Бәсекенің негізгі формалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

1 БӘСЕКЕ - РЫНОК МЕХАНИЗМІНІҢ БАСТЫ ЭЛЕМЕНТІ--------------5
1. Нарықтық бәсекенің мәні мен түрлері---------------------------- ----
----5
2. Бәсекенің негізгі формалары-------------------------- --------------
--------8
3. Бәсекенің бағалы және бағалы емес әдістері-------------------------
--14
4. Бәсеке мен монополияның өзара қарым – қатынасы-----------------17

2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------
----------------------------------- ----------------20
2.1. Қазақстан Республикасының бәсеке – нарықтық қорғаушы күші---------20
2.2. Қазақстан Республикасының өңдеу саласында бәсекелестікті дамыту---21
2.3. Бәсекелестікке тиімді топ – кластерлік жүйе және оны жетілдіру---------
24

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- --------------------29

КІРІСПЕ

Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірірушілерді байланыстырудың
тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп
есептеледі. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті
дамытпайынша өмір сүре алмайды.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді.Бірақ
көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық
мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды
қамтамасыз ете алмайды.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу – оны бәсеке, ең аз
шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды
қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес,
тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым – қатынастарына тән
қайырымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың әкономикалық
өткізілуі ретінде қарау керек.
Біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасында жеке байланыс
пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің , тұтынушылардың өздері
арасында байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр.
Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдалақты, тепе-
теңдікті, объективті түрде алдын – ала анықтайды, яғни шаруашылық
серіктестіктерінің қатынас объектісі ретінде тек құқығын бейнелейді.
Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары – бәсеке - өндіріс
процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың
өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебе, нарық бәсекесіз өмір сүре
алмайды.
Бұл курстық жұмыс та осы мәселені қамтиды, қазіргі дүниежүзі
мемлекеттерінің дамуындағы бірден – бір проблемалардың бірі бәсеке мемлекет
аралық, фирма аралық бәсекелер, өзі өндіріп отырған бұйымдар арасындағы
бәсекеде елдің экономикалық дамуына алып келеді.

І. Бәсеке - рынок механизмінің басты элементі

1. Нарықтық бәсекенің мәні мен түрлері

Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның ұдайы өндіріс
процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыэ етудегі реттеуші рөлі.
Нарықтың реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық
жүйенІң тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда
болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің
жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына)
проценттік нарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп (отыруы арқылы өндіріске
қатысушыларға олар сататын, сатып алатын тауарлар мен қызметтерге
жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығыңдары, қоғамдық-қажетті сапа және
ассартимент туралы объективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметтер атқарады:
- бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық
бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына
тиімді жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны
қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру
міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда
тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуга байланысты кәсіпкерлікпен белсенді
түрде айналысуга мүдделі болады.
Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:
а) таза бәсеке;
ә) монополиялық бәсеке;
б) олигополиялық бәсеке;
в) таза монополия.
Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке (ол нарықтық бағаға
қарсыластардың ешқайсысы да әсср ете алмайтын жағдайда болады) және
жетілмеген бәсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана
бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөледі. Енді
жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.
1. Таза бәсеке нарығын бір-біріне ұқсас {бір-бірін ауыстыра алатын)
тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушылары құрайды, олардың бірде-
біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе
оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті
тауарларды нарықтық бағамен еркін сатып ала алатын болғандықтан, сатушылар
бағаны нарықтық бағадан жоғары қоя алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай
оңай болса, оны тастап кетуде сондай оңай, Мысалы АҚШ-тағы ауылшаруашылығы
өнімдерінің (астық, жаңа піскен көкөністер мен жемістер) нарығы осыған
дәлел бола алады.
2. Монополистік (грекше "монос" - жалғыз, "полео" – сатамын) бәсеке
нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды.
Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну
қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар "бір-бірінен салалық қасиеттері
сыртқы безендірілуі (сауда белгілері, сауда маркілері т. б.), сонымен бірге
ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы (ассортименті) бойынша ерекшеленеді.
Сатып алушылар осындай ерекшеліктсрді ескере отырып, ондай тауарлар үшін
нарықта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай
нарыққа киімдер нарығы, аяқ-киімдер нарығы, бөлшек сауда саласы жақын
тұрады. .
3. Олигополиялық (грекше "олигос" - көп емес, "полео" - сатамын)
бәсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса
сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың
қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарықка ену жағдайының
қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі - оның
қатысушыларының бағаны өсірудің ұзақ мерзімді тиімді нәтижесіне қол жеткізе
алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны темендетуге мәжбүр
етеді. Олигополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады (мысалы,
болат, алюминий) немесе дифференцияланады (жіктеледі, мысалы автомобильдер,
тұрмыстық при6орлар жөні. т.б.).
4. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің
болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады.
Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт
жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге
асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей-ақ монополиялық жоғары пайда табады.
Монополиялық үстемдік ақша-қаржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар
ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жагдайын мейлінше шиеленістіреді. Көп
жагдайда монополист кәсіпорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде
қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің
нашарлауына, сөйтіп тікелей зат айырбасының, (натуральды айырбас, бартер)
өріс алуына әкеліп соқтырады.
Монополизммен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге
асыру керек: экономиканың монополиялық құрылымын жою {өте тығыз
шоғырландырылған өндірісті бөлу, бәсекелі жаңа өндіріс салаларын жасау,
кәсіпкерлікке кең жол ашу т.б.); заң жүзінде монополияға қарсы саясатты
белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жайт-монополияға қарсы
заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына
айналмауы керек. Себебі, дамыған нарық қатынастары жоқ кезде монополизмге
қарсы күрес әкімшілдік-әміршілдік жүйенің сақталуына және күшеіне жақсы
бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық
үстемдікті жоймай нарықты экономнканы дамыту мүмкін емес.
Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің нарық туралы нақтылы мәліметі
(маркетинг қызметі), олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға
белгілеу құқы да нарықты экономиканың пайда болу шарттарына жатады.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан-алуан элементтерден тұрады. Оның
құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге
бөлуге болады.
Монополиялық бәсеке нарығы, сапасы, қасиеті, сыртқы безендірілуіне
қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген
сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Осыған байланысты нарықты
"сатушылар нарығы" және "сатып алушылар нарығы" деп те бөледі. "Сатушылар
нарығында" сатушылардың үстемдігі орын алады, ал сатып алушыларға нарықтың
"белсенді қайраткерлері" болуға тура келеді. Нарықтың бұндай жағдайы
өндірушілердің монополиялық үстемдігі қалыптасқан елдерге тән.. "Сатып
алушылар нарығында" экономикалық үстемдік тұтынушылар, сатып алушылар
жағында болады, мұнда сатушыларға нарықтың ең "белсенді іскерлері" болуға
тура келеді.

1.2 Бәсекенің негізгі формалары

Тарихи логика тұрғысынан жетілген бәсекелі рынокты талдаудан кейін
жетілмеген бәсекелі рынокты зерттеуге көшу қиын емес еді. Жетілмеген
бәсекелі рынокты талдауға көрнекі үлес қосқан экономистердің қатарына О.
Курко, Э. Чембирлин, Д. Робинсон, Д. Хинс және тағы басқалары жатады.
Жетілмеген бәсекелі рынокты механизмін анығырақ түсіну үшін рыноктық
құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген
бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.
Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген
бәсекелі таза монополия болмайды. П. Самуэльсонның пікірінше, нақты
өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы
ретінде көрініс алады.

Мононполияны талдауда монополия ұғымының бір мәнді еместігін
есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз
этимологиясынан (моно - біреу, полео - сатамын) шығару дұрыс емес.
Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма – тауар өндіруші әрекет ететін жағдай
болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді
емес фирманы табу мүмкін емес.
1 – суретте ДД сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін
көрсетеді, қандай баға болса да (тіпті өте жоғары бағада), сатып алушы
бәрібір Q1 санындағы тауарды сатып алады. Біріақ, бұл тауар не тауар?
Қатерлі ісік ауруына дәрі ме? Ақыр соңында төлем қабілетті сұраныс шектеулі
(мысалы Р3 деңгейімен), және фирма ОР тіктігі арқылы шексіз жоғары (бағаны
өсіріп) қозғала алмайды.
Сондықтан Таза монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың
белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы
ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, "жетілмеген бәсеке"
(П.Самуэльсон), "баға іздеуші" (П.Хейне).
Жетілген бәсеке және таза абсолютті монополия екі логикалық
шекті, қарама-қарсы рыноктык жағдайды бейнелейтін теориялық абстракциялар.
Бұл үлгілер әрбір осы жағдайларда өз пайдасын барынша көбейтуге ұмтылатын
жеке фирманың рационалды тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік
береді.
Таза монополияның абстрактілі жағдайлары мынандай маңызды
сипаттармен ерекшеленеді.
1. Монополистік деген жақын субституттарда (яғни, өзара алмастыратын
тауарлар) жоқ тауарды жалғыз сатушы. Бұл жағдайлардың шарттылығы
жоғарыда айтылды.
2. Монополистік – сатушы рыноктық қатынастарға – тек өз өнімін сатып
алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынандай: егер
моноплист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір
қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі туралы
пайымдау оғаш көрінуі мүмкін. Өйткені үйреншікті түсінікте
монополист ұғымы шамадан тыс жоғары бағалармен байланысты.
Монополист фирманың рыноктағы хал-ахуалын түсіну үшін жетілген және
жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.
Жетілген бәсекеде фирма (өндіруші) рыноктық бағаға әсер алмайды.
Баға деңгейіне бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің формаларына
байланысты әр түрлі. Бірақ бастысы – монополист саналы түрде пайда ең
жоғарғы болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Мұндайда
сұраныс қызметі ьелгілі болады, яғни монополист оны өзгерте алмайды деп
болжанады. Ал, егер сұраныс икемділігі категориясын еске алсақ, мынандай
заңдылық бар: егер баға өссе, онда сұраныс (басқа шартылықта) төмендейді
және керісінше, баға төмендесе, сұраныс өседі. Егер таза монополист
барлық рынокты басып алса, онда ол қосымша көлемде өнім сату үшін, бағаны
төмендету керек екенін біледі. Бұл факт монополистің бағаға билігі
абсолютті емес екенін тағы да қуаттайды, ол өзінің сыртынан
бәсекелестерінің оның тауарларының субституттарын өндірушілердің тынысын
сезінеді.
Олигополия рыногы мынандай типке бөлінеді: бірінші түрдегі
олигополия үлкен мөлшердегі кәсіпорындары мен біртекті өнімді салалары
жатады. Екінші түрдегі олигополияға дараланған тауарлар сататын бірнеше
сатушылар жатады. Дараланған өніммен монополистік бәсеке рыногыгда сатып
алушы тауардың бір түрін таңдайды, оны нақ осы сорты, сапасы, сатуға
дайындалуы, сауда маркасы, қызмет көрсету деңгейі және тағы басқаларға
назар аударады. Өнімнің даралануы тұтынушыға көрсетілген игіліктер мен
қызметтерде біртектіліктің жоқтығын білдіреді. Бұл жәй ғана айырмашылық,
мысалы, автомобилдің түсінде немесе олардың маркасында емес. Тіпті бір
сорттағы банкідегі сыра тұтынушының көзқарасы тарапынан даралануы мүмкін.
Мысалы, егер сатып алушы бұл сыраны сымбатты сатушысы бар дүкенен сатып
алуға әдеттенсе, онда басқа дүкендегі осындай сыра оны қызықтырмайды.
Ғылыми айналысқа "өнім даралануы" ұғымын енгізген Э.Чемберлиннің
жұмыстарының маңызын атап өткен жөн. Рыноктағы монопольді билікті
Э.Чемберлин бәрінен бұрын сатылып жатқан тауарлардың ерекшеліктері мен
сипатын ескереді. Ол сатушы мен сатып алушының рыноктык қатынастарының
белгілі дәрежеде өнімнің сипатына байланысты екеніне көңіл аударады. Өнім
дараланған жағдайдағы монополия бағаға қайсыбір билік ретінде сипатталады.
Сондықтан сұранстың баға бойынша иікпелілігі сияқты факторы ерекше маңызды
болады. Жетілген бәсеке жағдайында тауарлардың біртектілігінде қандайда бір
форманың өніміне сұраныс абсолютті икемділігімен сипатталады, өз өніміне
бағаны өсіріп сатушы ештеңе сата алмайды, ол төмендетіп қалай болса да көп
сата алады. Неге? Өйткені рынок белгілер бағада өз тауарына бағаны
көтерудің ешқашан мәні жоқ. Егер айналада дәл сондай, бірақ бағасы төмен
тауарлар көп болса, қымбат тауарларды ешкім алмайды.
Тауарлардың әркелкілігінде басқаша жағдай қалыптасады. Өнімді
даралау арқылы сатушы өз тауарына сұраныстың бағалық икемділігін азайтуға
мүмкіндік алады. Бұл оның бағаға монопольді билігін күшейткенін
куәландырады. Бұл деген бағаның алатындығын, алайда өткізу көлемінің
азаймайтындығын сипаттайды. Неге? Өйткені бәсекелестер төмен бағамен осы
өнімге көзі үйренген, сатып алушыларды тарта алмайды. Бұдан қандай
қорытынды шығаруға болады? Ол мынадай: дараланған өнім жағдайында, баға
бәсекенің жалғыз құралы емес. Аса маңызды құралына тауар сапасы да
айналады. Сонымен, монополистік бәсеке жағдайында фирманың өткізу көлемі
бағадан басқа, өнім ерекшеліктері және өнім өткізу көлемі бағадан басқа,
өнім ерекшеліктері және өнім өткізу шығындары сияқты факторлармен
анықталады. Өткізу шығындары ерекше маңызды. Фирманың шығындарға баратын
себебі, олар сұранысты қалыптастырады, өнімге бейімдейді. Өткізуге
барынша тән шығын формасы жаранама. Жарнама сұраныстың икемділігін бағаны
көтеру шекарасын жылжыта отырып төмендетеді. Сұраныс қисық сызығы ДД
жағдайынан Д1Д1 жағдайына жылжи алады.
Пайданы көбейту жағдайларын талдаудан бұрын алдымен жетілген және
жетілмеген бәсекелі екі фирма өкілдерінің тауарларының қисық сызықтарын
салыстырамыз. Бұл графиктерден көрінгеніндей жетілген бәсекелі фирма (а-
сурет) рыноктык бағаға әсерін тигізбей қанша сатамын десе, сонша сата
алады. Сондықтан оның ДД сұраныс қисығы көлбеу жатыр. Рыноктық бағаға әсер
ете алмауы, салаға кіретін фирманың өндірісі көлемінің салыстырмалы түрде
үлкен еместігінде.
Жетілмеген бәсекелес фирма жағдайында (б-сурет) ДД сұраныс қисығы
төмен жылжиды, өйткені Q сұранысы көп болған сайын соған сәйкес төмен баға
белгілейді. Сондықтан монополист фирма рынокқа тауардың үлкен көлемін
шығарғанда, оның бағасы төмендейді. Егер фирма толық монополияға ие болмаса
Р, яғни бағаны қысқарту б-суретінде көрсетілгендей, оның бәсекелесін ДД
сұраныс сызығын солға Д1Д1 жағдайына жылжытады, сондықтан қарсыласушы
фирмаға байланысты баға төмендеген күнде енді аз көлемде тауарларды сатуға
болады. Жоғарыдағы графиктерді салыстырудан шығатын қорытынды мынадай:
сұраныс сызығының көлбеу болуы фирманы жетілген бәсеке ретінде сипаттайды.
Егер сұраныс сызығы төмендесе, онда фирма жетілмеген бәсекеде болады.
Сұраныс қисық сызығының өзгерген сипаты жетілмеген бәсеке кезіндегі шекті
табыстың (MR) өсіңкілігіне әсер етеді.
3-бағананың мәні соған сәйкес 1-бағананың мәніне көбейту арқылы
алынады. 4-бағананы 3-бағанадан аламыз, жалпы табыстың әрбір кейінгі
мәнінен оның алдындағы мәнді алу арқылы: Мысалы, 78-41=37; 111-78=33; 140-
111=29 т.б.

Тағы да еске алатын нәрсе, жетілген бәсеке жағдайында жеке
кәсіпорын үшін баға тұрақты әрі белгіленген болады. Бірақ ондай шекті табыс
қандай болады? Санды мысалмен түсіндірейік. Егер жетілген бәсекелес болса,
онда ол 101 тауарды сол өзгермеген бағамен 100 долларға сатады, сондықтан,
шекті табыс 10100 долл. – 10000 долл. = 100 долл. болады. Осымен мынадай
қорытынды жасауға болады: жетілген бәсеке жағдайында шекті табыс тауар
бағасына тең.
Жетілмеген бәсеке кезінде MR қандай болады? Шекті табыс пен
сұраныстың жетілмеген бәсеке кезіндегі өсіңкілігін графикалық түрде
бейнелейік ( ординат тігінде – шекті табыс пен баға, абсцисс тігінде
өнімінің саны).
Графиктен МR сызығы ДД сұраныс сызығымен қарағанда тезірек
төмендейтіні көрінеді. Жетілмеген бәсеке жағдайында шекті табыс бағадан аз.
Қосымша өнімді сату үшін жетілмеген бәсекелес бағаны төмендетеді. Бұл
төмендету оған қайсыбір ұсыныс береді. (9-кестеден жалпы табыстың ұлғайғаны
көрінеді), бірақ бір мезетте кейбір залал әкеледі. Ол қандай залалдар.
Мысалы өндіруші 3 тауарды 37 долларға сатып, әрбір өнімнің бағасын
төмендетті (41-ден, 39-дан, 37 долл.). Сондықтан барлық сатып алушылар 41
және 39 долларға тауарлар сатып алғандарды қосқанда төмен баға төлейді.
Алдындағы сатылған тауардан шеккен зиян 4 доллар. Бағадан алынып тасталады,
сонда 33 доллар тең шекті табыс қалады.
3-кестеге көңіл аударайық. Монополист, әрине, өнімдер үшін жоғары
баға белгілеуге ұмтылады. Алайда егер ол 41 доллар баға қойса, онда ол бір
ғана тауар сатады және оның жалпы табысы 41 доллар, ал пайдасы (41-24) – 68
доллар. Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмашылығы.
Айталық монополист бағаны біртіндеп төмендетіп 35 доллар қояды. Онда ол бір
тауардан артық 4 тауар өткізе алады, бірақ бұл да аз ғана сату көлемі. Бұл
жағдайда оның жалпы табысы 140 доллар (35 х 4), ал таза пайдасы (140 – 72)
– 68 доллар
Бұл жағдайда бір тауарға тиісті таза пайда азайғанымен пайданың жалпы
көлемі өседі. Таза пайдасын ұлғайту үшін жетілмеген бәсеклес бағаны қандай
шекке дейін төмендете алады? Айқыны, шекті табыс (МR) шекті шығындарға (МС)
тең болғанда, бұл 9 тауарды сатқандығы жағдай. Нақ осындайда таза пайданың
көлемі ең жоғары болады, яғни (225 – 117) = 108 доллар. Егер сатушы бағаны
25 доллардан (яғни, ең жоғары пайда – 108 доллар пайда алған бағадан) 23
долларға дейін төмендетсе, онда мынандай нәтиже болады: 10 тауар сатып
алушы 5 доллар табыс ала алатын еді. Сондықтан 10 тауарды 23 доллар бағамен
сату сатушының таза пайдасын азайтады (230 – 125,5) = 104,5 доллар.

3. Бәсекенің бағалы және бағалы емес әдістері

Жоғарыда қаралған мысалдар жетілмеген бәсекенің шекті жағдайы,
таза монополист жағдайына сәйкес алынған. Алайда нақты өмірде мұндай
жағдайлар өте сирек. Қазіргі рыноктық құрылымдарды олигополия ұғымымен дәл
сипаттауға болар еді. Сөзбе сөз олигополия ұғымы, аздаған сатушылар
дегенді білдіреді. Бұл бірнеше үлкен фирмалардың өндірісті және өнімнің
негізгі көлемін өткізуді басып алатын рынок типі.
Олигополия жағдайында бәсеке бағалық сипат алмайды. Қысқаша
айтқанда, негізгі тұтынушыны бағаны төмендету арқылы тарту емес, басқа
факторлар есебінен, тауарлардың сапасын жақсарту, жарнама, сатылғаннан
кейінгі техникалық қызмет көрсету т.б. арқылы тартуға негізделген.
Сондықтан бағаның төмендеуімен байланысты бағаны бірінші болып төмендеткен
фирмаға ұлғайған сұраныстың бір бөлігі ғана өтеді.
Олигополист фирманың қисық сызығы график тұрғысынан қайталанбас
сипаттағы сынған қисық сызық болады. Сынған қисық сызық идеясын
таратқан американ экономисі П. Суизи.
Графиктен көрініп тұрғандай, рыноктың олигополиялық құрылымы
жағдайында Д1Д қисық сызығы Е нүктесіне қарағанда орныққан бағалар,
бағалардың өсуі жағынан өте икемді. ЕД кесіндісімен көрінеді. Бағалардың
төмендеуі жағынан икемді емес ЕД1 кесіндісін көрсетеді. Басқаша айтқанда,
салалық орныққан бағаның Е нүктесінде олигополист фирманың сұранысының
қисық сызығының салалық бағаның тұрақтылығына себепші болатын иілімі
болады.
Олигополия жағдайында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополияның және бәсекенің ұғымы
Бәсеке және монополия. Бесеке формы
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты
Табиғи монополия
Қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формалары
Қазакстандағы экономикалық бәсеке
Бәсеке
Монополия туралы
Нарықтық экономика туралы
Жетілген және монополия
Пәндер