Нарық түсінігі, экономикалық мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І бөлім. Нарықтың теориялық аспектілері
1.1 Нарық түсінігі, экономикалық мәні. . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .
2.1 Нарықтың түрлері мен атқаратын қызметтері. . . . . . . . . . .
. . . .

ІІ бөлім. Нарық механизмінің негізгі бағыттары
2.2 Нарық көшіндегі жекешелендіру. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .
2.3 Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері. . . . . . . . . . . .
. .

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы нарықтың дамуы
3.1 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі. . . . . . . . . . . .
. . . .
3.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту
ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . .
3.3 Қазақстан Республикасындағы нарықтың даму заңдылықтары.

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . .

Қолданған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .

Қосымша. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Кіріспе
Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе
өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық
субьектілерін байланыстырушы ұйым немесе тауар айырбасының аясы, сатушы мен
сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің
сипаттамасы.
Әкімшілік-әміршілдік жүйенің ұзақ жылдары созылған үстемдігінен кейін
нарық механизмін түсіну кімге де болса оңайға соқпайды. Әлі күнге дейін
бұқара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілдік, оған тән
қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік
қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс
елдерінің тәжірибесі нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне,
экономикалық тиімділігі мен бір қалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің
және мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарықтық
қатынастарға өту ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар
өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті
тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі
жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Нарықтық экономиканың Қазақстан Республикасында қалыптасуының
ерекшелігі көптеген себептерге байланысты. Олар: ең алдымен Қазақстанның
нарықтық экономикаға өту шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде
жүзеге асырады және Қазақстан әлемдік практикада әкімшілдік-әміршілдікпен
ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден,
жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар Қазақстан өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше
орыны болып табылады, және өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі
кен байыту, металлургиялық, химиялық және химия-мұнай кәсіпорындарынан
тұрады.
Міне осы принциптер арқылы Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға тез
өтіп, жан-жақты даму үстінде.
Нарықтың маңызды қызметі еңбек шығынын, мөлшерін, көлемін және
қоғамдық қажеттіліктерді айқындау. Біздің экономиканың нарықтық жолға өту
кезеңін қамтитын сұрақтар мен мәселелердің шеңбері күрделі де ауқымды.
Жалпы осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде
нарықтық экономика түсінігі, мәні, түрлері мен қызметтері қарастырылады. Ал
екінші бөлім нарықтық экономиканың негізгі бағыттарына тоқталдық оны жалпы
кең шеңберде көрсетуге тырыстық, онда негізі нарық көшіндегі жекешелендіру
және артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеміз. Жұмыстың үшінші бөлімінде
толықтай Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға тоқталамыз. Яғни
онда Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшелігі, даму
заңдылығын айтамыз.
Осылайша біз курстық жұмыстың әр түрлі жақтан қарастырып
маңыздылығын аштық.
Сонымен біздің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатымыз – нарықтық
экономиканың теориясын түсініп ең алдымен оның елімізге маңыздылығын ашу.
Айта кететін жайт, курстық жұмысты жазу барысында Жүнісов,
Байжомартов, Мәуленова, Шеденов теорияларына, ой-көзқарастарына сүйіне
отырып жазылды.

І бөлім. Нарықтың теориялық аспектілері
1.1 Нарық түсінігі, экономикалық мәні
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан
мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың,
салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық
шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы
өндірістің қан айналымы жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы
қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі
өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты,
дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы
өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай
әсер етеді.
Осы күнге дейін нарық мәселесінде теориялық айтыстар толастамай
келеді. Көпшілігі оған әр түрлі пікір айтады. Біреулері нарықты – у-шуы
көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықтық экономиканы барлық
ауруынан тез жазатын керемет дәрі деп те, немесе осы салада орын алып
отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін күш деп те айтады.
Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынас білдіретін
экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде
ұдайы өндіріс процесінде маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен,
нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың
заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық – тауар мен ақша айналысы
қатынастарының жиынтығы.
В.И. ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. ХІХ-шы ғасырдың 90-шы
жылдарында көптеген еңбектер шығарды. Оның ішінде нарық жайлы әңгімелесу
рефераты және Капитализмнің Россияда дамуы ғылыми еңбегін айтуға болады.
Бұл еңбектерінде Ленин нарықтың мәні мен ролі жайлы жазды. нарық ұғымын
Ленин айтуынша – қоғамдық еңбекті бөлу ұғымынан алшақ қарауға болмайды.
В.И.Лениннің ойынша, жергілікті тұйықталған нарықтар мен ХІХ-шы
ғасырдың аяғында бүкіл Ресейде ішкі нарықтың болмауы жергілікті
тұрғындардың экономикалық артта қалуының негізі болды.
Дерективті-үлестіру жүйесін басқару кезінде нарық мәселесін ғылыми
зерттеудің қажеттілігі болмады. Әміршілдік – бюрократтық жүйенің
идеологиялық нұсқауының құрсауында болған экономикалық ғылым, көптеген
жылдары нарықтың мәні, ролі, орынына догматикалық көзқарас бұрынғы Одақ
экономикалық жүйесінде басым болды.
Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан
таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым-экономистерінің нарық жайлы
пікір біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік.
Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы
белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.
Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы
қатынастар жүйесін көрсетеді.
Осы көзқарастың әрқайсында жеткілікті аргумент келтірілген және
нарықтық қатынастардың обьективті нақтылығын көрсетеді, бірақ мәселенің тек
бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес,
айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың
субьектісіне сатушы , сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар
қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе,
сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субьекті болып
табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық байланыстары сату –
сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді.
Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол
өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық
байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай
нақты түрде тауарлы – ақша қатынасы болатындығы айқындалады.
Нарық іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, оның
бәсекелестікпен шығын минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік
байланыстарды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен
нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді
көрсететін жоғарыдағы іс-әрекеттер екендігі аян.
Мемлекеттік - әміршілдік экономикадан басқасына өту экономиканы
орталықтан жоспарлы басқарудан бас тартуға әкеледі. Себебі, қоғамның
экономикалық өмірін басқаруды жақсы әрі тиімді тек нарық атқара алады.
Нарықтың мәні тұрғысынан қарасақ, біздің ойымызша нарықтың мәнін дәлірек Ю.
Я. Ольсевич айтқан: Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей салу дұрыс
емес, себебі өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы нарықтық таңбамен
сызылған.
Нарық - өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен
буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде
болады. Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және
табиғаты әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы
арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.

1.2 Нарықтың түрлері мен атқаратын қызметтері
Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен
классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты бюылай жіктейді: ішкі
(ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі
(республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық (қосымша
– 1).
Әлемдік нарық жеке елдің нарығымен байланысты. Ол байланыстар
өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау
операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы
байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық
елдері арасында және дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Ішкі нарық - түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы; өндіріс
құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея
нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта
белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату –
сатып алу немесе өндіріс факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-
ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар
айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен
байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлісіне қарай топтасқан елден құралған
нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жіктелу
деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз: дамыған нарық, қалыптасатын
нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық,
олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Бәсекелік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
а) мемлекеттік нарық – бір субъектінің бағаны анықтауымен
сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектілер болуы
мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық
бағаны өзгертуге шамасы келмейді;
ә) олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың
әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
б) монополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәсекелестер көп болады)
тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен
сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте
варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
Сатушы нарығы және сатып алушы нарығы болып та жіктеледі. Сатушы
нарығы деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы
жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер
монополиясының еркін нарықта сипат алуымен түсіндіріледі. Сатып алушылар
нарығы деп сатып алушылар көп билікке ие
болып, нарықтың субъекті белсенділігін сатушылар жүзеге асырған нарықты
айтамыз.
Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай
жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай – азық-түлік жәнге азық-түліктік
емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім,
телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар топтарындағы
нарыққа мыналар жатады: нан-бәлішке өндіру нарығы, ұн және тары нарығы,
макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз:
тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски өндірісі
нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық
сегменттерінің дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен байланысты және бір
–біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз
байланысты.
Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес,
қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы ұлттық ішкі
нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін
қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-
бірімен байланысты және бір –біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және
материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары - өндіріс құрал-
жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын
қалыптастырады.
Нарықтың рөлі өте-мөте жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі
(қосымша – 2).
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль
атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз
қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы
экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп,
сүйкессіздіке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы
күші ролін жоюға алып барады.
Қоғамдық қажеттілдіктерді өтеу барысында халық шаруашылығы
құрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі
жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы
байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар
алдымен нарықта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындарының келісімдері арқылы
алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге
асыруды маңызды рөл атқарады Өйткені ол өндірілген өнімнің оған жұмсалған
еңбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді.
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет
көрсету, банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің призма
арқылы тұрақты өзгеруі. Нарықты экономиканың борометріне әрі айнасына
айналдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс
шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы
сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті
сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл
қызметін ол бағаның қоғамдық қажетті еңбек шығындарын нақты сипаттауымен
байланысты атқарады. Тек бағалар нарықтық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей
икемді болулары керек.
Нарықтық механизм санациялық (сауықтыру) қызметті де атқарады.
Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз біріңғай шаруашылықтан
тазалап, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың 50-70%
солардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын қызметі монополияланған
саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер
әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи
күй-жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер
өндіріспен байланысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, қызметке белсенді
кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызменттеріне – тауардың қоғамдық маңызын
мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан
қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

ІІ бөлім Нарық механизмінің негізгі бағыттары
2.1 Нарық көшіндегі жекешелендіру
Республиканың тиімді шаруашылық жүйесін қажетті негізгі шарт болып
жаңа меншік қатынастары табылады.
Бұл қатынастар келесі мәселелерді қамтиды:
-экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелендіру.
Жекешелендіру проблемалары дербес тақырып болғандықтан , мұнда тек негізгі
бағыттары қаралады.
Мемлекет игілігінен алу және жекешелендірудің бірінші кезекті
меншікті орталықсыздандыруды ұйғарады. Өтпелі кезеңде экономиканы мемлекет
иелігінен алу және меншікті жекешелендірудің негізгі нысандары:
-кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықшаруашылық объектілерін
акционерлендіру;
-мемлекеттік меншікті жалға және коллективтік меншікке беру;
-мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар базасында жергілікті және
халықаралық кәсіпорындарды құру;
-мемлекеттік меншікті заңды және жеке тұлғаларға сату.
Экономиканың өндірістік емес сферасында мемлекет иелігінен алудың
өзгешелігі бар. Мұнда бұл процесс керекті әлеуметтік-экономикалық
алғышарттар құрылған кезде тауар өндірушілердің еркін кәсіпкерлігінің
жеткілікті жоғары деңгейге жеткен кезде жүзеге асырылуы тиіс. Қызмет
көрсету саласындағы жекешелендірулердің мүмкін болатын зардаптарын
болдырмайтын іскерлік әкімшілік – құқықтық және экономикалық механизмдер
жасалуы қажет.
Бірінші, тікелей мемлекеттік бақылау және реттеу сақталған салалардың
және жекелеген өндірістердің тізімі анықталады.
Өтпелі кезеңнің ірі бағыттарының бірі болып экономиканы
демонополизациялау, кәсіпкерліктің және бәсекелестіктің дамуы табылады.

Нарықтық экономикаға өту өзінің объективті шарты ретінде өндіріс
сферасындағы монополизмді жеңу, бөлу және тауар айналымындағы республика
аймақтарының тұйықтылығы мен оқшаулығы қарастырылады.
Нарықтық экономикаға өту, меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді
талап етті, өйткені, шаруашылық объектілер нарықта өз жұмыстарына өздері
жауап беретіндей, соған әрдайым иелік ететіндей болуы керек. Мұндай
талаптар дәрежесінен көріну үшін нарықта меншік иелері бәсеке жағдайында
әрекет етіп, жұмысты тиімді ұйымдастыруы шарт. Нақтылап айтқанда, қазіргі
нарықтағы меншіктілік жағдайында ғана өз қызметін атқара алады. Меншікті
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысында аса маңызды
мәселе. Осыған байланысты республикамызда Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру туралы заң қабылданды. Жекешелендіру барысында Қазақстан
мынадай ерекшеліктер мен қиыншылықтарды ескеруіне тура келеді.
-біріншіден, экономикалық реформалар басталғанда мемлекетменшігінде
негізгі қорлардың 80пайызы болды, жекешелендіру барысында мемлекеттік
сектордың үлесін 30-40 пайызға түсіру көзделінді;
-екіншіден, экономикалы дағдарыс тереңдеп, үдеп жатқанда жүргізілді;
-үшіншіден, инфляциялық процестердің күшеюі жұмыс дәрежесінің
төмендеуіне әкеліп соқты, өйткені өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға,
халықтың жеткілікті қаражаты болмады;
-төртіншіден, республиканың халық шаруашылық кешенінде ірі
кәсіпорындардың үлес салмағының жоғары болуы;
-бесіншіден, экономика шикізат өндіру бағыты басым болды;
-алтыншыдан, кәсіпрындардың аймақ бойынша, қалалар мен селолар
арасында біркелкі бөлінбеуі.
Шағын жекешелендіру бағдарламасында сауда, қызмет көрсету, қоғамдық
тамақтандыру, коммуналдық шаруашылық объектілерін, бәсекелестік жолмен
жекешелендіру көзделінді. Жекешелендірудің алғашқы
кезеңінде біраз кемшіліктер болды, себебі жекешелендірілген объектінің
50пайызынан астамы меншіктің ұжымдық нысанына берілді. Осы кезеңде ұжымдық
кәсіпорындардың 25 пайызы бұрынғысынан да төмен жұмыс істесе, 14 пайызы
өндірісті қысқартты немесе тіптен жабылып қалды, 30пайызы сол бұрыңғы
деңгейде қалып қойды, аз ғана бөлігі жұмысының түріне жаңалықтар енгізді,
кәсіпорындардың 31 пайызы ғана өз өнімдеріне баға өсіру арқасында жақсы
көрсеткіштерге жетті.
Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорындарды
(өндірістік кешені ретінде) сату. Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік
иесі болады. Тағы бір қарапайым формасы мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін
түгелімен бөліп беру. Бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорындарды
акционерлік қоғамға және жаапкершілігі шектеулі қоғамға (серіктестікке)
айналдыру. Жекешелендіру барысында азаматтардың мемлекет меншігіндегі өз
үлестеріне құқылығын сақтау.
Жекешелендірудің басты мақсаты - өнім өндіруді және оның сапасын
жақсартуды бұорынғыдан арттыра түсу, тауар молшылығын жасау, халықтың
тұрмыс дәрежесін жаңа сатыға көтеру. Сондықтан, қоғамдық мүлікті
жекешелендіру, оны талан – таражға салу емес, керісінше, оны тиімді
пайдаланудың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Нарық -түрлері, құрылымы, үлгілері
Нарықтық экономика жағдайы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Қаржы нарығының теориялық негіздері
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Стандарттар формасы
Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі
Нарықтың түрлері, құрылымы және мәні
Пәндер