Институционалдық емес адамдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 1

І. Жұмыссыздық және оның себептері. 4
1.1. Жұмыссыздық және оның әлеуметтiк - экономикалық мәнi ... ... ... ... ..5
1.1. Жалпы жұмыссыздықтың пайда болу теориялары 10
1.2. Жұмыссыздықтың түрлері, классификациясы 12

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСI
2.1 Жұмыссыздық формалары және оның экономикаға тигiзер әсерлерi ... ..14
2.2. Қазақстандағы жұмыссыздықтың статистикалық көрінісі және таралу
жолдары 18
Қорытынды 23
Әдебиеттер 26

Кіріспе

Еңбек қашанда адамның аса қадірлеп, құрмет тұратын игіліктерінің
біріненен саналып келді. Ол материалдық және рухани байлықтарының ғана көзі
емес, сонымен қатар адамның аса маңызды өмірлік қажеті мен правосы, оның
жеке басының дамуы үшін қажетті қуатты құрал болып табылады. Адамның
қабілеті еркін де мазмұнды еңбек үстінде көрініп, жетіле түседі. Еңбекке
деген ділгірлік негізінен алғанда өндіріс құрал-жабдықтарын иемденушілерге
жұмысшы күшін сату арқылы және де ол күш неғұрлым мол пайда табу мүддесіне
сай келетіндей мөлшерде ғана өтеледі. Мұндай жағдайда еңбекші қауымның
қыруар бөлігі жұмыссыздыққа душар болады. Жұмыссыздық қазіргі кезде
үйренішті болса да, ол ешқашан да мұншалықты тұрақты сипат алып, ешқашан да
өзінің құрамы жағынан еңбекшілердің осыншалықты кең шеңберін қамтып, басқа
да бір әлеуметтік апат – инфляциямен дәл қазіргі уақыттағыдай асталып
көрген жоқ.
Жұмыссыздықтың індетінің қазіргі бұрқ ете түсуі бар жұртты
жарылқайтын қоғам жайындағы аңыздың күлін көкке шығарды. Жаппай
жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының
нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып,
рухани запа шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек
әлеуметтік қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы
қайшылықтарды да асқындыра түседі. Жұмыстан айрылу еңбекшілер үшін нағыз
қасіретке айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен
қайыршылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық күйзеліске,
өздерін өздері қандай қыруға, қылмыстың, маскүнемдік пен наша шегудің
құжылап көбеюіне душар етуде.
Жұмыссыздықтың тауқыметін тек оған душар болған еңбекшілер, ғана
тартып қоймайды. Бүкіл жұмысшы тобының халі мүшкілге айналады.
Еңбекшілердің қалың тобы арасында ертеңгі күнге деген сенімділік өрбіп,
келешектен қорқып-үрку сезімі пайда болады.
Осы заманғы жұмыссыздықты – оның құрамы мен сұрапыл өсу себептерін,
еңбекшілердің жағдайына тигізетін әсерін мемлекеттің еңбекке араласуды
реттеу әдістерін және жұмысшы тобының еңбек ету правосы жолындағы күресті
өрістету тәсілдерін практикалық, теориялық және тәжірибе жүзінде дәріттету
қажет.
Қазір дүние жүзі елдерінің халықаралық жағдайды асқындыруына
байланысты жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы, жанталаса қаруланудың
еңбекке араласуға әсері, жөніндегі мәселелер ерекше маңызға ие болып отыр.
Ақыр аяғында, жұмысшы тобының жалпы білімі мен мамандық дәрежесінің артуы,
оның қажеттерінің өсіп, түрлерінің өзгеруі еңбекке араласудың сан
мөлшерінің ғана емес, сонымен бірге сапа белгілерінің де маңызды роль
атқаратынын анықтайды.
Кескілескен идеологиялық күрестің түйініне айналып, отырған осы
мәселелерге талдау жасау еңбекке араласу мен жұмыссыздықтың теорияларын
сынау үшін қажет. Ал бұл теориялар қоғамның дамуындағы жаңа құбылыстарды
тануда дәрменсіздік көрсетіп отыр. Мұндай талдау жұмыссыздық үшін күнәні
жұмысшылардың өздеріне аударуға тырысушы үлкен бизнестің насихаттық
ақпараттарының екі жүзділігін, сондай-ақ бюджет қаржыларын үнемдеуді,
инфляцияны тежеуді желеу еткен үкіметтің сұрқиялығы мен өтірігін
әшкерлейді.
Экономикалық дағдарыс та, тағы да жұмыстан босату қаупі де
еңбекшілердің жаппай бас көтеруін тежей алмады. Мұнда жұмыссыздыққа қарсы,
еңбек ету правосы үшін күрес шешуші орындардың біріне ие болуда. Жұмыстан
босатуға қарсы бас көтерулер көбіне өндіріске қоғамдық бақылау жасау және
басқару ісіне қатысу жолындағы күреске ұласады. Еңбек ресурстарын
пайдалануды жақсарту үшін ішінара, жартылай шаралардың жетімсіз екенін
жұмысшы табы барған сайын сезінуде. Еңбекке араласу мен жұмыссыздық
мәселелерін тек түбірлі әлеуметтік–экономикалық өзгерістер жолымен ғана
шешуге болатынын еңбекшілердің қалың тобы жете түсінуде.

І. Жұмыссыздық және оның себептері

Жалпы жұмыссыздық термині бірінші рет 1911 жылы Ұлыбритания
энциклопедиясында 1915 жылы АҚШ-ң Минтруд есеп-де қолданған. Қазіргі кезде
жұмыссыздық дүние жүзінің барлық елдерінде әр түрлі формада, көлемде,
ұзақтықта қатысуда.
Елдегі еңбекке жарамды халықтың қоғамдың өндірісте тұрақты қатысуы. Ол
әр бір елдің сақтандыруды қамсыздандыруы ең негізгі факторлардың бірі болып
табылады.
Әміршіл-әкімшіл экономикадан рыноктік бағдарға ауысуы көптеген
жұмысшылардың жұмысынан айырылуына әкеп соғады. Рыноктік қатынастардың
дамуы кәсіпкершіліктің қаупі өндірістік сферадан еңбек, жұмысбастылықтан
туындайды. Яғни рынокке ауысудан жұмыссыздықтың, мәні – объективтік
процесс, ал басқа жағынан – қоғам, ол жұмыссыздық табиғи деңгейін
сақтандырудың ұйғарымды шегін талап етеді. Оның осы қоғамдық шектен шығуы
өткір проблема туғызады.
Жалпы жұмыссыздықты түсіндіруді бүгінгі кезде қарабайыр деп атауға
болады: бұдан еңбектегі баға мен еңбекке ұсыныстың өзара қарым-қатынасы деп
айтуға болады. Жалақының төмендеуі еңбекке деген сұранысқа жағдай жасайды
және де осыдан жұмысбастылық; жалақы өсімі еңбекке деген ұсынысты
көбейтеді, бірақ сұраныс өсімін тоқтатады. Жұмыссыздың себептерін талдауды
көптеген экономикалық мектептер береді. Ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру
туралы ағылшын экономисті Т. Мальтустың Халықтың өсу тәжірибесі еңбегінде
көрсетілген. Мальтустың айтуы бойынша жұмыссыздық демографиялық себептерге
әкеліп соғады, соның нәтижесінде халықтың өсуі қарқыны өнідірістің өсу
қарқынынан асып түседі.
Ал Марксистік әдебиетте Мальтустың теориясын тұрпайы және
дәрменсіздік деп қарап тұрақты дәстүр қалыптасқан. Мұнда айтылады:
жұмыссыздың түп негізін өзінен іздеу емес, оны дәл экономикалық шаруашылық
жүйеден іздеу керек дейді.
Жалпы К. Маркс жұмыссыздықты өзінің Капитал еңбегінде зерттеп
қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының
көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай
Марксті сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан
еңбекке деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері
көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне
сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады, немесе ең болмаса қысқарады,
капитал жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен (нақтаудан одан әрмен)
болады.
Бұл жұмыссыздықтың түсіндіруін толық деп санауға болмайды. Маркс және
де басқа себептеріне болжам жасады.
Рыноктік шаруашылықтың дамуы, оны өркендеген рыноктік шаруашылықтың
серігі жасайды.
Экономикалық циклдің дамуынан жұмыссыздықты тұжырымдау Маркстен кейін
экономикалық теорияда тұрақты дәстүр болып қалыптасты. Егер, экономика
циклдік дамыса, өсу мен кему шаруашылық дамуымен келіссе, бұдан жұмысшы
күшін босату және өндірісті тоқтату деп тұжырымдайды, жұмыссыздық армиясы
көбейеді.

1. Жұмыссыздық және оның әлеуметтiк - экономикалық мәнi

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшiн көптеген әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердi өзiмен алып келедi. Жеке адам үшiн ол өндiрiстен кету деген
сөз, қызметкер еңбек табысы көзiнен айырылып, көтерiңкi психикалық жүк
көтередi. Ал қоғам үшiн ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы
жойылады, қоғамның әлеуметтiк жiктелуi күшейедi, жастарға байланысты
мәселелер асқынады және т.б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетiн
кемшiлiктердi басып кетуi шүбәлi болып келедi. Сонымен қатар бұл құбылыстың
кемшiлiктерiн бiржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға
жұмыссыздықтың табиғи деңгейi тән, жұмыс күшiнiң белгiлi резервi әрқашан да
болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальдi
қызметiне қажеттiлiгi бар деуге болады.
Жұмыссыздық мәселелерi көптен берi зерттелуде, бiрақ жұмыссыз қатарына
кiмдi жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткiштерi, жұмыссыздық деңгейiне әсер
ететiн факторлар және т.б. сұрақтар осы уақытқа дейiн талқыланып жатыр.
Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленiсе түстi, өйткенi экономикалық
дағдарыс және әлеуметтiк еңбек қатынастары күрт өзгеруiне байланысты адам
қылықтарына өзгешелiктер ендi.
Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған
келесiдей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам – ол қазiргi жалақы мен
еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бiрақ жұмыс iстей алатын және жұмыс iздеп
жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты – экономикалық белсендi халықтың бiр
бөлiгiн жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құблыс деп бiлемiз. Халықаралық
еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетiн жұмысы жоқ,
жұмыс iстеуге дайын және соңғы төрт ай iшiнде жұмысты әр жолмен iздеген
адам танылады.
Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны (U) экономикадағы
белсендi халық санына (L) бөлу арқылы табады және пайызбен көрсетiледi.
u = U L = U U+E
Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс
және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп
есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек рыногының тепе-теңдiгiнiң орын
алуы сирек кездеседi. Еңбек рыногының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы
қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес
экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай
дегендi бiлдiредi.
Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып
отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi
орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе
(жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада
тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.
Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге
болады. Сурет-1.

Жұмыссыздық NS
W1 A B

E
WE

Nd

Na NE Nb N

Сурет-1 – Еңбек рыногындағы тепе-теңдiк

Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы Nd мен еңбек ұсынысы
қисығы NS қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы
тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес WE нақты
жалақының және NE жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер
жалақы W1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк
нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi,
осының нәтижесiнде Nb- Na мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.
Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс
сәйкессiздiгiнен пайда болатын еңбек рыногының бөлiнбес элементi. Жұмысшы
күшi болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бiрнеше
категорияға бөлiнедi.
Еңбекке қабiлеттi адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек
етуге қабiлеттi адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлiнуi
олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс
iстеуiне байланысты жүргiзiледi. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет
ететiндерге мемлекеттiк әскер, полиция, мемлекеттiк аппарат және т.б.
институттар кiредi.
Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ
жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күнi толық
емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшiне
жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.
Жұмысшы күшi құрамына кiрмейтiндер өзара жеке категория болып
табылады. Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс iстеу талабы жоқ адамдар жатады.
Сондай-ақ жұмыс iстегiсi келетiн, бiрақ әр түрлi себептермен жұмыс iстеуден
күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл категориясы жұмыссыздарға кiрмейтiн
адамдарға жатады.
Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесi көрсеткiштер арқылы
сипатталады:
• Институционалдық емес адамдар;
• Жұмыс iстеушiлiердiң саны;
• Жұмыссыздар саны;
• Жұмысшы күшiнiң құрамына кiрмейтiн адамдардың саны.
Осы көрсеткiштердiң арасында өзара келесiдей байланыс бар:
• Жұмысшы күшiнiң саны ЧРС = ЧЗ+ЧБ;
• Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесi ЧЗ = ЧЗЧИН;
• Халықтың жұмыссыздық дәрежесi УБ = ЧБ (ЧЗ+ЧБ);
• Жұмыссыздықтың нормасы NБ = ЧБ (ЧЗ+ЧБ) * 100%;
Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткiштердiң дәрежесi мен динамикасы
бiрнеше факторларға тәуелдi, оларға демографиялық, жастық және жыныстық,
этникалық, халықтың әлеуметтiк құрамы, жекелеген аймақ пен салалардағы
еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
Жұмыссыздықтың дәрежесiн батыс статистикасы қолданатын
көрсеткiштермен айқындауға болады, яғни жұмыссыздықтың таратылуы мен
мерзiмiнiң ұзақтылығын. Жұмыссыздықтың таратылуының көрсеткiшi жұмысшы
күшiнiң жұмыссызданған бөлiгiн сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық
мерзiмiнiң көрсеткiшi бар болған жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын
сипаттайды.
Батыс экономистерiнiң көбiсi рыноктық жағдайда жұмыссыздықтың белгiлi
бiр дәрежесiн болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж.Кейнс амалсыз
жұмыссыздықтың түсiнiгiн жиынтық сұраныстың бейiмдiлiгiнiң жеткiлiксiз
екендiгiнен болады деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, толық жұмыспен қамтылу
тиiмдi сұраныстың қосымша кеңеюiне байланысты жұмысшылардың санының
өзгермеген жағдайы болып табылады. Тиiмдi сұраныстың әрi қарай өсiмi тек
таза инфляциялық өсiм болады. Осындай кезде амалсыз жұмыссыздық нолге тең.
Кейбiр экономистер жұмыссыздықты еңбек рыногының икемдiлiгiнiң
көрсеткiшi деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықтың табиғи дәрежесi туралы
айтылады. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатындығына
байланысты сипатталады. Негiзгi экономикалық ресурс жұмысбастылықты
қолдайтын жұмыс күшi болады, бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Табиғи жұмыссыздық деңгейi - бұл жұмыс iстеудi қалайтындардың жалпы
санының iшiнде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткiшi.
Статистикалық деректерде әрбiр адам үш түрлi санаттың бiреуiне жатады.
Оларға: жұмыс iстейтiн, жұмыссыз және жұмыс күшiне кiрмейтiндер. Жұмыс
iстейтiн адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы
жұмыс iстейтiндер осы топқа кiредi. Егерде азамат жаңа жұмысқа кiрудi күтiп
жұмыс iстемесе және жұмыстан уақытша босатылса немесе жұмыс iздеп жүрсе
онда ол жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екi санатқа жатпайтын адамдар
(студенттер және үй шаруашылығындағы әйелдер) жұмыс күшi құрамына кiрмейдi,
iздемейдi және жаңа жұмысқа кiрудi күтпейдi.
Жұмыс күшi – жұмыссыздар мен жұмыс iстейтiндердiң жиынтығы, ал
жұмыссыздық деңгейi – бұл жұмыс күшiнiң жалпы санындағы жұмыссыздардың
пайыз түрiнде анықталуы.
Сондай-ақ экономиканың еңбек рыногында экономикалық активтi халық
деген негiзi ұғым қолданылады. Ол дегенiмiз еңбек рыногында еңбек жасына
келген және еңбекке қабiлеттi, жұмыс iстегiсi келетiн адамдар саны.
Мысалы, елiмiзде 2000 жылдан бастап экоонмикалық активтi халықтың
саны күннен-күнге өсуде, оған себепшi болып отырған экономиканың
тұрақтануы, өндiрiс орындарының ашылуы, жалақының жоғарлап, оның тұрақты
болуы, халықтың бiлiм және мамандану деңгейiнiң өсуi, демографиялық өсуге
бет алғанымыз және т.б. жағдайлар себеп болып отыр.
Экономикалық активтi халықтың өсу динамикасын келесi 2-шi суреттен
көруге болады.
Биылғы 2004 жылы экономикалық активтi халық 7,9 млн. адамға жеттi,
өткен жылмен салыстырғанда 13,4% өстi, солардың iшiнде жұмыспен
қамтылғандары 7,2 млн. адам.
Суреттен көрiп отырғанымыздай, елiмiзде соңғы жылдары жыл санап
өндiрiстiң дамуымен және шаруашылық құрылымдарының саны өсуiмен
экономикалық активтi халық өсуде, ал оның есесiне елiмiзде жұмыссыздықдың
деңгейi жылдан - жылға кемуде.

Сурет-2 – Экономикалық активтi халық

Сондай-ақ экономикалық активтi халықтардың жұмыспен қамтылу дәрежесiн
келесi 3-шi суреттен көруге болады.



















Сурет-3 – Жұмыспен қамтылған халық
3-шi суреттен көрiп отырғанымыздай елiмiздiң экономикасының өсуiне
байланысты, активтi халықтар iшiндегi жұмыспен қамтылған халықтың саны
өсiп, жұмыссыздық деңгейiнiң азаюына себеп болуда.

1.2. Жалпы жұмыссыздықтың пайда болу теориялары

Ағылшын экономисті А. Пигу Жұмыссыздық теориясында мынадай тезис
дәлелдеді, - еңбек рыногында бәсекелестік жүреді. Бұл, еңбекке бағаның
көтерілуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша
кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман
өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі
нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады.
Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:
Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен
жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай
деп қарастырған: Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай
жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз. Және де
статистикада да қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық
армиясына қосылуы, толуы дегенді растайды.
Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан кездейсоқ
ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті
болған 30-жылдардағы дағдарыс туғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен
ағылшын экономисі Д. Кейнс капиталзим тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта
болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен
тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігімен байланыстырады. Бұл
ретте Д. Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей,
кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне,
айырбас қатынастарына баса назар аударады. Кейнстің пікірінше, жиынтық
сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы жұмыспен толық қамтамасыз етуге
болады.
Соғыстан кейінгі жылдарда Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының
түрлі жақтарын соның ішінде жұмыссыздыққа және оның бағасының
серпінділігімен өзара байланысына қатысты жақтарын дамытып, толықтыра
түсті. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға дәрежесінің өзгеруі және екінші
жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі арасындағы олар (арасындағы)
анықтаған кері тәуелділік сұранымның молшылығы жөніндегі Кейнстің
теорияның рухында түсіндіріледі.
70-жылдардағы экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық
құрылымдық дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай
жұмыссыздықпен ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің,
сондай-ақ соғыстан кейін оны теориялық негіз ретінде пайдаланған
мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да негізсіз екенін ашып
көрсетті.
Қазіргі кезде де нәрсе даусыз болып қала береді – дүние жүзілік
экономиканың дамуындағы қазіргі тенденциялар сақталып отырғанда жаппай
жұмыссыздық проблемасы бұрынғысынан да көбірек асқынып түсіп, әлеуметтік
шиеленістің одан әрі күшеюінің көзі болады.

1.3. Жұмыссыздықтың түрлері, классификациясы

Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың
негізінде рыноктік бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының
қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны
болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты
көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы
төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-
теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген
сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін
қарастырады; ерекше бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік және де
жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделуі,
оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан фрикциондық
жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.
Құрылымдық жұмыссыздық жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығы
салалардың дамуы ерекшеліктерімен байланысты. Экономиканың бір секторындағы
немесе аймақтағы жұмысшы күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз
болуымен қатар жүреді.
Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады.
Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.
Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның
табиғи деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді.
Циклдың факторлар жұмыссыздықты табиғи деңгейден жоғарылатады.
Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп айтылады. Мысалға айтсақ, Америка
Құрама Штатында ХХ ғасырдың 90-жылдарында 6-7% болса, жалпы жұмыссыздардың
табиғи деңгейі, ал басқа экономикасы дамыған елдерде ол біршама төмен.
Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің
сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең
емес экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де
демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер
етеді.
Жалпы ең негізгі жұмыссыздық – фрикциондық, құрылымдық, циклдық болып
келеді.
Жалпы жұмыссыз деп статистикалық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ
жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар
жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын
нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын
функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институционалды,
ерікті, жасырын тағы басқа.
- Жасырын жұмыссыздыққа толық жұмыс күні бойы еңбектенбейтін және де
жұмыс күндер үзіп, жәрдем ақшаға құқын жоғалтып еңбек барысында тіркелуді
қойған адамдар жатады. Және де, өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық
жұмыскерлерді қолданған жағдайда болады. Шын мәнінде олардың жұмысын аз
ғана жұмыс күнімен орындауға болады.
- Институционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан,
ұсыныспен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.
- ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі
келмейтін адамдар жатады.
- маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін
кәсіпорындарда қалыптасады.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСI

2.1 Жұмыссыздық формалары және оның экономикаға тигiзер әсерлерi

Ұлттық экономика дамуында, оның экономикалық құрылымы және елдегi
әлеуметтiк, жалпы қоғамдық жағдайларға байланысты жұмыссыздықтың бiрнеше
формалары болады. Олардың еңбек рыногындағы үлесiне байланысты экономика
дамуына тигiзер әсерлерi де әр түрлi болып келедi. Ендi оларға жеке-жеке
тоқталып өтейiк.
Уақытша жұмыссыздық. Кейбiр адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет
түрлерiн таңдау мүмкiншiлiктерi бар кезде “жұмысаралық” жағдайда қалады.
Кейбiреулерiн жұмыстан шығарып жiберiп, олар басқа жұмыс орнын iздеу
үстiнде болады. Ал басқалары тұрақты жұмыс орнын жоғалтқандықтан уақытша
жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа-райы жағдайы). Сонымен
қатар еңбек рыногында жастар арасында алғаш рет жұмыс iздеп жүргендер де
уақытша жұмыссыздардың қатарына қосалыды.
Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан
жұмысына қайтып орналасқанда олардың орнын басқа жұмыссыздар басып отырады.
Сондықтан, еңбек рыногында әр түрлi себептермен жұмыссыз қалған адамдар
санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық түрi сақтала бередi. Осы жұмыс
орнын iздеп жүрген және жұмысқа орналасуын күтiп отырған еңбекке қабiлеттi
адамдарды экономистер “уақытша жұмыссыздар” деп атайды. Уақытша жұмыссыздар
еңбек рыногына ұсынатын бiлiмдерi мен еңбек қабiлеттерi бар деп
есептелiнедi. Уақытша жұмыссыздық мiндеттi және ерiктi болып бөлiнедi.
Жұмысшылардың көпшiлiгi жұмысаралық жағдайға өз еркiмен түседi, олар -
өздерiнiң төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстыру
ынтасымен орын алады. Бұл әлеуметтiк тұрғыдан жұмысшылардың өздерiне ұлкен
табыс әкеледi және еңбек рысурстарының қоғамда ұтымды пайдасын арттыру
дегендi бiлдiредi. Яғни, бұл жалпы экономикадағы нақты өндiрiс көлемiнiң
ұлғайтып, жұмыс орындарының көбеюiмен байланысты. Жалпы еңбек рыногында
уақытша жұмыссыздықтың орта мерзiмi 1 айдан 3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа институционалдық Экономикалық теория
Институционалдық экономика
ФИРМА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Тұтынушылық несие
Тұтынушылық сұраныс және жарнама
Саяси мәдениет - әлеуметтік институт ретінде
Жұмысшы күш категориялары
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер
Әлуеметтік институттар туралы қоғамдық пікірлер
Пәндер