Экономиканың тұрақтануы
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Экономиканы реттеудің қажеттілігі, әдістері және
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 4
Кәсіпкерлікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Өнеркәсіп кешендерін дамыту арқылы экономиканы реттеу негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту арқылы экономиканы
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
Мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыру арқылы экономиканы реттеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
Салық арқылы экономиканы реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
Кіріспе
Өндірістің төмендеуімен, инфляциямен және уақыт кезеңіне сай нарықтық
экономикаға көшуімен сәйкес сипатталатын еліміздегі экономикалық
дағдарыстың созылуы мемлекеттің өзіне тән қызметтерін атқармауына
байланысты деп негізделген. Мемлекетке келесі міндеттер жүктелген:
1) Құқықтық негізді құру;
2) Елдегі құқық ережелерін және оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
3) Экономиканың тұрақтануы;
4) Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
5) Бәсекелестікті қорғау;
6) Шаруашылық заңдылықтарды құрастыру, қабылдау және орындалуын
ұйымдастыру;
Экономиканы реттеу үшін мемлекет қолданатын экономикалық рычагтар әр
түрлі, олардың негізгілері болып: салықтар, табыстарды және ресурстарды
болу, бағаның қалыптасу, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі, кредитті –
қаржылық механизмдер.
Кәсіпкерлік қызметінің, мемлекеттің экономикасын көтеру мен
тұрақтандырудың қалыпты жағдайын жасау үшін экономикалық сияқты әкімшілік
әдістерні орындау кезінде фиксалды, несиелі – қаражаттық, ғылыми-
технологиялық инвестициялық, бағалық, автоматты және т.б. саясаттың
түрлерін жүргізу керек.
Осы менің жазған жұмысым жалпы экономиканың дамуын реттейтін
заңдылықтар жайында болып отыр. Экономиканың дамуын реттеу үшін түрлі
жағдайлар, шарттар, әдістер, міндеттер, заңдылықтар жасалу керек екені
айдан анық. Біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін экономиканың дамуын
реттеу үшін қаншама реформалар мен заңдар қабылдады. Қазіргі таңда ҚР-да
экономиканың дамуын реттеуге бағытталған 3000-нан астам заң бар екен.
Экономиканы реттеудің қажеттілігі, әдістері және міндеттері.

экономикаға көшумен сәйкес сипатталатын еіміздегі экономикалық дағдарыстың
созылуы мемлекеттің өзіне тән қызметтерін атқармауына байланысты деп
негізделген. Мемлекетке келесі міндеттер жүктелген.
1) Құқықтық негізді құру. Құқықтық негізсіз экономика, жалпы
қоғам дұрыс дамымайтыны белгілі. Мемлекет меншіктік құқықты
анықтайтын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін, өнім сапасын
қамтамасыз ететін және т.б. заңдарды құрастырады және
қабылдайды.
2) Елдегі құқық ережелерін және оның ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес
жүргізбесе, онда ол ел экономикасын құлдыратуы мүмкін.
Инфляция келесі жағымсыз жағдайларды тудырады:
- төлем балансына әкелетін дифицитке, өнеркәсіптік өндірістің
төмендеуіне, жұмыссыздықтың өсуіне әкелетін ұлттық тауарлардың
бәсекелестік қабілеттілігін төмендетеді.
- ақшаның елден ауытқуы, әсіресе шетел валютасына.
- Импортты тауарлардың бағасының жоғарылауына әкелетін және
сонымен бағаның жалпы өсуін күшейтетін валюта девальвациясы.
3) Экономиканың тұрақтануы.
4) Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету.
5) Бәсекелестікті қорғау.

ұйымдастыру.
Мемлекет өз қызметін орындауда және экономиканы реттеуде экономикалық
(жанама) сияқты әкімшілік (тура) әдістерді қолданады. Ол әдіс сәйкес
заңдылық актілермен ережелерді реттеп және шығару жолымен елдің экономикасы
мен кәсіпкерлік қызметке әсер етеді.

түрлі, олардың негізгілері болып: салықтар, табыстар және ресурстарды болу,
бағаның қалыптасуы, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі, кредитті – қаржылық
механизмдер.
Кәсіпкерлікті дамыту
Кәсіпкерлік кең тарағанда қоғамның өмірі нарық экономикасына сәйкес
формаларда жүріп отырады. Кәсіпкерлік – бұл қоммерциялық табысқа жетуді
көздейтін іс - әрекет , ал кәсіпкер – кәсіпорын ( фирманы ) иемденетін адам
, немесе , иемденушінің атынан кәсіпорынның жұмыстарын басқаратын өкілетті
менеджер.
Ірі өндірісте меншікті иемденуші мен кәсіпкер бір – бірінен
ажыратылады. Олардың қызметтерінің бөлінуінің негізінде капитал функциядан
капитал меншіктің бөлініп шығуы туады.
Кәсіпкерлік шаруашылық іс - әрекеттің белгілі типінен тұрады.
Жаңашылдық , ресурстарды тиімді пайдалану , тәуелділікке бел байлаушылық ,
технологиялық процестерді қолдап пайдаланудағы икемділік пен тапқырлық –
осы және т.б кәсіпкерлікті сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістік ,
коммерциялық – делделдық , сауда – саттық , инновациялық , консультативтік
іс - әрекеттерді және құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларды қамтиды.
Нарық экономикасында шаруашылық жүргізудің кәсіпкерлік іс - әрекеттерді
тиімді және белсенді жүріп отыруы үшін белгілі шарттар қажет:
• еркін тауар өндірушілердің шаруашылық әрекеттерінің толық еркіндігінің
болуы;
• меншіктің барлық түрлерінің тең құқықтығы жағдайында , экономикалық
әрекеттің нәтежесіне толық жауапкершіліктің болуы;
• игіліктер мен қызметтер өндірісін ынталандыратын фактор ретінде
өндірушілердің бәсекелестігінің болуы;
• нарықта бағаның еркін белгіленуі;
• экономиканың ашықтығы , оның бүкіләлемдік шаруашылық жүйесімен
интеграцияда болуы , сыртқы экономикалық операциялар жүргізуге
кәсіпкердің құқы болуы.

Экономикалық өсудің материалдық-заттық факторларын тиімді пайдалану –
оны қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Бірақ, ол факторларды тиімді
пайдалану ең алдымен өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және оның материалдық-
техникалық базасының қалыптасқан жағдайына байланысты. Өйткені өнеркәсіп
салаларында жалпыұлттық өнімнің жартысына жуығы құрылады. Сонымен бірге,
өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басыңқы рөлі – оның халық
шаруашылығының басқа салаларын индустриаландырудың шешуші факторы
екендігіне де байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстан өнеркәсібінің дамуында қандай ерекшеліктер
бар?
Біріншіден, ол өз дамуында бұрынғы кезде қалыптасқан шикізаттық
бағыттан арыла алмауы. Республика экономикасы өңдеуші салалардың нашар
дамығандығынан көп жағдайларда ұтылып отыр. Сол себептен, республика
өнеркәсібі сыртқы және ішкі нарықтарға бәсекелестікті көтере алатын өнім
түрлерін ұсына алмайды. Соның салдарынан, осы уақытқа дейін өнеркәсіп
салаларының А және Б топтарының арасында қалыптасқан үйлесімдік
(диспропорция) сақталып келеді.
Екіншіден, республика өнеркәсібінің негізгі қорларының (станоктар,
жабдықтар, технологиялық желілер) моральді және физикалық тозу коэфициенті
(0,4-тен 0,7-ге дейін) өте жоғары. Сол себептен, өнеркәсіп өнімдерінің
үлкен бөлігінің сапасы өте төмен, нарық қатынастарының дамуына байланысты
ол өнімдер басқа елдердің өнеркәсіп өнімдерімен бәсекеге түсе алмайды.
Үшіншіден, индустриалды еңбекті ұйымдастыруда жіберілген қателіктерге,
оның қолайсыздығы мен жағымсыздығына байланысты өнеркәсіптік еңбектің
мәртебесі төмендеуде.
Жоғарыда айтылған кемшіліктерге, республиканың өнеркәсіп
кәсіпорындарына жете ойланылмай жүргізілген жекешелендіру шараларының
жағымсыз жақтарын да қосуға болады.
Кезінде дағдарыстық жылдардың қиыншылықтарын бастан өткізген алдыңғы
қатарлы елдердің тәжірибесі өкіметтің дағдарыстық жағдайларда белсенді
түрде құрылымдық-инвестициялық, фискалдық, монетарлық, монополияға қарсы
және баға саясаттарын жүргізу арқылы жалпы экономикалық процестерді
басқаруды өз қолына алатынын көрсетеді.
Өнеркәсіп орындарын мемлекет меншігінен алуды және жекешелендіруді
жасанды жеделдету мақсатында жүргізідген әкімшілік шаралар, күтілгендей,
бағалы және орны толмайтын табиғи шикізат қорларын шетелге шығарудың жаңа
жолдарын ашты.
Егер, баяғы Одақ кезінде орталықтандырылған жоспар бойынша
Қазақстаннан мұнайдың 70%, фосфориттер мен қара металдардың 45%-ға жуығы,
темір рудасының жартысынан жоғары бөлігі, синтетикалық каучуктың 90% және
түрлі-түсті металдардың 40%-ға жуығы сыртқы шығарылған болса, қазіргі кезде
республиканың тиімсіз көптеген бірлескен кәсіпорындардың коммерциялық
құпиясын сақтауға байланысты ол өнімдердің сыртқы шығарылған көлемдерін
дұрыс анықтау қиын болып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының өнеркәсібінің дамуында
қалыптасқан тенденцияларды толығырақ анықтау және түсіну үшін оның соңғы он
жылдағы дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізейік.
Өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі сыбағалық салмағы 1990 жылмен салыстырғанда 2000 жылы
20,5 пайыздан 31,9 пайызға дейін өсті.
Енді Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің дамуын сипаттайтын негізгі
көрсеткіштерге тоқталып өтейік. (1-кесте).
1-кесте
Жалпы ішкі өнімнің құрылымы
1990 1995 2000
ЖІӨ, барлығы 100 100 100
Соың ішінде:
өнеркәсіп 20,5 23,5 31,9
ауыл шаруашылығы 34 12,3 8,6
құрылыс 12 6,5 5,2
көлік және байланыс 9,4 10,7 11,9
қызметтер 24 47,0 42,1
Соңғы жылдары ЖІӨ-нің құрылымы ақылы қызмет түрлерінің үлесінің
жоғарылауына қарай өзгереді. Олардың сыбағалық салмағы 24 пайыздан
(1990жыл) 42,1 пайызға (2000 жыл) дейін өскен. Керісінше, өнеркәсіптің
үлесі өскеніне қарамастан ЖІӨ-нің құрылымында өндірістік сектордың
сыбағалық салмағы төмендеген. Мұндай құбылыс нарықтық экономикасы дамыған
елдерге тән.
Қазақстан өнеркәсібінің құрылымындағы сыбағалық салмақтары жоғарылай
түскен. Ал, керісінше, ішкі нарыққа бағытталған жеңіл және химия
өнеркәсіптерінде, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру
салаларында өндірістің күрт құлдырауы байқалады. Сол себепті олардың
өнеркәсіп құрылымындағы үлестері күрт төмендеген. Мұндай жағдай
Қазақстанның өнеркәсібінде төмендегі себептерге байланысты орын алады:
Біріншіден, қаржылық, баланстық үйлесімді, ұлттық валютаның курсын
нығайту мен инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ету үшін жүргізілген
макроэкономикалық шаралар кәсіпорындардың төлемдік қабілетіне кері әсерін
тигізеді.
Екіншіден, осы кәсіпорындардың өнімін тұтынатын Қазақстан мен ТМД
елдерінің тұрғындарының да қабілеті күрт төмендеп кетті.
Үшіншіден, экономиканы либерализациялау Қытай және басқа да елдердің
арзан тауарларына Қазақстандық ішкі рынокті ашып берді.
Төртіншіден, салықтардың ауыртпалығынан бас көтере алмаған
қазақстандық кәсіпорындар бәсекелестікке шыдайтын тауарларды өндіруді
қамтамасыз ете алмады.
Бесіншіден, өндірістің құлдырауы өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін
еңбекшілердің санының азаюына алып соқты. Ең жоғары азаю қарқыны өңдеу
салаларында – жеңіл өнеркәсіпте, машина жасау және металл өңдеуде, құрылыс
материалдары өндірісінде болды.
Бұл жерде, осы өнеркәсіп саясаттын қалыптастыру ерекшеліктерін
айқындайтын бес негізгі факторды атап өтуге болады. Олар:
- өнеркәсіп өндірісінің макроқұрылымын бәсекелестікке сай ақтық
өнімдері, және шет елдерден алынатын өнімдерді ауыстыратын
өнім түрлерін шығаратын салалардың пайдасына күрт өзгертудің
қажеттілігі;
- өндірістік қорларды жаңарту мен жаңғырту процестерін жеделдету
мақсатында шет елдерден технологиялық инвестицияларды таратуды
ынталандыру;
- ғылыми ізденістерді талап ететін өнеркәсіп салаларын жедел
дамыту мақсатында материалдық-шикізат, қаржылық және
интеллектуалдық қорлардың бір бөлігін жұмылдыру;
- халықаралық еңбек бөлінуінде өз орнын анықтау және әлемдік
шаруашылық дамуының интеграциялық процестерінде өз орнын табу;
- аграрлық сектордың ақтық өнімнің дайындық деңгейін жоғарылату,
ауыл шаруашылық өнімдерінің ысырап болуын төмендету және
жергілікті халықты еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында ауылды
индустриаландырудың материалдық-техникалық негізін құру.
Басыңқы салаларды анықтаудың негізі қағидаларына (принциптеріне)
мыналар жатады:
- өнеркәсіптің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру;
- жаңа жоғары өнімді техникалар мен технологияларды өндіру
мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалануды
ынталандыру;
- Қазақстанның халықаралық өнеркәсіптік интеграция процесіне
тиімді араласуы.
Ал, экономикалық реттеу әдістеріне мыналар жатады:
- мемлекеттік секторға бағынбайтын шаруашылық субъектілерінің
стратегиялық жоспарларының мемлекеттік атқару билігінің
зерттеуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz