Жұмыссыздық деңгейін анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
I тарау. Жұмыссыздық анықтамасы, себептері, салдары.
1.1. Жұмыссыздық сипаты және түрлері
1.2. Жұмыссыздық зардаптары, қықарту әдістері, жұмыссыздық деңгейін анықтау
1.3. Халықыралық жұмыс күші миграциясы

II тарау. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық
2.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық ерекшеліктері. Жұмыспен
қамтылғандар, қамтылмағандар және жұмыссыздар.
2.2. Қ.Р. жұмыссыздық пайда болуының себептері
2.3. Қ.Р. жұмыысыздық мәселесін шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылғын әдебиет
Қосымшалар

Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстандағы жұмыссыздардың үлесі 8,5%-ды құрайды. АҚШ-
та мұнай дағдарысы кезінде де жұмыссыздық деңгейі 9,4%-ға тең болған. Кеңес
Одағында 1989 жылғы халық санағы кезінде жұмыссыздар мен жұмыспен
қамтылмағандар 4,4%-ды құраған. Бұдан шығатын қорытынды: Қазақстан
Республикасында жұмыссыздық қауіпті деңгейге жеткен.
Берілген баяндаманың мақсаты – Қазақстандағы осы мәселенің
факторларына сай жобаланған макроэкономикалық талдаудың қолданылуымен
елдегі жұмыссыздық мәселесін зерттеу, жұмыссыздық мәселесін шешу,
Республикадағы еңбек нарығындағы дағдарыстан шығу жолдарын табу.
Бұл саладағы зерттеудің негізгі мәселелері болып табылады:
1). Мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың зерттеулеріндегі
елеулі келіспеушілік.
2). Еңбек және жұмыспен қамту нарығының дамымауы.
3). Халық пен үкіметтің бұл мәселеге парықсыздық танытуы.
4). Социалистік құрылым кезінде халықта қалыптасып қалған
менталитеттің ерекше үлгісі.
Дегенмен, бұл мәселені шешу жолдары бар және оларды табу үшін
жұмыссыздық мәселесін талдап, оның себептерін, қалай қалыптасқанын және
мұндай деңгейге қалай жеткенін анықтап алуымыз қажет.

I тарау. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері

1.1 Жұмыссыздық және оның түрлері
Жұмыссыздық - еңбек нарығының бөлімбес элементі болып табылады.
Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше
негізгі категорияларға бөлінеді. Еңбекке қабілетті адамдар – жасына және
денсаулығына қарай еңбек етуге қабілетті бар адамдар. Халықтың жекеленген
категорияларға бөліну олардың экономиканың нарықтық емес секторларында
жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі. Ересек адамдардың құрамынан нарықтық
емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдарды бөліп қарастыру
қажет. Нарықтық емеске – мемлекеттік әскер, полиця, мемлекеттік аппарат деп
аталатын институттары жатады. Жұмыспен айналысатын адамдардың қатарына
экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.
Жұмыссыз деп – жұмыс істей алатын, бірақ жұмыс орны жоқ адамдарды
айтамыз. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар жатады. Жұмысшы күшінің
құрамына кірмейтіндер бірнеше категорияларға бөлінеді. Осыларға жұмысшы
жоқтар, бірақ жұмыс іздеу талабына сәйкес келмейтіндер жатады. Осындай
адамдарға еңбек нарығында жұмыс іздеуге бейімділігі жоқ деп болжау
жасалады. Шынында, жұмыс істегісі келетін, бірақ әр түрлі себептермен жұмыс
іздеуден бас тартқан адамдар категориясы болады, бұл былайша айтқанда –
жұмыс табудан күдер үзген адамдар. Адамдардың осы категориясы жұмыссыздарға
кірмейтін адамдарға жатады.
Мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі
нысандарын тудыратын нақты факторларды қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан
алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрлымдық, циклдық
және тағы басқа.Осыларға толық тоқталайық.
Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан
болмасын, адамдардың бір жерден екіншіге, және бір кәсіп орнынан басқаға
жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер өздеріне
ұнайтын жұмыс орны, ал жалдаушылар белгілі квалификациясы бар жұмысшы күшін
табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың
негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар
вакансия туралы толық информация болмағанда немесе осы информация тым
қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан
болмасын белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа
жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1 айдан 3
айға дейін).
Маусымдық жұмыссыздық - ауыл шаруашылығының кейбір салаларынды,
әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде, жұмыс күші тек маусымдық кезеңде
қолданғанда болады. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп
тұрады.
Құрылымдық жұмыссыздық - экономикадағы құрылымдық өзгерістердің
нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасында профессионалдық-
квалификациялық және территориялық сәйкессіздік құрылымдық
жұмыссыздықтардың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы да
құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар
пайда болады. Капиталдар нарығына сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып
отырады. Осының нәтижесінде жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық
құрылымында өгерістер пайда боып, жұмысшы күшінің тұрақты түрде
территориялық және қалалық қайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір
секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған
жұмыскерлер, басқа саладағы бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған
жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондықпен салыстырғанда,
құрылымдық жұмыссыздықтың мезгілі ұзақ болады(6 айдан артық). Құрылымдық
жұмыссыздыққа әдетте төмен квалификациясы немесе ескерген мамандығы бар
жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың
халықтарын қамтиды.
Циклдық жұмыссыздық - бұның негізін экономикалық құлдыраумен және
сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығарылымы және жұмыспен
қамтудың көлемдері циклдық ауытқуларды құрайды. Циклдық жұмыссыздық
жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен және жұмысшы
күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.
Осымен қатар, нақты және жалған жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда,
адамның еңбекке қабілеті және ықылас болады, бірақ еңбек нарығындағы түрлі
жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екінші - әр түрлі себептермен
еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды. Жұмысыздық ашық және
жасырынды, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімдікке
– циклдық және құрылымдық,ал қысқа мерзімдікке – маусымдық және фрикциондық
жұмыссыздық жатады. Құрылымдық жұмыссыздықтың бір формасына технологиялық
жұмыссыздық жатады. Ол жаңа технология мен жаңа жабдықтар енгізуімен
байланысты және ол адамдардың жұмысын машинамен алмастырып, жұмыссыздықты
тудырады.
Еркін жұмысыздық - бұл жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің еңбек
нарығынан шығуы және әр түрлі себептермен “өз еркімен” жұмыссыздарға
айналуы (ұжымдық келісім-шартқа сәйкес немесе өзінің жұмыс күшінің қолайлы
еңбек шартын және жақсы төлем табуды көздеп). Осыдан басқа еңбек нарығын
талдап зерттегенде қайталанып келетін жұмыссыздықтың және жұмыс табудан
күдер үзіп, жұмысшы күші есебінен шығып кеткен адамдарды есепке алатын
тоқыраулық жұмыссыздық та болады. Батыс экономистері әдетте табиғи
жұмыссыздықты еңбек нарығындағы объективтік диспропорцияларды көрсететін
құрылымдық жұмыссыздық деп қарайды. Сонымен қатар, табиғи жұмыссыздыққа
фрикциондық және сезондық жұмыссыздықты жатқызады. Шынында жұмыссыздық
дәрежесінің оның табиғи нормасынан артып кетуі, экономикадағы құрылымдық
өзгерістермен байланысты,о ның циклмен дамуының ерекшеліктері көп
салалардағы өндірістің маусымдық сипатымен байланысты болады.
Қандай да болмасын, жұмыссыздық белгілі әлуметтік және экономикалық
прцнстермен байланысты болады. Қоғамның экономикалық шығындары өндірілмеген
тауарлар мен қызметтердің құнымен, мемлекеттік бюджетке салық төленетін
жәрдемақының өсуімен, еңбек, жұмыспен қамту және әлуметтік қорғау
органдарына жұмсалатын қаражаттар өлшенеді. Жұмыссыздық
әлуметтік–негативтік процестерді күшейтеді, қоғамдағы әлуметтік
қайшылықтарды шиеленістіреді.
Жаппай жұмыссыздық - әлеуметтік экономикалық мәселелердің ең ауырына
жатады және ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар
формаларына нақты қауіп төндіреді.
Егер жұмыссыздықтың нақты дәрежесі жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінен
артық болса, қоғам ЖҰӨ-ның белгілі бір бөлігінен айырылады.
АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген
зерттеулерінің мәліметі бойынша, қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке
жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері де бар екен. Батыс
елдердің мамандары жұмыссыздықтың нысандары 2 үлкен негізгі топқа бөледі:
1.жиындық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның
ішінде ең алдымен, циклдық жұмыссыздықты жатқызады;
2.жиынтық сұранымның өзгеруіне байланысты, оларға фрикциондық,
құрылымдық жұмыссыздықты жатқызады;
Еңбек нарығы жұмысшы күшінің қозғалып ауысуға икемділігінің жоғары
дәрежеде болуын, жұмыс іздеп оны алу мақсатымен бір аймақтан екіншіге еркін
жылжуын талап етеді. Әдетте миграцияның қозғаушы мативі – ол жоғарғы ақы
төленетін жұмыс табу үміті.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық
болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында, жасырын
жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 1992 жылы жасырын
жұмыссыздықтың ауқымы кеңейе түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айының
өзінде-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындардың 2000-нан астам
жұмыскерлері еңбектен босатылды , 25000 адам еріксіз демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздық зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі - ғылыми-техникалық
өрлеу түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс
саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді
көбейтеді. Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды
тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы
жүзеге асырылады.
Оның ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез
өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғарғы
еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы , 80-жылдары жұмыспен қамтуды
көбейтуде, өндірістік емес саласы АҚШ пен Жапонияда 80-90%, ал Европада
100% құрады.

1.2. Жұмыссыздық зардаптары

Кез келген әлеуметтік-экономикалық құбылыс секілді жұмыссыздықтың заңды
және кездейсоқ ерекшеліктері, мәндік және үстіртін сипаттары, жағымды және
жағымсыз жақтары бар.
Олардың қарқындылығы жұмыссыздықтың көлеміне, деңгейіне, аймақтық
ерекшелігіне, формасына байланысты. Еңбек нарығы теориясы мен практикалық
реттелуі тұрғысынан жұмыссыздықтың өсуінің жағымсыз әлеуметтік
зардаптарының талдануы қызығушылық тудырады, ол бұл зардаптарды алдын алу
шараларының сапасын арттыруға, радикалдық реформалардың әлееуметтік құнын
барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты талдау барысында келесідей
жағымсыз тенденцияларды байқауға болады:
1. Жұмыссыздық қоғамның экономикалық мүмкіндігінің толық
қолданылмауына әкеледі. Жұмыссыздар ұлттық экономиканың дамуына
қатыспайды, сондықтан да өндірісті мүмкіншіліктердің
қолданылмауынан шығындар орын алады.
2. Ұзаққа созылған жұмыссыздық кезінде босатылған жұмыскерлердің
біліктілігі төмендейді. Жаппай жұмыстан босату мен мамандар мен
ғылыми қызметкерлердің біліктілігі төмен жұмысқа көшуіне
байланысты әлеуметтік-экономикалық шығындар елеулі болады. Кейін
өндіріс процессіне қайта қосылған жағдайда да, жұмысшы шамамен
жарты жылдан кейін ғана еңбек өнімділігінің қалыпты, тұрақты
деңгейіне жетеді. Бейімделу кезеңі аяқталғанша жұмысшы тең
жағдайда өзімен біліктілігі бірдей жұмыс кадрларынан қалып қояды.
3. Жұмыссыздықтың өсуі өмір деңгейінің төмендеуіне, ол өз кезегінде
ұлттың психикалық денсаулығының нашарлауына әкеледі.
Жұмыссыздықты қоғамның шығындары деп бағалай отырып, экономикалық
тұрақсыздықтың келесі факторларын да атап өткен жөн:
• сатып алу сұранысының төмендеуі.
• сақтық қорлардың қысқаруы.
• инвестициялық сұраныстың төмендеуі.
• ұсыныстың қысқаруы, өндірістің төмендеуі.
4. Жұмыссыздар санының өсуі қылмыскерлер санының артуының қолайлы
факторы болып табылады. Жұмыссыздықтың 1%-ға өсуі қылмыстың 8%-ға
өсуіне әкеледі, тіркелген қылмыстың 38%-ын тұрақты табыс көзі жоқ
тұлғалар жасайды.
Сауалнаманың мәліметтері бойынша сұралғандардың 18%-ы жұмыссыздық
қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қиындатып, саяси тұрақсыздыққа әкеледі деп
санайды, ал 5,2%-ың пікірі бойынша жұмыссыздық жалақының, олай болса, еңбек
нарығындағы бәсекелестіктің төмендеуіне соқтырады.
Әйелдер мен еркектердің берген бағалары шамамен бірдей, алайда
әйелдерді өмір және біліктілік деңгейінің төмендеуі көбірек, әлеуметтік
және саяси тұрақсыздықтың артуы азырақ толғандырады.
АҚШ-та жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы орта жалақының 50%-ын,
Канадада – 60%-ын, Австралияда – 30-60%-ын, Бельгияда – 40-60%-ын құрайды.
Қазақстандағы әлеуметтік көмек туралы заңдарға сәйкес жұмыссыздар бір жыл
бойы орта жалақының 45-70%-ын алады.
Белгілі бір деңгейде жұмыссыздықтың жағымсыз жақтарымен қатар жағымды
аспектілері де болады:
1. Жұмыссыздар жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшінің резерві болып табылады,
өндірісті арттыру немесе құрылымдық өзгертулер кезінде оларды
қолдануға болады. Еліміздің тұрақты даму жолына түсуін халықтың
жұмыспен толығымен қамтылуы қиындатқан болатын. Жаңа құрылыстар,
цехтар жұмыс істей алмады, өйткені, жұмысшылар үшін өздері бұрыннан
істеген орындарда қалу оңай болатын. Капитал салымдары тоқтап,
еліміздің даму нәтижелілігі белгілі бір кезеңде төмендей бастады.
2. Жұмыссыздықтың болуы кәсіподақтардың жұмысының қарқындылығы мен
жалақыны өсіруге деген талаптарын арттырып, кәсіпкерліктің дамуына
итермелейді.
Алматы қаласында сұралғандардың:
• 75,2%-ы жұмыссыз статусының оларға жарайтынын, ол бос уақыттың
артуына әкелетінін атап өткен.
• 13%-ы жұмыссыздық жаңа мамандықты игеруге итермелейді деп
санайды. Сұралғандардың әрбір 7-шісі жұмыссыздықтың адам бойында
жауапкершілікті арттыратынына сенімді.
Айтылған себептерге байланысты шамалы жұмыссыздық (3-7%) нарықтық
экономиканың дамуының маңызды серігі болып табылады.

Жұмыссыздықты қысқарту әдістері

Жұмыссыздықтың пайда болуы түрлі себептерге байланысты, оны сол
себептердің әсерін азайтуға мүмкіндік жасайтын жағдай жасау арқылы
қысқартуға болады. Кез келген ел үшін жұмыссыздық деңгейін тиімді минимумға
дейін қысқартуға деген ынтасының қажеттілігі бірнеше себептерден туындайды.

Біріншіден, адам – ерекше тұрпаттағы экономикалық ресурс, оны заман
түзелгенше резервте ұстап тұра алмайсыз. Жоғалтылған жұмыс уақытын қалпына
келтіру мүмкін емес, оның үстіне, жұмыс істемей жүрген адам да өмір
игиліктерін күнелту минимумынан төмен емес деңгейде тұтыну мүмкіндігіне ие
болу керек. Сондықтан, қоғам жұмыссыздардың аштықтан өлуінен немесе
қылмыскерлерге айналуынан сақтау үшін қаражат іздеуге мәжбүр болуда. Бірақ,
бұл мақсатта жұмсалатын қаржы ел экономикасының дамуына әкелмейді.
Екіншіден, жұмыссыздықтың өсуі тауарға деген сұранысты азайтады; жалақы
алмайтын адамдар өздеріне аса қажетті тауарларды ғана тұтынады. Ол елдің
эконикалық жағдайын қиындатып, жұмыссыздықтың одан сайын артуына әкелуі
мүмкін. Бұл тұйық айналымға тірелу аса қауіпті - әрбір айналым сайын оны
үзу қиын.
Үшіншіден, жұмыссыздық елдегі саяси жағдайды күрделендіреді.
Қуаныштысы - жұмыссыздықты азайтуға болады. Ол үшін түрлі әдістер
қолданылады. Мысалы, жұмыссыздарды қайта оқыту, жеке кәсіпкерлікті
ынталандыру және т.б.
Жұмыссыздық мәселесін зерттей келе экономика ғылымы келесідей қорытындыға
келді: фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық – табиғи және елдің қалыпты
дамуына қауіп төндірмейтін құбылыстар. Керісінше, оларсыз мемлекеттің дамуы
мүмкін емес. Жұмыссыздықтың болуы адамдардың бойында жұмыс орнынан айрылу
қаупін тудырып, оларды сапалы және өнімді еңбек етуге итермелейді.
Сондықтан да, дамыған елдердің көбісінде халықтың жұмыспен толығымен
қамтылуы ұғымы фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздықтың болуы мен циклдық
жұмыссыздықтың болмауын білдіреді. Мұндай жағдайда елдегі жұмыссыздық
табиғи нормаға сай болады, табиғи норма әрбір елде әртүрлі есептеледі.
Қазақстандағы жұмыссыздықтың табиғи нормасының қандай екенін айта алмаймыз,
өйткені, бұл шаманы тәжірибелі түрде анықтау әлі алда. Бірақ, оны еліміздің
экономикасы дағдарыстан шығып, циклдық жұмыссыздық қысқара бастағанда ғана
жүзеге асыра аламыз.

Жұмыссыздық деңгейін анықтау

Жұмыссыздық деңгейін анықтауға қатыста даулар оны шын мәнінде
анықтаудың қиын болуымен шиеленіседі. Барлық халық үш үлкен топқа бөлінген.
Бірінші топқа 16 жасқа толмағандар және арнайы мекемелердегі – яғни, жұмыс
күшінің мүмкін компоненттері болып табылмайтын тұлғалар жатады. Екінші
топты жұмыс істейтін мүкіншілігі бар, бірақ белгілі бір себептермен жұмыс
істемейтін және жұмыс іздемей жүрген ересектер құрайды. Үшінші топ – жұмыс
күші, оған жұмыс істей алатын және істегісі келетін тұлғалар кіреді. Жұмыс
күші жұмыс істейтіндер мен жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздардан тұрады деп
саналады. Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күшіндегі жұмыссыздардың пайыздық
үлесі. Жұмыссыздық деңгейі келесі формуламен анықталады:

Жұмыссыздық деңгейі = (жұмыссыздықжұмыс күші) * 100%

Еңбек министрлігінің статистика басқармасы ай сайын шамамен 60 мың
жанұяны қамтитын сауалнама жүргізу арқылы жұмысшылар мен жұмыссыздар санын
анықтауға тырысады.
Жұмыссыздық деңгейін дәл анықтауға келесі факторлар кедергі жасайды:
- Толық емес жұмыс. Ресми статистикада толық емес жұмыс күніне
жұмысқа орналасқандар толығымен жұмыспен қамтылғандардың қатарына
жатқызылады. Оларды толығымен жұмыспен қамтылғандар деп есептеп,
ресми статистика жұмыссыздық деңгейінің көрсеткішін төмендетеді.
- Жұмыс табуға үміті жоқ жұмыссыздар. Жұмыс табуға үміті жоқ
жұмыссыздарды жұмыссыздардың қатарына енгізбей ресми статистика
жұмыссыздық деңгейінің көрсеткішін төмендетеді.
- Жалған ақпарат. Кейбір жұмыссыздар жұмыс іздеп жүрміз деп жалған
ақпарат беруі мен көлеңкелі экономика жұмыссыздық деңгейінің
көрсеткішін жоғарылатуы мүмкін.
Жұмыссыздық деңгейі елдің экономикалық жағдайының маңызды
көрсеткіштерінің бірі болып саналатындығымен, оны экономикамыздың
денсаулығының қатесіз барометрі деп атауға болмайды
1.3. Халықыралық жұмыс күші миграциясы
Халықыралық жұмыс күші миграциясы, яғни өмір сүру жағдайларын жақсарту
мақсатымен еңбекке қабілетті халықтың бір елден екінші елге ауысуы. Соңғы
он жыл ішінде ол жұмыссыздықтың басты себептерінің біріне айналып отыр.
Миграцияның себептері ірі жеке елдердегі қорлану процестерінің
біркелкі болмауынан, жалақы төлеудегі ұлттық айырмашылықтардан, сөйтіп
жекелеген елдерге салыстырмалы басы артық жұмыс күші пайда болып, ал басқа
бір елдерде жұмыс күшінің жетіспеуіне туындайды. Дәл осы салыстырмалы басы
артық халықаралық жұмыс күші миграцияның негізгі қайнар көзі болып
табылады. Халықаралық еңбек миграциясы дамығын елдерге қарағанда
экономикасы нашар дамыған елдердегі жұмысшылардың арзан еңбегін пайдалануға
негізделген. Бастапқыда халықыралық жұмыс күші миграциясы аса көп мөлшерде
Еуропадан АҚШ қа қарай ағылды, себебі жедел дамып келе жатқан капитализмге
жұмыс күші қажет болды. Қазіргі халықаралық миграцияның басты
заңдылықтарының бірі оның мөлшерінің тұрақты түрде көбеюі, бұл процеске
барлық елдердің еңбекшілерінің тартылуы. Бұл қазіргі дүниежүзілік
қоғамдастықтың әлеуметтік экономикалық өміріне тән құбылыс. 90 жж басындағы
дүниежүзілік капиталистік шаруашылықта 25 миллион мигрант еңбекшілер
болғанын еске алсақ қазіргі деректер бойынша, жалпы мигранттар саны бұдан
3-4 есе артық. Олардың жартысынан көбі дамушы елдерден келген және 23 і
өнеркәсібі дамыған елдерде орналасқан. Бірақ кейде дамыған елдердің жұмыс
күші де өзіндік сеептермен дамушы елдерге де қоныс аударады. Қазір осындай
дамушы елдің бірі - Қытай мемлекеті. Ол мемлекеттегі демографиялық
мәселелердің арқасынан туындаған жұмыс орнының жетіспеушілігінің салдары.
Қытай мемлекетінің жұмыс күші шекаралас мемлекеттерге (Ресей, Қазақстан)
қоныс аударады, Осы мемлекеттерде олар көбінесе қара жұмыспен айналысып,
сол жұмысты екі есе арзан жалақыға орындайды.
Халықыралық жұмыс күші миграциясының салыстырмалы жаңа түрі ғылыми
техникалық кадрлар миграциясы болып табылады. Өз мүмкіндіктерін толық
пайдалану үшін қолайлы жағдайлар және соған сәйкес жоғары өмір сүру
дәрежесін іздеген кадрлар АҚШ қа, Еуропаға қоныс аударады. Зиялылыр тарту
саясаты өнеркәсібі дамыған еледерге өте пайдалы бола тұрып, жас, дамушы
мемлекеттерді іс жүзінде әлсіретеді. Осы проблемемен кездескен жас
мемлекеттер қатарына біздің да еліміз жатады. Мысалға қарапайым дәрігер
мамандығын қарастыруға болады. Біздің республикамызда дәрігерлердің
жалақысы олардың қабілеттіктеріне, атқаратын қызметіне сай келмейтіндігі
әркімге белгілі. Ал Батыс Еуропа, АҚШ сияқты мемлекеттерде ол ең жоғары
төлемелі жұмыстардың бірі болып табылады. Осының салдарынан біздің
мамандарымыз еңбектері ақталатын елдерге қоныс аударады.
Интелектуалды жұмыс күшін қабылдау нәтижесінде АҚШ соңғы 25 жыл ішінде
білім беру және қызмет көрсету сфераларында 15 млрд долларға жуық қаржыны
үнемдеді. Дайын білімді қанаудан түскен Канаданың кетті. Ғалымдардың
есептеуі бойынша көптеген Шығыс Еуропа елдеріндегі миграциялық процестердің
күшеюі ол елдерде ғылыми техникалық кадрлардың тапшылығын тудырыды, ал өз
кезегінде сол жоғары білімді мамандардың көпшілігі шетелден өз білім
деңгейіне сәйкес қызмет таба алмайды. Халықаралық миграция ел ішінде орын
алып отырған жұмыссыздық деңгейін кемітеді және қабылдаушы елдердегі
жалдама еңбек рыногының сұранысын қанағттандырады деп ойлаудың қажеті жоқ.
Жұмысшы күшін экспорттайтын елдер тұрақты эмиграцияға қарамастан,
жұмыссыздықтың құрсауынан әлі де құтыла алмай отыр, ал қабылдаушы
мемлекеттердің өздерінде де жұмыссыз отырған адамдар миллиондап саналады.

II тарау. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық

2.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық ерекшеліктері.

Енді жұмыссыздықтың макроэкономикалық негіздемесін қарастырайық.
Бүгінгі күндері үкіметтің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі
– инфляция мен өндірістің төмендеуін алдын алу, болдырмау және бақылап
отыру. Біз өндірістің төмендеуі мен жұмыссыздық мәселесін қарастырайық.
Өндірістің төмендеуі расында да жұмыссыздықтың өсуіне себеп болады.
Бірақ, жұмыссыздық нөлдік деңгейден бастап дамымайды және төмендеу
аяқталғаннан кейін мүлдем жоғалмайды.
Белгілі бір жұмыссыздар санының болуы ешкімді алаңдатпайды, өйткені,
ол қауіпті емес. Бірақ, бұл қандай сан? Жұмыссыздықтың қандай деңгейі
қауіпсіз? Жұмыссыздық қашан қауіпті, қашан қауіпсіз болатынын қалай білуге
болады? Мұны анықтау өте маңызды, өйткені, жұмыссыздық қауіпті деңгейге
жеткеннен кейін, басшыларға қандай да бір шараларды қолдануға қатысты
талаптар жиі қойыла бастайды. Жұмыссыздық шын мәнінде қауіпті деңгейге
жетпеген жағдайда үкіметтің бұл талаптарға жауап ретінде атқаратын істері
шығындарға, жағымсыз зардаптарға соқтыратыны түсінікті. Сонымен, бұл деңгей
қайда, оны қалай анықтауға болады? Кейбір басшылар, жұмыссыздық
фрикциялық деңгейге (бір жұмыстан басқа жұмысқа көшуге байланысты пайда
болатын уақытша жұмыссыздық) жеткенде ғана қауіп төндіруі мүмкін екенін
алға тартып, бұл сұрақты жауапсыз қалдыруға тырысады. Ал, фрикциялық
жұмыссыздық ешқандай қауіп төндірмейді, өйткені, ол жұмыс күшінің қалыпты
ағымдылығын ғана көрсетеді. Жұмыс күшінің қалыпты ағымдылығын тұрақты,
өзгермейтін шама деп қарастыруға негіз болған жағдайда, бұл жауап біршама
дәлелді болатын еді. Бірақ, жұмыс күшінің қалыпты ағымдылығы тұрақты шама
емес, керісінше аралық, және көптеген факторларға тәуелді шама болып
табылады. Соңғы жылдары бұл факторлардың өздері айтарлықтай өзгерген.
Жұмыссыздар мен жай жұмыс істемейтіндердің арасындағы айырмашылықты
анықтаудың әдісі табылса жақсы болар еді. Кейбір адамдар өздеріне келетін
жұмысты табу үшін барлығын істеуге дайын, ал басқаларына жұмыс істету
мүмкін емес. Бірақ, сіз алдындағы сөйлемдегі сәйкеспеушілікті байқадыңыз
ба? Бізге жұмыс өте қажет дейтін адамдар кейбір мүмкіншіліктерді
қолданбай, одан жақсырақ жұмыс орнын табуға үміттенеді. Ал мүлдем жұмыс
істегісі келмейтіндердің аз бөлігі ғана кез келген ұсыныстан бас тартады.
Жұмыс таба алмай жүрміз дейтіндер өздері жұмыс істегісі келетін
орындардың жоқ екенін айтқысы келеді. Ал, жұмыс істегіміз келмейді деп
айтатындар таба алған жұмыс орындарының ешқайсысында жұмыс істегісі
келметіндерін білдіреді. Кейбір жағдайларда шеттен бақылаушы үшін бұл екі
жағдай арасындағы айырмашылықты аңғару өте қиын.
Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейінің өсуі біздің экономикалық
жүйеміздегі жаңа жұмыс орындарын ашу механизміндегі ақаулықтың көрсеткіші
емес. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ өздеріне қажет жұмыс орнын таба алмаған
адамдар саны неге артуда? Жұмыс істегісі келіп, бірақ жұмыссыз жүрген
адамдар алдыңғы жылдармен салыстырғанда неге көбейді? Кейбіреулер өзі
әрекет ететін халықтың көбеюі сұрақтардың барлығына жауап береді деп
ойлайды: неғұрлым көп адам жұмыс іздесе, соғұрлым аз адам жұмыс табады.
Алайда, мұндай көзқарас - жұмыс орындары сирек, жеткіліксіз игілік болып
табылады деген кең таралған пікірдің көрсеткіші. Шындығында олар ондай
емес. Осы күнге шейін біздің өндірістік игілікке деген қажеттілігіміз
қанағаттанған емес, адамдар үшін пайдалы жұмысты қашан болса да тауып
беруге болады. Жұмыссыздық деңгейінің өсуі жұмыс орындардың жеткіліксіз
екенін емес, жұмысқа тұруға немесе оны іздеуге байланысты күтілетін пайда
мен шығынды бағалаудағы өзгерістерді көрсетеді.
Жұмыссыздық ешқашан ешқандай елде халықтың арасында біркелкі таралмайды.
Сондықтан да жұмыссыздықты бағалау мен, ең бастысы, емдеудің ең маңызды
аспектілерінің бірі – жұмыссыздықтың халықтың қай тобында кең таралғанын
анықтау. Статистикалық мәліметтер кез келген жастағы жұмыссыздардың жалпы
санының 65%-ын әйелдердің құрайтынын, яғни еркектерге қарағанда екі есе
көп екенін көрсетеді. Оны қазіргі кезде бос жұмыс орнына үміткерлерге
қойылатын ең негізгі талаптардың бірі болып арнайы-техникалық білімнің
болуы табылатынымен түсіндіруге болады. Алматы қаласының жұмыспен қамту
орталығының мәліметтері бойынша жұмыс берушілердің ұсынатын жұмыс
орындарының 40%-ы техникалық салаға жатады. Жұмыссыздық 25 жасқа дейінгі
жастардың арасында кең таралған. Жұмыспен қамту орталығына келгендердің
41,2%-ы осы категорияға тиесілі. Ол жастардың бірден көңілдерінен шығатын
жұмысты тапқысы келетінімен, оны іздегенше жұмыссыздардың қатарына
кіретінімен түсіндіріледі. Сонымен бірге, оны бүгінгі күнде бос орындардың
негізінен белгілі бір стажы бар мамандармен толтырылатыны да түсіндіреді.
Ал жұмыссыз жастарға стаж алуға ешқандай мүмкіндік берілмейді. Бұған
қатысты жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өте төмен (5,75%) Германияның
тәжірибесі үшін пайдалы болуы мүмкін. Онда кәсіби оқытудың, кәсіби
бағытталған мектептердің және тікелей жұмыс орындарында дайындаудың жоғары
дамыған жүйесі бар, ол адамның еңбектік өмірінің басында жұмыссыздық
кезеңді мейлінше қысқартуға мүмкіндік береді.
1996 жылы республикада еңбек нарығының қалыптасуына күрделі әлеуметтік-
экономикалық жағдай айтарлықтай әсер етті. Экономиканың түрлі салаларында
жұмыспен қамтылғандардың санының әрбір жерде азайғаны байқалды.
1996 жылы каңтар-желтоқсан аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардан түрлі
себептермен 1489,9 мың немесе әрбір үшінші жұмысшы шыққан (бірлескен, шағын
кәсіпорындарды, шаруа (фермер) қожалықтарын есептемегенде), ол 1995 жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 219 мың адамға көп.
1996 жылы 859 мың адам жұмысқа қабылданған (1995 жылы – 893,7 мың).1996
жылы жұмысшылардың шығуы жаңа кадрлардың қабылдануымен 47,7%-ға ғана
өтелген (1995 жылы – 70,3%).
Ұлттық Статистика Агенттігінің мәліметі 1996 жылы жұмыссыз болып 391,7
мың адам танылған. Тіркелген жұмыссыздардың жалпы санының 235,1 мыңы (60%)
- әйелдер және 161,5 мыңы (41,2%) - жастар. Жоғары білімі барлары – 30,4
мың адам (оның ішінде әйелдер – 68,1%, жастар – 42,5%), орта білімі барлары
– 111,1 мың адам (оның ішінде әйелдер – 57,3%, жастар – 43,4%).
Жұмыссыздықтың мұндай жоғары деңгейге жетуінің маңызды себебі деп
социалистік құрылым кезінде қалыптасқан менталитет пен халықтың нарықтық
экономикаға бейімсіз болуын айтуға болады. Нарықтық экономика деп біз
мемлекеттің ішінде халық шаруашылығы үкіметпен минималды деңгейде
бақыланатындай қатынастарды түсінеміз. Енді республикадағы әрбір жеке және
заңды тұлғаны субъект немесе жеке институт деп санасақ, үкімет өзінің
әрекетсіздігін ақтау үшін жиі қолданатын қорытындыға келеміз.
Әрбір еркін экономикалық микроинститут өзіне өзі әріптес іздеп, өзінің
қызмет саласын анықтап, институт ішіндегі мәселелерді өзі шешу керек.
Партия мен үкімет экономиканы толығымен бақылап, жұмыссыздық мәселесін
шешкен Кеңес Одағының социалистік құрылымынан мұра ретінде қалған әдеттері
бар жұмыссыздар мұнымен келіспейді, әрине.
Ал қазір олардың көбісі көлеңкелі экономикаға кірісіп кетті:
желқайықтар, шетел валютасымен заңсыз махинациялармен айналысатындар және
басқалар.
Мемлекетке қауіп төндіретін жалғыз мәселе - өндірістің азаюы. Сол
себепті Қазақстанның мыңдаған азаматтары жұмыссыз қалып отыр. Кәсіпорындар
толық қуатымен жұмыс істей бастаса, біз мәселенің теориялық жағында
қарастырғандай, адамдар өздері істегісі келетін жұмысты таңдайтыны, оны
таңдау барысында өздерінің мамандығын, білімін, берілген саладағы жұмысқа
деген қызығушылығын ескеретіні белгілі. Ол үшін Республика үкіметі
өндірісті қалпына келтіру мен жұмыс орындарын ашу мақсатымен шетел
инвесторларын тартуда.
Сонымен қатар, еңбек нарығында да бәсекелестіктің табиғи шартын орындау
үшін белгілі бір шамада резервті әскер болу керек. Жұмыс орындары тым көп
болған жағдайда, жұмыс күшіне деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары
Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері
Халықты жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымдамаларының мәні
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік - экономикалық салдары туралы ақпарат
Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекеттесу тетігі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Халықтың кедейшілік деңгейімен күресудегі мемлекеттік реттеу әдістері
Пәндер