Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Криминалистика және сот сараптамасы кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі

Мамандығы 050301- «Құқықтану»

Орындаған 3 курс студенті Н. А. Сейдалиев

Ғылыми жетекші

з. ғ. д. профессор А. А. Исаев

Норма бақылаушы Н. С. Темірболат

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді А. А. Исаев

Алматы, 2011

Жоспар

Белгілеулер мен қысқартулар 3
Белгілеулер мен қысқартулар 3: Глассарий 4
Белгілеулер мен қысқартулар 3: Реферат 8
Белгілеулер мен қысқартулар 3: Кіріспе 9
Белгілеулер мен қысқартулар 3: I тарау. Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды криминалистикалық саралау 13
Белгілеулер мен қысқартулар 3:

1. 1. Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен

жасалған қылмыстардың түсінігі және оларды топтастыру 13

Белгілеулер мен қысқартулар 3:

1. 2. Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен

жасалған қылмыстарды криминалистикалық

сипаттамасының элементтік құрылымы 21

Белгілеулер мен қысқартулар 3: II тарау. Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу қиыншылықтары 29
Белгілеулер мен қысқартулар 3:

2. 1. Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен

жасалған қылмыстарды іс қозғау

кезеңдерінің ерекшеліктері 29

Белгілеулер мен қысқартулар 3:

2. 2. Тергеудің алғашқы кезеңі және кейбір тергеушілік

әрекеттер кезіндегі тактикалық сұрақтар 42

Белгілеулер мен қысқартулар 3:

2. 3. Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен

жасалған қылмыстарды тергеу кезіндегі

жауап алу тактикасы 47

Белгілеулер мен қысқартулар 3:

2. 4. Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен

жасалған қылмыстарды тергеу кезіндегі

оперативті-іздеушілік қамтамасыз ету мәселелері 56

Белгілеулер мен қысқартулар 3: Қорытынды 67
Белгілеулер мен қысқартулар 3: Қолданылған әдебиеттер тізімі 71

Белгілеу мен қысқартулар

БН- Банктік несиелеу

ҚР-Қазақстан Республикасы

ТМД-Тәуелсіз Елдер Достастығы

РФ-Ресей Федерациясы

ҚР ҚК- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі

ҚРҚІЖК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық Істер жүргізу кодексі

ҚРАК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

ҚРҚМ - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі

ҚРҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҚРІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ҚРЭЖҚКА - Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күресу Агенттігі

ҚРҚҚҰРҚА - Қазақстан Республикасының Қаржы және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі

ҚРӘМССО - Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің Сотттық Сараптама Орталығы

ЖІҚ - Жедел іздестіру қызметі

ЭЕМПК - Электронды есептеуіш машиналар, персоналды компьютерлер.

Глассарий

КРИМИНАЛИСТИКА - қылмыс механизімінің заңдылығы, қылмыс және оған қатысушылар туралы ақпараттың пайда болуы, дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану, осы заңдылықтарды түсініп оған сүйене отырып, қылмысты ашуды, тергеуді және алдын алуды ғылыми қамтамасыз ететін арнайы әдістер мен тәсілдер туралы ілім.

КРИМИНАЛИСТІК ТАКТИКА (Криминалистическая тактика) - криминалистиканың бөлімі қылмысты жасауға мүмкіндік туғызатын жағдайларды анықтауға, дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге бағытталған жеке тергеу әрекеттерінің тәсілдерін, алдын ала және сот тергеулерін ұйымдастыру және жоспарлау жүргізетін адамдардың тәртібін анықтауға, ғылыми жағдайлар және оның негізінде оларды жетілдіруге негізделген ұсыныстар жүйесі. К. т. ғылыми жағдайларының жүйесі криминалистік болжау мен тергеуді жоспарлау туралы ілімге, тергеу ситуациясының түсінігіне, оны тергеу пайдасына пайдаланудың және бағалаудың қағидаларына, тактикалық қауіп пен тактикалық шешім түсінігіне, тергеушінің анықтама органдарымен қарым-қатынасының қағидаларына, арнайы білімдерді тергеу жүргізу кезінде пайдаланудың нысаны мен әдістеріне негізделеді. К. т. орталық түйіні - тактикалық тәсілдер.

КРИМИНАЛИСТІК ТЕХНИКА (Криминалистическая техника) - криминалистиканың бөлімі, қылмысты ашуда және алдын алуда басқа шараларды және де дәлелдемелерді жинау, зерттеу мен пайдалану үшін арналған ғылыми жағдайлар және оның негізінде жетілдірген техникалық әдіс, тәсіл жєне тәсілдемеліктердің жүйесі. К. т. мына салаларға бөлінеді: криминалистік фотография, кинотүсіру және видеожазу; ќұжаттарды зерттеу; трасология (із туралы ілім) ; сот (криминалистік) баллистикасы; адамды сыртқы бейнесі бойынша теңдестіру (габитоскопия жєне габитология) ; криминалистік тіркеу; криминалистік одорология, криминалистік фоноскопия. К. т. ғылыми жағдайларының түйіні криминалистік идендитификация мен криминалистік диагностиканың теориясы болып табылады.

Экономикалық қылмыстар - субъекттердің басқарушылық қызметіне және меншік иелігне тәуелсіз заңмен қорғалатын экономикалық қатынастарға пайдақорлық ниетпен қолсұғушылық болып табылатын жалпылама түсінік.

АЗ ЖАТЫҚҚАН ЖАЗУ (Маловыработанный почерк) - үйлестірілмеген қимылмен, баяу шапшандықпен, шамалы тұрақсыздықпен сипатталатын қалыптаспаған жазу.

АВТОРТАНУ САРАПТАМАСЫ (Автороведческая экспертиза) - мәтіннің авторын анықтау үшін ќұжаттарды криминалистік зерттеудің түрі. А. с. кезінде зерттеу объектілеріне жазбаша сөйлемдер, сондай-ақ ондағы көрінетін тілдік дағдылар жатады. Тілдік дағдылар жалпы және жеке белгілер болып екіге бөлінеді.

АРНАУЛЫ БІЛІМ (Специальные знания) - адамның кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеудің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешуде пайдаланылатын, қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білімі.

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ІЗДЕСТІРУ ЖЙЕСІ. (Автоматизированная информационная поисковая система) криминалистикада және өндіріс тәжірибесінде компьютерлік технологияны қолдану /енгізу/ мүмкіндігі- тергеу процесіндегі басқару мәселелерін шешуде төмендегідей әр түрлі жүйе қолданылады:

- тергеуші топ құрамының есебін, тергеудегі істің қысқаруы мен тоқтау мерзімін және т. б. бақылау /тексеру/ жүйесі;

- сотталған, хабар-ошарсыз кеткен адамдар, танылмаған мәйіттер, ќылмыс жасау әдіс-тәсілдері, қылмысты жасауда қолданылатын қару-жарақ және т. б. қылмыстың ізі жайында информациялық /ақпарттық/ мәліметтер алу жүйесі;

Құқық қорғау органдары жұмыстарының мүлтіксіз орындалуы үшін А. и. і. ж. белсенді түрде жетілдіру қажет.

АТИПТІК ТЕРГЕУ ЖАҒДАЙЫ (Атипичная следственная ситуация) нақты тергеу жағдайынан көрініс табады. Атиптік жағдайға - оқиға болған жерден, айналадағы ортадан табылған, қылмыскерден алынған құралдар мен т. б. қылмыстың типтік емес белгілерінің болуы тән.

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР (Методические рекомендации) - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүйесі сот сараптамасы мекемелерінің ұйымдастырушылық, сарапшылық, ғылыми және өзге де қызметтері мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми конференциялар шешімдерінің, ғылыми-практикалық семинарлардың, әдістемелік кеңестердің, қызметтік мәжілістердің нәтижелерін жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстары.

ӘҢГІМЕ, КЕҢЕС (Беседа) - ауызша кеңесу жолымен қажетті мәлімет алу әдісі. Әңгіме, жауап алу тактикасында ұсынылатын кеңінен тараған тактикалық әдіс. Сондай-ақ, айыпкердің жеке басын анықтауда қолданылатын әдістердің бірі.

БАҚЫЛАУ (Наблюдение) бір нәрсені, не болмаса затты арнайы қадағалап қарап, оны зерттеп, қабылдап түсіну әдісі. Мақсатты және ұйымды түрде жеке заттарды тексере отырып, зерттеуші -криминалист осы заттың ерекшеліктерін, белгілерін қабылдап, олардың өзара байланысын табады. Б. криминалистикада жеке затты, не болған оқиға мен құбылысты зерттеп тауып, оларды қабылдап түсіну үшін жүргізіледі. Б. жай және күрделі бақылау деп екі түрге бөлінеді. Жай бақылауда зерттеуші объектіні ешқандай техникалық құралдар пайдаланбай бақылап зерттеп, өзіне тән ерекше белгілерін қабылдайды. Жай-көзге көрінбейтін заттардың белгілерін техникалық-құралдардың көмегімен қарап қабылдау күрделі бақылауға жатады.

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР (Научно-технические средства) - дәлелдемелерді анықтау, іздеп табу, алу және зерттеу үшін заңды түрде қолданылатын құралдар, арнаулы жабдықтар, материалдар.

ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ІСКЕ ҚАТЫНАСЫНЫҢ БОЛУЫ (Относимость доказательств) фактілі деректердің қылмысты істің мән-жайларын шешуге қатынасының бар болуы, олардың қылмысты дәлелдеуге керектігі.

ДӘЛЕЛДЕУ МІНДЕТІ (Обязанность доказывания) қылмысты істерді тергегенде және сотта қарағанда қылмысты дәлелдеу белгілі бір лауазымды адамдарға жүктелуі. Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу заңы бойынша қылмысты дәлелдеу сотқа, прокурорға, тергеушіге, анықтама жүргізуші адамға жүктеледі. Қорғаушы /адвокат/ заң шеңберінде сезікті адамды, айыпкерді, сотталушыны ақтайтын не оның жазасын жеңілдететін мәліметтерді жинап, оны тергеу органдарына, сотқа ұсынады. Айыпкер өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес. Іс бойынша қандайда күмән туындаса, ол айыпкердің пайдасына талқыланады.

оларды теориялық, тәжірибелік негізінде тексеруді талап ететін ғылыми жорамал.

ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ТОБЫ (Следственно-оперативная группа) - тергеушілердің жедел іздестіру қызметкерлерімен өзара әрекет етудің тиімді нысаны. Ең ауыр қылмыстарды ашу үшін құрылады. Мұндай топтарды құру міндеті - кейбір тергеу әрекеттерін бірлесіп жүргізу, маќсатқа сай бағытталған іздестіру қызметін бірлесіп жүргізу, айқын ақпаратпен тергеу және жедел топтарының өзара алмасуы.

ЖОСПАР (План) - тергеу үстінде пайда болып, тергеушінің белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жүйелі пікірі. Ж-дың түрлері: перспективті, кезекті, схемалық, жеке, нақты бір іс бойынша және тергеушінің өндіріс үстіндегі барлық істері бойынша құрама жоспар.

ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҮСТІНДЕ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ТАНЫТУ (Оперативное опознание) анықтама жүргізуші органдарының жәбірленушіге, не куәға кейбір күдікті объектілерді сыртынан көрсетіп, осы объектіні бұдан бұрын көрген көрмегенін анықтау үшін жүргізілетін жедел-іздеу жұмыстарының бір түрі.

ЗЕРТТЕЛЕТІН ОБЪЕКТ (Исследуемый объект) - тексерілетін оқиға жөнінде ақпараты бар және теңдестіруге жатқызылатын сарапшылық зерттеу объектісі. Зерттелетін объектілерге заттай дәлелдемелер (айғақтық заттар) жатады.

ИДЕНТИФИКАЦИЯЛЫЌ ЖАЛПЫ БЕЛГІЛЕР (Признаки идентификационного общие) - арқылы объектінің қай текке, топқа жататныдығы анықталады. Жалпы белгілер бір текті объектілермен сипатталады.

Реферат

Жұмыс 75 беттен, 2 тараудан тұрады және жоспар бойынша кіріспе, белгілеулер мен қысқартулар, глоссарий, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Жалпы жұмыс сипаттамасына келетін болсақ бұл жұмыста қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстар сферасындағы криминалистикалық сипаттағы қылмыстар, олардың жүзеге асыру тәсілдері, типологиясы және қылмыстық топтардың ішкі байланысы, сонымен қатар алғашқы кезеңдегі қылмыстық мағлұматтарды тергеу алгоритмдері, тергеуші мен жедел жұмысшылардың арасындағы арақатынасты ұйымдастыруға байланысты тергеу өндірісінің оңтайландыруға бағытталған ұйымдастырушылық және тактикалық ұсыныстары дипломдық жұмыста осы мәселелер қарастырылған.

Жұмыс өзектілігіне экономикалық реформалар жағдайында жаңа банктік, қаржылық, шаруашылық, кәсіпкерлік және тағы басқа қызметтер пайда болды. Осындай пайда болған қызметтер аясында қылмыстың пайда табудың тәсілдері мен технологияларының заңға қайшы механизмдері және заңға қайшы қызмет мәлімет түрлерін жасыру үшін түрлі сипатамадағы, сонымен қатар жемқорлық сипаттамадағы бейнелер көрінді.

Зерттеу мақсаты қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстар саласындағы қылмыстарды зерттейтін өзіндік зерттеме жасау.

Кіріспе

Жалпы жұмыс сипаттамасы . Бұл жұмыста қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстар сферасының криминалистикалық сипаттағы қылмыстар, олардың жүзеге асыру тәсілдері, типологиясы және қылмыстық топтардың ішкі байланысы, сонымен қатар алғашқы кезеңдегі қылмыстық мағлұматтарды тергеу алгоритмдері, тергеуші мен жедел жұмысшылардың арасындағы арақатынасты ұйымдастыруға байланысты тергеу өндірісінің оңтайландыруға бағытталған ұйымдастырушылық және тактикалық ұсыныстары қамтылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық реформалар жағдайында жаңа банктік, қаржылық, шаруашылық, кәсіпкерлік және тағы басқа қызметтер пайда болды. Осындай пайда болған қызметтер аясында қылмыстың пайда табудың тәсілдері мен технологияларының заңға қайшы механизмдері және заңға қайшы қызмет мәлімет түрлерін жасыру үшін түрлі сипатамадағы, сонымен қатар жемқорлық сипаттамадағы бейнелер көрінді. Осымен қатар қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстар сферасында да қылмыстық істердің өсуі байқалды. Қазіргі таңда бұл құқық қорғау органдарының бақылауындағы қиындықтарды тұғызатын ерекше сала болып есептеледі. Нарықтық экономиканың «қанайналым жүйесінің» қызметін орындай отырып, мемлекеттің экономикалық өмірін реттеуші жетекші механизм банктік ұйымдар жүйесі болып табылады. Экономиканың қарқын дамуына белсенді мүмкіндіктерге ие бола отырып, банктік сферада бірқатар кемшіліктер сезіледі, оның ішінде экономикалық концепциялардың толлықансыздығы, экономикалық реформалардың аяқталмағандығы, құқықтық мәселелердің түгел дерлік шешілмегені, банктік технологиялардың жетіспеушілігі, кәсіби біліктіліктің және банктік жұмыскерлердің «ұқыптылығының» жеткіліксіз дәрежесі. Бұның барлығы банктік персоналдың және банк тұтынушыларының көптеген қиянат жасауына мүмкіндік туғызып отыр. Бірақ бір жағынан банк қомақты қаржы орналасқан құрылым бола отырып, тез әрі үлкен мөлшердегі табыс алуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан мемлекет тарапынан банктік операцияларға төмен деңгейдегі бақылау нәтижесінде банктік жүйені құқыққа қайшы әрекеттерден сақтап қала алмайды. Бұл жайт банктік саладағы қылмыс динамикасымен де дәлелденіп отыр. Банктік жүйедегі негізгі банктік функцияның ерекше ролін - шаруашылық жүргізуші субъекттер мен азаматтарды несиелу болып табылады. Банктік сферадағы несиелеудің аса жоғары қауіптілігі қылмыскерлердің алған соманы көп жағдайларда шетелге аударып, заңсыз айырбастауларымен анықталады.

Осыдан, банкқа қайтарылмаған ресурстар нәтижесінде тікелей шығындардан басқа, инфляциялық үдерістердің шапшаңдылығының әсерінен мемлекеттің мүддесіне зиян тиіп, ұлттық валютаның құнсыздануына шалдығып, несие-қаржыландыру жүйесінің «қансыздануына» ұшырауы мүмкін.

Бұл саладағы қылмыстық әрекеттер жоғары интелектуалдылық сипаттамасында бола отырып, қылмыскерлердің жаңа формаларға, жаңа әдіс пен технологияларды шаруашылық операцияларда қолдануда тез бейімделуіне байланысты. Қылмысты ашу және зерттеу құқық қорғау тәжірибесінде көрсеткендей, банктік саладағы қылмыстар қылмыстық ортада қиын қылмыстық әрекет схемалары мен құқықтық бірегейсіздікпен сипатталып, бірақ жалпы криминалистік белгілермен жинақталады. Бұндай істерді қарастыру қиындылығы, оның толыққанды тергелуіне қылмыскерлердің де, қиянатшыл банкирлердың де кедергі тұғызатынынан көрінеді. Біріншілері түрлі азматтық-құқықтық қатынастағы шаруашылық жүргізуші заңды тұлғалардың атымен жасырынып, «заңды» кәсіпкерлік құрылым ретінде қызмет істейді. Бұндай жағдайда қылмыстық істердің жасырын түрде заңды қаржылық-шаруашылық қызмет ретінде жүргізу оңайға тиеді және осындай қылмыстық амалды анықтау қиын. Ал екіншілері, көбінесе банктік ұйымдардың басқарушы тұлғалары параны қайтарылмаған несие деп, өзінің қомақты қаржылық мүмкіндіктерін және көптеген жемқорлық тетіктерін қолдана отырып, тергеуді барынша тежейді.

Банктік саладағы қылмыстармен айналысудың қиынға соғуы, қажет тергеу тәжірибесінің және жалпыланған сот тергеуінің жоқтығы, қылмыстық кодекстің жеткіліксіз дәрежеде нақышталуы, қылмыстық істерді зерттеу әдістемесінің негізгі жағдайларының анықталмағаны сияқты объективті қиыншылықтармен шарттасқан. Біздің жүргізген зерттеуіміздің барысында тергеушілер мен жедел жұмысшылардың басты қиншылықтары, әсіресе, осы айтылған жайттардың ғылыми негізделген қылмыс бөлімінің зерттеуінің болмауымен байланысты екеніне көз жеткізілді. Соңғысы банктік несиелеу саласында қылмыстық істерді криминалистикалық ғылым негізінде зерделеу мен оған зерттеу әдістемесі бойынша ұсыныстарды беруді талап етеді.

Проблеманы зерделеу деңгейі . Совет Одағы заманынан бері қаржылық қаражатты ұрлауды тергеу сияқты қылмыстық істер ғалымдарды көп толғандырды. Осылай 1950-1960жж. аралығында В. Я. Осенин, О. Н. Поздняков, В. И. Геребилов осы тақырыпқа өз еңбектерін арнады. Кейін осы мәселемен С. И. Анненков, Н. С. Евдокимова, С. С. Куклянскис, Ю. В. Цветков, A. M. Ромашов айналысты. Осымен қатар бұл проблеманы зерттеуге Е. Г. Джакишев, Л. Я. Драпкин, О. Н. Колесниченко, В. Е. Коновалова, В. К. Лисиченко, Н. И. Николайчик, В. А. Образцов, И. В. Постика, 3. K. Пошюнас, В. Г. Танасевич, Н. П. Яблоков сияқты атақты криминалистер өздерінің зор үлестерін қосты.

Экономикалық үдерістердің өзгеруімен байланысты Қазақстан Республикасында және Тәуелсіз Елдер Достастығында жоғарыда аталған банктік саладағы криминалдық көріністердің артуына байланысты зерттеулер соңғы уақытта жарық көрген жеке мақалаларда, және монографиялар мен диссертацияларда көрініс тапты: Г. А. Абдировой, Б. А. Аманжоловой, Е. Г. Джакишева, Е. Е. Джакишева, Ш. Я. Джумамуратова, Ж. Елюбаева, И. И. Рогова, Е. Е. Каиржанова, С. Е. Каиржановой, Б. Х. Тюлеубековой. Ал Қазақстаннан басқа Ресей, Белорусь және ТМД-ның басқа елдерінің ғалымдарымен, оның ішінде Б. В. Волженкина, Л. Д. Гаухмана, А. И. Долговой, В. Д. Ларичева, Р. С. Сатуева, Г. А. Тосунян, Т. Хосчановамен банктік саладағы қылмыстық проблемалар аспектілері, әсіресе, қылмыстық-процесуалдық, жедел-іздеушілік, қылмыстық-құқықтық, криминалогиялық мәселелер қамтылды.

Қазіргі уақыттағы банктік жүйедегі құрылымдық және функционалдық өзгерістер жағдайында Қазақстан Республикасында және Тәуелсіз Елдер Достастығы елдерінде экономикалық қылмыстардың жекелеген түрлерінің зерттеуінде бар әдістемелерін жақсарту және жаңаларын айқындау ғылым үшін өзектілігі арту үстінде. Бөліп көрсетсек, қазіргі заман ғылым жетістіктерінің нәтижелерін қолдана отырып, сот тергеу тәжірибесінің жалпыламасының негізінде банктік саладағы несиелеу. Кейбір ғылыми зерттеулер криминалистикалық және криминологиялық қылмыс проблемаларын бүкіл экономикалық қылмыстар тобының аясында қарастырады (Б. А. Аманжолова, Ж. Елюбаев, С. Е. Каиржанова, С Д. Сулаимбекова) . Ал басқа зерттеушілер, экономика саласындағы қылмыстарға көз салғанда, оны толығымен қамтымай, тек жекелеген әдістемелерге тоқталып кеткен. Мысалы, экономикалық қылмыстарды зерттеу барысында арнайы білімдерді қолдану (Г. А. Абдирова, Ш. Я. Джумамуратов, кандидатская диссертация Ь. Х. Тюлеубековой), тергеу жұмыстарын жүргізу барысында тактиканы талдау және жедел қызметтермен әрекеттесу (Е. Е. Джакишев) .

Осылайша, банктік несиелеу саласында қылмыстарды зерттейтін криминалистикалық әдістеме проблемаларын кешенді қамтитын арнайы ғылыми зерттеулердің қазіргі таңда жоқтығына тірілеміз.

Зерттеу мақсаты қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстар саласындағы қылмыстарды зерттейтін өзіндік зерттеме жасау.

Айтылған мақсатқа барысында мынадай жеті міндеттер қойылды :

  • қазіргі таңдағы қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды криминалистикалық саралау қызмет етудегі криминалды маңызды ерекшеліктерді анықтау, әсіресе банктік неселеу саласының буын ретінде, осы саладағы криминалистикалы нышандары бойынша қылмыстардың топтамасын беру;
  • қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды криминалистикалық саралау қылмыстарына криминалистикалық сипаттама беру және олардың негізгі элементтерін анықтау;
  • қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды криминалистикалық саралау саласындағы қылмыстық істерді жүзеге асыратын қылмыскерлер мен қылмыстық топтапдың типологиясын және ерекшеліктерін анықтау;
  • алғашқы кезеңдегі тергеушінің іс-әрекетінің бағдарламасын жасау;
  • жекелеген тергеушілік істердің тактикалық ерекшеліктерін белгілеу;
  • қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды криминалистикалық саралау саласындағы қылмыстық істерді тергеу кезіндегі эксперт мен мамандардың арнайы білімдерін қолдану тәртібін орнатуды анықтау;
  • қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды криминалистикалық саралау саладағы қылмыстарды тергеу барысында жедел қызметтер мен тергеудің арақатынасының тиімділігін арттыру.

Зерттеу объектісі болып қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды криминалистикалық саралау саласындағы қылмыстарды әдістемелік базасын және сонымен байланысты пайда болатын қатынастарды зерттеу.

Зерттеу пәні - бірегей әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық сипатқа ие, сонымен қатар бір бағыттағы соңғы мақсатқа жету - басты істегі шындықты ашуға негізделген қылмысты жүйе ретінде зерттеу барысында технико-криминалистикалық теория және практиканы қамтамасыз ету.

I - тарау. Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды криминалистикалық саралау

1. 1 Қаржы-несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстардың түсінігі және оларды топтастыру

«Экономикалық қылмыс» түралы жалпы түсінік экономиканың қайта реформалану жағдайында криминалистика, криминология, қылмыстық құқық және тағы басқа білім салаларының түйіскен жерінен туындап отыр. Яғни, осы сұрақты қарастырған кезде жекелеген қылмыстық топтар бойынша әрбір айтылған салаға өзіндік бағалау берумен кезігеміз.

Алғашқы экономикалық қылмыстарды зерттеумен Э. Сатерленд, Ньюмен, Маннхейм, Едельхертц, Кайзер, Бу Свенссоном, Шнайдер және тағы басқа криминолог-ғалымдар айналысты. Қазіргі таңда экономикалық қылмыс проблемасын зерттеуге ТМД және ҚР криминолог-ғалымдары көп көңіл бөледі. Алғаш болып, «ақ коммерциялық қылмыс» түсінігін 1939 жылы енгізген Э. Сатерлендті экономикалық қылмыс концепциясының қалаушысы деп есептейді. Осы термин мағынасы деп, автор «беделді» адамдардың өзінің мамандандырылған қызметінің үдерісі кезінде жүзеге асырылатын қылмыстар жиынтығын сипаттаған [1, б. 55] . Кейінірек, ғылыми зерттеу ауқымдылығы кеңейіп, қылмыстық істер тізімі және олардың субъектер саны көбейіп, «ақ коммерциялық қылмыс» түсінігі жаңа «экономикалық қылмыс» түсінігінің тек бір бөлігі ғана болып танылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Экономикалық қылмыстың жалпы түсінігі
Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну
Экономикалық қылмыстар жүйесінің негіздері
БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz