Ішкі саясаттың негізгі бағыттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы бойынша
Республикалық байқау

ҒЫЛЫМИ жұмыс

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖОЛДАУЛАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН-2050 СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ

Алматы 2013 жыл
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Жолдаудың теоретикалық негіздері
1.1 Жолдаудың қалыптасуы мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 8
1.2 Жолдаудың қоғам өмірінде алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2. Қазақстан Республикасы Президенті жолдауЛАРының әлеуметтік аспектілері

2.1 Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары: басты бағдарламалық құжат ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Президент жолдаулары мен Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауындағы әлеуметтік салаға социологиялық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімI ... ... ... ... ... ... ... . ... .57

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылыми жұмыста жолдаудың әлем тарихында пайда болуы мен даму тарихы, оның қоғам өмірінде алатын орны қарастырылады. Сондай-ақ, Президенттің жыл сайынғы жолдауларындағы әлеуметтік мәселелер мен жақында жарияланған Елбасының соңғы жолдауы − Қазақстан-2050 стратегиялық жоспарының әлеуметтік саладағы жеткен жетістіктері мен алдыға қойған мақсат-міндеттемелері және жалпы жолдаудың бағдарламалық құжат ретіндегі маңыздылығы талқыланады.
Жұмыстың өзектілігі. Қай елде де Президент жолдауы, үндеуі немесе алқалы жиындарда сөйлеген сөздері - әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, экономистер, құқықтанушылар үшін зерттеудің нысаны. Өйткені, кез келген ел президентінің сөзі - бір адам - ның жеке ойы, іс-жоспары ғана емес, бүкіл елдің болашаққа бағ - дары, ертеңге үміті мен бүгінге көзқарасы. Келер жылға жүктелген міндеттер мен мақсаттар, өткен жылға жасалған қорытынды мен есеп және бүгінгі күннің жағдайы мен ахуалы - осылардың барлығы жылдың басты құжаты жолдауда орын алады. Ғылыми жұмысыма осы тақырыпты таңдау себебім Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларындағы әлеуметтік аспектілерді саралау.
Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі жыл сайынғы жолдаулардың барша Қазақстандықтарға арналуы, жолдаудың ішінде мемлекет өмірінің барлық аспектілерінің, оның ішінде: әлеуметтік сала, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, индустрия, ішкі және сыртқы саясат және т.б. орын алуы, келер жылға басты бағыттардың айқындалуы және жалпы Елбасының халықтың алдында есеп беруімен тығыз байланысты. Өйткені, жылдың осы басты құжатына қарап, ұстанып отырған саясаттың, даму бағдарының, жасалған жаңа реформалар мен әрқилы бағдарламалардың дұрыстығын тексеруге мүмкіндік аламыз. Өткен жылдар мен келер жылдағы басты көрсеткіштерді салыстыра отырып, болашаққа батыл да басты қадам жасай аламыз. Жолдауды басшылыққа ала, дамыған шетел мемлекеттерінің тәжірибесін пайдалана отырып, өзіміздің жеке даму жоспарымызды құра аламыз.
Жолдау аясында көптеген алға қойған мақсат пен міндеттер орындалады, келер жылға басты басымдықтар мен бағыттар айқындалады. Біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан, үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сол себепті де әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады. Сондықтан, қазіргі қоғам өмірінде жолдаудың орны ерекше. Жыл сайынғы бұл дәстүр Елбасының жүргізетін саясатының ажырамас атрибуты ретінде қалыптасты. Халықтың көптеген көкейкесті мәселелері, мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайы, даму бағыты мен стратегиясы, қоғам тынысы, бір сөзбен айтқанда, мемлекет өмірінің барлық қырлары мен сырлары осы жолдауда көрініс табады. Сондықтан, жолдау әлеуметтану, саясаттану, әлеуметтік жұмыс, экономика, мәдениеттану, философия және заң ғылымдарының өзекті мәселесі болып, жан-жақтан қарастырылуда.
Жолдаулар күнделікті қоғам өмірінде де, ғылыми коференцияларда да қызу талқыланып, газет, журнал беттеріндегі мақалалар, зерттеу жұмыстары мен әрқилы басылымдардан, көгілдір жәшік экранынан да тамашалауға болады. Бұдан бөлек әр қалаларда, аудандарда жергілікті халықпен кездесу және дәрістік оқулар да жүріп жатыр. Мәселен, әр қаланың әділет министрлігі департаментінде Елбасының жолдауда қойған бағыттары мен тапсырмаларын талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастыру дәстүрін атап өтсек болады. Бұқаралық ақпарат құралдары да жылдың басты жаңалығын халыққа барынша кеңінен және қолжетімді насихаттауға тырысады. Сол себепті, жолдау қазіргі кездегі кеңінен талқыланатын және өзекті де өткір тақырыптардың бірі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдаулары мен соңғы Қазақстан-2050 стратегиялық жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді сараптау, оның сандық және сапалық көрсеткіштеріне социологиялық талдау жасау ғылыми жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, жолдаудың қазіргі қоғам өмірінде алатын орнын анықтау да қажеттілік болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- жолдау тарихының теориялық негізін зерттеу;
- әр елде жолдаудың таратылуы мен жүзеге асу ерекшеліктерін қарастыру;
- жыл сайынғы жолдаулардағы және Елбасының соңғы Қазақстан-2050 жолдауындағы әлеуметтік саланың негізгі көрсеткіштерін, олардың өсу динамикасын қарастыру;
- жыл сайынғы жолдауда қай мәселеге басымырақ көңіл бөлінетінін айқындау;
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы және Қазақстан-2050 стратегиясындағы әлеуметтік сала.
Зерттеу пәні. Қоғамдағы әлеуметтік саланы дамыту іс-шараларының жүзеге асыру мезанизмдері және олардың басқа да әлеуметтік институттармен қарым-қатынасы.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Әрбір ғылым теория негізінде пайда болып, тәжірибе жүзінде қолданбалы салаға айналады. Ғылымның адамзат игілігіне жұмыс істеуі қоғамның қарқынды дамуының жаңа белестеріне жетелейді. Көтеріліп отырған мәселе ғылым немесе ғылымның, оқу пәнінің бір саласы болмаса да, өзінің көкейкестілігі жағынан олардан кем болмайды. Дегенмен де әлеуметтану, саясаттану, әлеуметтік жұмыс, экономика, мәдениеттану, құқық және т.б. ғылымдарына тікелей қатысы бар. Өйткені, осы іспеттес ғылымдардың барлығының зерттеу және әсер ету обьектісі - қоғам. Ал біздің Елбасымыздың жыл сайынғы жолдаулары тікелей қоғамның жағдайы мен өмірін жақсартып, гүлдендіруге бағытталған.
Әдеби жанрларда орындалған жолдауларда атақты ақындар Буало, Вольтер, Гюго, Делеваню, Виландо, Гете, Сумароков, Ломоносов, Карамзин, Жуковский, Пушкиндердiң қолтаңбалары бар. Олардың тарихи мәнi туралы, Ресей Федерациясы Конституциясы туралы энциклопедиялық сөздiкте, үлкен кеңес энциклопедиясында, Брокгауз және Ефрон кiшi энциклопедиялық сөздiктерiнде жан-жақты жазылған. Алайда тәуелсiздiк жылдары жарық көрген Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында Жолдау мен оның тарихи мәнi туралы бiр ауыз сөз айтылмапты [13].
Жалпы жолдау жайлы, оның халық өмірімен байланысын Ресей ғалымдарының ішінде Ю.Солозобов, С.Бирюков, В.Ивантер, И.Николаев, М.Ремизов, К.Танаев, М.Г.Делягин, О.А.Бобраков, Г.О.Павловский және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерін атап өтсек болады. Олардың еңбектерінде Ресей Президентінің халыққа жолдауы жайлы талқыланып, жолдаудағы маңызды мәселелерге экономикалық, саяси, социологиялық анализ жасалынған. Сонымен қатар, ресейлік жетекші экономистер, тарихшылар, саясаттанушылар ұжымымен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы жолдауына арналған Стратегический План - 2020: Казахстанский путь к Лидерству атты кітап әзірленді.
Ал Отандық ғалымдардың ішінен жолдауға ғылыми тұрғыда ерекше мән беріп, оның теориялық әдіснамалық негізін тереңдетуге үлесін қосқан М.Тажин, Б.К.Сұлтанов, М.Ж.Жолдасбеков, М.Қасымбеков, Г.Тәңірбергенова, Қ.Қалилаханова, Ғ.Маймақов, З.К.Шаукенова, Л.Т.Қожамқұлова, Б.Имансерікова, Р.Әлімбеков, Б.Т.Жұмағұлов, М.С.Аженов, К.У.Биекенов, Г.С.Әбдірайымова, М.С.Садырова, Г.Нұрымбетова, Ө.Айтбайұлы, Қ.Берентаев, Д.Қыдырбекұлы, Б.Г.Аяған, Қ.А.Жиреншин, Т.А.Ағдарбеков еңбектерінде тұжырымдалып, олар жолдауды жан-жақты зерттеуге көп көңіл аударған. Бұл еңбектер біздің зерттеп отырған мәселеміздің түрлі қырынан ашылуына, оған кешенді талдау жасауға мүмкіндіктер береді және зерттеудің методологиялық негізі ретінде қарастырылады. Аталған ғалымдардың теориялық және практикалық зерттеулерінде жолдаудың күнделікті өмірдегі көріністері, оның жыл сайынғы бір-бірінен айырмашылығы, халыққа таратылу ерекшеліктері, қоғамның жолдауды қабылдауы және хабардар болуы, алға қойылған міндеттер мен тапсырмалардың жүзеге асырылуы және т.б. мәселелерді зерттеуге өз үлестерін қосқан.
Сонымен қатар, аталып өткен ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, автор өз бетінше Елбасының жыл сайынғы жолдауларының өзіндік сарапталған және талданған тұтастай жүйесін құру ұмтылысын білдірді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 57 бет.

І Жолдаудың теоретикалық негіздері

0.1 Жолдаудың қалыптасуы мен даму тарихы
Әлемдегі әрбір елдің басшысының өз хал - қына жолдауы - билік пен саяси мәдениетте қалыптасқан берік дәстүр. Кез-келген елдің қоғамдық өміріндегі маңызды бұл шара жылдың басында немесе аяғында орын алуы мүмкін. Жолдау - бұл өзінің аты да айтып тұрғандай, мемлекеттің жүріп өткен жолына есеп беру және болашақ дамудың жолдарын анықтап бағдарлау. Жолдау - бұл дамудың басты бағыты, келешектің күре жолы. Жол - даудың сөзі - шынайы әрі нақты қажеттіліктерді айқындайтын өмірдің өзі. Жыл сайынғы әр жолдауға сәйкес үкіметтің алдындағы жаңа міндеттер айқындалады. Сон - дықтан да, жыл сайынғы Елбасының жолдауын жұртшылық асыға күтеді. Ал біздің Елбасымыздың жыл сайынғы жолдаулары да тікелей қоғамның жағдайы мен өмірін жақсартып, гүлдендіруге бағытталған. Әр елде жолдаудың бағыты мен басымдықтары, орындалуы мен халыққа таратылуы әртүрлі болып келеді, әрқайсысының айырмашылықтары мен ерекшеліктері болады. Сондықтан, біріншіден, оның тарихына көз жүгірткен жөн.
Ендi әлем елдерiнде жолдау қалай қабылданады, оның тарихи мәнi неде, соған тоқталып өтейiк. Жалпы, әлем халықтарының тарихында ең алғашқы жолдау 1790 жылы жасалған. Халыққа жолдаудың негiзiн салған АҚШ президентi Джордж Вашингтон болатын. Бертiн келе оның халыққа берiлуi де түрлi бағытта дамып отырған. 1923 жылы АҚШ-та жолдау тiкелей радиодан берiлсе, 1974 жылы ол теледидардан тiкелей көрсетiлген. Ал 2002 жылы жолдау халыққа интернет арқылы таратылған. Әлеуметтiк категориялар өзiнiң табиғи процесiнде дамиды деген пайым ұғымында АҚШ қоғамында ол туралы сөз айтылмайтын кезеңдер де болған. 1823 жылы АҚШ президентi Монроның Америка америкалықтар үшiн атты доктринасы америка халқының ұлттық санасын ұйқысынан оятқан. Кейiн оны Вудро Вильсон одан әрi дамытып, 1902 жылы халыққа жолдауында Америка Құрама Штаттары өркендеп, өз iшiнде тұйықтау дәуiрiнен өттi. Ендi оның жаңа кезеңi басталды, бұдан былай әлемге АҚШ қана билiк етедi деген ұран тастаған. Бұл ұранның жүзеге асуын президент Теодор Рузвельт дамыта түскен. Ол өз жолдауында Басқа елдер ғаламдық үстемдiк үшiн жанын қиюға дайын дей келiп, планетаны басқару рөлiне ие болу жолындағы күреске қайрап салған. Осы үндеулер кейiн мемлекеттiң ұлттық идеясына айналып, құрлықта тарихи абсолютизмге негiзделген америкалық ұлтшылдық өршiген. Оның әсерi америкалықтардың ендi ғаламға төрелiк етуi үшiн бұрынғыдан да бiрiге түсуiне ықпал еткен. Өткен ғасырдың орта шенiнен кейiн ғана Америкада әлеуметтiк мәселелерге көңiл бөлiне бастады. Тарихи мәні жағынан Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауын бұрынғы АҚШ Президенттерінің бірі Рузвельттің дәуірлік мәні бар Жаңа бағытымен салыстыруға болады. АҚШ-тың атақты 32-Президенті - Франклин Делано Рузвельттің Жаңа бағыты 1933 жылы Американың Ұлы дағдарыстан шығуы үшін іске асырыла бастаған. Бұл стратегиялық бағдарлама 1930 жылдардағы ауыр дағдарыс уақытында жағдайды жылдам тұрақтандыруға көмектесіп қана қоймады, сондай-ақ Американы кейіннен ірі алпауыт елге айналдыратындай бірнеше он жылға алдын ала даму жолын айқындап кетті. Ең бастысы, Жаңа бағыт АҚШ-та ауқымды орта тапты - заманауи демократия және нарықтық экономика тірегін құрды. Буржуазиялық мемлекеттiк құқықтық нормативте жолдау - Президенттiң ел Парламентiне үндеуi түрiнде айқындалған. Ол - (жолдау) Парламенттiң үкiметтiк саясаты туралы хабарламасы ретiнде де қарастырылған. Бұл тәжiрибе Президент бiр мезгiлде Үкiмет төрағасы болып табылатын Президенттiк Республикаларға да тән.
Жолдау орындалуына қарай, бiрнеше әдеби жанрларға да бөлiнген. Ол - өлең түрiнде, түрлi салтанатты басқосуларда ұран түрiнде де, философиялық ойлау тақырыбында да жазылған. Сатиралық тақпақ және картина түрiнде де орындалған. Жолдаудың өлең формасындағы түрi ежелгi Александрия дәуiрiндегi гекзаметр (антикалық) сарынында орындалса, Гораций құрған поэзия мен проза жанрындағы жолдау - әңгiмелесу түрiнде болған. Әсiресе, Франция қоғамында қалыптасқан жолдау дүниежүзiнде көп қолданысқа ие болған.
Дербес ел атанып, тізгінімізді қолға алған соң, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын дәстүрлі Халыққа жолдауларын ұсынып келеді. Демократиялық принциптерге бет бұрған тәуелсіз елдің басшысы ретінде осы халықтың сенімі мен тілегін, арманы мен мақсатын тоқайластырып, сол үдеден шығу жолына күш салған көшбасшының алғашқы жолдауы 1996 жылдың қазан айында елге жетті. Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы анықтап көрсеткен бұл жолдаудың құндылығы алғашқылығында емес еді. Ол мезгіл нарықтық қатынастың ел өмірін шырмауықтай шырмап, бүріп бара жатқан кезі болатын. Халықтың абдырап, күнкөріс қамының қиындай түскен кезінде жолданған жолдау ел көкірегіне ертеңге деген сенім ұялатып, Елбасының алға қойған мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік тудыратынына айрықша назар аударған сәт еді бұл. Ал 1997 жылдың қазан айындағы Президенттің Қазақстан халқына жолдауын мемлекеттің ұзақ мерзімдік мақсатын айқындаған ерекше жолдау деуге болады. Мұнда мемлекет басшысы Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасын ұсынып, оны орындау жолындағы түрлі қағидалар бекітіліп, саяси һәм әлеуметтік сатылардың негізгі жүлгесі айшықталып, ел өмірінің өткені мен бүгінін болашақпен ұштастыруға негіз қаланған ауқымды жоба ретінде ел өміріне бетбұрыс жасады. Содан бергі әр реткі жолдаудың негізгі өзегінде осы болашақтық ұлттық жобаны іске асыру барысы қадағаланып келеді. Одан бері де оқтай зулап 15 жыл өте шығыпты. Бір сәт сол күнге көз жүгіртер болсақ, бүгінгі жетістігімізге шүкіршілік айтар едік, өйткені бұл ұлттық бастаманы ертекке балап, балақтан тартушылар ол кезде көп болғанын қалай ұмыталық. Бұл жолдау 2030 жылға дейінгі басып өтер жолымыздың басты маңыз-мәнін түсіндіріп, халық жүрегіндегі Тәуелсіздік түсінігін ұзақ болашаққа қарай жетелеуге ықпал етіп қана қойған жоқ, совхоз бен колхоз тарап, ел есеңгіреген шақтағы уақыттың тынысын дәл сезініп, халықты төзімділікке, сенім мен түсіністікке бастады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларының зор маңызы бар. Оларда қоғамдық қол жеткізген жетістіктер туралы ғана ақпараттандырып қоймайды, ең бастысы дамудың аталмыш кезеңінде еліміздің алдында тұрған негізгі стратегиялық міндеттерді анықтайды.
Елбасы жолдаулары Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерінен туындайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы түгелімен Елбасының құзыретіне арналған. Осы баптағы Елбасының құзыреттік өкілеттіктері 17 тармаққа топталған.
Көптеген тармақтарды ондаған тармақшаларға бөлуге болады. Осы 44-баптың 1-ші тармағында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды деп жазылған. Егер осы 1-ші тармақты талдасақ, онда мынадай қорытындылар жасауға болады:
Бірінші. Жолдау Елбасының құзыреттік өкілеттіктерінің ішіндегі ең біріншісі болып тұр. Сондықтан да ол Елбасының өкілеттіктерінің ішіндегі ең бастысы және ең маңыздысы.
Екінші. Жолдау Қазақстан халқына арналады. Себебі, Конституцияның 3-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы - халық. Халық мемлекеттің негізгі байлығы ғана емес, мемлекетті жасаушы да. Ал халық миллиондаған жеке адамдардан тұрады. Конституцияда мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтар (1-бап, 1-тармақ) деп анықталған. Сондықтан жолдаудың Қазақстан халқына, сол арқылы әрбір адамға арналуы табиғи кұбылыс.
Үшінші. Конституцияда жолдаудың мынадай үш бағыттағы сипаты анықталған:
Елдегі жағдайға талдау жасау;
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары;
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары.
Елбасының Қазақстан - 2030 стратегиясынан бастап, жыл сайынғы жолдауларының барлығы да елдегі жағдайды талдаудың терең теориялық, әдіснамалық және практикалық үлгісі болып табылады. Елбасының елдегі жағдайға берген бағалары мен сындары дәл және нақты болып келеді. Елдегі жағдай деп сол жолдау жарияланып отырған кезеңдегі, сол уақыт кеңістігіндегі жағдайды және соған дейінгі тарихи жағдайды айтамыз.
Осылардың бәрі де жолдаулардың маңызы аса зор құжат екендігін айқындап береді.
Төртінші. Конституцияда жолдау жыл сайын жарияланады деп көрсетілген. 1997 мен 2003 жылдардың арасындағы жолдаулар дәстүрлі түрде күздің ортасына таман немесе жылдың соңына қарай жарияланып жүрді. 2004 жылдан бастап, жолдаулар жылдың басында, атап айтқанда, ақпан-наурыз айларында жарияланып келеді. Бұлай ету - бюджетті жоспарлау мен жалпы мемлекеттік жұмыстарды оңтайлы жүргізу мақсатында болса керек.
2004 жылға дейін жолдаулар нақты жылдың ішкі және сыртқы саясатының негізгі багыттары деген ортақ атаумен аталып келді. 2004 жылдан бастап әрбір жолдау белгілі бір нақты атаумен аталып, сол атауда көрсетілген мәселе жалпы мәселелердің ішінде дараланып көрсетіліп тұратын болды. Бұны байқау үшін жолдаулардың атына назар аударудың өзі жеткілікті.
Бесінші. Жолдаулар конституциялық-қүқықтық құжат. Себебі олар тікелей Конституциядан туындайды. Сондықтан да жолдаулардың Конституциялық сипаттағы жоғарғы саяси-құқықтық күші бар. Жолдаудағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу - бүкіл мемлекеттік органдардың, бүкіл халықтың міндеті болып табылады. Жолдау - жоғарғы саяси потенциалы бар құжат. Жолдауда Конституцияны, сол арқылы мемлекеттік және қоғамдық кұрылысты қайта жаңғырту (реформалау), жетілдіру мәселелері көтеріліп, содан кейін барып олар құкықтық сипатқа ие болады немесе заңдар қабылдау арқылы жүзеге асады. Оның дәлелі Конституциялық реформалар, президенттік-парламенттік республикаға бетбұрыс жасау, демократияны, адам құқықтары мен бостандықтарын кеңейту.
Қазақстан - 2030 стратегиясы да Елбасының халыққа жолдауы түрінде жарияланды. Сондықтан да Қазақстан - 2030 стратегиясы ең басты жолдау болып табылады деп айта аламыз. Ал Елбасының жыл сайынғы жолдаулары осы үлкен стратегияны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған деуге болады.

1.2 Жолдаудың қоғам өмірінде алатын орны
"Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы - еліміздің халқы және барлық дәрежедегі мемлекеттік органдар үшін күнделікті және тұрақты іс-қимыл мен белсенді әрекеттің де бағдарламасы болып қала береді. Бүгінгі күнде осы бағдарламаны жүзеге асырудан өзге келелі міндеттер жоқ. Сондай-ақ Елбасы жолдауының маңызы мен мәнін, оның ерекшеліктерін зерттеп, оқып үйрену де тұрақты жалғаса беретін болады деп есептеймін. Елбасымыз өз жолдауында ең алдымен ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қадамдарды қарастырды.
Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа (1998) жолдауы - бүгінгі сөз бостандығы, демократиялық ұстындар мен ішкі-сыртқы саясаттағы ілкімді жетістіктердің түптағаны болғанын;
Елдің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі (1999) болса, өткен он жылдағы шыққан биігіміздің өзегін құрағанын;
Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам (2000) халқымыздың бойындағы ізгілік пен достықты, төзімділік пен түсіністікті, салауатты өмірді қалыптастыру үшін;
Елдегі жағдай және 2002 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы (2001) еңсе көтеріп, етек жая бастаған ел экономикасының даму үрдісін паш етіп, көрші елдермен шекараны нықтауға, өзге этностармен қарым-қатынасты қоюлатуға, көп векторлы сыртқы саясатты жетілдіруге, ауылды көтеруге бағытталғанын;
Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға негізгі бағыттары туралы (2002) - халықтың түсіністік шеңберінде ел болашағына нық қадам басып, нарықтық қатынастар мен базар шаруашылығын игеруге ұмтылыс жасауға арналғанын;
Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға негізгі бағыттары (2003) ауылды жерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді, зейнеткерлер мен студенттерді қолдау, білім, денсаулық саласын жаңа бағыттарға жүйелеу қарастырылса;
Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт (2004) - экономикамен бірге елдің руханиятын, мәдениетін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды, сол арқылы ұлттық ұстындарды бәсекелес кеңістікке алып шығуды көздесе;
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында (2005) - шикізатты тауарға айналдырып, экономиканы модернизациялауға үндегенін;
Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында! Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы (2006) - даму мен дамытудың аражігін ажыратып, халықты, мемлекетті шын мәніндегі дамыған елдердің көшіне ілестіру ұстаным болды.
Ал Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан (2007) - Қазақстанды жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары мен ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағытын бекемдесе;
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты (2008) - өткеннен өнеге алып, жинақтаған тәжірибені елдің әл-ауқатын, тұрмысын одан әрі жақсартуға негіз салды.
Дағдарыстан - дамуға (2009) - бүкіл әлемді шарпыған қаржылық дағдарыстың салдарларын еңсеріп, одан үлгі-өнеге алып, халықты осы тығырықтан шығару жолын нұсқады. Мұнда үнемшілдік пен сауаттылық, бейімделгіштік пен парасаттылық болғанда ғана дағдарысты жеңуге болатындығы, әуелі бұл дағдарыстан үйренеріміз көп болатындығы ашық айтылды. Міне, сонда қолға алынған Жол картасы секілді ірі жобалар дағдарыспен күресуде септескен бірегей шешім болғандығын бүгінгі уақыт көрсетіп отыр. Қазақстан Президентiнiң Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттiк саясаттың басты мақсаты және Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға атты жолдаулары қазақстандықтарды ортақ бiрлiкке жұмылдыруда идеялық маңызы зор болды.
Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері (2010) - Қазақстан - 2030 бағдарламасының екінші онжылдық көлемінде еңсерер жетістіктерін айқындаған. 2020 жылға дейінгі міндеттер мен ұстындар кең көлемде кесіп-пішіліп, елді индустрияландыру, инновациялық жобаларды дамыту баяндалған болатын. Содан бері бұл салада айтарлықтай нәтижеге де жетіп үлгердік. Оған іске қосылған зауыт-фабрикалар, жаңа нысандар, энергетикалық құрылымдар, ашылып жатқан жұмыс орындары куә.
Болашақтың іргесін бірге қалайық (2011) - кемел келешегіміздің жарқын аяқ алысын, алдағы бағыт-бағдарымыздың нақты белгісін айқындауға бағытталған. Лейтмотиві мемлекеттің әлеуметтік саласын жаңғырту болды. Елге баян етілген биылғы жолдау бір жылдың емес, он жылдың аса ауқымды бағыт-бағдарын белгілеп берді. Басты назарға алынған мәселе - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту.
Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты (2012) - еліміздің 1997 жылдан қазіргі күнге дейінгі жеткен жетістіктерін қамтып, Қазақстан-2030 жолдауының жалғасы ретінде мемлекеттік билік орындарының жаңа міндеттерін айқындады. Ондай міндеттер еліміздің: әлеуметтік, саяси, экономикалық, білім, ұлт мәселесі, сыртқы саясат және демократия сияқты бірнеше бағыттарды қамтып отыр. Елбасымыздың кезекті бұл жолдауында іргесі қаланып, әлемге енді танылып келе жатқан елімізді 2050 жылы жалпыға ортақ еңбек қоғамы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат етеді.
Жолдауда мемлекетіміздің, халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі барлық салалары мен аспектілері орын табады. Қазіргі өзекті мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Жолдаулар арқылы әр мәселеге байланысты қысқа немесе ұзақ мерзімді жоспарлар мен міндеттер қойылады. Туындаған әр проблемаға мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетіліп, халықты қолдау бағдарламалары жасалады.
Еліміздегі кедейлік деңгейінің дәйекті түрде төмендеу үрдісіне қарамастан, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы балалардың үлесі әлі де жоғары - 62,6%. Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2005 жылғы 28 маусымда Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталмыш заңға сәйкес бала тууына байланысты (2003 жылдан бастап) берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақымен қатар Заң бойынша қосымша жәрдемақының жаңа екі түрі енгізілді.
- отбасының табысы ескерілмей 3 АЕК-тен 4,5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде төленетін, бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі (2006 жылғы 1 шілдеден бастап) жәрдемақы;
- және 18 жасқа дейінгі балаларға 1 АЕК мөлшерінде (үстіміздегі жылғы 1 қаңтардан бастап төленеді) төленетін жәрдемақы. Бұл жәрдемақыны тағайындау критерийі азық-түлік себетінің құнынан төмен табыс - ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 % болып табылады. Бұл ретте, балаларға арналған жәрдемақы алатын отбасы аз қамтылғандар санатынан шықпаса оған қосымша атаулы әлеуметтік көмек төленеді.
Балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау жасау саласындағы заңдардың іске асырылуына жасалған мониторинг жергілікті атқарушы органдар жұмысында мынадай:
- отбасының жиынтық табысын анықтау;
- бюджеттік қаражатты қалдықты принциппен қаржыландыру, тиімсіз жоспарлау және пайдалану;
- аудандық бөлімдер жұмысының жеткіліксіз деңгейде ұйымдастырылуы, ақпараттық жұмыстың нашар болу мәселелерінде бірқатар кемшіліктер анықтады.
Кемтар азаматтарға қатысты жүргізілетін мемлекеттік саясат оларға өзге азаматтармен бірдей қоғамның өміріне қатысуға тең мүмкіншіліктер туғызу, конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мақсатта 2005 жылы мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіруді, әлеуметтік қолдауды күшейтуді және тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңа Заң қабылданды, 2006 жылы 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы бекітілді.
Тағы да маңызды мәселелердің бірі - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау саласындағы заңдарды іске асыру. 2006 жылдан бастап 1949 жылдан бастап 1990 жылға дейін төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аумақтарында тұрып жатқан және тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қайта басталады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың алдында Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, бұрын өтемақы алған адамдардың деректер қорын жаңғырту, азаматтарға өтемақыны қайта төлеу фактілеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау бойынша жұмысты қамтамасыз ету міндеттері қойылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігінің пилоттық жобасы бойынша (атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде және т.б.) әлеуметтік қызмет стандарттарын өндеу және енгізу жұмыстары жалғастырылады.
Жағдайы төмен азаматтарды тұрғын үй көмегімен толык қамту мақсатында көмек тағайындалатын кезде отбасының есептелетін кірісін 20 пайыздан 10 пайызға азайту туралы мәселе қарастырылады. Жыл бойына тұрғылықты тұратын жері жоқ азаматтарды Бейімдеу және оңалту орталығының жедел көмек көрсету нүктелерінің ашылуы жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыстың нәтижелері әр жанға сенім ұялатады, дегенмен де осы іске жұмылғандар алдағы жылдарға келесідей міндеттер қойып отыр:
- кедейлік мониторингінде және халықтың әлеуметтік осал санаттарының жеке қажеттіліктерін анықтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын және Үкіметтің әлеуметтік саясатын мынадай мәселелер бойынша: аз қамтамасыз етілген халықтың, объективті себептермен өзін дербес қамтамасыз ете алмайтын санатына материалдық көмек көрсету;
- аз қамтамасыз етілген халықтың еңбек етуге қабілетті бөлігі үшін біліктілікті арттыру, қайта оқыту және өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету негізінде кедейлік шеңберінен белсенді шығу мүмкіндіктерін кеңейту іске асыру үшін нақты жағдайлар жасауды мақұлдады [31].
Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауларындағы көзделген ең басты мақсат - халықтың тұрмысын, әлеуметтік жағдайын көтеру болса, оны жүзеге асыруға мемлекет қаржы аяған емес. Нәтижесінде әлеуметтік салаға бөлінген қаржы жылдан-жылға артып келеді. Зейнетақы, жалақы, жәрдемақы мөлшерін кезең-кезеңмен өсіру, тұрмысы төмен отбасылары мен көп балалы аналарды қолдау тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Халықтың өмір сүру деңгейінің әлеуетін және шынайы қорын анықтауда экономикалық белсенділік маңызды фактор.
Сонымен қатар елімізде ана мен бала денсаулығына деген қамқорлық күшейіп келеді. Мысалы, осы жыл басынан бастап 315 мың әйел бала туылуына байланысты 34 740 теңгені құрайтын бірреттік жәрдемақы алды және де бала бір жасқа толғанша төленетін әр ай сайынғы жәрдемақының мөлшері де өсіп келеді. 2008 жылы 1-қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен еңбек етуші әйелдердің жүктілігін, босануы мен бала қарау мерзімін міндетті түрдегі әлеуметтік сақтандыру шарасы енгізілді. Осымен бірге, әйелдің демалыста болғанына қарамастан оның зейнетақы қорына аударымдар жүріп отырады. Міне, ана мен бала өміріне деген дәл осындай әлеуметтік саясат еліміздегі демографиялық жағдайының жақсаруына да мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда сонымен бірге қоғамның әлеуметтік төменгі тап өкілдеріне арнайы жәрдемақы төленуде. 2008 жылы 400 мың мүгедек үшін 52,7 миллиард және қосымша көмектер үшін 11 миллиард теңгені құрайтын қаржы республикалық бюджеттен бөлінді. Республикамызда лайықты кәрілікті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қалыптасуда. Еліміздегі Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектігіне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалып, олардың емделуі мен демалуына арналған ақысыз санаторий, курорттар еліміздің барлық аймақтарында ашылған. Мүгедектер мен жетім балаларды қорғау мақсатында оларды жоғарғы оқу орындарына қабылдауда арнайы квота белгіленді. Оқу ағарту саласын дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жағдайы нашар жанұялардан шыккан балалардың 30 пайызын балабақшаларға, ал бес жасар балалардың 75 пайызын дайындық сыныптарына тарту көзделінген. Жас ұрпаққа берілетін білімнің сапасының артуы үшін оқу-ағарту мекемелерінің материалдық-техникалык жағдайын жаксарту, лингафондық және компьютерлік класстармен жабдықтау, нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізу мен ол мекемелерде қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру мәселесі де қарастырылған
Қазакстанның әлемдік 50 көшбасшы мемлекеттер қатарына ену жолындағы шешетін негізгі стратегиялық мәселелерінің бірі - ол өз халқының даму деңгейін әлемнің алдыңғы катарлы мемлекеттер деңгейіне жеткізу мәселесі болып отыр. Республика Президенті өзінің 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстанның әлемнің бәсекелестікке барынша қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясы атты жолдауында адам потенциалын дамыту, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мен денсаулық сактау, оқу-білім, жұмыс ресурстарын дамыту және де әлеуметтік қамтамасыз етуді нарықтық экономикаға қатысты бейімдеу мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап көрсеткен.
Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев: Біз өзіміздің жоспарымызда мұндай көрсеткішке тек 2015 жылы ғана жетеміз деп ойладық. Әлем тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өзінің тәуелсіздігінің алғашқы 20 жылында еш мемлекет мұндай жетістіктерге жеткен емес - деп айтып кетті. Шынына келсек, расында да сол кезеңде халық табысы тез қарқынмен өсіп отырды. Халықаралық валюта қорының (МВФ) сарапшыларының болжамдарына сүйенсек, Қазақстан мұндай нәтижелерге тек 2020 жылдың бірінші жартысында жетуі тиіс еді.
Жолдауда әлеуметтік салаға ерекше назар аударылған. Әлеуметтік салада аса қомақты жетістіктерге қол жетті және алға қойған мақсаттар одан да ауқымды. Әлеуметтік саладағы жұмыстар мына бағыттарда жүреді:
ана мен балаға қамқорлық;
жалақының өсуі;
зейнетақының өсуі;
жәрдемақылардың, атаулы әлеуметтік төлемдердің өсуі;
студенттер шәкіртақысының өсуі;
денсаулық сақтауға көңіл бөлу;
тұрғын үй құрылысының артуы;
білім мен ғылымға деген қаржының артуы.
Осының бәрі де Жолдаудың әлеуметтік бөлігін құрайды.

2. Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының әлеуметтік аспектілері
2.1 Қазақстан Республикасы Президенті жолдаулары: басты бағдарламалық құжат ретінде
Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасы Ата Заңында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсеткен [43]. Қай заманда болсын адамзат баласы келер күннің жақсылығына сенім артқан. Сондықтан, оның негізгі ісі мен бар күш-жігері ертеңгі болашақты орнатуға арналып жатады. Демек, келешегін ойлау, ертеңімен күн кешу - адамзаттың маңдайына жазылған асыл қасиет. Ал адам баласының түсінігінде ертең сөзінің ауқымы өте кең. Яғни, онда адамның жеке тағдырымен бірге ұрпағының келешегі, ел-жұртының болашағы қамтылып жатады. Ал осы бір қарапайым адами қасиетті тұтас ұлтының тағдыры, елдің болашағы секілді биік тұғырға қондыру негізінен ұлт көсемдерінің қолынан ғана келетін іс.
Елдігіміздің келбетін айқындайтын бас құжат ретінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын атауымызға болады. Бүгінде осы тарихи құжаттың өмірге келгеніне 14 жыл толып отыр. Бұны Республикамыздың саяси және әлеуметтік өміріндегі айтулы оқиға деп атап өтудің толық қисыны бар. Себебі, бұл "Сол заманда еңсемізді толып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемалар басып, қолымызда егеменді даму мен либералды реформалардың азын-аулақ алғашқы тәжірибесі ғана болған..." қысылшаң тұста қабылданған стратегиялық маңызы зор бірден-бір құжат болатын. Елбасының, бұл орайда аса көрегендікпен, батыл қадамға бара білгендігі туралы қазір көп айтылып жүр. Елбасы Қазақстан халқына 1997 жылы алғашқы жолдауында жас, азат еліміздің 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жариялады. Сөйтіп, экономикалық тығырыққа тіреліп, ертеңімізді сол күндердің көрінісмен бағдарлап, дағдарыста тұрған халыққа елдің болашақтағы бітім-бейнесін айқындап берді. Сол күннен бастап жалпақ қоғам тәуелсіз Қазақстанның қандай қоғам орнатқысы келетінін, ел дамуының шырқау биігі қандай болатындығын анық білуге, айқын түсінуге мүмкіндік алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы жарияланғаннан кейін ел тұрғындарының ертеңге деген сенімі мен үміті нығая түсті. Ел сенімі мен халық үмітінің артуы қз кезегінде экономикамыздың дамуын жеделдетумен бірге, қазақстандық патриотизмді де күшейтті. Бүгінде аймақтағы көшбасшы елге айналып, Елбасымыз Қазақстан халқының алдына "бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру" міндетін қойып отырса, ол межеден тым алыс жатпағанымыздың көрінісі. Әрине, бұл жетістіктерімізді Нұрсұлтан Әбішұлының "Қазақстан - 2030" Стратегиялық бағдарламасынан бөле қарауға болмайды. Содан бері Президенттің халыққа жолдауы дәстүрлі түрде арналып келе жатқанымен, оның бәрі "Қазақстан - 2030" Стратегиялық бағдарламаны жүзеге асырудың кезеңдік міндеттері болып табылады. Ел үмітін жасытпай, ертеңге деген сенімінің нығаюына демеу болған тағы бір көрініс - жолдауда алға қойылған сол міндеттердің әркез орындалып отыратындығы. Көптеген стартегиялық мәселелерге бұрыннан ерекше көңіл бөліп келе жатқан мемлекет басшысы, әр жолы да халықтың әл-ауқатын жақсартудың шараларын белгілеп отырады. Атап айтқанда, халықтың қамқорлыққа мұқтаж әлжуаз табын әлеуметтік қамсыздандыру арқылы қорғау.
Ұзақ мерзімді дамудың сара жолын айқындап берген "Қазақстан - 2030" бағдарламасында ғұлама Сенеканың "қай портқа бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды" деген нақыл сөзі келтірілген. Осы ойды сабақтай түссек, даму мұхитында Қазақстан кемесінің қайрандап қалмай, қарымды жүзіп келе жатуындағы құнды құпиялары да осы мақсатты межелер маңыздылығымен астарласып жатса керек. Әр жыл сайын қар көбесі сөгіліп, алтын күрек соғар тұста ел халқының Елбасының жыл сайынғы жолдауын тағатсыздана күтетіні бар. Елбасының жыл сайынғы жолдауларының өн бойына елдің одан әрі өсіп-өркендеуі мен халықтың келешектегі әлеуметтік өмірінің бағыт-бағдары нақтылықпен енгізіліп келеді. Егер де ұлттық экономика мен саясаттың, әлеуметтік жүйенің жарқын болашақтағы жаңару әлеуеті тұтасымен "Қазақстан - 2030" бағдарламасында айқындалған деп есептесек, Президенттің жыл сайынғы жолдауларын сол әлеуеттерді кезең-кезеңімен игерудің қуатты құралы, құнды құжаты деп бағалаған жөн. Сондықтан да, жолдау ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асырудың тактикасы іспетті. Бұл ойды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз" - деген сөзімен түйіндесек, зерделеген жанға ұғынықты болар.
Сонымен, 1997 жылдың қазан айында Елбасының биік мінберден айтылған алғашқы жолдауынан бергі он төрт жыл ішінде халыққа жыл сайын ұсынылып келе жатқан саяси мәні аса зор саяси құжаттар тізбегі мемлекет пен қоғам дамуының кезең-кезеңдік нақты бағыттарын дәйектілікпен жүйелеп келеді.
Айталық, еліміздің тәуелсіздіктен кейінгі даму жолын саралағанда, 1991-1995 жылдар Кеңестік жүйені бұзып, мемлекеттің негіздерін құрумен айналысқан уақыт деп бағаланса, 1996-2000 жылдар экономика мен саяси жүйенің терең құрылымдық өзгерістерін іске асырумен байланыстырылады, ал үшінші кезең, яғни, 2001-2006 жылдар - экономикалық өсу уақыты деп кестеленіп жүр. Соған сәйкес, ұзақ мерзімді стратегиямыздың барынша табысбы орындалып, ал бірқатар бағыттарда, тіпті алға озып кетуіне нақты міндеттер арқылы өрілетін жолдаулар кең жол ашты деуге болады.
Қазақстан басшысының жолдауларының маңызды тұстарының тағы бірі - халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың бағдарлық құжаты болып қана қоймай, отандастарымызды жаһандық өлшемдегі бәсекелестік қабілеттерін шыңдауға серпін беретін идеологиялық мәні мен мазмұндылығында дер едік. Қазақстандықтар әлемдік бәсекелестіктің күрделі және ауыр үдерісінде табыстарға жету үшін халқымызға тән күшті рухын, денсаулығы мен білімін әлемге көрсетуге қабілетті ме? Президент осыдан 2005 жылғы жолдауында нақ осындай сауал тастай отырып, оның дәйекті жауаптарын алға тартты. Ал мемлекет басшысы 2006 жылғы жолдауында еліміздің қол жеткізген табыстарына иек арта отырып, таяудағы ондаған жылдардың ішінде алдымызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру жөнінде өршіл міндет қойып, дамудың жеті басым бағытын атап көрсетті. Жаңару мен жаңғыру жолын таңдаған Қазақстан халқына әр жылғы жолдау өсу мен өрлеудің басым бағыттарын нұсқап, тәуелсіздіктің жасампаз істерін жалғастыра беретініне сенім мол. [5].
Елбасының жолдауларындағы әлеуметтік блок аса маңызды мағынасы болып табылады. Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай көмеккке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер. Бұл жерде бастысы, қазақстандықтардың әл-ауқатын жаксартуына кажетті жағдайлар жасау, маңызды және түсінікті өмір принциптерін іске асыру, соның ішінде басты орын -- отбасын камтамасыз ету болып табылады.

2.2 Президент жолдаулары мен Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауындағы әлеуметтік салаға социологиялық талдау

Елдегi жағдай және 2002 жылғы iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы (2001)
Қазақстанның мемлекеттiк құрылымы мемлекеттiк билiктiң бiрлiгi және оның заңдылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiнiң демократиялық қағидатына сүйенедi. Елдi басқарудың президенттiк формасының орныққаны билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiнiң кепiлi болып отыр. Мұндай мемлекеттiк құрылымды өзгертуге ешқандай негiз жоқ. Мықты атқарушылық билiк қоғамдағы тұрақтылықтың негiзi және экономикалық реформалардың табысты болуының басты факторларының бiрiне айналды, бұл орайда Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында көшбасшы ретiнде көрiнуде. Мұны халықаралық сарапшылар мойындап отыр.
Әлеуметтік сала. Жолдаудағы басымдық саяси мәселеге берілсе де, әлеуметтік мәселе сыртта қалып қойған жоқ. Өркен жая түскен экономика әлеуметтiк мiндеттердi де ойдағыдай шешуге мүмкiндiк беруде. Кейiнгi екi жылдың iшiнде ғана халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақша кiрiсi 30%-ға, нақты кiрiсi 12%-ға жуық артты. Барлық әлеуметтiк жәрдемақы мен зейнетақы, бюджет ұйымдарындағы жалақы уақтылы төленiп келедi. Жұмыс орындарының саны артып келедi. Экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындардың еңбекке тартылуы 90,2%-ға жеттi. Тек iрi және орта кәсiпорындарда жұмыс iстейтiн адамдардың саны 6,1%-ға көбейдi. Адамдарға жаңа жұмыс орындарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы (1997-2011 жыл)
ҚР президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Экономикалық саясаттың қалыптасуы
Қазақстан экономикасындағы фискалдық саясат
Қазақстан аймағының әлеуметтік - экономикалық мәселелері
Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері
Пәндер