Халықаралық көлік - экспедициялық қызметтің құқықтық негіздері


Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Экономика және жоғары бизнес факультеті
маркетинг және менеджмент кафедрасы
логистика мамандығы
Дипломдық жұмыс
Транспорттық-экспедиторлық қызметті ұйымдастыру
Байтасов Ильяс Нұрланұлы
Ғылыми жетекшісі: Мырзаханова Дария Женисовна
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2015ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1 Қазақстан Республикасындағы көлік-экспедициялық қызметтің негіздері . . . 12
1. 1 Көлік-экспедициялық қызметтің түсінігі және ұйымдастырылуы . . . 12
1. 2 Көлік-экспедициялық қызметтің субъектісі ретінде экспедитордың мәртебесі . . . 30
1. 4 Халықаралық көлік-экспедициялық қызметтің құқықтық негіздері . . . 60
1. 5 Ұлттық экспедиторлық ережелердің көлік-экспедициялық қызмет көрсетуде алатын рөлі . . . 73
3 Көлік экспедициясы шарты: практикалық проблемалары және оларды шешудің жолдары . . . 89
2. 1 Көлік экспедициясы шартының түсінігі, логистикада алатын орны . . . 89
2. 2 Көлік экспедициясы шартының мазмұны, орындау және тоқтатудың құқықтық проблемалары . . . 112
2. 3 Көлік экспедициясы шарты бойынша тараптардың жауапкершілігінің проблемалары . . . 127
Қорытынды . . . 156
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 165
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу қазіргі кезеңде көліктік қызмет көрсету саласында маңызды мәнге ие көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді реттеудің теориялық және практикалық өзекті мәселелерін кешенді түрде талдау жүргізуге арналған.
Қазақстанда қоғамның талаптарына барынша толығырақ жауап бере алатындай, қазіргі заманға сай әрі тиімділігі жоғары көлік-экспедициялық қызмет көрсету жүйесін құру бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің біріне айналып отыр. Оның шешілуіне аталмыш жүйенің нарықтық экономикадағы тұрақты дамуы, халықаралық көліктік қызметтер нарығына табысты кірігуі тәуелді. Ендеше бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде мән беріліп, оңды қолдау табуы қажет.
Жұмыста көлік экспедиторларының жағдайларына талдаулар жүргізіліп, ұлттық және халықаралық көлік-экспедициялық қызмет көрсетулердің негіздері қарастырылады, көлік экспедициясы шартының практикалық проблемалары мен оларды шешудің жолдары анықталады. Халықаралық стандарттар мен ережелерге сай келетін, шетелдердің нормаларымен бірегейлендірілген нормативтік базаны құру қажеттігі негізделеді. Көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді реттейтін заңнамаларды жетілдіру жөнінде дәйекті ұсыныстар тұжырымдалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің дамуы ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы - «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында қарастырылған [1, 151 б. ] . Аталмыш бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері мемлекетіміздің жаңа көлік саясатын жүргізу жолымен жүзеге асырылуда [2] .
Ішкі және халықаралық қатынастарда жүк тасымалдау бойынша көліктің табысты қызмет етуі экспедиторлардың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Бүгінгі күні әлемдегі барлық жүк тасымалдаудың 75 % көлемі экспедиторлық компаниялармен ұйымдастырылатыны мәлім болды [3, 9 б. ] .
Отандық және шетелдік ғалым-теоретиктер мен тәжірибелі заңгерлердің арасында көлік-экспедициялық қызмет дегеніміз не, шарттың пәніне қандай қызмет көрсетулер кіреді, экспедитордың мәртебесі қандай болуы керек және т. б. туралы ортақ бір пікір жоқ. Қалыптасқан жағдай бүгінгі күнге дейін көлік экспедициясы бойынша қатынастарды халықаралық-құқықтық акт деңгейінде бірегейлендіруге кедергі келтіріп отырған негізгі себептердің бірі ретінде саналады және сыртқы экономикалық қатынастардың дамуын тежейді.
Дипломдық зерттеу тақырыбым ретінде көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру оны экономикалық реттеуді таңдауымыз және оны зерттеудің өзектілігі келесі себептермен түсіндіріледі: біріншіден, көлік-экспедициялық қызметтің ұғымының бірыңғай анықтамасының жоқтығы, теориялық негіздерінің әлі толық қалыптаспағандығы; екіншіден, экспедитордың тасымалдаушы және оператор ретіндегі анықталмауы және заңдастырылмауы; үшіншіден, Қазақстан Республикасында көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді реттеудің ортақ негізін құрудың қажеттігімен; төртіншіден, сыртқы-экономикалық қызмет көрсету саласында көлік-экспедициялық қатынастарды реттейтін бірегейлендірілген халықаралық нормативтік құқықтық актінің болмауымен, бесіншіден, ұлттық экспедиторлардың тәжірибесінде қалыптасқан экспедиторлық құжат айналымының заңдастырылмауы, алтыншыдан, көлік экспедициясы шартының түсінігі, экспедитор мен клиенттің құқықтары мен міндеттері туралы, экспедитор-делдал және экспедитор-тасымалдаушының жауапкершіліктерін бөлу, дауды реттеуге қатысты ҚР АК-де кемшіліктер мен қарама-қайшылықтардың орын алуы.
Аталған проблемалар қазіргі кезеңде Қазақстанның ішкі және халықаралық көліктік қызмет көрсету нарығында қазақстандық экспедиторлардың бәсекелесу қабілеттерін төмендетіп, осы саланың әлеуметтік және экономикалық проблемаларын толыққанды шешуге мүмкіндік бермей отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан азаматтық құқығы ғылымында бүгінгі күнге дейін көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді құқықтық реттеудің проблемалары кешенді ғылыми зерттеу түрінде жеткілікті өңделген емес. Сонымен қатар, бұған дейін Қазақстан Республикасында аталған салада монографиялар, дипломдық зерттеулер болмаған.
Көлік-экспедициялық қызметті құқықтық реттеу мәселелері келесі ресейлік ғалымдардың және ТМД-ға мүше елдердің ғалымдарының, кеңестік және қазіргі кезеңдердегі ғалымдардың: М. К. Александров-Дольник, В. К. Андреев, М. И. Брагинский, В. В. Витрянский, Е. М. Ворожейкин, В. А. Егиазаров, В. И. Жуков, О. С. Иоффе, Д. А. Медведев, Г. П. Савичев, О. Н. Садиков, В. Смирнов, А. Н. Романович, Н. Г. Рыженкова, Ғ. И. Төлеуғалиев, Я. Ф. Фархтдинов, А. И. Хаснутдинов, М. Е. Ходунов, Х. И. Шварц, Е. Д. Шешенин, В. С. Якушевтің және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
1995 жылдан бері бұл тақырып көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді реттеу нысаны ретінде көлік экспедициясы шартын ғана зерттеп жүрген ғалымдардың дипломдық жұмыстарында зерделенген. Бұл бағыттағы ізденістерге ресейлік ғалымдар С. П. Хмелев (Саратов, 1999 ж. ), С. Ю. Морозов (Ульяновск, 2003 ж. ), Н. В. Морозова (Москва, 2005 ж. ), А. В. Ребриков (Волгоград, 2006 ж. ) және халықаралық көлік-экспедициялық құқық қатынастарының мәселелерін зерттеуші, Беларусь ғалымы Д. Л. Корнейчук (Минск, 2003 ж. ) қомақты үлес қосқан. Дегенмен, дипломдық зерттеулердің тақырыптары көрсетіп тұрғандай, аталған жұмыстарда жалпы көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды реттеу мәселелерін толық қамтымай, оның экономикалық реттеу нысаны болып табылатын көлік экспедициясы шартының өзекті мәселелерін зерттеумен шектелген немесе халықаралық көлік-экспедициялық қызмет көрсетулер ғана зерттелген. Сонымен қатар, бұл ғылыми еңбектердің Ресей, Беларусь мемлекеттерінде көлік экспедициясы шартын экономикалық реттеу мәселелеріне арналғанын атап көрсету керек.
Қазақстан Республикасында қазақстандық цивилистикаға еңбегі сіңген ғалым, профессор Ғ. И. Төлеуғалиевтің көлік экспедициясы шартын құқықтық реттеудің мәселелерін зерттеуге сіңірген еңбектері зор. Көлік экспедициясы шарты ғылыми зерттелген алғашқы еңбек - Ғ. И. Төлеуғалиев пен М. К. Александров-Дольниктің тең авторлығымен 1969 жылы Алматы қаласында С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің баспасынан шығарылған «Правовые вопросы доставки грузов от склада отправителя до склада получателя («от двери до двери») » деп аталатын монографиясы. Алайда аталған еңбекте көлік экспедициясы шарты жүктерді тасымалдау шартына қосалқы шарт ретінде тар мағынада зерттеліп, КСРО заңдарының негізінде жазылған және қазіргі нарықтық талаптарға сай келмейді.
Соңғы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстанда көлік- экспедициялық қызмет көрсетуді құқықтық реттеу арнайы зерттеу объектісі болған емес. Сондықтан қоғамдағы, цивилистика ғылымындағы соңғы үрдістерді ескере отырып көлік экспедициясын құқықтық реттеу проблемасының теориялық және практикалық қырларын кешенді түрде зерттейтін ғылыми ізденістерге мұқтаждық бар деп айта аламыз.
Зерттеудің объектісі және пәні. Зерттеудің объектісі болып жүк тасымалдауда көлік-экспедициялық қызмет көрсету бойынша туындайтын қатынастардың Қазақстан Республикасының азаматтық және көліктік заңнамаларымен реттелуі табылады.
Зерттеудің пәні көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді реттеудің бүгінгі жағдайы және келешегі, экспедиторды анықтау, оны реттеу нысаны ретінде көлік экспедициясы шартын анықтау мәселелері болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыста көлік-экспедициялық қызмет көрсетудің теориялық негіздеріне, Қазақстан Республикасында көлік-экспедициялық қатынастарды құқықтық реттеуге талдау жүргізу арқылы көлік экспедициясының теориялық және практикалық өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр.
Аталған мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында келесідей міндеттер қойылады:
- көлік-экспедициялық қызметтің түсінігін және жіктелу түрлерін анықтау, қазіргі кезеңдегі аталған қызмет көрсету жүйесін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін анықтау;
- көлік-экспедициялық қатынастардың Қазақстан Республикасында және халықаралық деңгейде құқықтық реттелуіне, тарихи даму кезеңдеріне талдау жүргізу және соның негізінде көлік-экспедициялық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша кемшіліктер мен қарама-қайшылықтарды анықтау.
- экспедитордың аралас тасымалдау операторы ретіндегі қызметінің ерекшеліктерін зерттеу және оның реттелуінің тәжірибелік және теориялық өзекті мәселелерін анықтап, оларды ұтымды шешу жолдарын ұсыну;
- көлік экспедициясы шартының табиғатына талдау жүргізу, оның міндеттемелер жүйесіндегі орнын анықтау;
- көлік экспедициясы шартының тараптарының мен міндеттеріне талдау жүргізу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Халықаралық қатынаста жүк тасымалдаумен байланысты көлік-экспедициялық қызмет көрсетулердің дамуымен осы салада пайда болған жаңа қатынастарды реттеудің қажеттігіне орай қолданыстағы ұлттық және шетелдік заңнамаларға салыстырмалы-құқықтық талдау жасалып, көлік экспедициясы туралы жұмыстарды ұйымдастырудағы жетілдірудің тиімді жолдары ұсынылады. Көлік-экспедициялық қызметтің жаңа түрлерін зерделеу нәтижесінде экспедитордың мәртебесін арттырудағы кешенді тұрғыдан ғылыми сараптамаға салу мүмкіндігі ашылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
2. Халықаралық нормаларға сәйкестендіру мақсатында экспедитор-тасымалдаушы және экспедитор-оператор ретіндегі экспедитордың мәртебесін заңды тұрғыда анықтау қажет. Экспедитор көлік-экспедициялық қызмет көрсету барысында жүк тасымалдауды тікелей орындаған жағдайда, оны экспедитор-тасымалдаушы деп тану ұсынылады. Экспедитор аралас тасымалдауға (көліктің бірнеше түрімен тасымалдауға) шарттасқан тасымалдаушы ретінде қатысып, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру бойынша көлік-экспедициялық қызмет көрсеткен жағдайда, оны экспедитор-оператор деп тану қажет.
3. Дүниежүзілік көлік жүйесіне кіру Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да, халықаралық қатынас бойынша да тасымалдауды ұйымдастыратын экспедиторлардың қызметінің ережелерін бекіту қажеттігін талап етеді. Қазақстан Республикасында көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді реттеуді жетілдіру мақсатында, бірегейлендірілген ережелерді бекітетін және логистика қағидаларына негізделген ҚР «Көлік-экспедициялық қызмет туралы» заңын қабылдау қажет.
4. Қазіргі уақытта халықаралық көлік-экспедициялық қызмет көрсету бойынша қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық акт қабылданбаған. Осыған байланысты бірегейлендірілген халықаралық конвенцияны қабылдау қажеттігі негізделеді, онда келесі ережелер қарастырылуы тиіс: көлік-экспедициялық қызметтің түсінігі және түрлері; экспедиторлық құжаттарды беру шарттары мен тәртібі; халықаралық экспедитордың құқықтық мәртебесі; экспедитор мен клиенттің құқықтары мен міндеттері; халықаралық көлік экспедициясы шартының тараптарының жауапкершіліктері.
5. Халықаралық іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар Қазақстандағы қолданысқа ие құқыққа енгізуге лайықты бірқатар ережелерді (FIATA, NSAB) біріктіреді. Сыртқы экономикалық қызмет саласында қызмет көрсетіп жүрген қазақстандық экспедиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында қалыптасқан халықаралық іскерлік қызмет өрісіндегі әдет-ғұрыптар мен ұлттық заңнамалардың ережелерін бірегейлендіру арқылы отандық экспедиторлардың әлемдік жүк тасымалы жүйесіне кіруіне мүмкіндіктер ашу қажет. Осы орайда көлік-экспедициялық қызмет туралы ұлттық заңнаманы ФИАТА-мен ұсынылған «Үлгі ережелердің» негізінде құру; отандық экспедиторлық ұйымдардың құжат айналымын халықаралық іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға сәйкес заңдастыру ұсынылады.
6. Қолданыстағы ҚР АК-де клиенттің құқықтары мен экспедитордың міндеттері толық емес мазмұндалған. Сондықтан көлік экспедициясы шартын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында ҚР АК-не толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша келесідей ұсыныстар жасалады:
а) «Клиент экспедитордан жүк тасымалдау үрдісі туралы, жүктің келіп жетуі және жөнелтілуі туралы ақпараттарды беруді талап етуге, көлік экспедициясы шартына сәйкес экспедиторға нұсқаулар беруге құқылы»;
ә) «1. Көлік экспедициясы шарты бойынша экспедитор клиенттің тапсырмасы бойынша жүкті тасымалдауды ұйымдастыруға, тасымалдаумен байланысты басқа да көлік-экспедициялық қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға міндеттенеді, ал клиент экспедиторға қызмет көрсеткені үшін сыйақы төлеуге және шартты орындауға байланысты шығындарды өтеуге міндеттенеді».
б) «Экспедитор жүктерді тасымалдауды жеке көлігімен немесе жалға алынған көлігімен нақты тасымалдаушы ретінде, иә өз атынан жасалған жүкті тасымалдау шарты бойынша міндеттемені орындауды үшінші тұлғаға (тасымалдаушыға) жүктеу арқылы шарттасқан тасымалдаушы ретінде орындауға құқылы»;
- «Осы тарауда реттелмеген бөлігінде экспедиция шартына қатысты қатынастарға, егер шарт талаптары бойынша экспедитор тасымалдаушы ретінде іс-әрекет жасаса, жүктерді тасымалдау туралы ережелер қолданылады».
7. Экспедитордың жүкті ұстап қалу құқығының мәнісі мен мазмұны даулы мәселе болып отыр, атап айтқанда, клиенттің мүдделері үшін шыққан экспедитордың шығындарының өтелмеуіне байланысты ұстап қалу мүмкіндігі, сондай-ақ ұстап қалу кезінде жүкке келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі заңды реттелмеген. Осы аталған заңдағы ақаулықтардың орнын толтыру мақсатында Экспедитор жүкті экспедициялық қызмет көрсетулері үшін алуы тиіс сыйақының және клиент үшін шыққан шығындарының төленбеуіне байланысты ұстап қалуға құқылы.
Экспедитордың ұстап қалуы салдарынан келтірілген залал үшін жауапкершілік сыйақыны төлеу және шығындарды өтеу міндетін орындамаған клиенттің өзіне жүктеледі».
8. Жауапкершілік мәселесіне қатысты қолданыстағы заңнама «желілік жауапкершілік теориясын» ұстанады. Бұл жүйе көптеген тасымалдаушаларды іздеуге мәжбүрлі болатын клиент үшін ыңғайсыз. Экспедитор-делдал мен экспедитор-тасымалдаушының жауапкершіліктерін бөліп қарастыра отырып, әрқайсысының жауапкершілігінің негіздері мен мөлшерін анықтау, экспедитор-оператордың жауапкершілігін «біртекті жауапкершілік теориясы» негізінде құру ұсынылады.
1. 1 Көлік-экспедициялық қызметтің түсінігі және ұйымдастырылуы
Көліктің әр түрімен жүк тасымалдаудың өзара үйлесімді әрі тоқтаусыз жұмыс істеуіне көлік-экспедициялық қызмет көрсету жөніндегі құқықтық мәселелердің дұрыс шешілуі елеулі түрде ықпал етеді.
Бүгінгі күні халықаралық нарықта тауарларды жеткізу үрдісі тасымалдаумен бірге, басқа да қажетті жұмыстар мен қызмет көрсетулердің кешенін орындаумен тығыз байланысты. Осындай міндеттерді көлік экспедиторлары жүзеге асырады.
Көлік-экспедициялық қызмет көрсету тауарды өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізудің құрамдас бөлігі ретінде тасымалдау үрдісінің басталуы, жалғасуы және аяқталуы үшін маңызды болып табылатын негізгі және қосымша қызметтердің орындалуын қамтиды.
Жүктерді тасымалдау - бұл жәй ғана жүктерді бір жерден екінші жерге ауыстыру емес, түрлі жұмыстар, операциялар мен қызмет көрсетулердің кешені. Осының барлығы тасымалдаудың тиімді бағасы мен мерзімін таңдаудан басталады да, кейін тасымалдаушымен шарт жасасу, жүктерді кедендік декларациялау, көліктік құжаттарды рәсімдеу, жүкті тапсыру және қабылдап алу, оны қоймаға орналастыру және сақтау, тиеу-түсіру жұмыстары және жүк тасымалы үшін толықтай есеп айырысу жүзеге асырылады. Осы аталған қызметтердің жиынтығын көлік экспедициясы деп атайды.
Көлік-экспедициялық қызмет дегеніміз жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру бойынша клиентке қызмет көрсету жөнінде кәсіпкерлік қызмет. . Көлік-экспедициялық қатынастардың объектісі болып көлік-экспедициялық қызмет көрсету табылады. Экспедитормен жүзеге асырылатын қызметтердің нәтижесінде заттық нәтижесі жасалмайды, бірақ белгілі бір нәтижеге жету үшін қызмет көрсетуші міндетті әрекеттерді орындайды, мәселен, жүкті жөнелту немесе қабылдап алу, жүкті қабылдап алушыға жеткізіп беру және т. б.
Көлік-экспедициялық қызмет жүк тасымалдау жүйесінің және онымен байланысты көлік-экспедициялық қызметін тұтынушыларға (жүк жөнелтушілерге, жүк қабылдаушыларға, көлік ұйымдарына) қызмет көрсету жүйесінің айырылмас және өте маңызды элементі болып табылады.
Көлік-экспедициялық қызметтің маңыздылығы кәсіпкерлердің мүдделері тұрғысынан да, экономикалық мақсат тұрғысынан да түсінікті. Себебі өнеркәсіп, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылық саласының кез келгенін алып қарасаңыз бұлардың барлығы да кешенді көлік қызметіне мұқтаж. Мұндай клиенттерге көптеген көлік ұйымдарымен, көліктің жеке түрімен тасымалдау шартына отыру тиімсіз. Оларға жүктерді жөнелту және қабылдап алу, жеткізу орнынан тасып әкету немесе тасып жеткізу бойынша көліктік қызметтерді орындайтын арнайы маманның болғаны ыңғайлы болар еді. Бұрын мұндай қызметтердің кешенін тасымалдауға қатысушылардың өздері орындаған болатын, бірақ та нарықтық қатынастардың дамуымен жүк тасымалына сұраныстар артқан сайын жұмыс көлемі де өсе бастады. Бұл өз кезегінде күн өткен сайын негізгі тасымалдау қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіре бастады. Сөйтіп, арнайы мамандандырылған кәсіпкерлер айналысатын көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді дербес бөлуді экономикалық қажеттілік талап етті.
Өндіріс саласы ретінде көлік-экспедициялық қызмет көрсету Европада жүз жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. 1880 жылы Лейпцигте Европа елдері экспедиторларының тұңғыш конгресі өткізіліп, онда экспедиторлар ассоциациясының халықаралық федерациясы құрылған.
Кеңестік дәуір кезеңіндегі жоспарлы экономикада мұндай қызметке деген сұраныс іс жүзінде болмады. Экспедиторлық бизнестің пайда болуына негізі фактор болып еліміздің нарықтық экономикаға көшуі табылады. Екінші жағынан, КСРО-ның ыдырауынан кейін бұрынғы социалистік республикалардың саяси және экономикалық егемендігі қалыптаса бастады. Соның нәтижесінде шекаралары анықталып, ұлттық валюталары, дербес банктік, салық, кедендік жүйелері құрылды. Жаңа мемлекеттердің иелігіне бұрынғы біртұтас көлік жүйесі енді. Осындай жағдайларда ескі технологиялармен тасымалдауды жүзеге асыру қиындықтарды туындатты. Мұндай ахуал көлік кәсіпорындарының, әсіресе негізгі тасымалдаушы көліктің түрі темір жолдың қызметіне теріс әсер етпей қоймады. Сондықтан ТМД елдерінің темір жол ұйымдарының әкімшіліктері жүктерді тасымалдауға көлік-экспедициялық қызмет көрсетулерді енгізу туралы шешім қабылдады. Алдымен экспедиторлар тасымалдауды ұйымдастырушы ретінде тартылды.
Қазақстанда алғашқы экспедитор қызметін орындау үшін «Желдорэкспедиция» атты мемлекеттік кәсіпорын құрылып, экспедиторлық бизнестің қарқын алуына жол ашты. Бірақ теміржолдың еншілес компаниясы болғандықтан ол толыққанды кешенді экспедициялық қызмет көрсете алмады. Кейін 1994 жылы ҚР АК-нің қабылдануымен [6] қазақстандық экспедиторлық дербес компаниялар біртіндеп өмірге келе бастады [7] .
Көлік-экспедициялық қызмет бизнестің жаңа түрі еді және Қазақстан көліктік қызмет көрсету нарығында халықаралық талаптарға сай келетін экспедиторлық қызмет көрсету тәжірибесі іс жүзінде болмағандықтан шетелдік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құрыла бастады, атап айтқанда, «Фрицтранспортейшн компани», «Трансвей», «Трансрейл». Олардың басты міндеті отандық экспедициялық қызметті жаңа бағытта дамыту болды.
Шетелдік серіктестермен бірлескен жұмыс нәтижесінде алынған тәжірибенің қалыптасуы, заңдармен мүмкіндіктердің берілуі қазақстандық экспедиторлық қызметті дамытуға негіз болды. Енді көлік-экспедициялық компаниялар өз қызметтерін дамыту мен оның сапасын жоғарылату, әлемдік көлік жүйесінде тиісті орын алу мақсатын көздеді. Сол себепті белгілі экспедиторлық компаниялар, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ұйымдастырған 1997 жылғы 10 маусымдағы конференцияда Қазақстан ұлттық экспедиторларының қауымдастығын (ҚҰЭҚ) құру жөнінде шешім қабылдады. Қауымдастықтың алғашқы мүшелері «Казинтерфрахт» АҚ, «Транссистема» ЖШС, «Транко» АҚ, «Искомтранссервис» ЖШС, «Акжартранс» ЖШС болды. Бұл компаниялар бүінгі күні отандық экспедиторлық бизнестің көшбасшысы болып табылады [8, 3 б. ] .
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында көлік-экспедициялық қызметті құқықтық реттеудің бірыңғай теориялық және заңдық базасының болмауы құқық қолдану тәжірибесінде проблемаларды туындатпай қоймайды. Көліктік қызмет көрсету саласында қызметтің бұл түрі көп жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанына қарамастан, көлік-экспедициялық қатынастар тиісті құқықтық реттеуге алынбай отыр. Осы орайда біз зерттеу жұмысында алдымен көлік-экспедициялық қызметтің түсінігі, түрлері, ұйымдастырылу негіздеріне талдау жүргізуге талпыныс жасамақпыз.
«Экспедиция» термині әртүрлі ұғымдарды түсіндіреді, себебі бұл сөздің көп синонимі бар. Оған тасымалдаушы алдында жүк жөнелтушінің атынан экспедитордың өкілдік етуі де, олардың арасындағы делдалдығы да, жүктерді жөнелту және тағайындалған жерде оларды қабылдау мақсатында жүргізілетін операциялар, іске қатысты корреспонденцияларды жөнелту, осындай іспен айналысатын кеңсе, поштаны сорттау және үлестірумен айналысатын байланыс мекемесінің қызметтері және т. б. жатады. Сондықтан да «экспедициялық қызмет» пен «көлік-экспедициялық қызмет көрсету» ұғымдары көп жағдайда шатастырылады. Ғ. И. Төлеуғалиев «көлік-экспедициялық қызмет көрсету» деген терминнің ұғымы анағұрлым кеңірек, себебі оның мазмұны жүк иесіне тасымалды жүзеге асыру мақсатында көрсетілетін кез келген қызметті білдіреді деп атап көрсеткен [9, 72-73 бб. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz