Электрондық ақшамен біздің болашағымыз



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

І. Кіріспе

Ақшаның пайда болуы, эволюциясы және түрлері ... ... ... ... ... ...3

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 ХХІ ғасырдың
ақшасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2.2. Пластикалық
карточкалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2.3. Интернеттегі элетрондық
ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.4 Электрондық ақшамен біздің болашағымыз ... ... ... ... ... ... 20

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 24

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе.
Ақшаның пайда болуы, эволюциясы және түрлері
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы
нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғышарттарын туғызған.
Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі,
тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын
қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызады. Айырбас бұл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді.
Мұнда тауарлардың баламалығын, яғни тауардың түріне, сапасына, формасына
және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр
түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек
қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін
жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл
тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын
көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек
әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп,
қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігін туындап,
айырбас құнының ұғымы туындайды.
Айырбас құны – бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі
сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың
тұтыну құны болып табылады.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жеткілкті. Ал егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай
формаларының қалыптасуына себеп болған:
Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның
жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі
екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған.
Екінші формасы – бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады.
Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар
саны мен түрлері арта түседі. Мұнда көбіне бір тауарға бірнеше тауарды
айырбастайды.
Үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы. әр тауар өндіруші
өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға
тырысады. Бірақ ондай тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі
олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмай және
өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға
тікелей айырбасталған тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақша тауары
қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металдар: алтын және күміс атқарды.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама
айрықша тауар.
Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен бір-
бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы
мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде
қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі.
Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы
мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы;
екіншкден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге
кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты
бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның
экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің
біртұтастығынан байқалады:
• Жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• Айырбас құнының дербес формасы;
• Еңбек өлшемінің заттай (материалдану формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық
бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен
байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен
өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақша даму тарихының негізгі этаптары: бірінші этап – кез-келген тауар
болып өз функциясын атқаратын ақшаның пайда болуы; екінші этап – ортақ
эквивалентті алтын болып қалыптасуы ( бұл этап ең созылған этап болып
табылады); үшінші этап – қағаз немесе несиелік ақшаға көшу этапі; және
соңғы төртінші этап – айналымнан жайлап қолма-қол ақшаларды шығару, яғни
электрондық ақшалардың пайда болуын білдіреді. Бұл туралы ақша турлерінде
толық айтып кетсек болады.
Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар
және толық құнсыз ақшалар.
толық құнды ақшалар – наминалды құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар жатады. Монета түріндегі формасы – бұл
олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы –реверс және
жаны – гурт деп аталады.
толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың
өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
• Құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған
ұсақ монеталар (жез, алюминий т.б.)
• Құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері
екіге бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Бюджет тапшылығын жабу
мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет
белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілгіне
байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғи жағынан
тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақщалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік
жасау.
Несиелік ақшалардың үш түрі бар: вексель, банкнота және чек.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы
ақша бірліктері.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соианы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы зінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.

Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты
түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі
түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар,
клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға,
банкомат арқылы қолма-қола ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер
үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін
төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және
кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен
қолдануда. Оларға “Euro card”, “Master Card”, “Visa”, ”ALTYN”, “Maestro”
және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен
қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету
сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай
түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға
арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама
кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. ХХІ ғасырдың ақшасы
Шынында да электрондық ақшалар осы ғасырдың ақшасы болып бара жатыр.
Банктік және коммерциялық қызметтерге информациялық және
телекоммуникациялық технологияның енуімен байланысты электрондық ақшалар
күннен-күнге біздің үйреншікті төлем құралы болып бара жатыр.
Электрондық ақшалар – бұл алтыннан, металлдық ақшадан және қағазды
банкноттан өтіп, пластикалық картаға жеткен, төлем жүйесінің даму кезінің
келесі деңгейі.
Европалық орталық банктің анықтауы бойынша “электрондық ақшалар – бұл
эмитентке талап қоятын ақшалай құн. Ол:
1. электрондық құралда сақталады;
2. эмитенттелетін ақшалай құннан аз емес көлемдегі құралды алғаннан
кейін эмитенттеледі;
3. төлем құралы ретінде тек қана эмитентпен емес, сондай-ақ басқа
да фирмалармен қабылданады”.
Электрондық төлем жүйесі банктік жұмыста жаңалық емес – SWIFT, RTGS
көптеген жыл банктік операциялардың бөлігі болып келеді. Бірақ
барлық жоғарыда айтылған жүйеде, магниттік пластикалық
карточкаларды қосқанда, ақшалар иесінің банктік шотында саналады.
Ал электрондық технология тек ақшаның шотта бар ма, жоқ па екендігі
туралы және айналымы туралы ақпаратты беріп отырады.
Электрондық ақшаның екі формасы бар:
1. карта базасындағы электрондық ақша (card based);
2. жүйе базасындағы ақша (network-based, software-based).
Карта базасындағы электрондық ақшалар қаражат эквиваленті туралы
ақпаратты сақтайды. Бұл ақпарат пластикалық карточкадағы “кремниевтік
чипте” сақталады. Бұлар – смарт-карталар, сақтау құнымен карталар (SVC
–Stored Value Cards). Мұндағы ақшаны санау үшін сатушыда арнайы есептейтін
құрал болу керек.
Магниттік карточкаларға қарағанда электронды ақша карточкалары:
• персонифицирленбеген – құралдың пайда болғаны және негежататыны
карточкада белгіленбейді;
• алдын ала төленген – карточканы алу үшін банкке сәйкес суммадағы
ақша енгізу керек;
• Шын, сол уақытта іске асады.
Ең танымал қолданылатын карта базасындағы электрондық ақшалар –
Mondex және VisaCash. Бұл карталар бойынша эмитент және төлеушілер
болып коммерциялық банктер саналады. Осы карталардың көмегімен
ақшалық эквивалентті сақтайтын және ауыстыратын – банктік
депозиттер.
Электрондық ақша жүйесі интернеттегі төлем жүйесіне қарағанда
артықшылықтары мынадай:
1. жоғары деңгейдегі қорғаныс;
2. анонимділік;
3. операцияның жүзеге асуының жылдамдығы;
4. трансакцияның өзіндік құны өте арзан;
5. микротөлемдерді де жүзеге асыруға болады, тіпті 0,001 ақша
бірлігіне дейін;
6. оңайлығы мен қол жететіндігі.
Сонымен бірге электрондық ақшаның кемшіліктері бар. Олар
компьютермен бірге жоғалып кетуі мүмкін, оларға несие беру немесе
пайыз қосу қйынырақ.

2.2 Пластикалық карточкалар.
Пластикалық карточкалардың тарихын айта кетсек:
1914 жыл – несиелік қағаз карточкалары американдық банктармен
тұрақты клиенттерге беріле бастады;
1928 жыл - Farrington Manufacturing Бостондық компаниясы бірінші
металлдық пластинкаларды шығарды;
1946 жыл - Джон С.Биггинс, Ұлттық банк Флэшбуштың тұтынушыны
несиелеу мамандығы, “Chargeit” атты несиелік схема бойнша жұмыс құрады;
1950 жыл - Diners Clab мейрамханалық карточка пайда болды;
1951 жыл - Franklin National Bank бірінші банктік несиелік
карточка шығарды;
1967 жыл – АҚШ-та бірнеше аймақтық ассоциациядан Interbank Card
Association компаниясы құрылды, кейін Master Card International атағын
алды. Бүгін – бұл жулдегерлердің бірі;
1970 жыл - Bank of America несиелік карталармен операцияларды
National Bank Americard, Inc. (NBI) компаниясына береді;
1977 жыл - NBI - VISA USA Inc. атын алды, ал сосын - VISA
International. Бүгін ол 25000 банктерді қосады. Оның карточкалары әлемде ең
көп тараған;
1992 жыл – үш европалық “карточкалық” компаниялар Europay
International компаниясын құрады. Бұл жаңа еуропалық карточкалық төлем
жүйесі EuroCard, Eurocheck Master Card Int. маркаларымен жұмыс істеуге
құқық алған компания.

Жаңа нарықтағы пластикалық карточкалардың таратылу ролі мынадай:

VISA 50%
EuropayCardMasterCard 18%
American Express 10%
Diner Club 1,5%
JSB Card 0,5%

Пластикалық карточкалар – бұл қолма-қол ақшасыз бір нәрсе сатып алуға
немесе қызметке төлеуге мүмкіндік беретін құрал. Немесе онымен банкоматта
қолма-қол ақшаға айырбастауға болады.
Карточка қызметін атқаратын жерден басқа төлем жүйесінің құрамына банк-
эмитенттер, банк-эквайер, процессинговый орта, расчетный банктер кіреді.
Банк-эмитент.
Пастикалық картаны шығаратын және клиенттерге қолдануға беретін Банк-
эмитент. Соның өзінде карточкалар банктің өзінде қалады, бірақ клиенттер
онымен қолдана алады. Клиент карточканы алар кезде банкте өзінің шотын
ашады. Карточканы бере отыра банк ақшамен қамтамасыз етуді өзіне жүктейді.
Карточканы беру кезінде оған карточка иесі туралы ақпарат енгізіледі.
Авторизация карточканы қабылдау кезінде жүргізіледі. Бұл үшін қызмет
ету орны төлем жүйесіне карточка иесінің мүмкіндігі туралы сұраныс істейді.
Егер де бәрі дұрыс болса система төлеуге құқық береді де, авторизация кодын
береді.
Банк-эквайер.
Авторизациядан түсіп жатқан сұраныстың бірінші жөндеуін эквайер-орта
жүргізеді. Кейде эквайер-ортасы сұранысты істей алмаса оны процессингтік
орта істейді де эквайер-ортасына жауабын береді.

Процессингтік орта.
Процессингтік орта төлем жүйесінің ақпарат базасын жүргізеді. Ақпарат
базасы, жиі банктер туралы ақпараттар сақтайды – төлем жүйесінің мүшелері
және карточка иелері туралы. өз алдына бұл авторизацияның сұранысын
қанағаттандыра алады.
Пластикалық карталардың түрлері.
Сонымен, пластикалық карточка стандартты размердегі (85,6 мм. 53,9 мм.
0,76 мм) пластинадан тұрады. Бұл пластина механикалық және термикалық
әсерден сақтайтын арнайы пластмассадан жасалған. Олар сондай-ақ қағазды
(картоннан) және металлдық болады.
Кәзіргі уақытта көбінесе пластикалық түрлері қолданылады. Бірақ
карточканы қолданушыны идентификациялау үшін ламинирленген қағаз
карточкалары көп қолданылады. Ламинацияны кез келген жерде істеп алуға
болады, сондықтан бұндай карточкалар қауіпсіз емес. Пластикалық карточкадан
металлдыққа қарағанда иесі туралы ақпаратты тез арада алуға болады.
Карточкаға ақпаратты бірнеше түрмен енгізуге болады:
• графикалық жазылу;
• эмбоссирлеу;
• штрих – кодтау;
• магниттік жолда кодировкілеу;
• чип;
• лазерлік жазылу (оптикалық картаға)
Ең алғашқы және ақпаратты оңай жызудың түрі графикалық жазылым болды
және сол болып қала береді. Бұл әлі күнге дейін барлық карталарда
қолданылады. Басында картаға тек қлданушының аты-жөні және эмитенті туралы
ақпарат қана енгізілетін. Кейінірек қол қоюды да енгізді.
Эмбоссациялау ( механически выдавливаться ) карточкамен төлем
операциясын оформелеуді айтарлықтай тез қылды. Картадағы эмбоссацияланған
ақпарат, көшіру қағазы арқылы бір моментте слипқа өткізіледі. Эмбоссациялау
графикалық көріністі толығымен жоққылған жоқ.
Штрих-кодпен карточкаға ақпарат жазуды магниттік сызықты ойлап
тапбылғанша қолданылған және төлем жүйесінде жүзеге аспады. Алайда штрих-
кодпен карточкалар, тауарға қойылатынға ұқсайтын штрих-кодтар арнайы
карточкалық программаларда өте танымал. Ал жақсы қорғаныс үшін штрих-
кодтардың үстіне инфракрасный түстен ғана көрінетін пленка жабылады.
60-шы жылдардағы қолма-қол ақшаны беруге арналған автоматты аппараттар
ойланып табылғаннан кейін, сондай аппаратпен қолдануға болатын карточкалар
шығарды. Яғни карточкалардың арты жағына пагниттік пленкадан сызық
жабыстыра бастады.
Бүгінгі күнде пластикалық картаға магниттік жазу әдісімен ақпаратты
енгізу ең көп тараған әдіс. Бірақ бұл подделкадан жақсы қоғай алмайды. Соны
ескере отырып, мамандар қапарат енгізу жолының сенімді әдісін ойлап тапты.
Ол чип немесе микросхема болып табылады. (chip – ағлшын тілінде –
интегралды схемасымен кристаллды білдіреді). Чиппен карточкалар жиі Сарт-
карта деп аталады.
Көрнікті артықшылығына қарамастан, чиптік карточкалар кең тараған жоқ.
Себебі мұндай карточкалар магниттік жолымен салыстырғанда айтарлықтай
қымбат. Тек кейінгі жылдары ғана, магниттік картамен подделкілер күрт
өскеннен кейін чиптік карталарға қайта көше бастады.
1981 жылы Дж. Дрекслер оптикалық карточканы ойлап тапты. Мұндай
карточкадан ақпаратты арнайы лазер қолданылатын аппаратпен оқуға болады
және де бұған көп көлемді ақпарат сияды. Бірақ банктік технологияда жүзеге
аспады, өйткені бағасы тым жоғары болды. Тек қана карточканың емес, сондай-
ақ оны оқитын аппараттың да.
Карточкаларды клиенттерге қарап бөлуге де болады:
• жәй карточка;
• күміс карточка;
• алтын карточка;
• электронды карточка.
Жәй карточка жәй адамдарға арналған. Оған жататындар: “Classic Visa”
және “Mass (Standard) EurocardMasterCard”.
Күміс карточка бизнес-карта деп аталады (Business Card). Бұл
компанияның немесе организацияның мүшелеріне арналған карточка.
Алтын карточкалар бай клиенттерге арналған.
Ал электрондық карточкалар тек банкоматта ғана қолдануға болатын
карточкалар: “Electron Visa”, “CirrusMaestro”. Бұл карточкамен клиентке
несие берілмейді. Сондықтан бұл карточкамен кез-келген адам қолдана алады.
Қазіргі кездегі жүлделі орындағы жаңа нарықтағы пластикалық
карточкалардың төлем жүйелері: VISA INTERNATIONAL, EUROCARDMASTERCARD,
AMERICAN EXPRESS, DINERS ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы несиелік ақшалармен жүргізілетін операцияларды талдау
Отбасында сыйластық, жарастық орната білейік
Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері
Электрондық есеп айырысу мәні мен механизмі
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
Қолма-қолсыз есеп айырысу туралы
Меркантилизм кезеңдерінің ерекшеліктері туралы ақпарат
Қазақстандағы қолма - қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау
Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын период
Пәндер