Емдік туризм дамыған елдер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Емдік сауықтыру орындары халықтың ұлттық игілігі болып табылады. Олар халықтың демалуы мен емделуіне арналған және де қатаң түрде қорғауға алынған табиғи обьектілері мен өзіндік ерекшеліктері бар аймақтар болып келеді. Көптеген табиғи факторлардың шипалы қасиеті ерте заманнан белгілі: су емшілік жорамалдарымен құрастырылған және де олар балнеологиялық курорттардың минералды суларының прототиптері тектес болып келген. Ол судың емдік қасиеті туралы құлақ қағыстар көптеген аурушаң адамдарды өздеріне назар аудару мақсатында шет аймақтарға тез қарқын мен таралуда, «ғажайып» бұлақтар мен басқа да емдік факторлары емдік құпиялардың негізі бола тұрып кейбір жағдайларда діни мәдениеттің қағидасы ретінде саналып келді.

Қазақстан Республикасындағы емдік туризмнің дамуының қажеттілігін тұтынушыларға әлеуметтік тапсырыс көптеген бүтіндей жүйесін жуықтап алғанда денсаулық мәселесі мен бос уақытты өткізуге байланысты салауатты өмір салтына республикадағы патриоттық тәлім-тәрбиені үйретуге жағдайлар жасалған.

Қазақстан Республикасының кең байтақ территориясында ерекше физико-географиялық және геологиялық жағдайлары емдік туризмдегі әр түрлі факторлар мен таралған. Емдік туризмді дамытуға Қазақстанның мүмкіншілігі зор. Оның негізгі ғажайып табиғи жағдайларын көптеген емдік батпақтар мен минералды бұлақтар кұрайды.

Жұмыстың өзектілігі : табиғи емдік ресурстарды және физиотерапиялық - медикоментоздық қағидаларды қолдану арқылы емдік ресурстардың негізгі рөлі жүзеге асырылған. Табиғи емдік ресурстардың құрамына кіретіндер: ландшафттар биоклиматтар гидроминералды ресурстар (минералды сулар және емдік батпақтар) .

Қазақстан Республикасындағы емдік туризмнің даму қарқыны шикізат базасы мен дағдыланған.

Қазақстан Республикасының аймақтарында санаторлы-курорттық шаруашылығын емдік туризмнің хал ахуалын зерттеу обьектілері ретінде талқыға салуға мұрша берді. Туризм индустриясының құрылымдық құрамында танымдық және спорттық туризмнен басқа емдік сауықтыру туризмінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы бойынша емдік туризмнің даму факторлары мен хал-ахуалын игере отырып, қазіргі заманғы туризмнің жағдайы мен артықшылықтары мен мүмкіндіктеріне баға беру. Сонымен қатар, Туризм саласының болашағына оң көзбен қарай отырып Қазақстан Республикасының ішкі туризміне жағымды жағынан көмек көрсету және Қазақстан Республикасының емдік туризмді дамыту жолдары мен болашағын айқындау.

Жұмыстың міндеттері:

- Емдік туризмнің даму тарихын анықтай отырып, курорт санаторий шаруашылығы саласының маркетинг мәселелерін қарастыру, және Қазақстан Республикасының емдік туризмді дамыту жолдары мен болашағын айқындау.

- Қазақстан Республикасындағы курорттық санаториялық шаруашылықтың қазіргі заманғы жағдайын зерттеу;

- Облыс пен аймақтағы емдік туризмнің даму деңгейін жобалау;

- Курорттық-санаториялық шаруашылықтың дамуындағы жағдайларды қадағалау;

- Қазақстан Республикасы бойынша емдік туризмнің даму мүмкіндіктеріне мінездеме беру.

Курстық жұмыстың құрылымы: Қазіргі таңда әлі де өз шешімін таба қоймаған сұрақтарға зер салып қарайтын болсақ - бұл емдік сауықтыру туризмінің даму сатысын бірнеше мәртебелі орыннан көрінуіне жағдай жасауымыз қажет. Бізде 1000 - ға тарта әр түрлі су бұлақтарын республикамызда тиімді түрде қолданысқа енгізуіміз керек.

Курстық жұмысты жазу кезінде мынадай ғалымдардың еңбектері қолданылды В. Я. Городской, Т. Ф. Панченко, Тамм Е. И, Бекбергенов Т., Хайбуллин Р. Р., А. Г. Ким, Е. А. Зрянина, Ю. Александрова, Данилов Ю. Е., Царфис П. Г., Квартальнов В. А, Зорин И. В., Гидбут А. В., А. Г. Мезенцев.

Қазақстан Республикасының туризімін дамыту үшін санаторлы- курорттық орындарының тазалық жағдайына назар аудару керек және емдік туризм саласын қолға алу.

1 Емдік туризмнің қалыптасуы және дамуы

1. 1 Емдік туризмнің шығу тарихы

Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдерді келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:

I. Туризм XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм: а) ежелгі туризм; б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм; в) XVII және XVIII ғасырлардағы туризм;

II. XIX және XX ғасырлардағы - Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм; III. Қазіргі заманғы туризм. Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталады деп санайды. Біздің заманға дейінгі мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі ғасырда египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған. Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттанушылардың назарын аудара бастады. Алйда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездегі ешқандай табыс көзіне әкелмеді.

Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады. Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылы су көздеріне және курорттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (5-6 ғғ. б. з. д. ) олардың саны 60-тан астам болады. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сент Моритц әйгілі ерекшелігімен пайдаланылды.

Туристік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтар мен храмдардың қасында қазіргі санаторийлерге ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтық көп түрлілігімен әйгілі болды. Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі, Компаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды. Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aguae Calidae (қазіргі Виши, Франция), Aguae Helveticae (қазіргі Баден, Щвейцария), AguaeHerculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aguae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды. Санаторлық-курорттық емі - бұл халықтың көмегіне емдік-профилактикалық түрі. Бұл емді физиологиялық және шынайы деп есептеуге болады. Шынайы емдік факторға климат, минералды сулар, емдік балшық, теңіз шомылуы және т. б. жатады. Табиғи емдік факторлармен бірге физиотерапия, диетотерапия, емдік шынықтру, массаж, инерефлексотерапия және т. б. курортта істейді. Туризмнің антикалық дамуы, ең басты Ежелгі Греция мен Римнен басталады екенін біз білеміз. Бірақ екі мемлекетте экономикалық жағынан туристік саяхаттар жасалынған. Олар осы салаларға көп көңіл бөлген. Топтық сипаттама діни мақсатымен сло кезде ерекшеленеді. Ең әйгілі саяхат Олимпия, Зевс мерекесімен біріктірген, б. з. б. VII ғ. бастап әр төрт жылда өткізетін.

Негізінен туризмнің пайда болу территориясы, терең тамырымен сіңген, ол Қаратеңіз аймағынан келді деуге болады. XVIII ғасырдың басы Рессей патшасына, емдік туризмнің бастамасы болды. Оның салуына Петр 1 қол салды, ол да кейбір шетелдік курорттарын біліп, өз жерінде «ключевые воды» іздеу жұмыстарын жүргізді. Ал 1717 жылы заң шықты, яғни «О приискании в России минеральных вод» осы сулармен қолданып, барлық аурулардан емдеу. Бірақ 1719 жылы жаңадан указ шығып, жаңа емдік курорттардың ашылуына басты жол болып табылады. Сондықтан Рессейдің емдік курорттың басты тарихы 1719 жылдан басталады деуге болады [1, 57-60 б. ] .

XVII ғ. біраз уақыттан ғана Кавказдық минералдық су қоймалары зерттеліне басталды. 1803 жылы «қышқыл су» бастуының қасында тұрғын үйлердің пайда болуына байланысты, бұл қалашық «Кисловодский» атына ие болды. Осыдан кейін Ессентуки мен Железноводск минералды сулары да ашылды. XVIII ғ. екінші жартысынан және XIX ғ. дейін курорттық даму деңгейі тез өсті деуге болады. 1815 жылы «Старая Русса» курорты пайда болды, ал 1830 жылдары Одессалық емдік балшық курорты, 1833 жылы Сергеевские минералды суы, 1838 жылы - Юрмала және т. б. XIX ғ. екінші жартысында Крым-Сакское мен Генакское балшық көлдері, Сибирде -Ямаровка, Дарасун; Орталық Азияда - Ыстық көл, Ақсу, Джалал-Абад, ал Қазақстан территориясында Алма-Арасан, Қапал-Арасан; Гризияда - Боржоми, Цхалтубодта емдік климаттық зерттеулер жүргізілді. Осы аймақты зерттегеннен кейін, қолдануға болады деген тұжырым жасады.

XIX ғ. ғасырдың соңында ресейліктер арасында екінші таулы аудан Қырым әйгілі бола бастайды. Ол кезде Қырымның емдік климаты демалу жүйесінде ауруы бар адамдар үшін оңды және шипалы қасиеттерге ие болды. Осы қасиетіне байланысты Қырым Ресейдің ең көп барылатын жеріне айналды. Революция алдында Ресейде минералды көздер бар жерлерді және емдік балшық курорттардың қорлары тек 36 курорт іске асырылды, бұнда тек осылардың табиғи емдік факторларын қолданған. 3 мың орынға тек 60 санаториилер болды. Практикант дәрігерлер ғана жұмыс істеді. Курорттардың көбісі санитарлық талаптарға сай болған жоқ. Осындай Кисловодскиде болған, су құбырлары, канализация, су стоктары мен көшелері шамдалмаған болатын, үлкен әдемі үйлердің арасында қоқсықтар жататын. Хан үкіметі жергілікті курорттардың дамуына мән бермеген.

Қол жетпейтін курорттық емі, кең массалық еңбек ететіндер туралы статистикалық мәлімет бойынша талдауға болады. Мысалы: Кавказдың минералдық суының курорттары 1907 жылы помешиктер мен ауылдықтар - 41, 9%, буржуазия өкілдері - 23, 8%, халық армиясының әскерлері - 10, 5%, чиновниктер мен басқалар - 23, 8% құрған. Совет билігі орнатылған күннен бастап, комунисттік партиясы ылғида еңбекшілердің, денсаулық сақтау және санаторно - курорттық емнің дамуына көп көңіл бөлді. Бірақ ең бірінші табиғи емдік факторлардың мәліметі, Қазақстан аумағының XIX ғасырдың ортасында Рахман кілттері және Қапал-Арасан көздерінің геологиясы туралы хабар - баспаларында алғаш рет белгіленді. Сонымен қатар Борабай көлі туралы, Жусалы және Барлық-Арасан көздері туралы, емдік қасиеті бар екеніне хабарлы болды. Бірақ та, көп табиғи минералды су, емдік балшық, қолайлы климаттық жағдайлар және әдемі ландшафт санына қарамастан, революция жылдарында үлкен дала аумағында тек жеке санаториилер әр 30 орынға Борабай және Берчогур болды. Мемлекеттік курорттардың мағынасының алғашқысы “Борабай”, ол 1920 жылы ашылған, 1922-1925 жылдары “Мұялды”, “Аул”, “Сор”, “Чимган”, “Рахман кілттері” сияқты курорттар салына бастады.

Отызыншы жылдарда бальнеология ғалымдары, климатологтар, гидрологтар, геофизиктер, химиктер және дәрігер курорттологтар 20 шақты табиғи-емдік жерлер туралы мәлімет жинап және даму дәлелдігінің болашағы үшін, кешенді зерттеулер жүргізді. 27 наурыздың 1931 жылы Қазақстанда курорттық трест құрылған, ал 1934 жылдан бастап курорттарды басқаруға береді. Ол бар курорттарды біріктіріп, жаңадан эксплуатация жасауға ауытқан “Қапал-Арасан” және “Барлық-Арасан”.

Қазақстанның курорттық байлықтарын игеруге және оқуда көптеген ғалымдар басты рөл атқарған: Славянов Н. Н., Зарницин Л. И., Курлев М. Г., Иванов-Незманов В. И., Климовский В. А., Абдималиков С. А. және басқалар. “Аяқ-Қапал”, “Жаңақорған” сияқты курорттық ұйымдарға үлкен әсерін тигізген және ғылыми жұмыстарын өткізген Сызган А. Н. профессоры болды. 1980 жылы Қазақстанда курорттно-аснаторлық ісі кең таралуын алды. Халықты емдеу, демалу үшін салынған курорттық зоналар, демалыс үйлер, он шақты аснаториилер салынып ашылған. Қазақстанның тәуелсіздік алғанан кейін, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасында курорттно-санаторлық іске, асыруға назарын аудармады. 1991-2001 жж. кезеңінде кейбір санаториилер мен демалыс үйлер жеке қолдануда болды.

1. 2 Емдік туризм дамыған елдер

Әлемде кең танымал елдер - Еуропа орталықтары, яғни Еуропадағы емдік туризм орталықтары. Соның ішінде Чехия емдік сауықтыру туризмінен ең бірінші орында. Жыл сайын әлемнің жетпіс мемлекетінен 50 мың-нан астам адам осы елге емделу мақсатымен келеді. Чехиядағы ең әйгілі сауықтыру орталығы, ол - Карловы Вары болып табылады. Бұл жер әлемнің түкпір түкпірінен туристерді қарсы алады. Карловы Вары курорттық орнына тереңірек тоқталып кетейік. Карлови-Вари - Чехиядағы қала. Карловы Вары ыстық минералды емдік қасиеті бар судың осы жерде шоғырлануы арқасында әлемге әйгілі курорттық орын болып отыр. Қазіргі уақытта Карловы Вары бетіне 12 емдік қасиеті бар химиялық құрамы бойынша бір біріне ұқсас, бірақ көмірқышқыл газы мен температурасының құрамы бойынша әртүрлі минералды сулар атқылап жатыр. Бұл жерде асқазан, өт жолдары, өкпе, бауыр, қант диабеті, салмақтың нормадан тыс асып кету сияқты ауруларды емдейді. Карловы Вары қаласында, сонымен қатар, көптеген емдік сауықтыру орындары, поликлиникалар, пансионаттар, санаторилер, көптеген қонақүйлер, балео түрінде жүргізілетін емдік орындар т. б. бар. Қазіргі уақытта хылқының саны - 52000 адамды құрайды. Әсіресе СНГ елдерінің туристері бальнеологиялық емді осы жерден алғанды жөн көреді. Германиядағы 242-ға жуық демалыс орындары, санаторилер, пансионаттар, емдік сауықтыру орындары және туризмнің басқа да салаларының демалыс орындарын қоса есептегенде оның ⅔ бөлігі емдік-сауықтыру орындарына тиеді. Германия көбіне өзінің емдік туризмімен әйгілі. Яғни, ықтық қайнарлар, минералды сулар және басқа да емдік сауықтыру түрлерін ұсынады. Жағажайдағы курорттар және жай курорттар өздеріне сәйкес аттарымен белгілі, мысалға: минералды және балшықмпен емдеу курорттары (Mineral-und-Moorbäder), климаттық жолмен сауықтыру курорты (Heilklimatische Kurorte), сумен емдеу курорттары (Kneippkurorte), теңіздік курорттар (Seebäder), жай демалыс курорттары (Erholungsorte) . ең ірі курорттық орындардың иелігінде сонымен қатар, ойын-сауық орындары бар. Оларға ең алдымен: Бад Висзее, Баден-Баден (Kurhaus), Висбаден (Kurhaus), Аахен, Травемюнде и Вестерланд (Kurhaus) жатады [2, 24-27 б. ] .

Германия аумағында 300-ден астам емдік сауықтыру орынары бар. Германия елі бір миллионнан астам халықты қабылдайды. Осы елдің қызметін көп тұтынатын - Канада, АҚШ және Европа азаматтары. Сонымен қатар, Австрия және Швейцариядағы тау және бальнеологиялық курорттардан ең алдыңғы қатардағы емдік туризмді бағыттауша елдер.

Көптеген әлемге әйгілі курорттар және тлассотерапия Франция елінде орналасқан. Сондай-ақ, бірқатар көрікті бальнеологиялық курорттар Италияда. Емдік туризм, сонымен қатар, Польша, Венгрия, Словакия, Балгария елдерінде қарқынды дамуда. Румын және бұрынғы Югославия елдеріндеемдік және теңіз жағалауындағы бальнеологиялық емдік туризмді дамыту бағдарламаларын алға қойып отыр. Теңіздік курорттармен Испания және Греция елдері туристерді қызықтырады. Осының ішінде әлемге әйгілілердің бірі - Қанар аралдары, Испанияның 17 автономдық облыстарының бірі. Олар Европалық экономикалық қоғамдастыққа елдің бір бөлігі ретінде біріктірілген. Дегенмен, бұл мүшеліктің аралдардың ара-қашықтығына, экономикалық және тарихи-дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты өзіндік өзгешеліктері де бар. Соңғы онжылдықта туризм қанар аралдарының тұрғындары үшін негізгі мәселе болып келеді.

Өндірістің пайыздық қатынасын талдау арқылы бұған көз жеткіземіз. ІҰӨ (ішкі ұлттық өнім) : ауыл шаруашылығы - 4, 13%, өндіріс - 11, 28%, құрылыс - 11, 56%, қызмет көрсету - 73, 03%. Соңғы бөлімді (қызмет көрсету) туристік бизнес қызметтері: өзгерту жұмыстары, туристік агенттіктер, транспорттық қызмет көрсету, жатын орындары, т. б. мысалы, туристерден түсетін пайзаның есебінен дамып, өркендейтін коммерциялық орталықтарды қамтиді. 1995 жылы Қанар аралдарына 4, 5 миллион саяхатшы келді.

Қанар аралдарының алаңы - 7, 447 шаршы км, халқы - 1, 700 000 адамды құрайды. Осылайша, халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 230 тұрғынды құрады. Тұрғындардың көптеген бөлігі Қанар аралдырының екі астанасына шоғырланған. Эль Йерро, Ла Гомера, Лансароте және Фуэртевентура аралдары халық ең қоныстанған аралдар болып есептеледі.

Тенерифе - Испанияның автономиялық облыстарының бірі болып саналатын Қанар архепилагының нң үлкен аралдарының бірі болып табылады. Тенерифе аралының керемет климаты мен табиғат ерекшеліктері оны әлемнің ғажайып дауалы жерлерімен қатар қояды. Біртектес және жұмсақ теңіздік климатына байланысты Тенерифені “мәңгілік көктем аралы” деп атайды. жыл бойы бұл тропикалық жұмаққа әлемнің әр бұрышынан мыңдаған туристер қатынайды. Тенерифе табиғаты өте бай және әр түрлі, сондықтан аралды мүсіндегі құрлықпен салыструға болады. Ұлы таулар мен өнімді дала, қою тропикалық және субтропикалық ормандар мен сарқырамалық шөлейттер, тау шатқалдары мен құм - табиғаттың барлық ерекшеліктері арал ландшафтында көрініс тапқан. Жатын орындары мен туристік кешендер л\орналасқан жағалау сызығына алтын немесе қара құмнан және кіші төмпешіктер құрайтын жартастар мен құздардан тұратын ашық жағажайлар тән.

Португалия еліндегі Каркавелуш курорттық қаласына тоқталып кетейік. Бұл қала Кашкаишаның жақын маңында Лиссабонға өте жақын арақашықтықта орналасқан. Бұл қала сізге теңіз жағажайында демалудың керемет жағдайларын ұсынады, сонымен қатар, гольф, виндсерфинг деген спротның түрлерімен демалып қана қоймай осы жердің маңайында орналасқан әйгілі тарихи ескерткіштерді тамашалай аласыз

Болгария елінен сіз өз қаржыңыздың көлеміне қарай кез-келген демалыс орнын таңдай аласыз. Ақшаңызды үнемдеп 2-3 жұлдызды отельдерде немесе қаржыңызды аямай 5 жұлдызды қонақ үйлерде орналасуыңызға болады. Барлығы да европалық стандартқа сәйкес жасалған. Болгария жері де суы да емдік қасиеттерге бай.

Америка континентінде емдік туризм бойынша ең бірінші ел - АҚШ болып табылады. Солтүстік Америка курорттарының көпшілігі - бальнеологиялық болып табылады, бірақ оның негізгі тұтынушылары американдықтардың өздері. Ол жақта климаттық курорттарда бар, бірақ АҚШ азаматтары Багам аралдары, орталық Азия және курорттық клубтарда демалғанды жөн көреді. Австралия емдік туризмге арналған барлық табиғи ресурстармен байланысты. Бірақ жасыл континенттің алыста орналасқанынан, АҚШ-тагыдай ішкі емдік туризм дамыған. Хорватия елінде өзінің Адриатикалық жағажайының керемет табиғатымен, бағасының тиімділігімен және сервисінің сапалылығымен белгілі курорттық орындардың бірі болып табылады.

Африка континенті туризм саласындағы туристердің келу есебінен емдік туризм Тунис, Марокко, Кения және ЮАР елдерінде дамуда. Жеткілікті деңгейде емдік туризмнің инфрақұрылымы ТМД елдерінде жақсы дамыған. Ресейде қазіргі уақытта 45000 ірілі ұсақты орындар бар. Соның ішінде әйгілі курорттық кешендер Үлкен Сочи және Кавказдық минералды сулар жатады. Соңғы он жылдықта емдік туризмнің жылдам қарқынмен дамып келе жатқан елдер Үндістан, оңтүстік батыс Азия, яғни Сингапур, Тайланд, Қытай, Малайзия елдері. Қайта қалыптасқан SPA қонақүйлер, wellness орталықтар денсаулығына көп көңіл бөлетін адамдар үшін қажет батыс медицинасы жақсы дамуда [3, 78-82 б. ] .

Сонымен емдік сауықтыру туризмі болашағы бар, туризм индустрияындағы ең керекті бағыттардың бірі болып қана береді. XXI ғасырда оның қарқындап дамып және әйгілі болуының негізі болып - профилактикалық бағыттың қазіргі жаңашыл медицинада қолдау тауып қоймай, үлкен сұранысқа ие болып отыр.

1. 3 Емдік туризмнің түрлері

Курорттағы емдік факторлардың түрлері бальнеологиялық батпақты және климаттық болып келеді.

Бальнеология - (бұл лат. Тілінен аударғанда balneum - шомылу) , деген мағынаны береді, медицина ғылымының бөлімі шипалы сулардың физико-химиялық қасиеті мен оны емдік-профилактикалық мақсатта қолдану тәсілдері мен дәрігерлік көрсеткіштің ішкі және сыртқы оң мен кері әсерін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Қостанай облысының туризмі
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Алтай экспедициялары ЖШС-нің қаржылық қызметін экономикалық талдау
Емдік - сауықтыру туризмінің түрлері
Халықаралық туризмнің обьектісі ретінде түркияның сипаттамасы
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
Емдеу - сауықтыру туризмінің құрылымындағы медициналық туризмнің орны
Туризмнің экономикалық мәні
Солтүстік қазақстанда дамыған емдік туризмнің орталықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz