Дүниежүзілік сауданың құрылымы мен түрлері


Жоспары
Кіріспе3
1бөлім. Дүниежүзілік сауданың құрылымы мен түрлері5
1. 1. Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі. 7
1. 2. Сауда бостандығы және протекционализм. . 11
2 бөлiм. Қазақстан Республикасының экономикасындағы сыртқы сауда ……. 14
2. 1. ҚР сыртқы сауда айналымы . . . 18
2. 2. ҚР сыртқы сауда жүргізудегі негізгі проблемалары . . . 22
2. 3. Дүниежүзiлiк сауда ұйымы мен Қазақстан . . . 23
Қорытынды . . . 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі28
Кіріспе
Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымы - әлемде ең ірі глобальды ұйымдардың бірі. Бұл ұйым тәуелсіз мемлекеттерге көп мүмкіндіктер береді. Тәуелсіз мемлекеттер нарығының негізгі компоненті, халықаралық сауда жүйесіндегі интеграцияны дамыту. Бұл елдерге, өздерінің даму стратегияларын құру мен көптеген құқықтар беріледі.
Бүгінгі таңда БСҰ-ға кіру мәселесі өте өзекті, барлық дамыған елдер бұл ұйымға кіреді, біз де осыған тырысуымыз керек. Өзіміздің экономикамызды халықаралық деңгейге көтеру, Қазақстан өнімдерін әлемдік нарыққа шығару, халық табысын көтеру үшін мемлекет БСҰ-ға кіру керек.
Айта кететiн жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерiнiң арақатынасындағы стиль де өзгердi. Қазақстан ТМД елдерi мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзiнде белгiленген сауда-құқықтық негiздерiне, сауда және тариф жөнiндегi бас ассоциация ұйымының принциптерiне сүйенедi. Саудадағы әр түрлi лицензия түрiнде квота, баж салығы, т. б. кедергiлерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
ТМД шеңберінде бірінші қатарға еркін сауда аймағы - интеграцияның алғашқы сатысы қалыптасып, шыға бастады. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы да жемісті жұмыс істеуде. Достастық елдері 1998- жыл бойы 12 мемлекет шеңберінде еркін сауда аймағының перспективалары туралы таласумен жүргенде, бұлардың төртеуі еркін сауда аймағы пайдалы деген шешімге келген болатын. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның бірлескен мәлімдемесінде еркін сауда аймағын кезең-кезеңімен ортақ экономикалық кеңістік қалыптастырудың жанды тетігі ретінде бағаланады. Енді олар ортақ қызмет көрсету, тауарлар және капитал рыногын құратын болады.
Қазiргi кезде жалпы экономикалық бiрiгудiң әр түрлi жолдары бар екенi белгiлi болды: ТМД елдерiмен екi жақты келiсiмдер негiзiнде, көпжақты келiсiмдердi тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды iске қосу. (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) . Сыртқы сауданы либеризациялау және оның еркiн iс-әрекетiне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етедi.
Капитализм тұсында сыртқы сауданың қажеттiгi және оның өсуi мынадай факторларға байланысты болып отыр.
- Қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң және ұлттық мемлекеттердiң шекарасынан шығып кеткен тауар өндiрiсiнiң дамуы;
- Капиталистiк экономика дамуының әркелкiлiгi, осының салдарынан жедел дамып отырған салалар мен кәсiпорындардың өнiмдерiн өткiзу үшiн зат өткiзетiн қосымша рыноктар қажет болады;
- Неғұрлым көп тауар массаларын едәуiр қашықтыққа тасымалдауды экономикалық жағынан тиiмдi еткен транспорттағы техникалық прогресс т. б.
Сыртқы сауда, тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және тауарды басқа елдерден әкелуден импорттан құралады. Белгiлi кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады. Егер экспортталатын тауарлардың құны импортталатын тауарлардың құнынан асып кетсе, ел активтi сауда балансына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивтi сауда балансының жай-күйi сол елдiң дүниежүзiлiк рыноктағы бәсекелестiк қабiлеттiлiгiнiң белгiлi мағынада сол ел экономикасы жай-күйiнiң маңызды көрсеткiшi.
1 бөлім. Дүниежүзілік сауданың құрылымы мен түрері
Дүниежүзілік сауданың қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы-өңдеуші өнеркөсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына - 500 млрд доллар құрайды, ал жоғарғы технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке жақын. Машиналар мен жабдықтар саудасының да рөлі артып келеді. Осымен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға: инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты есептеу қызметтері жатады.
Инжиниринг - клиентке кәрсетілетін инженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны, немесе басқа шығындарды өтеуде жоғары нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг материалдық, технологиялық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді.
Лизинг - машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімге арендаға беру туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық деңгейде өнеркәсіп - банк монополияларының жалғасып (ұласып) кетуінің жаңа нысаны.
Консалтинг - жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру қызметі.
Соңғы онжыддықта (1996-2006 ж. ж. ) өнеркөсібі дамыған елдердің машиналар мен жабдықтар экспорты алты есе өсті. Әсіресе электротехникалық және электронды жабдықтарды экспорттау жедел қарқынмен дамып келеді, олардың үлесіне машинатехникалық өнімдері экспортының 25%-і тиеді.
Халықаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі-химиялық өнімдеу саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен, шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен. Мұның себебі: біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді үлғайтуды; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өңдеу процесін қолдану.
Дүниежүзілік азық-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғаны байқалады. Бұл белгілі дәрежеде өнеркөсібі дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты.
Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша, соңғы онжылдықта (1996-2006ж) халықаралық сауда жыл сайын орта есеппен 5, 2%-ке өскен. Бірақ мұншалықты өсу барлық уақытта бірдей емес. Мысалы, 2000 жылы халықаралық сауданың өсуі 8, 2% болса, 2003 жылы 4%-ке дейін төмендеген. Мұның басты себебі: өнеркесібі дамыған елдерде байқалған экономикалық тоқырау. Ал, дәл осы кезеңце азиялық " жаңа индустриалды елдерде " сыртқы сауда қарқыны 10%-н асқан. 2004 жылы халықаралық сауданың көлемі 9, 5%-ке жоғарылап, осы жылдардың басындағы төмендеу тенденциясы тоқтаған.
Халықаралық сауданың 2000-2006 жылдардағы көлемі
Мұнай экспорттаушы елдердегі импорттардың
өсімі. %%
Дүниежүзілік сауданың 2000-шы жылдардың орта шенінде жедел өсуі, АҚШ-тың, Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық коньюнктурасының жақсарғаны да әсер етті. Егер сауда саласындағы кедергілер біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар нарығы жыл сайын орта есеппен 6%-ке өсері анық.
Дүниежізілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік . Бұл орайда бірқатар проблемалар да бой керсетеді. Олардың негізгісі - мемлекетаралық экономикалық топтар, сауда-экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы. Дүниежүзілік банктың есептеулеріне қарасақ бұл одақтардың шеңберіндегі 2000-шы жылдары дүниежүзілік сауданың 42%-ы жүзеге асырылған.
Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтары мынадай құрамды:
1. Еуропалық Одақ - Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
2. Еуропалық еркін сауда ассоциациясы - Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.
3. Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім - АҚШ, Канада, Мексика.
4. Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы - Австралия, Бруней, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия, Филиппин, Тайвань, Гонконг, Жапония, Оңгүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили.
5. " Меркосур "- Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай.
6. Оңтүстік Африкалық даму комитеті - Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве.
7. Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одақ -Кот'д Ивуар, Буркина-фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.
8. Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымақтастық асоциациясы - Индия, Пакистан, Шриланка, Бангладеш, Мальдив, Бутан, Непал.
9. Анд пакті - Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия. Аталған Одақтастықтарды құрудың негізінде саяси, экономикалық, тарихи мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі, бір жағынан, халықаралық сауданың дамуына әсер етеді, екінші жағынан кез келген жабдық құрылымдарға тән бірқатар кедергілер де болады.
Біртұтас әлемдік нарықтар жүйесін қалыптастыру бағытыңца әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылықтар бар. Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сауда-экономикалық одақтастарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды ескере отырып, проблемалардың оңтайлы шешімін іздестіру үстінде.
1. 1. Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі
Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ-на және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, овда біз мынадай оң қүбылыстарды байқар едік:
І. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995-ші жылы теңге доллармен салыстырғанда 28, 8% темендеген болса, 1996 жылы 4, 5% қана төмендеді.
2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктың қайта құру ставкасы, егер 1995 жылдың ортасында 75% болса, сол жылдың аяғында 52, 2%, ал 1996 жылы 30% болды.
3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім 1996-шы жылы бірінші жарты жылында 1995-ші жылдың сол кезеңімен салыстырғавда- 100, 1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі-100, 2% болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өнірістің құлдырауы тоқтатылып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.
4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154, 5% болса, кейінгі жыддары да едәуір өседі деп күтілуде.
Қазіргі кезде Қазақставда қолданылып отырған сыртқы сауда режіміне баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік нарықтағы бәсеке бағытында, елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр. Солардың ішінде:
- облыстардың лицензиялар берген құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
- барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әр түрлі нысанындағы кез-келген көсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;
- экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре берумен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.
Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркөсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндеттері түр.
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспортгық потенциалын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатыңдығын ескерсек, олардың экономикалық гиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның осы замандағы басты ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарыңда бірдей болуы.
Қазақстанда дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады. Экономиканың, шикізаттың бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.
Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ, АҚШ "таргетинг" дегенді пайдаланушы елдерге қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.
Таргетинг - экспорпық потенциалды, негізінде бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру. 1997 жылдың басында Мәскеуде, Интеграциялық комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру меселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурда өткен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (БСҰ) мүше мемлекеттер министрлерінің конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. Бұл форумның мақсаты - БСҰ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер жөніндегі міндеттемелерін орындауын қарау, беделді халықаралық сауда ұйымы қызметінің жұмыс бағдарламасына шолу жасау, д үниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады.
1996 жылы Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өкіметтері делегацияларының БСҰ-ға кіру мәселелері жөніндегі жұмысының қорытындылары, олардың осы бағытта қазір жүргізіп отырған қызметінің жоспарлары қаралды.
" Төрттік " елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Кеден одағына қатысушылардың БСҰ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны, сондықтан ұзақ уақытқа созылатыны айтылды.
Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.
Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері-өндірістік бірлестіктер мен көсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.
ХЭҚ-тің негізгі нысаны - халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.
Соңғы онжылдықтарды ғылыми-техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беру, консультациялық қызмет кәрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді.
Өндірістің интернационалдануы өндіргіш күштердің қызметін кеңейтумен қатар өндірістік қатынастарды да жетіддіреді. Экономикалық интернационалдану халықаралық өндірістік қатынастармен мейлінше жақывдастырады.
Дүниежүзілік шаруашылық - ХЭҚ-тің объективті негізі және маңызды бөлігі . ХЭҚ дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты ХЭҚ-тің да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады.
XX ғасырдың бас кезінде дүниежүзілік шаруашылық экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағыңдыру, күштеу саясатына негізделді. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың нарықтық және халықаралық еңбек бөлінісінің принциптеріне негізделген интернационалдық бағыттағы шаруашылық бейнесіне ие болып отыр.
Интернационалдану дегеніміз: халықаралық еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік-экономикалық байланыстарды қалыптастыру.
ХЭҚ-тің дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтықтауар айналысы. Дүниежүзілк сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өвдеуш өнеркөсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыиымды Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатгы жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдаилармен есептесіп, өз бағьгг-бағдарын соларға сәйкестевдіре анықтауы керек.
Халықаралык нарық қазіргі жағдайда үш негізгі бағытты құрайды:
- тауар мен қызмет көрсету (ақпарат нарығын қосқанда) ;
- жұмыс күші;
- қарыз капиталы.
Халықаралык нарықта тауарлар интернационалдық құнның негізімен байланысып, ал орташа коғамдық қажетті интернационалды жұмыс уақыты шығынымен анықталады. Еддің өз ішінде ендірушілер көп шығындар жұмсай отырып, пайданы орташа мөлшерден аз табады. Ал өте аз шығындар жұмысындағы - қосымша пайда табады. Халықаралық нарықта да өндірушілер жағдайды осылай кімнің шығындары орташа интернационалдық деңгейден төмен болса соғұрлым өз тауарын экспорттаудан ете жоғары табыс табады.
Дүниежүзілік кауымдастық талабына сай калыптасқан, сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісім (ГАТТ) бар. Бұл келісім 1948 жылы қаңтардың 1-де күшіне еніп, алғашында дамыған елдердің өзара өнеркәсіп тауарларын саудалауда кедендік кедергілерді жоюын мақсат етіп және сауда саттық шектеулерді алып тастады. Кейінірек келісім басқа да дамымаған елдерге таратылды. Ол елдер шикізат енімдерін өндіріп ұсынудың басты тұлғасы болып отыр. Басты өнім - мұнай және халықаралық нарыққа азық-түлік шығару болып тұр.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдердің позициясын нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі, казіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің жалпы тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқартты. FTP сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырды. Оларға: техникалық білім, техникалық іс-тәжірибе, технологиялық процесс пен лицензия мен патенттер жатады.
Сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісім (ГАТТ) 1948 жылы 1-ші қаңтардан халықаралык сауданың бейтарап дамуына ықпал жасады. Алайда монополиялану деңгейі әлі жоғары емес, себебі дүниежүзілік экспорт пен импорттың жүзден бір бөлігін трансұлттық корпорация (ТҮК) жүзеге асырып оның едәуір бөлігін монополиялап алған. Американың «Бизнес интернэшнл» зерттеу фирмасының «Корпорация жоғарғы және 1985 жылғы дүниежүзілік нарық» деген баяндамасыңца: « Корпорацияның жұмыс жасауындағы негізгі принцип мынау: дүниежүзін өз нарығы ретінде қарап, олар өндірісті ұйымдастыруды және орналастыруды, сондай-ақ өнімді еткізуді жүзеге асырды. Корпорацияның ұлттық саяси шекараға мән бермейтіні сондай, уақыт пен орын қаншалықты қажет етсе соншалықты жұмыс атқара береді ».
Сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісіммен (ГАТТ) басқа дұниежүзілік қауымдастықта экспорттық бақылаудың (1942-ші жылдан) халықаралық координациялық комитеті бар (штаб пәтері Парижде) . Бұл комитетті құрудың басты инициаторы АҚШ болды. Батыс елдері озық техника мен технологияны сатуға бақылау жасау үшін шешім қабылдады.
1. 2. Сауда бостандығы және протекционализм.
Әлемдік шаруашылықта экономикалық қатынастардың ерекше формасы - әлемдік сауда қарқынды және ірі масштабта дамып келеді. Бұвда сатып алушылар мен сатушылар рөлін тек мемлекеттік ұйымдар ғана емес, жеке тұлғалар, жеке акционерлік және кооперативтік көсіпорындар да атқарады. Елге келетін (импорт) және елден шығаратын (экспорт) тауарлар елдің сыртқы-саудалық тауар айналымын құрайды.
Белгілі бір мезгілдегі импорт және экспорттың айырымы сауда балансының сальдосын құрады. Егер экспорт импорттан артық болса, сальдо активтік, оң болады, экспорт импорттан кем болса, сальдо пассивтік, теріс болады. Осы жағдайда пассивтік сальдо алтынмен, немесе, еркін айналатын (конвертацияланатын) валютамен өтеледі.
Құрылымы бойынша өлемдік нарыққа тауарлар, еңбек, капиталдар сонымен қатар, ҒТП жетістіктерінің нарықтары жатады. Территориялық-географиялық әлем нарығы аймақтық және континенталдық секторларға бөлінеді.
Әлемдік нарықта сауданы табысты жүргізу үшін экспорттық ресурстар, импортты өтейтін құралдар болу керек, сонымен қатар, тауарларды өңдірушіден басқа елдегі түтынушыға жеткізуді қамта-масыз ететін жүйе - езіңдік сыртқы сауда инфрақұрылымы болу керек. Бұған сыртқы сауданың материалдық-техникалық базасы жатады - бүгінгі күнгі құралдармен жабдықталғаң жүк тиеу, жүк түсіру және оны сорт-сорт етіп айыратын саймандар, көлік құрал-дары, байланыс құралдары болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz