Оңтүстік Қазақстанда көктемгі ауа температурасының статистикалық құрылымы
МАЗМҰНЫ
б.
Кіріспе
4
1 Әдебиетке шолу
5
2 Оңтүстік Қазақстан станцияларының физико - географиялық сипаттамалары
15
2.1 Шымкент станциясы
15
2.2 Қызылорда станциясы
16
2.3 Түркістан станциясы
17
2.4 Тараз станциясы
17
2.5 Алматы станциясы
19
3 Оңтүстік Қазақстан аудандарының көктемгі ауа температураларының таралу ерекшеліктері
21
3.1 Температура таралуының көпжылдық орташа мәндері
21
3.2 Оңтүстік Қазақстан аудандарының көктемгі айларының аномалиясының уақыттық жүрісі
24
3.3 Оңтүстік Қазақстанда көктемгі ауа температурасының статистикалық құрылымы
31
Қорытынды
34
Қолданылған әдебиеттер тізімі
35
КІРІСПЕ
Температура латынша акроскопикалық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
Ауа температурасы - атмосфераның жылулық күйін сипаттайтын метеорологиялық өлшемдердің бірі. Ауа температурасы метеорологиялық станцияларда жерден 2 метр биіктікте, күн сәулесі түспейтін арнаулы үйшікте психрометрлік термометрмен, ал экспедициялық жағдайда аспирациялық термометрімен өлшенеді. Ауа температурасы ауа райына байланысты үнемі өзгеріп отырады. Жер шарында Ауа температурасының таралуы - Күн радиациясының жер бетіне жетуіне және сіңуіне, жер бедерінің сипатына және сәуле шашуына, сондай-ақ жалпы атмосфера айналымына байланысты.
Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі - мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатынада радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солтүстік, батыс және оңтүстік) төменгі қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақтығы жылына солтүстіктен тен оңтүстікке қарай 2000 сағаттан 3000 сағатқа дейін артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңтүстікте 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Қазақстан аумағының созылып жатуына, сондай-ақ жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты температураның таралуы да әркелкі. Ауа температурасының тәулік ішінде, сондай-ақ жыл ішінде ауытқып түруы бүкіл республикаға тән. Сонымен бірге жазық, аласа таулы бөлікте жылдық және айлық орта температура солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгерсе, биік таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді. Ауаның орташа жылдық температурасы республиканың жазық аласа таулы бөліктерінде жылы, солтүстікте температура 0,4 °С-тан, қиыр оңтүстікте 13,7 ° С-ка дейін көтеріледі. Қазақстандағы ең суық ай -- қаңтар. Қаңтардағы орташа температура солтүстікте (Петропавл) минус 19 °С, оңтүстікте (Дарбаза) минус 1,5 °С. Республиканың солтүстік-шығысы төмен температурасымен ерекше, кейбір күндері аяз минус 54 °С-ка дейін барады, ал оңтүстігінде минус 30 °С-тан төмен болуы сирек кездеседі. Қазақстанның ең суық жері - Атбасар өңірі. Мұнда ауа температурасы бір жылдары минус 57 °С-қа дейін жеткен.
Қыста оқтын-оқтын оңтүстіктен жылы ауа массасының келуімен байланысты: ауа температурасы еліміздің оңтүстігінде 10 °С, солтүстікте 5 °С-қа дейін көтеріледі. Соның нәтижесінде бірнеше күн бойы ауа райы жылы болып тұрады да, кенет қайта суытып, көктайғақ болады. Мұндай құбылыс ауыл шаруашылығын әсіресе мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Өйткені осы кезде жайылымда жүрген мал тебіндеп жайыла алмайды.
Биік таулы аймақтарда каңтар айының орташа температурасының таралуы, жазықтарға қарағанда өзгеше. Қыста Қазақстан аумағында суық әрі құрғақ континентті арктикалық және коңыржай ендік ауалары мен Сібір антициклоны басым болады. Ауаның төменгі қабатында теріс температуралы жоғарғы қысым орнайды. Тау алдында, тау аралық қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларында құрғақ және ашық ауа райы қалыптасады.
Ал салқын төменгі ауаның әсері тимеген тау беткейлерінде биіктеген сайын қыста температура жоғарылайды. Оны температура инверсиясы деп атайды.
Биіктеген сайын температураның төмендеу заңдылығының орнына керісінше жоғарылауы төменде жер бетінде ауаның өте суынуымен байланысты. Мысалы, Қапшағайда (430 м) қаңтардың орташа температурасы - 11,4 °С, ал Алматыда (848 м) - 8,0 °С шамасында болады. Медеуде (1529 м) - 4,9 °С, Үлкен Алматы көлінде (2511 м) - 9,5 °С-қа дейін қайтадан төмендейді.
Қазақстанның ең жылы айы -- шілде. Шілденің орташа температурасы республиканың солтүстігінде (Петропавл) 19 °С, оңтүстігінде (Дарбаза) 30 °С. Жазда жылудың таралуына күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигізеді. Сондықтан оңтүстікке барған сайын ыстық арта түседі. Ең жоғарғы температура солтүстікте 41 °С, ал оңтүстікте 47 °С-тан аспайды. Биік таулы аймақтарда жоғары көтерілген сайын шілденің орташа температурасы төмендейді. Мысалы, Алматыда ол 22,3 °С, Медеуде 18,5 °, Күйгенсайда 14,6 °С, Үлкен Алматы көлі ауданында 11,4 °С болады. Тауларда орташа айлық температураның қоршаған ортаның жылы болатындығына қарамастан, кейбір кездері температура 0 °С-тан төмендеп, салқын түсіп, үсік жүретін күндер де кездеседі. Жылдық орташа температуралық ауытқуы (амплитуда) республиканың солтүстігінде 38-40 ° болса, оңтүстікте ол 30-35 °. Қазақстанның солтүстігінде температураның тәуліктік ауытқуы едәуір. Қаңтар айының орташа тәуліктік ауытқуы минус 9 °С, ал жазда ол 13 °С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстігінде орташа тәуліктік ауытқу қаңтар айында минус 9 °С, шілде айында 19 °С. Жаздағы ең үлкен тәуліктік ауытқу шөлдерде байқалады, онда 30 ° С-қа дейін жетеді. Қазақстанның жылы маусымдағы температуралық режимі оның мезгіл-мезгіл ауытқып отыратынына қарамастан егін шаруашылығына қолайлы [1].
Қазақстанның термикалық режимі негізінен республиканың жер үлкендігімен және физика-географиялық жағынан біркелкі еместігінен, радиациялық факторлар мен күрт өзгергіштігімен анықталады. Сонымен қатар оған күрделі айналадағы орта циркуляциясы да әсер етеді. Мұның бәрі Қазақстанда көптеген әртүрлі температуралық жағдайларға әкеледі.
Қазақстанда сипатталатын температуралық қатынастар: температураның солтүстіктен-оңтүстікке қарай біркелкі өсуі болып табылады. Сол себепті шеткі оңтүстік аудандарда жылы мезгілдің орташа ұзақтығы шамамен он айға жетеді. Қарлы қыс солтүстік аудандарда созылмалы және өте суық, кейбір жылдарда қатты да аязды қыстың температурасы минус 45-50 0С -ге дейін жеткен. Ал жазғы мезгіл өте ыстық болып келеді. Соңғы көктемгі үсіктер маусым айында да болуы мүмкін.
Республиканың оңтүстік аудандарында қыс тұрақсыз және қатты аязды емес, жұмсақ. Қысқы мезгілдерде температуралардың 0 0С жоғары көтерілуі жиі байқалады. Сонымен қатар минус 30-40 0С-ге дейін жететін аяздар болуы мүмкін. Бұл арктикалық және сібірлік ауа массаларының келуімен байланысты.
Көктемгі үсіктер ең шеткі оңтүстік аудандарда сәуір айының аяғында да болуы мүмкін, ал күздің түсуі қыркүйектің екінші жазы болуы мүмкін. Негізі Қазақстанның оңтүстік аудандарында жаз өте ыстық, қапырықты және ұзақ. Бұл жерлердің температурасы 45-47 0С-ге дейін көтерілуі мүмкін, ал топырақ температурасы 70 0С-ға жетуі мүмкін. Мұндай жағдай негізінен шөлді аймақтарға тән.
Орташа жылдық температура республиканың барлық аудандары үшін оң таңбалы, қаңтар айы қысқы ай күллі республиканың территориясы үшін.
Орташа ауытқу тербелісі шамамен оңтүстік аудандарда минус 1-5 0С, ал солтүстік аудандарда минус 19 0С -ға дейін. Ең төмен температура республиканың солтүстік-шығысын айтуға болады. Мұндай заңдылықтың бұзылуы таулы массивтердің әсерінен болады. Мысалы: батыста Мұғалжар тауының және Орталық азияның оңтүстігінен жылы ауаның жиі келуінің арқасында, изотерма біраз солтүстікке қарай көтерілген. Әсіресе таулы массивтердің температурасының таралуына әсер етуі шығыста, оңтүстік-шығыста және оңтүстік Қазақыстанда байқалады.
Қазақыстанда термикалық ауа температурасының жылдық амплитудасы жоғары мәнге өзгереді 18-20 0С-ден 38-40 0С -ге дейін биік таулы аудандарда, ал жазықта одан да жоғары.
Бүкіл Қазақыстан үшін ең суық ай қаңтар, ал ең жылы ай шілде болып табылады. Тек биік таулы аудандарда ең ыстық ай тамызға келеді. Бірақ жылдың максимум және минимум температурасы көршілес айларға ауысуы да болып тұрады. Мысалы: ең жоғары жылдық амплитуда Қазақыстанның солтүстік шығыс аудандарына тән.Бұл жер суық қысымен және ыстық жазы мен ерекшеленеді. Бірте-бірте оңтүстікке қарай жылдық амплитуда азаяды [2].
Барлық температуралық шкалалар белгілі тұрақты нүктелерге сүйеніп жасалады. Негізгі тұрақты нүктелер стандартты қысым кезінде мұздың қату және судың қайнау температуралары.
Тұрақты нүктелер арасындағы бөлік санына байланысты метеорологияда бірнеше температуралық шкалалар бар:
1) Фаренгеит (t 0F). Қолданысқа 1716 жылы енгізілген. Екі тұрақты нүктелер арасы 180 бөлікке бөлініп, мұздың қату нүктесіне 32 0F, ал судың қайнау нүктесіне 212 0F температурасы берілген. Фаренгеиттің 0 0F-і цельсия бойынша минус 17,8 0С -ге тең болады (0 0F=17,8 0С). Адам денесінің дұрыс температурасы 100 0F болады. Бұл температуралық шкала АҚШ пен Англияда негізгі шкала болып табылады.
2) Реомюр(t 0F). Қолданысқа 1730 жылы енгізілген. Екітұрақты нүктелер арасы 80 бөлікке бөлініп, мұздың қату нүктесіне 0 0R, ал судың қайнау нүктесіне 80 0R температурасы берілген.
3) Цельсия (t 0С). Қолданысқа 1742 жылы енгізілген. Екі тұрақты нүктелер арасы 100 бөлікке бөлініп, мұздың қату нүктесіне 0 0С, ал судың қайнау нүктесіне 100 0С температурасы берілген.
4) Кельвин (Т 0К). Термодинамикалық температуралық шкала, қолданысқа 1848 жылы енгізілген. Бұл шкаланың ең төменгі температурасы абсолюттік ноль (0 0К) және бір ғана тұрақты нүктеге сүйенеді. Ол тұрақты нүкте - судың үштік нүктесі, яғни судың үш күиінің (қатты, сұйық, газ) теңдік қалыпта тұратын нүктесі, оған 273,16 0К мәні берілген. Бұл шкала бойынша мұздың қату нүктесіне 273 0К,ал судың қайнау нүктесіне 373 0К температурасы берілген.
Температураны бір шкаладан екінші шкалаға аудару үшін мына қатынастар қолданылады:[3]
T 0C=S4t 0R=S9(t 0F-32),(
T 0R=4St 0C=49(t 0F-32),
T 0F=9S(t 0C+32)=94(t 0R+32),
T 0F=t 0C+273 (1.1)
Ауа температурасының жақсы көрсетілген тәуліктік жүрісі, тәулік бойында жер беті мен атмосферада жылу ағынының өзгерісімен байланысты. Күндізгі уақытта жер беті күн радиациясының келуімен жылынады, ал түнде қайта шашыраудың әсерінен қайта суытады. Сол уақытта қысқа толқынды күн радиациясының жұтылуы және түнде өзі сәуле шашады, ауа температурасына онша әсер ете қоймайды. Соның салдарынан жер беті мен атмосфераның арасында жылу алмасу басталады, яғни ауа температурасының тәуліктік өзгеруінің басты себебі болып келеді. Жылуды жер бетінен атмосфераға беруіне атмосферада көптегн құбылыстар әсер етеді. Егер жылу тек молекулалық алмасу арқылы ғана берілсе, онда ауа температурасының тәуліктік тербелісі тек жер бетіне жақын өте жұқа қабатқа таралар еді. Ол кезде топырақ және ауаның жұқа қабаты күндіз қатты қызатын еді, ал түнде күрт суитын еді. Бірақ төменгі тропосферада негізгі рөл турбуленттік алмасуға жатады. Мұның әсерімен ауаның тәуліктік тербелісінің температурасының биіктігі 1-1,5 километрге деиін таралады.
Тәуліктік тербеліс және басқа да метеорологиялық жағдаилар жақсы көрсетілген атмосфера қабаты турбуленттік алмасумен түсіндіріледі. Ол атмосфера шекарасы деп аталады. Оның биіктігі 300-400 метрден 1-2 километрге деиін таралады.
Зерттеулер нәтижесінде топырақ температурасы минимум күн шығар алдында байқалады. Күннің көкжиектен көтерілуі мен топырақ беті температурасыда көтеріле бастайды.
Турбуленттік араласу және радиациялық құбылыс арқылы жылу жер бетінен ауаға беріледі. Жылудың бір жер бетіне жақын ауа қабаты алады, ал қалған бөлігі одан жоғары қабаттарға таралып жұтылады.
Таңертеңгі мезгілде ауа температурасы жылдам өседі де, максимум сағат 13-14-де байқалады. Бұдан кейін ауа температурасы ақырын төмендейді. Жазда сағат 16-17-де күн батқанша жылдам төмендейді, ал күн батқан соң түні бойы бір қалыпты төмендейді [4].
Ауа температурасының режимінің негізгі көрсеткіштеріне жылдық амплитуданың үлкендігі оның тербелісі, жылдың жылы және ең суық айларының орташа температурасының әртүрлілігімен анықталады. Тиісті мәліметтер климаттың континенталдығының шамасын береді. Жылдың ауа температурасының амплитудасымен климаттың басқада көрсеткіштері үлкен болса, оның континенталдығы жиі болады.
Ауа температурасының жылдық амплитудасының үлкендігі Қазақстан аумағының көп жерінде 18-20 0С, ал таулы аудандарда 38-40 0С-ға өзгереді немесе тегіс жағдайларда оданда жоғары болады.
Барлық Қазақстанға ең суық ай болып , орташа мәлімет бойынша қаңтар ал ең жылы шілде болып табылады. Бірақ үлкен таулы аудандарда жылдық температура жүрісінің максимумы тамыз айына ауысады. Бірақта жылдың максимумымен минимум температуралары кей кезде көрші айлармен ауысады. Таулы зоналардың алдында жылдық ауатемпературасының максимумының тамыз айына ауысуы жиі анықталады. Осы сияқты ауа температурасның жылдық амплитудасы жеке жылдарда қаңтар мен шілде де көп анықтала бермейді.
Жылдық амплитудалардың ең көбі Қазақстанның солтүстік шығыс бөлігінде өзінің ең қатты қысымымен және жылы жазымен ерекшеленеді. Үлкен амплитудалар Торғай қақпасының аумағына келеді. Оңтүстікке қарай амплитудалар төмендейді және де аумақтың үлкен бөлігінде 37-39 0С - құрайды. Республиканың оңтүстік шеткі жазық аудандарында температураның жылдық амплитудасы 30-35 0С-қа төмендейді. Негізінде өте жылы қыстың болмауымен байланысты.
Ауа температурасының түрінің жердің биіктігіне байланысты өзгеруіне Іле Алатауымен солтүстік беткейінде орналасқан станциялардың мәліметтерінің көрсеткіштері бойынша айтуға болады (кесте 1).
Кесте 1 - Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі ауа температурасының жылдық амплитудасы
Станция
Биіктігі
м.г (м)
Ауа температурасының жылдық
амплитудасы ( 0С )
Іле, ж - д. ш
Алматы
Медеу
Мыңжылқы
453
848
1529
3036
37.0
30.4
22.4
9
Барлық ауа массалары қыста суығырақ, ал жазда жылырақ, сондықтан ауа температурасы барлық жерде жылдық жүрісімен өзгереді. Орташа айлық температуралар қысқы айларда төмен, ал жазғы айларда жоғары болады.орташа айлық температуралар көп жылға анықтаулардан олардың бір айдан екінші айға бір қалыпты өзгеруі қаңтардан немесе ақпаннан шілдеге немесе тамызға және сосын түсе бастайтынынан көреміз [2].
Әртүрлі орташа айлық температуралырдың ең жылы және ең суық айларын ауа температурасының жылдық амплитудасы деп атайды. Климатологияда температураның орташа айлық анықталғандығынан көреміз.
Ауа температурасының жылдық амплитудасы географиялық ендікте жоғарылайды. Экваторда күн радиациясының ағыны жыл мезгілдерінде өте жай өзгереді. Полюстерге қарай келген күн радиациясы қыста және жазда үлкейеді, ал олармен бірге ауа температурасының жылдық амплитудасы да жоғарылайды. Теңіз үстінде жылдық амплитуданың ендікте өзгеруі үшін үлкен емес. Бірақта жер барлық жағынан мұхитпен қоршалған болса, мұздықтан бос болса, онда ауа температурасының жылдық амплитудасы нөлден Экваторға 5-6 0С, полюске дейін өзгеретін болса, шынында Тынық мұхитының оңтүстік жағында құрлықтардан алысырақта жылдық амплитудасы 20 мен 60 0 с.ш. аралығында 3-15 0С-ға дейін көтеріледі.
Ауа температурасының жылдық амплитудасы құрлық бетінде теңіз бетіне қарағанда көбірек. Оңтүстік жарты шардың кішкен құрлықтық массивтеріне қарағанда олар 15 0С-тан жоғары болады, ал 600 ендіктің астында Азияда (Якутияда) олар 60 0С-қа жетеді.
Кішкене амплитудалар көп облыстарда құрлық бетінде және де жағалаудағы сызықтан алысырақ, бірақ бұл облыстарға ауа массалары теңізден көбірек келеді. Көтерілген амплитудалар мұхит бетінде де анықталады, бірақ бұл аудандар құрлықтағы ауа массасында көп кездеседі. Мысалы, солтүстік жарты шардың батыс бөліктерінде температурасының жылдық амплитудасының үлкендігі төсеніш бетінің мінезіне немесе жердің жағалаудағы сызығына жақын, ал теңіздік ауа массаларының және континентальді тегіне тағы да барлық атмосфералы циркуляцияның қайталануымен байланысты [5].
Ауа температурасының жылдық жүрісі бірінші жер бетінің температурасының жылдық жүрісімен анықталады. Жылдық жүрісінің амплитудасы орташа айлық ауа температурасының ең ыстық және ең суық айларымен байланысты.
Солтүстік жарты шардың континентті аудандарында орташа айлық максимум ауа температурасы шілдеде, ал минимум қаңтар айында байқалады. Теңіздік және материктік аудандарда олар экстрималды температурасы кішірек болады. Максимум теипература тамызда, минимум ақпан, наурыз айларында болады. Құрлықта Ауа температурасының жылдық амплитудасы теңіз, су бетінен көбірек болады.
Ауа температурасының жылдық амплитудасының жүрісіне алаңның үлкендігі әсер етеді. Төмен амплитуда Экваторлық зоналарда байқалады. Алаң үлкейген сайын амплитуда да үлкейеді де полярлы аудан үлкен мәне ие болады. Ауа температурасының жылдық амплитудасы алаңның теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты болады. Биіктік үлкейген сайын амплитуда кемиді. Ауа температурасының жылдық жүрісіне ауа райы үлкен әсер етеді. Тұман, жаңбыр және бұлттылқ көп әсер етеді. Қыста бұлттылықтың жоқтығына байланысты ең суық айдың орташа температурасының төмендеуі болады, ал жазда - су жылы айдың орташа температурасының жоғарылауына әкеліп соғады. Ауа температурасының жылдық жүрісі кейбір географиялық аудандарда әр түрлі болады. Амплитуданың үлкендігіне және экстрималды ауа температурасына байланысты ауа температурасының жылдық жүрісі төрт түрге бөлінеді:
1) Экваторлық. Экваторлық аудандарда жылына екі максималды температура алынады - көктемгі және күзгі. Күн зениетте тұрғанда, екі минимум - қысқы және жазғы күн тұрақтысы. Күн кішкене биіктікте тұрғанда байқалады. Мұнда жылдық амплитуда жүрісі аз, теңіз үстінде амплитуда 1 0С, ал құрлықта 5-10 0С- ты құрайды.
2) Тропиктік. Тропиктік ендіктерде Ауа температурасының жылдық жүрісі жай байқалады, максимум жаздан кейін және минимумы қыстан кейінгі күн тұрақтысымен байқалады. Жылдық апплитуда жүрісінің үлкеюі Экватордан кейінгі жазғы және қысқы жылу ағынының үлкендігімен байланысты болады.
Жылдық жүрісінің орташа амплитудасы құрлық үстінде 10-20 0С, ал теңіз үстінде 5-10 0С- ты құрайды.
3) Қоңыржай белдеу. Қоңыржай ендіктерде температураның жылдық жүрісінің максимумы жаздан кейін және минимумы қыстан кейінгі күн тұрақтысымен анықталады. Солтүстік жарты шарда құрлық үстіндегі орташа айлық максимумды теипература шілде айында, ал теңіз бетінде және жағалауларда тамызда байқалады. Жылдық амплитуда ендікке байланысты үлкейеді. Теңіз үстінде және жағалауда олар орташа алғанда 10-15 0С-ты құрайды, ал құрлық бетінде 40-50 0С, ал 60 0-тық ендікте 60 0С-қа дейін жетеді.
4) Полярлы аудандарда қыстың суытуының ұзаруымен және жаздың айнымалы қысқа болуымен сипатталады. Жылдық амплитуда да теңіз үстінде және полярлы теңіз жағалауларында 25-40 0С-қа жетеді. Ал құрлықта 65 0С-ты құрайды. Максималды теипературасы тамыз айында, минимумы қаңтар айында байқалады. Яғни полярлы қыстың шағына келеді.
Муссонды облыстарда температураның жылдық жүрісінің кейбір ерекше түрлері қыс пен жазда төмен температуралармен, көктемде және күздің аяғында өте үлкен теипературамен сипатталады.
Ауа температурасының жылдық жүрісінің қарастырылған түрлері көп жылдық айғақтармен және өзінің мерзмдері ауытқуымен айқындалады. Әркелкі жылдарда жылы және суық ауа массаларының әсер етуінен әртүрлі ауытқулар болады. Теңіздік ауа массаларының құрлыққа келуі амплитуданың төмендеуіне әкеліп соғады.
Континенталды ауа массаларының теңіз жағалауларымен мұхитқа келуі осы аудандарда амплитуданың үлкеюіне әкеліп соғады. Температураның мерзмді емес өзгеруі біріншіден ауа массаларының адьекциясымен байланысты. Мысалы, қоңыржай ендіктерде мерзмді емес суытулар арктикалық суық ауа массаларының келуімен байланысты, мүндай құбылыс әдетте күзде байқалады [6-7].
Ауа температурасының биіктік бойынша өзгеруі температураның вертикальді градиенті арқылы сипатталады. Әрбір 100 метр биіктеген сайын температураның өзгеру мәнін температураның вертикальді градиенті дейді ( 0С100 м).
Ауа температурасы биіктік бойынша төмендесе оның вертикальді градиенті оң таңбалы болады. Ауа температурасы биіктік бойынша өссе (инверсиялы) вертикальді градиент теріс таңбалы болады. Ал изотермия жағдайында температура биіктік бойынша өзгермейді, тұрақты болады.
Ал еркін атмосфераны қарастырсақ (1500 метрден жоғары) топосфераның ортаңғы (1,5-7 км) және жоғарғы (7 км - тропопауза) қабаттарында температураның вертикальді градиенті шекаралық қарағанда жоғарылау болады. Вертикалбді градиент қоңыржай белдеулерде ортаңғы тропосферада 0,4-0,5 0С100м, жоғарғы тропосферада 0,6-0,7 0С100м болады(қыстан жазға қарай өседі), ал төменгі ендіктерде ортаңғы тропосферада 0,6-0,7 0С100м, ал жоғарғы тропосферада 0,7-0,8 0С100м-ты құрайды.
Ортаңғы және жоғарғы тропосферада температураның вертикальді градиентінің өсуі турбуленттік араласуға байланысты. Жалпы, бүкіл тропосферада орташа алғанда температураның вертикальді градиенті 0,65 0С100 м-ге тең. Тропопауза қабатында вертикальді градиент күрт азайып нөлге жетеді (изотермия), кейде теріс таңбалы болып инверсия байқалады. Тропопаузаның ең төменгі температурасы - минус 75 0С, кейде минус 90 0С Экваторлық аймақта байқалады. Экваторлық және тропиктік аймақта тропопауза температурасының төмен болуы күшті конвктивті қозғалыстың арқасында температураның биіктік бойынша төмендеуі үлкен биіктіктерге дейін таралуына байланысты. Қоңыржай белдеуде тропопаузаның температурасы минус 55 0С шамасын құрайды. Полярлық аудандарда тропопаузаның температурасы жазда Қоңыржай белдеулердікінен жоғары, қыста Экваторлық аймақтардағыдай өте төмен болады. Арктика мен Антарктиданың үстінде қыста стротрсферада температураның төмендеуі жалғаса беретіндіктен кейде тропопаузаны анықтау қиынырақ. Поляр түні кезінде стротосфераның 20-25 километр биіктігінде температура минус 80 0С-қа дейін төмендейтіні анықталған [8].
Температураның жылдық жүрісі туралы айтсақ, тропосфера жылдық жүрісінде температураның өзгерісі азырақ, бірақ стротосферадағы жылдық жүрісте температура өзгерісі айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, жылдық жүрістің амплитудасы биіктік бойынша өседі.
Жылдық температураның амплитудасы мен оның максимумының басталу даталары туралы түсінік (кесте 2) берілген. Мұнда Нью - Джерсиде 13 Ноябрь 1952 жылдан 31 март 1954 жылдар аралығында жүргізілген арнайы бақылаудан алынған мәліметтер көрсетілген.
Кесте 2 - Стратосфера қабатындағы ауа температурасының жылдық жүрісі
Р, мб
Т0С
Максимум температура күндері
Р,мб
Т 0С
Максимум температура күндері
100
50
40
20
15
10
2,6
3,4
4,6
6,1
6,6
6,2
10 Наурыз
13 Шілде
14 Шілде
6 Шілде
28 Шілде
18 Шілде
5
4
3
2,5
2
7,1
7,0
7,1
12,1
14,7
8 Маусым
13 Мамыр
28 Мамыр
16 Мамыр
25 Мамыр
Кестеден көріп отырғанымыздай 100 мб (шамамен 16 км) жоғары амплитуда жоғарылаған сайын өседі, әсіресе 3 мб (шамамен 40 км) жоғары тез өседі. Бұдан басқа 50 мб (шамамен 20 км) жоғары биіктіктің жоғарылауымен температураның максимумының басталуынан уақыттың озуы байқалады. Бұл мына өте қызықты фактіні көрсетеді: температуралық толық жоғарыдан төмен қарай таралады және жылудың қайнар көзі жоғарғы биіктіктерде орналасқан. Бұл биіктіктердегі ауаның жылуының себебі болып күннің ультра күлгін радиациясының озонмен жұтылуы табылады. Бұл 2-3 мб деңгейіне жақын орналасқан температураның жылдық амплитудасы күрт жоғарылайды. Бұл деңгейдегі озонды құрайтын маусымдық өзгерістер максималды болып табылады.
Керісінше 100 және 50 мб аралығындағы қабатты температураның максимумының биіктікпен басталу уақытының кешігуі орын алады және мұнда тым төмен деңгейлердегі жылдық қайнар көздерінің ерекше әсері көрінуін жорамалдауға болады.
Тропосферада температураның инверсиясы бар қабат маңызды роль атқарады. Мұндай қабаттар жылдың ауысуы, су буы және басқа да қоспалармен байланысты жоғарғы қозғалыстар мен турбуленттіліктердің дамуына кедергі болады. Бұларды басқаша бөгеуші қабат деп атайды.
Температураның инверсиясы жердің бетінде де, сонымен қатар тропосфераның барлық биіктіктерінде де кездеседі [9].
Қаңтар. Қаңтарда 500 гПа деңгейде суық аймақ биік ендіктерде, ал жылы аймақ төмен ендіктерде орналасады. полюске жақын аймақтарда орташа температура шамамен минус 40 0С, ал ТМД-ның оңтүстік бөлігінде 22-24 0С.
Тропосферада температуралық режим негізінен турбуленттік алмасумен, атмосферада судың фазалық өтуімен және радиацияның су буымен жұтылуы, сонымен қатар радиациялық фактор алдыңғы екеуімен салыстырғанда аз әсер етеді. Стратосферада температуралық режим негізінен радиациялық процестермен реттеліп отырады. Стратосферада күннен келетін радиацияны жұтатын негізгі газ озон болып табылады, сондықтан темпеартураның кеңістік және уақыттық таралуы тікелей озон мөлшеріне байланысты болады.
Тропосфера мен стратосфераның кызу механизмінің температураның вертикальді таралуы әр түрлі ендіктерде түрлі өзгерулері болады. Экваторлық ендікте тропопауза анағұрлым биік болып келеді. Тағы оған биік ендіктермен салыстырғанда ең кіші температура сай келеді. Солтүстік аудандарда тропопауза оңтүстік аудандарға қарағанда төменірек орналасады. 100 гПа деңгейлерде полюске жақын аудандарда температураның таралуы төмен болып келеді және ТМД-ның шеткі оңтүстік аудандарда (минус 60 0С). ТМД-ның орталық бөлігінде орташа температура жоғары болып келеді. Ең жоғары температура осы деңгейде (минус 46..., минус 52 0С) қиыр шығыста байқалады. Температураның осындай таралуы Экваторлық ендіктерде берілген деңгей жоғарғы тропосфераның аймағында төмен температуралы, ортаңғы ендіктерде стратосфераға дейінгі аймақта.
Шілде. Шілдеде температураның кеңістіктік таралуы 500 гПа мен 300 гПа деңгейлерде оңтүстік аудандарда суық бөлік болып табылады және оңтүстікке қарай температураның өсуі байқалады. Осыған байланысты шілде температуралық алаңның жалпы бөлігі берілген биіктікте қаңтардағыдай болып келеді. Бірақ бұл тек жалпы бөлігі.
200 гПа деңгейде температураның таралуы төменгі деңгейлермен салыстырғанда температура алабы салыстырмалы өзгереді. Мұнда полюске қарағанда суық аймақтың тез ауытқуы байқалмайды. Көбінесе жылы аймақ ТМД-ның териториясының Азиялық бөлігі және полюске жақын аудандар болып табылады.
Қорытындыға келетін болсақ, еркін атмосферада температуралық режимнің негізгі ерекшеліктерін айта кетсек.
1) жазда да және қыста да тропосфера аймағында биіктіктегі температура негізінен жер бетінің әсеріне тәуелді. Сондықтан биіктіктерде температураның таралуы жер бетінің заңдылығына сай өзгереді.
2) қысқы айларда 15-24 километр аралығында көбінесе жоғары температуралар аймағы байқалады.
3) стратосфераның жоғарғы бөлігінде қысқы айларда суық аймақтың бөлігі полюстің үстінде байқалады, ал жазғы айларда полюс үстінде жылы аймақтың бөлігі байқалады.
4) тропосферада температураның жылдық жүрісі жазғы айларда максимум және қыста минимум байқалады. Ал төменгі стратосферада мұндай жүріс тек поляр бассейнінің үстінде байқалады [10].
Температура алқабы қысым алқабынан күрделі болып келеді. Горизонталды температура алқабы бірден өзгермейді, бұндай өзгеріс мұхиттардағы мұздарда, жылы және суық ағымдарда байқалады. Негізінен температураның кеңістіктік өзгерісіне жер бетінің бір келкі еместігі (әртүрлі көлдер, орографиялық ерекшеліктер және т.б.) әсер етеді.
Еркін атмосферада температура алқабы жер бетіне қарағанда бір келкі болып келеді. Изобаралық деңгейлерде суық пен жылы ошақтарды анықтауға болады, бірақ бұл жерде де температураның ауытқуы байқалады.
Температура алқабы изотерма арқылы сызылады, ал оның уақыт бойынша өзгерісін изаллотерма арқылы көрсетеміз.
Температура алқабының негізгі сипаттамалары болып оның вертикалды және горизонталды градиенттері болып табылады. Горизонталды градиентке қарағанда, вертикалды градиент бойынша ауа температурасы тез өзгеріске ұшырайды. Горизонталды градиентке қарағанда, вертикалды градиенттің температурасы 10³ есе көп.
Бірінші тұжырым. Температураның адвективті өзгеруі горизонталды өзгерумен тікелей байланысты. Өйткені температура өзгергенімен ауа бөлшегі өзгермейді.
Екінші тұжырым. Ол ауа бөлшектерінің вертикалды өзгеруі.
Үшінші тұжырым. Температураның жеке өзгеруі яғни температураның өз бөлшектерінің өзгерісін айтамыз. Бұл өзгеріс жылы ауаның негізгі ағыны ретінде жүзеге асады [11].
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ФИЗИКО - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
2.1 Шымкент станциясы
Станция тарихы. Шымкент қаласында метеорологиялық бақылаулар 1919 жылы ұйымдастырылды және 1964 жылдың қаңтарына дейін созылды. Станция жұмысында үзілістер болған жоқ. Қазіргі кездегі классификация бойынша станция екінші разрядқа жатады.
Жұмыс істеу кезеңінде станция бірнеше рет көшірілді, бірақ бұл көшірулер станция координатының өзгеруімен байланысты емес. Станция атауы өзгерген жоқ.
Ауыр тақтасымен флюгер 9 қазан 1951 жылы орнатылды, Жаңбыр өлшегіш Третьяков жауын-шашын өлшегішімен 30 қараша 1954 жылы ауыстырылды. 1964 жылдың қаңтарында станция басқа жерге көшірілді және арнайы желіге ауыстырылды.
Шымкент қаласы Батыс Тянь-Шань тауы етегінде орналасқан. Батыс Тянь-Шаньның таулы жүйесі (Қоржынтау тауы) Шымкент қаласынан 45 километрде оңтүстік-шығыста орналасқан, биіктігі теңіз деңгейінен 3000 метр.
Бұл таудың артында осы бағытта - Тянь-Шаньның биік жоталар қатары - Угамский, Таласский Алатау және т.б. орналасқан.
Қаратау тауының Боралдай жотасы , биіктігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz