Ұлтым қазақ


1. Фразеологизмдерді қатыстыра отырып сөйлем құраңыз: дүниеге келді, кәмелетке толды, қара жұмыс, некеге отырды, тұрмысқа шықты, ірге тасын қалады, ат салысу.
Д. Рамазанов 1967ж. 1 тамызда Семей облысында дүниеге келді. Заңда адам 18 жасқа толған күні кәмелетке толды деп есептеледі. Қазақстан мен Ресейде қара жұмыс істеп жүрген түріктер өте көп. Оңтүстік Кореяда бір күнде 7200 жұп некеге отырды. Біздің Малика тұрмысқа шықты. Н. Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының сенімді іргетасын қалады. Республикасының гүлденуіне бірлесе ат салысу біздің ортақ мақсатымыз.
2. Өмірбаян құрылымы, ерекшелігі.
Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т. б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - Абай, Ш. Уәлиханов, А. С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С. Мұқанов - «Аққан жүлдыз»,
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
3. Ресми іс қағаздар тілі - әдеби тілдің стильдік тармақтарының бірі болғандықтан әдеби тіл деген мәселеге де тоқтала кеткенді жөн көрдік. Әдеби тіл - жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып есептеледі. Қоғамның, мемлекеттің дамуымен байланысты, сол мемлекет тілінің байлығы, мәдениеті артып, қолданылу аясы да кеңейе түседі. Мем¬лекет тілі - көркем әдебиеттің, ғылымның, іс қағаздардың, өнер-білімнің, баспасөздің тілі. Тілдің қалыпқа түсуі, дамуы халықтың жазба мәдениетімен тікелей байланысты. Жазба мәдениет арқылы тіл байлықтары екшеленіп, құрылысы да жүйелі қалыпқа түсіп дамиды. Яғни халықтың жазба мәдениетінің болуы тілдің әдеби қалыпқа түсуінің негізгі шарттарының бірі.
Әдеби тілдің негізгі белгілерінің бірі - бірізділік. Бұл бірізділік тілдің орфографиясында да, грамматикасында да, терминологиясында да сақталуға тиіс. Яғни тілдегі сөздердің бір ізге түскен айтылу нормасы, жазылу норма-сы, қолданылу нормасы болу керек.
Жазба әдеби тіл қоғамның мемлекеттің ресми тілі болғандықтан оның қызметі де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақтары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынадай стильдік тармақтары бар:
Стильдердің түрлері.
Стиль - сөйлеушінің (жазушының) белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз сақтаулары
Қазақ тіліндегі стильдің түрлері: (схема арқылы көрсету) .
Ауызекі сөйлеу стилі
Көркем әдебиет стилі Ресми іс - қағаздар стилі
Публицистикалық стиль Ғылыми стиль
Стильдердің ерекшелігі.
1. Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілуі».
2. Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспрессивті.
3. Ресми іс қағаздар стилі: ресми, анық, дәл.
4. Публицистикалық стиль: шақыру, үндеу, нақтылық.
5. Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу.
Стильдің тілдік құралдары:
1. Ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады; көбіне диалог түрінде келеді.
2. Көркем әдебиет стилінде ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары (теңеу, метафора т. б. ) жиі қолданылады.
3. Ресми іс-қағаздар стилінде кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер қолданылады.
4. Публицистикалық стильде реторикалық сұрақтар, стильдік қайталау антитеза пайдалану сияқты құралдар қолданылады.
5. Ғылыми стилде ғылыми терминдер жиі қолданылады; көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Өткен шақ пен осы шақта жиі қолданылады.
12. Ресми құжаттар түрі, ерекшеліктері:
Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары: өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит карточкасы, өтініш, арыз, мінездеме, кепілдеме, кеден мағлұмдамасы, жеделхат.
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс-қағаздары: қолхат, сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі.
Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары: Заң, үкім, өкім, Жарғы, жарлық, Ереже, хабарлама, бұйрық, нұсқау, ресми, хаттар, хаттама, жарнама, хабарландыру.
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
23. Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, отінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.
Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен үжымның мүддесш көздейтін үжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады.
Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым турінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазганы, қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы.
Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.
Арыз қүрылымы:
1) құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны) ;
2) қүұат аты;
3) негізгі мәтін;
4) қосымша болса оған сілтеме;
5) жазылу мерзімі;
6) қолы;
7) арыз мазмүнымен келісушілер қолы,
Ескерту: 1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.
2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.
3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.
34. Стандарт тілдік бірліктермен сөйлем құраңыз:Ұйымдастыру, қорытынды, ортақ, маңызды, ерекше, жоспарлы, жеткіліксіз, қанағаттанарлық, туралы ескертуді қажет деп санаймыз.
Бүгін біздің қалада тамаша шоу ұйымдастырылады. Хабар арнасының қорытынды жаңалықтары көрсетілді. Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан. Шара барысында маңызды құжатта айқындалған ел дамуының негізгі бағыттары айтылды. Бүгін ерекше күн. Жоспарлы Экономика- КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі.
Елде кәсіби хоккейшілер жеткіліксіз. Павлодарда химия сабағында уланған оныншы сынып оқушылары қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды. Біз сіздерді аяз кележатқан туралы ескертуді қажет деп санаймыз.
45. Ақпараттық хат құрылымы, ерекшелігі.
Мүнда құжатты алушының мекен-жайы, реквизиттері сияқты мәліметтердің дүрыстығы тексеріледі.
Қүжаттағы мәліметтердің дәлдігі, оның мерзімінде дүрыс жасалу жауапкершілігі қүжат дайындаушы адамға жүктеледі. Егер қүжат дайындаушы адам бірнешеу болса жауапты орьгадаушы белгіленеді.
Құжатты дүрыс дайындап, уақытылы жіберу секретариат қызметкеріне я іс жүргізушіге жүктеледі.
56. М. Әуезовтің «Абай жолы» романының «Қайтқанда» тарауындағы Абай образы.
Алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-тарам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Бір кереметі - осылардың бәрі тек қана сыртқы сарт-сұрт, ылғи қолма-қол «қимыл-күшпен емес, шығармашылық іспен» (Әуезов), яғни ішкі көңіл күйіндегі нәзік ағыстар мен толқындар арқылы, солардың сан түрлі иін-иірімдері арқылы қат-қабат астарлы көрініс табады. Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс-бітіміндегі қайталанбас қадыр-қасиетте осында жатыр. Абай - кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға. Бұл тұлғаны автор эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай, бір де бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп шығады. Көл-көсір нақты да затты деталь, ұшан-теңіз психологиялық анализ, сан-сала іс-әрекет, қимыл-харекет - осылардың бәрі Абай тұлғасын сомдауға қызмет етеді. Осылардың бәрінде де автор өз қаһарманының «жан диалектикасын» бойлап, ілгерілейді де отырады. Абай тұлғасы оқырманның көз алдында көктей өсіп, автордың өзі айтқандай, құз-жартасты жарып шығып жапырақ жайған шынарға - символ бейнеге айналады. Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді, қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады. Жас Абайдың туған дала туралы осынау уыз ұғымы өз әкесі Құнанбай өктемдігінен құрбан болған Қодар өлімін көргенде төңкеріліп түседі. Өзгеріс осыдан басталады. Енді ол Құнанбай мен құнанбайшылдар ісіне күдікпен, іштей қарсылықпен қарай бастайды. Бұған қосымша өз басындағы хал де осы ортадан түбінде түңілуге сайғандай. Әлгі бір Қарашоқыдағы қанды оқиғадан ауруға шалдығып, төсек тартты; Бөжей үйінде тірі жетім ғып әкесі «ит жемеге тастатқан» кішкене мүскін Камшат тағдыры мұның жанын жегідей жейді: аяулы ғашығы Тоғжанға қосыла алмай, тағы да әке шешімімен өзі сүймеген Ділдаға үйленуі . . . Осылардың бәрі Абайдың о бастағы мөлдір тұнығын сел басқандай лайлай береді.
66. М. Мақатаев өмірі, шығармашылығы.
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә. Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н. Тілендиев ән шығарған.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
М. Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т. б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т. б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
М. Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т. б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.
76. Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне»
Адамзат әлемінің бүгінгі тағдыр-бейнесі, моделі атомдық эксперименттің объектісі болған Қарауыл ауылы өмірінің ащы ақиқаты - мүгедек қыз Ләйлә және оның әлеуметтік ортасы. Қарауылдың адамгершілік барометрі, табиғи рух сәулесі Ләйлә еді. Оған өз еркімен өмірден баз кештірген атом ғана емес - адам. Қойылым финалында Ләйлә - Ләйла өмірден біржола кетті. Ләйлә өлді - Қарауыл өлді. Қарауыл өлді - қазақ өлді . . . Болашақ бар ма, жоқ па?
86. Д. Рамазанның «Келіндер» әңгімесіндегі Жаңыл образы.
13. Түйіндеме (резюме) жазыңыз.
Аты-жөні: (аты-жөні) .
Туған күні: (туған күні) .
Туған жері: (туған жері) .
Ұлты: (ұлты)
Мекенжайы:(мекенжай) .
Телефоны: (нөмір) .
Мамандығы: (мамандық) .
Мақсаты: (лауазым түрі) лауазымын алу.
Білімі:
(жыл) жж. (институт, университет, колледж) «(мамандық атауы) » мамандығы бойынша диплом.
(жыл) жж. (институт, университет, колледж) «(мамандық) » мамандығы бойынша аспирантура.
Еңбек жолы:
(жыл) жж. (атауы) колледжі. (тіл түрі) тілі пәнінің мұғалімі.
(жыл) жж. № (номер) кешкі мектеп. Оқу бөлімінің хатшысы.
Арнайы білімі:
(тіл) және (тіл) тілдерін еркін меңгергенмін.
Компьютерде (компьютерлік бағдарламалар түрі) бағдарламалары бойынша жұмыс тәжірибем бар.
Ісқағаздарының стенограммасын жүргізу курсын бітірдім.
Отбасылық жағдайым: үйленген(бойдақ) (турмыс шықпаган)
24. Публицистикалық стиль.
Жұмыcтың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні қазіргі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ұлттық публицистиканың терең тамырлары айқындалады. Фольклорлық шығармалардағы ауызекі публицистиканың алғашқы үлгілері көрсетіліп, ежелгі жазба ескерткіштері публицистика бастаулары ретінде сараптан өтеді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі публицистика ғылыми жүйеленеді. Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ публицистикасының тақырыптық ауқымы, көркемдік деңгейі, бейнелеуіш құралдары жекелеген публицистер шығармашылығы негізінде ашылады.
Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.
«Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.
35. Бұрыштама (резолюция)
Бұрыштама - мекемеге келіп түскен іс-қағаздарының нұсқауы. бұрышына жазылатын басшының қысқаша
46. Стандарт тілдік бірліктермен сөйлем құраңыз:
Еркін сөйлеймін, жетік білемін, марапатталдым, тұрмыстамын, бойдақпын, әскери қызметке міндетті емеспін
Мен қазақ тілінде еркін сөйлеймін, дәстүрді бәрін болмаса да көпшілігімен таныспын, руымды да, жеті атамды да білемін
Ана тілім - қазақ тілі, орыс тілін жетік білемін.
Құқық тақырыбына қалам тербеп жүрген үздік журналистер марапатталды
Мен 13 жыл тұрмыстамын, түтікшенің жабылуына байланысты сәби сүйе алмадым
Әбіләкім, бұл хабарда бойдақпын деп шығатын қыз-жігіттердің көбі өтірік ойнап шығады.
Мен әскери қызметке міндетті емеспін.
57. Абайдың әкесі Құнанбай туралы не білесіз? Абай мен Құнанбайдың қарым-қатынасы қандай болған? Өз ойыңызды жазыңыз
әкесі Құнанбай жас кезінде «батыр» жігіттің бірі саналып, өсе келе сөз ұстап, ел басқарған адамның бірі болған. 1822 жылғы патша үкіметінің «Сибирь қазақтарына арнап шығарған уставы» бойынша, қазақ даласы округке бөлініп, округтік приказ арқылы билеу тәртібінен кейін Құнанбай Қарқаралы округіне аға сұлтан болып сайланады. Құнанбайдың атын шығаруға бұл жағдайлардың мәні үлкен болды. Өйткені ел билейтін хан, аға сұлтандар бұрын хан-төре нәсілдерінен болып келсе, жоғарғы заң бойынша, ол міндетті төреден болмай-ақ қарадан шыққан мықты феодалдар да атқарып, ел басқаруға жарай беру мүмкіншілігі Құнанбайды аға сұлтан етсе, бұл жай-жапсарды жақсы ұға білмеген көпшілікке Құнанбайды ерекше бағалатады. «Қарадан туып хан, айырдан туып нар болды» деп, өз кезіндегі феодал табының ақындары Құнанбайды ел мадағы етті.
67. Ақиық ақын» тақырыбына сұхбат құрыңыз
78. Р. Мұқанова өмірі, шығармашылығы
1964 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көлденең ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдады. 1987 жылы Орталық мұражайдың Әдебиет және өнер бөлімінде қызмет жасады. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Аударма коллегиясында аға редактор болды. Қазір ҚР Ақпарат министрлігінде жауапты қызметкер.
"Жарық дүние" (1994, "Жалын"), "Дүние кезек" (1997, "Жазушы") әңгімелер жинағы, "Құдірет-Кие" ( 2000, "Сөздік-Словарь") әңгімелері мен драмалық хикаяттары жарық көрді. 2001 жылы Рабғұзидің "Қисса-сүл-Әнбий-я" кітабын алғаш рет қазақ тіліне тәржі-малады.
1996 жылы Қазақтың мемлекетгік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында "Мәңгілік бала бейне" пьесасы қойылды. 1997 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында М. Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесінің желісінде драмалық қойылымы сахналанды.
2001 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қыз жылаған» әңгімесінің желісімен кино түсірді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz