Көркем аударма және тарихи романдағы диалог қызметі


Кіріспе
Әр халықтың өмір сүру кезеңіндегі тарих өзінің баға жеткізгісіз рөлін атқарады. Адамзатқа қажетті рухани негіз тіл, дін, салт-дәстүрмен бірге, тарих сол халықты танытатын керемет өмір оқулығы.
Тарихын өткеннің көркем түрде сипаттау адамды эстетикалық және идеялық тәрбиелеуге ықпал етеді. Сол кезеңде өмір сүрген адамдарды өткен уақыттың оқиғаларын шынайы, бар болмыс-бітімімен, тарихи аяда бейнелеуге әркімнің батылы бара бермейді. Және бұған үлкен жауапкершілік, терең тарихи білім, шығармашылық шеберлік, талант, қаламгерлік тәжірибе керек. /1, 3/
Қазіргі заман әдебиетінде тарихи роман мен тарихи роман-эпопеяның үлесі барған сайын ұлғайып келеді. Бұл құбылыстың себебі мен мәнін ашуға арнаулы зерттеулер де жазылып жүр. Тарихи роман жанрына мұншама көңіл бөлінуі оның осы күнгі әдебиеттен алып отырған орны мен маңызын сипаттаса керек.
Тарих туындылардың тамыры антикалық дәуірден тарайды. Сол кездегі үлкен тарихи оқиғалар Геродот, Руфь, Флавий, Аррион, Диодор жазбаларында сақталды. Олардың басты ерекшелігі болған оқиғаның шынайы болмысын жеткізгендігі.
Өзінің басты объектісі адамды бейнелеу арқылы әр дәуірдің сан қилы сыр-сипатын көрсететін көркем әдебиеттің даму кезеңдеріне көз салғанда, оның нақтылы тарихи адамдар мен тарихи оқиғаларды бейнелеу ерекшелігі, яғни әдебиеттегі тарихилық мәселелері айрықша назар аудартары хақ. Ал, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы тек белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге ғана емес, сол әдебиеттің осы өзекті мәселе тұрғысынан алғандағы жүріп өткен жолын бағдарлауға да мүмкіндік береді. Сөз жоқ, ол жолды азаматтық тарихпен тікелей жарысып отыратын жол деп тануға болар еді. Өйткені, онан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыры таразыға түскен небір тарихи тайталастарының мәліметтерін табасыз.
Көркем әдебиеттегі тарихилық сапалық тұрғыдан алғанда ғылымдағы тарихилықтан ерекшелеу болып келеді. Өйткені, ғылым белгілі бір дәуірдің тарихи даму заңдылықтарын тұжырымдармен өрнектесе, ал әдебиет сол тарихи құбылыстарға деген адам қатынасын оның кісілік құлқы, әрекет харакеті таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, «белгілі бір дәуірдің нақты тарихи мән-мазмұны, оның қайталанбас келбеті мен ерекше бейнесін көркемдік әдіспен игеретін әдебиеттің тарихилық» мәселесі осы қасиеті арқылы өзіне ерекше назар аударуды талап ететіні хақ /2, 3, 5/.
Тарихи шығарманың халық тарихындағы елеулі құбылыстар туралы жазылуы шарт деген пікір орынды. Бұл жерде тарихи шығарманың халықтың тарихы, тарихи өткені туралы жазылуы қажетті дау тудырмайды. Ал тарихи шығарма негізінде халық тарихындағы аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар ғана жатуы керек дегенде, халықтың өткен тарихын оның мазмұнына қарай екшеген болып шығамыз /3, 9/.
Расында да, тарихтағы кейбір ірі оқиғалар белгілі бір дәуірдің бетін, басты мазмұнын анықтайтындай сипатымен бөлектеніп тұрады. Сондықтан мұндай тарихи кезең шындықтары туралы шығарма жазғанда, сол дәуірдің басты типтік ерекшелігін белгілейтін оқиғаларды ескермеуге болмайды. Онсыз дәуір тынысын толық жеткізу мүмкін емес.
Көп жазушылар, соның ішінде Л. Толстой, тарихи тақырыпты шығармалардың өзінде қиялдау элементі басым болуға тиіс деп есептеген. Оған жазушының мына сөздері мысал: «В каждом художественном произведений, в том числе в историческом романе, в исторической повести мы ценим прежде всего фантазию автора, восстанавливающего по обрывкам документов, дошедших до нас, живую картину эпохи и осмысливаюшего эту эпоху». Өмірде болған қаһарман да, қиялдан жасалған кейіпкер де шығармада толыққанды өмір кешуі керек. Тарихи оқиғалардың тартымдылығы қандай қажет болса, қиялдың табиғи тұтастыққа ие болуы шарт. Тарихи оқиғаларды тізе беру де, тарихты ұмытып, қиял күшіне ғана сүйенушілік те шығарманы бір жақтылыққа алып кетпек. /5, 54/
Тарихи романның негізін Батыс Европада Вальтер Скотт, америка әдебиетінде Ф. Купер, Францияда В. Гюго, А. Дюма, Англияда Бульвер-Литтон, Стивенсон, орыс әдебиетінде А. С. Пушкин салды және бұлардың шығармаларында тарихи деректер көркемдік элемент, эстетикалық мәнділік дәрежесіне көтерілді.
Әр халықтың, әр ұлттың, тіпті әр азаматтың өзінің тарихы, өзіндік ой мақсаты, өмірлік көзқарасы осы тарихи шығармаларды дүние жүзі әде-биетіне ең бірінші болып әкелуші ағылшынның ұлы жазушысы Вальтер Скотт екенін ұмытпауымыз керек. Өзінің тарихи шығармаларын әлемге паш еткен Вальтер Скотт - ұлы жазушы, тарихшы, ойшыл және аудармашы. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі әр ұлтты халықтар мен ұлы ғұлама ойшылдар мен жазушыларға дейін В. Скотты оқыды. Олардың әр қайсысы Скотт шығармаларын таңдай қаға оқып, құнды пікірлер айтты. Солардың бірі орыстың ұлы жазушысы В. Г. Белинский Скотты: «Тарихи романның Шекспирі мен Гомері, әрі өнер саласындағы Колумб» десе, немістің атақты жазушысы Гете оны «Өзіне ешкімді теңестірмейтін ұлы талант» деп баға берді. Расында да, жазушының бояуы қанық кестелі тілі, оқыс басталып кететін тартымды сюжеті, тапқыр диалогтары оқушыны еліктіріп еріксіз ерітіп әкетеді.
Тарихи романды зерттеу көркемдік таным мен шығармашылық әдістеме жасау арқылы жүзеге асырылса, ол тәсіл Л. Н. Гулиев анықтауынша шығармадағы “шындықты, жазушының дүниетанымын және көркемдік ойлау жүйесінен” айқындалады (с. 175) . Сондықтан аудармашы алдымен тарихи прозаны осы тұрғыдан зерттеп, танып-біліп, содан кейін аударғаны дұрыс.
Тарихи роман жанрына зерттеушілер қашан да ерекше назар аударатын. Оған Б. Г. Реизовтің «Французский исторический роман в эпоху романтизма» (1958), «Французский роман XIX в. » (1969, 2-басылым 1967), «Творчество Вальтера Скотта» (1965), Георг Лукачтың «Историчекий роман», Н. Я. Дьяконованың “Английский романтизм: Проблемы эстетики”, атты еңбектері мысал бола алады.
Ресей әдебиетіндегі тарихи роман жанрының пайда болуын, оның жеке бір жанр ретіндегі ерекшелігін зерттеген ресей ғалымдары мыналар: И. И. Замотина «Исторический идеализм в русском обществе и литературе 20-30 годов XIX столетия» (1908), А. И. Скабический «История новейшей русской литературы 1848-1909гг» (1903), А. Пинчук «Русский исторический роман (до 50х годов XIX века) » (1913), В. А. Сиповский «Русский историчекий роман первой половины XIX столетия» (1928) .
Қазақ әдебиетінде де тарихи роман жанрының тууы, қалыпттасуы, көркемдік ерекшелігі, дәстүр мен жаңашылдық секілді келелі мәселелер төңірегінде көптеген әдебиеттанушы-ғалымдар зерттеу еңбектер жазды. Атап айтсақ, Р. Бердібаев, Л. Әуезова, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, Т. Сыдықов, Т. Жұртбаев, Қ. Алпысбаев, Ә. Тарақов, М. Хамзин және тағы басқалар. Әр кезеңнің оқырманы бүгінгі күн немесе бүгінгі заман шындығы мен бергі тарихи тақырыптарды ғана емес, бұдан жүздеген, мыңдаған жылдар бұрынғы шынайы өмірді қажетсінеді. Бұл тұрғыда: «Тарихи роман халықтың бұрынғысы мен бүгінгісінің жанды байланысын көркем бейнелер арқылы ашады. Мұндай шығармалардың тәрбиелік, танытқыштық мәні үлкен. Олардан халық өмірінің өткені мен қазіргісінің арасында қаншалық айырма бар екенін, ілгерілеуіміздің сипатын ұғамыз» [3. 4], деген Р. Бердібай пікірі көңіл аударарлық.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. «Квентин Дорвард» романы В. Скоттың француз елінің тарихы туралы жазған жалғыз романы. «Вальтер Скоттсыз француз тарихи дәуірін елестету мүмкін емес» -деді Б. Г. Рейзов өзінің «Французский роман ХІХ века» атты еңбегінде. «Квентин Дорвард» тарихи роман негізін салушы Скоттың қаламынан туған 29 шығармасының бірі. Скотт романға тарихилық сипатты тұңғыш енгізген, демек өткеннің өз ерекшелігін, оның қазіргі заманмен ұқсамайтындығын аңдаған, тарихтан ұлы адамдардың іс-әрекеттерін ғана емес, сонымен бірге халық бұқарасының қимыл-әрекеттерін де көре білген жазушы.
Бір өкініштісі осындай ірі қаламгердің атақты романдарының ана тілімізге көп аудармалуы. Осы уақытқа дейін қазақ тіліне В. Скоттың «Айвенгосы» мен «Квентин Дорварды», «Пуритандары» ғана аударылған. Әлемнің түкпір-түкпірінде аудармашылар Скоттың шығармаларын жаппай өз ана тілдеріне аударып, оқырмандарына сыйлап жатыр. Тіпті орыс тіліне де Вальтердің барлық шығармалары аударылған. Скотт шығармаларын орыс тіліне аударуда атсалысқан М. А. Шишмарева, М. Беккер, Н. Емельяникова, Б. Я. Шадрина, Лихачев және т. б. Бұл аудармашылар Скотт романдарын тікелей ағылшын тілінен орыс тіліне аударған.
Ана тілімізге жазушының екі романы сатылы аударма түрінде аударылды. «Айвенго» романын орысшадан сатылы түрін Әбітай Атығаев және «Квентин Дорвард» романын Мұқан Мамажанов сатылай аударса, «Пуритандар» романын Б. Әдетов тәуелсіздік жылдары тәржімалады.
Әлем әдебиетінің көрнекті туындысына тән суреткерлік болмыспен оны аударма тілімен өрнектеуді саралау көркем әдебиет шығармашылығын жаңа қырынан ашуға жетелейді.
Әдеби байланыстардың кең өрістілігі көркем аударма тәрізді дәнекер түрі арқылы жазушы шығармаларын тереңдей тану - қазіргі тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің мемлекеттік бағдарламасына тән саяси бағыттардың бірі. Сөз өнерінің тарихында өмір шындығына тән ішкі - сыртқы құбылыстарын көп дауыстылық басты таным - тәсілімен бейнелеу ұлы суреткер туындасының басты ерекшелігі. Сондықтан, түпнұсқалық және аудармалық мәтіндерді қатар қойып бағалаудың да маңыздылығы ақиқат.
«Квентин Дорвард» тарихи романындағы диалогтардың атқаратын қызметі және оның аударылу ерекшеліктерін жан-жақты қарастыру кезінде жазушының суреткерлігі және көркем аудармаға қатысты теориялық және практикалық көптеген мәселелер айқындалады. Ұлы жазушы шығармасын суреткерлік шеберлікпен аудару ерекшеліктерін саралаудың қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркем аударма шығармашылығы саласына да игі ықпалы болады.
Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысының негізгі нысанына Вальтер Скоттың «Квентин Дорвард» романының түпнұсқасымен бірге орысша және қазақ тіліндегі нұсқалары алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- ортағасырлық рыцарлық мәдениеттің ұлттық, тарихи ерекшелігі көрініс табатын «Квентин Дорвард» романының негізінде диалогтардың сипатына және оның аударылуына әлеуметтік - эстетикалық, әдеби - теориялық талдаулар жасалды;
- «Квентин Дорвард» романының қазақшаға аударылуындағы балама (сәйкестік) немесе реалистік аударма принциптерінің орындалуы ғылыми бағаланды;
- аудармадағы аудармашының шығармашылық шешімдері ғылыми тұрғыдан талданды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Вальтер Скоттың «Квентин Дорвард» романының түпнұсқасындағы характерлік сипатпен оның диалогтардың орысша-қазақшаға аударылуындағы ерекшеліктерді анықтау мақсаты бағдарланады. Зерттеудің осы негізгі мақсатынан туындайтын мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
- көркем аударма өнерінің қазақ және әлем әдебиеттері классикалық үрдістері ықпалдастығын қалыптастырудағы әдеби-эстетикалық, гуманистік қызметін жаңаша бағалау;
- Вальтер Скоттың әлем әдебиетіне қосқан үлесін, ізденістерін, жаңалықтарын саралау;
- жазушының «Квентин Дорвард» романындағы диалогтардың қолдану қызметін бағалау;
- «Квентин Дорвард» романының орысша-қазақша нұсқаларын түпнұсқамен салыстыру, аударманың баламалығын, сәйкестігін бағалап, қорытынды жасау;
- аудармашының көркем аударма тәсілдерін, техникасын қолданудағы қазақ тілінің бейнелі сөздерін сөздерді пайдалану сипаттарын анықтау;
- Аудармашылардың тарихи роман жанрын аударудағы тәжірибесінің жалпы аударма теориясына жасаған ықпалын айқындап, баға беру.
Зерттеу әдістері : Зерттеу жұмысы барысында тақырыптың ерекшелігі мен еңбектің мақсатына байланысты әдебиетттану мен лингвистиканы бірге қамтитын салыстырмалы мәтіндік талдаулар, әдеби-тарихи, диахронды талдау әдісі, яғни түрлі кезеңдегі лексиканың жеткізілу ерекшелігі, типологиялық статикалық әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы : Зерттеу жұмысыың теориялық маңыздылығы - диалогтардың аударылу тәсілдерін зерттеуі, баламаның және адекваттылық мәселелерін шешудегі маңызды қадам болуы. Дипломның қамтылған деректерді, тұжырымдарды жоғарғы оқу орындарында аударма теориясы мен практикасына байланысты дәріс және семинар сабақтарында пайдалануға болады. Тілдік материалды ерекше көркемдік әсер беру үшін автор диалогтарды көп қолданған басқа да тарихи шығармалардың аудармасы кезінде пайдалануға болады. Сонымен бірге, дүние жүзі халықтары әдебиеттері байланыстарының аударма саласындағы бірегей зерттеулер және оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда пайдалы дереккөз, көмекші құрал бола алады деген ойдамыз.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I - тарау В. Скотт - тарихи роман жанрының негізін қалаушы.
- Вальтер Скотт шығармашылық әдісінің жаңашылдығы
Ағылшын жазушысы Вальтер Скотт әлем әдебиетіне жаңа үлгідегі тарихи романды қалыптастырушы ретінде енді. Бальзак оның романдарын көркем шығарманың шыңы ретінде бағаласа, Стендаль оны романистердің әкесі деді, Белинский оған таңырқанса, Пушкин оны «шотландық сиқыршы» деп атап кетті. Француздың атақты жазушысы Ж. де Петиньи Скотты меңзей отырып: «Чьи произведения ожидаются с нетерпением и рассматриваются всеми образованными нациями Европы как счастливый дар судьбы, чьи собрания сочинений печатаются одновременно в Англии, во Франции и и Германии?» деген болатын. Демек, В. Скоттың шығармаларын атақты Ж. де Петиньи бастаған дүние жүзінің ұлы тұлғалары А. С. Пушкин, Шекспир, Гете, В. Г. Белинский, Андри Потен, және т. б. қызыға оқып, жақсы баға берген. Өйткені, Вальтер Скотт тарихи романды әлем әдебиетіне ең бірінші болып әкелуші. Көптеген жазушылар мен оқырмандар, сыншылар барлығы дерлік Вальтер Скотты жаңа заманның ұлы жазушысы деп санайды және өздеріне ұстаз тұтады. Ол жасаған жаңа жанр тек көркем әдебиетке әсерін тигізіп ғана қоймады, сонымен қатар тарихнамалық шығармаларды жазу тәсіліне де әсерін тигізді. Батыс Еуропалық әдебиеттануында көркем шығармаларда тарихи процесті жасап шығару мәселесі А. Флейманның, Дж. Симмонстың, Г. Баттерфильдтің, Э. Бриджерстің, П. Брукстің, Л. Ласселастың, А. Сандерстің, А. Шепардтің монографияларына арқау болды. Вальтер Скоттың орыс әдебиетіне тигізген әсері XX ғасырда байқалды. Оған З. Т. Гражданскаяның «Историчекий роман В. Скотта» (1945), С. Р. Мейзельстің «Вальтер Скотт. Романы о Шотландии»(1946), С. А. Орловтің «Пути развития реализма в английском романе первой трети XX века»(1969), А. А. Долининнің «История одетая в роман» (1988) еңбектері айқын мысал бола алады. Вальтер еңбектеріне сыншыл реализмнің шыңы саналатын О. Бальзак, Ресейде А. С. Пушкин, Италияда Мандзонилер жоғары баға берді.
Скотт романға тарихилық сипатты тұңғыш енгізген, демек өткеннің өз ерекшелігін, оның қазіргі заманмен ұқсамайтындығын аңдаған, тарихтан ұлы адамдардың іс-әрекеттерін ғана емес, сонымен бірге халық бұқарасының қимыл-әрекеттерін де көре білген жазушы. Өзінің айтуынша: "Исторический должен воспроизвести историю полнее, чем научно-историческое исследование, потому что сухую археологию он должен заполнить психологическим содержанием, страстями и “мнениями” создающих историю людей" [26, 27] .
Ол өз шығармаларында шамадан тыс архаизмдерді қолданудан бас тартады, яғни сол дәуірдің тілін пайдаланады. Оны Скотт былай түсіндіреді: "Для того чтобы пробудить в читателе хоть некоторый интерес, необходимо изложить избранную Вами тему языком и в манере той эпохи, в какую Вы живете" [9, 25] .
Скотт шығармашылығын зерттеуші кеңестік сыншы Б. Реизов “Творчество Вальтера Скотта” (“Теория исторического романа” тарауында), Скоттың жаңа тарихнама принциптерін тудырғанын атап өтеді: "… идея общечеловеческого единства сделала Скотта не только художником, но и историком и создала основу для историзма ХХ столетия" [27, 281] .
В. Скотт үшін ең басты мәселе уақыт пен жергілікті әдет - ғұрыптар. Автор өткен ғасырдың оқиғаларын бізге куәгер көзімен бейнелеуге тырысты. Заманның, дәуірдің басты мәселелерін алға тартып, сол дәуірдің өмір шыңдығын асқан шеберлікпен жеткізіп отырды. Шотландияға барып көргендей жол бұрылыстарын, табиғатын т. б. барлығын толық бейнелеуден талмады. Оның романдарында біз “Бернард құзының биіктерін”, “Тей өзенінің жағалауларын ” тамашалағандай боламыз.
Англиямен соғыс кезіндегі Шотландияны суреттеуде В. Скотт өзінің жерлестеріне аяушылығын білдіре отырып, қарапайым халықтың ұлтшылдығын, айбындылығын, қатал мінезімен қатар қарапйымдылығын да сүйіспеншілікпен суреттейді.
Вальтер Скотт XIX ғасырдың I-ші жартысында батыс еуропадағы тарихи жанрдың негізгі принциптерін қалаушы және дамытушы болды. Мысалы:
1. Таптардың портретін жасады.
2. Ең бірінші болып әдебиеттегі өнегелілік деген түсінікті айнгалымға енгізді.
3. Романдарында өмір шындығын бейнеледі.
Орта ғасырларда жырлаған жазушылар аз емес, бірақ ағылшын жазушысы Вальтер Скоттан (дәлірек айтсақ, Шотландияда туып өскен) артық жырлаған ешкім жоқ. Қалай болғанда да мың жылға созылған батыстағы бектер дәуірін өлмес етіп суреттеген Скоттың теңдесі жоқ. Оның өзін кейде он тоғызыншы ғасырдың басында өмір сүрді дерлік емес, сонау өзінен алты-жеті ғасыр бұрын өткен адамдар мен олардың өмірін көзімен көріп, бірге жасасып жүргендей бейнелеу - шын суреткерлік емес пе!
Франция елі тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған Скоттың «Квентин Дорвард» романы оның француз елінің тарихы туралы жазған жалғыз романы. «Вальтер Скоттсыз француз тарихи дәуірін елестету мүмкін емес»-деді Б. Г. Рейзов өзінің «Французский роман ХІХ века» атты еңбегінде.
Квентин Дорвард» (1823) - жазушының ең үздік шығармасы болып табылады. Мұнда В. Скотт британ аралдарын тастап, Еуропаға көшеді. Шығарманың мақсаты - қатаң да аяусыз тәртіп орнату арқылы келген абсолютті монархияның нығайып, күшеюін, олардың басқару механикасын ашық көрсету.
Вальтер Скоттың романы Квентин Дорвардың есімімен аталған, бірақ ондағы басты кейіпкер екеу: шотланд атқышы мен француз королі, Квентин Дорвард пен ХІ Людовик. Махаббат хикаясы саяси хикаямен сабақтаса өріліп отырады. Алғашқы желі роман авторының қиялынан туса, ал екінші желі тарихи деректермен астасып жатады.
Роман Квентин мен Изабелланың шат-шадымен үйлену тойымен тәмамдалды.
«Квентиннің қарапайым махаббат хикаясы шығармаға тек желі тарту үшін ғана қажет болғанын», сөйтіп король ХІ Людовик іспеттес «айрықша танымал тұлғаны» кестелеуді алдына басты мақсат етіп қойғанын В. Скоттың өзі де мойындаған. ХІ Людовик мейірімсіз, қиянатшыл, кекшіл, ойын жүзеге асыруға келгенде ешқандай да тәсілдерден жирене қоймайтын адам болған.
«Қайшылық» - бірінші тарау осылай аталады. Бұл ХІ Людовик пен Өжет Карлдың арасындағы, дөрекі саяси күш пен зұлымдылық, айлакерліктің арасындағы кереғарлық. Кереғарлықты жазушы ойлап тапқан жоқ, ол роман беттеріне тарих беттерінен көшкен.
Осы романдағы басты кейіпкерге қойылған негізгі міндетті Б. Реизов былайша түсіндіреді: "столкнуть это свежее сознание с ужасающей сложностью жизни. Герой попадает в новую для него среду, в его существование неожиданно врывается история. Если вначале действительность представлялась ему слишком простой и серой, то теперь события, мелькающие с необычайной быстротой, кажутся непостижимыми и абсурдными" [26, с. 32] . Романда жігіт Квентинді көрікті, батыл, адал, ер жүрек, ақылды етіп суреттейді. Негізі Людовик пен Квентин осындай өзіндік қасиеттері жағынан мүлдем ұқсамайтын, қарама-қайшы кейіпкерлер. Квентиннің тұла бойына албырт ерлік, кіршіксіз көңіл тән, рыцарлық атақ-абырой пасықтықтан ада болу керек деп түсінеді. Моральдық мән-мағына жағынан алғанда корольге мүлде кереғар тұрған герцог Карл емес, нақ осы Квентин. Король әмісе арамзалық тор құрудан жалыққан емес, бірақ әр жолы сәтсіздікке ұшырап отырады, ол Квентин ізгілік пен адалдық өсиетті басшылыққа алады да, өз мақсат-мұратына жетеді.
Францияның белгілі жазушылары Проспер де Борант пен Оюсти Пьерри өздерінің ағылшын романистеріне тәуелді екендіктерін мойындады [12, 10] . Демек, Вальтер Скоттың Франция тарихы туралы жазған бір ғана романын көптеген атақты француз жазушылары таңқалмай, таңдай қақпай оқи алмаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz