Субъектілерге
инфрақұрылым қызметін қалыптастыратын және пайдаланатын мемлекеттік меншік
түріндегі ұйымдар, институттар (оқу орындары, инвестициялық қорлар, көлік
кәсіпорындары және парктер, энергетикалық компаниялар, электр байланыс
операторлары, биржалар, емханалар және басқалар) және жеке фирмалар (ұялы
байланыс операторлары, қонақ үй бизнесі, супермаркеттер, жеке мектептер
және ауруханалар), жанұялар және жеке тұлғалар жатады.
Инфрақұрылым объектілеріне біріншіден, инженерлік-техникалық құрылыстар
және басқа да материалдық объектілер жатса, екіншіден, қазіргі кездегі
шаруашылық объектілерін (байланыс жолдары, электр желілері, көлік жолдарын,
электр станцияларды, қонақ үйлерді) орнықтыру мен тиімді қызмет жасауда
ұдайы өндіріске қажетті материалдық-техникалық және әлеуметтік жағдайларды
қамтамасыз ететін қызмет сфералары жатады. Осыдан келіп, экономикалық
қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның мәні келесідей негізгі қызметтері
арқылы анықталады:
– бірінші, инфрақұрылымның қызмет көрсетуші функциясы шаруашылық
объектілердің табысты жұмыс істеу үшін өндіріске және халыққа қызмет
көрсетеді. Бұл функцияға шаруашылық айналымына қызмет көрсету
(тасымалдау және қамтамасыз ету-тарату функциясы); әлеуметтік салада
материалдық игіліктерді бөлу және айырбастау; тұтынушыларға қызмет
көрсету (халықтың тұтынушылық сұранысын қамтамасыз ету және
қанағаттандыру) жатады;
– екінші, инфрақұрылымның қамтамасыз ету қызметі белгілі аумақта адам
қызметтерінің сол не өзге түрлерін, материалдық және материалдық емес
игіліктерді құруға жанама қатысады. Материалдық өндіріс пен тұтыну
жағдайларының қалыптасуын, аймақтың өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының жұмысына, оған жұмыс күшін орналастыруға және халыққа
жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, ол өнім өндіру үшін жағдайдың
қалыптасуын, дайын өнімнің сатылуын және қызметтің көрсетілуін
қамтамасыз етеді;
– үшінші, инфрақұрылым интеграциялық қызметтің өндірістік және әлеуметтік
сала, аймақ пен мемлекет арасында үлкен рөл атқарады. Инфрақұрылым
салааралық сипатқа ие. Яғни оған мындай объектілер жатады: көлік,
энергетикалық жүйелер, байланыс, ақпараттық желілер және тағы басқалар;
– төртінші, инфрақұрылымның жүйелік қызметі тұтас алғанда ұлттық
шаруашылықтағы ұдайы өндірістің барлық фазаларындағы бірлікті, ал жеке
алғанда, ұдайы өндіріс үдерісінде өзара байланысты орнату арқылы оның
құрылымдық бөлімшесіндегі бірлікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл
қызмет ұдайы өндірістің тұрақтылығы мен оның ұтымдылығын қамтамасыз ету
үшін жалпы жағдай туғызатын тауарлық, ақшалай, ақпараттық және басқа
қызметтердің бір-бірінен бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан,
инфрақұрылым базалық салаларда, ұлттық шаруашылықта толығымен және оның
барлық бөлімшелерінде капитал айналымын жеделдету факторы болып
табылады;
– бесінші, инфрақұрылымның ұдайы өндіріс қызметі өндіріс пен негізгі
өндірістік факторлардың үрдісі сияқты, тауарларды өндіруге және
қызметтердің көрсетілуіне тікелей қатысатын адам ресурстарын және басқа
факторларды өндіреді;
– алтыншы, инфрақұрылым аумақтық қызметінде жаңа объектілерді аумақтық
орнықтыру немесе ескі объектілерді өзгертуге (қайта салу, қайта жинақтау
және басқалар) негіз бола алады. Шаруашылық аумақ жүйелері мен аумақтық
кешендерді қалыптастыру инфрақұрылымдық негізде жүзеге асады.
Инфрақұрылым олардың ішкі және сыртқы байланыстарын қамтамасыз етеді
және халықтың аумақтық құрылымдарының, шаруашылықтың, табиғат
пайдаланушылардың өзгерістерін тудырады. Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету
және аумақты қамтамасыз ету – аймақтық дамытудағы көптеген аумақтық-
құрылымдық үрдістердің алғы шарттары және аймақтарды аумақтық
ұйымдастырудың барлық аспектілерін басқару әсерінің маңызды құралы.
Инфрақұрылымның құрылымын анықтау екі негізгі тәсілге бөлінеді –
көлденең және тігінен. Көлденең тәсіл қызмет сферасы бойынша инфрақұрылым
салаларының ірі топтарын білдіреді. Мұнда олардың функционалдық бағыттары:
өндірістік, әлеуметтік, экологиялық және басқа да инфрақұрылымдар
анықталады. Жалпыланған түрде инфрақұрылымның элементтері: өндірістік
инфрақұрылым объектілері (құрылыс, өндіріске қызмет көрсететін көлік және
коммуникация, коммуналдық шаруашылық, қойма шаруашылығы және басқалар);
әлеуметтік инфрақұрылым объектілері (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, оның ішінде халыққа қызмет көрсету, мәдениет
және өнер, дене шынықтыру және спорт, санаториялық-курорттық қызметтер және
туризм және тағы басқалар); рыноктық инфрақұрылым объектілері (сауда,
банктер, биржалар, сақтандыру компаниялары, маркетингтік фирмалар және тағы
басқалар).
Тігінен тәсіл экономиканың белгілі сфераларында инфрақұрылымның
экономикалық мазмұнын ашады. Мысалы, инфрақұрылымның материалдық және
материалдық емес өндіріс сферасы, тауар өндіру және қызмет көрсету саласы,
кәсіпорындар, фирмалар және тағы басқалар.
Инфрақұрылым құрылымдық ұйымы функционалдық, салалық, кеңістіктік,
ұйымдық-басқару, мақсатты бағытталған үздіксіз және әлеуметтік байланыстар
сияқты түрлерімен белгілі.
Инфрақұрылымның функционалдық құрылымы шаруашылық субъектілердің
өндірістік-коммерциялық қызметтерінің сатыларына сәйкес өндірістік
қызметтердің қозғалысын қамтамасыз етеді.
Инфрақұрылымның салалық құрылымы өндірістік қызмет түрлерін және олардың
материалдық-техникалық базасын қоғамдық еңбек бөлінісіне, шаруашылық
субъектілердің негізделген сұраныстарына сәйкес ұйымдастырады.
Инфрақұрылымның кеңістіктік құрылымы өндірістік қызметтердің аумақтық
қолданылуын және оның элементтерінің таралуын белгілейді.
Инфрақұрылымның ұйымдық-басқару құрылымы әкімшіліктік-шаруашылық
құрылғыны сипаттаса, инфрақұрылымның кезеңдік құрылымы әртүрлі кезеңде
сыртқы немесе ішкі өндірісте оның қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Инфрақұрылымның әлеуметтік құрылымы білім беру, кіріс деңгейі, жартылай
және басқа да белгілер бойынша жұмыс істейтіндерді қарастырады. Құрылымдық
ұйымның барлық аспектілерінің диалектикалық өзара әрекет ету нәтижесінде
инфрақұрылым шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалар арасындағы
экономикалық, әлеуметтік және өзге байланыстардың жиынтығын қарастырады
[11, 14 б.].
Аталмыш мәселені осылайша жан-жақты талқылай келе, өз кезегімізде,
инфрақұрылым салаларының сипатты ерекшеліктерін анықтаған жөн деп
есептейміз. Негізінен инфрақұрылымның қызмет етуінінің сипатын анықтайтын
оның қасиеттерінің жиынтығы келесі белгілермен ұсынылуы мүмкін:
– инфрақұрылым қызмет етуінің тұтастылығы. Инфрақұрылым жүйесінің
тиімділігі оның барлық құрама бөліктеріне, яғни оның кешендік дамуына
байланысты;
– инфрақұрылым қызмет етуінің құрылымдығы. Жүйе элементтердің белгілі
жинағынан құралады және жүйенің әрбір элементі жүйе қызметінің ақырғы
нәтижесіне әсер етуге қабілетті;
– инфрақұрылым қызмет етуінің саралануы. Жүйенің әртүрлі элементтері
әртүрлі қызметтерді орындайды, олардың қызметі бір-бірімен ауыспайды;
– инфрақұрылым қызмет етуінің сыртқы ортаға тәуелділігі. Сыртқы ортаның
өзгермелі жағдайына жоғары бейімделу қабілеті. Сыртқы ортадағы
өзгерістер жүйенің даму ықпалы болып табылады. Инфрақұрылым тиімді жұмыс
істеу үшін ол сыртқы ортамен үйлесімді әрі келісімді болуы тиіс [12,
65 б.].
Осыған байланысты инфрақұрылымдық салалардың негізгі сипаттағы
ерекшеліктері мына жағдайларда туындайды: біріншіден, ол салалар ішкі
экономикалық бірлікке, нақты мәнге, жалпы функционалдық қызметке ие ұлттық
шаруашылықтың құрамдас бөлігі болып табылады; екіншіден, инфрақұрылым
салаларының өнімдері қызмет көрсету түрінде болып, ол өндірілген өнімнің
құнына көрсетілген қызмет бағасы қосылады; үшіншіден, инфрақұрылым
салаларын дамыту үлкен капитал салымдарын талап етеді. Инфрақұрылымдық
салаларды дамытуға бағытталған ресурстардың тиімділігі ұлттық шаруашылықтың
басқа салаларын дамыту тиімділігінде де байқалады.
Инфрақұрылымның мәнін кеңінен ашу үшін оның жіктелінуіне де тоқталайық.
Ол екі бөлікке жіктеледі: өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар.
Олардың құрамдас бөліктері төмендегі үлгіде көрсетілген (1-сурет).

Ескерту – Үлгіні автор дайындаған.

Сурет 1 – Инфрақұрылым қызметтерінің түрлерін жіктеу үлгісі

Кез-келген мемлекеттің даму стратегиясында ұзақ мерзімді
басымдылықтардың бірі өндірістік инфрақұрылым болып табылады. Өндірістік
инфрақұрылым – негізгі қызметтері өндірістік инфрақұрылым салаларының
қызмет көрсетуі, өндіріс салаларындағы экономиканы дамытуды қамтамасыз етуі
болып табылатын өндірістік инфрақұрылымның ішкісалалар жиынтығы.
Олар өндіріс үдерісінің жүруі мен тиімді жұмыс істеуіне жалпы жағдай
жасайды. Ең алдымен, өндірістік инфрақұрылым өндірістің тікелей
үдерістеріне сыртқы жағдайды қамтамасыз ететін салалар кешені. Ол өндіріске
қызмет көрсететін барлық көлік түрлерін және байланыс құралдарын,
коммуналдық шаруашылықты, қойма шаруашылығын, құрылысты, өндірістік
қызметтің қорғалуын бақылауды, қоршаған ортаны қорғау қызметін, өндіріске
қызмет көрсететін банктік қызметтерді қамтиды.
Әлеуметтік инфрақұрылым – бұл негізгі қызметтері әлеуметтік инфрақұрылым
салаларының әлеуметтік қызмет көрсетуі және өмір сүруге байланысты халықтың
сұранысын қанағаттандыратын материалдық, мәдени-тұрмыстық жағдайды
қамтамасыз ететін салалар мен ішкісалалар жиынтығы. Әлеуметтік инфрақұрылым
қоғамда адамдардың әлеуметтік және өндірістік жағдайда қызмет көрсетудегі
қатынасын және қажеттілігін қанағаттандыратын салалар қызметінің жиынтығын
құрайды. Оның негізгі қызметтері мынадай болып келеді: халықтың
тұтынуындағы қызметке деген сұранысын қанағаттандыру; адам капиталының өмір
сүру сапасы мен жағдайын жақсартудағы қызметін әрі қарай дамыту; өндіріс
үрдісінің тиімділігін және оның әлеуметтік-экономикалық қатынастағы
бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы қызметін ұлғайту.
Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым салалары әруақытта өзара
байланыста болады, олар бір-бірінің қызметін толықтыра отырып, салааралық
байланысын нығайтады. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым салалары
қызмет түрлеріне қысқаша сипаттама беретін болсақ, ол келесідей.
Көлік пен байланыс өндірістің жалпы жағдайын жасай отырып, инфрақұрылым
салаларының ішінде маңызды қызмет атқаратындардың бірі. Көлік – бұл
адамдарды және жүктерді тасымалдау үрдісін қамтамасыз ететін жол
қатынасындағы техникалық құрылғылар мен құрылыстардың жиынтығы. Көлік
қажеттілігі бойынша - өнеркәсіптік көлік, қолданыстағы жеке көлік болып
бөлінсе, ал тасымалдау сипаты бойынша жүк және жолаушылар көлігі болып
бөлінеді.
Жолаушыларға қызмет көрсететін көліктің экономикалық және әлеуметтік
рөлі тасымалдауда адамдардың сұраныстарын қанағаттандыру арқылы
жолаушыларды, олардың қол жүктерін және багаждарын тасымалдау қызметтерін
көрсету болып табылады. Жолаушыларға көліктік қызмет көрсету барысында
туындайтын экономикалық қатынастардың ерекшелігі тасымалдау қызметтеріндегі
халықтың сұраныстарын міндетті түрде есепке алумен түсіндіріледі. Халыққа
көліктік қызмет көрсетуді жүзеге асыру адамдардың тұрмысын жақсарту бойынша
кешенді мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады [13, 65 б.].
Байланыс – бұл ақпараттарды таратуға арналған әртүрлі коммуникациялар.
Байланыс түрлеріне: пошта байланысы, сым байланысын (телефон, телеграф,
факсималды) қоса алғанда, электр байланыс (жердегі және ғарыштық),
радиобайланыс, оптикалық байланыс және басқалар жатады.
Сауда тауар айналымын, өндіріс саласынан тұтынушылар саласына олардың
қозғалысын қамтамасыз ететін ұлттық шаруашылық саласын қарастырады. Сауда
көтерме және бөлшектік сауда желілерін (базарларды, қоймаларды, өткізу-
қамтамасыз ету базаларын, контораларды) қамтиды. Сондай-ақ, сауда
инфрақұрылымына жәрмеңкелер, тауарлық биржалар, аукциондар, маркетингтік,
өткізу және жарнама ұйымдары кіреді [14, 48 б.].
Коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы – бұл халыққа қызмет көрсететін
тұрғын үй қорларының, кәсіпорындардың, қызметтер мен шаруашылықтардың
жиынтығы. Қалаларда олар қалалық шаруашылық құрамына кіреді, сондай-ақ,
коммуналдық шаруашылық өндірістік кәсіпорындарды сумен, электр энергиямен,
газбен және тағы басқамен қамтамасыз ете отырып, оларға қызмет көрсетеді.
Денсаулық сақтау – қоғаммен қабылданатын және осы қоғам мүшелерінің
денсаулығын қорғауға және жақсартуға бағытталған мемлекеттік, әлеуметтік,
экономикалық және медициналық шаралар жиынтығы. Сәйкесінше, денсаулық
сақтау инфрақұрылымы – бұл аталмыш шараларды іске асыруға мүмкіндік беретін
материалдық-техникалық база. Денсаулық сақтаудың негізгі мәселелері
денсаулықты және еңбек қабілеттілігін зерттеу болып табылады.
Білім беру – бұл кең мағынада білімді тарату болып табылады. Ол тәрбие-
білім беретін мекемелерінің және халықтық білім беру жүйесі. Оның негізгі
міндеті: мектепке дейінгі жастағыларды тәрбиелеу; жалпы білім беруге
дайындау; жоғары білім алу; арнайы-техникалық дайындық; біліктілікті қайта
даярлау және арттыру болып табылады.
Қоғамның дамуы нәтижесінде бірте-бірте әлеуметтік инфрақұрылымның басқа
да салалары мен элементтері пайда болып, олардың қазіргі таңда қызмет
көрсету салаларының ауқымы өсті. Оны маркетингтік қызмет көрсету, жалға
беру және лизинг (жабдықты жалға алу және оның төлемін несиелеуді
біріктіретін сала), кеңес беру (басқару, инвестициялық саясат және басқа да
мәселелер бойынша кеңес беру), инжинирингтік қызметтердің (инженерлік-кеңес
беру және жобалау қызметтерінің саласы) кең таралуымен түсіндіруге болады.
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік инфрақұрылымның өзі 2-ге
(әлеуметтік-рухани, әлеуметтік-тұрмыстық) бөлінеді, оған көрнекілік сипат
беретін болсақ, ол мынадай болып келеді (2-сурет).
Әлеуметтік-рухани инфрақұрылым негізі жеке тұлғаның қалыптасуын және
дамуын қамтамасыз етеді. Ол адамдардың әлеуметтік-мәдени, рухани,
парасаттылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салаларды (білім
беру, денсаулық сақтау, санаториялық-курорттық қызмет көрсету және туризм,
бос уақытты өткізу, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және өнер,
мүдделерді қорғауды ұйымдастыру) қамтиды. Ал, әлеуметтік-тұрмыстық
инфрақұрылым салаларының негізін материалдық-тұрмыстық сипаттағы қызметтер
қамтиды. Оларға халыққа қызмет көрсететін көлік және байланыс, халыққа
қызмет көрсететін коммуналдық шаруашылық және құрылыс, сауда және қоғамдық
тамақтандыру, қаржылық қызметтер және сақтандыру, іскерлік, кеңес беру,
инжинирингтік қызметтер, қоғамдық тәртіпті сақтау және үкімет қызметтері
жатады.
Аталған әлеуметтік инфрақұрылымның әрбір саласы әртүрлі көлемдегі және
меншік түріндегі кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды құрайды. Олардың
құрамында әртүрлі құрылымдық бөлімшелер қызмет атқаруы мүмкін. Сәйкесінше,
әлеуметтік инфрақұрылымды екі деңгейде ажыратуға болады: біріншісі –
кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар болса, екіншісі – салалық.

Ескерту – Үлгіні автор дайындаған.

Сурет 2 – Әлеуметтік инфрақұрылым
қызметтерінің түрлерін жіктеу үлгісі

Әлеуметтік қызмет көрсету мен игіліктерді жеткізу барысын қамтамасыз
етудегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің негізгі қызметтері
төмендегідей:
– әлеуметтік сфераларды ресурстармен (материалдық-техникалық, еңбек,
қаржы, ақпараттық) қамтамасыз ету;
– әлеуметтік инфрақұрылымның жиынтық объектілерін басымды қаржылық
(мемлекеттік) қамтамасыз ету;
– аумақтағы халықтың әлеуметтік игілік пен қызметті тұтынуын ұйымдастыру.
Мұнда халықты әлеуметтік қорғау шараларының жиынтығын өңдеу, ең төменгі
күнкөріс деңгейінің мөлшерімен қамтамасыз ету, халықтың жұмыспен қамтылу
деңгейін жоғарлату және жұмыссыздық деңгейін тұрақтандыру сияқты
мәселелер қарастырылады.
Әлеуметтік инфрақұрылым бүкіл қоғам мүддесі үшін дамитын адамның
еңбектік, қоғамдық-саяси және басқа да қызмет түрлерін ұтымды ұйымдастыруға
қажетті жалпы жағдайда қызмет көрсетуді жасауда материалдық-тұрмыстық,
рухани элементтерінің тұрақты жиынтығы болып табылады [15, 83 б.].
Ол қоғамның түрлі сұраныстарын қанағаттандыруға ықпал етеді. Сондықтан
әлеуметтік инфрақұрылымның даму басымдылықтарына ерекше көңіл бөлу қажет-
ақ. Өйткені әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы қоғамның экономикасы мен
әлеуметтік өсу қарқындарын біріктіруде ерекше орын алады. Әлеуметтік
инфрақұрылым салаларының жиынтығы халықтың сапалы өмір сүруіне және адами
капиталдың дамуына қажетті жағдай жасайды. Өз кезегінде, әлеуметтік
инфрақұрылымның әрбір саласы күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені құруда
оның қалыптасуы, жұмыс істеу қасиеттері, заңдылықтары мен ерекшеліктері
арқылы жалпы мақсатына жету үшін күрделі және өзара әсер ету дәрежелерінің
тиісті қатынастарына ие болып отыр.
Алайда, егемендікке қол жеткізгеннен бергі кезеңде өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру немесе жаңартуға ойдағыдай көңіл
бөлінбегені де шындық. Осыдан да далалық және қалалық жол, темір жол,
байланыс, жалпы көлік, ондағы қызмет көрсетудің дәрежесі, ауыз су
проблемасы, балалар бақшасы, мектеп және тәрбие орындары, денсаулық сақтау
және спорт кешендері халықаралық стандартқа немесе ғылыми негізделген
нормативке сай деп айтуға да болмас [16, 12 б.].
Дегенмен де, бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған
нақты қадамдар, бағыттардың жүзеге асырылуында ең басты әлеуметтік
инфрақұрылым қызметтерінің дамуына айрықша көңіл бөлуі бекер емес.
Сондықтан ғалымдар, экономиканың өндірістік және әлеуметтік саласындағы
қызметкерлер осы әлеуметтік инфрақұрылым салаларының әрі қарай дамып,
қызмет істеуіне ерекше көңіл бөлуде.
Әлемдегі дамыған елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, әлеуметтік
тиімділіктің жоғары деңгейі көбінесе ғылыми-техникалық жетістік пен
әлеуметтік салалардың дамуымен байланысты. Бұл елдерде шағын және орта
бизнес қызметінің үлес салмағы 60-80 %-ды құрайды, ол әлеуметтік
инфрақұрылымның даму деңгейін көрсетеді. Сондықтан да осы елдерде
әлеуметтік инфрақұрылым дамуының материалдық өндіріс салаларынан
айтарлықтай алдыңғы қатарда екендігін байқауға болуда.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан
халқына Жолдауында: Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық
міндет дәрежесіне көтеруге тиіспіз. Біз мемлекеттік – жеке меншік
әріптестігінің көмегімен әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму тетігін
қалыптастыру қажеттігіне жеттік деп білемін [17] - деп атап көрсеткен
болатын.
Соған қарамастан елімізде әлеуметтік қызмет көрсету салалары кеңейе
түсуде және олардың қызмет көрсетуін жүзеге асыру, тиімді шаруашылықты
жүргізу басты назарда ұстанылып, дұрыс жолға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық және тәжірибелік мәселелері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бағыттары
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсеке қәбілеттілігін арттыр
Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің күрылымдык талдауы
Саланың қазіргі жағдайы
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері
КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер