ФИРМАНЫҢ АЛЬТЕРНАТИВТІ ТЕОРИЯЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
1. ФИРМА НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ IСКЕ АСЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТIНДЕ
1.1 Кәсiпкерлiк. Кәсiпкерлiктiң түрлерi мен ұйымдастыру-құқықтық
нысаны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Фирма – нарықтық экономикадағы негiзгi
институт ... ... ... ... ... ..7
1.3 Фирмалардың тұрпаттары, оның қызметiнiң
мақсаттары ... ... ... ...11

2 ФИРМАНЫҢ АЛЬТЕРНАТИВТІ ТЕОРИЯЛАРЫ
2.1 Фирманың дәстүрлі теориясы: табысты барынша көбейту ... ... ..15
2.2 Фирманың менеджеральды теорисы: саудадан пайданы барынша көбейту.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...16
2.3 Өсуді барынша көбейту
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4 Фирманың тәртіпшілік теориясы: мақсаттың көптілігі.
... ... ... .21

3. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМАНЫ БАСҚАРУ ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуiмен
байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсiпкерлер
табы өмiрге келе бастады. Елдiң тағдыры осы күштiң iске қосылып, табысты
еңбек етуiне байланысты. Кәсiпкерлiк iс тек қана өндiрiсте емес, сонымен
бiрге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш
болып табылады. Кәсiпкерлiк iс экономиканың қай саласында болмасын пайда
табу үшiн қызмет етедi.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу үдерiсi қарқынды жүрiп
жатыр. Олардың анағұрлым жақсы дамуына кәсiпкерлiк қызмет мүмкiндiк
туғызады. Нарықтық экономика шебер ұйымдастырушы мен басқарушы, өзiнiң
iсiнiң бiлгiрi мен иесi, ерiктi және жiгерлi адамның, яғни кәсiпкерлiктiң
қайраткерiнсiз мүмкiн емес.
Менiң ойымша, фирма нарықтық экономиканың басты бөлiмi болып табылады,
өйткенi тек фирманың көмегiмен нарықтық қатынастардың қарқынды жұмыс iстеуi
мен дамуы пайда болады. Фирма кәсiпкерлiктiң тiрегi мен нарықтық
экономиканың өнiмi болып табылатындықтан, оны барлық жағынан зерттеп бiлу
қажет. Себебi нарықтағы фирманың мiнез-құлқы тек кәсiпкер мен фирма
қызметкерлерiне ғана емес, сонымен қатар субъектiлердiң басқа да топтарына,
атап айтқанда үй шаруашылығы, мемлекеттер мен шет елдiктерге үлкен маңызға
ие. Фирманың мiнез-құлқын зерттеу микро, сондай-ақ макродеңгейдегi баламалы
шешiмдердi экономикалық агенттермен орындауда қажеттi шарт болып табылады.
Фирма микродеңгейде экономиканы ұйымдастырады және бiрiктiредi. Ал
фирмалардың жиынтығы жалпы ұлттық, аймақтық және дүниежүзiлiк экономиканың
тиiмдiлiгiн анықтайды. Фирма әрқашан да нарықтық экономиканың ортасында
тұрады және оның жұмыс iстеуi нарықтық қатынастарда тiкелей көрiнедi.
Бұл курстық жұмыста мен мынадай сұрақтарды қарастырдым: нарықтық
экономика жағдайындағы фирма; фирманың мақсаттары; фирма теориялары және
нарық жағдайындағы фирманы басқару.
1. ФИРМА НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ IСКЕ АСЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТIНДЕ

1.1 Кәсiпкерлiк. Кәсiпкерлiктiң түрлерi мен ұйымдастыру-құқықтық
нысаны
Кәсiпкерлiк – бұл тұлғаның немесе кәсiпорынның жеке табыс немесе
пайданы алуға бағытталған, өзiнiң қаупiне және өзiнiң мүлiктiк
жауапкершiлiгiн жүзеге асыратын, бастамашылық, дербес қызметi. Кәсiпкерлiк
заңмен тыйым салынбаған шаруашылық қызметтiң қай саласында болмасын:
өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, саудада, тұрмыстық қызмет көрсетуде,
құқықтық, басылымдық, банктiк және консультативтiк қызметте бағалы
қағаздармен операциялар саласында және т.б. рұқсат етiледi.
Кәсiпкер (меншiк иесi) жер, еңбек және капитал ресурстарын табысты
iске уәде беретiн тауарларды немесе қызмет көрсетулердi өндiрудiң бiрыңғай
үдерiсiне бiрiктiру бастамасын өзiне алады. Кәсiпкерлiктi жүргiзу
үдерiсiнде ол негiзгi шешiмдердi қабылдауда қиын мiндетiн орындайды.
Кәсiпкер өзiнiң iскерлiк мүддесiн жаңашылдық арқылы коммерциялық негiзде
жаңа өндiрiстiк технологияларды, бизнестi ұйымдастырудың жаңа нысандарын,
жаңа тауарларды iске енгiзуге талпына отырып, iске асырады. Сонымен қатар
оның iскерлiк мүддесi тәуекелдiк арқылы жүзеге асырылады, әрi кәсiпкер
өзiнiң уақытын, еңбегiн және iскерлiк беделiн ғана емес, сонымен бiрге
салынған қаражатын да тәуекелге бел байлайды.
Жалдамалы жұмыскерлер өздерiнiң iскерлiк мүдделерiн кәсiпкерлiк
фирмада шарт жасасу негiзiнде лауазымдық мiндеттемелерiн орындау арқылы
iске асырады. Олар кәсiпкерлермен тең құқылы қатысушылар болып табылады.
Келiсiм шартты жасай отырып, жалдамалы жұмыскерлер де, кәсiпкерлер де
өзiнiң таңдауын жасайды, экономикалық тәуекелге барады, келiсiмнiң
шарттарын бұзғаны үшiн өзара жауапты болады. Жалдамалы жұмыскерлер уақыт
өткен сайын өздерi сол фирманың акцияларын сатып алу немесе өз iсiн ашу
арқылы меншiк иелерi бола алуы мүмкiн.
Кәсiпкерлiктiң ерекшелiктерiне дербестiк және тәуелсiздiк,
экономикалық ынталылық, шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершiлiк,
жаңашылдық жатады.
Кәсiпкерлiкте 3 түрдi бөлiп алады:
- жеке тұлғалар;
- серiктестiк;
- корпорация.
Жеке кәсiпкерлiк деп бiр адам ғана айналысатын бизнестi айтады. Оның
жауапкершiлiгi шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке
кәсiпкерлiктiң кемшiлiктерi осында. Оның артықшылықтары: әр меншiк иесi өз
пайдасына өзi ие, кез келген өзгерiстi өзi жасай алады. Ол тек табыс
салығын төлейдi және корпорация үшiн бекiтiлген салықтан босатылған. Бұл
ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсiпорындарға, фирмаларға,
сондай-ақ заңгерлердiң, дәрiгерлердiң т.б. кәсiби қызметiне тән бизнестiң
кең тараған түрi.
Жеке кәсiпкердiң кәсiпорын құруға, өзiнiң қызметiнiң және өндiрiстiк
бағдарламасының саласын өздiгiнен анықтауға, мүлiктi не мүлiктiк құқықты
сатып алуға, жалға беру шарты бойынша басқа тұлғалардың мүлiгiн
пайдалануға, жұмыскерлердi жалдауға немесе жұмыстан несие алуға және банкте
есепшот ашуға, кәсiпкерлiк қызметтен пайданы өздiгiнен бөлуге, валютамен
операцияны жүзеге асыруға құқығы бар. Сондықтан, жеке кәсiпкер жеке өз
басының барлық шешiмiн өндiрiстiк қызмет бойынша қабылдайды. Жеке
кәсiпкерлiктiң басымдылығы мемлекет жағынан ең аз бақылау жасау (бұл
табысты өздiгiнен бөлуге мүмкiндiк бередi), кәсiпкердiң iс-әрекетiнiң
ұтқырлығы (бұл қызмет түрiн ауыстыруға мүмкiндiк бередi) болып табылады.
Ұжымдық кәсiпкерлiкте шаруашылық операциялар ұжымдық субъектiмен
жүзеге асырылады. Бұл үшiн кәсiпорын (серiктестiк) құрылады.
Серiктестiктер – адамдардың бiрлестiгi, онда 2 және одан да көп
серiктестер болады. Олар өз капиталдарымен және әрбiр мүше өзiнiң
капиталымен жеке жауап бередi. Шексiз жауапкершiлiктi серiктестер және
шектелген жауапкершiлiктермен коммандиттi серiктестер болып бөлiнедi.
Коммандиттi серiктестiкке қатысушылардың 2 түрi бар: өзiнiң жарнасы
шегiнде ғана серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн
коммандитистер және барлық мүлiгiмен жауап беретiн толық серiктестер.
Ұжымдар өздерiнiң қаражаттарымен бiрiгедi. Шектелген жауапкершiлiктi
қоғам мүшелерi ұжымның мiндеттемелерiне жауап бермейдi. Олардың
жауапкершiлiгi өздерiнiң қосқан пайларының мөлшерiнде болады. Ал қосымша
жауапкершiлiгi бар ұжымдар өздерiнiң барлық дүние-мүлкiмен жауапты.
Серiктестiң артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен
жаңа ойлар тарту жеңiл. Кемшiлiктер қатарына капиталдың жаңа салымдарын
төмен ететiн, дамып келе жатқан iсте қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма
қызметiн, мақсаттарын оның қатысушыларының бiрдей түсiнбеуiн, әрқайсысының
фирма табысында немесе зиянындағы үлесiн анықтау күрделiлiгiн кiргiзуге
болады. Серiктестiк формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен
фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кiргiзуге болады.
Корпорация деп бiрге кәсiпкерлiк қызмет iстеу үшiн бiрлескен тұлғалар
жиынтығы аталады. Корпорация меншiгiне құқық акциялар бойынша бөлiнген,
сондықтан корпорация иелерi акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлiк
қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық
ұсталады. Кәсiпкерлiктiң акционерлiк формасы Қазақстанда жиi кездеседi.
Әлемдiк тәжiрибеде кәсiпкерлiктiң ұйымдастыру-құқықтық нысаны ретiнде
акционерлiк қоғам басым болады. XVIIғ. аяғында жеке құбылыс ретiнде пайда
болып, акционерлiк қоғам нарықтық экономикада кең таралуын алды.
Акционерлiк қоғам – акцияларды шығару және сату арқылы салымдарды
бiрiктiру жолымен қаражаты қалыптасатын кәсiпорынның түрi. Акционерлiк
қоғамның мүшелерi (акционерлерi) олардың салымдарымен шектелген
жауапкершiлiкте болады. Акционерлiк қоғамның негiзгi ерекшелiктерi:
1. заңды тұлғаның мәртебесi;
2. барлық мүлiктердiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк;
3. жеке акционерлердiң мүлiктерiнен акционерлiк қоғамның мүлкiн
бөлу;
4. акциялардың нақты санына бөлiнген жарғы капиталының болуы.
Акционерлiк қоғамның жарғы капиталы болады, ол акционерлердiң
акционерлiк қоғамдағы мүшелiгi үшiн жарнасынан тұратын ақшаның нақты
сомасын көрсетедi. Жарғы капиталы 2 жолмен құрылады: акцияға жаппай жазылу
арқылы және акцияларды құрылтайшылар арасында бөлу арқылы. Бiрiншi жағдайда
ашық акционерлiк қоғам, ал екiншi жағдайда жабық акционерлiк қоғам
құрылады. Акция – бұл акционерлiк қоғамда қатысуын куәландыратын және оның
пайдасынан үлесiн алуға мүмкiндiк беретiн құнды қағаз. Акцияға кiрiс
дивиденд деп аталады.
Қазiргi замандағы акционерлiк қоғам “фирма” деген ұғымын едәуiр ашады.
Қазiргi уақыттағы iрi фирма – бұл өнеркәсiптiк, сауда және қаржы
кәсiпорындарының күрделi көп салалы кешенi. Кәсiпорын жүйесi ретiнде
қазiргi замандағы фирмада өндiрiстердi шоғырландыру қоғамдық өндiрiстегi
өндiрiстiк кешендерiнiң үлестерiнiң өсуiнде көрiнiс табады.
Сонымен, қазiргi замандағы кәсiпкерлiк – бұл iрi және ұсақ өндiрiстiң
синтезi деп тұжырым жасауға болады. Фирма кәсiпкерлiк қызметтiң ажыратылмас
бөлiгi болып табылатындықтан, мен әрi қарай фирма нарықтық экономикада
қандай орын алатындығын қарастырдым.

2. Фирма – нарықтық экономикадағы негiзгi институт
Фирма бастапқыда кәсiпкерлiктiң тiрегi, нарықтық экономиканың өнiмi
болды. Ғылыми-техникалық прогресс пен экономикалық дамудың кейiнгi
сатыларында оның функциялары кеңейiп, маңызы артты. Әуелi “фирма” терминi
(итальян сөзi firma – қол қою) коммерсанттың “сауда есiмiн” бiлдiрдi. Қазiр
– бұл бизнестiң ұйымдастырушылық құрылымы заңды, сонымен бiрге нақтылы
экономикалық дербестiкке ие болатын экономиканың барлық салаларындағы
кәсiпкерлiк бiрлiгi. Қазiргi заманғы фирманың қалыптасуының құқықтық
түрлерi әр алуан: акционерлiк қоғам, жауапкершiлiгi шектелген қоғам,
коммандиттiк қоғам және т.б. Фирма нарықтық экономиканың негiзгi
экономикалық агентi болып табылады.
Фирма – бiр немесе бiрнеше кәсiпорындары бар және пайда алу мақсатында
тауар және қызмет өндiру үшiн ресурстарды пайдаланатын ұйым.
Экономикалық ғылымның әр түрлi бағыттары фирманың анықтамасын санаттар
ретiнде әр алуан түсiндiредi. Дәстүрлi экономикалық теория фирманы
өндiрiстiк- технологиялық жүйе, адамдар мен машиналардың конгломераты
ретiнде анықтайды және фирма жүрiс-тұрысын пайданы барынша табумен
түсiндiредi. Фирма кiреберiсте әр түрлi ресурстар мен технология
шоғырланатын “қара жәшiк” болып есептеледi де, ал шыға берiсiнде дайын өнiм
болып шығады. Ал экономикалық теория үшiн iшiнде не болып жатқаны мардымсыз
болып саналды. Фирманың мұндай анықтамасында оның қалыптасуының ұйымдастыру
аспектiлерiне және олармен байланысты экономикалық тиiмдiлiктiң қорларына
ерекше көңiл аударылады.
Бүгiнгi таңда фирманың анықтамасына неоинституционалды тәсiл аса зор
маңызға ие. Неоинституционализмнiң өкiлi Р.Коуз трансакция шығындарының
факторына, яғни шарттар, келiсiмдер пайдасына дәстүрлi экономикалық теория
үшiн қалыпты емес ұсыныс жасады. Трансакциялық шығындар – бұл келiсiм
жасаудың шығындары: келiсiм жасаудың ережелерiн жете зерттеуiне тауарлар
мен қызметтердiң сапасын өлшеудегi ақпараттық шығындар, келiсiмдер бойынша
мiндеттемелердi орындауда жауапкершiлiктен ауытқудағы шығындар және т.б.
Трансакция шығындары ешқашан да нөлдiк болмайды, өйткенi нақты өмiрде
меншiк қатынастары айтарлықтай өндірiске әсер етедi.
Осыған сүйене отырып, Р.Коуз өзара тиiмдi шарттардың жиынтығы ретiнде
фирманы айтуға ұсыныс жасады. Шарт жасасу қатынастарының жиынтығы ретiнде
фирманы анықтау, нарықтық механизмнiң шығындарының болуы фирманың пайда
болуына себепшi болғандығын түсiнуге мүмкiндiк бередi. Кәсiпкер өзiнiң
қызметiн ең аз шығындармен жүзеге асырады, өйткенi аса төмен бағамен
өндiрiстiк факторды алады. Фирмада кәсiпкердiң билiгiнiң шегi шарт жасасу
келiсiмiмен белгiленедi. Шарт жасасуда тауар мен қызмет көрсетулердi
жеткiзушiнiң қызметi көрсетiлетiн шеңберде шегi жазылады. Демек, шарт
жасасу келiсімiнiң шегiнде ресурстарды орналастыру сатушыға байланысты
түседi. Осы жағдайларда қысқа мерзiмдi шарттардың қажетi жоқ. Ресурстарды
басқару кәсiпкерден байланысты болатын өзара қатынастардың осындай жүйесiне
Р.Коуз фирма деп атайды. Фирманың iшiндегi қатынастар нарықтық дабылдармен
емес (сұраныс пен ұсыныс), иерархиялық жүйелерден шығатын командалармен
реттеледi.
Қазiргi замандағы фирма – ұлттық және халықаралық деңгейде
өнеркәсiптiк, сауда және қаржы кәсiпорындарының күрделi көп салалы кешенi.
Қазiргi фирмадағы ең бастысы – оның құрамы: кәсiпкерлер, менеджерлер,
ғалымдар, инженерлер, шеберлiктерi, кәсiбилiгi, құзырлығы, инновациялық
мердiгерi, бәсекеге қабiлеттi күшi басқарушылық жаңалығы бар, материалдық
техникалық базаға және iстеп тұрған капиталдың нақты көлемiне сүйенетiн
жұмысшылар.
Фирма өзiнiң қызметкерлерiнiң тағдырына әсер етедi, әр түрлi елдiң
көптеген адамдарының өмiрiне әсерiн тигiзедi. “Дженерал моторс”, “Крупп”,
“Нобель”, “Тойота”, “Грюндиг”, “АйБиЭм”, “Форд” – экономикалық билiктi,
айбаттылықты, саяси әсердi кейiптейдi. Фирмалар нарықты жоғары сапалы
өнiмдерiмен қамтамасыз етедi, президенттер мен премьер-министрлердiң
беделiн трансұлттық деңгейге көтередi. Күштi, мықты фирмаларға
макроэкономикалық тұрақтылықтың мемлекеттiк саясаты сүйенедi.
Қазiргi замандағы әлемнiң заңды экономикасында түрлi кәсiпкерлiк
құрылымдардың 50 млн.-ға жуық фирма бар, олардың 99%-ы шағын және орта
бизнеске жатады. Олар континенттер мен елдер арасында бiркелкi бөлiнген. 20
млн. астам фирмалар АҚШ-та, 16 млн.-ға жуық – ЕО елдерiнде, 7 млн. астамы
Жапонияда, 5 млн. фирма еуропалық елдерге жатады.
Қазiргi замандағы батыс фирмаларының ерекшелiктерi:
Бiрiншiден, оның ұйымдастыру-құқықтық құрылымы ерекше: басты компания
оған тиесiлi кәсiпорындармен компанияның құрамына кiретiн заңды дербес
жағдайларда экономиалық билiктi реттейдi. Бұл фирмаға әлеуметтiк-
экономикалық, өндiрiстiк-технологиялық, ұйымдастыру-басқарушылық тұтастық
пен орнықтылықты бередi.
Екiншiден, фирманың қызмет ету тетiгi капиталдың, еңбектiң жердiң
ақпараттың өзара тиiмдi iс-әрекетiне негiзделген. Нәтижесiнде өндiрiс
нәтижелi үдерiске айналады; айналым өңделген стратегия мен тактикаға қызмет
көрсетедi; бағдарламаланған ұтымдылықпен сипатталатын жинақтау және тұтыну.
Өндiрiстiң, айналымның, тұтыну мен жинақтаудың өзара тиiмдi әрекетi
фирманың қызмет ету тетiгiн 3 деңгейде қамтамасыз етедi: фирманың оның
серiктесiмен шарт жасасушылық қатынасы (көлденең деңгей), еншiлес, оған
жататын кәсiпорындармен (тiк деңгей), мемлекетпен (макроэкономикалық
деңгей). Фирманың шаруашылық тетiгiнiң қызмет етуi капиталдың,
менеджменттiң, маркетингтiң, бағалар жүйесiнiң, табыс пен кiрiстiң
әлеуметтiк қатынастардың өзара iс-әрекетiнсiз мүмкiн емес.
Үшiншiден, фирма адамның өмiр сүруiне ерекше жағдай туындатады, ол кең
ауқымды және жан-жақты бiлiмдi, яғни бухесептi, менеджменттi, маркетингтi,
ағылшын және басқа тiлдердi, психологияны, экономикалық географияны,
тарихты талап етедi.
Төртiншiден, фирма тиiмдi жұмыс iстейдi. Фирманың экономикалық
тиiмдiлiгi кадрлардың құрылымымен байланысты. Нарықтық экономиканың
дамуының барлық кезеңдерiнде фирмаға айрықша рөл берiледi. Ол – кәсiпкерлiк
мектеп, бизнестiң қозғаушы күшi, ҒТП нәтижелерiн игеру және енгiзу.
Фирманың жиынтығы ұлттық, жергiлiктi және әлемдiк экономиканың тұтастай
тиiмдiлiгiн анықтайды.
Ақырында, барлық жерде тауарлары бар белгiлi фирма-көшбасшылар нарықты
ғана емес, сонымен бiрге тұтынушылар мейiрiн жаулап алады, өте жоғары
бағаланатын тауарлық белгiсiне ие. Фирманың атауы өндiрiлiп жатқан өнiмнiң
синонимi болса, бұл фирма үшiн ең жоғары атақ болып табылады.
Американ фирмасы “Ксерокс корпорейшн” атынан “ксерокс” сөзi барлық
негiзгi тiлдерде қолданылып жүр. Орыс тiлiнiң “карандаш” сөзi – швейцар
фирмасы “Каранд`Аш” атынан. Көптеген батыс фирмаларының баланстарында
тауарлық белгiлер өзiнiң құндық бағасын табады. Мысалы, “Кэмел” тауар
белгiсi иесiмен шамамен 10 млн. долл. бағаланған, “Кока-кола” тауарлық
белгiсi 3 млрд. долл. шамасында бағаланған. Қазiргi замандағы фирмалардың
тауарлық белгiлерi – тауардың жоғары сапалы кепілдері.
Осылайша, батыс фирмалары қоғамның халық шаруашылығының экономикалық
және әлеуметтiк интеграциясының алып құралы болып табылады. Фирманың,
адамның және қоғамның мүдделерiнiң тетiгi пайдалар, бағалар мен жоғары өмiр
сүру деңгейi арасындағы “бәсекелестiк баланс” негiзiнде қызмет етедi. Осы
мүдделердiң қатысушы ретiнде мемлекет болып есептеледi.
Сонымен, шынында да фирма нарықтық экономиканың ортасында орналасқан
және онсыз кәсiпкерлiк қызмет мүмкiн емес деп тұжырым жасауға болады.

1.3 Фирмалардың тұрпаттары, оның қызметiнiң мақсаттары
Фирмалардың нарықтық қылығына қарай олардың тұрпаттарын анықтауға
болады.
Кәсiпкерлiк фирма тек бiр иеленушiге теисiлi құрылым болып табылады.
Әдетте меншiк пен басқару функцияларының бiрлестiгi және табысты барынша
көбейтуге мақсаттылығы оған лайықты болады. Осындай фирмалар жиi көлемдерi
бойынша үлкен емес және қызметiнiң сипаты бойынша мамандандырылған
шаруашылық субъектiлерiмен сипатталады, олардың нарықтық қылығы аса үлкен
дәрежеде бәсекелестiк белгiлерiне сәйкес келедi.
Капиталистiк фирма – бұл көптеген капитал иеленушiлерiне тиесiлi
күрделi ұйымдастырушылық құрылым. Акционерлiк қоғам ретiнде ол басқарудан
бөлiнген меншiктiң соңғы түрi болып келедi. Мұндай фирмалардың мақсаттары
көп болады. Капиталистiк тұрпаттағы фирмаларға нарықтағы өз үлесiн кеңейту
мен нығайту және капиталға пайда мен табыстың капиталдандыру деңгейiнiң
арасындағы оңтайлы ара қатынасты iздеу тән. Сондықтан мұндай фирмаларда
принципал - агент мәселесi аса қатаң байқалынады. Капиталистiк фирманың
нарықтық қылығы жұмыс iстеудiң сыртқы жағдайларынан, сондай-ақ оның
қатысушыларының ұзақ мерзiмдi мақсаттарын үйлестiрудi қамтамасыз ететiн
қабiлеттiлiгiнен тәуелдi.
Өзiн-өзi басқаратын фирма жұмыскерлер ұжымына тиесiлi құрылымды
бiлдiредi. Мұндай фирмалардың нарықтық қылығы аз зерттелiнген.
P S

D

Q
Сурет1 - Өзiн-өзi басқаратын фирманың қисық сызығы
Осындай фирманың еңбек табысын барынша көбейту мақсатын теория жағынан
алып қарастырсақ, онда өзiн-өзi басқаратын фирманың қисық сызығы терiс
бұрылыс екенiн болжауға болады. Бұл шектi еңбек өнiмiнiң өсуiнде өнiмнiң
нарықтық бағасының өсуi фирмаға еңбектiң көп санын қолдануға ықпал етедi,
өйткенi бұл еңбек табысын барынша көбейтуге әсерiн тигiзедi. Нәтижесiнде,
фирманың ұсынысы бағаның өсуi бойынша арта бастайды. Керiсiнше, егер шектi
еңбек өнiмi төмендесе, фирма жұмыспен қамтылуды, яғни сондай-ақ ұсынысты
қысқартады. Ал практикада өзiн-өзi басқаратын фирмалар табысты барынша
көбейтуге емес, ең алдымен жұмыспен қамтылуды сақтап қалу мақсатына
бағытталған.
Мемлекеттiк фирма әдетте мемлекетке тиесiлi фирма болып табылады. Оның
қызметiнiң ара қатынасындағы анықтаушы шешiмдердi мемлекет немесе оның
органдары қабылдайды. Әдетте мемлекеттiк фирмаларды қызметi қоғамдық
пайданы барынша көбейтуге бағытталған, қоғам есебiнен қаржыландырылатын
және бәсекелестiк аясынан тыс әрекет ететiн қоғамдық институттар, яғни
коммерциялық емес фирмалар ретiнде қарастырады.
Директорлық фирмалар шешушi шешiмдердi басқарушылармен қабылданатын
фирмалар болып табылады. Мұндай фирмалар менеджерлермен алынатын пайданы
барынша көбейтуге бағытталған. Осындай фирмалардың шаруашылық қызметi сату
көлемiн артуға мақсатталынған болса, әкiмшiлiк шығындардың елеулi үлесiнен
төмен тиiмдiлiгiмен сипатталынады.
Әрбiр кәсiпкерлiк қызмет өзiнiң алдына қойған мақсатымен табысқа жете
алады. Сондықтан фирманың тәртiбiн өндiрiс қызметiнiң көмегiмен сипаттауға
болады. Iшкi фирмалық тиiмдiлiктiң екi көзқарасы бар:
1) фирманың қызметi оның өндiрiстiк қызметтерiмен
сипатталады, сондықтан өндiрiстiк факторлардың (еңбек
пен капиталдың) барлық мүмкiн құрамдастырымда
өнiмдердiң жоғары басылымы қамтамасыз етiледi;
2) фирма факторлардың комбинациясын өнiмдi шығаратын әр
мүмкiн көлемiне ең аз шығындармен таңдап алады. Бұл
орташа және шектi шығындар қисықтарын шығаруға
мүмкiндiк бередi.
Жапонияда бүкіл әлемге әйгілі фирмалардың көбі қызметтің кең мақсатын
кеңейте түсетінін мынадай тұжырымдамаға сүйенеді: экономиканың жалпы
мүдделеріне сәйкес және бүкіл қоғамның әл-ауқатын жоғарылату мақсатында
өндірістік потенциалды едәуір толық пайдалану арқылы азғантай бағамен
өнімнің аса жоғары сапасын өндіруге ұмтылады.
Жалпы жоспардағы фирма қызметінің кескіні кесте1 көрсетілген.
Кесте1 – Фирма қызметінің мақсаттары
Қоғамдық топ Фирма қызметінен күтілетін нәтиже
Қоғам тұтастай алғанда Экономикалық өсу
Салықтардан түскен салымдар
Билікті теңестіру
Кірістерді теңеу
Қоршаған ортаны сақтау
Табиғи ресурстарды сақтау
Жергілікті қоғам Қоғамның әл-ауқаты
Акцияларды ұстаушылар Кірістердің өсуі
Несиешілер Акциялар құнының өсуі
Тұтынушылар Кірістердің тұрақтылығы
Әділ бағалар
Таңдауды қамтамасыз ету
Қажеттіліктерді қанағаттандыру
Басқрушылар Кірістердің өсуі
Кәсіби қызығушылық
Жалдамалы еңбектің жұмыскерлері Жұмыспен қамтылу
Төлемақы деңгейі
Бос уақыт
Еңбек шарттары
Жұмыспен қанағаттану

Фирманы құру капитал иесінің немесе менеджердің дербес тәуелділікті
өзіне алуға дайындығын көрсететін кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысқан.
Тәуелділіктің қажетті барынша төмендетуге осындай тәсілдермен қол
жеткізуге болады:
- әртараптандырумен (өнімнің әр алуан түрлерін өндіру және қызметтің
әр алуан түрлері бойынша капитал салымдарын бөлу);
- меншікті сақтандырумен; таңдап алынған қызмет саласы туралы
ақпаратты барынша көбейту; капитал салымдарының көзделген
объектілерін қаржылай және экономикалық тарту;
- ғылыми-техникалық жаңалыққа ие болған жаңа технологияларды,
тауарлар мен қызмет көрсетулерді пайдаланумен;
- нақты қызмет түрінде өндіріс факторларын пайдаланудың тиімділігін
қамтамасыз ететін бизнестің ұйымдастырушылық нысанын дұрыс
таңдаумен.
Фирмалардың әр түрлі мақсаттары болуы мүмкін және тиісінше оларды әр
түрлі жолдармен және тәсілдермен қол жеткізуге болады.

2 ФИРМАНЫҢ АЛЬТЕРНАТИВТІ ТЕОРИЯЛАРЫ

2.1 Фирманың дәстүрлі теориясы: табысты барынша көбейту
Табысқа бағдардың тұрақтылығынан фирманың барынша көп табысқа жетуге
ұмтылуы тиіс сияқты қабылданады. Табыс барлық фирмалардың мақсаты деп нық
сеніммен айтуға болады.
Табыс – бұл бизнес көрсеткіштерінің әмбебап өлшемі және тек
фирмалардың кейбірі ғана табысқа әкелетін нақты іс-қимылдарды жасай алады.
Тұтастай алғанда фирмалар қысқа мерзімді кезеңде табысты барынша көбейтудің
мақсатын көздеуге бейім келеді; егер де фирманың табысы акционерлерді
қанағаттандыру үшін айтарлықтай кең болса, онда осындай фирма өзін кішкене
басқаша ұстайды, табысты барынша көбейту факторынан басқа басқарушылық
шешімдерге басқа да факторлар әсер етеді деп тұжырым жасауға мүмкіндік
береді.
Міне, фирманың дәстүрлі теориясы фирманың табысты барынша көбейтуіне
ұмтылу тәртібін түсіндіреді. Бұл санат 2 жіберулерде негізделеді:
- меншік иелері фирманың ісін басқаруды және күнделікті операциялық
бақылауды жүзеге асырады;
- олардың жалғыз мақсаты – табысты барынша көбейту.
MC=MR шекті шығындар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар мәні, ассортименті, номенклатурасы
Тауар және оның қасиеттері. тауар қасиеттерінің альтернативті теориялары
Халықаралық сауда теориялары
Пайда мен шығын теориясы
Басқару шешімдерін қабылдау теориясы
Модильяни мен миллер үлгілері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Халықаралық сауданың классикалық теориялары
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Экономикалық теорияның құрылымы
Пәндер