Бименгиева Экономикалық теория



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биология факултеті

Р Е Ф Е Р А Т

Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің
типтері мен факторлары

Орындаған:
Пахратдинова Жазира

БТ85К

Тексерген:
Медуханова Ләзифа

Алматы 2009ж.
Ж о с п а р.

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Экономикалық өсудің түсінігі және тиімділігі. Экономикалық өсудің
факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3.Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері ... ... ... ... ..7
4.Тепе – теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері ... ... ... ... ... ... ... .8
5.Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

1. К і р і с п е.

Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп
өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты
көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы
жағдайда талдаудың предметі өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып
табылады. Ал осы өсу, тепе – теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның
келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты
назар аударылды. Нақты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу предметі тек
экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған
салалалық және ұдайы өндірістік пропорциялары, экономиқалық өсу
процесіндегі институционалдық құрылымдардың пропорциялары, өсу қарқанын
өсіру немесе тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның
потенциалдық көлемінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты
экономикалық өсудің мәні – экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде
шешу және ұдайы өндіру болып табылады: өндірістік ресуртардың шектелуі мен
қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің
негізгі екі түрі бар: біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы,
екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін
жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс
бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен
байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық
қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің
өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен
кейін пайда болды. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік
ресурстарға қарағанда біріншілік жетекші болып табылады. Өйткені, пайда
болған қажеттілік бірте – бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай
өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.

2. Экономикалық өсудің түсінігі және тиімділігі.
Экономикалық өсудің факторлары.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің көрініс формалары туралы
екі бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім) нақты
көлемінің өсу шапшаңдығымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштердің бір адамға
шаққандағы өсуінің шапшаңдығымен өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық
экономиканың дамуының қорытынды сипаттамасы деген түсінік кең тараған.
Әдетте экономикалық өсуді өлшеудің қандай әдісін қолданатыны зерттеудің
мақсаттарымен байланысты болады. Экономикалық өсудің бірінші әдісі көбінесе
елдің экономикалық потенщиалының молаю шапшаңдығын бағалау үшін
қолданылады, екінші – халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда немесе
әр елдер мен региондардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Бүгінгі күні өсу теорияларында өлшеудің екінші әдәсә көьірек қолданылады.
Экономикалық өсу деп халықтың санының өсу шапшаңдығынан нақты ұлттық
табыстың өсу шапшаңдығының артық болуына әкелетін ұлттық экономияның дамуы
деп түсініледі.
Экономиялық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшаңдығы жағынан
қарағанда, әдетте экономикада күрделі құрылымдық немесе институционалдық
өзгерістер орын алмайды деп тұжырымдалады. Өндірістің құрылымы мен
институционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ тұрақты деп
есептеледі. Дамудың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы
ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Ұзақ
мерзімді уақыт деп әдетте негізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт
түсініледі. Осындай тұжырым экономикалық өсудің неокейнстік және
неоклассикалық теорияларына тән болады.
Басқаша тұжырым экономикалық даму, ұдайы өндірістік, индустриялық және
постиндустриялық теорияларда қолданылады. Бұл теориялар тым ұзақ
мерзімдегі экономикалық динамиканың мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы
мерзімде үкіметтің негізгі институттары басқару, инфрақұрылым объектері,
экономикадағы құрылымдық өзара байланыстар және оның сыртқы ортамен
байланысы – осылардың барлығы өзгеріске ұшырайды.
Тым ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі
ерекшеліктері болады:
1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп
есептеледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді,
екінші жағынан, өзі құлдырау мен депрессияның кезінде дайындалған
өзгерістердің нәтижесі болады. Сондықтан негізгі назар экономикалық
өсуге емес экономикалық глобалдық өзгерістерге, осылардың жаңа
сапаға айналуының тұрақты тенденциялары мен заңдылықтарына
аударылады.
2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштерімен қатар, экономикалық
дамудың микроэкономикалық, салалық және индустриялдық негіздері,
кәсіпкерліктің мәселелері; өндірушілер, тұтынушылар және
мемлекеттің, үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық
құрылымдардың қалыптасуы мүмкін.
Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету – экономикалық өсудің негізгі түпкі мақсаттары болып табылады,
осының құрамы:
1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі.
Бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстық (ҰТ) жан басына шаққанда келетін өсу
шапшаңдығы көрсетеді.
2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ
көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін
бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы
қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы
ұзақтығына назар аудару керек.

3. ҰТ халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.

4. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін
көбейту.
Көпсалалы өндірістің тиімділігі деген түсінікті құратын жағдайлардың
барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып табылады.
Осыған жататындар:

• Таурлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және
әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
• Бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа
тауарлар өндірісін игеру;
• Халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық
артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен
кооперациялануын жетілдіру;
• Басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек
өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, X-
тиімді еместікті жою;
• өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша
аллокациясын жақсарту;
• жаңа технологиялар игеру;
Экономикалық теорияда экономикалық осудің сапасы деген тусінік оның
әлеуметтік бағытталуының кушеюімен байланыстырылады.Экономикалтық
өсудің сапасын құрушылар:
Халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
• Адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
• әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
• адам капиталына инвестицияны өсіру;
• адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
• еңбек нарығына ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды
қолдау;
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею
масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестер белгілейтін өсудің
тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және
жанама деп бөледі. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық
мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіндіктерді ақиқатқа
айналдыратын факторлар жатады.
Тікелейді бес негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен
ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:

• Еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарылауы;
• Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
• өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдіруі;
• шаруашылық айналамына тартылған өндіріс ресустарының саны мен
сапасының өсуі;
• қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерінің өсуі.
Жанамар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың монополиялану
дәрежесінің төменденуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу
мүмкіндіктерінің көбеюі және т.б. жанамаларға сұраныс пен бөлу факторлары
да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу
мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары: тұтынулық,
инвестициялық және мемелекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру
нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі
нәтижесінде экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің
ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының құлдырауы
немесе өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.
Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
• өндірістік ресурстардың салалары, кәсіпорындар және елдегі аймақтар
бойынша нақты аллокациясы;
• қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында бөлу тәртібі;
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және онын
тиімділігіне әсер етеді.
Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі
де маңызды рөл атқарады. Ол осы қызметін жұмысшыларды еңбек
өнімділігін арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен
айтқанда, экономикалық потенциалдың мүмкін қарқынмен өсуі үшін өндіріс
фактоларының меншік иелерінің табысының өсу шапшаңдығы олардың
өнімділігінің өсу шапшаңдығына тең болуы қажет.
3. Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері.
Экономикалық өудің типіне байланысты өнімнің өсу шапшаңдығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасаындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі екі типі болады:
экстенсивтік және интенсивтік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде материалдық игіліктер мен
қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін
қолдану арқылы жүреді: жұмыскерлерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты ,
отын ресурстарын және т.б. Экестенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің
өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқыны
арасындғы пропорциялар тұрақты болып сақталады.
Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады - өндірістің
кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдеруі арқылы жүзеге
асырылады: прогрессивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы
мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б.
Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық
шығындардың өзгеру қарынынан артық болып отырады.
Нақты өмірде экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типері
таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге асырылатын,
өсу факторларын сан жағынан жетілдіру, қашан болмасын өндіріс құрал –
жабдықтарына және жұмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап етеді.
Жұмысшы күші мен құрал – жабдықтардың өсуі, олардың сапалық
сипаттамаларына өзгеріс енгізеді. Сондықтан нақты экономикалық өсуді
талдағанда, оның теориялық үлгісін емес, өсу типтерін басымырақ
экстенсивтік және басымырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Экономика саласынан дәрістер курсы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕНДЕРІ ТУРАЛЫ
Экономикалық теорияның дамуы
Экономика: түсінік және қызметтері
Экономикалық теорияның жалпы әдістері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Экономиканың зерттеу әдістері
Экономикалық тәрбие беру
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Пәндер