Этикалық категориялардың ерекшеліктері мен әлеуметтік міндеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Экономика және құқық кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ________________

ЖОСПАР

ТАҚЫРЫБЫ:

1. Этикалық категориялардың ерекшеліктері мен әлеуметтік міндеттері.
2. Құқық қорғау қызметіндегі басшы тұлғалардың тәртіп Кодексі.

1. ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ

Қандай да болмасын ғылым тәрізді, этика да өте бай категориялық
құралдарды пайдаланады. Осылар ғана заңдылықтармен бірге , принциптер мен
әдістермен бірге қандай да болмасын ғылымның негізін құрайды.”Категория”
деген сөздің өзі грек тілінен пайда болған. Ол сөзбен болмыстың маңызды
жақтарын айқындайтын жалпы мағлұматтар
белгіленеді.Бұл-адамзат танымының маңызды тарауы.
Осыған байланысты этика категориясы - адамгершіліктің ең маңызды
жақтары мен адамгешілік сәттерін айқындайтын және этиканы ғылым негізінде
құрайтын теориялық құрал. Этика категориясы – бұл іс жүзіндегі, теориялық
негіздегі, өнегелік сезім деңгейінде тәрбиеленетін, рухтық, өнегелі
тәртіпті орнату. Олар басқа емес, тіршіліктің, адамгершіліктің субъективтік
жақтарының айқындалуы және олар жүйеленген тәртіптегі, ғылыми негізделген,
адамгершілік - әлеуметтік құбылыс екенін дәлелдейтін білім.
Сонымен қатар, адамгершілік құбылыстың теориялвық негізде ғана
айқындалмайтынын, күнделікті өмірдегі сезім ретіндегі сезілетін, елестету,
жақсы көру, жаман көру, қияли елестету т.б. сияқты ұдайы бастан өткеретін
құбылыс екенін де айта кету қажет. Осы, басқа да деңгейлерде бұл құбылыс
бірдей сөздермен бейнеленеді. Мысалы, міндетті болу категориясы бар және
әр индивидтің де өз борышын сезіну категориясы да бар.
Этикалық категория туралы сөз қозғасақ, онда оның осы ғылымның
“қызметтік” міндеттерін орындайтыны туралы да айта кету қажет. Біріншіден,
қоғамдық қарым-қатынастағы адамгершілікті сезінудің шексіз сатылары
екендігін түсіну қажет. Екіншіден,
Білім алудың Үшіншіден - этикалық міндеттер – бұл бірінші реттегі
адамгершілік сезімнен екінші реттегі адамгершілік сезімге ауысатын т.б.
қозғалыс түрі.
Басқа да ғылымдардың категорияларымен көп ортақтығы бола тұра, этикалық
категориялардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Біріншіден, олар адамдардың
қоғамдық қарым-қатынасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекетке,
жанұяға, жақсылық пен жамандық тұрғысынан алғанда ұжымға деген көзқарасын,
арға, ақиқатқа деген көзқарасын айқындайды. Сонымен қатар олар таза күйінде
ашыла қоймайды, адамгершілік аспектісін әйгілеуде басқа ғылымдар
категориясымен қоян-қолтық араласып жатады.
Екіншіден, этика категориясы бағалама, аксиомалық мінездеме береді.
Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, тұрғысынан
бағалуға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың құны болып табылады: өз
парызын сезінетін адам, таза, дұрыс, ақиқатшыл, жауапкершілігі мол адам
т.б.
Үшіншіден, Олар адамдардың қарым-қатынасын, тәрбиелілігін реттеу үшін,
адамның қоғам алдындағы адамгершілік талаптарын міндеттілік тұрғысынан
талап етеді.
Төртіншіден, этика категориясы беделі мен белгілігі, адамгершілік
білімділіктің басқа да талаптары сияқты : принципшілдік, норма, талаптар,
ережелер т.б. қоғам көзқарасымен және жеке адамның тәрбиелілігінің күшіне
байланысты болады.
Қорыта келгенде, бесіншіден этика категориясының маңызы мен беделі,
әсіресе оған жақын адамгершілік моралі туралы түсініктер, басқа ғылымдардың
категориялары мен түсініктеріне қарағанда аса жоғары жағдайда қоғам қарым-
қатынасының эмоционалдық жағымен жүзеге асады.
Этика категориясы – жоғарыда айтылғандай, тақырыбы бойынша объективті,
түрі жағынан қарастырғанда субъективті болып келеді. Тақырыптың
объективтілігі күнделікті болмыстағыдан жинақталған, адам ойындағы сезімге
қатысты емес. Бұл тақырыпты, әрине, адамдар әртүрлі тұрғыдан бағалайды.Бұл
бағалама әртүрлі факторлардан түзіледі: адамның интеллектуалдық тәрбиесі,
адамгершілік мәдениеті, және өмір сүру жағдайы.Сондықтан да бірнеше адамның
бір нәрсе туралы берген адамгершілік мінездемесі әрқилы болып келеді.
Біз атап өткендей, этикалық категориялар әрқилы болып түзіледі,
сондықтан да ғылым пайдасы үшін оларды ерекшелеп зерттеу қажет. Бір
ғалымдар оларды құрылымға бөліп және субстанциялық тұрғыдан қарастырады.
Енді біреулер негізге басқа принципті алады: барлық жүйелеуді бір этикалық
категорияның принципіне бағындырып функционалды түрде қарастырады. Мысалы:
Эпикур барлық категорияларды Бақыт категориясына жатқызып қарастырады.
Аристотель категорияларды Байлық-Барлық категориясына, ал Кант Борыш
категориясына жатқызады. Бірақ біздің заманымызда да бұл туралы бірегей
көзқарас жоқ. Отандық этикада категориялардың барлығын көбіне-көп
адамгершілік тұрғысынан қарастырады. Осы көзқарастың негізіне өнегелілік
тәжірибені, өнегелілік сананы, адамгершілік өзін-өзі тәрбиелеу санасын
негізгі элементтері қылып алады.Бірақ өнегеліліксананы кірістіретін негізгі
қолданыстағы көзқарас өзіне өзін-өзі тәрбиелеуді, адамгершілік қарым-
қатынасты және іс жүзіндегі адамгершілікті басшылыққа алады. Бұл
көзқарастардың арасында принциптік өзгерістер жоқ, неге десеңіз екінші бір
жағдайда өнегелілік сана өзіне адамгершілік қарым-қатынасты, іс жүзіндегі
адамгершілікті кірістіреді және бұлар бірлікте адамгершілік тәжірибені
құрайды.
өнегелілік сана көп жағдайда адамгершілік тәртіпті, жүріс-тұрысты
айқындайды.
Түптеп келгенде, сананың адамгершілік қасиеті бір жүйеге тоғысып,
адамгершілік тәжірибені құрайды. Мысалы: борыш категориясын, оны адамның
сезінгендігі адамның тәжірибедегі жүріс-тұрысынан айқындалады.Қажеттілігін
сезіп, бірақ адамгершілік сезімін іс жүзінде қолданбаса, онда бұл құр сөз
болып шығады. Мысалы өз борышын санасымен түсінетіндігін айта тұра жас
сарбаз өзін жұмсаған “ыссы нүктеге” барудан бас тартады, сонымен қатар ол
өзі айтқан қасиетті борыш туралы түсінігіне қарама-қайшы келеді.
Этикалық категориялардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы сондай, олар
бір-бірінің мәтін-маңызын сіңіріп алады. Мысалы, ар категориясы өзіне мына
категорияларды қосқаннан кейін ұғымға сияды: адамгершілік, абырой, ар,
намыс, жауапкершілік, тәрбиелілік, шыншылдық т.б. Жоғарыда аталған үш түрлі
түсініктерге жекеше тоқталып өтейік. Ерлік категориясы мына
категориялармен айқындалады: кеңпейілділік, жанкештілік, шыдамдылық, жау
жүректілік, ж.б. Әділеттілік категориясы төмендегі аталған ұғымдарсыз
түсінікті болмайды: адамға деген сүйіспеншілік, шыншылдық, қайырымдылық,
алаламаушылық, мойындаушылық т.б., енді жоғарыда аталған үш топтағы
категорияларға оралайық. Бірінші топ – бұл категория өзіндік өнегелілік
сана. Бұларға: өнегелілік принцип, өнегелілік норма, өнегелілікнемесе
этикалық міндет, өнегелілік наным, адамгершілік мақсат, өнегелілік таңдау
ж.б. жатады.
Негізіне өнегелілік этиканың барлық принциптерін де өнегелілік санаға
жатқызуға болады. Олар өнегеліліктің қандай жақтарын да болмасын айқындауда
– өнегелілік санада бекітіледі. өнегелілік сананың маңызды категориялары:
жақсылық, жамандық, ар, абырой, ұят және басқалары категориялар жүйесінің
ортасынан орын алады, бірақ бұларды адамгершілік қарым-қатынастан,
өнеглілік тәжірибеден бөлек қарастыруға болмайды, ондай жағдайда олар
өзінің негізіне айрылып бос абстракцияға айналады. Күнделікті өмірде
пайдаланбайтын, өнегелілік күйінде қолданылатын жақсылық пен жамандық,
алаламаушылық, алалаушылық туралы бос әңгіме ешқандай нәтиже бермейді. Онан
да зоры олар өркөкіректікке, мылжыңдыққа, қайырымсыздыққа алып келеді.
Керісінше, егер өнегелілік категориялар іс жүзінде қолданылса шын мәнінде
пайдаланса, бұл жағдайда болмысты түсінуге көмегі зор.
Екінші топтағы категориялар – бұл адамгершілік қарым-қатынас
категориясы. Бұларға төмендегілерді, адамгершілік қарым-қатынас,
адамгершілік түсініспеушілік, өнегелілік бедел, өнегелілік абырой ж.б.
жатқызуға болады. Өзінің функционалдық ролі бойынша
адамгершілік қарым-қатынас өнегелілік субъектілердің қарым-қатынасы болып
табылады. Осы қарым-қатынас адамгершілік болып бағаланады, неге десеңіз
олар төмендегідей өнегелілік бағаламамен бағаланады: достық, жолдастық,
сенімдік, сыйластық, екі жүзділік, арамдық, жаулық т.б.
Ең соңында, өнегелі қадыр-қасиетінің күнделікті өмірде, адамдар
арасындағы қарым-қатынаста іс жүзінде жүзеге асуы анықталады.Бұл
категорияларға, мысалы, төмендегілер жатады: өнегелілік (өнегелілікке
қарсы) іс-қимыл, қылығына қарай құрметтеу, өнегелілік зардап, және шектеу
қою. Осылар арқылы мына категориялар жүзеге асады: өнегелілік борыш, ар,
абырой, ерлік пен қорқақтық, шыншылдық пен өтірікшілдік, сенімділікпен
сатқындық, мәрттік пен пендешілік, кеңпейілділік пен аямаушылық т.б.
Бұл категорияларда өнегелілік міндеттемелері адамгершілік қарым-қатынастың
реттеушісі болып табылады.Жоғарыда қарастырылған ерекшеліктер,
бірыңғайландырулар және этикалық категориялардың мәтіні теориялық қана
емес, жалпы әдіскерлік маңызға ие болады. Оларсыз, атап айтқанда,
кәсіпкерлік-этикалық категорияларды зерттеу мүмкін емес, неге десеңіз олар
іс жүзінде жалпы этиканың категорияларын бір жүйеге келтіру болып
табылады.Бұл категориялардың топтмасы өте үлкен, сондықтан біз зерттеу үшін
маңыздыларына ғана тоқталдық, бұлардың құқық қорғау құрылымдарының ісінде
қолданылу маңызы зор.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДЫ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАСШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТӘРТІП КОДЕКСІ
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қабылдаған Жарғы мақсаттарына сәйкес, Бас Ассамблея
адам құқығын қолдау, олардың өсіп-өнуіне жағдай жасау, нәсіліне, жынысына,
тіліне және дініне қарамастан негізгі бостандық жағдайларын қолдау
мақсаттарына сәйкес халықаралық жағдайларын іс жүзіне асырады. Сонымен
қатар адам құқығын қорғау Жалпы декларациясына және адам құқығын қорғау
туралы Халықаралық Пактіге сүйене отырып, және барлық тұлғаларды қорлап-
қинау, және Бас Ассамблеяның 1975 ж. 9 желтоқсандағы 3452 (ХХХ) қарарына
сәйкес басқа қатал, адамгершілікке жатпайтын немесе адам баласын қорлап
аяққа таптайтын жазаға тарту, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғау қандай
жолмен жүргізілетіндігін, құқық қорғау шараларының адамгершілік жолмен
адамдардың пайдасына жүргізілуі мақсатын ескере отырып, жеке адам ғана
емес, жалпы қоғамның түгелдей құқығын қорғау үшін, құқық қорғау
құрылымдарына енгізілген тәртіп кодесінің маңыздылығын ескере кеткен жөн.
Оның ішінде адамдардың құқығын қорғау, тәртіп сақтау шараларын адамгершілік
тұрғыда жүргізу үшін, атап айтқанда:
а) қылмыстық құқық сотының барлық жүйелеріндегі мекемелері толықтай қоғамға
қызмет етуі тиіс, олар қоғам алдында жауапкер болып, есеп беріп отыруы
қажет.;
б) құқық қорғау құрылымдарындағы басшы қызметкерлердің өнегелілігі жақсы
ойластырылған, барлық жерде қабылданған және адами заңдар жүйесінің
негізінсіз жүзеге аса алмайды.
с) құқық қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау құрылымдарының қандай да
болмасын басшысы қылмыстық әділет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық этика пәні
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДЫ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАСШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТӘРТІП КОДЕКСІ
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Құқық және құқықтық сана
Этика ұғымы және оның заты
Бастауыш сынып мұғалімнің тіл табыса білуі
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Этика саласындағы стандартты операциялық процедураларды анықтау және оның дамуын зерттеу
Этика ұғымы және оның заты туралы
Заңгерлердің кәсіптік этикасының ерекшеліктері
Пәндер