Тілдік норманың қалыптануы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қазақ тіліндегі тілдік норманың

ортологиялық сипаты

Орындаған:

4-курс студенті ***.


Ғылыми жетекшi:

филол. ғыл. канд., доцент ***

Норма бақылаушы:

филол. ғыл. канд., доцент Әміров Ә. Ж.

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді:

филол. ғ. к., доцент Ақымбек С. Ш.

(қолы, күні)

Алматы, 2015

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақ тіліндегі тілдік норманың ортологиялық сипаты

Диплом жұмысының көлемі:

Пайдаланылған әдебиеттер саны:

Тірек сөздер: тіл білімі, тілдік норма, сөз мәдениеті, тіл мәдениеті, орфография, орфоэпия, т. б.

Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тіліндегі тілдік норманың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс пайдалануды түсіндіру. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай мәселелер қарастырылды.

- кейбір сөздерге жалғанған орынсыз қосымшаларға тоқталап, түсіндіру;

  • сөз мәдениеті мен тіл мәдениетінің ара-жігін ажырату;
  • тілдік норманың қазақ тіл біліміндегі маңыздылығы мен түрлеріне шолу;
  • тіліміздегі емле қиындықтарына тоқталу.

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Жұмыс барысында тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті басты назарға алынып, әдеби нормаға түскен сөздер, тіліміздегі қосымшалар мен емле мәселесі қарастырылды.

Диплом жұмысында қолданылған әдістер: салыстыру, түсіндіру, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі: Бітіру жұмысында қазақ тіл білімінде Н. Уәлиұлы, Р. Сыздық, Н. Оралбаева, С. Бизақов, М. Балақаев еңбектеріндегі тұжырымдар басшылыққа алынды.

ГЛОССАРИЙ

Узус (лат usus) - әдеби тілдеғідей норма емес, бір тілде сөйлейтін адамдардын басым копшіліғі кабылдаған сөйлеу үлгісі, сөз колданудағы әдет, дағды. Әдеби нормалар эр дәуір талабына сай үрдіс ретінде өзгеріп отыруы мүмкін, ал Узус тұракты, оны халык үнемі колданады. Узус тілдік дәстүрмен ұштасып жатыр. Узус контекстерде не жеке адамдардың тілінде кездесетін, уакытша колданылатын сөз формаларына карама-карсы кұрылыс

Тосын сөздер, окказионал сөздер (лат. occasionalis - кездейсок) - орыс. окказионализмы - мағыналары көпшіліктін қолдануына сәйкеспейтін, әдетте контекстеғана кездесетін, тілде орнықпаған сөздер.

Алогизм - (көне грекше: а - бей және гр. logos - ақыл) -

Таным процесіндегі логиканың рөлін теріске шығаратын, логикалыққа қарсылықты білдіретін термин. [1]

Ғылыми дәлелдерді мойындамай, ескермей, таным құралы ретінде сезімді, интуицияны дәріптейтін ағым. Философия саласындағы Алогизм ағымының көрнекті өкілдері ретінде Қожа Ахмет Йасауи, А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон, Ф. Шиллер, Н. Лосский т. б. атауға болады. Ал, мағыналық жағынан паралогизм (кері ойлау) ұғымына жақын. Таным процесіндегі және ойды әсерлі жеткізу құралы ретіндегі бұл әдіс Шығыс философиясында жиі қолданылған. [2]

Көркем әдебиеттегі біріне-бірі логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама-қайшы ұғымдарды әдейі жақындатып, жалғастыру арқылы ойды айрықша әсерлі етіп жеткізетін стильдік тәсіл. Мысалы, Мағжан “ Тірілдім ” деген өлеңінде: “Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем. Өліп едім, бүгін тағы тірілдім” , - дейді. Осы өлеңінің аяғында тағы: “Өлген жерден бүгін мәңгі тірілдім” , - деп қайталайды.

Варианттылық ( орыс. вариантность ) ( лат. varians - өзгеретін ) - тілдің әр түрлі жағдайда қолданылуына және әлеуметтік, территориялық сипатына байланысты анықталатын түрлері мен өзгерістері.

Инвариант (лат. invarians , ілік тұлғада invariants өзгермейтін) - тіл бірліктерінің нақты нұсқаларынан[1] (варианттарынан) дерексізденген тіл жүйесіндегі абстракты элемент.

Дублет дегенiмiз - мағыналық тепе-теңдiктегi екi не одан да көп лексикалық варианттар (көрпе/жұрқан) . Дублеттер - түбiрi, тұлғасы әр басқа сөздер. Көптеген дублеттiң артық сыңарлары жергiлiктi ерекшелiкке жатады {көршi/қошна, сым/шалбар, әкпiш/күйенте) .

Фонема (грек, рһопета дыбыс) - сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, ягни дыбыс типі.

Аллографа - нақты манифестациялық графеманың бір түрі (графикалық нұсқа) . Ағылынша с мен qu жазба фонемада [ к ] -ны бейнелейтін графеманың аллографы; орыс а мен я жазу фонемасында [ а ] -ны бейнелейтін графеманың аллографы.

Орфография (грек orfhos - дұрыс, gropho - жазамын) - сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді.

Орфоэпия (гр. ' orthos' - дұрыс, epos - сөз, сөйлеу) - сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық , т. б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді.

Метатеза (гр. metathesіs - ауыстыру) - сөзде дыбыстың не буынның орын ауыстыруы. Ол тарихи метатеза (өкпе - өпке, қақпан - қапқан), кірме сөздердегіметатеза (құтпан - құптан), диалект (жергілікті тіл ерекшеліктерінде кездесетін) метатеза (дария - дайра, қолбақ - қолғап) деп бөлінеді.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

1 Тілдік норма. тіл мәдениеті
  1. Тілдік норманың қалыптануы . . . 8
  2. Норма және варианттылық . . . 18

2 сөз мәдениеті

2. 1 Сөздердің дұрыс қолданылуы . . . 25

2. 2 Қазақ тілі емлесіндегі қиындықтар . . . 37

Қорытынды . . . 48

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 50

ҚОСЫМША . . . 53

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі - қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу - әдептіліктің биік шыңы. Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Олардың түсінісудегі негізгі құралы - тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді. Әдеп - сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Мәдениет - адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы - тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті - сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу. Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек, адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін - сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар - сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар - көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл - жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті - тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы.

Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адам баласын қазіргі прогреске жеткізген ұлы да бірегей туынды. Осы себептерден де сөйлеу мәдениетіне жетілу, тілді дұрыс та, тиімді және шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде-ақ басталған.

Адамдар өздерінің өмірлік серігі, бүкіл тіршіліктің құралы, рухани өмірінің айнасы - тіліне, оның тағдырына бейтарап қарамаған, оны қызғыштай қорып мәпелеген. Қоғамның мәдени дәрежесін көтеру бағытындағы әрбір қадам, алдымен, тіл мәдениетін, жазу, сөйлеу шеберлігін дұрыс жолға қою, оны үздіксіз жетілдіре беру талабынан басталып отырған.

Байырғы замандардан пайда болған алғашқы грамматикалық топшылауларды «өнертабысы», «грамматикалық өнер» деп атау, грамматиканы сөйлеу, жазу өнерін үйрететін ілім деп анықтау, тілді шебер қолдануға, шешендікке үйрететін «риторика», «стилистика» деп аталатын ғылымдардың пайда болуы айтылғандарды дәлелдесе керек.

Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін - өнердің өнері, «Өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар. Тіл ұстартқан халқымыз тіл өнерін мәпелеп отырып, сол қадірлісінің қадірін түсіретін, оған жауапсыз қарайтын, сөз мәнісін білмейтін көз жұмбайлыққа да жирене қарап, солардың атына да ащы, өткір сын айтқан. Мәселен: Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық; аузына келгенді сөйлеу - ақымақтың ісі, алдына келгенін жеу - айуанның ісі, өсекшінің тілі қышып тұрады; іріген ауыздан - шіріген сөз шығады; Жақсы сөйлесе - аузынан гүл төгіледі, Жаман сөйлесе аузынан жын төгіледі - деген мақалдар осындайларға айтылса керек. Сондықтан да «бауыздамай қан шығаратын», «мірдің оғындай өткір» ащы мысқылдарды тіл бұзушыларға, сөз жүйесін білмейтін бәтуәсіз адамдарға айта білген.

Халқымыздың бағзы заманнан келе жатқан осындай жақсы дәстүрі бұл күндері қайтадан жалғасын тауып (егеменді ел болғаннан кейін), ғылыми негізде дамытылып келеді.

Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Сөз мәдениеті» дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние. Тіл жеке сөздерден тұрса да, оның әрбір сөзінде тура, ауыспалы, қосымша мағынасы болады (омоним, синоним, метафора) . Мысалы: Ақындар «сөз» деп, поэзияны ұғынса, ұлы Абай « . . . сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деп, «сөз» деген ұғымды жаңа сападағы поэзияға байланысты қолданады. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» деп, жүректен шығатын әрбір ойды бейнелі де көркем, қысқа да нұсқа бір негізі - поэзияда екендігін нақты мысалдармен айқындап береді. «Сөз» деп - жеке адамның ой-пікірін де, сонымен қатар идеясын да айтады.

Сөзге байланысты мынадай да тіркестер бар: «отты сөз», «жылы сөз», «жүйелі сөз», «орынсыз сөз», «жаман сөз», т. б. Бұлардың қайсысы болсын, сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесін қандай мақсатпен қозғалысқа түсетіндігінен хабар береді десек, артық айтқандық емес.

Қысқасы, санай берсек, сөздің беретін ұғымы өте кең. Сондықтан «сөз мәдениеті» дегенді - «сөйлеу мәдениеті», «тіл мәдениеті» деп те айта береміз. Сөз - тілдің қолданыстағы көрінісі болса, «тіл мәдениеті» тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін, оның тәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. «Сөз мәдениеті» - тілдің фонетиканың нормаларын бұлжытпай сақтау ғана емес, айтайын деген ойымызды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі ұғымды дәл жеткізу жайын қамтиды.

Халқымыздың қазіргі мәдени-рухани жағдайын, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді байытуға байланысты баспасөз бетінде неше түрлі мәселелер көтеріліп жатады. Сондай мәселелердің бірі - халқымыздың мәдени өмірінің тұтқасы болып келе жатқан мол мұрасы, ел байлығы - тілін байытқан үстіне байыта, толықтыра, көркейте түсу. Ішкі мүмкіншіліктерімізді аша білгенде ғана мәдениетіміздің өркен жаяры сөзсіз. Сонда «тіл мәдениеті» туралы ішкі ойымызды тағы да жинақтауға болады. «Тіл мәдениеті» дегеніміз - сөздерді дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, оның ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал-әрекеттерді қамтиды. Тіл мәдениеті - тілдік нормаларының, тіл тәсілдерінің жетіп, ширап даму дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады.

Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі өнімсіз, өнімсіз қосымшалар, әдеби нормаға түскен сөздер.

Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тіліндегі тілдік норма.

Диплом жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі: Бітіру жұмысында қазақ тіл білімінде Н. Уәлиұлы, Р. Сыздық, Н. Оралбаева, С. Бизақов, М. Балақаев еңбектеріндегі тұжырымдар басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тіліндегі тілдік норманың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс пайдалануды түсіндіру. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай мәселелер қарастырылды.

- кейбір сөздерге жалғанған орынсыз қосымшаларға тоқталап, түсіндіру;

  • сөз мәдениеті мен тіл мәдениетінің ара-жігін ажырату;
  • тілдік норманың қазақ тіл біліміндегі маңыздылығы мен түрлеріне шолу;
  • тіліміздегі емле қиындықтарына тоқталу.

Диплом жұмысының әдістері: Жұмыстың орындалуында салыстыру, түсіндіру, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Тілдік норма. Тіл мәдениеті

  1. Тілдік норманың қалыптануы

Қазақтың бүгінгі ұлттық жазба әдеби тілінің әлеуметтік қызмет өрісі кеңейе түсті, функционалдық стильдері сараланып, әрқайсысы өзінің белгілерімен айқындалды, қоғамға қызмет етуінің ауызша да, жазбаша да түрі жанданды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусына ие болуы ұлттық сананы тәрбиелеуде, ұлттық намысты қорғауда, ұлттық мәдениетті көтеруде үлкен мәні бар факторға айналды. Осылардың баршасы тілдің өзіне әлеумет назарын аудартып, оның дұрыс, жемісті қызмет етуіне қойылатын талаптарды күшейтті. Солардың бірі - «тіл мәдениеті» деген білім-ғылым тармағы дүниеге келді.

Тіл мәдениеті - әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы - оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз - коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

  1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы) ;
  2. этика - сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері) ;
  3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары) .

Тіл мәдениетінің ең өзекті мәселесі - тілдік норма. Тіл білімінің тармағы болып саналатын «тіл мәдениеті» көптеген ғылыми-практикалық проблемаларды қамтиды. Ол тек тілдің қолданысындағы ағаттықтары мен жазудағы қателерді тауып, көрсетіп отыруды ғана көздемейді. Тіл қолданысындағы қателерді көрсету үшін олардың дұрыс болуға тиіс базасын тану қажет, демек, тілдік жүйені, ол жүйеге сай қалыптасқан нормаларды айқындап алуы шарт. Сондай-ақ тіл тіршілігінде сөздер ғана емес, дыбыстар, ол дыбыстардың айтылу сазы дегендердің мәні зор, бүгінгі тілдердің қызметі жазумен қоян-қолтық астарласып жатыр, бұл күндк тіл жазусыз қызмет ете алмайды, сондықтан да емле мәселесі де «тіл мәдениетін», яғни жазуда да дұрыстықты, жүйелілікті, қолайлылықты талап етуі заңды.

Тіл мәдениетінің өзегі - норма туралы ұғым. Норма тілдің жүйесі мен құрылымына иек артады. Тілдік жүйе дегеніміз тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің белгілі бір тәртіппен келуі, ал тілдік құрылым дегеніміз осы жүйенің іске асқан материалдық мүмкіндіктері. Тіл элементтері: дыбыс, сөз, сөйлем қолданыста тілдік құрылымға иек артады, ал тілдік құрылым тілдік жүйеге негізделеді. Орыс тіл білімпаздары бұл ретте үш сатыны атайды, біріншісі - тілдік мүмкіндіктер жүйесі, екіншіт сатыда осы жүйенің материалдық көрінісі, тілдің құрылымы, үшінші сатыда - сол материалдың қолданысы.

Тіл мәдениеті - қазақ тіл білімінің зерттеу нысандарының ішінде кейінірек қолға алынған саласының бірі. Бұл слаланың өзге нысандардан айырмасы - оның күнделікті өмірден, тілді қолдану тәжірибесімен тікелей ұштасып жататындығында. Сондықтан тіл мәдениетін ғылыми-практикалық тұрғыдан сөз етуде зерттеу жұмыстарына динамикалық-тарихи қырынан келуден гөрі, статикалық тұрғыдан қарастыру бірінші кезекте тұрады, яғни тіл мәдениетінің қалыптасу тарихы, әр кезеңдердегі сипаты дегеннен гөрі, дәл бүгінгі жай-күйі, проблемалары, даму бағыты, болашағы деген мәселелерге алдымен көңіл аударылады. Мұны тіл қолданысының өзі сұрайды, бұл бүгінгі әлеуметтік сұраныс.

Тіл мәдениетінің өзге салалардан кешірек, кейінірек қолға алынуының объективті себептері бар. Тілдегі мәдениет дегенді әңгіме ету тілдік норманың, яғни қолданыс заңдылықтарының қалыптасып, едәуір тұрақталған әдеби тілдің болуына, оның жазбаша да, ауызша да түрін қалың жұртшылық тұтас пайдалана бастаған кезіне тікелей байланысты. Әсіресе көркем әдебиет пен баспасөздің, радио мен телевидениенің, ұлт театры мен киносының дамыған кезінде тіл мәдениетіне, яғни тілді дұрыс, әдемі қолдануға, жазу сауаттылығына ерекше азар аударылады. Сондықтан мәдениетін талап ететін құбылыстың өзі әбден күшіне енгенше, тіл түралы ғылым-танымның бұл тармағының кешендеп қолға алынуы заңды да түсінікті.

Тіл мәдениетін зерттеушілер, әсіресе орыс тіл мамандары, бұл проблема жазба әдеби тіл кезеңінің сұранысы дегенді айтады. Мұның да қисыны бар. Тіл мәдениетінің өзегі тілдік нормалардың қалыптасуында, біршама тұрақталуында, заңдастырылып хатқа түсуінде жатса, бұлар бүгінгі ұлттық жазба тілдердің қам-қарекеттері.

Тіл мәдениеті, ең алдымен, әдеби норма дегенге тікелей қатысты. Жалпы тіл білімінде бршама қалыптасқан тұжырымдарға иек артсақ, тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік нормаларды, оның ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір зерттеушілер бұл салаға кеңірек міндет артып, тілдің көріктеу құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды да сөз мәдениетінің объектісі деп таниды.

Сөйтіп тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (стилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру. Осылардың брін қосып, тіл мәдениеті деген ғылыми-таным саласын «ортология» деп атаушылық бар, яғни ортология - сөздің (тілдің) дұрыстығы туралы ілім.

Тіл мәденитеі атқаратын міндеттердің бірі - қай қолданыс бұл күнде норма болып табылады, қайсысы - жоқ деген мәселелерді түбегейлі зерттеу. Өйткені тілдің мәдениетін танытатын шарт - тек жоғарыда салалап көрсетілген нормаларды ұстанып қана қою емес, ол нормалардың өздерінің дұрыстығын, сындарлылығын тап басып тану және дұрыс деп қабылдау.

Тілдік норманың өзі «дұрыс» деп бағалануы үшін ол тілдің құрылымдық заңдылықтарына сай келуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы
Орфографиялық норма мәселелері
Қазақ әдеби тілі туралы
Қазақ орфографиясындағы бас әріп және кіші әріптің қызметі
Тілдік норма
Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты - орфоэпиялық норма
Тіл мәдениеті мен тілдік норма
Әдеби тіл және оның қалыптануы (кодификациясы)
Тілдік норма және тіл мәдениеті
Ұлт тілі тарихының деректері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz