Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе: I. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті.

Негізгі бөлім: II. Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзілік лидер

2. 1 Тәуелсіздік стратегиясы

2. 2 Егемді елдің Конституциясы

2. 3 Теңге ­- Тәуелсіз мемлекет нышаны

2. 4 Жаңа дәуірдің жаңа астанасы

2. 5 Қазақстан және Қазақстан халқының Ассамблеясы

Қорытынды

Әдебиеттер

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

. Көп ұлтты мемлекетіміздің ынтымақтастығын берік ұстаған Елбасының ерен еңбегі, тарихтың парағына алтын әріппен жазылатынына сеніміміз мол.

Диплом жұмысының қысқаша мазмұны осы, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

I. Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті.

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.

1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Төрағасы, Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

1960 жылдары Қарағанды металлургия зауытында еңбек етті. Қазақстан Магниткасының 50 жылдық тарихы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы комбинатта 20 жылдай еңбек етуімен айшықталады. Сол кездер «Без правых и левых» атты өзінің кітабында толық қамтылған. Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында жазылған кітаптар, поэма, мақалалар жеткілікті. «Өмірге 1940 жылдардан кейін келдік. Ұлы Отан соғысын көрмесек те оның зардабын сездік, социалистік қоғамның ғаламаты мен сұмдығын, қайта құрудың қияметін бастан кешірдік, одан XX ғасырдан астық, бүгінде тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатырмыз. Ол кезде коммунизм қоғамында өмір сүру түсімізге кірсе кірген шығар, бірақ дәл осындай тәуелсіз Қазақстанда өмір сүреміз деген үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін», - дейді өзінің еңбектерінде Елбасы. Назарбаевтың түбінде Алматы жаққа барып қалатынына сеніміміз мол болатын, дәл егеменді Қазақстанның тұңғыш Президенті болады десе, ол кезде бұл ойымызды әулиелікке жорыр едік. Қалай болғанда да, Қазақстанды Егеменді ел деп жариялап, оның тұңғыш Президенті болып сайланып, елімізді бүкіл әлемге таныту бақыты Қарағанды металлургия комбинатындағы домна пешінде жұмыс істеп, сомдалып шыныққан азаматқа бұйырды. Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекет ісіне араласқан уақыт қайта құрудың қарсаңы мен оның арпалысына дөп келгені белгілі. Сол уақытта әлеуметтің Назарбаевты таңдауы кездейсоқ емес. Тандауы дегеннен гөрі Назарбаевтың әлеуметті таңдандыруы десек, дұрыс болады. Ат төбеліндей шоғырдың емес, бүкіл елдің мүддесін қорғауға келгенде темірдей тегеурін мен жүйелі тәртіпті ел басқаруда да шебер қолдана білгендігінде. Бүгінгідей бүкіл елді сүйіндіріп отырған «темірдей тегеурін» қалай, қайдан бастау алды? Әрине, әкенің ықпалымен, ананың сүтімен. Дей тұрсақ та, шойын қорытудағы от-жалынмен арбасу тіпті бөлек. Шойын тасқынын қақпалап бір арнаға жіберу тек қана арнайы білімнің болуын аздық етеді. Өйткені домна пеші мылқау, оның ішінде неше түрлі дүлей арпалыс жүріп жатады. Осы ғаламаттың жанында тұрып буырқанып, бусанып, жанартаудай от шашатын уақытын тылсым түйсікпен мөлшерлей алмасаң қапы қаласың. Мүлт бассаң болды, қылғыта салады. Әу баста шойын қара қоймалжыңданып, іле-шала қып-қызыл отқа айналып, шарқ-шұрқ етіп сұрапыл алау лап бергенде сескеніп, тіксінбейтін жүрек болмайды. Осының барлығы қас-қағым сәтте сабасына түсіп, жайбарақат күйге еніп, сұйық зат самарқау жылжып, ағып жатқанын елестетсең жаның жай тауып, шабыт кернейді. Көзіңді ашып-жұмғанша қауіп пен қатерді, шаттық пен шабытты үйіп-төгіп, өз басыңнан өткеретін «горновой» деген мамандықтың қыр-сыры адам психологиясындағы таңғажайыптарды түсініп, оларды тап басып, дер кезінде сезіне білуге Қазіргі Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевты баулыды. Ең алдымен, осы сатыдан өтіп, сосын комсомол, партия қызметтерінде ысылып шыққан Назарбаев егемен Қазақстанның Президенті болып сайланғанда, халықтың бойында ризашылық пен қанағат сезімі басым болды.
Теміртау қалалық комсомол комитетін басқару Нұрсұлтанның пешенесіне жазылған болу керек, ақырында 1969-1971 жылдары осы аталмыш ұйымды басқарды. Жастарды ұйымдастырып, бір арнаға жұмылдыру қай уақытта да оңай іс болмағаны белгілі. «Қалауын тапса, қар жанады» дегендей, сол жылдары қалалық комсомол ұйымының беделі өсіп, өрлеп тұрды. Бұрынғы комсомол басшылары коммунистік партияның «әкелік қамқорлығын» мадақтаудан аспаса, Нұрсұлтан Әбішұлы қаладағы алып өндірістер мен құрылыс басшылары жастарға немқұрайды қарап, олардың ынталы да сапалы жұмыс істеулеріне қажетті жағдай жасамай отырғанын қатты сынады. Бұл бұрынғылар айта алмаған батылдық болғандықтан, орталық ақпарат құралдары жарысып жазып жатты. 1971 жылы желтоқсан айында болған Теміртау қалалық партия комитетінің есеп-беру сайлау конференциясында «Жастардың өнерпаздық шығармашылығын одан әрі өркендетуге, спорт пен дене шынықтыруды дамытуға қолайлы жағдай жасалмай отыр. Металлургтердің мәдениет сарайы мен спорт кешенінің құрылысы тым ұзаққа созылып барады. Алдағы уақытта бас мердігер - «Металлургжилстрой» тресінің басшылары бұған жеткілікті көңіл бөлгендері жөн» деп кесіп айтқан еді. Сол уақытта жастардың жоғын жоқтаудың саяси астары терең болды. Себебі, 1959 жылғы Теміртауда болған жастар көтерілісінің сызаты әлі де сезіліп тұратын. Осы тұрғыдан алғанда жастарға деген қамқорлықтың түбегейлі түзелмеуі Назарбаевтың айтуымен өндіріс, құрылыс басшыларын селт еткізсе, жастар оған қызу қолдау көрсетті. Дәл осы уақытта «тауды бұзып, тасты жарып» Назарбаевтың жастар өміріне ара түсуі елді дүр сілкіндірді. Назарбаевтың «феномені» дәл осы сәттен бастап бүр жарғанына еш күмәніміз жоқ. Өткен жылдың аяғында Астанадағы студент жастар әділетсіздікке шыдамай толқу үстінде болғанда, Елбасының кесімді, шұғыл шешім қабылдауы осы ойымызды дәлелдей түседі. Бұл жастар жаттап жырға, қарттар аңыз-ертегіге айналдыратын өнегелі іс болды. Әрине, әрбір адам дүниеге феномен болып жарыққа шығады, ал оны өмір бойы дәлелдеп өту екінің бірінің пешенесіне жазылмаған. 1971 жылы Назарбаев Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, ал 1973 жылы күзде Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы болып сайлан­ды. Бұл кезде зауыт мемлекет жоспарын орындай алмай, дирек­торлар мен негізгі цехтардың бастықтары жиі ауы­сып, мамандар жетіспей, кадрлар орныға алмай, осы­ның салдарынан апаттар көбейіп, елдің ең­се­сін кө­тертпей тұрған. 1969-1973 жылдары директор бол­ған П. П. Мишин өзімен бірге бас инженерден бас­тап, негізгі цехтар мен бөлімдердің бастықтарын алып келді. Аттай алты ай өткеннен кейін оларға «жұмысты ұйымдастыра алмады» деген айып тағып, Магнитогорск, Чероповец, Запсиб металлургия зауыттарынан шақырылған мамандармен ауыстырды. Жергілікті мамандарға сенім көрсетілмеді, ал ұлттық кадрларды ешкім есіне алмайтын. Бұның қалай дейтін партком хатшысы болмады. Ақырында Мишиннің өзін жұмыстан алды. Алдын ала айтар болсақ, тек қана жергілікті мамандарға сенім артқаннан кейін ғана за­уыт жұмысы алға басты. Осы өзгерістің басы-қасында болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын. Жаңадан іске қосылып жатқан цехтар негізінен Кеңес Одағында бұрын болмаған, технологиясы игерілмеген соған қарамай жоспар олардың жобалық қуатына сай белгіленіп, онсыз да оңалмай тұрған комбинат жағ­дайын одан сайын күрделендіріп жіберген. Мем­ле­кеттік жоспарды орындау заң деп даурыққанымен оның орындалмауы, жүзеге аспауы тек қана бір адамға қатысты емес еді. Партияда адамдар арасындағы нақты ұйымдастыру жұмысы тек қана қағаз жүзіне ауысып, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары ақпараттар легі тасқындаған да, барлық ауырлық мұндайда бастауыш партия ұйымдарына, әсіресе, өндіріс парткомдарына түсетін. Ел экономикасына қомақты үлес қосып отырған өндіріс орыңдарындағы партия ұйымының жай-жап­сарынсыз жоғарғы жаққа ақпарат беру ақылға сыймас еді. Өндіріс өнімі межеден кем түсіп жатқанда партия ұйымының жанкешті жұмысы еске алынбайтын, «ең бастысы, адам факторы» деп нығыздалғаныменен, онымен ешкім санаспайтын. Назарбаев металлургия зауытына хатшы болып келгенде осындай шым-шытырық қарама-қайшылықтардың бүкіл жүйені жаулап алған кезімен тұспа-тұс еді. Аталмыш кәсіпорын облыс, республиканы былай қойғанда, Кеңес Одағына белгілі болғандықтан, зауыт басқармасына, әсіресе, директоры мен партком хатшысына жүктелген міндет өте зор болған. Алып өндірістің тұрақсыз жұмыс нәтижесі көбіне сор болып, қала, облыс көлеміндегі лауазымды қызмет иелерінің түн ұйқысын төрт бөлетіні де шындық еді. Сол кездегі Теміртау қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы А. Анохин: «Директорды жаңарттық, партия комитетіне жас, нағыз металлургті жібердік, енді ұйқымыз тыныш болатын шығар» деуі де тегін емес еді. Н. Ә. Назарбаев партия комитетіне келе сала, былай қарағанда, көзге іліне бермейтін, бірақ та өте ұтымды аппараттық тәсіл енгізді. Жоспар мен өнім сапасының тағдыры шешіліп жатқан іс басындағы өндірістік партком хатшыларыменен апта сайын кездесіп, өндірістің жұмысын, кадр мәселесін, ұйым жұмыстарының бағыт-бағдарын анықтап отырды. Бұл кездесулерде партком хатшысына ашық пікір айтуға, онымен еркін әңгімелесуге мүмкіндік алған төменгі сатыдағы партия жетекші­лерінің қанаты қомданып, жаңа серпіліс, жұмыс ауқымында соны леп пайда болғаны да шындық еді. Ұйымдастыру жұмысы едәуір алға жылжып, комбинат парткомының аяқ алысына күдікпен қарағандардың қабақтары ашыла бастады. Дей тұрсақ та, тоқмейілсудің ауылы алыс болды. Шешілмей жатқан технологиялық, техни­калық, әлеуметтік проблемалардың сан жетпей­тін­дігінен комбинат жұмысының жиі-жиі тоқтауы әлі де орын алып отырған. Сондай күндердің бірі - 1974 жылдың 30 сәуірінде дәл Бірінші мамыр мейрамына қараған түнгі ауысымда бірінші жұқарту цехында үлкен өрт шыққан. Ол кездегі жазылмаған заң, бірақ мұқият орындалатын дәстүр бойынша осындай «апатқа» жол бергендер міндетті түрде жұмыстан босатылатын. Партия тарапынан берілетін сөгіс өз алдына. Әркезде кінәлі болып табылатын да осы орта буындағы инженер-техник мамандар болатын. Көп кешікпей шыққан өрттің себебі парткомда қаралады. Мәжілісте жобалау институттарынан, авторлық бақылау басқармасынан, күрделі құрылыс бойынша дирек­тордың орынбасары, тағы да басқа негізгі бөлімдердің басшылары қатаң сынақтан өткен. Цехтарды жобалау кезінде мамандардың ұсыныстарының ескерілмеуі, одан кейін құрылыс-монтаж кезіндегі өрескел қателіктер - осының барлығына немқұрайды пиғыл көрсетіп отырған директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының, тағы да басқалардың жауапкершіліктері қаралып, қатаң сынға алынды. Кемшіліктердің себебі мен салдары зауытта істей­тіндердің бәріне белгілі болатын. Ақиқаты басқада еді. Партком хатшыларының көбі болашақта партия ісімен айналысып, мансап қууды жоспарламайтын. Неге десеңіз, сол кездерде партия жұмысынан өткендерді саяси сауаты ашылғандар санатына қосып, өндірістегі жауапты басшы жұмыстарға жіберу дәстүрі болатын. Оның үстіне сол кездегі партия саясатының басты міндеттерінің бірі «… өндіріс басшыларының беделін көтеру арқылы мемлекеттік жоспарды орындау» деп міндет қоятыны тағы бар. Сондықтан да партком хатшылары апат, тағы да басқа келеңсіздіктер орын алғанда мамандарды байыбына бармай, атүсті шешім қабылдап, көбінесе жұмыстан босатып, сөгіс жариялап, жоғарғы жаққа «мен шара қолдандым» деп есеп беріп, тыныш отыратын. Осындай бір-біріне керағар жайттар қаулап тұрғанда болған апатқа түпкілікті, жіті көз жіберіп, жан-жақты, ешкімді алаламай баға беру зауыт ұжымын дүр еткізді. «Наконец-то появился нормальный секретарь парткома», - деген ризалық пікірлерді күніне сан рет естіліп жатты. «Ку да он денется, скоро его поправят, будет он ручным как миленький» дегендер де жеткілікті болды. Әрине, бұлар «жапа шеккен» лауазымды қызмет иелерінің жандайшаптарынан көбірек естілетін, бірақ олардың үміттері ақталмады. Олардың сенгендері сол кездегі зауыт директоры О. И. Тищенко болды. Бұл кісі шын мәнісіндегі үлкен ұйымдастырушы, адамдармен жұмыс істеуді терең меңгерген, металлургия саласын бес саусақтай білетін қажырлы да қайратты адам болған. Үлкен өндірісте директор мен партком хатшысының арасы үнемі жарқын, жайдары бола бермейтіні де белгілі. Сол себептен де «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» дегенге сенгендер қатты қателесті. Екеуі бірдей бір арбаға жегіліп, үлкен өнегенің үлгісін көрсете білді. Ең бірінші, комбинат басшылары жұмыс­шылармен қоян-қолтық араласып кетті. Әрбір жұма сайын цехтарда болып, жұмысшылармен емін-еркін сұхбат жасады. Бұрын басшылардың атын ғана естіп, жүздесу­ді былай қойғанда, енді, міне, олар бас иіп алдарына келді. Басты мақсат - адамдарды тыңдау, сын-ескерт­пелерін орындау. Осындай кездесулерден кейін жұмысшылардың айтқандары жіпке тізіліп, комбинат, цех бойынша бұйрықтар шығарылып, олардың орындалуы қатты қадағаланды. 1974 жылы «Теміржол басқар­масында» болған кездесуден кейін үлкен проблема шешілген. Ол - темір доңғалақтарының табандарын жонатын арнайы станоктың сатылып алынуы еді. Ол кезде комбинаттағы жол торабының ұзындығы 328 шақырымды құраған, 60-тан астам тепловоз, думпкар, шойын, болат, шоқ таситын ыдыстарды қосқанда барлығының саны 500-ден асып жығылатын. Солардың доңғалақтарының табандары ұзақ қолданғандықтан тозып кетеді. Бұндай жағдайда оларды қолдануға болмайды. Өйткені бұл үлкен жол апатына әкеліп соғады. Сондықтан да оларды дер кезінде жонып, тазартып отыру қажет болған. Осы жұмыс комбинатты үлкен шығынға батыратын. Бір жол бар - арнайы станок сатып алу қажет. Ол станок металлургия саласының жабдықтау жүйесінің тізімінде жоқ. Сондықтан бұған Н. Ә. Назарбаев араласып, партияның Орталық Комитеті (Мәскеу) арқылы осы күрмеуі қиын түйінді шешкен. Ұйымдастыру жұмыстары тек осыменен шектеліп қалмаған айына бір рет бригадирлерді, аға жұмыс­шыларды Металлургтер сарайына жинау дәстүрге айналды. Одан кейін жылына бір рет инженер-техниктерді жинап, келелі әңгімелер өткізуді дағдыға айналдырды. Осының арқасында талай-талай күрделі техникалық, технологиялық түйіндер шешіліп жатты. Жұмыс­шылардың айтқандары орындалып, іске аса бастаған соң елдің басшылыққа сенімі артты. Жұмыс барысына жаңа леп, екпін пайда болып, шығармашылық ахуал орнығып, өз нәтижесін бере бастады. Осының арқасында комбинат жұмысы тұрақталып, жоспар орындалып, металлургтердің материалдық жағдайы түзеле бастады. Бірақ та негізгі мәселелер шешілмей жатқан. Ол металлургтердің әлеуметтік жағдайы болатын. Осы мәселені 1974 жылы Назарбаев жеке-дара қолға алып, Кеңестер Одағы коммунистік партиясының саяси бюросына хат жазып, ол хат сонда қаралып, оң шешімін тапты. 3 жылдың ішінде әрбір жыл сайын 80 мың шаршы метр тұрғын үй, 1660 сәбиге арналған екі балабақша, екі кәсіподақ училищесі, металлургия техникумы, институт ғимараттары, спорт кешені, т. т. жоспарға кірді. Осылардың барлығы іске асты. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бiрiншi хатшысы. Бір мезгілде 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының алғашқы неғұрлым демократиялық сайлауы болатын. Сайлау алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған жағдайда өткенімен, тоталитарлық жүйенің өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді. 1991 жылы 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш президенттік сайлау өткізілді. Қазақстандық сарапшы, саясаткерлердің бірі 18 жыл бұрынғы жалпыхалықтық сайлауда бүгінгідей кәсіби түрде бұрмалау болған жоқ десе, екіншілері ол тұста Назарбаев беделді жалғыз үміткер болған еді дейді.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы: - 1991 жылғы жалпыхалықтық президент сайлауында Н. Назарбаев халық алдында беделге ие жалғыз үміткер болды. Бұл сайлау алдында болған ірі уақиғалармен байланысты. Сондықтан сайлауды әділ өтті деп ойлаймын.
Тұңғыш сайлаудан кейін қабылданған соңғы 1995 жылғы Ата заңда біздің елде жұмсақ авториторизмнің көріністері күшейді. Менің ойымша, соның әсерінен біз көршілес Орта Азия елдерінен экономикалық, әлеуметтік тұрғыда көш ілгері алға оздық. Әрине, тілге, дінге байланысты түйткілді мәселелер бар. Бірақ, олар алдағы жылдары шешіледі деп санаймын. Жалпы, демократия - жақсы нәрсе. Бірақ біздің жағдайда ол кейде елге қауіп төндіретін сияқты. Себебі, біз сияқты егемендігі нығаймаған елге түрлі-түсті төңкеріс, сепаратизм сынды қатерлер бар» деген өзінің саяси сараптамасында.

«Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлаушылардың 98, 7 пайызының қолдауына ие болды. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдумның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында Н. Назарбаев 79, 78% дауыс алып, баламалық негізде Қазақстан Республикасының Президентi етіп сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 15 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген кітаптар шығып жатыр, соның бірі Ұлыбританиялық белгілі биограф жазушы - Джонатан Айткеннің қазақ тілінде «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» атты кітабы шықты.

Онда президенттік мәдениет орталығында өткен кітаптың беташарында оның авторы мен президенттің үзеңгілес достары тың туынды туралы пікірлері мен оның басты кейіпкері - Қазақстан басшысының мемлекет құру жолындағы еңбегі жөнінде пікір алысты. Әлемге танымал биограф-жазушы Джонатан Айткеннің бұл кітабы осыған дейін ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрген болатын. Енді «сырт көз сыншы» - жазушының Қазақстан президентінің балалық шағынан бастап бүгінге дейінгі азаматтық жолы туралы туындысы қазақ тілді оқырманның көзайымына айналды.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Сырттан келген адам өзі жазушы, журнлист ретінде, екініші жағынан саясаткер ретінде және сырт көз ретінде өзінің салыстырмалы сараптамаларын жасаған, сондықтан бұл қазақ тарихында, мемлекеттік тарихымызда өте жұрттың назарын аударатындай кітап болады деп ойлаймын.

Сауытбек Абдрахманов, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті:

- Джонатан Айткен кітабының Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл өмірін әдемі өріп шығып, оның шын мәнінде дүние дидарындағы санаулы саңлақ саясаткерлердің бірі екенін нақты дәлелдеуі кітаптың құндылығын ерекше арттыра түседі.

Кітап естеліктерге бай, президент өмірінің бұрын көп айтыла қоймаған тұстарын да тауып, тоқталған. 1987 жылдың қаңтары. «Талдықорған облысында ядролық қаруды сынау үшін жаңа полигон салу жөнінде шешім шықты». Мәскеуден телефон шалған жоғары мәртебелі шенеунік Нұрсұлтан Назарбаевқа осыны айттып, дереу жер бөліп, арнайы делегацияны қарсы алуға әзірленіңіздер дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев
Қастерлі Қазақ еліне қойны - қонышы толған байлық
Елбасы қызметі
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
Тәрбие сағаты «елбасы еңселеткен елорда»
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, АЗАМАТЫ, ПАТРИОТЫ
Тарих толқынындағы және жаңа дәуірдегі Қазақстан
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz