Тіл мәдениеті мен тілдік норма


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
АЙТЫЛЫМ ЖӘНЕ ОРФОЭПИЯ
Орындаған:
4 курс студенті А. Т. Кодекова
Ғылыми жетекшісі:
филол. ғ. к., доцент С. Ш. Ақымбек
Норма бақылаушы:
филол. ғ. к., доцент Ә. Ж. Әміров
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді:
ф. ғ. доктры, профессорБ. Момынова
(қолы, күні)
АЛМАТЫ, 2011
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Айтылым және орфоэпия
Жұмыстың көлемі: 55 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 25
Тірек сөздер: орфоэпия, орфография, тілдік норма, кодификация, вариация, тіл мәдениеті, тілдік жүйе.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Тілдік норманың қыры мен сырын меңгере отырып, оның бір қалыпқа келіп реттелуіне ықпал етуші көздерді айқындау. Тілдік нормалардың қатарына енетін орфоэпиялық норманың ерекшеліктеріне тоқталу. Орфоэпиялық норма мен айтылымның негізгі айырмашылықтарын бөліп қарастыру. Осы мақсаттарды көздей отырып, мынадай міндеттер алға қойылды:
- Тілдік норманың анықтамасына мән беру;
- Тіл мәдениетінің қоғамдағы рөліне тоқталу;
- Қазақ тіліндегі орфоэпиялық норманың қалыптасу негіздері;
- Қазақ тіліндегі айтылым теориясының қалыптасу негіздері;
- Орфоэпия мен айтылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын толықтай ажырату;
- Осы мәселелерге қатысты ғалымдардың ой-пікірлеріне тоқталу және оны саралау, сараптау.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бұл зерттеу жұмысымызда қазақ тілінің ғылымда өз орнын алуына септігін тигізген, оның ережелері мен қағидаларын белгілі бір нормаға келтірткен тілдік нормалар жайын сөз етпекпін. Тілдік норма жайлы айтпас бұрын бұл саланың терминдеріне назар аударайық. Алдымен норма, нормалану (нормализация) және кодификация терминдерін білдіретін ұғымдар жайында түсінік берейік. Норма - негізінен тілдің өзі ұсынған тәртіп, нормалану - сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы. Тілдің нормалануы мен ол нормалардың кодификациясы бір әрекет емес, соңғысы тіл процестеріне адамдардың араласуы яғни тілдік нормаларды реттеу, сұрыптау, дұрысын бекіту, қалыптанғандарын хатқа тіркеу сияқты іс-әрекетті білдіреді. Кодификация - әдеби тілдің дамуына әлеумет тарапынан ықпал жасау. Сондай-ақ қазақ тілінің ұлт тілі, мемлекет тілі ретінде танылуындағы ең басты құрал дұрыс сөйлей білуі туралы ой қозғаймыз. Тіліміздің сұрыпталып, белгііл бір нормаға түсуінде, жалпыхалыққа түсінікті болуында септігін тигізетін баспасөз материалдарын, ғалымдардың пікірлерін талқылаймыз. Онда айтылған орфоэпия және айтылым туралы ой-пікірлеріне назар аударамын.
Жұмыста қолданылған әдістер: Жұмыста жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, қорытындылау әдістері қолданылды.
Глоссарий
Тіл мәдениеті - сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексика), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларды ұстану, орнықтыру, жетілдіру.
Әдеби тіл нормасы - сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілігі таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары.
Тілдік норма - көпшіліктің қатынас құралы ретінде тілдің қлоданысында оның әлдеқайда орныққан, дәстүрлі құрамдары, амал-тәсілдері, тәртіптері; тіл-тілдің қай-қайсысының да даму (қызмет ету) кезеңдерінің баршасына тән құбылыс.
Кодификация - дұрыс деп танылған тілдік нормаларды қалыпқа түсіріп, жинақтап көрсету, бұдан да гөрі дәлірек айтсақ, тілдік нормалардың қалыпқа түсіп, жаппай қолданыс тапқандарын орнықтыру, заңдастыру, тіркеу.
Вариация - парадигмадағы фонеманың синтагмалық қатынасқа түскенде, сол тілдің фонологиялық парадигмасында жоқ өзгеше бір дыбыстық реңкте объективтенуі.
Орфография - ( orpho - дұрыс, graphia - жазу) сөздерді дұрыс жазу жүйесі.
Орфоэпия - ( orpho - дұрыс, ephia - айту) сөздерді дұрыс айту жүйесі.
Сөз дәлдігі - сөздерді тілдегі мағынасына лайық қолдану. Сөз белгілі бір зат пен құбылыстың атауы.
Сөз тазалығы - тілді шұбарлайтын өзге тілдік элементтерді қолданбау дағдысы.
Сөз сазы - сөйлеу үстінде (актісінде) сөздердің дұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуі. Ал сөздерді дұрыс айту дегеніміз тілдің табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтау болып табылады.
Диалектизмдер - жергілікті жерде, белгілі бір аймақта қолданылатын,
яғни өзінің «жекеменшік территориясы» бар тілдік бірліктер.
Қарапайым сөйлеу тілі - әдеби тіл кеңістігінен тысқарылау тұратын
Жаргон, арготизмдер - бейәдеби топқа жататын тілдік бірліктер белгілі
бір әлеуметтік жіктің, топтың тілінде кездеседі. Олар былайғы жұртқа түсінікті
бола бермейді. тілдік бірліктер жүйесі.
Варваризмдер - әдеби тіл нормасында жоқ шет тілдік сөздер жатады.
Мазмұны
КІРІСПЕ
Тіл мәдениеті мен тілдік норма . . . 5
1. Айтылым және орфоэпиялық норма . . . 9
- Қазақ тіліндегі орфоэпиялық норманың қалыптасу негіздері . . . 9
- Қазақ тіліндегі айтылым теориясының қалыптасу негіздері . . . 19
2. Тіл мәдениетіндегі орфоэпия және айтылым . . . 27
- Орфоэпиялық норманың іске асу тетіктері . . . 27
- Айтылым шарттарының іске асу тетіктері . . . 38
Қорытынды . . . 50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 55
Кіріспе
Тіл - әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен сезім-түйсігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Онсыз халық аты бар да заты жоқ тобыр. Ана тілінің тағдыры оны жаратқан халықтың қолында. Тіл - адамзаттың адамдық қасиетін танытатын ұғым.
Тіл білімінің бір тармағы болып саналатын «тіл мәдениеті» көптеген ғылыми-практикалық проблемаларды қамтиды. Ол тек тілдің қолданысындағы ағаттықтары мен жазудағы қателерді тауып көрсетіп отыруды ғана көздемейді. Тіл қолданысындағы қателерді көрсету үшін олардың дұрыс болуға тиіс базасын алу қажет, демек, тілдік жүйені, ол жүйеге сай қалыптасқан нормаларды айқындап алуы шарт. Сондай-ақ тіл тіршілігінде тек сөздер ғана емес, дыбыстар, ол дыбыстардың айтылу сазы дегендердің мәні зор, бүгінгі тілдердің қызметі жазумен қоян-қолтық астарласып жатыр, бұл күнде тіл жазусыз қызмет ете алмайды, сондықтан емле мәселесі де «тіл мәдениетін», яғни жазуда да дұрыстықты, жүйелілікті, қолайлылықты талап етуі заңды.
Тіл мәдениетінің өзегі - норма туралы ұғым. Норма тілдің жүйесі мен құрылымына иек артады. Тілдік жүйе дегеніміз - тілде бар үлгілердің қолданыс типтерінің, түрлерінің белгілі бір тәртіппен келуі, ал тілдік құрылым дегеніміз - осы жүйенің іске асқан материалдық мүмкіндіктері.
Бұл зерттеу жұмысымызда қазақ тіліміздің ғылымда өз орнын алуына септігін тигізген, оның ережелері мен қағидаларын белгілі бір нормаға келтірткен тілдік нормалар жайын сөз етеміз. Тілдік норма жайлы айтпас бұрын бұл саланың терминдеріне назар аударсақ, алдымен норма, нормалану (нормализация) және кодификация терминдерін білдіретін ұғымдар жөнінде түсінік береміз. Норма - негізінен өзі ұсынған тәртіп, нормалану - сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы. Ал тілдік норма дегеніміз - көпшіліктің қатынас құралы ретінде тілдің қолданысында оның әлдеқайда орныққан, дәстүрлі құрамдары, амал-тәсілдері, тәртіптері; тіл-тілдің қай-қайсысының да даму (қызмет ету) кезеңдерінің баршасына тән құбылыс.
Тілдің нормалануы мен ол нормалардың кодификациясы бір әрекет емес, соңғысы тіл процестеріне адамдардың араласуы яғни тілдік нормаларды реттеу, сұрыптау, дұрысын бекіту, қалыптанғандарын хатқа тіркеу сияқты іс-әрекетті білдіреді. Кодификация - әдеби тілдің дамуына әлеумет тарапынан ықпал жасау. Кодификация - тілдің өзінің «әрекеті» емес, оны қолданушы қолданысын реттеуші біздің (адамдардың) қарекетіміз, сондықтан «норма және оның қалыптануы» дегеннен гөрі «норма және оны қалыптандыру» деп атаған дұрыс. Кодификация терминінің мағынасы - дұрыс деп танылған тілдік нормаларды қалыпқа түсіріп, жинақтап көрсету, бұдан да гөрі дәлірек айтсақ, тілдік нормалардың қалыпқа түсіп, жаппай қолдананыс тапқандарын, орнықтыру, заңдастыру, тіркеу. Сонымен қатар, кодификация - тілдің қолданысында жүйелі тәртіп орнатады, тілдік заңдылықтарды тұрақтандырады, әдеби нормалардан тысқары элементтерді тоғытып жіберуден сақтайды.
Тілдік норманың табиғаты екі түрлі: бірі тілдің өзінде қалыптасқан нормалар және ереже бойынша ұсынылған нормалар, соңғыларды ереже бойынша деп айтуымыз шартты. Бұл жердегі «ереже» дегеніміз - грамматика оқулықтары мен әр алуан сөздіктер, анықтағыштар, т. б. Мысалы, қазақ тіліндегі септеу, жіктеу парадигмалары, сын есім шырайлары, етістіктің етіс тұлғалары, шақтық мағыналары, жұрнақтар арқылы жаңа сөздің жасалуы сияқтылар «туа біткен» - яғни өте ертеден тілдің өзінде қалыптасқан, әбден орныққан, тілдің өз табиғатына тән жүйеге айналған заңдылықтар. Ал -мен (-пен, -бен) шылауын қосымша ретінде танытып, көмектес септігінің көрсеткіші деп ұсыну, оның септік парадигмасының өзге жалғаулар сияқты сөзге қосылып жазу нормасы - «қолдан жасалған», яғни ережемен реттелген норма.
Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты - орфоэпиялық норма. Орфоэпиялық норма - сөздерді дұрыс айту, лексикалық - сөздерді іріктеп, сұрыптап қолдану, талғап, талғаммен қолдану, грамматикалық нормалар - сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма, бірақ кейбір стильдердің ауызекі сөйлеу стилінде бір септіктің ішінде басқа септік тұлғалары айтылуы сияқты қате грамматикалық құрылымдар кездеседі. Бұл бір жағынан жеке адамдардың тіліндегі құбылыс та болып саналады.
Синтаксисті норма дегеніміз - сөйлемді дұрыс құрау, оның өзіне тән компаненттерін көркем байланыстыру, қарапайым әрі әсерлі жеткізе білу болса, онда әсерлі жеткізу үшін әсем тілдік сөйлемнің дағдысын қалыптастыру қажет. Тілдік сөйлемдерді дұрыс дыбыстау, сөзді таңдап, талғаммен айту үшін сөз таңдау мүмкіншілігі болу керек, ол адресанттың сөздік қорына қазақ тілінің бай мұрасын қаншалықты меңгергеніне тікелей байланысты.
Тіл мәдениеті - қазақ тіл білімінің зерттеу нысандарының ішінде кейінірек қолға алған сала. Тіл мәдениеті саласының тілдің басқа салалардан айырмашылығы оның күнделікті өмірмен тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыстылығы. Жазу мен сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастыру және орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен тығыз байланыстылығы қазақ тіл ғылымында жан-жақты зерттеліп келеді. Қазақ тілін үйренушілер көбінесе қазақ тілінің грамматикасын меңгеруге күш салады. Ал қазақ тілінде (қазақтардың өзі де) мәдениетті сөйлеу мәселесіне көп көңіл бөлмейді. Тіл мәдениеті туралы ғылым нысаны қазақ тілші ғалымдары, мамандары ғана үшін емес, қазақ халқының ұлттық мүдде-мұратының негізгі ұстанымы ретінде оқытылып, халық өз тілінің игілік парызы ретінде тану керек.
Қазақ тілші ғалымдары А. Байтұрсыновтан бастап, Қ. Жұбанов,
М. Балақаев, Р. Сыздықова, М. Серғалиев, Н. Уәлиев, С. Мырзабеков т. б. сауатты жазу, сөздерді дұрыс дыбыстау, орфоэпиялық нормаға қатысты ғылыми еңбектер, анықтағыш сөздіктер, ғылыми мақалалар, әртүрлі жинақтар шығарды. Тілші ғалымдармен бірге басқа да маман иелері тіл мәдениеті туралы өз ойларын, құнды пікірлерін мәдениетті сөйлеуге қажетті ой-пікір, ұсыныс, толғамдарын айтуда. Көп жағдайда саяси және идеологиялық-ақпараттық, ғылымдық, т. б. көпшілікке арналған ортада сөйлеу мәдениеті қандай болу керектігі жиі сөз болады. Сондай-ақ, жазу мәдениетіндегі орфографиялық қателер, емле ережелерін бұзу, жер-су атауларының дұрыс жазылмауы қанша айтылып, жазылып жатса да әлі түйіні шешілмеген, бірақ барша халық қолдануға тиісті бір жүйелілікті талап ететін міндетті құбылыс, өзінің мемлекет тарапынан нақты шаралар мен заң, қағида, ереже сияқты ресми заңдастыру әрекетін күтуде.
Сөйлеуші кім, қабылдаушы кім, қандай ортада сөйлеп тұр, ортаның мәдени дәрежесі қай деңгейде деген мәселелер де сөйлеу мәдениетіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Сөйлеу мәдениеті ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл-күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерді құралуына қарамастан), көркемдігі тілдің маңызды қасиеттерін саралауды талап етеді. Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар болуы шарт. Лингвистикалық алдын-ала болжау орталығы сөз мәдениетінің мына міндеттерін шешуге көмектеседі: дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу. Лингвистикалық болжау орталығы сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады.
Сөйлеу мәдениетіндегі қазіргі таңдағы ең күрделі, көкейкесті мәселе - орфоэпиялық мәселе. Дауыстың арқасында адресант авторға өз ойын, сезімін, жан-дүниесінің сырын бере отырып, екінші жақтан да сондай нәрселер талап етіледі. Дауыстан, оның табиғатынан адамның жай-күйі, мінезінің әр түрлі астары байқалады. Мысалы , өткір, ашық, батыл, әлсіз, енжар, солғын, жағымпаз, тың, көңілді, сабырлы, күлкілі, құштар, құмар, селсоқ, салғырт, жігерсіз, жұмсақ, көнгіш, дөрекі, еліктіргіш, еліккіш, дойыр, зәлім, әлжуаз, сыпайы, зиялы, оқымысты, ақ көңіл, тұрпайы, өжет, аңқау, адал, салмақты, әміршіл, момақан, қарапайым, ашушаң, шыншыл, тартымды, өзімшіл, тартыншақ, қу, айлакер, екі жүзді, әділ, таза, турашыл, жеңіл, ұшқалақ, қауқарсыз, өтірікші, байсалды т. б. тіл мәдениеті тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормаларды біліп үйрену болып табылады.
Тіл мәдениетінде осы мәселелердің коммуникативтік-эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норманы жүзеге асырады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Ендеше, сөз мәдениетінің мәселелері толық анықталған жағдайда стилистика ғылымына жетуге болады, сондықтан, М. Серғалиев тіл мәдениеті стилистикамен тығыз байланыста ғана дами алатындығына үлкен мән берген, тіл мәдениеті стилистиканың жетістіктерін пайдалану нәтижесінде өсетін ғылым екендігін айтқан болатын. Сөз мәдениетінің қазақ тіл ғылымында араласпайтын саласы жоқ, көркем сөйлеуде болсын, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тіл ғылымының барлық саласымен тамырласып жатады.
Көпшілігіміз тіл мәдениеті дегенді сыпайы, сынық сөйлеу, сөз ішінде бөтен тілдің элементтерін араластырмай таза сөйлеу деп түсінеміз. Бірақ сөз мәдениеті деген ұғым біз ойлағаннан әлдеқайда кең, әлдеқайда терең. Қарапайым тілмен айтқанда, ең алдымен ана тіліміздің иелігіндегі барлық дүниелерді, яғни тілдің дыбыстық жүйесін, оның ырғақ әуездерін, сөздік тұлғаның құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын, сөз тіркестері мен сөйлем жүйелерін, тілдің стильдік құралдарын т. б. әдеби тілдің нормасына сай қолдана білу, дұрыс әрі бедерлі жұмсай білу деген ұғымды білдіреді.
Сондықтан да жұртшылыққа түсінікті сөздерді жиі, көбірек қолданудың, жазба мәтінді дұрыс сазына келтіріп дыбыстаудың, тиісті жерінде сөзге логикалық ықпал түсірудің, жеке сөздердің орфоэпиялық нормаларын сақтаудың маңызы ерекше. Тіл - адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы, өмірдің ұлы қаруы. Қарым-қатынас майданына түскен сайын бұл құралдың икемділігі артып, шыңдала береді. Бірақ, тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айрықша көңіл бөліп, шынайы қамқорлыққа алып отырудың барысында ерекше жандана түседі.
Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да, кедір-бұдырсыз болып жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрыс қолданып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөз жатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін дұрыс жұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз. Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай жұмсалуы және «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей» (А. Құнанбаев) ой мен сезімді дәл жеткізе алатындай әсерлі болуы да қажет.
1. Айтылым және орфоэпиялық норма
- Қазақ тіліндегі орфоэпиялық норманың қалыптасу негіздері
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі - проф. М. Балақаев . Ол өзінің «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» деп аталатын еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: «Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынасы теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді - бәрібір - әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді, тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек». [20]
Кітапта «Орфоэпиялық және орфографиялық норма» деп аталатын тақырып бар. Көлемі шағын болғанмен осы мәселелерге қатысты бірсыпыра құнды мағлұмат айтылған.
Дыбыстық тіл - күрделі құбылыс. Оны әріптермен мүлтіксіз беру мүмкін емес. Сондықтан кез келген тілдің айтылуы мен жазылуының арасында алшақтық болмай қоймады. Мұндай алшақтық қазақ тілінде де жетерлік. Олай болса, сөздерді жазылуынша айту ара-тұра жаңсақтыққа ұрындырары аян. Бұл салада да тәжірибе жинақталып, ереже-қағида жасалуға, оның өзі сол тілді тұтынушыларға ортақ, міндетті заңға айналуға тиіс.
Автор орфоэпиялық норманы айқындауға байланысты өз пікірін ұсынады: «Сонда жапылама долбармен айтқанда, сөздердің айтылу нормасы былай болуы керек: құлаққа жағымды, көңілге қонымды айтылғанның бәрі - нормаға жатпайды, дұрыс емес. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделетіндіктен олар жалпы халыққа бірдей түсінікті, тілге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиіс». [20] Қысқасы, бұл еңбекте қазақ орфоэпиясына қатысты алғашқы пікірлер айтылған деуге болады.
М. Дүйсебаеваның «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері» - аты айтып тұрғандай, осы мәселеге арналған зерттеу.
Автор дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміздегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тілінің сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына әсер еткен негізгі жағдайлар ретінде мыналарды атап көрсетеді: халықтың дәстүрлі (традициялық) сөйлеу тілі, белгілі мәдени орталық, баспа орындары мен мәдени мекемелер, жазба әдеби тіл мен көркем әдебиет. Автордың мына бір пікіріне көңіл аудару керек болады: «Қазіргі Алматы қаласындағы қазақ интеллигенциясының сөйлеу мәдениетінің үлгісі болады дейміз». [3]
Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге боларлық еңбек -
Р. Сыздықованың «Сөз сазы» (Сөзді дұрыс айту нормалары) . 1983 жылы жарық көрген бұл кітапшада қазақ тілінде тұңғыш «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсіріліп, 36 параграфқа топтастырылған. Және мұның өзі құрғақ, жай қағида болып қалмаған; мысалдар берілген, жаттығуы және бар. Еңбектің және бір артықшылығы сөйлеу үстінде сөздердің ритмикалық топ құрап айтылатынын және ондай топтардың түрлерін (он бес түрлі) анықтайды.
Ә. Жүнісбековтың еңбектері тіліміздегі дыбыстардың акустика-артикуляциялық қасиеттерін дұрыс танытып қана қоймай, орфоэпияға қатысты да құнды фактілер бере алады.
Сөздерімізді айтудағы ала-құлалық, орфоэпия жөніндегі пікірлер, мақала, зерттеулер, орфоэпиялық сөздіктердің жасалуына түрткі болды. Олар: Қ. Неталиеваның «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» және М. Дүйсебаеваның «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі».
Оның үстіне сөздің дұрыс айтылуын анықтауда, орфоэпиялық норманы тануда ұстанатын негізгі критерийдің де басы ашылып болған жоқ. Бұл мәселеге байланысты көзқарастар мынадай болып келеді:
- Көпшілік қалай айтса - сол норма;
- Неғұрлым жазылуына жуық дыбыстау;
- Жастардың айтуын норма деп тану (өйткені болашақ жастардікі ғой) ;
- Астананың айту машығын негізге алу;
- Сахна шеберлерінің сөйлеуін үлгі ету;
- Говорлардың көпшілігіне тән машығын ескеру;
- Мәдени-тарихи дәстүрді басшылыққа алу;
- Тілдің ішкі даму заңдары қуаттайтын форманы мойындау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz