Тұтыну несиесінің мәні және оның құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 2-3 бет.

II. Тұтыну несиесі.

2.1. Тұтыну несиесінің мәні және оның құрылымы ... ... ... ... ... 4-10 бет.
2.2. Несиенің түрлері мен жалпы жүзеге асырылатын
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..11-14 бет.
2.3. Тұтыну несиесінің құқықтық негіздері мен даму
перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 15-20 бет.

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..21-22 бет.

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...23 бет.

I. Кіріспе.

Қазақстан Республикасы нарықтық мемлекет ретінде дамуы жағдайында
аса назар аударылатын ая мемлекеттің ақша – несие саясаты. Әсіресе, соңғы
үш – төрт жылдар ішінде еліміздің несие жүйесі дамып, өркениет елдердің
несие жүйелерімен терезесі тең түсіп отырғанына көзімізді жеткізіп отырмыз.
Осыған себепші және негіз болған тек қаржылық жағдай емес, сонымен бірге
банктік – құқықтық нормалалардың замана, нарықтық экономика талаптарына сай
қабылданып, қалыптасуы деп түсінуіміз қажет.

Бүгінде, нарықтық экономика аясында кәсіпқой түрде іске асырылып
жатқан қызметтердің ішінен тұтыну несие қызметін жеке дара бөліп шығаруға
болады. Себебі, қандай да болмасын кәсіпкерлік, коммерциялық қызметтің
материалдық негіздері қаражаттар, яғни өздерінің немесе қарызға ақшалары
болып саналады. Осыған байланысты, нарықтық процестер несиелік
капиталдардың көмегінсіз, олардан тыс жүзеге асырылынбайтынын білуге
тиістіміз.
Алғашқысында несиенің мәнін ашуымыз қажет, несие дегеніміз – жеке
және заңды тұлғалар арасында болатын, қайтарып берілуі, ақылы болуы және
мерзімділігі анықталған ақша және вексельдердің құнын тапсыру кезінде пайда
болатын экономикалық қатынастар.
Несие беру жүйесінде негізгі орталық орынды Мемлекеттік банк алады.
Халық шаруашылығының әртүрлі салаларының кәсіпорындары мен ұйымдарына несие
беру жөніндегі және олардың арасындағы есептесуді іске асыру функциялары
мемлекеттік банк, сондай – ақ екінші деңгейдегі банктер де қамтамасыз
етеді. Банкілік несиелердің мынадай ерекшеліктері бар:
• Құқықтық қатынастар арнайы субъектілер құрамымен сипатталады: несие
беруші – банк немесе несиелік мекеме болуы керек;
• Коммерциялық банктер беретін несие тек ақшалай формада болады;
• Коммерциялық банктер мен клиенттер арасында жасалатын шарттардың
ерекшеліктері – олардың қайтарылатындығында.
Несие алу және несие беру банктердің басты сипаттамаларының бірі
екендігі белгілі. Осы несиені беру барысында банк несие алушыға банкілік
процент белгілейді. Банкілік процент дегеніміз – несиеге алынған сомманы
процент есебінде қосылатын, несие алған адамның (борышқор) несие иесі –
банкке несиені бергені үшін төлейтін өсімі (төлемі). Экономикалық тұрғыдан
алып қарасақ, несие үшін төленетін процент – несиелік процент – несиелік
қатынастар барысында іске асырылатын дербес экономикалық категория болып
табылады.
Көптеген ғалым – экономистердің, заңгер – құқықтанушылардың және
тәжірибелі қызметкерлердің алдында несие жөнінде келесі міндеттер тұрады:
• Несиелік қатынастардың эволюциялық дамуының теориялық аспектілерін,
несие рыногының даму тенденциясын талдау;
• Несиелік саясатты, оны іске асыру құралдарын, экономикалық даму
проблемаларын шешуде Қазақстан Республикасындағы несиелік қарым –
қатынастардың рөлі мен алатын орнын талдау;
• Шаруашылық қатынастардың дамуының дүние жүзілік тәжірибесін зерттеу
және Қазақстан Республикасы несиелік жүйесінің қалыптасу
мүмкіндіктерін анықтау;
• Несиелік заңдардың дамуын талдау;
• Банкілік несиелеудің құқықтық табиғатын және банкілік несиелерді
қамтамасыз етудің проблемаларын талдау.
Осындай және басқа да тұтыну несие жүйесінде көздеген мәселелері мен
проблемаларын курстық жұмысымда ашуға тырыстым.

II. Тұтыну несиесі.
2.1. Тұтыну несиесінің мәні және оның құрылымы.

Экономистер несиені ерікті түрде ерік білдіруімен негізделетіндігін
айқындаған, сонымен бірге нарықтық экономикаға өту барысында маңыздылығы
жағынан ақша несие қатынастарын басқару жүйесінің тиімділігі сияқты
фактормен теңестірілетін ешнәрсе болмайды деп тұжырымдаған.
Несие экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементінің бірі
болып табылады. Ол әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты,
қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді.
М.А. Пессельдің пікірінше, несие шаруашылыққа тән экономикалық
категория және онда мемлекет, шаруашылық ұйымдары немесе жеке тұлғалар
біріне – бірі қайтарып беру шартымен уақытша пайдалануға құн бергенде пайда
болатын өндірістік қатынастар көрініс табады.
Несиенің мәнін талдау жөніндегі келесі бір методологиялық ой –
тұжырымдар Г.А. Шварцтың, И.В. Левчуктің, О.И. Лаврушиннің, В.И. Рыбиннің
және тағы да басқа авторлардың еңбектерінде айтылған.
Тұтыну несиесі – ссудалық капиталдың мерзімділік, қайтарымдылық және
ақылылық негізде іске асырылатын қозғалыс. Яғни, тұрғындарға тұтыну
тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық
(бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату)
және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну
несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету.
Бұл сауда бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының
ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс
несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі
төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі
уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Осы талаптарды жүзеге асырудың экономикалық шарттары өндірістік
процестің өзінде. Құн қозғалысы несиенің қозғалысының түп тамыры болып
табылады. Несие ссуда мәмлесі ретінде товар айналымын білдіреді.
Профессор Г.А. Шварц: “банк пен оның аппараты ғана несие беруге және
экономиканың пропорционалдығы міндеттерін орындауға бағытталғандығын естен
шығармау керек” – деп жазады.[1]
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі
деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының
қатынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10 % деңгейінде, ГФР және
Францияда 30 %, ал Ұлыбритания мен АҚШ – та 60 % - дан астам.2 Тұтыну
несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде:
автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.б.
пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады.
Капиталистік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді
сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма – қол төлеу шартымен
сатылады.
70 – жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты
несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды
сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын
алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты –
клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар
сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.3
Сондай – ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған.
АҚШ – пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға “дербе
несиелер” деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді
тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды
қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар.
Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада
беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық
мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді
кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден,
делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым
етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі қызметтерді
алу үшін (мысалы, туристік сапарларды төлеу) кезінде пайдаланылады. Бұл
несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне
қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады. Әдетте
дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен
шектеледі, өтелу мерзімі 36 ай.4
Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ережелері анағұрлым біркелкі
бағытталынған. Бұған несиелік карточкаларды жаппай қолдану жағдай жасады.
Бұл төлем карточкаларының көптеген түрлері бар. Олардың барлығын ортақ
сипат біріктіреді, яғни тауарды болашақта төлемін төлеу бойынша сатып алу
мүмкіндігі туады.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады,
сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл
реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі
бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей
кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне
несиелік шектеу әрекеті таралады.
Тұтыну несиесінің қазіргі жүйесі үшін шаруашылық субъектілерінің
өздерінің қаражаттары мен қарызға алған қаражаттары арасындағы арақатынасын
бекітуге мемлекет тарапынан диктаттың болуы жат құбылыс. Шаруашылық
субъектілері өздерінің қызметі барысында қолда бар қаражатының барлығын
айналымға қосуға экономикалық жағынан мүдделі болады және шаруашылық
айналымына тартылған қарыз ақша қаражаттары үшін толық материалдық
жауапкершілік атқарады. Қарыз ақша қаражаттары ретінде банкілік несие ғана
емес, сонымен қатар, ақшалай және товарлық формадағы шаруашылықаралық несие
де болады. Қазіргі кезде кәсіпорындарға кімнен және қандай мөлшерде қарыз
алатындығын шешу құқығы берілген, ал оларды пайдаланудың мән – жайлары
шартпен көзделеді.
Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің
саясаты елде іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған. Бұл үшін
тұтыну несиесіне жеңілдік жағдайлар енгізілген: тауар бағасының қолма – қол
түрде төленетін бөлігін қысқарту, несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының
төмендетілуі. Экономиканың “қызып кеткен”, ақшаның инфляциялық құнсыздануы
күшейуі жағдайында қарама – қарсы саясат жүргізіледі: қолма – қол төлемнің
үлесі жоғарылайды. Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол
тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндіріс мен
өткізілуінің ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс
деңгейі орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады. Бірақ ұзақ
пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма – қол мәміле
арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі.
КСРО – да тұтыну несиесі 60 – 70 жылдары дамыды. Несие ұзақ
қолданыстағы тұрмыстық заттарды сатып алу үшін 1 – 2 % жылдық мөлшерлемемен
6 – 24 айға берілді.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында
тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін
мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
азаматтарға қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз – жинақ
шоттары ашылды. Қарыз – жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған
құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен тұрғын үй сатып алуға және
осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде өзгеріссіз тұрақты түрде
қалады. Құрылымдық талдау аясынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде,
бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады.
Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші мен қарыз алушы болады.
Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы
негізінде жүреді.4
Сатып алу – сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың
ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып
алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші
қолма – қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немес болашақтағы
ақшаның өкілі ретінде бола отырып, тауарды сатып алады. Сатушы – қарыз
беруші, ал сатып алушы борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір
полюсте эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге
асатын жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болады.
Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық
қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы
өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор – саудагер, көпес
тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен
тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен
тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.5
Несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз
алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын
объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның
ерекше бөлігі ретінде болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие.
Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн кредитор мен
қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін
жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы – оның авансылану сипаты.
Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының
шаруашылығында қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде онда жасалуы
тиіс табыстарды болжап біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға несие беру
жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың
болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және
сол табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану мүмкіндігін ескереді. Сонымен
бірге, қаражаттарды авансылаудың кез келгені несие болып табылмайды.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ
ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады: несиені
орналастыру – қарыз алушылардың несиені алуы – несиені пайдалану –
ресурстардың босауы – уақытша алынған құнның қайтарылуы – несие формасында
орналастырылған қаражаттарды кредитордың алуы.
Несиені орналастыру – оның қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор
өзінің ресурстары анағұрлым тиімді (рационалды) формада орналастырылғанына
сенімді болуы керек. Банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына
сәйкес несие береді – қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы.
Қарыз алушының несиені алуы қарызға берілген құнның белгілі бір уақытқа
ұсынылғанын білдіреді. Несиені пайдалану процесінде берілу объектісі
ретінде оның тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың босауы қарыз алушының
шаруашылық процесінде құнның шеңбер айналымы актінің аяқталуымен
сипатталады. Сондықтан несие қозғалысының бұл кезеңі оның шеңбер
айналымының келесі жаңа фазасына өтуі үшін материалдық алғышарт болып
табылады.6
Несиенің қайтарылуы уақытша алынған құнның қарыз алушыдан
кредиторға өткенін білдіреді. Несие қозғалысының соңғы сатысы – бұл уақытша
пайдалануға берілген құнды кредитордың алу актісі болады.
Осылайша, несие қозғалысының заңдылықтарын талдау процесінде бұл
қозғалыстың барлық сатылары қарызға берілген құнның толық шеңбер
айналымының бөліктері ретінде өзара байланыста және өзара шартты екенін
көреміз.
Жоғарыда айтып отырғанымыздай, кредитор, қарыз алушы олар несие
қатынастарының субъектілері болып табылады. Яғни, кредитор – несиелік
мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Бұл термин латынның creditor – “сенуші”
деген сөзінен шыққан.7 Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір
қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде
қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен
алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор –
банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның
шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция
және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де
бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар
ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын
ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір
жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға
беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды
қарыз алушыға береді.
Тауарды жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.
Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімінің арасындағы уақыт бойынша
үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы
эквивалент төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек. Мына
жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу – сату, тауарды жіберу мен
оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факті тудырмайды, оны төлемнің
кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт
өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторладың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен
анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына
байланысты.8
Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді.
Несие беруші мен қарыз алушыдан басқа несиелік қатынастардың
құрылымының элементі несие объектісі болып табылады, яғни, несие берушіден
қарыз алушыға ауысатын және керісінше, қарыз алушыдан несие берушіге қайтып
тапсырылатын ақша қаражаты.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама – қарсылықтардың
бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор
және қарыз алушы оның қарама – қарсы жағында тұрады. Кредитор – қарызды
беруші жақ, қарыз алушы – берілген қарызды алушы жақ; бүтіннің шеңберінде
олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына
байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына
мүдделі болса, қарыз алушы – анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
Қандай да бір жағдайда алынған тұтыну несиесі міндетті түрде
несиелік шарт жасасуы қажет. Бұл несиелік шартты жасау үшін несие беру
жөніндегі банктің келісімі керек және қарыз алушыға ақша берілуі қажет.
Несиелеу процесі оны уақытында қайтаруға мүмкіндік бермейтін көптеген
тәуекелдердің болуымен байланысты. Сол себепті қарыз беретін банк қарыз
алушының несиелік қабілеттілігін тексереді.
Несиелік мәмленің басты элементтерінің бірі – қарыз алушының қарызды
қамтамасыз ете алатындай қандай активінің бар екендігінде. Қамтамасыз ету
банк үшін соңғы қорғаныс шебі және ссуда беру жөніндегі шешім
қаржыландырылатын жобаларға негізделуі керек. Егер, несиелік мәмленің
негізі жоғарғы дәрежедегі тәуекелмен байланысты болса, ол жақсы қамтамасыз
етілгеніне қарамастан несие беру қателік болар еді. Дегенмен қамтамасыз
етілмейтін несие беруге қарызды жою негізі сенімді болса ғана болады.
Әрбір несиелік шартта, оның түріне қарамастан мыналар көрсетілуі
керек:
1) Несиенің мақсаты;
2) Несиені жою тәртібі;
3) Несиенің мерзімі;
4) Несиенің қамтамасыз етілуі;
5) Несие үшін сыйлық беру.

2.2. Несиенің түрлері мен жалпы жүзеге асыру принциптері.

Белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп
шығатын белгілі бір қасиеттерге ие ол несиенің жалпы түрлері.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып
табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде
түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Кредиттік операциялардың мынадай түрлері болады:
1. Мерзімі бойынша:
• Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• Орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін);
• Ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
2. Қамтамасыз етілуіне қарай:
• Қамтамасыз етілмеген;
• Қамтамасыз етілген.
3. Мөлшері бойынша:
• Ұсақ;
• Орташа;
• Ірі.
4. Банкілік несие беру тәсілі бойынша:
• Компенсациялық;
• Төлемдік.
5. Жою тәсілдеріне байланысты:
• Бірте – бірте жою;
• Бірден жою.
6. Пайдалану мерзіміне байланысты :
• Сұрағанға дейін;
• Мерзімді.
7. Мақсатына қарай:
• Тұтынушылық;
• өнеркәсіптік;
• саудалық;
• инвестициялық;
• ауыл шаруашылық;
• бюджеттік.9
Мысалы, тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал
халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
1) несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
2) экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен байланысты
коммерциялық және қаржылық – кез келген мақсат үшін пайдалынылады
(қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау);
3) несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық
ұйымдар беретін.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің несиелері мен екінші
деңгейдегі банктердің несиелері дамыған.
Ұлттық банктің несиелері:
• аукциондақ – Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып
табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде,
республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді
несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін
несие;
• ломбардтық – Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала
отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;
• бюджеттік – Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
қайтарымдылық (нарықтық) шартымен беретін несиесі.
Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
• өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыруға;
• күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
• импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт;
• ипотекалық;
• несиелік желі негізінде – қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша
және белгілі бойыншаі кезең бойында келісілген лимит шегінде оған
несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі;
• консорциялық – несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік
операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің
қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін
несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да бір себептерге
байланысты бұл функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін;
• тұтыну мақсаттарына;
• банкаралық.10
Несиенің принциптерін несиенің міндеті мен мәнін ашатын және
несиені жоспарлау, беру, пайдалану және қайтару процесіндегі экономикалық
заңдардың нақты формалары ретінде қарастыруға болады. Несиелеудің
принциптерін зерттеуге осындай методологиялық тұрғыдан қараған О.И.
Лаврушин оларды екі топқа бөлді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні мен теориялық негізіне жан-жақты зерттеулер жүргізіп, несиелеудің бұл түрінің “Еуразиялық банк” ақ-ның қызметіндегі жүзеге асырылу ерекшеліктерін қарастыру
Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері
Қысқа мерзімді несие
Delta Bank акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиеcін ұйымдастыру
Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
Қазақстандағы тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және оны талдау
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін жетілдіру жолдары
Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ( Цеснабанк АҚ мысалында)
Қазақстан банк ісі
Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары
Пәндер