Бала тәрбиесінің маңыздылығы


жақсы тәрбие беру үшін, бойында адамгершілігі мол ибалы, инабатты перзент етіп өсіру үшін берілді. Хадистегі «игі перзент» қалдырудағы мақсат, Аллаһ тағалаға иман келтірген мұсылман, яғни халал мен харамды айыра білетін, өзіне жүктелген құлшылығын жадынан тастамайтын, діндар перзент екендігі сөз етілуде. Демек, балаларымызды өзгелер мақтасын деп емес, оларды иманды, діндар игі ұрпақ етіп тәрбиелеуіміз қажет.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда бала тәрбиесі өте маңызды мәселелердің бірі болып саналады, Өйткені қазіргі қоғамда, оте бір қиын уақытта жастарымызды яғни келешек ұрпақтарымызды, Бабаларымыз біздерді қандай тәрбиеге шақырған болса бізде ұрпақтарымызды, Ұл-қыздарымызды дәл сондай тәрбиелеуіміз қажет. Жастарымызды, Әсіресе қыз балаларымызға тәрбиеде өте қатал болуымез қажет. Өйткені қыз балаларымыз шетелдіктерге қатты еліктеуде. Омыраулары ашық күйде етектеріде сол секілді. Біздің ата-бабаларымыз кімдер еді осыны ұмытпауымыз қажет, Тәрбие тал бесіктен және күнделікті үйде, Дастархан басында тәрбие жайлы сөз қозғауымыз қажет. Менің диплом жұмысымның өзектілігі осында.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Еліміздің келешек ұрпағы, салт дәстүрімізді, мәдениетімізді әріқарай жалғастырушы келешек ұрпақтарымызды қалай тәрбиелеитіндігіміз дипломымыздың басты мақсаты. Мақсатымызға орай төмендегідей міндеттер туындады:
-балаға ислами тәлім тәрбие беруді анықтау;
-балаларғада құлақ асу керектігін анықтау;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары. Дипломдық жұмыстың басты ғылыми жаңалықтары ретінде мыналарды атауға болады:
-тәрбиедегі факторлар;
Зеректік: Бала өзінің алғаш көрген нәрсесін білуге, шұқылап көруге және сұрап үйренуге әуес болады. Сондықтан балаларға үнемі жақсы және әдемі нәрселерді көрсету керек және сұрақтарына дұрыстап жауап беру керек. Осылайша баланың зеректігі, сана-сезімі, түсіну қабілеті жетіледі. (3-6 жас аралығындағы балаларда осы нәрсеге қатты мән беру керек. Бұл кезең - баланың тілі, миы және зеректігінің қалыптасуы үшін ең маңызды кезең болып табылады. )
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген. Дипломның көлемі 53 бет.
1 БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҚТАР
- Бүгінгі күннің маңызды тұсы тәрбие
Қандай қоғам, қандай ел, қандай уақыт болса да жасты бесіктен түзеу, оған жақсы тәрбие беріп, жақсы мен жаманның арасын айырып, үлкенге құрмет пен кішіге дейін ізеттілік көрсету деген тәрізді жақсы қасиеттерден айырылмай келе жатқан қазақ жұртының мәдениеті мен салт-дәстүрінің мәні өте зор. Неге десек, осы тәрбиелік құндылықтардың барлығы да Ислам шариғатының негіздерінен алынып жатқаны хақ. Үлкеннің алдынан жолды кесіп өтпеу, қатты дауыс көтеріп күлмеу, біреуге қол көтермеу, баланы ұрмау, т. б. жақсы мінез-құлық негіздерінің барлығы пайғамбардың (с. ғ. с. ) өсиетінен алынып жатқанын кім болса да біледі.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген сөздің өзінде үлкен мән бар. Ол - кім болса да әке-шешесінің тәрбиесінде болып, ата-ана да баласының өздерінің тәрбиесінде болуына толықтай қам жасауы керек деген сөз. Бірақ ата-ананың баласына қаншалықты тәрбие бере алады деген мәселе ойландырарлық шаруа. Одан кейін бала берілген тәрбиені қабылдай ма, әлде жоқ па… міне сол маңызды. Балаға берілетін тәрбие мен өнеге теледидар немесе интернеттен болса, оның дым да әсері мен мән-мағынасы болмайды. Бір жағынан баланың қоршаған ортасы мен бірге жүрген жора-жолдастарының әсері болуы да міндетті табиғи құбылыстардан. Ондай кезде жолдастары нашар деп олармен тіпті араластырмай баланы үйде қамап ұстау сияқты әрекеттердің өзі кейде дұрыс бола бермейді. Себебі бала дала көрмеген немесе кісілермен араласып көрмеген тартқыншақ болып өсуі де әбден мүмкін. Тіпті мұны өмірден де көріп жүрміз. Сондықтан бала тәрбиесі күрделі мәселе болғандықтан оны жан-жақты әсіресе діни көзқараспен тәрбиелеу оның тәртібіне де ертең отан сүйгіш азамат болуына да әсер етеді. Міржақып ағамыз: «Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» - деп жақсы атйып өткен. Олай болса тәрбие - неше түрлі сқмдықтардың алдын алады.
Қазіргі уақытта 2003 жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер қолымен жасалған қылмыс саны 3428 болса, 2009 жылы 121667 болыпты, яғни 7 жыл ішінде 4 есе өскен (Статистика агенттігінің ақпараты) . Енді… Осынау 7 есе қылмыстың өсіп, жастар арасында өрбіп жатқандығының салдары қайда апарады немесе неге үлкеннен өнеге көрген қазақ халқымыз осындай төмен дәрежеге түсіп бара жатқаны турасында ой жүгірту үшін келесі бір аяттар мен хадистер реті не дейді екен?!. .
Аллаһ қасиетті Құранда арақ пен жаман нәрселердің тыйым салынуы адамның өзінің пайдасы үшін екенін айта келе: « Әй, муминдер! Арақ, құмар ойындар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, мүмкін құтыларсыңдар !» (5:90) -деп арақ немесе осы аятта келтірілген заттардың барлығы да адамның денсаулығына, дүниесі мен ахіретіне үлкен зиян-қасіретін алып келетіндігі анық та ашық баяндалған. Осы тыйым салынған заттардың барлығының да нәтижесі не болатындығын бәрі де біледі! Енді тыныш және Аллаһтың бұйрығымен өмір сүріп, ешкімге зиянымыз тимеуі турасында Аллаһ Құранда: «… Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді. Жер жүзі түзелтілгеннен кейін бүліншілік қылмаңдар және Аллаһқа қорқыныш және үмітпен жалбарыныңдар! Расында жақсылық істеушілерге Аллаһтың рахметі жақын! » (7:55-56) -деп әр адам осы аятты оқи отырып өзіне не керек екенін айтып кеткендей… Енді мұсылман адам мен жүрегі ғапылдықпен жүрген адам турасында Аллаһ Құранда: « Сонда адамдардан: «Раббымыз! Бізге дүниеде ғана жақсылық бер!»-десе, оларға ахіретте дым несібе жоқ және олардан кім: «Раббымыз! Бізге дүниеде жақсылық бер және ахіретте де жақсылық бер және Тозақ отының азабынан сақтай гөр!»-дейтіндер бар » (2:200-201) -дей келе олардың істеген жақсы амалдарының зая кетпейтіндігі турасында Аллаһ келесі 202-аятта: « Міне олар үшін істеген амалдарынан үлес бар. Аллаһ есепті тезінен көруші » (2:202) -деп әр адам ертеңгі күні жақсылық істегені және жамандық істегені үшін толықтай жауап беретіндігін, Аллаһтың Өзі құлдарының біріншісінен бастап ең соңғысына дейін сұрақ-жауапқа алатындығын айтып кеткен.
Енді қоғамды және жастарды не бұзады? Одан аулақ болу үшін және дұрысталу үшін не қылуымыз керек?
Алдыңғы аятта Аллаһ: « Әй, муминдер! Арақ, құмар ойындар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, мүмкін құтыларсыңдар !» (5:90) -деп әр адамға шығатын жер тауып берген. Қазіргі уақыттағы араққа салынған немесе жеңіл жүрістікпен айналысқан, бұзғыншылықпен айналысқан жастарымызды сол жүрген жолдарынын қайтарып алу үшін де біраз маңдай терімізді төгуіміз керектігі бар.
Қазіргі уақытта мысал ретiнде айтар болсақ, тек өткен жылдың өзiнде ғана Алматы қаласында үш мыңдай жас отау шаңырақ көтерсе, 117 неке бұзылыпты. Орта есеппен қала бойынша АХАЖ бөлiмiне тiркелген адамның әрбiр төртiншiсi жолдасымен ортақ тiл табыса алмаған. Көбiнде осыған кiнәлi - iшiмдiкке салынушылық. Қаншама көтерілістер мен жастар арасындағы ішімдікке салынушылық салдарынан бір-біріне қол жұмсап, суық қару қолданудың нәтижесінде 19 жасар немесе одан да кіші немесе үлкендердің осы дүниеден көз жұмыс кетіп жатқанын күнде болмаса, айына теледидардан жаңалықтардан көріп жатамыз… Бүгінде елімізде 12 жастан асқан жасөспірімдердің 9, 8 пайызы темекі тартады. Бұл көрсеткіш 2001 жылы 7, 5 пайыз болған. Әсіресе зерттеу деректері анықтап отырған 18 бен 20 жас аралығындағы өрімдей қыздардың 20 пайызы темекі тартатыны өкінішті. Әрине, бұл - қасірет. Ертеңгі күні балаларына қалай ана болмақ?. . Ана болғанда қалайша ана болып, баласының денсаулығын қадағаламақ?. . Ғалымдардың айтуынша, жасанды түсік жасатқан әйелдердің 30 пайызы әртүрлі жазылмас онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығады. Қатерлі ауруға шалдығу қаупі жас қыздарда 2, 5 есе көп, оның арты - бедеулік. Жан түршігерлік статистикалық мәліметтерді пайымдай келіп, мамандар жауапкершілік пен ар-ұятты түсінбегендіктен осындай жағдайға келіп отырмыз деген қорытындыға келуде. Некесіз жыныстық қатынасты Ислам діні де құптамайтындығы турасында : « Зинаға жақындамаңдар. Расында ол таза арсыздық және жаман жол» (17:32) -деп ескертіп кеткен. Әйтсе де, еліміздегі жастардың жартысынан көбі 13-14 жастан бастап жыныстық қатынасқа түседі екен.
Бүгінгі таңдағы проблемалық мәселе жасөспірімдер арасындағы жүктілік болып отыр. Әлемдік көрсеткіш бойынша, жыл сайын 1 миллион жасөспірім қыз жүкті болып қалады екен. Олардың арасында жасанды түсік жасату мен бала табу үстінде өлетіндері көп. Оның бірден-бір себебі, жас организмнің жетілмеуінен. Ал Қазақстанда жыл сайын 100 мыңнан астам бойжеткен түсік тастайды. Криминалды түсік сол санның 0, 1 пайызын ғана құрайды, яғни бұл негізінен жасөспірім қыздар саналы түрде, өз еркімен түсік жасатады деген сөз. Бұл ұлттық санаға ықпалын тигізері анық. Бұның өзі Құдай алдындағы үлкен күнә. Жалпы кәлеметке толмағандар арасындағы қылмыс жасағандар саны былтыр - 88 болса, биыл - 97-ге жеткен. Ал жауапқа тартылғандар саны былтыр - 161 болса, биыл 132-ге төмендепті. Бұның 47-сі мектеп, 19-ы кәсіптік лицейдің оқушылары, тағы 19-ы колледж студенттері және еш жерде оқымайтын 47 жасөспірім тіркеуде тұр.
Енді қылмыстардың түріне келер болсақ, денсаулыққа қасақана зиян келтіру - 2, адам өлтіру - 1, тонау - 13, ұрлық - 28, зорлау - 1, қорқытып, әлімжеттілік көрсетудің 1 оқиғасы тіркелген. Интернатта оқитын балалар зорлау және т. б. жағдайлардың барлығы қайдан шығып жатыр?! Мұндай болып жатқан қылмыстармен жағдайлардың барлығын тек Ислам дінінен алшақтық, шариғаттан шошу деп түсіндіруге болады. Ағайын, қайда барамыз?!. .
Аллаһ Құранда әрқайсымыз ой жүгірту үшін: «Ендеше қайда кетіп бара жатырсыңдар?!. . » (81:26) -деп анық айтып кеткен.
Ұрпағымызды тәрбиелеп, ұлттық сана мен діни имандылықты бесіктен бастап тәрбие негізіне айналдыруымыз керек. Бүгінгі күннің мүшкіл жағдайлары, оқыс оқиғалардың барлығы дерлік жақсы тәртіп көрмегендіктен, жүректе отанға деген сүйіспеншілік пен, жаратушысынан қорықу болмағандықтан. Соның алғаш алдын алу жолы - тәрбие.
1. 2 Бала тәрбиесінің маңыздылығы
Жарық дүниеде ата-ананың бақыты, қуанышы, арманы бала сүю. Әрбір ата-ана Аллаһ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды. Дініміз Исламда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Өйткені, баланы тәрбиелеу сонау көне заманнан бері күні бүгінге дейін күн тәртібіндегі маңыздылығын жоймаған. Бүгінгі бала - елдің ертеңгі болашағы. Келешегін ойлайтын саналы ел ертеңгі күнін бүгіннен жоспарлап, бүгіннен ойластырары хақ. Сондықтан болса керек, дана халқымыз бала тәрбиесіне ешуақытта бей-жай қарамаған. «Баланы жастан . . . », «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген нақыл сөздер осыны айғақтаса керек.
Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ өсіру - отбасылық өмірдің негізгі мақсаттарының бірі. Сонымен бірге, Аллаһ тағаланың сауабы көп амалдардың бірі. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) риуаят еткен хадистерінің бірінде бала тәрбиесінің исламдағы орнын былай атап өткен: « Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас » (Тирмизи, Бирр) [2] .
Тағы бірі: «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды (жақсы жерге) тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса, Аллаһ тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді» (Әбу Дәуіт, Әдеп) . Жалпы, бала дүниеге келген кезде пәк, Ислам болмысы негізінде туылады. Содан кейін ата-анаға аманат етіледі. Ата-ана бұл аманатты тиісінше өз дәрежесінде орындауы тиіс. Бұл ретте, бала тәрбиесінде келешекте оның қай бағытты таңдайтындығында ата-ананың рөлі өте маңызды. Мұны мына хадисте ашық түрде баяндалғанын көреміз: «Туылған әрбір сәби Ислам бойынша дүниеге келеді. Кейін ата-анасы өз діндеріне қарай оны яһуди, христиан немесе мәжуси етеді»[1] . Міне, ата-ана өз баласының болмысы бұзылмауы үшін оларға жастайынан ақиқатты үйретуі, дұрыс жолда тәрбиелеу керек. Олай болмаған жағдайда, Аллаһтың алдында жауапқа тартылады. Бұл жайлы пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) мына хадисі келтірілген: «Барлықтарың шопансыңдар және әркім бағып жүрген малына жауапты. Патша да бір шопан және ол қол астындағыларға жауапты. Ер кісі де бір шопан, ол отбасы мүшелеріне жауапты. Әйел кісі де күйеуінің үйінің шопаны және ол да өз ісіне жауапты . . . Қысқасы, барлықтарың шопансыңдар және әркім өз міндетіне жауапты»(Бұхари, Мүслим) [2] .
Бұл хадистерде ата-анаға, әсіресе, әкеге бала тәрбиелеуде үлкен міндет пен үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін аңғарамыз. Тіпті, хадисте әкенің жауапты болатыны өте анық түрде айтылып өткен. Өмірлік жолдас ретінде салиқалы жар таңдау бала тәрбиесі үшін басталатын алғашқы қадам. Хадисте: «Діндарлығы мен мінез-құлқы көңілдеріңнен шығатын жан жолықтырсаңдар, қыздарыңды тұрмысқа беріңдер. Олай істемеген жағдайда, жер бетіне бүлік, бұзақылық жайылады», - делінген. Омардан (р. а. ) әкенің баласы алдындағы міндеттері қандай деп сұрағанда: «Оған жақсы ана таңдау, жақсы ат қою және Құран үйрету», - деп жауап берген. Сондықтан, Аллаһ тағалаға «Бізге салиқалы ұл мен қыз нәсіп еткейсің!» деп дұға жасағанымыз жөн. Балалық шақ және жасөспірімдік кезең адам өміріндегі сенім, мінез-құлық, ахлақ сияқты басты ұстанымдарды қалыптастыратын мезгіл. Бұл мезгілде тәрбиенің бесігі - отбасы. Отбасының үлгі бола алуы - игі ұрпақты тәрбиелеп шығаруда басты рөл ата-анаға жүктеледі. Өйткені, өмірінің алғашқы кезеңінде нәресте қоршаған ортадан бұрын ең жақын жанашырлары - ата-анасына еркелейді. Солардан үйренеді, еліктейді. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген даналық сөздің түпкі байламы осы.
Жалпы, отбасы тұлға шынығып, шыңдалып, қалыптасатын орын. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Міне, жанұя жағдайында баланың тұлғалық қасиеттері бірте-бірте қаланады. Содан кейін осы қаланған қасиеттер әдетте ешқандай өзгерістерге ұшырамайды да мызғымас тұлғалық тұтастыққа айналады. Қазіргі заманымызда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстарын айтып шағынады. Тіпті, осы тұрғыда психологтардан ақыл-кеңес сұрап та жатады. Алайда, көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі ата-аналардың өздерінен болып шығады. Өйткені, сол ата-аналардың бұрыннан өздері түрлі қателіктерге ұрынған, психологиялық тежелістерге шалдыққан жандар болып шығады. Өздерінің қате-кемшіліктерін түсінбеген сондай ата-аналар сәбилерінің неліктен өзгергеніне қатты таңданып жатады. Сондықтан да, бала тәрбиесі ата-ананың өздерін-өздері тәрбиелеуден, өз-өздерін жақсы халге өзгертуден басталады. Бала тәрбиелеудегі басты алғышарттардың бірі де осы. Хадис шәрифте дүниеге есігін енді ашқан нәресте табиғатының таза, ахлақ, кіршіксіз саф болып туылатындығы, әрі бұл тазалықтың Жаратушының әу баста жаратқан түпнұсқасы екендігі айтылады.
Бұрынғыдан қалған нақыл сөзде «Адам баласы жақсы да, жаман да қасиеттермен туылады, ал бірақ өтірікті қоршаған ортадан алады» делінген. Бұл ата-ана баласына өтірік айтпауы қажет дегенді алға тартады. Ата-ананың балаға өтірік айтпауы керектігі жайлы мынадай риуаят бар. Абдулла ибн Амир былай дейді: «Бір күні үйімізде Аллаһтың елшісі (с. ғ. с. ) отырғанда анам: «Бері кел, бірдеңе беремін» , - деп мені шақырып алды. Сонда Аллаһтың елшісі (с. а. у. ) : « Оған не бермекші едің? » , - деп сұрады. Анам: « Бір түйір құрма бермекші едім » , - деді. Сонда Аллаһтың елшісі (с. ғ. с. ) : « Егер ештеңе бермегеніңде, саған бір өтірік жазылар еді » , - деді [2] .
Ислам діні бойынша ата-ана балаларына жас кезінен бастап жақсы-жаман және күнә-сауап нәрселерді үйрету, түсіндіру, әрбір іс-әрекетін сол бойынша орындауға дағдыландыру керек. Балаға ең алдымен Аллаһтың жалғыздығын, Оның еш теңдесі жоқ, Ол барлық нәрсені Жаратушы, Бақылаушы, қияметте барлық жан Оның алдына жиналып, істеген амалдарынан сұралатындығын, жақсы амалдары үшін сый, ал жаман әрекеттері үшін жазаға тартылатындығын, қысқасы, дұрыс ақиданы (сенім) түсінікті тілмен үйретуі керек. Балаларын сүйіспеншілікпен тәрбиелеу әр ата-ананың міндеті. Бұл тұрғыда біздің идеалымыз - Аллаһтың елшісі (с. ғ. с. ) . Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) сәбиге өте мейірімді, балажан болған. Ол бірде балаларын еміреніп сүймейтінін айтқан бәдәуиге: «Алла тағала жүрегіңдегі мейіріміңді алып қойған болса, мен не істейін енді?» - деп реніш білдірген. Себебі, мейірімділікпен өскен бала да мейірімді болады. Мейірімділік жүректі жібітіп, оның жұмсақтығын жоғалтпауын қамтамасыз етсе, қатыгездік пен салқындық керісінше, жүректі қатайтады.
Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) былай дейді: «Кімде-кімнің қыз баласы болып, оған жақсы тәрбие берсе, жетерліктей ішіп-жегізсе, Алла тағаланың берген нығметінен молынан берсе, ол қыз оған береке кіргізеді, әрі тозақтан құтқарып, жәннатқа кіруге себепкер болады»[2] . Баланы жеті жасқа толғанда намазға баулып, Аллаһтың алдындағы міндеттерін, яғни мұсылмандық парыздарын үйренуге тәрбиелеген жөн. Өйткені, Құран Кәрімде: « Үй ішіңе намаз оқуды әмір ет, өзің де сабыр сақтап үнемі орында » («Таха» сүресі 132-аят), - деп бұйырылған [1] . Шындығында, ұрпақ тәрбиесіне Ислам діні ұстындарында ерекше мән беріледі. Қасиетті аяттар мен хадис шәрифтерде ұрпақ тәрбиесінің тым әріден, яғни адамның үйленбей тұрып жақсы жар таңдауынан басталатындығы айтылады.
Омардың (р. а. ) халифалығы кезінде бір адам оған баласын ертіп келіп: « Ей, мұсылмандардың әміршісі. Мынау - менің ұлым. Өзіме қарсы шығып, жапа шектірді», - деп шағымданады. Омар (р. а. ) балаға қарап: «Құдайдан қорықпайсың ба? Баланың әке-шешеге қарсы шыққанын кімнен көрдің? Ата-ананың ақысын білмеуші ме едің? » - деп ұрсады. Бала еш қаймықпай: « Мырзам, айтып тұрғаныңыз әке-шешенің ақысы. Ал, баланың ақысы жоқ па? » - деп сұрайды. Омар (р. а. ) : «Иә, ата-анада баланың да ақысы бар. Ең әуелі үйленерде баласына ана болатын жақсы жар таңдауы тиіс. Тәрбиесіз қызға үйленсе, болашақта туылатын балаға қиянат жасаған болады. Баласы туылғанда оған жақсы ат қоюы керек. Сосын ес білгенде оған Аллаһтың кітабы Құранды үйретуі керек», - деп санап береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz