Ақша құн өлшем ретінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. АҚШАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2. АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

3. АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ...21

4. АҚШАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ ... ... ...23

ҚорЫтынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Әдебиеттер тіЗіМі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша жэне қаржы
шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде
бұрын-соңды болмаган жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы
институттарыньн жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және
меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің
қалыптасуы; жоғары дэрежеде монополияланған мемлекеттік банктік
құрылымдардың әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен - пайда табуға,
коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағыталған жеке және ұжымдық
меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бір-қатар маңызды
өзгерістерді жүзеге асыруда.
Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен - нарықтық
қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру
тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше
белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлі мен қызметін,
сондай-ақ баска да экономикалык. категориялармен өзара әрекетін танып
білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми
негізін аныктайды.
Ақша жэне несие туралы ғылым — базалық пәнге жатады, ал бола алмайды.
Егер (накты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз оның негізінде қолданбалы
экономикалық пәндер қалыптасады.

1. Ақшаның шығу тегі

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің
дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату
немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі
(зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,
тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда
болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар
сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны
дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болганы; мұндай бұйым тауарлық
формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір
тауар қажетті тұтыну кұнын алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне
қатынасы бойынша айырбас кұны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың
өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол
ақша"[1].
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде түтыну кұны ретінде көрінеді. Оның құны
жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты карама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Алғашқы қауымдык құрылыс кезінде бір тауардың баска бір тауарға кездейсок
айырбасталынуы барысында, айырбас кұнның жай немесе кездейсоқ формалары
қолданылады (1 балта = 5 кұмыра, 1 кой = 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар
массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен
құнның жай формасы толық формага өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға,
жүнге және тағы басқа айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айыр-басталатын тауар -
барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық
бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көпттеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір
халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде
әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірін-ші, ірі еңбек бөлінісінің
нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шыгуымен мал (ірі қара) айырбас
құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға
байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда -
жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы
жалпы құндық эквивалент қызметін аткарады. Малды жалпы эквивалент ретінде
пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба
жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.
Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде
пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уакыттарда металдан жасалынған ақшаларда
"өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния"
(акша) "пекус" ("мал") сөзінен шыққан. "Рупа" ("мал") сөзі үнділердің ақша
бірлігінің атауы "рупия" негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл
акшаларға ауысқаннан кейін де "мал" деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый
1018 ж. былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кұн,
старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі
қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны - "мал ұстайтын орын" деп
аталынды[2].
"Капитал" сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және тағы
басқа). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік
Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн
ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды.
Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы
барысында жүн ең басты кұралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша
жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынан орыстардың әскери
кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.[3]
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың
келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және тағы
басқа. Көлемі түймедей акшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды.
Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда,
Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин
аралдарына алғашқы акшалардың қызметін атқарды. Американдык үнділердің
белдіктерінде бакалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін
көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды
Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин
және Соломон аралдарында айырбас кұралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады.
Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сұре отырып, олар ешқандай өзгеріске
ұшыраган жоқ. XX ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдары-ның кейбір
тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшактардың үш түрі: ең
арзаны - қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат - қызыл түсті
(ронго) пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі "экзотикалық" ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акдіа айналысында кызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға
дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындал-ғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы
иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бүзау, он екі қойга теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда
болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе, какао,
кұйма түріндегі тұздар, т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта,
Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі
ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы
ағылшын корольдары мырыш ақшаларды кұйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс
ақша ретінде пайдаланылды. ХҮІІ ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусетс
штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды. Металл
ақшаларының артықшылығы, олар - біркелкі, төзімді, ұсакталынады, және тағы
басқа Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі
нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте
бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып
тастаған жоқ. ¥зақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді.
Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ
уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы "драхма" "бір уыс шеге" деген
мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде
айналыста болды. Күміс және алтын акшалар жүзік, сырға, білезік түрінде
пайдаланылды. Бірак б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар
пайда бола бастаган. Осындай себепке байланысты көптеген ақша
бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмак
бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз
металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл
ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып
табылады.

2. Ақшаның қызметтері

Ақша құн өлшем ретінде

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі кызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында
туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің
жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, кұнды құрайтын алтын саналады. Яғни,
бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс
уақытың емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшага айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті,
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы кажет емес, себебі еңбек
өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге
болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық
кұнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Акшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықгалуы мүмкін емес.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
катынасын көрсетеді. Бірак тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
кажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет занды түрде
баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне
бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың
салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің
фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның
салмактық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол кұн заңыменен анықталады. Баға
масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына
(31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973
жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың
қаңтарында 850 долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын кұны мен оның мемлекеттік тұракты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын
бағасы және алтын паритеті жойылды. Қүн өлшеу қызметі нарықтық баға
масштабы негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға карай ығыстырып
тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын
нарығындагы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан
алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие
ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің
құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толык кұнды емес және қағаз ақшалардың
пайда болуы, ақша формаларынын олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып
келді.
Айырбас қүны - бүл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі
сәйкестікте айырбасталу қабілетін біддіреді.
Натуралды шаруашылық түсьшда өнім тек өндірушінің және оның жан-үясьпшң
қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну қуны қасиетіне ие болды. Тауар
өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте
құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер, тауардың тұтыну құны
болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай
формаларының қалыптасуына себеп болған:
• Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән
құнның жай жөне кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек
өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бір
мал бір қап бидайға айырбасталды.
• Екінші формасы- бұл құнның толық немесе жалпы формасымен
сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде
нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне, бір тауар
басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалға:
1 қап бидай = 1 қойға = 1 балтага = 1 қүмыраға және тағы
басқа.
• Үшінші формасы — бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші
өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға
тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан
жалпылама балама ролде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар
ролін, кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда,
моңғолдарда және тағы басқа), аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте),
шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады.
Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі
сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық
қой пайдаланылған. Бірақ, аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт
жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра
алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сөйкес
келмейді.
Құнның жалпыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метрология
Палеография
Қазақтың тарихи метрологиясы
Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеграфия ғылымының дамуы. Генеология. Хронология
Қосалқы тарихи пәндер пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
Тарихи қосалқы пәндер дәрістер
Бастауыш сыныптарда шамаларды ІРІКТЕУ ЖӘНЕ оқыту ӘДІСТЕМЕСІ ТУРАЛЫ
Табыс түрлері, факторлары және қалыптасуы
Пайда түрі мен есептелуі
Процент нормасы қарыз капиталына алынған жалдық табыс саласының, қарызға берген капитал саласына қатынасы
Пәндер