Түркілердің сенім негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-8

I ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕРДІҢ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ НАНЫМ -СЕНІМДЕРІ . . . 9-30

1. 1 Көне түркілердің жазбаларындағы дүниетанымдық көзақарастары мен құндылықтар жайлы түсініктер . . . 9-19

1. 2 Түркілердің сенім негіздері: Тәңірлік, Жер-Суға және Ұмайға табынудағы дала дәстүрінің жалғастығы . . . 20-30

II ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ НАНЫМ -СЕНІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ . . . 31-54

2. 1 Ежелгі түркілер арасында христиан және будда діндердің таралуы . . . 31-41

2. 2 VIІІ-XII ғғ. Қазақстанға ислам дінінің келуі . . . 41-54

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 55-56


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
. . . 57-60

КІРІСПЕ

Тақырыпың өзектілігі. Көне түркілердің рухани әлемі- аса күрделі мәселелердің бірі. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама -қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес.

Батыс пен шығыстың арасын жалғастырушы дәнекер ролін атқара жүріп көне түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр-салты бар өзгеше дала мәдениетінің негізін салып, қоғамдық-әлеуметтік институттардың күрделі түрлерін, еншілік жүйесін, шешендік иерархиясын, соғыс өнерін, елшілік үрдісін игере білді, сол сияқты олардың көрші елдердің идеологиясына қарсы қоятын мұқият әзірленген дүниетанымы да болды.

Одақтық тоталитарлық жүйе бұзылғаннан кейін біртұтас түркі мемлекеттері жеке-жеке өз тәуелсіздігін жариялап, егемендікке қол жеткізді. Рухани байлығымыз - салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіліміз бен діліміз қайта жаңғырып жатқандығы баршаға мәлім. Соның нәтижесінде түркітану саласына деген көзқарас қайта өзгеріп, ғылымға біршама өзінің жаңа табыстарымен қайта оралды. Осы мақсатта ғылым саласы да өз зерттеу объектілеріне жең түре кірісіп, халық тарихы мен мәдениетінің қайнар бастауын көне заманнан іздеп, қазіргі уақытта көптеген табыстарға да қол жеткізіп үлгерді. Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр.

Әлемдік өркениеттің дамуына айрықша ықпал еткен түркілердің тарихи мұрагері болып қалған қазақ жерінде ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің дамуы, діни наным-сенімдер мен әлемдік діндердің таралуы зор қарқынмен өріс алған. Мал шаруашылығын кәсіп еткен көшпелі халық өркениетінің мінсіз үлгісі қалыптасты. Қала мәдениетінің де бүгінгі игіліктеріне жетеқабыл сәулет пен құрылыс өнері дамыды. Оған археологиялық қазбалар кезінде табылған атақты қалалар мен тарихи ескерткіштер, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстанбаб, Айша бибі мазары, Отырар, Сайрам секілді қалалардың орны куә. Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі және бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі - қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі болып отырғаны рас.

Кеңестік кезеңде әдейі таңылып келген «қазақта қала мәдениеті болған жоқ» деген жалған түсініктің үстемдік етті. Түркі халықтарының арасында өзіндік орны бар, ежелгі мәдениеті мен әдебиетінің қайнар бастауы терең қазақтар «кеңестік дәуірге дейін көшіп-қонып өмір сүрді. Оларда қала мәдениеті болған жоқ» деген теріс пікір санаға зорлап енгізілді. Тіпті қазақтың көзін қазан төңкерісі ашты. Ал оған дейін елдің екі пайызы ғана сауатты болды деген қасаң қағида қалыптасты. Сөйтіп, қазақты жартылай отырықшы және отырықшы топтар қалыптастырды деп елдің заттық және рухани мұрасы туралы сөз етуді де орынсыз етіп көрсетті.

Халқымыз рухани құндылықсыз өмір сүрген жоқ. Жерімізде Отырар, Исфиджап, Түркістан, Сығанақ, Жент, Баршыкент, Тараз, Баласағұн секілді бірнеше мәдени, әдеби, рухани орталықтар болғаны айылмай қалды. Ал, соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстары тек бір ғана Отырардың өзінен X-XVI-шы ғасырларда Әбу Насыр әл-Фарабиден басқа ғылымның сан салалары бойынша терең де ойлы шығармалар қалдырған 17 ғұлама шыққанын көрсетіп отыр. Ал атақты Отырар кітапханасы қорының молдығы жағынан кезіндегі Александрия кітапханасынан кейінгі 2-ші орында болғандығын ескерсек, осыншама даналардың шығуы табиғи дәлелдеуді қажет етпейтін мәселе болмақ.

Бірақ, ұзақ уақыт бойы біз құнды мәдени жәдігерлерімізден айырылып қалдық. Осы орайда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасының әлемнің түпкір-түпкіріне тарап кеткен мұраларымыздың әуелі көшірмелерін алдыртып, аудартып, хрестоматиялап құрастырып, жариялау мен кешенді зерттеулер жұмысы басталды.

Әлемдегі ешқандай өркениет дербес дамымайды. Ол өзіне әртүрлі мәдениеттердің жетістіктерін жинақтап отырады. Сол сияқты діни наныммен діндердің таралуы осының нәтижесі. Іс жүзінде адамзат қызметінің барлық салаларын қамтитын Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясының санқырлылығы оның қайталанбас ерекшелігі болып табылады. Ғасырлар бойы мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысы болған Орталық Азиядағы түркі өркениеті - бүгінгі таңда жіті зерттеуді қажет ететін сипаттар мен ерекшеліктерге ие. Қазақстан бұрнғы Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясының бүгінгі заңды мұрагері. Орталық Азияда көшбасшы болып отырған Қазақстанның бүгінгі түркі әлемімен ықпалдастық байланыстарды тереңдетуде және түркі дүниесіндегі мемлекеттер арасында өзара сындарлы іс-қимылға қол жеткізуде оң рөлі бар.

Сондықтан түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясы мәселелерін зерттеу өзекті тақырып болып табыладыжәне де көне түркілердің дүниетанымын, рухани қазынасын тұтас, әрі жан-жақты зерделеу заман талабынан туындап отырған мәселе.

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясы мәселелерін зерттеу түркітану немесе туркология ғылымыммен тығыз байланысты. Басында тіл білімінің бір саласы ретінде көне түрік жазба ескерткіштерін зерттеу барысында Еуропа ориенталистерінің ізденістерімен бірге қалыптасқан ғылым саласының мәні, ауқымы, пәнаралық сипаты уақыт өте келе түрлі өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Кезінде еуроцентристік көзқарастардың ықпалынан шыға алмағандықтан түркі халықтарының мәдени мүрасына тосырқай қарау, байырғы жазба ескерткіштердің саяси, тарихи, мәдени мән-маңызын, адамзат тарихындағы орнын белгілеуде үнсіздік танытып, тек тілдік айғак ретінде қарастыру белең алған кезеңдерді де бастан кешірдік. Түркологияның кешенді ғылымға айналғанына көп уақыт өткен жоқ. Себебі, қоғамдық-гуманитарлык сипаты бар ғылымның өсіп-өркендеуі үшін де қоғамның кемелденуі қажет екен.

Кеңестер Одағының саяси-идеологиялык ұстанымдарының аясында дамыған қоғамдық-гуманитарлық пәндер сияқты түркологияның да шеңбер ішіндегі шектелушілігі алдымен оның пәнаралық кешенді сипатының қанат жаймауында еді. Мұндай мәселеге жол ашар болса, онда түркі халықтарының әлемдік тарихи үрдістердің төрінен ойып орын алатын белгі-бедерлерін де қадап айтудың кажеттілігі туындайтын. Бірақ, ежелгі дәуір мен орта ғасырларда әлем тарихының күре жолында болған түркілердің тарихы кеңестік идеологияның өктем үнімен үндесе қоймайтын. Сондықтан скифтер, сақтар, ғұндар, тіптен көк түріктер тарихы бір арнада, түркі халықтарының арғы тарихымен біртұтас сабақтастықта қарастырылмайтын еді. Қоғамның саяси ахуалы түркітану ғылымының методологиялық, әдістемелік бағыт-бағдарын шектеп отыратын. Бұл кезеңде түркологияның ғылыми нәтижелері тіл, тарих, әдебиет, өнер, философия сияқты қоғамдық пәндердің бағдарламаларына енгізілмеді. Олар іс жүзінде түркітанушы ғалымдардың ғана қаперінде жүретін. Оның үстіне түркологияның терең тұжырымдалған іргелі теориялық ізденістері негізінен еуропалық ғалымдардың зерттеулерімен байланысты бой көрсетіп жатушы еді.

Дегенмен түркілердің діни наным -сенім мәселелерін зерттеуде кеңестік тарихнаманың жетістіктерін де жоққа шығаруға болмайды.

Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясы мәселелері ең алдымен жалпы түркі тайпаларының тарихы мен мемлекеттерін зерттеуге бағытталған еңбектерде де көрініс тапты. Түркілердің тарихы мен мәдениетіне қатысты алғашқы кең көлемді зерттеулер В. В. Бартольдың еңбектерінде қарастырылды [1] . Зерттеушілердің ішінен Л. Н. Гумилевтың көне түрікілердің тарихына арнлаған еңбектерін ерекше атап өту қажет [2] .

Л. Н. Гумилев мәдени жетістіктерін маңсұқ еткен, оларды «тарихтың арамтамақтары» деп атаған еуропацентристік көзқарастарды ашық сынға алды. Ол еуразиялық мектептің өкілі ретінде көне түркілердің әлемдік тарих пен өркениеттің асыл қазынасында алатын тың пікірлерімен ерекшеленді. Б. Е. Көмековтың қимақтар [3], С. Г. Агаждановтың оғызда [4], О. Қараевтың қарахандар [5] тарихына арналаған монографиялық іргелі зерттеулерінде олардың діні, мәдениеті, шаруашылығы жайлы мол мағлұматтар бар.

Соынмен бірге мәселенің зерттелуінде көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелуі аса маңызды болып табылады. Орхон-Енисей жазба есскерткіштерінң зертелуіне қатысты алғашқы ғылыми нәтижелер осы экспедицияның еңбектерінің топтамасында жарық көрді [6] . 1900 жылы М. П. Мелиоранский Күлтегін ескерткіші туралы еңбегін жариялайды [7] . Бұл еңбекте алағаш рет Күлтегін ескерткішінің жалпы сипататамы беріледі. Көне түркі жазба ескерткіштерінің текстері мен оларды зерттеуге негізделген көлемді еңбекті С. Е. Малов жариялайды [8] . С. Г. Кляшторный көне түркі жазба ескерткіштерін Орта Азия тарихының деректері ретінде қарастырды [9] . И. Б. Батманов көне түркі жазбаларының талас ескерткіштері туралы зерттеулерін жариялады [10] . Қазақ ғалымдары ішінен Ғ. Айдаровтың [11] және Ә. Қоңыратбаев пен Т. Қоңыратбаевтардың [12] еңбектерінде атап өту қажет. Зерттеуші И. В. Стеблеваның Орхо-Енисей жазба ескерткіштерінң әдеби формалары жайлы зерттеуінде түркі жазбаларының әдеби формаларының қазіргі түркі халықтарының әдеби мұраларымен генетикалық байланыстары сөз болады [13] . Қазіргі таңда түркі жазба ескерткіштеріне қатысты зертеулер кең көлемде жүргізіліп отыр. Ғалым Қ. Сартқожаұлы түркі жазба ескерткіштерінің кең көлемді атласын жариялады [14] .

Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясының зерттелуінде ортағасырлық қала мәдениетінің зерттелуі маңызды болып табылады. Себебі түркі-қазақ отырықшы мәдениетің жоқққа шығаруға тырысқан кеңестік тарихнамада қазақ жеріндегі ортағасырлық қала мәдениетінің түркілік тамырлары жоққа шығарылдғаны да рас. Дегенмен археологиялық зерттеулердің нәтижелері қазақ жеріндегі гүлденген отырықшы қала өркенитенің түркілік тамырларын дәлелдеп берді. Осы орайда ортағасырлық қала мәдениетінің зерттелуіне мол үлес қосқан Ә. Х. Марғұлан [15], К. А. Ақышев [16], К. М. Байпаков [17], М. Елеуов [18], Т. Н. Сенигова [19] және т. б. зерттеулерін атап өту қажет.

Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясының, әсіресе олардың тарихи сабақтастығы жайлы мәселелер тәуелсіз Қазақстан тұсында жарық көрген зерттеулерде басым айтылып жүр. Қазақстандық тарихнамада М. Қозыбаев қазақ мәдениетін дала өркениетінің құрамдас бөлігі ретінда қарастырды [20] .

Сондай-ақ, қазақстандық зерттеушілер арасынан белгілі ғалым У. Х. Шалекеновтың еңбектерін аса маңызды болып табылады [21] . Зерттеуші «Түріктердің отырықшы мәдениеті» атты зерттеу еңбегінде түріктердің, соның ішінде қазақтардың отырықшы тарихына арнап әр жылдары жарық көрген еңбектері топтастырылған. Бұл ғылыми зерттеулерде Орталық Азияны мекендеген түркілердің, олардың бүгінгі мұрагері қазақа халқының отырықшы өркениетінің археологиялық, тарихнамалық, этнологиялық, әдеби және т. б. негіздерінің мәселелері қарастырылған. Түркілердің отырықшы мәдениетінің дамуына қосқан отырықшы, жартылай отырықшы, көшпелі халықтардың үлестері мен еңбектері туралы тұжырымдар берілген.

Х. У. Шалекенов: «жер бетіндегі басқа халықтар сияқты, түріктер де отырықшылыққа қолайлы жерлерде қалалар мен тұрақты мекендер салып, отырықшы мәдениеттің ірге тасын ертеден қалаған. Жартылай шөлейтті жерде, жартылай отырықшы болып, егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан. Гоби, Қызылқұм, Қарақұм, Бетпақдала, Үстірт сияқты жерлерде көшпенділік басым болған. Сөйтіп, барлық түріктер, оның ішінде қазақтар шетінен көшпенділік өмір сүрмеген» [21, 107 б. ], - дей келе, өз бастауын сонау қола дәуірінен алатын көшпенділік өмір салты түркілердің географиялық орналасу жағдайына байланысты екендігшін баса айтады. Сондықтан, ежелгі замандардан даламызда отырықшылыдық пен көшпенділік өмір салты біте қайнасып, түркі-қазақ өркениетінің өзіндік қайталанбас келбетін айшықтаған.

1998 жылы жарық көрген Қазақстан тарихының академиялық басылымының 1-ші томында түркі-қазақ өркениетіне қатысты тарихнамалық зертеулердің қорытынды тұжырмдары берілген. Мұнда түркілердің рухани және материалдық мәдениетінің ескерткіштерімен қатар, олардың ортағасырлар дәуіріндегі мәдени байланыстарының мәселелері, жалпы түркілердің әлемдік өркениет қазынасында алатын орны ерекше көрсетілген [22] . Соңғы жылдары жарық көрген еңбектерден Ю. А. Зуевтың көне түркілердің тарихы мен идеологиясының очерктеріне арналған зерттеуі [23. ] мен А. Оразбаеваның [24] еуразия көшпелілерінің өркениетіне арналған зерттеулерін де ерекше атап өту керек.

Көне түріктердің рухани мәдениеті әсіресе А. Ш. Махаеваның [25] еңбегінде жаңа тұрғыдан жан-жақты зерттелген. Кітапта көне түріктердің рухани мәдениеті, атап айтқанда жазуы, тілі, әдебиеті, діни наным -сенімдері, сонымен бірге тарихи-географиялық түсініктері жайлы баяндалған.

Көріп отырғанымыздай, түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясының зерттелуіне қатысты еңбектерге қысқаша шолу жасап шықтық. Бұл еңбектер мәселенің зертелуіне қатысты тарихнамалық ой-тұжырымдардың негізгі даму бағыттарын көрсетеді деп ойлаймыз. Дегенмен, отандық тарих ғылымында қазақтардың отырықшы өркениетінің мәселелерін, сондай-ақ қазақ халқының көне түркілердің тікелей мұрагерлері ретіндегі мәдени құндылықтарын, өркениетін, олардың діни наным-сенімдерін зерттеу енді ғана басталды деуге болады.

Бітіру жұмысының деректік негіздерін жалпы түркілердің тарихына, мәдениетіне қатысты жазба деректер мен археологиялық ескерткіштер құрайды. Жазба деректердің негізі тобы Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері болып табылатыны даусыз. Сондай-ақ, қытай, араб-парсы және түркі тіліндегі жазба ескерткіштері де негізгі жазба деректер болып табылады. Қытай деректерін Н. Я. Бичурин [26], Н. В. Кюнер [27] және соңғы жылдары қазақ тіліндегі аудармалары [28] арқылы пайдалансақ, араб-парсы деректерінің бір тобын, атап айтсақ, Әбу Дулаф, Гардизи, Ибн әл-Асир, Ибн әл-Факих, Ибн Хаукаль, Ибн Хордадбек, Әл-Идриси, Истахри, Әл-Йакуби еңбектерін С. Л. Волиннің [29] жариялауымен пайдаландық. Ортағасырлық саяхатшы А. Фадланның жазбаларында түркілердің діні, олардың арасында исламның таралуы жайлы құнды мәліметтер бар [30] .

Бітіру жұмысының мақсаты: Көне түркілердің діни наным-сенімдері эволюциясының тарихи сабақтастығы мен байланыстарының тарихи негіздерін қарастыру жұмыстың басты мақсаты борлып табылады. Айқындалған мақсатымызға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді белгіледік:

Міндеттері:

- Көне түркілердің жазбаларындағы дүниетанымдық көзақарастары мен құндылықтар жайлы түсініктерін талдау жасау.

- Түркілердің сенім негіздері: Тәңірлік, Жер-Суға және Ұмайға табынудағы дала дәстүрінің жалғастығын көрсету.

- Ежелгі түркілер арасында христиан және будда діндердің таралуы негіздерін талдау.

- VIІІ-XII ғғ. Қазақстанға ислам дінінің келуі мәселесін ашып көрсету.

Бітіру жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспе, негізгі екі тараудан (барлығы - 4 тармақшадан) және қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады

I ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕРДІҢ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ НАНЫМ -СЕНІМДЕРІ

1. 1 Көне түркілердің жазбаларындағы дүниетанымдық көзақарастары мен құндылықтар жайлы түсініктер

Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.

Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі жиырма бес ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.

Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі қазақ хандығында - билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атқа ие болған ел заңы.

VIII ғасыр басында жазылған атылмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасыларға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына «Қорқыт Ата» кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.

Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: «Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы жаралған екен» [31, 154 б. ] . Олардың үстінен қарайтын «Тәңіріден болған», яғни қоғамдық үстемдікке ие болғандар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспанның, жердің, тау-ойпатының кереғар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың бірлігі екндігін көне түріктер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине, оның үстіне тәңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды. Сонысына қарамай Аспан (Көк тәңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі жаратушының қайсысына «жақын» екендігі туралы әпсаналармен тығыз байланысты болғандығын көруге болады. Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі - тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім [24, 152б. ] . Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі табғачқа (қарақытай) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ол білімді табғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабілетінің арқасында. Өзінің даналығын дәріптеу мақсатында қайталанып отыратын «қағаны алып екен, ақылшысы дана екен» деген сөз тіркесін жауларының аузына салып отыратындығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы болса керек.

Орхон-Енесей жазбалары «Қорқыт Ата» кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, аналистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.

Қазақстан аймағында алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процессі басталды. Қола дәуірі жалпы тұрғыдан бақташылықтың пайда болуымен, яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен ебек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық мәдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш береді. Сапа санаты қасиет ұғымына алып келді. Ол пәннің басқа заттар мен шындыққа деген қатынасынан туындайды. Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады. Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұрлым күштілігімен, айлалы көрегендігімен бағаланды. Жастар мен мықтылары сыйлы, ал кәрілері мен әлсіздері керісінше болды. Мұндай теңсіздік сапалардың сандық өлшеуішінің қажеттілігін туғызды. Мысалы: «Үйсіндерде жылқы көп, ең бай адам 4-5-мың жылқы иеленеді!?!! Демек малшылықтың дамуы сандық айқындылықты дүниеге әкелді. Санның онтопологиялық мінездемесі -кеңістік пен уақыт. Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды. Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшелінеді. Ғұндар жайлы былай делінген: «Шаньюй ертемен қосынан күнге табыну үшін, кешке қарай айға табыну үшін шығады». Ғұндардан қалған бұл дәстүр түріктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайлы болжамды қуаттайды. Киіз үйлерінің есігі әрқашан оңтүстікке ашылған Монғолиядан айырмашылығы осында. Таным бағдарында шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдардан көрінеді. Тіптен, көне түрік тілінде Шығыс алдыңғы жоқ, батыс (кейінгі) арқа бет, ал оңтүстік-оң, солт-сол жақ болып саналады. Күлтегін ескерткішінде былай делінеді: «Ілгері-күншығыс, оңға-түстік, кейін-батыс, солға терістік». Бұл кеңістік орналасуының қатаң тәртібін бекітті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілердің ежелгі сенімдері
Дәстүрлі діни түсінік
Сенімнің пайда болуы
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Егемен Қазақстан – діни жаңаруы
Түркі халықтырының жазба ескерткіштері
Түрік халықтарының ислам дініне кірігу тарихы мен философиясы
Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі Тәңірлік идеясы
Тәңіршілдік діні мен Ислам діні
Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz