Хұндар айбынды жауынгерлер


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Зерттеу жұмысында қазіргі тарихнамада көшпелі саяси құрылымның сабақтастығы мен трансформациясы жан-жақты зерттеліп, кешенді түрде талданылады.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендігін алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өзінің жиырма төрт жылдығын атап отырған уақытта қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихи санасының қалыптасуы заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен және мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылығы едәуір артып отыр. Қазіргі уақытта қазақ халқы ұлттық жаңғыруға, егемен мемлекет ретінде қалыптасуға бағыт ұстап отырған шақта тарихымызды қайта ой елегінен өткізу арқылы жан-жақты зерделеу және Отанымыздың өзіндік төл тарихын зерттеу негізгі мәселелер қатарында екені белгілі.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап белгілі отандық тарихшылар бұрын зерттелмеген айтуға тыйым салынған көкейкесті мәселелерді көтеріп, халқымыздың әлі де өз деңгейінде жан-жақты зерттеліп, ұлттық тұрғыда тиісті бағасын алмаған маңызды мәселелерді талқылады.
XVII ғ. аяғы - XVIII ғ. басында Қазақ халқының Ресейдің отарлауына душар болып едәуір саяси, экономикалық және рухани дағдарыстарды басынан кешірді. Қазақ даласында хандық жүйені жою арқылы тәуелсіздігіне тоқтау қойылды. Әсіресе, XX ғ. бірінші жартысында тоталитарлық кеңес үкіметі жылдары төл тарихын зерттеу мүмкіндігінен айрып, тілі, салты мен ата-дәстүрін ұмыт қалдырту арқылы мәңгі отарлықты көздеген Мәскеу қазақ зиялылары мен әлауқаттыларын репрессиялар мен қудалаулға ұшыратып, елі емес, жеріне қызыққан большевиктік саясат бүкіл қазақ халқын геноцидке ұшыратуы оның тарихындағы теңдесі жоқ үлкен қасіретті кезеңдердің бірі болып тарихқа жазылды. Осы жылдары халқымыздың жартысына жуығы қырылып, қалғаны жаппай орыстандыру саясатын бастан кешіріп, рухани тоқыраулыққа әкеліп соқтырса, екінші жағынан тарихымызды бұрмалау арқылы ұлттық сананың орнына «интернационализм», «халықтар достығын» бүркемеленіп құлдық сананы енгізуінің зардаптарының ауырлығы бүгінгі таңда едәуір сезілуде. Осыншама қасіретті көрген халық үшін тәуелсіздіктің орны мен мазмұны ерекше биік. Отарлық пен тоталитаризм жүйесі тарихымызды шынайылық тұрғысынан зерттеу ісінде төл зерттеушілерімізге жол бермеумен қоса, өзінің отарлық саясатына сәйкес оны барынша бұрмалап және сол бұрмаланған күйінде ғылыми айналымға енгізуі бүгінгі таңдағы халқымыздың басына түскен ең үлкен рухани зардаптарының бірі болып табылады.
Қазақ тарихы бір кезде әрбір өркениет тарихына қарай құлшына жүйіткіген отырықшы саналылардың зеріккенде шығаратын ойыншығы іспетті болды. Егер бетбұрыс болмағанда Орта азия түземіндегі сахара сахынасына қойылған державалық драмалар өзінің трагедиялық көріністерін немен тәмамдайтыны белгілі еді.
Осы кесапатты жағдаяттардан кейін тарихта анықталмаған кейбір мәселелерге жауап іздеуге тура келді. Сондай мәселелердің біріқазіргі тарихнамада көшпелі саяси құрылымның сабақтастығы ментрансформациясы болып отыр.
Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігіміз бен мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса, әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатынастарының қандай деңгей мен сапада болуы белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік қоғамдық және ұлттық-танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі қазіргі тарихнамада көшпелі саяси құрылымның сабақтастығы арқылы ашып көрсетудегі маңызы өте зор.
Осыған қарамастан бұл мәселенің әліде толық шешілмеген тұстары баршылық. Мәселен, қазіргі тарихнамада көшпелі саяси құрылымның сабақтастығы туралы мағұлматтар болғанымен, әліде толық әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді деп есептйміз. Сонан да болар, көшпенділер тарихы көршілерінің шежірелеріне түскенде керісінше солардың мүдделеріне, көз қарастарына орай әдейі бұрмаланып, керісінше жазылып жүрді. Мұндай бұратана халықтың тарихын бұрмалаушылықты ескере отырып, керектісін керексізінен, ақиқатты ауытқушылықтан екшеп алу-зерттеушілердің зердесінде әрдайым сақталуы ләзім.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты қазіргі тарихнамада көшпелі саяси құрылымның сабақтастығы жан-жақты талдау жасап, обьективті баға беру.
Алға қойылған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-Тарихи зерттеулерде әскери -саяси жүйенің ұйымдасу принциптері және ерекшеліктеріне шолу:
-Көшпелілердің әскери өнері және саяси құрылымының сабақтастығы және байланысына обьективті баға беру:
-Көшпелі қоғамдардың әлеуметтік стратификациясы мен саяси ұйымдастыру мәселелерін жан-жанқты зерттеу:
-Көшпелі қоғамында саяси-әлеуметтік өзгерістерін зерттеудің бағыттары мен үрдістері кешенді түрде талдау:
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Көшпелілердің ұзақ тарихын анықтайтын әртүрлі тілде жазылған тарихи деректер баршылық. Солардың бірі қытайдың деректері болып табылады. Өйткені Қытай байырғы өркениетті мемлекеттердің бірі болғандықтан, оның жазу мәдениеті ерте дамыған және жазба дерек көздері жүйелі түрде сақталған. Қытайдың ресми жылнамалық хронологиялық деректерінде және бейресми жазбаларында мәліметтер көптеп кездеседі. Бірінші, қытайдың ресми және бейресми дерек көздері. Екінші қытайда сақталған соғды, түркі, ұйғыр жазбалары. Үшінші археологиялық материялдар. Сонмен қатар жылнамалар мен тарихи деректер қатарын толықтыратын деректер тобына ауыз әдебиеті мен аңыз әңгімелер жатады.
Көптеген көне шежірелер мен тарихи жылнамалар мен қоса көшпелілер туралы нақты мағұлмат беретін деректердің қатарына Әбілғазының «Түрік шежіресі» жатады.
Түркі тектес халықтарға кеңінен танылған Қорқыт ата кітабында да көшпелі халықтардың ертедегі тұрмыс-салт, діни наным сенімдері айтылады.
Диуани лұғат-ат-түрік дерегінде көшпелі тайпалардың тізбесін келтірді. Махмуд Қащқари, Марвази көшпелілер тайпасы жөнінде ғана дерек келтірген.
Нұзхат әл-муштак шығармасында көшпелілердің әскері көп болғаны және олардың өз жерлерін кеңейту барысында жүргізген шапқыншылық жорықтары туралы айтылады.
ІХ ғасырдағы араб авторы Әл-Яқұбидің “көшпелілер бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді. Соның ішінде қарлықтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Көшпелілер әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен бірі соғысып тұрады”.
10 ғасырдың басында Ибн әл-Факихпен бір мезгілде Ибн Русте көп томдық энциклопедиялық шығарма жазды. Бұл еңбектің аймақтардың тарихи-географиялық сипаттамасы жазылған бір ғана томы сақталған. Ибн Рустенің түрлі саяхатшылар мен географтардың шығармаларының негізінде көшпелілердің тайпалары туралы жазған. «Китаб әл-алақ ән-насифа» («Қымбат алқа туралы кітап») атгы еңбегінің көшпелілердің халықтары тарихы үшін үлкен маңызы бар.
Бұл жайды археологиялық ескерткіштермен, ежелгі грек, парсы, қытай жазба деректері де растап отыр. Соған қарамастан ХХ ғасырдың бас кезіне дейін Батыс қоғамында көшпенділерде таптық жүйе болмады, демек көшпенділер қоғамы мемлекет дәрежесіне жетпеді деген отаршылдық пиғылдағы, жансақ, ешбір ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген, сыңаржақ пікірде болды. Мұндай пікірлер ол кезде отаршыл-империалистік саясат жүргізіп отырғандардың мүдделеріне сай келді. Соған қарамастан көшпенділердің мемлекеттері туралы алғашқы тарихи еңбектер ХVІІІ ғасырдан жазыла бастады. Бұл еңбектерде, содан кейін ХІХ ғасырда аталған тақырыпта жарық көрген көптеген еңбектерде көшпенділерде мемлекет болғандығын мойындады, бірақ мемлекеттің құрылуын олар жаулап алушылықпен тікелей байланыстырды. Олардың ойларынша көшпенділер қоғамы мемлекет дәрежесіне өз ішінен пісіп жеткен жоқ, тек отырықшы елдерді жаулап алған соң, мемлекеттік құрылысты отырықшылардан үйренді деген қате пікірде болды. Көп жағдайда олардың ондай пікірде болуларына, көшпенділер қоғамында сақталып қалған рулық қатынастар себеп болды. Қазақстан аумағына экспедициямен келген патша өкіметінің шенеуніктері: «Киргиз-кайцактар ( яғни қазақтар) жартылай жабайы көшпенді халық. Олар жартылай алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүреді, әлі күнге дейін оларда рулық қатынастар үстемдігі сақталып қалған», - деп айтса, ал «ұлы державалық» пиғылдағы тарихшылар «Қазақтарда мемлекет те, хандық та еш уақытта болған жоқ, хан деген сөз ру-тайпа бірлестіктерінің басшыларына берілді, сондықтан да қазақтарда бір мезгілде хандар көп болады», дей келе Ресейдің бұл аумақты жаулап алуы, өлкенің қоғамдық-экономикалық тұрғыдан ілгері дамуын қамтамасыз етті, - деген қорытынды жасады. Әрине мұндай қорытындыға келгенде, олар ешбір ғылыми әдіске сүйенбеді. Кеңестік дәуірде ертедегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттер туралы тарихи еңбектер екі түрлі болды. Бірінші түрі: «Көшпелілерде мемлекет қалыптасып үлгерген жоқ, олар шаруашылық қауым денгейінде өмір сүрді. Жерге жекеменшік болмағандықтан, таптық қоғам құра алмады. Оның үстіне көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындар үшін бір орталыққа бағынған мемлекеттік құрылымнан көрі, шашыраңқы қауымдастық түрінде өмір сүру тиімді болды», - деген жоғарыда айтылғандай еуроцентристік бағытта болды. Екіншісі, жан-жақты тарихи деректермен бірге археологиялық зерттеулерге сүйенген түрі: «Қазақстан аумағында мемлекеттік құрылымдар б. з. б. І мыңжылдықта шаруашылықтың бөлініс кезінде пайда болды» дегендер болды. Мұндай пікірді А. Н. Бернштам, В. В. Бартольд, Л. Н. Гумилев сияқты т. б. беделді ғалымдар айтты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі Қазақстан тарихында мемлекеттілік мәселесі өзекті. Өйткені осыған дейін қазақ даласында өмір сүрген мемлекеттердің тарихын зерделеу біз үшін маңызды болып табылады. Мемлекеттілік мәселесін зерттегенде тәуелсіз сана мен еркін ой, сол халықтың өзі жазған тарихи деректері маңызды. Қазақ даласында кем дегенде мемлекеттіліктің 2, 5 мың жылдық тарихы бар. Бізге тәуелсіздік өзінен-өзі келген жоқ, оның бастауы мен сабақтастығы ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Еуразия даласының ұлы көшпелі мемлекеттері өз кезегінде тіршілігін тоқтатқанмен, артына өшпестей мұра қалдырып отырған. Бұл дала мемлекеттерінің заңы еді. Сақтар, ғұндар, түрктер, қыпшақтар, кейінгі қазақ хандығы осы жүйемен өмір сүрген. Тарихта дала заңы бойынша алғашқы көшпелілер мемлекетін құрған ғұндар болатын. Көшпелілердің мемлекеті жөнінде осы уақытқа дейін зерттелген еңбектер аз емес. Олар құрған мемлекеттің территориясы үлкен, оған әртүрлі ру-тайпалар кірді. Бірақта, осы уақытқа дейін зерттеушілердің арасында көшпелілердің мемлекеті, саяси тарихы, териториясы туралы бір тоқтамға келген пікір жоқ. Бұл тақырыптағы негізгі зерттеулерді батыс, орыс ғалымдары біршама зерттеген. Осы тақырыпқа байланысты қазақ ғалымдарының зерттеулері аз, әрі жүйелі қарастырылмаған, нақты ұстанымдар жоқ. Олардың құрған мемлекеттің құрылымы мен қоғамдық жүйесі, әскери-соғыс өнері тақырыбында зерттелінген отандық еңбектер жоқ емес. Ресейлік шығыстанушылар Н. Аристов, В. Радлов көшпенділер мемлекетінің құрылуын көбінесе тайпа көсемдерінің рөлімен тікелей байланыстырады [28, 5] .
Көшпелілер туралы жазылған еңбектің бірі Рене Груссенің «Империя Степей»кітабы. Мұнда көшпелілер мемлекеті жөнінде жалпы шолу жасаған [29. 9] .
В. Бартольд, В. Владимирцов және Л. Гумилев бастаған әйгілі ғалымдар көшпенділердің қалыптасуының шынайы көзін далалықтар өмірінің ішкі себептерінен іздестіре бастайды. Нәтижесінде, олар: «Көшпенділер мемлекеттілікті ешкімнен тартып алған жоқ. Көшпенділер үшін мемлекеттілік қоғам дамуының ішкі сұраныстарынан туды. Көшпенділердің отырықшы көршілерімен терезесі тең қатынаста болып, өзін сақтап қалу жолындағы күресі мен қоғамның ішкі қатынастарын реттеу қажеттілігі олардың мемлекетін тудырды», - деген қорытындыға келді [28, 15] .
Кеңестік кезеңде көшпелілер жөнінде терең зерттеген белгілі ғалым-түрктанушы Л. Гумилев еді. Ғалымның «Хұндар», «Хұндар Қытайда» атты ғылыми еңбектері көшпелілер тақырыбы бойынша терең зерттелген, көлемді алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Мұнда көшпелі тайпа Ғұндардың тарих сахнасына шығуы, көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары, қоғамдық құрылысы, қытай империяларымен байланысы жан-жақты қарастырылған. Сол кездің өзінде Л. Гумилев алғашқылардың бірі болып көшпелілердің теңдессіз өркениетін өз зерттеулерінде атап өтеді. Ол былай дейді: «б. з. дейінгі І-ші мыңжылдықта хұндардың көшпелішаруашылығы, олардың отырықшы көршілерінің шаруашылығына қарағанда, әлдеқайда жоғары дәрежеде ұйымдастырылған еді» деп жазады. Ғалымның пассионарлық теориясы бойынша ол ғұндарда Мөде шаньюйдің кезінде серпіліс болғанын айтады. Л. Гумилев ғұн мемлекетінің ішкі құрылымы туралы былай деп пайымдайды «Әдетте көшпелі мемлекеттерді тайпалар одағы немесе әскери тәртіпке бағынатын орда-адамдар нөпірі ретінде қарайды. Хұндар жәйіне келсек, бұл екі түсінік те дұрыс емес. Хұндар руларға бөлінетін бірден-бір тайпа болған. Тайпалар одағынан оның айырмашылығы осы [31, 85] .
Бірақта ғалымның пікірінше шаньюйдің қолында толық билік болмаған, оны ірі рулардың ақсүйектері шектеп отырған деп санайды. А. Хазанов өзінің «Кочевники и внешний мир» атты еңбегінде көшпелілер мемлекетінің пайда болуы біріншіден көрші отырықшы халықтарды жаулап, бағындыру арқылы болатынын жазады. Ол көшпелілер мемлекетін бірнеше сатыға бөліп көрсетеді [32, 25] .
Батыс және орыс ғалымдарының еңбектерін оқып отырып байқағанымыз, олардың көбісі көшпелілердің пайда болуын сыртқы факторлардан іздейді. А. Хазанов сияқты ғалымдар көшпелі мемлекеттің ішкі өзіндік ерекшеліктері, құндылықтары, қарым-қатынастары туралы түсінбеген болуы керек. Н. Крадин «Империя Хунну» атты еңбегінде көшпелі империяны былай сипаттайды, әскери-сатылы принцип бойынша ұйымдастырылған көшпелі қоғам ретінде үлкен кеңістікте орналасқан және сыртқы әлемді иелену арқылы қажетті малшаруашылығы емес шикізатты алып отырған. Бұл еңбекте ғұн мемлекетінің құрылуы, экономикалық жағдайы, қоғамдық құрылысы, сыртқы қарым-қатынастары жазылған [33, 3] .
Е. Кычанов өзінің «Кочевые государства от гуннов до маньчжуров» деген монографиясында Қытаймен көрші бола отырып, көшпелі мемлекеттер іштей даму нәтижесінде өзінің басқару механизмін, алғашқы мемлекеттіліктің түрі дамығандығын көрсетуге тырысады. Әсіресе, мұндай көшпелі мемлекет түрлерінде жүзжылдықтар бойы сабақтастық болады. Басқарудың әскери-әкімшілік түріндегі органдардың билікті орталықтандырудың қажеттігі, мемлекеттік культтің нысанасы ретіндегі Аспанмен байланысын көрсетуге болатынын айтады [34, 3] .
Қазақ ғалымдарының ішінде көшпелілер тарихын жан-жақты қарастырған ғалым-тарихшы Қ. Салғараұлы. жалпы көшпелілер тарихы жөнінде жаңа өзіндік көзқараспен, тың пікірлерді ғылыми ортаға салады. Бұрыннан қалыптасқан еуроорталықтық кереғар ұстанымдардың бет-пердесін ашып, оны өзіндік болмыспен зерттеуге тырысады. Ғалымның «Ұлы Қағанат» деген көлемді еңбегінде өзекті мәселелерді көтереді. Олардың ішінде көшпелілердің тайпалық құрамы және мемлекеттік билік тармақтары, хан сөзін жан -жақты қарастырып түсініктеме береді [35, 410] .
Кейінгі қытай тарихшыларынан Цэянь Бао-Цзан бастаған ғалымдар Орта Азия халықтарының тариихына байланысты қытай мемлекетінің көне тарихын жиыстырып, бөлек кітаптар сериясын бастырған, Оларға ғылыми түсініктеме жазып, ғұндар тарихын бір жүйеге келтіруге талпынған.
Жапонияның Г. Ути бастаған ғалымдарының «Атүстіндегі халықтар тарихы» деген еңбегінде ғұндар туралы тарауда қытай ғалымдарының түсінітемелерін толықтыруды көздеген. Ал жапония ғалымы К. Сиратори Орта Азияның ертедегі көшпелілер тарихын, оның шығу тегін, қытай жылнамалары, батыс, шығыс ғалымдарының еңбегімен салыстыра зерттеудің нәтижесінде (1902-жылы бастырған «көшпелілер тілі туралы» еңбегінде) көшпелілердің тайпаларының шығу ткгін түркі тектес халықтарға жатқызса, беріректе жазған («көшпелілер қай халыққа жатады», «көшпелілердің шығу тегі» еңбектерінде көшпелі тайпалар моңғолдардың арғы тегі болуға тиіс деген екі ұшты болжамаға келген. [8; 5б] .
Сөйтіп, соңғы жүз жылда ғұндар нәсілі мен бүгінгі мұрагерлері туралы талас толастаған жоқ. Сондықтан бұл салада ғалымдар арасында бөлек зерттеу жүйесі қалыптасты. Дүние жүзі тарихшыларынан А. Резмюза, Ю. Клапрот, Ф. Миллер, Жирар-де-Риал, В. В. Радлов, Н. А. Аристов, Ф. Хирт, И. Блейер, В. А. Панао, Л. Нидерле, Е. Паркер, Ф. Шварц, А. Н. Бернштам, Ю. А. Зуев өз еңбектерін ұсынды. В. А. Панов көшпелілерде көптеген тайпалар моңғолдардың ғана бабалары болуға тиіс деп болжам айтқан ғалымдарды сынап:Тіпті моңңғол деген ондай ел ұлыстық сатыға көтерілген жоқ деп тұжырымдай келе, көшпелілерде тайпалардығ басым бөлігін түркі тектес халықтардың арғы тегіне жатқызған. Ал Паллас, Б. Бергман, М. Шмиде, И. Бэр, Л. Я. Бичурин, К. Неймон, Х. Ховрос көшпелі тайпалар моңғол тектес халық деп дәлелдеді. Бұлардың еңбектерінде ғылми деректер аз болғандықтан оларды әлем тарихшылары әлі мойындай қойған жоқ. [6; 15б] .
Зертеу жұмысының теориялық- методологиялық негіздері: Зерттеуде тарихи еңбектерді жан-жақты обьективті түрде диалектикалық тәсілдермен етен байланыстығы тарихилықтың, обьективтіліктің, ғылыми принциптерінің негізінде оқып -үйрену, талдау басшылыққа алынды. Зерттеу барысында нақты- тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері, сондай-ақ логикалық, статистикалық әдістері қолданылды.
Зерттеудің хронологиялық кезеңі: Зерттеу жұмысымыз III-XVIIғ. ғ аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қазіргі тарихнамада көшпелі саяси құрылымның сабақтастығы мен трансформациясы.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазіргі тарихнамада көшпелі саяси құрылымның сабақтастығы мен обьективті түрде саралап, ұлттық мүдде тұрғысынан талдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеуде қойылған мақсаты мен міндеттерімен, осы күнге дейін айтарлықтай зерттелмеген жаңа материалдармен, сонымен қатар отандық тарихи ғылымда арнайы зерттеу пәні болмаған тақырыпты қоюмен тікелей байланысты. Қазіргі тарихнамада көшпелі саяси құрылымның сабақтастығы мен трансформациясы жан-жақты талдау жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.
Зерттеудің қолданбалы маңызы: Зерттеу жұмысы жаңаша көзқараспен зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдар мен қорытындыларды ғылыми еңбектерде, тарих сабақтарында және жоғары оқу орындарында оқылатын арнаулы курстарда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебтеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының көлемі 62 бетті құрайды.
I. ТАРАУ. Көшпелі мемлекеттердің қалыптасу үрдісін заманауи еңбектерде зерттеу мәселелері.
1. 1Тарихи зерттеулерде әскери -саяси жүйенің ұйымдасу принциптері және ерекшеліктері
Әскери өнердің дамуында сак жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың соғыс жүргізу өнері мындаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аударып келді, әрі ежелгі құл иеленуші мемлекеттердің әскери өнерінін дамуы-на өзіндік әсерін тигізді. Ежелгі әскери теоретиктер сақтар-дың әскери өнерін зерттей келе, олардьщ ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға кеңес берді. Сақтардың негізгі қаруы садақ пен ұзын найза бодды. Сақ садақтары екі серіппелі бөліктен тұрды: сыммен жалғастыры-ла тартылған қос мүйізу Геродот айтқаңдай^сақтар садақты кеудесіне емес, иығыиа қойып атқан, олар оң иыққа да, сол иықка да қойып ата беретін болған. Сақ жауынгері - ол атты садақшы. Авдиевтің айтуынша, оның күші - "жебеде, қорамсақта және боддыруды білмейтін жүйрік атга". Садақ пен найзадан басқа, сақтарда қысқа қылыш және арқан болды. Сақтардың қорғаныс құралдары қалқан, сауыт, бас киім болды. Қалқан шағын гана болды, теріден жасалды. Сауыт ал-ғашында мыстан, кейіннен темірден жасадды, денеге тиіп тұрды, бірақ жауынгердің қимыл-қозғалысына кедергі жасамады. Сақ өскерлері жеке-жеке топтан (рулық топ) тұрды. Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды кодцау үшін қосымша куш жұмсалды. Негізгі мақсат майданның тұтастығын бұзу болды. Ұрыс шебін атты әскер құрады, жаяу соғысқан жоқ. Сақтар, негізінен, өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс, әдетте, күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде баста-лып отырды. Тұтқиылдан шабуыл жасап, жауының есін жи-ғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды немесе өтірік шегініп, қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда, сақтар жауын толық талқандағанша қуалап, толық жойып жіберуге ұмтылды. Ал жеңіліске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді. . [1; 55б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz