Сақтандыру оқиғасынан зиян келтіру ықтималдығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Бөлім 1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәнінің

теориялық аспектілері

1. 1. Сақтандырудың әлеуметтік -экономикалық мәні,

белгілері, функциялар

1. 2. Тәуекел сақтандырудың негізі ретінде

1. 3. Сақтандырудың ролі, қолданылу саласы

Бөлім2. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін дамыту жолдары

2. 1. Сақтандырудың шетелдік тәжірибесі

2. 2. Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногын дамыту

проблемалары, перспективалары, басымдықтары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық өсудің тұрақты және өспелі қарқындарына жету қаржы саласының дамуының негізгі тенденцияларын анықтамайынша мүмкін емес. Мұнда сақтандыру ісіне зор назар аударылады.

Сақтандыру макроэкономикалық тұрақтандыру үшін қажетті қаржылық резервтерді қалыптастыра отырып, техногендік және экологиялық оқиғаларда өндірістік күштерді қалпына келтіруге және дамытуға ықпал етеді, инфляциялық фактор әсерін төмендетеді, тауарлар мен қызметтер сұранысы мен ұсынысының ара қатынасын оңтайландырады. Сонымен қатар, сақтандыру институтын дамытуды ынталандыру келесі себептерге байланысты қажет болып табылады.

Біріншіден, сақтандыру мемлекет тарапынан қарастырылған шаралар сипатына және көлеміне тәуелсіз халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазір табиғи және техногендік апаттарды жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы мемелекеттік бюджетке жүктелген.

Екіншіден, қазіргі жағдайларда сақтандыру тетігін пайдалану еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына ықпал етеді, Сонымен, кәсіпкерлік тәуекелдерді, кәсіпкерлердің азаматтық жауаптылығын, өндірістік мүлікті сақтық қорғау кәсіпкерлік қызметтің үздіксіздігін, зиянсыздығын, қаржылық тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді, себебі сақтық жағдайда шығындар сақтандырушы резервтері есебінен өтеледі. Сақтандыру кәсіпкерлерді өзнің меншікті көп сақтық ақшалай қорларын құрудан, күрделі қаражаттарының тұрып қалуынан толық немесе ішінара босатады. Егер кәсіпкер банктен несие алғысы келсе, банк үшін сақтық полис кепіл болады. Сақтандыру кәсіпкерлер үшін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін ескерту шараларын ұйымдастыруға себепші болады.

Үшіншіден, сақтандырушылар сақтандыру жарналарының (сыйақыларын) көп сомаларын жұмылдырады. Осы жарналардың бір бөлігін капитал жинақтау үрдісіне белсенді қатыса отырып, халық шаруашылығының түрлі салаларына инвестициялайды. Уақытша бос ақша қаражаттарын ұлттық шаруашылыққа инвестициялай отырып, сақтандырушылар елдің экономикасын несиелеу бойынша банктердің қызметтерін атқарады. Сақтық фирмалардың күрделі резервтері банктік резервтерге қарағанда ұзақ мерзімді, өйткені сақтандырушылар клиенттермен бір және одан көп жылдарға келісім шартқа отырады.

Қазақстан үшін банк капиталына қарағанда сақтық капиталдың артықшылығы ұлттық шаруашылық үшін ұзақ мерзімді несиелердің тапшылығы жағдайында өте актуалды болады.

Төртіншіден, сақтандырушылардың ұлғаймалы ұдайы өндіріске, оны несиелеуге белсенді қатысуы сақтандырушы-кәсіпорындарда жұмыс орындарын сақтайды, экономиканы ұзақ мерзімді несиелеу және өз қызметін кеңейту жолымен жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, ғылыми-техникалық революция жетістіктерін және бәсекелестікті есепке алып, құрылымды қайта құруды қаржыландырады.

Бесіншіден, сақтандыру индустриясын қалыптастыру мемлекетке табиғи техногендік сипаттағы шығындарын өтеу бөлігіндегі мемлекеттік бюджетке жүктеуді азайтады, сақтандыру көмегімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жеке мәселелерін (зейнетақы жинақтарын төлеу, еңбекке қабілеттілікті немесе асыраушысынан айырылу, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және с. с) нарықтық экономика қағидаларында шешуге мүмкіндік береді.

Сақтандырудың дамуы өз кезегінде заңдар негізінің жетілгендігіне, салық-бюджет саясаты, ақша-несие саясаты тиімділігіне, сақтандыру қызметін қадағалаудың сапасына және сақтық ұйымдардың жұмыстарының сапасына тәуелді.

Сонымен, рыноктық шаруашылық дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық қорғау, оның ішінде сақтық қорғаудың маңызы зор.

Диплом жұмысының мақсаты сақтандыру түсінігін, сақтандырудың дамуының шетелдік тәжірибесін, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайын, сақтандыру қызметінің проблемаларын, даму перспективаларын зерттеу болып табылады, .

Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • сақтандырудың экономикалық мәнін, маңызын, қолданылу аясын анықтау;
  • сақтандыру рыногын құқықтық мемлекеттік реттеуді қарастыру;
  • сақтандыру рыногының даму кезеңдерін қарастыру;
  • Қазақстандағы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайына талдау жасау;
  • сақтандыру қызметінің шетелдік тәжірибесімен танысу;
  • сақтандыру рыногының проблемалары мен даму перспективаларын талқылау.

Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногына зор назар аударылуда. 2002-2002 жылдарға арналған сақтандыру рыногын дамыту Бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылған болатын, қазір де заңнамалар жетілдірілуде.

Диплом жұмысы кіріспеден, қорытындыдан, үш бөлімнен, тұрады.

Бірінші бөлімде сақтандырудың теориялық аспектілерін қарастырдым, екінші бөлімінде сақтандыру рыногын құқықтық мемлекеттік реттеуді, осы рыноктың даму кезеңдерін, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайын талқыладым. Үшінші сақтандыру рыногының проблемаларын, даму перспективасы мәселелерін қарастырдым.

Сонымен, сақтандыру қызметінің маңызын зерттеу оның экономикадағы және Қазақстандағы қоғамдық өмірге маңыздылығы ерекше қызығушылықты тудырады.

Бөлім 1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәнінің теориялық аспектілері

  1. Сақтандырудың әлеуметтік -экономикалық мәні, белгілері, функциялары

Сақтандыруды дамытудың әлемдік тәжірибесі экономикаға оңды әсер етудің қуатты факторы болып табылатындығын дәлелдеді. Бұл кәсіпкерлердің үлкен қаржы ресурстарын экономиканың түрлі салаларына тәуекелге бел буа отрып салғанда, нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде байқалды.

Кең мағынада ‘’сақтандыру’ бір нәрсенің қолайсыз салдарларынан қорғануды білдіреді. Сақтандыру адамның пайда болуымен бірге пайда болды және оның табиғатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

‘’Сақтандыру ‘’сөзі ‘’қорқыныш ‘’ сөзінен шыққан, бір нәрсені жоғалтудан қорқуды білдіреді, бірақ ‘’тәуекел’’ түсінігіне сай келеді. Ағылшын тілінде ‘’іnsurance’’ (сақтандыру) ‘’sure’’- сенімділік, біреуденен қолдау алуға үміттенумен байланысты бір нәрсенің тағдырынан үрейді алып тастау ретінде анықталады.

Уақыт өте келе ‘’сақтандыру’’ термині анық мәнге ие болды. Заңды және жеке тұлға белгілі-бір оқиғаның мүмкін зиянын сақтандырылатын объектінің құнынан төмен төлем өтеуге жауапкершілікті өз мойнына алатын басқа тұлғаға барады.

Сақтандыру теориясына назар аударайық. XV ғасырдың басында неміс экономисі Кроет сақтандыруды тәуекелдерді біріктіру арқылы оларды барынша азайту деп анықтады.

Польша экономисі А. Банасинский сақтандыру өзіне тәуекелдердің барлық түрлерін және зиянды өтеу жауапкершілігін алып, мүлікке немесе адамға келтірілген шығындарды жабу ауыртпалығын бөлу мақсатында тәуекелдер кешенін қалыптастыруға негіделеді деп атап кеткен. Сонымен қатар, бірқатар сипаттамаларды бөліп кетуге болды, оларға сай:

а) ‘’Сақтандыру’’ кәсіпорындарға немесе ұйымдарға келтірілетін мүмкін төтенше және басқа зиянды өтеуге немесе азаматтарға ақшалай көмек көрсетуге мақсатты сақтық қордың ақшалай жарналары есебінен оның қатысушыларының арасындағы қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.

б) сақтандырудың мәні ұлттық табыс деп аталатын жиынтық қоғамдық өнімді қайта бөлу фазасындағы адамдар арасындағы экономикалық қатынастар болып табылатындығында.

Сурет-1. Сақтандыру қатынастарының субъектісінің мүліктік мүддесі мен сақтандыруға қажеттіліктің арасындағы өзара байланыс

Сурет-1-ден біз сақтандыру мүліктік зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты мүліктік мүдде пайда болғанда, қолайсыз оқиға орын алғанда сақтық қорғау (сақтық тәуекел) қажет екендігін көреміз.

‘’ҚР сақтандыру қызметі туралы’ Заңда сақтандыруға сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру шартымен анықталған сақтық жағдай немесе басқа оқиға орын алғанда жеке және заңды тұлғалардың заңды мүүдделерін мүліктік қорғау бойынша қатынастар кешені деп анықтама берілген.

Осы анықтама сақтандыру қатынасының субъектісінің мүліктік мүддесі мен сақтандыруға қажеттіліктің арасында өзара байланыс бар екендігін көрсетеді (1-сурет)

Жоғарыда айтылған үш анықтамада сақттық қатынастар мәні мезо- және макродеңгейде қарастырылады. Кез келген анықтама толық бола бермейді, өйткені сақтандыру ғылыми зерттеу объектісі болып отыр, осы түсінік жайлы көптеген пікірталастар пайда болады.

Көптеген анықтамаларда сақтық қорын қалыптастыруда, сыйақы мөлшерін, өтем төлеу шартын белгілеуде сақтық қатынастар қатысушыларының экономикалық мүдделерін білдіретін сақтық қорғауды алу негізін көрсететін қатынастар туралы айтылады.

Сақтандырудың мәнін қазіргі жағдайларға сәйкестендіру қоғамдық қатынастар жүйесінде және ұлттық экономикада сақтандыыру ұйымының орны туралы мәселені шешуге, мүмкіндік береді. Сақтандырудың мәнін ашу үшін оның ерекшеліктерін бөліп көрсету керек:

  • сақтандырушыға ресурстарды берудің алғышарты болып тәуекелдің болуы табылады;
  • сақтық қатынастар тәуекелді бағалаудан және қызметке алдын-ала төлеуден тұрады;
  • сақтандыру қызметін көрсету сақтандырушының өзіне белгілі бір жағдайларда өтемді немесе сақтық соманы төлеуге жауапкершілігі туралы шешім қабылдауы көмегімен жүреді;
  • сақтық резервтерді қалыптастыру және пайдалану сақтандырушы қызметі делдалдықтан тұратындығын куәландырады;

Бөлу функциясы : бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Оның алдын ала функциясына бүгілуі, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен кездейсоқтықтан сақтау. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясына сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы тараптардың сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорды қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функцияны қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп (мотив) - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілердегі) натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.

Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.

Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасынтөмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногынде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта
  • бөлуге қатысуы;
  • оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
  • сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айырықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
  2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты.

Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларды төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;

сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;

сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарды жасаумен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарынасәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру қызметі.

1. 2. Тәуекел сақтандырудың негізі ретінде

Нарықтық экономикада сақтандыру негізінен мемлекеттік қана болудан қалып, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруден өтіп, меншікке жаңа қатынастарды құруы тиіс. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық қызмет нәтижелерін сақтауда заң шеңберінде әрекеттің барынша көп еркіндігі беріледі.

Қазақстан реформаларының бірінші кезеңінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, ұлтаралық қатынастарды жақсарту, әлеуметтік жүктілікті төмендету, қаржылар мен ақшалай айналымды сауықтыру бойынша шаралар қабылдау, бюджет тапшылығын қысқарту арқылы саяси жағдайды қалыптастырды.

Нарықтық экономика нарық және сақтандыру өзара байланысты болғандықтан, сақтандырудың белсенді ортасы болып табылады. Бір жағынан, нарық бар жерде кәсіпкерлік тәуекел бар, ал тәуекел бар жерде сақтандыру бар. Табиғат бостықты ұнатпайтын сияқты, нарықта тәуекелдерді сақтандырмаса болмайды.

Қарапайым мағынада ‘’тәуекел’’ нәтижесі белгісіз шешім қабылдауды білдіреді. Кәсіпкер қаражаттарын іске сала отырып, өзінің және кәсіпорынның тағдырына шешуші әсер ететін барлық болашақ кездейсоқ оқиғаларды болатаныдығын алдын-ала көре алмайды.

Болашақта аз немесе көп ықтимал дәрежеде адамдар денсаулығына зиян және залал келтіретін белгілі бір оқиға және ол оқиғалардың болып қалуына сақтандыру жүзеге асырылатын болса, сақтық тәуекелі деп аталады. Сақтандыру басқа да мағыналарды білдіреді.

Сақтандыру тәуекелі төрт мағынаны білдіреді:

  1. Сақтандыру оқиғасынан зиян келтіру ықтималдығы. Математикада есептелген, бұл ықтималдық сақтандыру тарифтерінің құрудың негізі болып табылады.
  2. Нақты сақтандыру оқиғасы, сақтандыру жүзеге асырылатын белгілі бір қауіп. Мұндай түсінуде сақтандыру тәуекелдерінің тізімі сақтандыру жауапкершілігінің объектісін құрайды.
  3. Сақтандырумен қамтылмаған және сақтандырушының тәуекелінде қалдырылған мүлік құнының бір бөлігі. Мысалы, бірінші тәуекел қағидасы бойынша сақтандыруды қамтамасыз ету жүйесіндегі екінші тәуекел.
  4. Нақты сақтандыру объектілері (олардың сақтандырушылық бағалау және зиян келтіру ықтималдық дәрежесі бойынша) . Мұндай түсінуде сақтандырушылық бағалау мөлшеріне байланысты ірі, орташа, ұсақ сақтандыру тәуекелдері, ал сақтандыру затының қазаға ұшырауы немесе зия келтірілуіне қарай қауіпті және азырақ қауіпті деп бөлуге болады. Аталған мағынасында ‘’сақтандыру тәуекелі’’ шетелдік сақтандыруда кеңінен қолданылады. Мысалы, химиялық кәсіпорны немесе ірі тонналы кеме ірі қауіпті сақтандыру тәуекелі ретінде сипатталады және осыған байланысты оларды сақтандыруда сақтандыру тарифтерінің жоғары мөлшері белгіленеді.

Әрбір нақты тәуекел, мысалы, жер сілкіну немесе су тасқыны тәуекелі ғимараттардың бұзылуы, су тасқыны сияқты белгілі бір қолайсыз оқиғалардың болу ықтималдығын білдіреді. Тәуекел адамзат қызметінің кез келген саласындағы объективті құбылыс болып табылады және барлық жерде орын алады. Өз мәні бойынша ол шығындар мен жоғалтуларды тудыратын қалаулы емес құбылыс. Оның болуы залады өтеудің алғы шартын қалыптастырады, өмірге сақтандыру нысандарының көпшілігінің келуіне, сақтандыру ісін ұйымдастырудың әрі қарай жетілдіруге әкеліп соқтырады, сақтандырудың қоғамдық тарихи түрлері тәуекелдер ерекшелігін және олардың пайда болуының түрлі нысандарын көрсете отырып, сақтандыру қорын (сақтандыру резервін) құрайды. Нақты оқиға болған жағдайда осы қордан төлем жасалады.

Тәуекел ықтималдығын түрлі дәрежесіне қарай мүмкін қазаға ұшыраумен және сақтандырылған объектінің бұзылуымен байланысты. Бірге жақын немес тең ықтималдықта осы оқиға болатындығына толық кепіл етіледі, онан қашпау қымбат тұратын сақтандыруды талап етеді. Егер тәуекел адамның ықтиярынан тыс болатын кездейсоқ болжанбайтын оқиға болып табылса, сақтандырудың мағынасы болады.

Ғылыми-техникалық прогресс білімді игеру, техника мен технологияның жетілмегендігімен байланысты болжанбаған тәуекелдердің пайда болуын алғы шарт қалыптастырады. Қазіргі машиналар, ғылыми приборлар, күрделі және қауіпті өндіріс, ҒТР басқа жетістіктері өз қауіпсіздік шектеріне жақындады. Адамға оларды басқару, бақылау жасау қиынырақ. Сонымен қатар, Техниканы, технологияны қазіргідей жаңарту, олардың максималды қауіпсіздігі, төтенше оқиғаларды математикалық моделдеу кездейсоқтықты шектеу мүмкіндігіне сенуге мүмкіндік береді.

Әлі сақтандыру объективтік және субъективтік ықтималдыққа тәуелді. Біріншісіне табиғит пен қоғамның объективтік заңдарына жазылатын құбылыстар мен заттар тән, ал екіншісі ақиқатты жоққа шығаратын кездейсоқтыққа келеді.

Тәуекел анализ және гипотеза арқылы өмір заңдарының тану арқылы өтетін логикалық ықтимал арқылы көрсетілуі мүмкін. Олардың ағымын жіберместен бұрын үлкен сандар математикасы көмегімен статистикалық мәліметтер жинау және талдау керек.

Алынған нәтиже статистикалық ықтималдықты көрсетеді, онон тәуекел мөлшерін бағалау объективтілігі тәуелді болады. Тәуекелді туралау, тарату, бөлу сақтандыру кешенін жүргізу тәуелді техникалық тәсілдерді құрайды.

Тәуекелді бағалау үшін сенімді ақпарат болу керек, себебі оның болмауы қателікке әкеледі. Әдетте, тәуекелдердің бірнеше түрін бөліп көрсетеді; сақтандыруға болатынды қолайлы және сақтандыруға жатпайтын қолайсыз тәуекел, сонымен қатар, сақтандырушының техникалық тәуекелі.

Көп үлесті бірінші топ алады. Бұл сақтандыратын оқиғаның болу және мүмкін зиянның мөлшерін ықтималдығы тұрғысынан бағалауға болатын жағдай. Сақтандырушы жауапкершілігі көлеміне кіретін тәуекел мүмкін болуы тиіс, кездейсоқ сипатта болады, сақтандыру келісім-шартына қатысушы жақтарға сақтандыру оқиғасының нақты уақыты келтірілген зиянның мүмкін мөлшерін алдын-ала білмеуі керек. Осы тәуекелдердің пайда болуының кездейсоқтығы статистикалық қадағалау ұйымдастырылатын біртекті объектілерге жатады. Оны талдау сақтандыру сыйақысының болжамын анықтауға мүмкіндік береді. Қауіптің қайнар көзіне байланысты стихиялық күштермен немесе адамның орынды әсерімен болатын тәуекелдер болады. Біріншісіне, жер сілкіну, су тасқыны, және т. б. табиғи құбылыстар жатады. Екіншісіне ұрлық, тонау және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
Мүліктік сақтандыру түрлері
Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика
Сақтандыру шарттарының жіктелуі
МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ
Сақтандыру негізгі түсініктері мен терминдері
Бағалау міндеттемелері
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық реттелуі
Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандырушыға кезенді қайталанатын төлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz