Экономикалық теорияның даму тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Экономикалық институт
Экономикалық теория кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Экономикалық теорияның даму тарихы

Орындаған:
Тексерген:

АСТАНА 200

Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
--------------------3
1. Экономика ғылымдарының пайда болу мен қалыптасуы
1.1. Үнді, Қытай, Рим, Египет елдеріндегі экономикалық ой-пікірлер--------4-
5
1.2. Меркантилистер мектебі---------------------------- ---------------------
-----------5-7
1.3. Физиократтар мектебі---------------------------- -----------------------
------------8-9
2. Классикалық мектеп
2.1. У.Петти---------------------------- ----------------------------------- -
--------------10-11
2.2. А.Смит----------------------------- ----------------------------------- -
--------------11-12
2.3. Д.Рикардо-------------------------- ----------------------------------- -
-------------13-15
3. Классикалық мектептен кейінгі кезең
3.1. Неоклассиктер мектебі---------------------------- ----------------------
---------16-17
3.2. Маржиналистер мектебі---------------------------- ----------------------
-------17-18
3.3. Кейнстік мектеп----------------------------- ---------------------------
-----------19-20
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
--------------21
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А

Кіріспе

Әрбір ғылымда өзінің пәні болады . Сондықтан экономика ғылымының
экономика теория негіздері деген пән бар. Экономика теория пәнін оқымастан
бұрын оның қайдан шыққанын , қалай пайда болғанын білуіміз керек.
Қазіргі әрбір ғылым экономикалық теория пәнін зерттейді және оны өмірде
пайдаланады. Қазіргі өмірде экономика бірден-бір қажет . Оған мысал
келтіретін болсақ, әрбір мемлекеттің дамуы экономикасына байлансты , тіпті
саясаттың өзі экономикадвн тұрады .
Экономика ғылымы баяғыдан келе жатқан ғылымның бірі , сондықтан экономика
ғылымын оқымастан бұрын оның тарихи даму сатысына көз салу керек. Себебі
экономика ғылымы бірнеше даму сатыдыдан тұрады . Оның даму сатысында біздер
бірнеше тарихи мектептермен танысамыз . Әр мектептің өзінің экономикаға
қосқан үлестері бар.
Қазіргі кезде экономикалық теорияның мазмұны бұрынғы саяси экономия
ауқымды және бұл териялық экономика , әртүрлі экономикалық бағыттар мен
экономикалық ойлар жетістігі жиынтығында қаралады .
Экономикалық теория –бұл іргелі экономикалық ғылым , әлеуметтік
гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі . Осы тұрғыдан
экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен
экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады .
Экономика теориясы басқа ғылымдарға қатыса отырып , өзінің спецификалық
зерттеу пәнімен және және өмірде қолдану тәсілдері пәннің қарытпалығына
жатады .

1. Экономика ғылымдарының пайда болу мен қалыптасуы.
1.1. Үнді, Қытай, Рим, Египет елдеріндегі экономика

Тұңғыш экономикалыққ ой-пікірлер көне заманда пайда болған.
Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым-философтары экономиканың
жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай
көбейеді, тағы басқа шешуге талаптанған.
Экономикалық ғылым – ең ертедегі ғылымдардың бірі болып табылады. Алғаш
рет " экономика" ("ойкономия") термині біздің дәуірімізге дейін III-
ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 жж.)
және Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.), Платон (б.д.д. 427-347 жж.)
пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін
анықтаумен айналысқан.
"Ойкономия" сөзі ретінде - ( үй, шаруашылық) Аристотель құл
иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар
жиынтығын түсінген. Кейінірек, осы бір талаптарға сүйене отырып,
феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды.
Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық
тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсер етті. Сол
кездері жеке иеліктерді жүргізумен шектелмеді және мемлекеттегі
(мемлекет грекше - "полис" , "политейя" деген сөз) барлық шаруашылықты
жүргізудің жалпы ұлттық ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстары
пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі
"саяси экономика" деген атқа ие болды. Алғаш рет " саяси экономия"
деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан мокретьен қолданды. Ол
"Саяси экономия трактаты" (1615 ж.) кітабында Француз елінің
шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде
қарастырды. Бірақ мұны ғылым деп айтуға ерте болатын. Экономикалық
теория ғылым ретінде XVI – XVII-ші ғасырлар тоғысында пайда болды.
Осы кезде тауарлы – ақша қатынастары кең дамыды. Оның өзі
экономикалық даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы
болып табылады.
Көне Рим ойшылдары Сенека (4-65 б.д.д. жж.), Лукреций Кар (39-55
б.д.д. жж.) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық
себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның
болмауы, дейді олар. Сенеканың көзқарастары христианствоның
экономикалық концепция- ларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы
концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық
өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. " Егер кімде-кім еңбек еткісі
келмесе, ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар және
уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп
жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу приципін
дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер
индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді.
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым
болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық
құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке
талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра
алмаған.

1.2. Меркантилистер мектебі

Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікір белгілі бағыты –
меркантелистер мектебі. XVI-XVIII ғ. аралығында еуропалық елдердің
көпшілігі меркантилиз деп аталатын экономикалық теория ықпалында
болды. Ол ("мерканте" – итальян сөзі "саудагер, көпес" мағынаны
білдіреді( қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Олар
ғылымының бас пәні деп ақша, тауар айналымын түсінген.
Осы теорияға сәйкес елде ақша саның көбейтуге үшін мынадай
әкімшілік шараларын жүзеге асыруды ұсынады:
1) елден сыртқа ақша шығаруға тиым салу;
2) импорттың көлеміне шек қою (ақша үнемдеу үшін);
3) тауар енгізу үшін қымбат шекаралық салық енгізу;
4) алтын өндіруді күшейту және тағы басқа.
Мұндай тәртіптер халықаралық сауданың тежеуіне әкеліп соқтырды.
Бұл сияқты ой-пікірді кездейсоқ деп айтуға болмайды, өйткені
капиталистік қимыл-әрекеттің алғашқы кезеңдерінде халықаралық сауда
арқылы тауарлар бір елде төмен бағамен сатып алынып, екінші елде
қымбатқа сатылған. Сондықтан меркантелистер мемлекет сауданы
жандандырып кеңейтуді, талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп
сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту
жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін
қорғаған.
Кейінгі меркантилизм (XVI-XVIII) – сауда тепе-теңдігі, сонымен қатар
сыртқы сауда байланысын да жүзеге асырды.
Бұл кезеңнің меркантилистері:
1) қозғалыссыз жатқан капитал - әлі капитал, ал айналысқа түсіп
отырған капиталдан түсім келеді;
2) ақша әкелудің сенімді тәсілдері;
3) шет елдермен белсенді сауда жүргізу;
4) экспортқа шығаратын өнімді көп өндіру;
5) импорттан экспорт көп артып отыру керек деп түсінді.
Меркантилизм – тарихи тұрғыдан алып қарағанда алдыңғы қатарлы
экономикалық теория болды. Бірақ, меркантилис- тердің мынадай
кемшіліктері болды:
Меркантилистер экономиканың негізі – айналым, ал ұлттың байлығы
ақша деді.
Өндіріс – сауданы кеңейту мен ақша табудың қосымша жолы деп қана
қарастырды.
Алайда – қоғамның басты байлығы болып тұтыну өнімдерінің түрлерінің
көп болуы болып табылады, бұлардың барлығын тек өндіріс бере
алады.
Сонымен, меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен
практикасының негізін қалаушылар қатарына жатқызуға болады. Олар
ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген
ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым
дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын,
мал-мүлкі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды
тасымалдау, сату ісі жанданады. Меркантилистердің ойларынша әрбір ұлт
саудагерлер секілді тпзп тпбыс алу үшін бір-бірлерімен
бәсекелестікке түсулері керек болатын. Олардың пікірлерінше үкімет
жалақыға және т.б. ресурстарға шығындалуды азайтып, экспортты басқа
елдерге сатылатын тауарларды көтермелеуді қажетті заңдармен қолдауы
тиіс еді. Солай еткенде " қолайлы сауда теңгеріміне" жетуге болатын.
"Қолайлы сауда теңгерімі" импорттан экспорттың басым түсу жағдайын
жасайды. Бұндай басымшылық, сатушының таза пайдасына ұқсап, алтын
мен күмістік ұлттық қорының өсуіне жеткізді. Сол уақыттың көптеген
адамдары ондай қор ұлттың хал-ахуал жағдайын оңалтудың ең оңтайлы
шаралары деп санаған.
"Қолайлы сауда теңгеріміне" жету үшін көптеген еуропалық елдер
отарлау әрекеттеріне ұмтылған. Олардың ойларынша отарлау жаулап
алушы елді арзан жұмысшы күшімен, шикізатпен қамтамасыз етіп,өндіріс
тауарларын сататын рынок жасалынады деп түсінген.
Мәселен, осы мақсаттарды орындау үшін Англия өзінің америкадағы
отарлауына байланысты "Навигация туралы заң" қабылдаған. Ол заң
Британия өнеркәсібін қорғап, отарланған жерлерінде қалпақ, жүн
бұйымдары қақталған темір және тағы басқа тауарлардың өндірілуіне
тыйым салған. Ол заңда, сонымен қатар, Англиядан басқа бірде-бір
елге сатылмайтын "ерекше тауарлар" тізімі де болған. Ол заңдарға
деген наразылықтың зор болғандығы соншалық, оны тәуелсіздік
жолындағы соғыстың басты себептерінің бірі деп атаған.
Мемлекет қолайлы сауда теңгерімі үшін күресіп, федеральды үкімет
импортқа барынша тосқауыл қойып, экспортқа жол ашып отыруы керек
дейтін адамдар қазір де бар. Сондықтан да оларды неомеркантилистер
немесе "жаңа" меркантилистер деп жиі атайды.
Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз
жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда
капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес.
Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып
түрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, жаңа құн жасалмайды.
Демек, меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық
шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы
осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, саудада емес,
өндірісте екенін дәлелдеді.
Осы мектептің белгілі өкілдері – Вильям Стаффорд (1554-1612 жж.),
Томас Мен (1571-1641 жж.) және басқа меркантилистер мемлекеттің
қоғамның шаруашылық өміріне белсенді араласып, саудада
протекционистік саясатты кең қолдануын тілеген. Бұларды сынаушылар
дұрыс байқаған: таза байлық айырбаста пайда болмайды, бұнда тек
ақша тауарға, тауар ақшаға айырбасталады. Айырбастағы тепе-теңдік
бұзылса, байлық біреудің пайдасынан екіншінің пайдасына ғана көшіп
отырады. Айырбасқа түскен тауарлардың бағалары тең болғанда ешкім
байып кете алмайды.

1.3. Физиократтар мектебі

Экономикалық ғылымның дамуындағы келесі кезеңді физиократтар ілімі
қамтиды. XVIII ғасырдағы француз философтары мен экономистерінің
ұсыныстары бойынша қоғам өнеркәсіп пен бизнесті қолдау практикасынан
бас тартып, оларға көңіл аудармаулары керек болатын. Оларды
физиократтар деп атаған. Физиократтар (" физиократ" гректің: "физис"-
табиғат, "кратос"- өкімет деген екі сөзінен шыққан.)
Физиократтар ауыл шаруашылығы өнімдерін және тағы басқа табиғи
ресурстарды байлықтың шынайы көздері деп ұқты. Ол байлықтарды
Құдайдың өзі беріп отырғандықтан үкіметтің өнеркәсіп пен бизнеске
қол ұшын беріп, оларды таза табысқа кеңелулеріне көмектесерліктей
соншалықты себептері жоқ дейді олар. Осы ойдағы олар "қолайлы сауда
теңгеріміне" жеткісі келген үкіметке қарсы шығып отырған.
Басқа сөзбен айтқанда, нағыз байлық "жерден" шығатын болғандықтан,
қай үкімет болмасын, ең абзалы – кәсіпкерлерге тиіспей, уақиғаның
табиғи жолмен дамуына жол ашулары тиіс. Бұл идея сөз тіркесінде
былай беріледі: "Jalsser faire" ( адамдардың көңіл қалауларына кедергі
келтірмеңіз)
Ең қызығы сол – экономиканы реттеуге ұмтылушыларды жақтаушылар мен
физиократтардың ізбасарлары арасындағы бұдан 200 жыл бұрынғы талас,
ал күнге дейін тынбай келеді. Бұл мәселелер жеке адамдарға
(жұмыссыздық пен қайыршылық секілді) немесе ұйымдарға (бизнестің
өсіп, банкінің ойсырауы) қатысты ма дейтін болса, ол мәселелерді
шешуге мемлекет араласуы қажет деушілер де, "Jalsser faire",
экономикалық күштің еркін әрекетін қолдайтындар да табылады.
Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы
идеяны физиократтар ұсынған. Бұл бағыттың негізін қалаушы Франсуа
Кенэ (1694-1774 жж.) Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауыл
шаруашылығындағы еңбек деп есептеген.
Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т.б. өндіріс қатарына тек
ауыл шаруашылығын жатқызды. Қоғамның ұдайы өндіріс мәселесін жете
зерттеуде Ф. Кенэнің еңбегі маңызды болды. Оның пікірінше, қоғам
байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан
өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды
дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты
“Экономикалық кесте” (1758ж.) макроэкономикалық талдаудың алғашқы
тәжірибесі, қазіргі кездегі бүкіл экономиканың тепе-тең дамуы
үлгілерінің алғашқы нұсқасын жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде
өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі
зерттелінді.
Ф. Кенэнің Экономикалық кестесі қоғамдық өндірістің ұдайы даму
процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы далалықпен болжалған
ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске
көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу.
Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық
шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады.
Оны буржуазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А.
Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы
жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл
шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру,
өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету
салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген
қағида берік қалыптасты.

2. Классикалық мектептер.
2.1. Адам Смит

Адам Смит (1723-1790). Өзінің экономикалық зерттеулерінде А.Смит
алдына екі мақсат қойды . Біріншісі халыққа физиологиялық жағынан ену ,
екіншісі капитализмнің сыртқы пішінін суреттеу, сондықтан оларды да екі
әдіспен шешкен эзотеориялық және экзотеориялық..
Қоғамды А.Смит айырбас бірлігі ретінде қараған,ал негізгісін адамды
табиғаттылық жағынан саудаға және айырбасқа жақынырақ деген пікірге келген.
Смиттің жазбаларын көргендей жеке пайдалылыққа талпынуы халыққа тиімдірек
болып келеді . Смит еркін бәсекенің жақтасы болғандықтан, ол үкіметтің
эконмикаға қатысуына қарсы болған.
А.Смиттің әйгілі Табиғатты зерттеу мен халықтың баю себептері туралы
еңбегі 5 томнан тұрады . 1-ші томында еңбек, бөлінісі еңбек байлығы, еңбек
құны, бағаның құралуы, ақша, пайда және т.б. 2-ші томында Смит капиталды
зерттеген. Негізгі ойын құрылымына бөлген. 3-ші томында шаруашылықтың
дамуына арналған.4-ші томында экономикалық құрылымдар туралы айтылады. 5-ші
томында Смит салық, қаржы саясатын қарастырады және шығындары мен
пайдаларын.
Смиттің өзі шығарған саясаты фридерство(экономикалық теория мен
өнеркәсіптік кәсіпкерлік саясатындағы сауда еркіндігі мен мемлекеттің жеке
ксіпкерлік қызметке араласпауын талап ететтін ағым) деген атқа ие болды.
Бірақ ең басты тарихтағы еңбектері экономикалық теорияға арналады. Смиттің
табиғатты зерттеу мен халықтың баюы туралы еңбегінде негізгісі болып
саналатын еңбек проблемасы – ең басты проблема болып болып саналады .
Бірақ Смит проблемалардың өзгешелігін еңбек айырбастың ішкі
мануфактураларында және қоғамда шеше алмады . Ол қоғамды үлкен шеберхана
ретінде қарастырып , еңбек бөлінісін бірден алып кете алмайтындығын айтқан
. Уақыты жоқ жұмысшыларға бірден жеке өндірістік байланыстарды ұсына
алмады.
Жалпы еңбектің қайнаркөзін ол айырбаста көрді, ақшаны кірістірген ол
еңбек айырбасының көтерілуімен алмастыруды ұсынған.
Смиттің ақшаға деген пікірі меркантилистер мен физиократарға қарағанда
өзгеше болған. Ақшаны жалғыз байлықтың қайнар көзі деп есептемегендегенде
де, ол техникплық айырбас құралы деп есептеген. Ақшалай функцияларды ала
отырып мөлшерлік құн және құрал ретінде қолданған.
Ақшаны стихиялық объективтік және стихиялық даму процессі ретінде ,
басқаша айтқанда сауда құралы ретінде көреміз. Бірақ металл және қағаз
ақшалар туралы Смит пікір алыспаған. Көбіне Смит құнға көңіл бөлген. Ол
негізінде нарықтық бағаларды алып, негізгі сұраныс пен ұсыныс арқылы
қоғамда пайдаланған. Смиттің ойынша баға товарға сіңген еңбек және
адамдардың өмірге қажеттілігі арқылы анықталады. Осы еңбек санағы бойынша
Смит оларды:1)айырбас құн және құн, 2)пайдалылық және тұынушы құн деп
атаған. Басқа затқа ауыстыру құралы Смиттің белгілеуінше еңбек барлық
товардың өлшеуіш айырбасы, ал товрдың құны табиғи белгі, себебі ол
табиғаттан алынған соң . Смит сандық құрылымды анықтаған, бірақ оның көлемі
мен сапасын түсінбеген.
Капиталды шоғындарыла отырып, Смит өндірістің өсімі мануфактуралық
өнеркәсіп –ол капитал қызметтің нәтижесі деп айтып кеткен. Смит капиталды
негізгі және айнымалы деп 2-ге бөлген. Айнымалы капиталды айналым ретінде
түсінген, ал басқа капиталдың сол айналымға түспейтінін- негізгі капитал
деп кеткен. Негізгі де, айнымалы да екеуі де пайда алып келеді. Негізгі
өндірісте айнымалы- айналым сферасында.
Смиттің талдауы бойынша ұдайы өндіріс құн жйынтығы және өнім кірісі.
Сондықтан шығарылған өнім қолдануға кетеді . Өндіріс, қаражатты ойлап
отырып , Ф.Кенэмен салыстырғанда Смит бір қадам артқа басты .
Смиттің трактовкаларында өндіруші және өндіруші емес еңбектері туралы
айтылған . Өндірушілік – оның ойлауынша еңбектің капиталға айырбасталуы,
өндірушілік емес одан еңбек, бірақ табысқа айырбасталуы. Смит барлық
сфераларды материалды және материалды өндірістерді өндірістілік емес деп
есептеген.

2.2. Давид Рикардо

Давид Рикардо(1772-1823) барлық экономикалық категориялардың негізгі
базаларын түсіндіруге тырысқан . Олардың көбісі құн категориялары .
Экономикалық саясатта Рикардо фритредерство (еркін бәсеке және үкіметтің
экономикаға араласпауын талап етіп , соның жақтасы болуы) ұстанған.
Рикардоның ойлауынша қоғам біртипті , сондықтан олардың дамуы параметрге
байланысты . Өзінің оқуларында ол көп орынды проблемаларды биіктелуіне
көңіл бөлген, оның талдауы бойынша бөлу көбіне өндіру заңы болған.
Рикардоның ең басты еңбегі Саяси экономиканың басталуы және салық салу
саясаты 32 тараудан тұрады. Экономикалық теорияның сұрақтары негізінде 6-
шы тарауға дейін жазылған. Ал қалған тараулар көбіне практикалық
теорияларда қолданылады.
Рикардо А.Смиттің догмасын сынға ала отырып, құн еңбек арқылы
есептелінеді, ал шығындылық товарды өндірген кезде. Оның ойынша құнды
пайдамен есептеуге болмайды. Өзінің анализдерінде Рикардо салыстырмалы мен
нақты құндардың айырмашылығын анықтауға тырысты. Нақты құн арқылы ол
түсінікке келді , заттай товарда еңбек, ал нақты –айырбас құн болған.
Рикардоны көбіне товар құнының көлемі, олардың ауысуы және товар көлеміне
әсер ететін заттар қызықтырған. Оның дәлелдеуінше құн еңбектің қайнар көзі.

Рикардо капитал ең басты факторы деген мінездеме берді. Капитал -өндіріс
қоры мен босалқы қор өндірісі болып табылады.
Смиттің соңынан Рикардо пайда ол құнның шектен артықтығы деген түйін
жасап кеткен.
Жалақыны трактовкаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
Экономикалық теория қызметі
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері туралы
Экономикалық теорияның даму кезеңдері және оның қалыптасуындағы көзқарастар
Экономикалық теорияның жалпы әдістері
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті шарттар мен жағдайлар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Пәндер