Қазақтан Республикасының ақша - кредит саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...2

I. Қазақстанда ұлттық валютаны енгiзу қажеттiлiгi ... ... ... ... ... 4
1.1.Валюта жүйесi
түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Теңгенiң пайда болу
себептерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5

II. Теңгенiң қалыптасу
кезеңдерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .8
2.1. Теңгенi
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .8
2.2. Қазақтан Республикасының ақша-кредит саясаты ... ... ... ...9
2.3. Теңгенiң Еркiн Қалқыма Айырбас Курсы (ЕҚАК) ... ... ... .12

ІІІ. Теңгеміздің
тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.1. Ақша-кредит саясатының даму болашағы ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...24

Пайдаланған әдебиет
тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...26

Кiрiспе
Өзiмнiң жұмысымды мен “Қазақстан республикасының ұлттық валютасының
қалыптасуы” туралы тақырыпта жазып отырмын. Осы тақырыпты тандап алған
себебiм, ең бiрiншiден, теңге - бұл Г.А. Марченко мырза айтқандай
“тәуелсiздiктiң тұмары”. Яғни, ұлттық валюта - әр елдiң тарихында
маңызды орын алатын және мемлекеттiң экономикалық егемендiгiнiң
көрсеткiшi болып отыр. Сондай-ақ, жұмысымды Қазақстанда өткен ұлттық
валютаның енгiзiлгенiне 10 жыл мерей тойымен байланыстырып отырмын.
Өйткенi, теңгенiң 10 жылдық айналымы, оның Қазақстанның бүгiнгi күнi және
болашағын объективтi бағалаушы құрал деп қарастыруға болады. Ұлттық
валютаның енгiзiлуi нарықтық экономикаға көшуге бағытталған түрлi
структуралық өзгерiстердiң бiрi. Осы сәтте, бар жетiстiктерi мен
қиыншылықтарын, теңгенiң енгiзiлуiнiң алдында, оған артқан үмiттерiнiң
ақталғаны немесе ақталмағанын атап көрсеткiм келдi. 10 жыл бұл тарихи
тұрғыдан қарағанда аз уақыт, бiрақ жас мемлекет үшiн экономикалық тұрғыдан
өте маңызды мерзiм, өйткенi, Қазақстан ТМД елдерiнiң iшiнен үлкен қарқынмен
дамып келе жатқан мемлекет. Ал мемлекет экономикасының дамуы оның қаржы
секторының тұрақтылығына байланысты емес пе? Болашақта теңгенiң еркiн
айырбасталатын валюта, Орта Азия мемлекеттерiне ортақ төлем құралы ретiнде
пайдалануы ықтимал.
Жұмысым екi бөлiмнен тұрады: бiрiншi бөлiмiнде - теңгенiң енгiзiлу
қажеттiлiгi, екiншiсiнде – даму кезеңдерi қарастырылады.
Жалпы айтқанда, ақша – бұл ежелден келе жатқан тауар өндiрiсiнiң
дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Олар адам арасындағы
өндiрiс кезiнде белгiлi бiр экономикалық қатынастардың көрсеткiшi ретiнде
саналады. Ғасырлар бойы адам өркениетiнiң дамуымен қатар, ақша қатынастары
мен жүйесi үнемi дамып келедi, және олардың бүгiнгi қалпы да бiткен iс
емес. Теңге де дамып келе жатқан валюта.

I. Қазақстанда Ұлттық валютаны енгiзу қажеттiлiгi
1.1.Валюта жүйесi түсiнiгi

Валюта (итальян сөзi, сөзбе-сөз - құн) – елдiң ақша бiрлiгi, оның
шартты түрi, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдыра арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Валюта қатынастары - әлемдiк шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесiнiң (тауарының, қызметiнiң) өзара айырбасталуына қызмет етедi.
Валюта қатынастарының кейбiр элементтерi көне дәуiрде (ежелгi Египетте,
Римде) вексель және айырбастау iстерi ретiнде пайда болған. Валюта
қатынастарының туындауы ұдайы өндiрiске байланысты болғанымен оған, өз
кезегiнде, өндiрiстiң тұрақтылығы дәрежесiне қарай керiсiнше де әсер
(жағымды немесе жағымсыз) етедi. Валюта қатынастары құқықтық нормаларымен
реттеледi.
Валюта жүйесi –экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негiзiнде тарихи қалыптасатын валюта-
экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – белгiлi
бiр қоғамдық-экономикалық формация шегiнде мемлекеттiк-құқықтық түрде
ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар .
Тарихи үш түрлi: ұлттық, дүниежүзiлiк және мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесi қалыптасқан. Алғашқыда елдiң ақша жүйесiнiң құрамдас
бiр бөлiгi ретiнде ұлттық валюта жүйесi пайда болды. Осыған толығырақ
тоқталғым келедi. Ұлттық валюта жүйесi дегенiмiз қоғамдық ұдайы өндiрiстi
қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажеттi
валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық
валюта жүйесi ұлттық валютаға негiзделiп құрылады. Ұлттық валюта – елдiң
ақша бiрлiгi. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес
формада (банктiк шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның элементтерi ұлттық
орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзгi
элементтерi төмендегiлер:
▪ ұлттық валюта;
▪ ұлтық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың түрлерi: а) шетел валютасына шектеусiз еркiн
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)
Жарғысында “еркiн қолданылатын валюта” деген ұғым енгiзiлген. Оған
американдық доллар, немiстiң маркасы, жапон иенi, француздық франк,
ағылшындық фунт стерлинг, евро; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта,
мысалы, ресейлiк рубль; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
▪ валюталық паритеттiң бiрдейлiк ережесi – валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемiнiң алтын мазмұнына негiзделген
ондағы алтын паритетi алынып тасталды (Батыста 70-жылдарды, ал КСРО-да
1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритетi тек СДР- арнаулы
ақша өлшемiмен немесе халықаралық валютамен, бiрақ алтынмен емес,
анықталуы мүмкiн. 70-жылдардың орта шенiнен бастап паритеттер валюта
қоржыны (корзина) негiзiнде анықталады (валюта қоржыны деп бiрнеше
валюталардың белгiлi бiр бөлiктерiнiң сомасын сол валюталардың нарықтық
курсына көбейтiп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бiр валютаның
орташа өлшенген курсын айтады).

1.2. Теңгенiң енгiзiлу себептерi

Теңгенiң енгiзу себептерiне тоқталсам, әрине сол кездегi тарихи
жағдайларға назар аудару керек. 1991 жылдың желтоқсанында Совет Одағы
ыдырағаннан кейiн, Қазақстан басқа да ТМД елдерi секiлдi “рубль аумағында”
қала берген. 1992 жылы 200, 500, 1000 рубль купюралары шығарылды. Олардың
эмитентi ретiнде әлi КСРО Мембанкi болып көрсетiлген едi. 1992 жылдың
мамыр айында ресей купюрасы 5000 рубль, кейiнiрек 10 000 және 50 000 рубль
шығарылды.
Сөйтiп, Ресей Федерациясында және одан тыс мемлекеттерде 1961-1991
жылдары шығарылған кеңестiк ақша, Ресейдiң Орталық Банкiмен шығарылған 1992
жылғы кеңестiк ақша үлгiсiндегi және 1992-1993 жылғы ресей ақшалары
айналымда жүрген.
Бiрақ, Қазақстан Үкiметi және Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесi, Ресейдiң рублiне толығымен сенбей, 1991 жылдың соңында өзiнiң
валютасы мен бағалы қағаздар шығару мәселесiн қарастырды. 1992 жылдың мамыр
айында Қазақстан Республикасының Президентiнiң “Ұлттық Банк пен “Манат
ауласын” құру туралы” және “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Ұлттық
Банкiнiң баспа фабрикасын құру туралы” Жарлықтары (құпиялы түрде) шықты.
1993 жылдың сәуiр айында “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы”
және “Банк және Банктiк қызметi туралы” заңдар қабылданды. Осы заңдар
бойынша Ұлттық Банк еркiн ақша-кредит саясатын жүргiзу, ақша шығару, оны
сақтау, жою, инкассация функцияларын иелендi. Сондай-ақ, осы заңдарға
сәйкес ешқандай ортақ валюта бiрлiгi жайында айтылған жоқ. Осындай
шаралар, республикада ұлттық валютаны енгiзу мүмкiндiгi дайындалып
отырғанын көрсетедi.
1993 жылдың 23 шiлде күнi Ресейдiң Орталық Банкi 1961-1992 жылғы
кеңестiк ақша үлгiлерi мен 5000, 10 000 мыңдық 1992 жылғы ресей рубльдерiн
айналымнан шығару туралы хабарлады. Ресейдегi ақша реформасы ТМД елдерi
мен Қазақстанға ескi үлгiдегi ақшаның ағылуына, соның салдарынан
инфляцияның өсуiне және өмiр сүру деңгейiнiң төмендеуiне әкеп соқты, және
жаңа ресей рубльдерiне ескi ақшаны айырбастауға рұқсат берiлмедi. Ресейдiң
Орталық Банкi мен Қаржы министрлiгiнiң басшылары ТМД елдерiнiң өз валютасын
енгiзiуiн қолдады.2 Қазақстан Үкiметi рубль аумағын сақтағысы келдi,
бiрақ Ресей Үкiметi Қазақстаннан алтын валюталы резервтердiң бәрiн Ресей
қарамағына беру және ресей рубльдерiмен қамтамасыз еткенi үшiн
Қазақстанның мемлекеттiк қарызы деп санауды талап еттi. Осындай талаптар
Қазақстан үшiн жарамсыз едi. Сондықтан өзiнiң валютасын енгiзу қажет едi.
1993 жылы 3 қараша айында ҚР Президентiнiң Жарлығы бойынша ұлттық валютаны
енгiзу комиссиясы ресми түрде құрылды. Оның құрамына: ҚР премьер-министрi
С.А.Терещенко, ҚР вице-президентi Е.М.Асанбаев, Премьер-Министрдiң алғашқы
Орынбасары Д.Х.Сембаев, Ұлттық Банктiң төрағасы Г.Б. Байназаров, қаржы
министрi Е.Ж Дербесов, экономика министрi Б.И. Iзтiлеуов кiрдi. Олар
валюта режимiн, бастапқы валюта курсын, енгiзiлу уақытын және т.б.
сұрақтарды қарастырды. Теңгенiң айырбас курсын тандағанда реттелетiн
қалқыма, сондай-ақ, жартылай айырбасталатын валюта курсына тоқталды. Ұлттық
валюта – теңге – 1993 жылдың 15 қараша күнi бүкiл Қазақстан территориясына
ресми түрде енгiзiлдi. Ескi ақшаның жаңа теңгелерге айырбастау 1993 жылдың
15 қараша күнiнiң ертеңгi сағат 8-00-ден басталып, 20 қарашаның кешкi сағат
20-00-де аяқталған едi. Айырбас 1:500 қатынасындай жүргiзiлдi.
Айырбастаудың нәтижесiнде 951 млрд. кеңестiк рубль алынды. 18 қараша
күнiнен бастап, теңге Қазақстан территориясында айналымда жүретiн жалғыз
төлем құралына айналды. 3

II. Теңгенiң қалыптасу кезеңдерi

2.1. Теңгенi жасау

Ұлттық валютаның атауын ортағасыр тарихынан алған (Қыпшақтар тұсында
“таңға (теңге)” деген айырбастау манаттары қолданыста жүрген).
1992 жылы Қазақстанда шетел фирмалар саны өстi. Соның iшiнде
“Харрисон және ұлдары” фирмасы да болды. Олар теңгенi жасауға өзiнiң
көмегiн ұсынды. Қазақстан дизайнерлерi мен суретшiлерi ағылшын фирмасына
өзiнiң үлгiлерiн көрсетiп, бiрiгiп жұмысқа кiрiстi. Теңгенiң алғашқы
үлгiлерiнде қазақ ұлттық ою-өрнектерiнен басқа, ешқандай портреттер болған
жоқ. Бiрақ, ағылшын эксперттерi ақша бетiнде портреттер болу керек, өйткенi
баспаның ерекше техникасына байланысты ондай ақшаларды қолдан жасауға қиын
болады деп сендiрген.
Арнайы құрылған топ мүмкiн болатын барлық портреттердi қарастырып,
тандаған. Сөйтiп, теңгенiң беткi жағында Қазақстан тарихында ерекше орын
алатын тұлғалардың бейнесiн, ал артқы жағында Қазақстанға тән табиғи және
сәулет өнерiнiң элементтерiн бейнелеуге шешiм қабылданған.
Банкноттардың беткi жағында (аверс) :
▪ 9-10 ғ. Отырарда (Оңтүстiк Қазақстан) өмiр сүрген атақты философ, ақын
Абу Насыр Әл-Фарабидiң (1 теңге);
▪ сазгер Сүйiнбайдың (3 теңге);
▪ күйшi Құрманғазының (5 теңге);
▪ тарихшы, демократ-Шоқан Уәлихановтың (10 теңге);
▪ ақын, ұлы ойшыл Ұлы Абай Құнанбаевтың (20 теңге);
▪ мемлекет қайраткерi Әбiлхайыр ханның (50 теңге);
▪ саясаткер және дипломат – Абылай ханның (100 теңге)
портреттерiн салу қабылданды.
Бас дизайнердiң бiрi Тимур Сулейменовтың айтуы бойынша ағылшындар
өздерiнiң үлгiлерiн ұсынған едi, бiрақ қазақтар оны қабылдаған жоқ. Одан
басқа Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжалелов, Меңдiбай Әлин дизайн-
суретшiлер еңбек еттi. 4
Алғашқы дизайнерлер 200 теңгеге дейiн ақшаның нұсқасын ойлап тапқан,
кейiнгi үлкенiрек номиналда теңгенi Ұлттық Банк суретшiлерi ойлап тапқан.
Бүгiнгi күнi теңге 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 номиналда шығарылады.
Ал 100- ге дейiнгiлер тиын түрiнде ғана айналымда қолданылып жүр
(1,5,10,20,50,100).
Ұлыбритания суретшiлерi гильош деп аталатын арнайы портреттердi
бедерлеудi дайындаған және осыған авторлық құқық алған. “Харрисон және
ұлдары” фирмасы теңге банкноттарын iстегенi үшiн Ұлыбритания патшайымынан,
ең жақсы экспорттық өнiм үшiн, “Алтын Белгi” сыйлығын алды.
Қазақстандық теңге пайдаланған қорғау элементтерiне, техникалық
әдiстерге қарай бүгiнгi күнi қолданыста жүрген дүниежүзiлiк валюталарымен
сапасы жағынан бiр қатарда тұр.
Алғашқы майдалау монетелары- тиындар қағаз түрiнде болған.
(2,5,10,20,50).

Жалпы, ұлттық валютаны қабылдағанда дизайнды жасау және баспаға
шығару бiр уақытта және қысқа мерзiмде iстелген едi. Тиындардағы негiзгi
элементтер - ұлттық ою-өрнектер, жануар мен құстардың графикалық бейнелерi,
киiз үйдiң құрамдас бөлiктерi болып табылады.

2.2.Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты

Ұлттық валюта енгiзiлген күннен бастап, теңгенiң ең басты мақсаты –
инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсудiң қалыптасуын, төлем
балансының тепе-теңдiгiн, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету едi.
Осы мақсатты орындау үшiн, Үкiмет және Ұлттық Банк бюджет тапшылығын кемiту
мен несиелiк экспансиясын шектеу арқылы қатаң макроэкономикалық саясатты
ұстанды.
1994 жылы жеңiлдiктi несиелер берiлуi және кәсiпорындардың несие алу
үшiн Ұлттық Банкке үндеу практикасы тоқтатылды. Бюджеттiк тапшылықты жою
үшiн Үкiметке несие ақылы түрде берiле бастады. 1995 жылдан бастап нұсқаулы
(директивтi) несиелердiң берiлуi тоқтатылды, және экономикаға несие беру
функциясы банктерге көштi. Банктердi қайта қаржыландыру механизмi өзгердi:
несие ресурстары Ұлттық Банк нұсқауымен несиелi аукцион мен ломбард
негiзiнде үйлестiрiлдi. 1998 жылы мемлекеттiк бюджет тапшылығын жоюға
бағыттылған Ұлттық Банктiң тiкелей несие беруi толығымен тоқтатылды.
Сонымен, несие беру функциясын екiншi деңгейлi банктерге берген
Ұлттық Банк, орталық банктiң айрықша функцияларымен айналыса бастады.5
Ұлттық банктiң ең басты мақсаты ұлттық валютаның iшкi және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету болды, яғни инфляцияның төменгi деңгейiн және
тұрақты айырбас курсын сақтауға мiндеттi болды. Бiз бiлетiнiмiздей инфляция
деңгейi көптеген факторларға байланысты, мысалы, ақша массасының өсуi,
монополистердiң өнiмдерiне тарифтердiң өзгеруi, рыноктағы товар ұсынысы,
т.б. Ал Ұлттық Банк инфляцияға ақша ұсынысы арқылы әсер ете алады.
Жақсы көрсеткiш ретiнде 5 жылдың iшiнде инфляцияның төрттаңбалы
саннан бiртаңбалы санға өзгеруiн атауға болады (1993 жылғы 2 165 %-тен
1998 жылы 1,9 %- дейiн ). 1999 жылы Ресейдегi дағдарысқа байланысты
Қазақстанда инфляция 17,8%-тi құрады.
Теңгенiң енгiзiлуi кезiнде қабылданған реттелетiн қалқыма айырбас
курсының орнына, 1999 жылдың сәуiр айында еркiн қалқыма айырбас курсы
қабылданды. Ол қазақстандық товарлардың сыртқы рыноктарда бағалы бәсекелес
қабiлеттiлiгiн сақтауға көмектестi.
Бүгiнгi күнi Ұлттық Банктiң ақша-кредит саясатына осылар кiредi:
▪ ашық рыноктағы операциялар;
▪ банктерге несие беру ( күндiзгi және “овернайт” );
▪ валюталы рынокқа белсендi араласу (интервенция);
▪ Ұлттық Банктiң ресми түрдегi проценттiк ставкалары;
▪ Ұлттық Банктiң қысқамерзiмдi ноттары;
▪ банктерден депозиттердi тартуы;
▪ минималды мiндеттi резервтер нормативi (резервтi талаптар);
Ал ендi кiшкене толығырақ тоқталсам, ашық рыноктағы операцияларға
мемлекеттiк бағалы қағаздарды екiншi деңгейлi рынокта орталық банктiң сатуы
және сатып алуы, репо операциялары (оның мәнi осында: бағалы қағаздардың
белгiлi бiр уақыт мерзiмiнен кейiн қайтадан сатып алу мiндеттемесiмен
сатылуы) жатады. Бiрiншi деңгейлi рынокта Ұлттық Банк ешқандай
операцияларды iске асырмайды. Себебi, мұндай iс-әрекет бюджет тапшылығын
инфляционды қаржыландыруына әкеп соғады.
Ашық рыноктағы операциялар ақшаның ұсынысына тiкелей әсер етедi.
Коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды сатып алу арқылы, орталық банк
экономикаға қосымша ақшаны бередi (шығарады), яғни ақша массасын еселейдi.
Бағалы қағаздарды сату, керiсiнше, ақша массасының кемуiне әкеледi.
Ресми ставкаларға қайта қаржыландыру ставкасы, есеп жүргiзу ставкасы,
репо операциялары бойынша ставкалар, банктерге несие ставкасы, сондай-ақ,
“овернайт” ставкасы жатады. Ұлттық Банкiнiң ставкалары рыноктағы
проценттiк ставкаларға әсер етедi.
Ақша-кредит саясаты арқылы Ұлттық Банк қаржы рыногiн реттеп отырады.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы” заңға 2004 жылдың
қаңтар айынан енгiзiлген толықтырулар бойынша, Ұлттық Банктiң басты мақсаты
Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып
анықталған. Сондықтан, 2004 жылдан бастап, Ұлттық Банк инфляцияға көбiрек
назар аударады. Келешекте Ұлттық Банк тек көкөнiс пен жидектердiң баға
өзгерiсiнен “тазартылған” инфляция көрсеткiштерiне ғана назар аударады.
Осыған орай, теңгенiң айырбас курсы оның сұранысы мен ұсынысына байланысты
қалыптасыды. 6

2.3.Теңгенiң еркiн қалқыма айырбас курсы (ЕҚАК)

Жас валютаны сынайтын нағыз кезең 1998 жылы Ресейде орын алған қаржы
дағдарысы болды. Кең ауқымды өзгерiстердiң салдарынан дүниежүзiлiк
рыноктарда Қазақстанмен сауда қатынасында болған кейбiр мемлекеттердiң
ұлттық валютасы девальвацияға ұшырады. Бұл қазақстандық теңгенiң
қымбаттауын және Қазақстан экспортының бәсекелiк позициясының төмендеуiн
тудырды.
Сондай-ақ, Ресейдегi жағдай тiкелей Қазақстан рыногiмен
салыстырылғандықтан, iшкi валюта рыногiнда шетел валютасына деген
ажоитажды сұраныс күрт өстi. Осындай валюта интервенциялары жалпы
алтынвалюта резервiнiң төмендеуiне әкеп соқты. Одан әрi алтынвалюта
резервiнiң азаюын және теңгенiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру
үшiн теңгенiң девальвациясы керек едi (Девальвация дегенiмiз- ұлттық валюта
курсының төмендеуi салдарынан, валютаның құнсыздануы). Осындай жағдайда
барлық мән-жайлардың дұрыстап талдануы қажет едi. Неге десеңiз,
бiрiншiден, валюта рыногiнiң құлдырауын болдырмау үшiн, екiншiден, халықтың
және экономикалық субъектiлерiнiң теңге мен банк жүйесiне деген
сенiмдiлiктi жоғалтпау үшiн.
Девальвация өткiзу уақытын дұрыстап анықтау алдыңғы қатарлы
мақсаттардың бiрi едi. Өйткенi сол кезде ТМД елдерiнiң қаржы рыногiнiң
тұрақсыз жағдайында девальвацияны тез арада өткiзу жақсы эффекттi
әкелмеушi едi.
Жаңа айырбас курсын анықтау алдында сыртқы экономикалық жағдайдың
мүмкiн болатын өзгерiстерi, жақсы –жаман жақтары жан-жақты талданды:
теңгенiң тепе-теңдiк курсы, төлем балансы, бюджет тапшылығы, әлеуметтiк
көрсеткiштер, т.б.
Нәтижесiнде, ең тиiмдi режим ретiнде теңгенiң айырбас курсын еркiн
қалқыма курсына жiберу қабылданды. Ол, Ресейде қаржылық жағдай
тұрақтанғанда, 1999 жылдың сәуiр айында енгiзiлдi. Валюта рыногiн бiр
қалыпта ұстау үшiн 1999 жылдың 4 сәуiрiнен бастап, экспорт түсiмiнiң 50%-
iн мiндеттi түрде сату көзделдi. (Экспорт түсiмiнiң 50%-iн сату 1999
жылдың 15 қараша айына дейiн күш-қуатын жоғалтқан жоқ). Банктiк жүйенiң
қосымша ликвидтiгiн қамтамасыз ету үшiн резервтi талаптар төмендетiлдi (10%-
тен 5%-ке), сонымен қатар, басқа да пруденциалды нормативтерi жеңiлдетiлдi.

Осымен қатар физикалық тұлғалардың екiншi деңгейлi банкке салған
салымдары мен заңды тұлғалардың депозиттерiн, сонымен қатар, теңгелi
зейнетақы активтерiн сақтау үшiн шаралар қолданылды.
Зейнетақы қорларының активтерiн сақтау мақсатында Қаржы Министрлiгi
номиналды бағасы 100$, айналым уақыты 5 жыл болатын, арнайы валюталық
мемлекеттiк облигацияларды (АВМЕКАМ) шығарды. Зейнетақы активтерге
негiзделген жинақы зейнетақы қорларымен алынған мемлекеттiк қазыналық
мiндеттемелер және ұлттық жинақы облигациялар ерекше мемлекеттiк валюталық
облигацияларға айырбасталды. Айырбас курсы бiр АҚШ доллар үшiн 88,3 теңге
болды. Осы ерекшке мемлекеттiк облигациялар иеленушiге олардың номиналды
бағасы мен 6,14 % мөлшерде жылдық сыйақын алуға құқық бердi.
Сондай-ақ, физикалық және заңды тұлғалардың депозиттерiне өтем
(компенсациялы) шаралар қолданылды. Өзiнiң теңгелi депозиттерiн 9 ай iшiнде
алмаған, банк салымшыларына, яғни физикалық тұлғаларға, оларды 88,3 курсы
бойынша АҚШ долларына конвертациялау мүмкiндiгi берiлдi. Осыны жүзеге
асыру үшiн салымшылар 1999 жылғы 30 сәуiр күнiне дейiн жазбаша нысанында
өтiнiш беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті билік органдары бюджеттері
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі өзекті мәселелер
Валюта – дербес экономикалық категория ретінде
Қор құрау операциялары
Салық түсімдерінің мемлекеттік бюджетке жоспарлануы
ҚР ұлттық банкі – мемлекеттің ақша-несиелік саясатының атқарушысы және тексерушісі
Сыртқы экономикалық реттеу
Халықаралық валютаның жүйесінің және бағамының іс-әрекет механизмдерін зерттеп талқылау
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары
Пәндер