Жолдауда көзделген мақсат Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру


Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы « Меншік мемлекет иелігіне алу және жекешелендіру : формалары, әдістері, проблемалары». Менің бұл тақырыпты алған себебім, өйткені қазір жекешелендірудің даму мәселесіне келетін болсақ өте актуалды проблемаға айналып отыр.
Жекешелендіру ұғымы ол мемлекетке қарасты кәсіпорындар, көлік құралдары, итұрғын үйлер және басқа мүлік ақы төлеп немесе басқадай жолмен азаматтардың немесе акционерлік қоғамдардың жеке меншігіне алынатын процесті білдіреді
Қазақстанда жекешелендіру 1991 жылдан басталды. Он жылдан астас болған мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесін төрт этапқа бөліп көрсетуге болады, әрбіреуінің өзінің мақсаты мен міндеті болады.
Жекешелендірудің негізгі мақсаты - мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру генізінде орталықтандырылған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру мынандай басты міндеттерді шешуді қажет:
- мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігін акционерлеуді жүзеге асыру, мемлекеттік меншік объектілерін шағын жекешелендлірумен жаппай жекешелендіруді жүзеге асыру жолы мен нарыққа бағдарланған шаруашылық құрылымдарын жеделдете қалыптастыру, жекешелендіруге халықтың барлық топтарының қатысуы үшін жағдайлар жасау;
- шаруашылықты тиімді жүргізуші субъектілер ретінде жеке меншік иелерінің тобын қалыптастыру;
- бәсекелестік орта жасау және өндірістің қамтамасыз ету;
- шағын және орташа бизнесті дамыту;
- халық шаруашылығының ірі және бірігей объектілерін қайта құрудың жеке жобаларын жүзеге асыру;
- жеке бизнес басым болатын және шетелдік инвесторлар қарастырылатын ұйымдық - шаруашылық құрылымдар құру;
- құнды қағаздар нарығының субъектілері ретінде инвестициялық құрылымдар жүйесін дамыту мен нығайту.
I. Жеке меншіктің мәні және түрлері
Адамзат дамуынан қай кезеңдерінде де меншік экономика ғылымының назарынан тыс қалмаған. Меншік өндіріс, бөліс, айырбас және тұтыныс процесі кезінде тарихи өзгерістерге ұшырап отыратын өндірістік құрал - жабдықтар мен тұтыну заттарын иемденуді сипаттайтын адамдар арасындағы қатынастар жүйесі. Басқаша айтқанда, меншік - бұл иемдену, бір нәрсені өз қарамағына, билігіне алу. Меншік әрқашан да бұйымдармен, мүліктермен, иемдену нысандарымен байланысты.
Меншік қатынастары қоғамда ең басты рөл атқарады. Себебі экономикалық өмірдің негізін белгілі бір тарихи насында болатын өндіріс процесі құрайды.
Меншік қатынастары қамтитыны: иелену ( затты иеленуді жүзеге асыру ), пайдалану ( заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу ), білік ету ( затты құқықтықтағдырын анықтау - сату, айырбастау, сыйға тарту т. б. ) және меншік объектісінің экономикалық өткерілуі. Меншіктің экономикалық өткерілуі иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келсе ғана жүзеге асады.
Әрине, әр түрлі игіліктер мен қызметтерді көрсетудің иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құрал - жабдығын иелену процесін талдау ғана емес, срндай - ақ оның әлеуметтік - экономикалық салдарын талдау маңызды.
Өндіріс құрал - жабдығына деген меншіктің экономикалық қатынастары кез келген экономикалық моделін құрастырушы болып табылыды.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрі белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жерге жеке адам меншік иесі болып, оны өңдеу сол адамға және отбасына беріледі.
Өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады. Қалалық мекендер құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық меншігіне айналады. Бұл жерде қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің бейнесі ретінде көрінеді.
Тіпті, ерте дүниенің өзінде - ақ ұжымдық, жеке еңбекті және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Лсылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрі көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншіктің өзнің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО -да жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымда - 88, 6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің 5% - дан 30% - ға дейін ауытқыды.
Рынокқа өту және ТМД елдерінде оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы - мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай - ақ қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30 - 40% шеңберінде бекітіледі.
Жеке меншіктің дамуы XIX - шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми - техникалық революцияның әсерінен XIX - шы ғасырдың екінші жартысынан жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батытың экономикалық теория мектебі « жеке» термині ретінде кез келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.
Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және еңбектік емес бөліп қараймыз. Соңғысының заңды негізде жасалған жер учаскісі табасы мен жалға берілген басқада көздер есебінен жасалады.
Жеке меншіктің гүлдену кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай - ақ оның теріс тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік - бұл билеп - төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердің меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің араласуы қажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез - құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.
Әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, сондай - ақ өзінің мағынасыда өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекелеген ғана емес, сондай - ақ ұжымдық, акционерлік және кооперативтік түрде - меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.
Яғни, жеке меншіктің екі түрі бар: еңбектік және еңбектік емес. Еңбекті жеке меншік еңбек табысы есебінен, ал еңбектік емес мұрагерге қалдырылған мүлік есебінен, сақтандыру, несие мекемелеріне салған қаржылар, акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан табыс.
Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік қатынастарды басқаша құрудың халықаралық тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудің эволюция - реформаторлық тәсіліе, жекешелендіру тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.
Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: « мемлекеттен алу » мен « жекешелендіруді » бір - біріне теңестіріп қарайды. Алайда « мемлекетсіздендіру « термині мемлекеттен тікелей басқару қызметін алып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру - жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ.
Ал « жекешелендіру « термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді. Жекешелендірудің мақсаты:
- өтпелілік мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;
- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар: « қатаң » вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу, « жұмсақ » вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу.
Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгерту ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропада және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ - та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономика түскен елдерде әртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру сайманы.
Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпеорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.
АҚШ - да мемлекеттік кәсіпорынды сату ұзақ мерзімде - 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі төлем жалпы төленетін соманың 20% - нан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.
Венгрияда кәсіпорынды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мн банк несиелері қолданылады.
Чехославакияда шағын кәсіпорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірілді. Сондай - ақ Чехославакияда кәсіпорындар сатып алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.
Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты - мемлекеттік мүлікті стаып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды. Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді. Олардың әрқайсысының құны 1000 рубль болды. Иегерлері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін объект акциясын стаып алуға, өз ваучерін 600 - дай жекешелендіру қорының кез - келгеніне салуға мүмкіндік жасады.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехославакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайцтаруды қажет етпейтін тұрғын - үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Олардың тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120 - дай болды.
Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ, тек қана оны инвистициялық қорына сала алады. Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.
Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамды, акционерлік қоғам - шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51% мемлекетке жатты.
Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі акционерлік қоғамға қатысуы айтарлықтай нәтиже бермейді, әлсіз банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда, ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде, « үшінші әлем » дамушы елдерінде «жұмсақ жекешелендіру » варианты қолданылады. Бұл вариант - Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Мексика, и Түркия, сондай - ақ жаңа индустриалды екі елде - Оңтүстік Корея мен Тайваньда қолданылды.
«Жұмсақ» жекешелендіру ерекшелігі сол, бұл вариантта мемлекеттік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру көзделген. Бұл іс шаралар мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы « қатысу қоры» арқылы акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттің сақтауы арқылы жүзеге асады.
Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік - акционерлік қоғамды қолдану жекешелендірудің барлық мәселесін шешпейді.
Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті жекешеклендіру мемлекеттік меншіктің монополиялық жағдайын бұзу мен экономикаға нарықтық сипат беріп ғана емес, сондай - ақ экономикалық дамуды тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жетуді көздейді:
- ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту;
- мемлекеттік субсидияны тарту есебінен мемлекеттік қарызды қысқарту және жеке кәсіпорындар мен тұрғындардың табысын ұлғайту, нәтижелік мақсат - тұрғындардың өмір деңгейін көтеру;
- бәсекелестік нарықтық орта жасау.
Экономиканы әкімшілдік - тәміршілдік басқару жүйесі кезінде мемлекеттік меншік түрі өте қатты дамыды. Пратика көрсеткенде меншікті мемлекеттендірудің басты екі олқылығы болды: а) еңбек адамы сол меншіктің билеушісі жағдайын жоғалтады және оны тиімді қолдануға жігерленбейді; ә) өндірісті басқаруда бюрократтану жүріп, экономиканың артықшылығы тапталды. Шетел тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік меншік 30 - 40% болғанда, рынок өзінің экономика тиімділігін сипаттайтын сапасын жоя бастайды. Сон, дықтан Қазақстан Республикасында рыноктық экономикалық қалыптасуы көп укладты экономиканың дамуын қарастырады. Мемлекеттік меншікті меншіктің басқа түрінге өзгерту мен реттеу жүзеге асты.
Меншік құқығы экономиканы мемлекеттен алу мен жекешелендіру арқылы жүргізіліп, мемлекеттік мүліктер азаматтарға берілді.
Ұлттық бағдарламаға сай Қазақстан Республиккасында мемлекеттен алу мен жекешелендіру алғашқыда екі кезеңде жүргізілді:
- бірінші кезең 1991 - 1992 жылдар;
- екінші кезең 1993 - 1995 жылдар;
- үшінші кезең 1996 -шы жылдан басталып, 1998 - шы жылдың бірінші жартысынамдейін созылды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:
- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
- бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнесті дамыту;
- шет мемлекетті өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық - шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесінің дамыту және нығайту.
Қазақстан Республикасының ерекше меншік объектілері жекешелендіруге жатпайды. Олар - жер, оның байлығы, су, әуе кеңестігі, өсімдік пен жануарлар дүниесі, елдің тарихи және мәдени құндылықтары.
Экономиканың мемлекеттен алу - жай емес, кең көлемді процесс. Ол мемлекеттік кәсіпорынның, акционерлік, кооперативтік және жеке кәсіпорындардың құрылуын көздейді. Экономиканы мемлекеттен алудың мақсаты - әртүрлі меншік түрінің қалыптасуына, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына, әлеуметтік - бағытталған рыноктық экономика тиімділігіне бірдей экономикалық жағдай жасау. Мемлекеттен алу мен жекешелендіруге мемлекет меншік объектілері - кәсіпорын, бірлестік, ұйымдар және олардың бөлімшелері, сондай - ақ, әлеуметтік аяның мәдени қызмет көрсету объектілері, мемлекеттік тұрғын - үй қоры және басқада құндылықтар жатады. Мемлекеттен толық алу кәсіпорынның бақылау цифры мен міндетті мемлекеттік тапсырысының, материалдық ресурсқа лимиттер тұтынушыны әкелушіге және бағаны орталықтан бекітуге жоғарғы ұйымға бағыну институтын жоюды тадап етеді. Әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар арасындағы экономикалық қатынастар келісім негізінде құрылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады: а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру; ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу; б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру; в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру; г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы; д) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлғаға және азаматтарға конкурс немесе аукцион арқылы сату.
Жекешелендірудің төмендегідей тәсілін айтуға болады:
а) аукциондық, жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылады;
ә) конкурстық - таңдау сатушының ойынша, дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;
б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру;
в) купондық тәсіл.
Қазақстан Республикасы 1993 жылы қараша айынан бастап жаппай жекешелендіруге көшті. Мақсаты - тезірек меншіккерлер тобын қалыптастыру. Тұрғындарға бірдей мүмкіндіктер жасау үшін инвестициялық жекешелендіру купондары берілді. Қазақстандық моделдің негізгі ерекшелігі мынада:
1. Жекешелендірілген инвестициялық купондарды қайтарымсыз үлестіру;
2. Жекешелендірілген инвестициялық купонды тек қана инвестициялық - жеке шелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі болды.
Инвестициялық жекешелендіру қоры азаматтардың жақсы кәсіпорында жекешелендіруге қатысуына кедергі жасайды. Бір жағынан Қазақстан Республикасында қабылданған модель Ресейлікке жақындау. Оларды жекешелендіру чек - ваучерді тегін тарату қарастырылған. Алайда, Қазақстандық инвест - купонды иеленушілер оны тікелей жаратуға құқы жоқ. Сондай - ақ инвесткупонның ваучерден айырмашылығы сол, номиналды бағасының болмауы. Осы жағдайлар Қазақстан Республикасында бағалық қағаздар нарығын қалыптастыруды баяулатады. Басқада келеңсіз мәселенің бірі - инвестициялық қордан өзгешелігі сол, әрбір біздегі инвестициялық қордың құқы жоқ:
- Қазақстан Республикасы тұрғындары инвестиция купонын 5% артығын аккумуляциялай алмауы;
- бір аукционда кәсіпорын акциясының 10 % артығын ала алмайды.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттен алу мен меншікті жекешелендіру меншік құрылымын түпкілікті өзгертті. Жеке меншіккерлер тобын қалыптастырады.
II. Қазақстан Республикасындағы жеке меншіктің қалыптасуы
Қазақстанда жекешелендірудің ұлттық бағдарламасының іске асырыла бастағанына, міне, 12 жыл толды. Мемлекеттік меншікті кең ауқымды реформалау экономикалық реформалардың кезекті мәселесі болып табылады. Мұндағы басты нәрсе - мемлекеттік меншікті таратып беруде емес, шын мәнісіндегі меншік иелерін қалыптастыру, нарықтық қатынастарға көшуді қамтамасыз ету.
Жекешелендірудің әртүрлі бағдарламаларының түпкі мақсаты - өндіріс көлемін, материалдық құндылықтарды арттыру, сол арқылы халықтың әл -*ауқатын жақсарту.
Осы бағытта өткен жылдар ішінде Атырау облысы бойынша не істелді деген сұраққа мынадай жауап беруге болады: ондаған асхана, кафе, шаштараздар, авто - май құю стансалары, азық - түлік және өнеркәсіп дүкендері, сауда қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету сияқты әлеуметтік сала нысандары мемлееттік меншіктен шағын жекешелендіру бағдарламамасы шеңберінде жеке меншікке көшірілді. Барлығы 192, 9 млн. теңгеге осындай 865 нысан сатылды.
Жаппай жекелендіру барысында облыс бойынша 143 мемлекеттік кәсіпорындар акцияландырылды, жекешелендіру купондарын инвестициялық жекешелендіру қорларының акцияларына ауыстыру арқылы халыққа меншік иесі құқығына ие болуға мүмкіншілік туғызды.
Меншік түрінің өзгеріске ұшырауы, өндіріс құралдары жеке меншікке негізделген жаңа құрылымдардың пайда болуы ауылшаруашылық - өнеркәсіптік кешенінде де жедел қарқынмен жүрді. Облыс бойынша 44 мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындары жекешелендірілді, оның ішінде 36 шаруашылықтары. Осы кәсіпорындарды реформалау барысында 360 шаруа қожалықтары, 26 шаруашылық серіктестіктері және 26 өндістік кооперативтер құрылды. Төрт асыл тұқымды кеңшар негізінде акционерлік қоғамда пайда болды.
Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі - кәсіпорындарды жеке жоба бойынша жекешелендіру. Бұлардың қатарына күні бүгінге ерекше халықшаруашылық мәні бар монополист кәсіпорындар жатты. Инвестициялық және коммерциялық конкурстар өткізу арқылы жекешелендірілген: « Атырауоблгаз », « Индергаз », « Құлсарыгаз », « Есбол », « Атырау ».
Жекешелендірудің бұл түрінің артықшылығы - жаңа меншік иесі инвестиция салу арқылы кәсіпорынға айтарлықтай қаржылық көмек көрсее алады, кәсіпорынның бұрынғы бережақтарын өтейді, жұмыс тәртібі қалыпқа келтіріліп, еңбек резервтерін сақтайды.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Атырау аумақтық комитетенің алға қойған негізгі мақсаты жаңа тиімді меншік иелерін қалыптастыру болғандығын ерекше атап өткен жөн. Мемлекет залалмен жұмыс жасайтын кәсіпорындарға үнемі демеуқаржы беріп отыра алмайды. Кез келген зауыт, фабрика, кен орындары озат тәжірибе мен технологияға арқа сүйеп, өз қаржысы есебінен ғана өмір сүріп, дамуға тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елдің даму жауапкершілігін өз қолына алып, нұсқап отырған жолы да - нарықтық қатынастар жолы. Егемендік алған жылдарға талдау жасай отырып, өткен жолдың қаншалықты күрделі екендігіне, тек экономика саласында емес, сонымен қатар еліміздің саяси және әлеуметтік проблемаларды шешуіне тура келгендігіне көз жеткіземіз.
Осыған орай Пезиденттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы елдің жалпы дамуы стратегиясын нақтыландырылатын құжат болып табылады. 2004 жылғы Жолдаудың шешуші ұғымы - саяси және экономикалық қатынастарды онан әрі ырықтандыру. Бұл кездейсоқ емес. Жолдауда әлеуметтік салаға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге байланысты көптеген сұрақтарға нақты жауап берілген. « Эконеомикалық өсу», « Әлеуметтік даму», «Демократияландыру және тиімді басқару» деп аталатынтараулардың өзі алға қойған стратегиялық мақсаттардың маңыздылығын меңзейді.
Жолдауда көзделген мақсат Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Атырау аумақтық комитетінің қызметкерлеріне олардың атқарып жатқан қызметтерінің қаншалықты маңызды екендігін тағы да көрсетіп, мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттыруда еңбектеріне күш - жігер қосып, мемлекеттік органның жұмысын жетілдіре түсті.
Республикалық меншіктегі мемлекеттік мүліктің иесі болып табылатын Аумақтық комитетке мемлекеттік мүліктің есебін жүргізіп, олардың мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау жасап отыру құқығы берілген.
2003 - 2005 жж. Жекешелендіру мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың құрылымдық элементі ретінде қаралатын болады, жекешелендірудің көлемдерін қалыптастыру мемлекеттік активтерді басқару нәтижелерімен, қарыз алу көлемдерімен және мемлекеттің бар борыштық міндеттемелерімен байланысты болады. Мемлекеттік меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясат эконгомиканың стратегиялық маңызды салаларының дамуын сақтауға және нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін негізге ала отырып, мемлекеттік мүліктің құрылымын оңтайландыруға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz