МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСТЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факултеті

Экономикалық процестерді модельдеу кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ
МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСТЕРІ

Орындаған
2 курс студенті
Мырзахметов Д.

Ғылыми жетекші
аға оқытушы Дильдебаева
Ж.Т.

Алматы, 2003
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Экономикалық математикалық модельдеу
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...4

1.1. Математикалық модельдеу әдісін экономикада қолдану

ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2. Экономикалық бақылау мен өлшеудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ...4-6

1.3. Экономикалық математикалық модельдердің
бөлінуі ... ... ... ... ... ... .6-7

2. Экономикалық – математикалық модельдерді
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... 14

2.1. Экономикалық – математикалық модельдердің зерттеу

объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4-16

2.2. Математикалық әдістердің аппаратта қолдану кезеңдері ... ... ... ... 16-
17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...18-1 9

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...20
Кіріспе

Ғылыми зерттеулерде модельдеу ежелден – ақ қолданылған және бертін келе
ғылымның мынадай барлық жаңа саласын қамтыған: техникалық құрастыру,
құрылыс және архитектура, астрономия, химия, физика, биология және де
қоғамдық ғылымды қамтыған. Үлкен жетістіктер және қазіргі ғылымның барлық
саласын модельдеу әдісіне XX ғ. келді. Алайда модельдеу әдістемесі ұзақ
уақыт бойы басқа ғылымға тәуелсіз дамыды. Түсініктің ортақ жүйесі, ортақ
терминологиясы болмады. Тек бертін келе модельдеу ролі ғылымның универсалды
әдісі ретінде танылды. “Модель” термині адамзат қызметінің әр түрлі
салаларында кеңінен қолданылады және мәндік мағыналық жиынтығы бар. Білімді
алу құрамы болып табылатын модельдерді қарастырамыз.
Модель – материалды немесе ойша түсіндірілетін объект, зерттеу процесінде
тікелей үйрену нәтижесінде оригинал – объект шығады.
Модельдеу құрастыру процесімен түсіндіріліп, модельді үйрену мен
қолдануын түсіндіреді.
Ол абстракция, аналогия, гипотеза және басқа категориялармен байланысты.
Модельдеу процесі міндетті түрде абстракция құрастыруы, аналогия бойынша ой
түйіні және ғылыми гипотезді құрастыруды түсіндіреді.
Модельдеудің мәнін түсіну үшін модельдеу – объект туралы жалғыз білімнің
қайнар көзі емес екендігін ұмытпау керек. Модельдеу процесі танымы жалпы
процесіне жүктелген.
Мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы жоғарғы нәтижеге жету кез келген
адамның негізгі мақсаттарының бірі. Экономикалық жүйелердің әр түрлі
деңгейлерінде кездесетін жоспарлау, басқару, шектелген ресурстарды бөлу,
өндірістік процестерді талдау, күрделі объектілерді жобалау сияқты
есептердің ұтымды және оптимизациялық шешімдерін табу табиғи және ғылыми –
техникалық прогресс қажеттіліктерінен туған мәселелер.
Алайда математикалық әдістерді пайдалану үшін ең алдымен тиімді шешімін
таппақшы болған есептің өзінің математикалық қойылымын жазуымыз қажет. Ал
математикалық қойылымын жазу үшін, шарт бойынша, ол белгілі бір құрылу
кезеңдерінен өтеді.
Математиктер мен экономистердің арасында ғылыми өзара түсіністік болуы
тиіс. Математиктер зерттелетін экономикалық объектіні ғылыми тұрғыдан терең
түсінуі қажет болса, экономистер қолданылатын математикалық әдістердің
мүмкіндігін және математикалық шешімдерді талдай білуі тиіс.

1. Экономикалық математикалық модельдеу әдісі
1.1.Математикалық модельдеу әдісін экономикада қолдану ерекшеліктері.
Математиканың экономикаға енуі біршама қиындықтарды жеңумен байланысты.
Бір жағынан математика біршама ғасырлар бойы негізінен физика мен техникада
қолданумен дамып келеді. Бірақ басты себептер экономикалық процесс
табиғатын экономикалық ғылым ерекшелігіне байланысты экономикалық ғылымды
объекттердің көп бөлігі күрделі жүйе кибернетикалық түсінікпен мінезделеді.

Экономикалық зерттеудің қиындықтарының бірі – жеке элемент ретінде
қарастыруға болатын экономикалық объекттердің жоқтың қасы болуы.
Жүйенің күрделілігі оған кіретін элементтер санымен, сол элементтер
арасындағы байланыс, сондай – ақ жүйемен ортаның арасындағы қарым –
қатынаспен анықталады. Ел экономикасы өте күрделі жүйенің барлық белгілерін
қамтиды. Ол элементтердің көп санын қосады, ішкі байланыстың әртүрлілігімен
ерекшеленіп және басқа жүйелермен (табиғи орта, басқа елдің экономикасы
және т.б.) ерекшеленеді. Халық шаруашылығында табиғи, технологиялық,
әлеуметтік процестер, объективті және субъективті факторлар өзара
байланысады.
Экономиканың күрделілігі кейде оны математикалық құралдарды түсінумен
модельдеудің мүмкіншілігінің болмауымен қарастырылады. Бірақ ол пікір
негізінен бұрыс. Кез келген табиғаттың объектісін және кез келген
күрделілікті модельдеуге болады.
Күрделі объекттер модельдеу үшін көп қызығушылық білдіреді. Осы жерде
модельдеу басқа зерттеу тәсілдері мен шығара алмайтын нәтиже бере алады.
Кез келген экономикалық объекттерді және процестерді математикалық
модельдеудің потенциалды мүмкіншілігін сәтті түрде берілген деңгейде
экономикалық және математикалық білімнің нақты ақпараты мен есептеу
техникасын жүзеге асыру арқылы анықталады.

1.2.Экономикалық бақылау мен өлшеудің ерекшеліктері.

Көп уақыттан бері экономикадағы математикалық модельдеудің басты тежеуіші
өңделген модельдің нақты және сапалы ақпаратпен толтырылуы болып табылады.
Алғашқы ақпараттың дәлдігі мен толықтығы, оның жиыны мен өңделуінің
ақиқат мүмкіндіктер көбінде қолданбалы модель түрлерінің таңдауымен
анықталады. Бір жағынан, экономиканы модельдеудің зерттеуі ақпарат жүйесіне
жаңа талаптар қояды.
Осы бақылаулардың экономикалық бақылаудың әдістері және нәтижені қолдану
экономикалық статистика арқылы жасалады. Сондықтан экономикалық бақылаудың
экономикалық процестердің модельдеуімен байланысты ерекше мәселелеріне
тоқталған жөн.
Экономикада көптеген процестер жаппай болып табылады, олар бір немесе
бірнеше бақылаулар негізінде қолға алынбайтын заңдылықтармен мінезделеді.
Сондықтан экономикадағы модельдеу жаппай бақылауға сүйену керек.
Басқа мәселе экономикалық процестердің динамикалылығымен туындалады,
олардың параметрлерінің өзгермелілігімен және құрылымдық қатынастары
бойынша. Оның нәтижесінде экономикалық процестерді тұрақты бақылау астына
алып отыру керек, қажетті түрде жаңа мәліметтердің тұрақты жиыны болу
керек.
Ґґйткені, экономикалық процестерді бақылау мен эмпирикалық мәліметтерді
өңдеу әдетте көп уақыт алады, экономикадағы математикалық модель құру
кезінде шыққан мәліметтің кешігуін есепке ала отырып жинақтау қажет.
Экономикалық процестер мен құбылыстардың бірнеше қатынастарын үйрену
экономикалық өлшеуге сүйенеді.
Модельдеу процесінде “алғашқы” және “екінші” экономикалық өлшеуінде
қатынастар пайда болады. Халық шаруашылығының кез келген моделі
экономикалық өлшеудің белгілі бір жүйесіне сүйенеді(өнімдер, ресурстар,
элементтер). Халық шаруашылығының маңызды нәтижесінің бірі жаңа (екінші)
экономикалық өлшеуді алу болып табылады.
Әр түрлі салалардағы өнімдерге экономикалық негіздегі баға, әр түрлі
ресурстардың әсерлік бағасы, өнімнің қоғамдық пайдалық өлшеуі.
Алайда бұл өлшеуіштер алғашқы өлшеуіш негізінде жеткіліксіз ықпал етуі
мүмкін, содан шаруашылық модельдер үшін алғашқы өлшеуіштерді жинақтаудың
ерекше әдісін жасауды туындатады.
Қазіргі кезде экономиканы модельдеу қызығушылығы пікірі бойынша
экономикалық өлшеуішті жаңартудың актуалды мәселелері мыналар:
- интеллектуалды қызметтің нәтижелерін бағалау (әсіресе, ғылыми
техникалық өңдеу саласы, информатикалық индустриясы)
- әлеуметтік–экономикалық дамуды түсіндіретін көрсеткіштердің
құрылуы.
- Кері байланыстың ықпалын өлшеу (өндірістің ықпалдылығына шаруашылық
және әлеуметтік механизмдердің ықпалы).

1.3.Экономикалық математикалық моделдердің бөлінуі

Экономикалық процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін
қысқаша экономикалық математикалық модельдер деп атауға болады.
Экономикалық математикалық модельдер халық шаруашылығында әр түрлі
жақтары зерттеу үшін арналуы мүмкін (өндіріс – технологиялық, әлеуметтік,
аймақтың құрылымы) және оның жеке бөліктері.
Модельдің экономикалық процесстерді зерттеу және қамтитын мәселелері
бойынша бөлінуін халық шаруашылығының моделімен оның жүйе астыларымен бөліп
айтуға болады. Салалар, аймақтар ж. т. б. Јөндірістің моделінің
комплекстері, қолданыстар, табыстың құрылысы мен таратылуы, еңбек
ресурстары, құнның құрылуы, қаржылық байланыстар.
Экономикалық математикалық модельді модельдеудің әдістемесі мен
техникалық ерекшелігімен аса байланысқан түрінің мінездемесіне тоқталайық.
Жалпы классификациясына сәйкес математикалық модельдер функционалды
және құрылымдық, аралық түрін қамтитын (құрылымдық - функционалдық)
түрлерге бөлінеді. Халық шаруашылық деңгейдегі зерттеулерде құрылымдық
модель жиі қолданады, өйткені жоспарлау мен басқару үшін жүйе астылардың
өзара байланысы аса маңызды мағына береді. Әдеттегі құрылымдық модельдерге
салааралық байланыс модельдері жатады. Экономикалық реттеуде функционалды
модельдер объекттің жүргізуі (“шығыс”) – “кіріс” жолымен өзгерісте әсер
еткенде кең қолданылады. Мысалы: тұтынушылардың тауар–ақшалай
қатынастарында жүретін модель. Бір уақытта құрылымдық және функционалды
модель бойынша объект болуы мүмкін. Мысалы: жеке салалық жүйенің
жоспарлануы үшін құрылымдық модель қолданылады, ал халық шаруашылық
деңгейде әрбір сала функционалды модель түрінде болуы мүмкін. Нормативті
модельдің әдеттегі мысалы сол немесе одан да басқа мақсат тәсілдері бойынша
экономикалық даму, жетістіктің мүмкіндіктері мен жолдары негізінде
оптималды жоспарлау моделі болып табылады.
Экономиканы модельдеуге дескриптивті жақындаудың қолдануын,
экономикадағы әр түрлі эмпирикалық процестердің тәуелділігінің
қажеттілігімен түсіндіріледі. Статистикалық заңдылықтардың әлеуметтік
топтардың экономикалық тәртібін орнату.

Практикалық мәселелерді шешуде төрт математикалық әдістерді
қолдану:
1. Экономикалық ақпарат жүйесін жаңарту.
Математикалық әдістер экономикалық ақпарат жүйесін топтастыру үшін
қолданылады, ақпаратта кемшіліктерді шығару және жаңа ақпаратты дайындау
немесе жинақтау үшін талаптарды өңдеу. Экономикалық математикалық
әдістердің өңделуі мен қолданылуы экономикалық ақпаратты жаңарту жолдарын
көрсетеді және басқару мен жоспарлаудың белгілі тапсырма жүйесіне шешуге
бағыттайды. Ақпараттық қамтамасыз етуде жоспарлау мен басқарудағы прогресс
қарқынмен дамыған техникалық және ақпараттық құрамына сүйенеді.
2. Экономикалық есептеудің дәлділігінің артуы мен интенсификациясы.
ЭВМ – ді қолдану мен экономикалық тапсырмалардың құрылуы типтік,
жинақталған есептерді, тездетеді, дәлділікті арттырадыжәне жұмысты көп
қажет етуін қысқартады, күрделі жиындардың көп вариантты экономикалық
негізін жүргізеді.
3. Экономикалық мәселелердің санды талдаудың тереңдетілуі.
Модельдеу әдісін қолдануға байланысты нақты санды талдаудың мүмкіндіктері
тездетеді, экономикалық прогрестерге ықпал көрсететін көп факторларды
үйрену. Экономикалық объекттердің дамуының шарттарының өзгеруінің санды
бағалауы.
4. Принципалды жаңа экономикалық тапсырмаларды шешу.
Математикалық модельдеу арқылы мынадай экономикалық тапсырмаларды шешуге
болады. Мысалы: басқа тәсілмен шешілмейтін, халықшаруашылық жоспардың
оптималды вариантын табу, халықшаруашылық жиындарды имитациялау, күрделі
экономикалық объекттердің функционалдауды бақылауды автоматизациялау.
Модельдеу әдісін практикалық қолдану сапасы мүмкіншіліктер мен
экономикалық мәселелер мен жағдайды құру ықпалымен шектеледі, сондай – ақ
модельдің ақпараттық, математикалық, техникалық қамтамасыз етудің
қолдануының жағдайымен де шектеледі, математикалық модельді қолдануда жақсы
нәтиже кейбір қажетті шарттардың болмауы нәтижесінде байқалады.
Есеп:

Мата шығаруды жоспарлау туралы тапсырма.

Айталық бір фабрика үш түрлі мата шығарады делік, тәуліктік жоспар
бойынша тапсырма бойынша 1 – ші түрдегі мата – 90 м, 2 –ші түрдегі мата –
70 м, үшінші түрдегі мата – 60 м құрайды. Тәуліктік ресурстар келесідей:
780 бірлік өндірістік құрал – жабдықтар, 850 бірлік шикізат және 790 бірлік
электрэнергиясы. Бір метр матаға кеткен шығын таблицада көрсетілген.

Маталар
Ресурстар
1 11 111
Құрал - жабдық 2 3 4
Шикізат 1 4 5
Электрэнергиясы 3 4 2

1 – ші түрдегі матаның бір метрі 80 ақшалық бірлікке тең, 2 – ші түрдегі
мата – 70 ақшалық бірлікке тең, 3-ші мата – 60 ақшылық бірлікке тең.
Шығарылатын өнімнің жалпы құны максималды болу үшін әр түрлі матадан неше
метрден шығару керектігін анықтау керек.

Шешуі:
Тапсырмаға модель құрамыз. Келесі мәндерді береміз, есепте әр түрлі матаның
шығарылуының көлемі белгісіз.

Х1 – 1-ші түрдегі матаның саны;
Х2 – 2 –ші түрдегі матаның саны;
Х3 - 3 – ші түрдегі матаның саны;

Берілгендер бойынша модель былай болады.

max
} ресурстар бойынша шектеулер.
} Жоспарланған тапсырма
Тапсырманың симплекс әдісімен шешуі нәтижесінде келесі оптимал жоспар
шығарамыз: өнімнің жалпы құнының максимумы 19075,
Қосарлас теоремасын қолдана отырып, қосарлас есепті шешеміз. Анықтама
береміз.
У1 – “құрал - жабдық”ресурсының қосарлас бағасы;
У2 - “шикізат” ресурсының қосарлас бағасы;
У3 - “электрэнергия” ресурсының қосарлас бағасы;
У4 - 1 түрдегі матаның қосарлас бағасы;
У5 - 2 түрдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық-математикалық модельдеу классификациясы
Географиялық талдау және кеңістіктік модельдеу түсінігін талдау
Корпоративті ақпараттық жүйелер үшін желілік технологиялардың сенімділігін арттыру әдісі
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Компьютерлік модельдеу түсінігі
Имитациондық модельдеудің заманауи технологиялары
Аналитикалық модельдеу. имитациялық модельдеу. массалық қызмет көрсету жүйесін модельдеу
Пластикалық пішіндер өнері мен мүсіндеуді оқушыларға үйретудің әдістемесі
Аналитикалық модельдеу. имитациялық модельдеу. кластерлық анализ
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Пәндер