Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

1–ТАРАУ. Экономикалық теорияның сұраныс және ұсыныс категорияларына
түсiнiктер.
1. Мiнез құлық теориясының қалыптасуы және рыноктың экономиакдағы орны.
2. Сұраныс және ұсыныс заңдары, оған әсер ететiн факторлар.
3. Сұраныс және ұсыныстың икемдiлiктерi жайындағы түсiнiктемелер.

((ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы рыноктық қатынастардағы сұраныс және
ұсыныстың қалыптасуы және дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық жүйедегi сұраныс және ұсыныс
түсiнiктерi.
(.2 Сұраныс пен ұсыныстың Қазақстандағы экономикалық процестерге әсерi.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.

КIРIСПЕ

Рыноктық экономика бұл сұраныс пен ұсыныстың үздiксiз арақатынасы.
Мұндай қарым қатынасты қарапайым моделiнiң тууы, экономикалық ғылым
тарихында үлкен маңызды дәуiр болып саналады. Сол мезеттен берi екi
ғасырдан астам уақыт өтсе де, рыноктық экономикамен теориялық танысу осыдан
басталады. Өйткенi осы модель арқылы барлық экономикалық процестер ашылып
көрсетiледi.
Расында ақ кез келген сатып алу сату актiсiне екi феномен қатысады
сұраныс және ұсыныс , олардың шамасының үлкендiгi рыноктағы мәмiлесiнiң
көлемi мен баға деңгейi арқылы анықталады. Ал рыноктық экономика бағалардың
динамикасы мен мәмiлелердiң көлемi болып табылатындықтан, тек сұраныс
шамасы (тұтынушының табысына әсер ете отырып( пен ұсыныс шамасын
(өндiрушiнiң пайдасына әсер ете отырып( реттеу арқылы оларды өзгертуге
болады. Бұл макро және микро экономика үшiн әдiлдi болып саналады.
Жоғарыда айтылғанмен рыноктық теорияның сұраныс пен ұсыныс анализiне
көңiл бөлiнетiнi түсiндiрiледi. Мұндай анализ макро мен микро экономиканы
байланыстыратын жiп болып табылады.
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты
бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар.
Неге бiр ғасыр уақыт бойы политикалық экономиканың ядросын құрайтын,
негiзiнде бағалар қаналатын сұраныс пен ұсыныс моделiн атақты бiр автор
былай деп түсiндiрдi(мұндай ұзақ өмiр сүрудiң себебi модельдiң нақты
шындықты көрсетуiнде емес, анық және бiрмәндi тұжырымға әкелуiнде. Мұндай
тұжырымдарды әртүрлi экономикалық проблемалардың анализiне қолдануға
болады. Берiлген модель жалпы шындық суретiнен алыс, бiрақ ол қарапайым
формада кейбiр шаруашылықта iстеп тұрған күштердi суреттейдi және шынайы
өмiрдiң маңызды аспектiлерiн көрсетедi.
Бiздiң елiмiзде рынок ендi дамып келе жатқандықтан, сұраныс пен ұсынысты
зерттеу, Қазақстанның рыноктық экономикасының даму жолдарын оқуда өте
маңызды болып табылады. Сонымен бiрге сұраныс пен ұсыныс зерттеулерiнiң
нәтижесiн практикада пайдалана бiлу де өте маңызды. Қазiргi кезде сұраныс
пен ұсыныс туралы мағлұматсыз практикада бiрде бiр фирма өмiр сүре
алмайды. Мiне, сондықтан мен осы проблеманы теңдеп оқығым келдi.

1-ТАРАУ. Экономикалық теорияның сұраныс және ұсыныс категорияларына
түсiнiктер.

Рыноктық экономика сұраныс пен ұсыныстың бiтпейтiн өзара
әрекеттестiгiмен сипатталады. Сұраныс дегенiмiз – адамдардың тауар сатып
алуға талабы мен қабiлеттiлiгi. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа
ықпал тигiзедi. Сұраныс заңы – сұраныс көлемiнiң бағаға керi тәуелдiлiгi
деп бiлемiз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым
жоғарылайды. Сұраныстың қисық сызығы – сұраныс заңының графикалық
бейнеленуi. Сұраныстың бағаға керi тәуелдiлiгi мына себептерге байланысты:
1. баға төмендегенде сатып алушылар саны көбейедi; 2. тұтынушының сатып алу
қабiлетi өседi; 3. арзандаған тауардың қосымша бiрлiктерiн сатып алу тиiмдi
болады. Баға әсерi сұраныс шамасын өзгертедi де, сұраныстың қисық сызығы
бойынша (D) көрiнедi. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзiн өзгертедi және
сұраныс қисығын оң жаққа (өскен жағдайда) және сол жаққа (төмендегенде)
ысырады.
Ұсыныс дегенiмiз – сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшiн ұсынудағы
талабы мен қабiлеттiлiгi. Ұсынысқа баға және бағадан тыс факторлар әсер
етедi. Ұсыныс заңы – ұсыныс шамасының баға деңгейiне тiкелей тәуелдiлiгi:
баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды. Ұсыныстың қисық
сызығы – ұсыныс заңының графикалық бейнеленуi. Бағадан тыс факторлар
ұсынысты өзгертедi де, ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа (өскен жағдайда),
сол жаққа (төмендегенде) ығыстырылады.
Сұраныс мен ұсыныстың өзара әрекеттестiгi баға механизмi мен бәсеке
негiзiнде iске асырылады. Бұл сұраныс мен ұсынысты теңестiрiп, тепе- тең
бағаның құрылуына әкелiп соғады. Егер нарықтық баға тепе- теңдiк бағадан
артық болса, артық ұсыныс (артылып қалу) пайда болады, немесе ұсыныс шамасы
тауар сұранысынан асып кетедi. Егер рыноктық баға тепе- тең бағадан төмен
бекiтiлетiн болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл
жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады.
Тауардың бағасының өзгеруi, тұтынушылардың кiрiсi мен басқа
тауарлардың бағасы сұранысқа әр түрлi әсер етедi. Икемдiлiк дегенiмiз – бiр
айныманың екiншi айныманың өзгеруiне пайыздық өзгерiстiң қатынасы ретiнде
көрiну реакциясы.
Тауар баға икемдiлiгiне көбiрек ие болған сайын оның алмастырушылары
көбiрек болады (немесе тұтынушыға қажеттiгi аз болса). Ұсыныстың
икемдiлiгiне ықпал ететiн маңызды фактор – уақыт. Ұсыныс әдетте ұзақ
мерзiмге икемдi (өйткенi өндiрiстi ұлғайтады немесе өндiрiстi басқа бiр
түрiне ауыстыруға мүмкiндiк бар) – бағаның өзгеруi ұсыныс шамасына әсер
етедi.

1.1 Мiнез – құлық теориясының қалыптасуы және рыноктық экономикадағы
орны.

Тұтыну мiнез құлқы – түрлi тауарлар мен қызметтерге тұтынушы сұранысын
қалыптастыру үрдiсi. Тұтыну мiнез–құлқы кардиналистiк және ординалистiк
концепция тұрғысынан қарастырылады. Кардиналистiк көзқарас әр түрлi
игiлiктердiң пайдалылығын қандай да бiр бiрлiктер – ютилдермен өлшеудi
қарастырады. В. Парето, И. Фишер ұсынған пайдалылықтың ординалистiк
теориясы (реттiк) кең таралған әрi қазiргi заманға лайық болып табылады.
Мұнда қандай да бiр игiлiктiң пайдалылығын өлшеп жатудың қажеттiлiгi жоқ.
Тұтынушы тек мүмкiн болатын барлық тауарлар жиынтығын олардың артықшылығы
бойынша ретке келтiруге қабiлеттi болса жеткiлiктi, яғни тұтынушының
тауарлар мен қызметтердi сандық бағалау емес, саралау қабiлетi болуы керек.
Пайдалылық шегi (MV) дегенiмiз– тұтыну көлемi бiр бiрлiкке артқандағы
тауардың жалпы пайдалылығының табиғи өсiмi. Тұтынылатын тауардың мөлшерi
артқан сайын, әрбiр қосымша бiрлiктiң пайдалылық шегi кемидi, сұраныс
заңының негiзiндегi пайдалылық шегi заңының мәнi осында.
Тұтынушы өзiнiң қажеттiлiктерiн жеке ұнамдылықтарына сәйкес
жайғастырады. Тұтынушының ұнамдылықтары – бұл тауарлар мен қызметтердi
ретке келтiру қабiлеттiлiгi. Тұтынушы сонымен қатар шектеулi кiрiске
осындай қажеттiлiктерiн максималды дәрежеде қанағаттандыруға мүмкiндiк
беретiн тауарлар жиынтығын алуға ұмтылады. Оған тек пайдалылықты
максимизациялау ережесiн сақтағанда ғана қол жеткiзуге болады, ол бойынша
алынатын тауарлардың пайдалылық шегi бiр ақшалай бiрлiкке есептегенде
бiрдей болады.
Ординалистiк көзқараста талғаусыздық және бюджеттiк желi қисық
сызықтары қолданылады. Талғаусыздық сызығы бiрдей пайдалылыққа ие өнiмдер
жиынтығын графикалық түрде бейнелейдi. Егер немқұрайдылық қисық сызықтары
тұтынушының ұнамдылықтарын сипаттаса, бюджеттiк желi оның мүмкiндiктерiн
анықтайды. Ол – осы белгiленген кiрiске алуға болатын екi өнiмнен тұратын
әр түрлi комбинацияларды графикалық түрде көрсететiн терiс көлбеулi түзу
сызық. Тұтынушының кiрiсi өзгергенде, бюджеттiк сызық та өзгередi. Кiрiс
ұлғайғанда бюджттiк сызық жоғары, алдыңғы сызыққа қосарлана оң жаққа
ығысады. Бағаның тауарға деген арақатынасының өзгерiсi бюджет сызығының
көлбеу бұрышын өзгерiске келтiредi. Бюджеттiк сызықтың талғаусыздық
сызығының ең биiгiмен жанасуы тұтынушының тепе–теңдiгiн анықтайды. Бұл
нүктеде тұтынушы қажеттiлiгi қанағаттандырылады.
Кiрiс - тұтыну қисық сызығы кiрiстiң түрлi деңгейлерiмен байланысқан
тұтынушы тепе–теңдiгiнiң барлық нүктелерi арқылы өтедi. Баға – тұтыну
қисық сызығы тауардың бiреуiнiң бағасының өзгеруiмен байланысты тұтынушы
тепе–теңдiгiнiң барлық нүктелерi арқылы өтедi.
Тұтыну сұранысының мөлшерiне екi эффект (нәтиже) әсер етедi. Баға
төмендегенде тұтынушы бұрынғы кiрiс мөлшерiнде жоғары сұраныс бiлдiруi
мүмкiн. Осыған байланысты табыс әсерi пайда болады. Орнын басу әсерi
тұтынушының басқа өнiмдердi арзандаған тауармен ауыстырғанын көрсетедi.

1.2 Сұраныс және ұсыныс заңдары, оған әсер етушi факторлар.
Микроэкономикадағы негiзгi мәселе – әр түрлi рыноктардағы тауарлардың
бағасының құрылуына әсер ететiн факторларды талдау. Альфред Маршаллдың
концепциясы бойынша баға құрылудағы негiзгi факторлар болып сұраныс, ұсыныс
және оларға әсер ететiн өндiрiстiк шығындар, ресурстардың сиректiгi,
тауардың пайдалылығы, фирманың өндiрiстiк мерлекiндiктерi, уақыт интервалы
және т.б. аталады. Микроэкономика сұраныс пен ұсынысты зерттеуден
басталады.
Сұраныс төлем қабiлетi бар қажеттiлiктi көрсетедi. Сұраныс – бұл
рыноктық баға құрылу процесiне әсер ететiн жақтарының бiрi.
Сұраныс деп белгiлi бiр уақыт аралығында тиiмдi бағаға сатылып алынуы
тиiс тауардың мөлшерi де аталады. Сонымен, сатып алцшының ақша қаражатымен
қамтамасыз етiлген қажеттiлiк сұраныс немесе төлем қабiлеттiлiк деп
аталады.
Сұранысқа көптеген факторлар әсер етедi, олардың негiзгiсi болып баға
аталады. Баға мен сұраныс шамасының арасында керi байланыс бар: бағаның
көтерiлуi сұраныста түсiредi және керiсiнше. Яғни неғұрлым баға жоғары
болса, соғұрлым сұраныс төмен және керiсiнше, неғұрлым баға төмен болса,
соғұрлым сұраныс жоғары. Бұл сұраныс заңы деп аталады.
Баға мен сұраным көлемiнiң арасындағы байланысты график түрiнде
көрсетейiк. Егер абцисса рынокта сатып алынған тауарлар саны, ал ординатада
баға қозғалысын белгiлесек, онда мынадай нәтиже болады.
Д қисығы экономикалық әдебиеттерде сұраным қисығы деп аталынады.
Бұған бағаны түсiрсек , онда баға өзгергенде сұраным көлемiнiң қалай
өзгергенiн көруге болады. Егер Р1 бағада сұранм көлемi Q1 болса, баға Р2
дейiн төмендегенде сұраным көлемi Q2 дейiн өседi және сол сияқты. Пайда
болған қисық сұранымның бiртiндеп азаю немесе кему заңын бейнелеп
көрсетедi, ал ол заңды былай деп тұжырымдауға болады, егер қайсыбiр
тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда оса тауардың
аз санына сұраным болады. Бұл тәуелдiлiктi басқаша да тұжырымдауға болады,
егер рынокқа қайсыбiр тауардың үлкен тобы түссе, онда тең шарттық жағдайда,
ол онша жоғары емес бағамен өткiзуi тиiс.

Сұраным қисығының конфигурациясын және тұтынушының мiнез – құлқын
экономикалық теориядағы әйгiлi 2 тиiмдiлiкпен немесе әсер мен түсiндiруге
болады: табыс әсерi және орнын басу әсерi.
Табыс әсерi тұтынушының шынайы табысы мен сұранымының тауардыңбағсы
өзгергенде қалай өзгеретiнiн көрсетедi. Мысалы, алманың бағасы 3 есе
арзандаса, (300 ден 100 теңге 1 кг үшiн) сiз өзiңiздiң тұраты 3000 теңге
табыңызға 10 кг емес, 30 кг алма ала аласыз. Ал егер сiз алманың көлемiн
бұрынғы қалыпта сақтағыңыз келсе, яғни 10 кг, онда қалған ақшаға ет, конфет
және т.б. Сатып алуға болады. Бағаның төмендеуi сiздi байытты және сұраным
көлемiн ұлғайтты.
Орынын басу әсерi тауарға қатысты баға мен тұтынушының сұраным
көлемiнiң арасындағы байланысты көрсетедi. Алманың бағасының төмендеуi
басқа тауардың мысалы, алмұрттың бағасы төмендегенде арзандайды. Тұтынушы
алмұрттың орнына 10 кг алма емес, 15 немесе 20 кг сатып ала алады.
Қарапайым тауар сатып алынғанда табыс әсерi бiр бағытта қозғалады,
олар төмендегенде үлкен сұраным көлемiн көрсетедi. Бiрақ тұтыну сапасы
жоғары емес төмен сапалы тауарлар бар (маргарин, шылым және т.б.). Осындай
тауарларға баға төмендегенде бiр жағынан сұраным өседi, екiншi жағынан
тұтынушы аз болса да байиды. Ал бай адам өзiнiң тұтынуынан төмен сапалы
тауарларды алып тастайды. Егер төмен сапалы тауарлар тұтынушының
шығындарында көп орын басу әсерi табыс әсерiнен озып, тұтынушы шылымның көп
көлемiн сатып алады. Экономикалық теорияда мұндай жағдай да бар, яғни
бағаның төмендеуi сұранымының көтерiлуiне әкеледi. Бұл жағдайды Гриффен
нәтижесi деп атайды.
Сұрнанымның бiртiндеп кему заңының барлық тауарға қатысы бар. Оның
себептерiн анықтау қиын емес: олар бәрiнен бұрын сатып алушылврдың
табыстарының шектеулiгiне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай
адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуi тауарды сатып алуға, бiрiншiден,
рынокқа жаңа сатып алушыларды әкеледi. Екiншiден, бағаның төмендеуi
тұтынушыны қосымша тауар сатып алуға итермелейдi. Сонымен бiрге мынаныда
атап өту керек, осы тұтынушының сұранымыныңөсуi тоқтағаннан кейiн де,
бағаның одан әрi төмендеуiнде төмен деңгейдегi адамдардың өз қажеттерiн
өтей бастауы себептi рыноктағы сатып алу шамасы ұлғая бередi.
Сұраным қисығы бойымен қозғалыс, баға өзгерiсiне тәуелдi тауардың
сатып алынған мөлшерi өзгерiстерiн көрсетедi. Бұл сұраным көлемiнiң
өзгеруi деп аталады.
Сұраным қисығы бойымен қозғалу мен сұраным қисығының қозғалуын
айыра бiлу керек.
Сұраным қисығының қозғалысы сұранымының бағалық емес факторлардың
әсерiне өзгерген кезде айқындалады. Егер, мысалы, тұтынушылар әр бiр баға
бойынша осы тауардың көп мөлшерiн сатып алғылары келсе, онда сұраным қисығы
оңға Д1-деп Д2-ге ауысады. Тауарды аз қалау сұранымды азайтады және
сұраным қисығын солға Д1-ден Д3-ге қозғалтады. Бұдан шығатын қорытынды
сұраным қисығы бойымен қозғалыс пен сұраным көлемiнiң өзгерiсi тауардың
бағасы әсерiнен болады және сұраным қисығының қозғалысы мен сұранымның
өзгеруi бағалық емес факторлардың әсерiнен болады.

Ұсыным – бұл өндiрушiлердiң сату үшiн рынокта ұсынатын тауарларының
мөлшерi. үсынымның көлемi тауардың бағасы мен басқа факторларға тәуелдi.
Ұсыным шәкiлi ұсыным тауарларның көлемi мен оның бағасының арасындағы
тәуелдiлiктi көрсетедi. Өндiрiс ресурстары мен технологиялардың бағалары
ұсыным шәкiлiнде тұрақты болып қалады, яғни өзгермейдi.
Баға неғұрлым жоғары болса, өндiрушiлер рынокқа өнiмнiң көлемiн
соғұрлым көп әкелгiсi келедi және керiсiнше.
Баға мен ұсынылып отырған өнiмнiң мөлшерiнiң арасындағы тура
тәуелдiлiк ұсыным заңы деп аталады. Бұл тәуелдiлiк графикалық түрде ұсыным
қисығы S түрiнде бейнеленедi, бұл жерде S(supply) –ұсыным, P(price) – баға,
Q(quantity) –мөлшер , сан.
Сұраным қисығына қарағанда ұсыным қисығы солдан жоғарылап оңға
көтерiледi. Ұсыным көлемiнiң өзгеруi графикте SS ұсыным қисығының бойымен
қозғалу ретiнде көрсетiледi. Ұсыным көлемi тек тауардың бағасы өзгергенде
ғана өзгередi. Ұсыным қисығының бойымен қозғалу мен ұсыным қисығының өзiнiң
қозғалысын айыра бiлу керек.
Ұсыным қисығы егер осы тауарға шығындар тұрақты кезiнде рынокта көп
өнiм ұсынылса, SS-тен S1S2 – ге оңға қарай жылжыды. Тауардың ұсынымының
азаюы ұсыным қисығын солға SS-тен S1S3 – ке қозғалтады. Ұсыным қисығының
қозғалысы ұсынымның өзi бағалық емес факторлардың әсерiнен өзгерген кезде
болады. Бұл кезде ұсынымның өзгерiсi туралы айтады.
Ұсыным қисығы бойымен қозғалу мен ұсыным көлемiнiң өзгеруi тауардың
бағасының әсерiнен болады.
Ұсыным қисығының өзiнiң қозғалысы мен ұсынымның өзгеруi бағалқ емес
факторлардың әсерiнен болады.
Q0 Q1 Q

Сұраным заңына байланысты сұранымға ықпал жасаушы басты фактор –
баға. Сонымен бiрге бағалық емес факторларда бар. Олар :
- тұтынушылар таңдауы (талғамы);
- сатып алушылар саны;
- сатып алушылар табысы;
- балама тауарлардың бағалары;
- қолайлы жағдайды күту;
- рыноктық көлемi;
- тауарлардың жеңiлтiктерi;
- халықтың өсiмi жатады.
Тұтынушылар әр қашанда тауарды арзан сатып алғысы, ал өндiрушi қымбат
сатқысы келедi. Өндiрушi тұтынушыға шектi максималды бағаны ұсынады.
Тұтынушылар таңдауы өте субъективтi және оларды ескеру қиын, бiрақ
даму бағыттарын анықтауға болады. Бiр тауарға тұтынушылар ұнатуы жағымды
өзгерсе, ол сұранымды көбейтедi және сұраным қисығын оңға жылжытады.
Керiсiнше жағдай сұранымды азайтады, қисықты солға жылжытады.
Сатып алушылар санының көбеюi сұранымды көбейтедi (мысалы, өмiрдiң
ұзақтығының дәрi дәрмекке сұранымды көбейтедi). Керiсiнше жағдай дәрi
дәрмекке сұранымды азайтады.
Табыс мөлшерi әсерi күрделi құбылыс. Көптеген тауарларға қатысты
жағдайы табыстың көбеюi сапалы тауарларға сұранымның өсуiне әкеледi.
Сұранымы табыстың өзгеруiне тiкелей байланыста өзгеретiн тауарлар жоғарғы
категориялы тауарлар деп аталады. Сұранымы табыстың түсуi кезiнде өсетiн
тауарлар төменгi категориялы тауар деп аталады (мысалы, сары майдың орнына
маргарин). Табыс өсуiнiң белгiлi шектерiнде сұраным өзгермейтiн жағдайлар
көп кездеседi.
Балама тауарлардың бағалары. Тауарлар әдетте 2 топты құрайды:
алмастырушы (субститут) және толықтырушы (комплементарлы). Олар сұранымға
әсер етедi. Толықтырушы тауарларда бiр тауардың бағасының төмендеуi екiншi
тауардың сұранымының көтерiлуiне әкеледi. Бұл тауарларға сұраным бiр
уақытта ұсынылады. Мысалы, фотоаппаратты сатып алу, пленканы сатып алуды
тудырады. Егер фотоаппараттың бағасы өссе, пленкаға сұраным түседi. Екi
өнiм өзара алмастырылса, онда олардың бiреуiнiң бағасы мен екiншiсiнiң
сұранымының арасында турабайланыс болады. Мысалы, кофенiң бағасының өсуi,
шәйге сұранымды өсiредi.
Болашақтағы бағаға қатысты тұтынушының күтуi, оның болуы және табыс
өзгнрiстерi мүмкiн болатын сұранымды өзгерте алады.
Егер бағаның немесе табыстың өсуi күтiлсе, онда тұтынушылар тауарды
мол сатып алады да күнделiктi шығындары көбейтедi.
Керiсiнше, баға мен табыстың түсуiнiң күтiлуi тауарға күнделiктi
сұранымның азаюына әкел соғады.

Ұсынысқа ықпал етушi факторларға:
- баға;
- өндiруге кеткен шығындар;
- технология;
- өндiрiстiң монополияда алатын орны;
- басқа тауарлардың бағасы;
- ресурстар бағасы;
- салықтар мен озотациялар жатады.
Ұсынымға ықпал етушi факторларға сонымен бiрге сатушылардың саны,
табиғат – климаттық жағдайлар жатады.
Ұсыным оның өзгерiсiн анықтайтын барлық факторлардың функциясы болып
табылады:
S=f(P,Pr,K,T,N,B)
Мұндағы Pr-ресурстардың бағасы, К-қолданатын технологияның мiнезi, Т-
салықтар мен субсидиялар, N-сатушылар саны, В- басқа факторлар.
Ұсыныс детерминантаторы: ұсыныс қисығы сызығының өзгеруiн тудыратын
факторлар.
Ресурстар бағасы. Олардың түсуi өндiрiс шығындарын азайтады және ұсынысты
көбейтедi, яғни ұсыныс қисығын оңға жылжытады ресурстардың бағасының өсуi
керiсiнше әсер етедi.
Минералдық тынайтқыштарға бағаның төмендеуi бидайдың ұсынымын
көбейтедi: жаңбырлатқыш қондырғыларға бағаның өсуi жүгерiнi ұсынуды
азайтады.
Технология. Оның жетiлуi ресурстарға бағаны түсередi. Жұгерi
зиянкестерiне қарсы тиiмдi инсектицидты жасау оның ұсынымын көбейтедi.
Салықтар мен дотациялар. Салықтың көтерiлуi өндiрiс шығындарын көбейтедi
және ұсынымын азайтады, қисық солға жылжиды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы
СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС
Сұраным мен ұсыным заңы
Сұраныс қисығы
Микроэкономикадағы сұраныс және ұсыныс моделі
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Ұсыныс және сұраныс заңы
Экономика негіздері қызметтері
Экономикалық теория пәнінен дәрістер кешені
Педагогика және жоғары мектеп педагогикасы
Пәндер