Ақпаратты экономикалық ресурс ретінде қарау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе . . . 2-3

1-тарау

Ақпарат рыногы: ерекшеліктері және дамуының мәселелері . . . 4-13

Ақпаратты экономикалық ресурс ретінде қарау . . . 4

Ақпараттық өнім және оның ерекшеліктері . . . 5

Ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің түрлері . . . 6

Ақпаратты өндірудің шығындары мен нәтижелерінің қатынастығы . . . 7

Ақпараттық рыноктың құрылымының және оны реттеудің ерекшеліктері . . . 8

Ақпарат рыногындағы сұраныс, ұсыныс және бағаның қалыптасуы . . . 11

2-тарау

Жаңа ақпараттық технологиялар . . . 13-19

Аспаптық ақпараттық технологиялар . . . 14

Жасанды зият (интеллект) жүйелері . . . 15

Рыноктық экономиканың қолданбалы ақпараттық технолгиялары . . . 16

Салықтық ақпараттық жүйелер . . . 17

Инвестициялық жобаларды басқару технологиялары . . . 18

3-тарау

Ақпаратты қорғау . . . 19-20

Қорытынды . . . 21

Әдебиеттер тізімі . . . 22

Кіріспе

Рыноктық шаруашылықта төрт макросектор бөліп қаралуы тиіс: тұтынушылық игіліктері, өндіріс, еңбек құралдары, ақша және құнды қағаздар. Қазіргі заманғы өндірісті бесінші секторға жататын ақпарат рыногынсыз жүргізу мүмкін емес.

Көп жылдар және ондаған жылдар бойы біздің елімізде ең бастысы болып тамақ өнімін, материалдық игіліктерді өндіру және қоғамдық маңыздылығы бойынша әлдеқайда төмен болып есептелетін - қызмет көрсету өндірісі саналған еді.

Осыған ұқсас сансыз мысалдарды келтіруге болады, бірақ та олардың бір ғана ерекшелігі бар: өндірілген бастапқы өнімнің белгілі бір қызмет көрсетулерді болжайтын өзгерулері, алдын ала оның өмір циклінің маңызды емес, үшінші кезектегі кезеңдері ретінде қаралған болатын. Егер Ұлы Мәртебелі материалдық өндіріске қатысты менсінбейтін көзқарас қалыптасқан болса, онда халыққа қызмет көрсету - Материалдық Өнімді шығару үшін қажетті «тетіктер» туралы не айтуға болады! Олардың барлығы да өнім өндірмейтін сала сияқты ресурстарды орталықтандырып үлестіргенде Ұлы Мәртебелінің дастарқанынан қалған қалдықтарға ғана ие болған «күмәнді» сектордың құрамында қалды.

Сөйтіп біз, Ең Озық технологияны жүзеге асырып, ең ауыр станоктар мен ең ірі транзисторларды өндіріп, материалдық өндіріс саласында ең жоғары жұмыспен қамтылуға және мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау саласында ең төменгі жалақыға ие болып, нақтылы биік позициядан: өндірістік емес саладағы еңбек өнімді бола алама, деген мәселені талқылай отырып біз осылайша өмір сүріп жаттық. Бәрі жақсы келе жатқандай еді - қарқынымыз да болды, теория да іс-тәжірибеге асырылып жатты, кенет, «аяқ астынан», еліміздің әлемдік өркениет жолының жиегіне қарай ығыстырылып бара жатқаны анықталып шыға келді.

Біз, осының барлығына заттарды, азық-түлікті өндіруге басымдық беретін және қызмет көрсетулерге, әсіресе, ақпарат болып табылатын осындай «заттық емес затқа» көңіл бөлмейтін теория кінәлі - деуден аулақпыз.

Осы айтылғандарға байланысты, ақпаратты өндірудің экономикалық мәселелерін талқылауға тікелей кірісуден бұрын ақпараттың «құқықтарын өзіне қайтарып беру», өндіріс процестерінің нәтижесі болып келетін өнімдер мен қызмет көрсетулерінің қатарындағы оның орнын белгілеу қажет.

Ақпараттың, жеке немесе топтық субъектілердің әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірілген өнім ретіндегі ерекшеліктері келесі анықтамада жеткілікті дәрежеде ескеріледі.

Ақпарат ( ақпараттық өнім, зияткерлік өнім, рұхани немесе материалдық емес өндіріс және т. б. ) деп біз мынадай:

• оларды өндіруші қабылдаушыға белгілі бір білімді жеткізу үшін арналған,

• соңғының тарапынан ешбір арнайы, оның өзіне тән емес әлдебір әрекеттерді жүзеге

асырмай-ақ қабылдаушының білімін толықтыра алатын -

затты немесе әрекетті (өнімді немесе қызмет көрсетуді) атаймыз, яғни, әдетте, білім тікелей: оқу, бақылау, тыңдау арқылы қабылдануы тиіс.

Тұтынушы үшін тек ол қабылдаған, оған түсінікті және ақыр соңында, ең болмағанда, потенциалды түрде, әлдебір міндеттің немесе мәселенің шешімін табу үшін пайдалы мәліметтер ғана ақпарат болып табылады.

Технологиялық және экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, ақпаратты өндіру, онымен алмасу, оны тарату және пайдаланудың бірқатар оның өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Ұдайы өндірістік процестің рыноктық ұйымдастырылуының жағдайында олар әсіресе айқындалып және тосыннан пайда болады.

Осы курстық жұмысымда мен ақпараттық қызметтің, негізінен ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің ақпараттық рыногының қызмет атқаруының ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жақтарын қамтитын негізгі мәселелерін ашып көрсетуге тырысамын. Экономикалық ресурс және тауар ретінде ақпарат не болып табылады? Ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің ерекшеліктері қандай? Ақпарат рыногындағы бағалар қалай белгіленеді? Тегін таратылатын ақпараттық өнімдердің бар болуы экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда қажет пе? Ақпараттық қызметтің шығындары мен нәтижелерін бағалаудың жаңа сапалы әдістерін іздестіру шынымен-ақ қажет пе?

Осы және басқа да сұрақтарға біз, дамыған экономикасы бар елдердің тәжірибесіне және өзіміздің іс-тәжірибемізге, шетелдік және отандық экономистердің зерттеулеріне сүйене отырып, жауап табуға тырысамыз.

І - тарау

Ақпарат рыногы: ерекшеліктері және дамуының мәселелері.

Бүгінде, барлық елдерде, олардың экономикалық және әлеуметтік деңгейіне қарамастан экономиканың ақпараттық секторының өсуіне байланысты және тиісінше, өзімен қоса қоғамға елеулі әлеуметтік, саяси және мәдени өзгерістерді ала келетін құрылымдық қайта құру жүріп жатыр.

Осы беталыстардың айқын көрінісі ретінде ақпараттық қызметпен, яғни, ақпаратты өндіру, өңдеу, сақтау және таратуға байланысты қызметпен шұғылданушылар санының едәуір өсуі болып табылады.

Дамыған елдерде, ең алдымен АҚШ-та, экономиканың ақпараттық секторы қызметкерлерінің үлесі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында қазірдің өзінде 50%-тен асты. 1 Дамыған елдердің ЖҰӨ-дегі ақпараттық сектордың үлесі әр түрлі сараптаулар

бойынша 10-25%-ті құрайды.

Өз кезегінде, ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің рыногы бүгінгі таңда ең екпінді даму үстінде келе жатыр. Ең табысты және болашағы молына жататындардың біріне айналған ақпараттық бизнеске қызығушылық таныта бастаған фирмалар саны барған сайын көбейіп келе жатыр. Әр түрлі деңгейдегі ақпараттық сұраныстар қарқынды екпінмен өсіп келеді, бұл өз кезегінде ақпараттық алмасудың мүмкіндіктерін ұлғайтады, үнемі жаңа ақпараттық өнімдердің пайда болуына әкеледі, ақпараттық қызметтің барлық түрлерінің дамуын ынталандырады.

Қазақстандық экономикаға келетін болсақ, ақпарат рыногы енді ғана қалыптаса бастады. Еліміздегі ақпарат рыногы дамуының болашағы көптеген жағдайда бұл саладағы жан-жақты ойластырылған және өлшенген мемлекеттік саясатқа тәуелді. Оның үстіне, тек қана мемлекет рыноктың аймағынан тыс қалған ақпараттық өнімдердің өндірісін қамтамасыз етуі тиіс.

Көптеген дамушы елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, қазіргі заманғы қоғамның дамуындағы ақпараттық өндірісті дамытудың басымдығы, ақпараттық ресурстардың стратегиялық сипатының арқасында көптеген мемлекеттерге, дамыған елдермен салыстырғандағы экономикалық және әлеуметтік даму деңгейіндегі орасан зор алшақтықты жоюға мүмкіндік берді.

Осы орайда, ақпараттық өндірісті және, атап айтқанда, ақпарат рыногын және оның ерекшеліктерін зерттеу, бүгінгі күні елеулі теоретикалық және практикалық қызығушылықты тудырады.

Ақпарат экономикасы экономикалық зерттеулердің басқаларға қарағанда жаңа саласы болып табылады. Ақпаратты экономикалық талдаудың объектісі ретінде зерттеуге қатысты әр түрлі көзқарастар әрқилы теоретикалық ережелерге негізделеді. Бұдан ондаған жыл бұрын ақпараттың көзге көрінбейтін және материалдық емес әлдене ретінде экономикаға тікелей қатысы жоқ, - дейтін көзқарас кеңінен тараған болатын. Ғылыми-техникалық революцияның басталуы және аталмыш ақпараттық дүмпу түбегейлі түрде ақпараттық қызметтің өнімдеріне көзқарасты өзгертіп тағы бір қайшылыққа әкелді - енді ақпаратты тиімділік қалыбына салып, оған дағдылы экономикалық құралдарды қолдану арқылы оны тауарлардың бірі ретінде бағалауға әрекет жасалды.

Бүгінде, қарама-қарсы көзқарастардың осындай бір синтезі жүріп жатыр және ақиқат солардың ортасында іздестірілуде. Бұл ретте, экономикамен едәуір тығыз немесе аз шектесетін және ақпарат феноменін зерттейтін басқа ғылыми салаларда жасалған табыстар мен жаңалықтарды пайдалану еріксіз орын алады.

Ақпаратты экономикалық ресурс ретінде қарау.

Ақпарат экономикасының ұзақ тарихы жоқ. Ғылыми пән ретінде ол бұдан шамамен отыз жыл бұрын қалыптаса бастады. Американдық экономист Ф. Махлуп алғашқы болып

«білім индустриясының» шекарасын анықтауға және ұлттық байлықтың қай бөлігі ақпаратты өндірудің, өңдеудің және таратудың нәтижесі болып табылатыны жөніндегі сұраққа жауап беруге тырысты. Кейінірек М. Пораттың және М. Рубиннің еңбектері шықты. Олар әзірлеген ақпараттық қызметті талдаудың әдістемелері халықаралық тәжірибеде әсіресе жиі қолданылады.

Бүгінде, ақпарат материалдық, энергетикалық және адами ресурстарымен қатар қоғамның дамуындағы ең маңызды ресурстардың бірі ретінде қаралады. Бұл жөнінде Б. Компейннің айтуынша, «ақпарат қашанда ресурс болған, бірақ та тек жуықта ғана біз ақпаратты қабылдаудағы алғашқы ұшқындарын экономистер материя мен энергияны ресурстар ретінде қарайтын мағынада көре бастадық». 2

Ақпарат өзінің құрылымының арқасында нақты құнға ие. «Құрылымдалған ақпарат - яғни тікелей қабылдауға арналған ақпарат - ақша төленуі тиіс арнайы құрылымды қажет етеді». 3

Ақпараттық өнімдердің көмегімен тұтынушы өзінің жаңа мәліметтерге және білімге құлшынысын, сондай-ақ, әр түрлі эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың

мүмкіндігіне ие болады. Ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулер қажетті білімді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін белгілі бір ақпаратты және құралдарды ұсынады.

Ақпараттың дәстүрлі ресурстардың қасиеттеріне ұқсас бірқатар қасиеттерінің бар болуы ақпараттық өндірісті талдаған кезде оған қатысты көптеген экономикалық сипаттамаларды (баға, құн, шығын, табыс және т. б. ) қолдануға негіз болды. Экономикалық ресурс ретінде ақпарат алмасу үшін арналады, саны шектеулі болады, бұл ретте оған төлем қабілеттілігі жөніндегі сұраныс талабы қойылады.

Ақпараттың құндылығы тұтынушыға әрекет етудің қосымша еріктігін беру мүмкіндігіне саяды. Ақпарат мүмкін болатын баламалардың жиынтығын ұлғайтады және олардың салдарын дұрыс бағалауға көмектеседі.

К. Шеннонның Ақпараттың классикалық теориясы жағдайдың анықсыздығын жою қабілетін ақпараттың негізгі қасиеті ретінде қарайды.

Бірақ та ақпарат белгісіздікті жойып қана қоймайды емеспе. Жиі жағдайда керісінше: ақпарат арқылы алынған білім бұрынғы қалыппен келе жатқан жағдайдағы жаңа мүмкіншіліктердің жолын көруге және осының нәтижесінде белгісіздік дәрежесін және таңдау ауыртпашылығын ұлғайтады. 4

Бүгінгі күнде ақпарат теориясы әлі толығымен қалыптасып болған жоқ, кейде ақпарат табиғатына қатысты қарама-қарсы келетін көптеген әр түрлі көзқарастарды кездестіруге болады, «ақпарат» ұғымының өзінің әлі жалпыға бірдей танылған анықтамасы жоқ.

Ендеше біз ақпарат анықтамасын білімнің түрленген пішіні, яғни тікелей иесінен тәркіленіп әлдеқандай бір материалдық тасушыға көшірілген білім деп белгілейік.

Ақпараттық өнім және оның ерекшеліктері.

Ақпараттық қызметтің нәтижесі ретінде рынокта ақпараттық тауарлар және қызмет көрсетулер түрінде орын алатын ақпараттық өнім болып табылады.

Ақпараттың көптеген түрлері алмасу үшін ғана өндірілмейді және тұтынушыға қоғамдық игіліктер түрінде тегін ұсынылады. Олардың өндірісін мемлекет немесе коммерциялық емес пайда табуды көздемейтін ұйымдар жүзеге асырады.

Екіншіден, ақпараттық қызметтің нәтижесі болып табылмайтын ақпараттық көптеген тауарлар мен қызмет көрсетулер бар. Ең алдымен, бұл - ақпаратты өндіру, өңдеу және тарату үшін қажетті материалдық құрауыштар.

Ақпаратты басқа тауарлардан түбегейлі түрде ажырататын ақпараттық өнімнің негізгі ерекшеліктерін атап өтейік.

Біріншіден, ақпарат тұтыну кезінде жойылмайды, сондықтан көпмәртелі пайдаланыла алады. Ақпараттық өнім өзіндегі мәліметті қанша мәрте пайдаланылғанына қарамастан сақтайды.

Ақпараттың осы қасиетін - яғни оның жойылмайтындығын - Бернард Шоудың белгілі мәтелімен сипаттауға болады: «Егер Сіздің және менің қолымда бір-бірден алмамыз бар болса және егер біз осы алмаларымызбен алмассақ, онда Сіздің де, менің де бір алмамыз болады. Ал, егер де, Сіздің де менің де идеямыз бар болып біз олармен алмассақ, онда біздің әрқайсымызда екі идеядан болады».

Екіншіден, ақпараттық өнім уақыт өткен сайын өзгеше бір «моральдік тозуға» ұшырайды. Ақпарат, пайдалану кезінде тозбағанымен, оның ұсынған білімі көкейтестілігінен айырылған сайын ол өзінің құндылығынан айырыла бастауы мүмкін.

Ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы білімнің құнсыздану қарқыны бірдей

емес, ақпараттың «қартаю» процесі бес жылдан он бес жылға дейін созылуы мүмкін.

Үшіншіден, әр түрлі тұтынушыларға ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің әр түрлі тәсілдері ыңғайлы, өйткені ақпараттық өнімді тұтыну - күш жұмсауды қажет етеді. Ақпараттың адрестілігінің қасиеті осында жатыр.

Бұл орайда, қартаю қасиетінің сияқты осы қасиеттің де арқасында, ақпараттық өнімге зәрулік ешқашан да біржолата және мәңгіге қанықтырыла алмасы анық. «Ақпараттық өнімді жасау және пайдалану, - деп жазады Ю. Шрейдер, - бұл әрқашанда да білім мен ақпараттың арасын бөліп тұрған құздың үстінен көпір салу әрекеті болып табылады».

Төртіншіден, материалдық тауарларды өндіруге қарағанда, ақпаратты өндіру тиражға шығаруға кететін шығындармен салыстырғанда елеулі шығындарды талап етеді. Әлдеқандай бір ақпараттық өнімді көшірмелеу әдетте, оны өндіруден әлдеқайда арзанға түседі. Осыған байланысты, В. Тамбовцев: тұтынушы ақпараттық рыноктағы айырбас кезінде көшіру құқығын емес - тасушыны сатып алады, - дейді. 5

Ақпараттық өнімнің бұл қасиеті - өндіріс қиыншылығы және тираждаудың салыстырмалы қарапайымдылығы - атап айтқанда, ақпараттық қызмет шеңберіндегі меншік құқығын анықтауға байланысты көптеген мәселелерді тудырады.

Ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің түрлері .

Ақпарат саласы тауарлар мен қызмет көрсетулердің кең шеңберін қамтиды. Ақпарат рыногы, коммуникациялар, білім беру, ғылыми-техникалық зерттеулер, баспасөз, кино, жарнама, басқару қызметі және т. б. сияқты секторларды қамтиды.

Бүгінгі таңда ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің біртұтас жіктемесі әлі жасалмаған. Кейбір сипаттарының негізінде ақпараттық өнімнің белгілі бір категорияларын ажырату үшін қолданылатын көзқарастардың бірін қарап көрейік.

Ең алдымен таза күйіндегі ақпаратты және ақпарат тасушыларын ажырату керек. Пайдалану салалары бойынша ақпарат ғылыми-техникалық, басқарушылық және әлеуметтік болып бөліне алады.

Ақпаратты пайдаланудан келетін игіліктерді бағалайтын прагматикалық тұрғыдан алып қарағанда ақпараттық өнімдер танымдық және көңіл көтеретіндерге бөлінеді.

Халықаралық іс-тәжірибеде, тіпті Ф. Махлуптың еңбектерінен бастап, ақпараттық өнімдерге әдетте, ақпараттық қызмет өнімдерінің өзін және қосалқы өнімдерді, яғни, ақпараттың өндірісін, сақталуын және таратылуын қамтамасыз ететін өнімді жатқызады.

Мәселен, Ф. Махлуп білім өндірісіне қатысы бар 30 саланы ажыратып оларды бес топқа бөлді: білім беру, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер, бұқаралық ақпарат құралдары және байланыс, ақпараттық машиналар және құрал-жабдық, ақпараттық қызмет көрсетулері. 6

Ақпараттық салаға ақпараттың өзін, оның тасушыларын, байланыс арналарын және т. б. түрлендіру және оқыту үшін арналған техникалық құралдардың өндірісін жатқызған жөн дейтін де көзқарас бар. Мысалы, В. Тамбовцев ақпараттық рыноктың ішінен бес ірі блоктарды ажыратады: ғылыми-техникалық өнім, көркемдік мәдениеттің объектілері, басқарушылық мәліметтер және хабарламалар, тұрмыстық ақпарат, қызмет көрсетулер және білім беру. 7

Менің ойымша, ақпараттық өнімнің түрлерін бөліп ажырату жөніндегі әлдеқандай бір көзқарастың орындылығы зерттеудің тікелей мақсаттары, статистикалық есептеменің әзірленген әдістері, кәсіпорындардың және экономиканың жекелеген секторларының деіңгейінде де, сондай-ақ, халықаралық деңгейде де салыстыру мүмкіндігі арқылы анықталады.

Ақпаратты өндірудің шығындары мен нәтижелерінің қатынастығы .

Ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын шығындарды

анықтаудағы қолданылатын әдістердің басым бөлігі дағдылы тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісінің шығындарын бағалауда қолданылатын тура сол принциптерге сүйенеді.

Мысал ретінде статистикалық мәліметті өндіруге жұмсалатын шығындарды анықтау әдіснамасын келтірейік. Жиынтық шығындар жалпы технологиялық процестің әр түрлі кезеңдерін жүзеге асыруға байланысты шығындардың қосындысын көрсетеді. Жалпы шығындар бақылауға, бастапқы мәліметтерді әзірлеуге, ақпарат көздерінен алынған мәліметті таратуға, хабарламалардың шүбәсіздығын (анықтығын) қадағалауға, алынған мәліметтерді өңдеуге және оларды түрлендіруге, сақтауға, іздестіруге және мәліметтерді шығаруға жұмсалатын шығындарды қамтиды. 8

Ақпараттың тауар ретіндегі ерекшеліктері оның дәстүрлі әдістермен өндірілуінің шығындарын анықтауды қиындатады, көп жағдайда олардың қолданылуы формальді сипатта жүргізіледі.

Мысалы, кітап үшін қаламақы оның көлеміне байланысты есептеле алады, ол жанамалы түрде еңбек шығындарын көрсетеді. Алайда, бүгінде дамыған елдерде мұндай жүйе іс жүзінде қолданылмайды, қаламақы авторға тиражды аяғына дейін басып шығару нәтижесінде сатылған даналарының санына байланысты төленеді. Бұндай жағдайда ақпараттық өнімнің құндылығының сипаттамасы - сұраныс болып табылады. 9

Ғылыми немесе көркем шығармашылықтың «идеялық өнімнің» жалпы өзіндік құнының өзгеше бір бағалануын А. Моль ұсынған. Бұған А. Моль ойдың пісіп-жетілу уақытының бағасын, материалдардың бағасын, ойдың нақтылану уақытының және ақпаратты өңдеудің бағасын, сенім арту деңгейіне қосымша төлемдердің әр түрлі коэффициенттерін және әрқилы құрметті мөлшерлемелерін, өндірістің көбірек немесе азырақ тұрақты шығындарын жатқызады. 10

Ақпараттық қызметтің шығындары мен нәтижелерінің арақатынасының күрделілігін айта кету керек. Ақпараттық өнімнің дер кезінде пайдаланылуының факторы үлкен роль атқарған жағдайларда ақпараттық ықпал ету эффекті (әсері) ақпаратты өндіруге жұмсалған күшке пропорционалды емес болады. Бірқатар ақпараттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің тіршілік ету циклі үлкен емес, алайда оларды дер кезінде пайдалану орасан зор әсер қалдырады. Бұл мысалы, ақпараттық өнімнің оперативтік басқарушылық ақпарат немесе метеорологиялық болжамдар сияқты түрлеріне қатысты болады.

Барған сайын жиі жағдайда ақпараттық өндірістің шығындары мен нәтижелерінің қатынастығын экономикалық тұрғыдан талдауда «шығын-ұтым» принципі қолданылады. Ол, ақпаратты жалпы өлшем бірліктерінде (әдетте, мұндай бірліктің қызметін ақша атқарады) пайдаланғанда алуға болатын барлық шығындар мен игіліктердің сандық бағасын табуға мүмкіндік береді. Талдаудың негізгі қадамдары төмендегідей: ақпаратты пайдаланудың барлық салдары тізбеленеді, сонан кейін олар оң және теріс деп бөлінеді, әрқайсысы үшін түпкі нәтижеге ықпал ету дәрежесі анықталады, сонан соң барып осы салдардың бір-бірімен арақатынасын анықтауға мүмкіндік беретін бірегей өлшем іздестіріледі. 11

Алайда, мұнда да белгілі бір қиыншылықтар кездеседі. Бір жағынан, ақпараттық қызмет саласындағы шығындарды ақшалай өлшеу көптеген жағдайда шығындардың

8 Тамбовцев В. Указ. Соч. С. 155-161.

9 Шрейдер Ю. Указ. Соч. С. 24.

10 Экономическая информация. М., 1974. С. 94

11 Чирченко О. Информационные аспекты информатизации. М., 1989. С. 57.

барлық түр-түстерін көрсету үшін барабар емес деп танылады. Екінші жағынан, ақпаратты пайдаланудан келетін әлеуметтік ұтысты анықтау ісі шешілмеген мәселелер санына жатады.

Айтарлықтай жуықта, экономикалық психологияда «мінездік шығындар», яғни нервтік (жүйкелік) энергияның, ойлаудың және т. б. шығындарының ұғымы пайда болды. 12

«Мінездік шығындар» тұжырымдамасы ақпараттық қызметтің тиімділігін бағалауға тікелей кірісуге мүмкіндік береді. Қызметтің көптеген түрлері, тіпті ақша жағынан пайдалы бола тұрып, шынында шығынды болып шығуы мүмкін.

Сонымен қатар, қоғамға көрсетілетін ақпараттық ықпалдың күші күннен-күнге өсуде. Ақпараттық тауарлармен және қызмет көрсетулермен қамтамасыз етілу жағдайы, ақпараттық алмасудың мүмкіндіктері қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге дайын екендігін сипаттайды.

Ақпараттық өндіріс саласындағы кейін қалу ең жаңа ақпаратқа қол жеткіздірмейді және соның нәтижесінде дәстүрлі де, сондай-ақ, экономиканың ең жаңа салаларында кейін қалуға ұрындырады.

Ақпараттық рыноктың құрылымының және оны реттеудің ерекшеліктері .

Ақпараттың, экономикалық және әлеуметтік дамудың ресурсы ретіндегі стратегиялық сипаты мемлекеттік реттеудің жоғары дәрежесін, ақпараттық өндірістің шоғырлануының және монополиялануының елеулі деңгейін негіздейді.

Бұл саладағы бүгінде орын алып отырған беталыстарды коммуникациялар рыногындағы жағдай айқын суреттейді. Осылайша, әлемнің 13 дамыған елдерінің арасында тек АҚШ, Ұлыбритания және Жапонияда ғана дәстүрлі коммуникативтік құралдарға монополия жоқ.

Әлемнің ең үлкен телекоммуникациялық компаниясы болып табылатын американдық « АТТ» корпорациясында қазіргі кезде 320 мың қызметкерлер жұмыс істейді, ал оның айналымы 1992 жылы 65 млрд. долларды құрады (Бұл әлемнің көптеген елдерінің ЖҰӨ-нің көлемдеріне сәйкес келеді) . 13

«АТТ» халықаралық телефон арқылы сөйлесулер рыногының 99%-ін бақылайды, ал оның ең жақын тұрған бәсекелесінің үлесіне осы рыноктың 1%-і ғана тиеді. 14

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АХС 700 қаржылық есептілік туралы пікір қалыптастыру және қорытынды жасау
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау
Әкімшілік интернет ресурсын әзірлеудің алғышарттары
Жерді қашықтықтан зондлау әдістері
Қазақстандағы ауаның ластануы
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың түсінігі
Telegram мессенджерінің мүмкіндіктері мен Telegram боттарын құру технологиясына шолу
Электронды пошта желісі
КАНАДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ
Қазіргі заманғы интернет технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz